Қазақстан Республикасы
Көлiк және коммуникациялар министрiнiң
2005 жылғы 8 ақпандағы N 69 бұйрығынан үзінді
Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнің норма шығармашылық жұмысын реттеу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан темiр жолдарында "Нөкер" бекіту - пломбылау құрылғыларын енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрiнiң 1996 жылғы 19 тамыздағы N 193 бұйрығының күші жойылды деп танылсын...
Министр
-----------------------------
Көлiк және коммуникациялар министрлiгiмен тиектi-қорғасын таңбалау және көлiктегi Шығыс УГСК басқармасының сарапты-криминалдық қорытындысы бойынша темiр жолдардан келiп түскен барлық материалдар қаралды. Қазақстан темiр жолдарында тасымал құралдарын қорғасын таңбалауға негiзiнен жауап беретiн, сенiмдi құрал ретiнде, "Нөкер" фирмасының тиектi-қорғасын таңбалау қондырғысын қолдану туралы шешiм қабылданды.
Қазақстанның темiр жолдарында тасымалданатын жүктердiң сақталуын қамтамасыз ету мен қолданылатын тиектi-қорғасын таңбалау қондырғысының бiрыңғай стандартын енгiзу мақсатымен, бұйырамын:
1. Қазақстанның темiр жолдарындағы вагондар мен контейнерлердi 1996 жылғы 1 қыркүйектен бастап, "Нөкер" фирмасының тиектi-қорғасын таңбалау қондырғысымен қорғасын таңбалау енгiзiлсiн:
2. Жол бастықтары:
2.1. Осы жылдың 15 тамызына дейiн "Нөкер" ШЖС тиектi-қорғасын таңбалау қондырғысының қажеттi санын әзiрлеу үшiн шарттар бекiтсiн.
2.2. Барлық жүк жөнелтушiлерге вагондар мен контейнерлердi қорғасын таңбалаудың жаңа тәртiбi жеткiзiлсiн.
3. Енгiзу басталған соң 3 ай мерзiм iшiнде тиектi-қорғасын таңбалау қондырғысы жұмыстары қорытындылансын және ТМД және Балтия темiр жолдарында пайдалануға ТЖКОК рұқсат алуға жiберу үшiн техникалық құжаттар әзiрленсiн.
Министр
Қазақстан Республикасының темiр жолдарындағы вагондар
мен контейнерлердi тиектi-қорғасын таңбалы қондырғылармен
қорғасын таңбалаудың Уақытша ережелерi
(Қазақстан Республикасының темiр жолдарындағы Уақытша
Жарғының 45-бабы)
1. Вагондар мен контейнерлердi бекiтiп тастау үшiн қолданылатын тиектi-қорғасын таңбалау қондырғысы (ТҚТҚ) өзiнiң конструкциясы бойынша мыналарды қамтуы тиiс:
- есiк бастырмаларының сенiмдi бекiтiлуi;
- тұтастығын бұзбай вагоннан (контейнерден) алу мүмкiндiгiнiң жоқтығы;
- қолдан жасаудан жоғары қорғалуы.
2. Тиелген жабық вагондар (соның iшiнде изотермиялық) және цистерналар мына жағдайларда, қорғасын таңбалануы тиiс:
а) темiр жолмен жүк тиелген кезде, темiр жолдың тиектi-қорғасын таңбалы қондырғыларымен бекiту;
б) жүк жөнелтушiмен тиелген кезде жүктi жүк жөнелтушiнiң тиектi-қорғасын таңбалы қондырғылармен бекiту;
3. Жүк тасымалы Ережелерiнiң қосымшасында тiзiлген жүктердi тасымалдау, тиектi-қорғасын таңбалау қондырғысынсыз, бiрақ мiндеттi түрде сым бұраулар салу арқылы (ұзындығы 250-260 мм, диаметрi) 6 мм күйдiрiлген сыммен жүзеге асырылады.
Шекара стансалары арқылы экспортқа баратын жүктердi, ТҚТҚ жоқ болған жағдайда, вагондарда тасымалдауға рұқсат жоқ.
4. Тиелген контейнерлер жүк жөнелтушiнiң ТҚТҚ қорғасын таңбаланады.
Ауыл шаруашылығы өнiмдерi, сондай-ақ азаматтардың беретiн үй заттары бар контейнерлер, жүк жөнелтушiлерге көзiнше темiр жол ТҚТҚ, ал жүк жөнелтушiлерге көлiктiк-экспедициялық қызмет көрсетудi жүзеге асырған кезде, темiр жол көлiгi Департаментiнiң жүйесiне кiрмейтiн ұйымдардың құралдарымен қорғасын таңбаланады.
5. Жеке жүк түрлерiн тасымалдау Ережелерiне қарастырылған жағдайларда, осы жүктердi түсiрген соң, бос вагондар да қорғасын таңбаланады.
6. ТҚТҚ iлу және алу, сондай-ақ кәсiпорындарды, ұйымдар мен темiр жолдарды ТҚТҚ қамтамасыз ету жеке нұсқаумен анықталады.
7. Қазақстан Республикасының темiр жолдарына енгiзу үшiн, ТҚТҚ қабылдауға, көлiктегi криминалдық сараптау басқармасының КСБ қорытындысы және оларды Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнде бекiту қажет.
8. Мемлекетаралық қатынаста, ЦСЖТ келiсiмi бойынша және ТМД елдерiнiң темiр жол әкiмшiлiгiмен бекiтiлген тәртiпте ТҚТҚ-ны қолдануға рұқсат берiледi.
9. Республика iшiнiң қатынасында бiрыңғай тиектi-қорғасын таңбалау қондырғысының қолданылуы мiндеттi.
10. Бiрыңғай тиектi-қорғасын таңбалау қондырғысы қабылданғанға дейiн "Жүк тасымалы ережелерiнiң" 5 бөлiмiне сай көрсетiлген қорғасын-таңбалар қолданылады.
Келiсiлдi:
Министрдiң орынбасары
Темiр жол көлiгi
Департаментiнiң директоры
КжКМ заң актiлерi мен заң
жұмыстары бөлiмiнiң бастығы
Қалыптық құжаттарды әзiрлеу
бойынша топ басшысы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КӨЛIК ЖӘНЕ
КОММУНИКАЦИЯЛАР МИНИСТРЛIГI
Бекiтемiн:
Министр
1996 жылғы 19 тамыз
Темiр жол көлiгiнiң кәсiпорындары мен жүк жөнелтушiлердi
қорғасын таңбалы-құлыптарымен қамтамасыз ету, оларды
есептеу тәртiбi және вагондар мен контейнерлердi
қорғасын таңбалау үшiн "Нөкер" бiр жолғы
пайдаланымдағы тиектi қорғасын таңбалау қондырғысын
қолдану ережелерi бойынша
Уақытша нұсқау
Келiсiлдi: Келiсiлдi:
"Нөкер" ЖШС Директоры Зам. Темiр жол көлiгi
Департаментiнiң директоры
1996 ж. "14" августа 1996 ж. "19" августа
1. Жалпы ережелер
1.1. Осы нұсқау темiр жол стансаларының, тиеу-түсiру жұмыстары механикаландырылған дистанциялардың (бұдан әрi - дистанциялар), темiр жол бөлiмдерiнiң, жүк жөнелтушiлердiң вагондар мен контейнерлердi бекiтiп тастауы және қорғасын таңбалауы үшiн, зауыттың бақылау белгiсi бар тиектi-қорғасын таңбалау қондырғысын (бұдан әрi - ТҚТҚ) жасауға тапсырысты ресiмдеу тәртiбi мен мерзiмiн анықтайды, оларды әзiрлеу, жеткiзу және есептеу тәртiбiн белгiлейдi.
1.2. ТҚТҚ темiр жол Басқармасымен бекiтiлген немесе келiсiлген техникалық құжатқа сай, "Нөкер" ЖШС патентiне сәйкес жасалады.
"Нөкер" ЖШС-нiң ТҚТҚ-ны жасауға монополиялық құқығы бар және патентке сай, Қазақстан Республикасының аумағында жалғыз өндiрушi болып табылады.
1.3. Сыртында зауыттық бақылау белгiсi салынғандықтан, әрбiр ТҚТҚ есептеуге алынады.
1.4. ТҚТҚ-да төмендегi зауыттық бақылау белгiлерi болуы тиiс.
1.4.1. Негiзгi-алты орынды сан нөмiрi;
1.4.2. Қосымша темiр жолдың қысқаша әрiппен жазылған аты, әзiрленушiнiң тауарлық белгiсi, шыққан жылының соңғы саны және ҚР патентi (N 1 қосымша).
2. ТҚТҚ әзiрлеуге тапсырыстарды ресiмдеу тәртiбi
2.1. Жоспардағы жылға ТҚТҚ қажеттiгi келесi тәртiппен анықталады:
2.1.1. Жүк жөнелтушiлер басталар жылға үш ай қалғанда, жүк жөнелтетiн стансаға (дистанцияға) ТҚТҚ қажеттi санын әзiрлеуге тапсырыс (екi дана) жiбередi;
2.1.2. Стансаның (дистанцияның) жауапты қызметкерi тапсырыстың екi данасын да күнтiзбелiк штемпелмен куәландырады және жүк жөнелтушi ТҚТҚ-ны тiкелей әзiрленушiнiң қоймасынан алғысы келген жағдайда, тапсырыстың бiр данасын жүк жөнелтушiге қайтарады;
2.1.3. Станса (дистанция) бiр айдың iшiнде, жол бөлiмiне мыналарды: бөлшектiң алымында-тапсырылатын ТҚТҚ жалпы саны, бөлiмiнде жүк жөнелтушiнiң тiкелей әзiрлеушi қоймасынан алатын ТҚТҚ-ның саны көрсете отырып, ТҚТҚ әзiрлеудiң бiр жылғы тапсырысын жiбередi.
2.1.4. Жол бөлiмi, он күннiң iшiнде, ТҚТҚ әзiрлеудiң жылдық тапсырысын тоқсан бойынша бөле отырып, темiр жол Басқармасына жiбередi.
2.1.5. Жол басқармасы, жыл аяқталуына бiр ай қалғанда, ТҚТҚ тапсырысын әзiрлеушiге жiбередi.
2.1.6. Жол басқармасы, жол бөлiмi, станса (дистанция) арқылы, жүк жөнелтушiге, Жол басқармасымен, жол бөлiмiмен немесе әзiрлеушiмен жабдықтау шартын бекiту қажеттiгi туралы хабарлайды.
2.1.7. Жүк жөнелтушi, әзiрлеушiнiң қоймасынан тiкелей ТҚТҚ алу үшiн, оған стансаның (дистанцияның) күнтiзбелiк штемпелi бар тапсырыстың екiншi данасын қоса, қол қойылған шартты және алуға құқық беретiн сенiмхатты ұсынады.
2.2. Ерекше жағдайларда (жаңа кәсiпорындар, стансалар мен ТҚТҚ басқа тұтынушылары ашылған кезде) ТҚТҚ әзiрлеудiң тапсырысы, осы нұсқаудың 2.1.1-2.1.7 анықталған тәртiппен әзiрлеушiнiң келiсiмi бойынша белгiленбеген мерзiмде жiберуi мүмкiн.
3. ТҚТҚ әзiрлеу мен тиеп жiберу
3.1. Әзiрлеушi түскен тапсырыстардың негiзiнде, жол басқармасы арқылы өнiм шығарудың жылдық жоспарына ТҚТҚ өндiрiсiн кiргiзедi.
3.2. Әзiрлеушi ТҚТҚ есептеу, сақтау және тиеу тәртiбiн қарастыратын уақытша нұсқау бекiтедi. Жергiлiктi жағдайларға қатыссыз, мына талаптар қамтамасыз етiлуi тиiс.
3.2.1. ТҚТҚ барлық тапсырыстары iс номенклатурасында қарастырылған жеке iс-папкасында сақталуы, тапсырыс және тиеп жiберудi жазу журналында тiркелуi тиiс.
3.2.2. ТҚТҚ жұмыстан тыс уақытта қорғауға тапсырылатын, жеке бөлмеде буып-түюлi күйде сақталуы тиiс.
3.2.3. Жол бөлiмiне, стансаға (дистанцияға) немесе жүк жөнелтушiге жiберiлетiн ТҚТҚ-ны, әзiрлеушi, тапсырыс және тиеп жiберуді жазу журналына, сол тұлғалардың қол қоюы және олардың жеке басы мен уәкiлдiктерiн куәлауы арқылы бередi.
3.3. ТҚТҚ орауына жазылған бақылау белгiлерiнiң рет нөмiрiн сақтай отырып, тарасы мен орау қағазындағы бақылау белгiлерiнiң нөмiр ара қашықтығын көрсете отырып, он данада оралады.
3.4. ТҚТҚ жабдықтау жинақтылығы тапсырыс берушiнiң әзiрлеушiмен келiсiмi бойынша анықталады және шартта көрсетiледi.
3.5. Әзiрлеушi ТҚТҚ-ны жол бөлiмiне, стансаға (дистанцияға) немесе жүк жөнелтушiге жабдықтау шартына және қоймадан жiберiлетiн барлық ТҚТҚ нөмiрлеу шартына сай тиейдi, Жол басқармасын хабардар етедi.
4. Темiр жолдарда ТҚТҚ есептеу тәртiбi
4.1. ТҚТҚ қатаң нөмiрлеу есебiне жатады.
4.2. Темiр жол бөлiмi (мекен-жайына ТҚТҚ түскен кезде) жүк жөнелту стансаларына (дистанцияға) ТҚТҚ-ны жiбередi, бұл жағдайда, олар бағытталған стансаны (дистанция) көрсете отырып, журналда (N 2 қосымша) ТҚТҚ-ны алдын ала тiркеу жүргiзiледi (тарасындағы нөмiр қашықтығы бойынша).
4.3. Стансада (дистанцияда), тара (орау) комиссиямен ашылады және орау қағазында және тарада көрсетiлген нөмiрлермен ТҚТҚ-ның сәйкес келуi тексерiледi.
4.4. ТҚТҚ-ның нөмiрлерi орау қағазынан өзгеше болған жағдайда, жалпы нысандағы акт ресiмделедi (23-МТ).
4.5. Келiп түскен ТҚТҚ-ның бақылау белгiлерi тексерiлiп болған соң, олар есеп журналында тiркеледi.
4.6. Станса (дистанция) тексеру нәтижесi туралы бiр тәулiк iшiнде, жедел хат арқылы, келiп түскен ТҚТҚ интервалын көрсете отырып, жол бөлiмiне хабарлайды.
4.7. Жол бөлiмi стансаның (дистанция) жедел хаты бойынша ТҚТҚ нөмiрлерiн есеп журналындағы бұрынғы жазылған нөмiрлермен (4.2 тармақ) салыстырады және Жол басқармасына жедел хатпен хабарлайды. Жедел хаттар, iс номенклатурасында қарастырылған iстерде сақталады.
4.8. ТҚТҚ нөмiрлерiнiң өзгешелiгiн анықтаған темiр жол басқармасы, тергеу үшiн және Жол басқармасына, жол бөлiмiне, стансаға (дистанция) хабарлай отырып, шешiм қабылдау үшiн әзiрлеушiге хабарлайды.
4.9. Келiп түскен ТҚТҚ нөмiрлерiнiң дәлденген мәлiметi бойынша, Жол басқармасы, оларды бөлiмдер бойынша есептейдi, ал олар, стансалар (дистанциялар), станса (дистанция) жүк жөнелтушiлер бойынша есептейдi.
4.10. ТҚТҚ-ны бiр стансадан басқасына тапсыру қажет болған жағдайда, олардың тапсырылған нөмiрлерiнiң интервалдары көрсетiле отырып, жол бөлiмiнiң бұйрығы бойынша берiледi.
4.11. Стансаның жауапты қызметкерi (дистанция) кәсiпорынның сенiмхаты бойынша, есеп журналында, берiлетiн ТҚТҚ нөмiрлерiнiң интервалын көрсете отырып, жүк жөнелтушiге ТҚТҚ-ны бередi.
4.12. Сыныпсыз, бiрiншi сыныпты стансаларда ТҚТҚ иеленуге құқығы жоқ тұлғалардың, оны пайдалануын болдырмайтын, сол жердiң жағдайынан туындайтын, ТҚТҚ сақтау тәртiбi - осы кәсiпорындардың бастықтарының бұйрығымен, ал қалған стансаларда жол бөлiмi бастығының бұйрығымен белгiленедi.
4.13. ТҚТҚ тiкелей қоймадан алынған кезде, қойма меңгерушiсi тапсырыс берушiден 2.1.7 тармақта көрсетiлген құжаттарды ұсынуын талап етедi және ТҚТҚ берген соң, нөмiр интервалдары мен иесiнiң атын көрсете отырып, берген ТҚТҚ туралы жүк тиеу жүргiзiлетiн стансаға (дистанцияға), жол бөлiмi мен Басқармаға хабарлайды.
4.14. Станса (дистанция) жабдықтау қоймасынан ТҚТҚ алынғаны туралы ақпарат бойынша иесiнiң аты мен тiкелей әзiрлеушiнiң қоймасынан алынғаны туралы белгiнi есептеу журналына сала отырып, ТҚТҚ нөмiрлерiн тiркейдi.
4.15. Жүк жөнелтушiлер, басқа тұлғалар ТҚТҚ пайдаланбауы үшiн, өздерiнде сақтау және есептеу тәртiбiн белгiлейдi, жол бөлiмiнiң нұсқауы бойынша стансада тiркелген ТҚТҚ, жүк жөнелтушiлерден келiсiмдi бағамен, стансаның жауапты қызметкерлерi, қажетiне қабылдайды.
4.16. Стансаларда (дистанцияларда) қабылдау-тапсыру жұмыс орындарындағы қызметкерлерге ТҚТҚ-ны беру бөлiмше бастықтары (алаң меңгерушiлерi, бригадирлер және т.б.) арқылы жүргiзiледi, олар болмаған кезде кәсiпорын бастығымен тағайындалған тұлға арқылы есеп журналына қол қойыла отырып, жүргiзiледi.
4.17. Жұмыс орындарында вагондар мен контейнерлердi қорғасын таңбалау туралы 37-МТ (N 3 қосымша) нысанда кiтап бойынша алынған ТҚТҚ тiркеледi және олардың шығыны есептеледi.
4.18. ТҚТҚ жоғалған әрбiр жағдайда, станса бiр тәулiкте жол бөлiмiнiң бастығына, темiр жолдың бастығына, желiлiк милиция
бөлiмiне, темiр жол желiлерiне хабарлайды және қызметтiк тергеу жүргiзедi, ақырғы шешiм қабылдайды.
N 1 қосымша
ҚОРҒАСЫН ТАҢБАЛЫ - ҚҰЛЫП
(схемасы)
_______________________________
| АЛМ Н - 96 |
| ҚР ПАТЕНТI |
| 000001 |
|_____________________________|
ШАРТТЫ БЕЛГIЛЕРI МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
АЛМ. - АЛМАТЫ ТЕМIР ЖОЛЫ
Н - ЖАСАУШЫ ЗАУЫТТЫҢ БЕЛГIСI
96 - ШЫҒАРУ ЖЫЛЫ
ПАТЕНТ РК - ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ПАТЕНТIМЕН ҚОРҒАУЛЫ
N 2 қосымша
_________________________________
(ұйымның аты)
ТҚТҚ берудi (тиеудi) есептеу
ЖУРНАЛЫ
___________________________________________________________________
Рет|Тиеу|ТҚТҚ алушының |Саны|ТҚТҚ бақылау |Түбiртек|Қолы|Ескерту|
N/N|беру|аты (ст. кәсiп. | |белгiсi N-ден|сенiмхат| | |
|күнi|орын, жол бөлiмi| | N-дейiн |нөмiрi | | |
___|____|________________|____|_____________|________|____|_______|
| | | | | | | |
___|____|________________|____|_____________|________|____|_______|
| | | | | | | |
___|____|________________|____|_____________|________|____|_______|
| | | | | | | |
___|____|________________|____|_____________|________|____|_______|
| | | | | | | |
___|____|________________|____|_____________|________|____|_______|
| | | | | | | |
___|____|________________|____|_____________|________|____|_______|
N 3 қосымша
Қорғасын таңбалау кiбатын толтыру тәртiбi
(37-МТ нысаны)
Вагондар немесе контейнерлердiң бақылау белгiлерi
N,N
Күнi, уақыты, ТҚТҚ аты
N 0000001-ден N 0000101-ге дейiн
Берушi:*
Ескерту: <*> ТҚТҚ пайдалану учаскесiндегi беру мен алу үшiн
жауапты қызметкердiң лауазымы көрсетiледi.
КҚП бригадирi* қолы Т.А.Ж.
Алушы:
пойыз қабылдаушы қолы Т.А.Ж.
Мысал:
01.01.95 ж. 9 сағ. 30 мин. "Нөкер" ТҚТҚ
Берушi:
КҚП бригадирi қолы Иванов Н.К.
Алушы:
пойыз қабылдаушы қолы Райкин В.Д.
01.01.95 ж. 13 сағ. 10 мин.
22605067 АЛМ 000001
АЛМ 000002
"Нөкер" жүйесiнiң бiр жолғы пайдаланымдағы
қорғасын таңбалы-құлпы
_____________________________
| АЛМ 000112 |
|___________________________|
1 сурет
Техникалық сипаттамасы:
1. Осiнiң бұзылу күшi - 1400+(-)100 КГК
2. Болат арқанының диаметрi - Q 6,0+(-)0,2 мм
3. Болат арқанының ұзындығы - 300 - 350 мм
4. Корпусы мен фиксаторының жәй сапалы тiк
материалы - бұрышты болат
5. Корозияға қарсы түру бетi - мырыш
6. Маркирленуi - әрiптi-санды
7. Салмағы - 150 - 160 гр.
1. ЖАЛПЫ МӘЛIМЕТI
"Нөкер" құлпы темiр жол вагондарының, цистерналар мен контейнерлердiң, сондай-ақ басқа көлiк құралы түрлерiнiң есiктерi мен люктарын бекiту мен қорғасын таңбалау үшiн арналған. "Нөкер" құлпын қондыру үшiн арнайы құрал-сайман қолданылады.
II. "НӨКЕР" ҚҰЛПЫНЫҢ ҚОНДЫРҒЫСЫ
МЕН ҚҰРАЛ-САЙМАНЫ
"Нөкер" құлпы тросс және фиксатордың ұшымен мықтап бекiтiлген корпустан тұрады (3 суретi қара).
III. "НӨКЕР" ҚҰЛПЫН ҚОНДЫРУ ТӘРТIБI
1. Есiктiң немесе люктiң iлгегi арқылы құлып тросының бос ұшын өткiзу және оны құлып корпусының кесе саңылауына кiргiзу (5 суреттi қара).
2. Құрал-сайманнан бұранданы қолмен түбiне дейiн бұрап шығару.
3. Жиналған құлыпты құрал-сайманға салғанда, фиксатор алты қырлы бұранда басы жағында болуы тиiс, ал тросс ұшы сопақ саңылау арқылы құрал-сайманға өтуi тиiс (5 сурет).
4. Сонан соң төмен қарай құлып корпусы есiк бастырмасының құлағына тығыз жатқанға дейiн тросты тарту қажет (6 суреттi қара).
5. Бұранданы корпус iшiне қарай сағат тiлi бойынша фиксатор түбiне дейiн қолмен бұрап, кiргiзу (7 суреттi қара).
6. Бұранданың алты қырлы басын алты қырлы кiлт саңылауына кiргiзгенде, кiлттегi тiл сағат тiлi бойынша бағытталуы тиiс (8 сурет).
7. Бiр қолмен құрал-сайманның тұтқасынан ұстай отырып, екiншi қолмен бұранданы барынша 8 КГК күшпен, қайтармалы-айналмалы қозғалыс жасай отырып, тарту қажет.
8. Құралдан кiлттi алып, оны қондырған кезде, кiлттегi тiл сағат тiлiне қарсы болуы тиiс.
9. Құлыпты құрал-сайманнан алған сәтке дейiн, бұранданы құрал-сайманнан шығарып алынуы тиiс.
10. Құлып корпусында фиксатордың сенiмдi бекiтiлгенi мен жинақталғаны тексерiлуi тиiс. Олай болмаған жағдайда, құлыпты қайтадан құрал-сайманға салып, 5 тармақтағы операцияларды қайталау қажет.
11. Құлыпты алу үшiн, қорғасын таңбалау құрал-сайманын құлыпты алу құрал-сайманына алмастырылады және осы нұсқаудың 5 тармағындағы операциялар қайталанады.