----------бұйрықтан үзінді---------
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1109 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы ереженің 18-тармағының 1) тармақшасын басшылыққа ала отырып бұйырамын:
1. "Қазақстан Республикасында халыққа тұрмыстық қызмет көрсету Ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнің 1996 жылғы 20 қыркүйектегі N 9/7 қаулысының күші жойылды деп танылсын...
Төраға
__________________________________
"Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөнiндегi жұмысты жандандыру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 22 маусымдағы N 864 P950864_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң Тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы "Қазақстан Республикасында халыққа тұрмыстық қызмет көрсетудiң Ережелерiн" әзiрледi.
Ұсынылып отырған Ережелердiң жобасы Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексiне және тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөнiнде қолданылып жүрген заңдардың талаптарына сәйкес әзiрлендi және тұрмыстық қызмет көрсету саласында тұтынушылар мен атқарушылар арасындағы қарым-қатынастарды реттеуге арналған, жобада тұтынушылардың құқықтарының iске асырылуын қамтамасыз ететiн ережелер бар.
Жоғарыда баяндалғанның негiзiнде Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасында халыққа тұрмыстық қызмет көрсетудiң Ережелерi ескертпелер ескерiлiп, бекiтiлсiн.
2. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы (Осипова Г.М.):
"Қазақстан Республикасында халыққа тұрмыстық қызмет көрсетудiң Ережелерiн" мемлекеттiк тiркеу үшiн Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне ұсынсын.
3. Талдау, ақпарат және ұйымдастыру жұмысы басқармасы (Әйменов Х.А.):
баспасөз конференциясын өткiзсiн және "Қазақстан Республикасында халыққа тұрмыстық қызмет көрсетудiң Ережелерiн" бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Комитет Төрағасының орынбасары Т.Г.Квятковскаяға жүктелсiн.
Алқа төрағасы
Қазақстан Республикасында халыққа
тұрмыстық қызмет көрсетудiң
Ережелерi
Қазақстан Республикасының Баға
және монополияға қарсы саясат
жөнiндегi мемлекеттiк Комитетiнiң
1996 жылғы 20 қыркүйектегi
нөмiрi 9/7 алқа қаулысымен
Бекiтiлген
I. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасында халыққа тұрмыстық қызмет көрсетудiң Ережелерi Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексi мен "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрлендi, ол тұрмыстық қызмет көрсету саласында тұтынушылар мен атқарушылардың арасындағы қарым-қатынастарды реттейдi.
2. Ережелер меншiк нысандарына қарамастан барлық заңды тұлғаларға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрғындардың жеке тапсырмалары бойынша:
аяқ киiм жөндеу;
ортопедтiк аяқ киiмдi қоса алғанда аяқ киiм тiгу;
тiгiн, мех, трикотаж және былғары бұйымдарын, бас киiмдер мен тоқыма галантереясы бұйымдарын тiгу мен жөндеу;
трикотаж бұйымдарын тiгу мен тоқу;
тұрмыстық мәшинелер мен аспаптарды жөндеу, металл бұйымдарын жөндеу мен жасау, оның iшiнде:
телевизорларды, радиоаппаратураны, күйтабақ ойнатқыштар, радиолалар, магнитофондар, тоңазытқыштар, шаңсорғыштар, кiр жуатын, тiгiн және басқа да мәшинелер мен аспаптарды жөндеу;
жиhаз жөндеу;
жиhаз жасау;
химиялық жобалау мен бояу;
кiр жуу қызметiн көрсету (жанама қызметтi өңдеуге берiлген заттарды шағын жөндеудi қоса алғанда);
тұрғын үйлердi (пәтерлердi, гараждарды, аялдамаларды) жөндеу мен салу;
дыбыс жазу салондарының қызметiн қоса алғанда суретке түсiру және сурет-кинолабораториялары қызметiн көрсету;
моншалар мен су бүрiккiштер қызметi;
шаштараздар қызметi (париктер, шиньондар дайындауды қоса алғанда);
салт-жора қызметi (мамандандырылған дүкендер арқылы жерлеуге қажеттi керек-жарақты сатуды қоса алғанда);
салт-жора қызметi (жерлеуге қажеттi керек-жарақты, ескерткiштердi, құлпы тастарды, гүлзарларды, азанама веноктарын әзiрлеу);
тұрмыстық қызметтiң басқа да түрлерiн (жеке меншiк үйлердi газдандыру, азаматтардың тапсырыстары бойынша ауылшаруашылық өнiмдерiн ұқсату және т.б.) көрсетумен айналысатын азаматтарға қолданылады.
Жүк тасымалдаумен, азаматтардың көлiк құралдарына техникалық қызмет көрсетумен және оларды жөндеумен айналысатын, сондай-ақ ломбардтардың, сақтау камераларының, заттарды уақытша пайдалануға беру және сауда жүйесiнде сатып алынған бұйымдардың олардың пайдаланудың кепiлдiк мерзiмi кезiнде ақауларын жөндеу қызметiн көрсететiн заңды тұлғалар мен азаматтардың қызметi арнайы ережелермен реттеледi.
3. Егер атқарушылар азаматтардың жеке тапсырыстары бойынша киiм-кешек, бас киiмдер, жиhаз, былғары-галантерея, металл және басқа бұйымдар жасаумен қатар тұтынушының алдын ала тапсырысынсыз бұйымдарды жаппай және топ-тобымен өндiрiп, кейiн оларды халыққа сататын болса, онда олардың тұтынушылармен қарым-қатынастары (бұйымдардың сапасына деген талаптарды, кепiлдiктердi, жауапкершiлiк шараларын және басқаларды қоса алғанда) "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" деп аталатын II бөлiмiнде белгiленген тәртiп бойынша реттеледi.
4. Қызмет көрсетумен (жұмыстар атқарумен) айналысатын кәсiпорындардың маңдайшаларында өз қызметiнiң бағыты, атауы мен заңды мекен-жайы, сондай-ақ жұмыс тәртiбi көрсетiлген жазуы болуы мiндеттi.
Жеке меншiк кәсiпкер тiркелуi және өзiн тiркеген органның атауы туралы, сондай-ақ көрсетiлген қызметке (атқарылатын жұмысқа) мiндеттi талаптар қолданылатын стандарт туралы ақпарат, олардың сертификатталуы жайында мәлiметтер беруi тиiс.
5. Атқарушы көрсететiн қызметi (атқаратын жұмысы), оған ақы төлеудiң нысаны мен тәртiбi, қызмет көрсету iсi кәсiпорынның тұрақты орналасқан жерiнен тыс жерлерде уақытша үй-жайларда, жылжымалы қабылдау пункттерiнде, барып қызмет көрсететiн бригадалар арқылы атқарылатын жағдайларды қоса алғанда, көрнектi және ұғынықты түрде тұтынушыға дер кезiнде ақпарат беруге мiндеттi.
Бұл ақпарат кәсiпорынның тапсырыс қабылданатын үй-жайында тұтынушы көре алатын ыңғайлы жерде орналасуы тиiс, сондай-ақ:
Қазақстан Республикасында тұрмыстық қызмет көрсетудiң Ережелерi, "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңынан үзiндiлер (көшiрмелер);
жергiлiктi әкiмшiлiктiң халыққа тұрмыстық қызмет көрсету жөнiндегi нормативтiк құжаттары;
жергiлiктi әкiмшiлiк жанындағы тұтынушылардың құқықтарын қорғау органы туралы мағлұматтар;
негiзгi қызмет (жұмыс) түрлерi мен тұтынушының тiлегi бойынша көрсетiлетiн жанама және басқа қызметтiң (жұмыстардың) және оларды көрсету нысандарының тiзбесi;
тұтынушыларға көрсетiлетiн қызметтiң (жұмыстың) сапасы, сондай-ақ қызмет (жұмыс) атқарушының кепiлдiктi мiндеттемелерi, мiндеттi талаптарға сай келетiн стандарттардың атаулары;
көрсетiлетiн қызмет (жұмыс) түрлерiнiң прейскуранты (прейскуранттардан көшiрмелер), не болмаса бағасы, осы орайда атқарушы пайдаланатын материалдардың, қосалқы бөлшектердiң және әбзелдердiң (олардың үлгiлерiнде көрсетiлген) бағасы, сондай-ақ жедел тапсырыстардың шарттары мен атқарылу мерзiмдерiне сәйкес үстеме ақылардың мөлшерi;
егер Қазақстан Республикасының заңдарында лицензиялау көзделген болса, аталған қызмет көрсету (жұмыс атқару) құқығы жөнiндегi лицензия;
қызмет көрсету (жұмыс атқару) кезiнде атқарушының тұтынушыға ұсынатын материалдары мен әбзелдерiнiң үлгiлерi;
үлгi шарттардың, түбiршектердiң, жетондардың, сенiмхаттардың, талондардың және атқарушының тапсырыстары қабылдап алғанын және тұтынушының қызметке (жұмысқа) ақы төлегенiн куәландыратын басқа құжаттардың үлгiлерi;
тұтынушылардың кейбiр санаттары үшiн Қазақстан Республикасының Заңдарында көзделген жеңiлдiктер мен артықшылықтар туралы мағлұматтар мiндеттi түрде болуы тиiс.
Егер қызмет (жұмыс) туралы, сондай-ақ атқарушы туралы ойдағыдай емес ақпарат (жеткiлiксiз немесе айтарлықтай толық емес) берiлуi салдарынан тұтынушыға сапасыз қызмет көрсетiлсе (жұмыс атқарылса) ол шартты бұзуға және өзiне келтiрiлген шығынның өтелуiн талап етуге құқылы;
тұтынушының өмiрiне, денсаулығына немесе мүлкiне зиян келтiрiлсе - ол шартты бұзуға және өзiне келтiрiлген шығынның толық көлемiнде өтелуiн талап етуге құқылы.
II. Қызмет көрсетуге (жұмыс атқаруға)
тапсырыстар қабылдау және оларды рәсiмдеу
6. Атқарушы өзiнiң қызметiнiң бағытына сай келетiн қызметке (жұмысқа) тапсырыстар қабылдайды.
Қызмет көрсету (жұмыс атқару) жөнiндегi тапсырыстар тiкелей кәсiпорындарда, олардың филиалдарында не тұтынушылардың жұмыс, оқу, демалыс және тұрғылықты орны бойынша, сондай-ақ телефон (оның iшiнде автомат қондырғылары) мен почта арқылы қабылданады.
7. Қызмет көрсету (жұмыс атқару) жөнiндегi тапсырыс шартпен немесе белгiленген нысандағы басқа құжатпен рәсiмделiп, онда:
атқарушының заңды мекен-жайы, тапсырыс берушiнiң тегi мен аты-жөнi, оның телефоны мен мекен-жайы;
тапсырыс қабылданған дата, тапсырысты орындаудың басталу және аяқталу мерзiмi, аванс сомасы (толық сома), тапсырысты қабылдаушы мен берушiнiң қойған қолдары;
қызмет (жұмыс) түрi, атқарушы мен тұтынушының материалдарының (затының) атауы, олардың құны, қызмет көрсету (жұмыс атқару) үшiн қажеттi саны, жөндеуге тапсырылатын бұйымның зауытта қойылған нөмiрi;
басқа реквизиттер толтырылады.
Бұйымдар жасауға тапсырыстар сән журналдары немесе үлгiлер бойынша, сондай-ақ тұтынушының немесе дайындаушының эскиздерi бойынша қабылданады. Тұтынушының қол қойып айғақтаған тiлегi бойынша атқарушымен келiсе отырып бұйымдарды дайындаудың үлгiлерi мен технологиясынан ауытқуларға жол берiлуi мүмкiн, бұл орайда олар тұтынушының қауiпсiздiгiне, өмiрi мен денсаулығына, қоршаған ортаға хауiп төндiрмейтiн, сондай-ақ тұтынушының мүлкiне зиян келтiрмейтiн болуы тиiс.
Сол сияқты тапсырыстарды жетон, талон, сомалық чек және сол сияқтыларды беру арқылы да рәсiмдеуге болады.
8. "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен, сондай-ақ осы Ережемен салыстырғанда тапсырыс тұтынушылардың құқықтарына нұқсан келтiретiндей түрде рәсiмделген шарттың немесе өзге құжаттың ережелерi жарамсыз деп танылады.
Егер тұтынушының құқықтарына нұқсан келтiретiн шарт ережелерiнiң қолдануына байланысты тұтынушы зиян шексе ондай зиян, оның iшiнде тұтынушының қызмет (жұмыс) түрлерiн еркiн таңдап алу құқықтарын бұзу арқылы келтiрiлген зиян толық көлемiнде өтеуге жатады.
9. Атқарушының төлемақы үшiн қызмет (жұмыс) түрлерiн тұтынушыға күштеп таңуға, сондай-ақ қызметтiң (жұмыстың) бiр түрiн көрсетудi мiндеттi түрде екiншi түрiн атқарумен байланыстыруға құқығы жоқ.
Жедел қызмет (жұмыс) атқару (жылдамдатқаны үшiн үстеме ақы алу) мен жанама қызмет көрсету iсiн атқарушы тек шартқа сәйкес қана жүргiзе алады.
Тұтынушы өзiнiң келiсiмiнсiз көрсетiлген жанама қызмет (жұмыс) үшiн төленген соманың қайтарылуын талап етуге құқылы.
10. Тұтынушы атқарылған жұмыс үшiн атқарушыға сыйақы төлеп және шарттың бұзылуы салдарынан атқарушыға келтiрiлген тiкелей шығынды өтеп, қызмет көрсету (жұмыс атқару) туралы шартты кез-келген уақытта бұзуға құқылы.
Тапсырыс орындалысымен (немесе жойылысымен) атқарушы тұтынушыға ақысы төленген материалдардың жұмсалуы туралы есеп беруге және олардың қалдықтарын, сондай-ақ алмастырылған (ақаулы) тараптар мен бөлшектердi қайтаруға мiндеттi.
11. Атқарушы өзiне тұтынушы берген материалдардың (заттардың) сақталуы мен дұрыс пайдаланылғаны үшiн жауап бередi.
Тұтынушыдан алынған материал (зат) түгелдей немесе iшiнара жойылған (бүлiнген) жағдайда атқарушы оны сондай сападағы бiртектес материалмен (затпен) алмастыруға, ал оған жағдай жоқ болғанда - жойылған (бүлiнген) материалды (затты) нарықтық құны бойынша өтеуге, сондай-ақ тұтынушы тартқан шығынның орнын жабуға мiндеттi. Тұтынушының материалы түгелдей немесе iшiнара жойылған (бүлiнген) жағдайда атқарушы тұтынушының тiлегi бойынша шартты дереу арада жаңғыртуға және бiр тектес материалдан (заттан) техникалық тұрғыдан ең қысқа мерзiм iшiнде бұйымды жасап беруге мiндеттi.
Егер атқарушы материалдың (заттың) жойылуына (бүлiнуiне) әкеп соқтыратын айрықша ерекшелiктерi туралы тұтынушыға алдын ала ескертсе, атқарушы тұтынушыдан алынған материалдың (заттың) түгелдей немесе iшiнара жойылғаны (бүлiнгенi) үшiн жауапкершiлiктен босатылады. Атқарушының аталған ерекшелiктердi бiлмеуi оны жауапкершiлiктен босатпайды.
Табиғаттың дүлей күшi, апат, Үкiмет жарияланған төтенше жағдай сияқты тұтқиыл оқиғалар кезiнде тұтынушыдан алынған материалдың (заттың) түгелдей немесе iшiнара жойылғаны (бүлiнгенi) үшiн атқарушы жауапкершiлiктен босатылады.
Атқарушы:
тұтынушыдан алынған материалдың (заттың) жарамсыздығы немесе оның сапасының нашарлығы туралы;
тұтынушының нұсқауларын орындаудың және оған байланысты басқаша жағдаяттардың атқарылатын жұмыстың жарамдылығы мен тиянақтылығына қауiп туғызатыны туралы;
жасалған (жөнделген, өңделген) бұйымдарды және басқа бiр қызметтiң (жұмыстың) нәтижелерiн тиiмдi әрi қауiпсiз пайдаланудың шарттары туралы;
атқарушының қолынан келмейтiн тұтынушыға көрсетiлетiн қызметтiң (жұмыстың) сапасына нұқсан келтiретiн басқа бiр жағдаяттардың бар екенi туралы тұтынушыны күнi бұрын ескертуге мiндеттi.
Егер атқарушының дер кезiнде және негiздi ескертуiне қарамастан, тұтынушы жарамсыз немесе сапасы нашар материалды қолайлы мерзiмде алмастырмаса, жұмысты атқарудың тәсiлi туралы нұсқауларды өзгертпесе, не жұмыстың жарамдылығы мен тиянақтылығына қауiп туғызатын жағдайларды жоймаса, атқарушы шартты бұзуға және шеккен зиянды өндiрiп алуға құқылы.
Егер атқарушы материалдың (заттың) жарамсыздығы немесе оның сапасының нашарлығы, жұмысты атқарудың тәсiлдерi туралы тұтынушының нұсқауларын орындаудың мүмкiн еместiгi, сондай-ақ жұмыстың жарамдылығы мен тиянақтылығына қауiп туғызатын атқарушының қолынан келмейтiн басқа жағдаяттардың бар екенi туралы тұтынушыға ескертпесе және бұл жайында белгiленген нысандағы құжатта көрсетпесе, ол тапсырыстың ойдағыдай орындалмағаны үшiн жауап бередi:
12. Шарт (түбiршек) немесе тапсырыс рәсiмделетiн басқа құжат жоғалған жағдайда тұтынушы бұл туралы атқарушыға хабарлауға мiндеттi.
Бұл жағдайда шартта көрсетiлген бұйым тұтынушыға жазбаша түрдегi арызы мен төлқұжаты, болмаса өз басын анықтайтын басқа құжат негiзiнде берiледi.
III. Қызмет көрсету (жұмыс атқару)
13. Атқарушы:
мемлекеттiк (муниципалдық) кәсiпорындар үшiн тиiстi жергiлiктi әкiмшiлiк органының шешiмiмен белгiленген немесе басқа ұйымдық-құқықтық нысандардың кәсiпорындары үшiн меншiк иесi деп жарияланған жұмыс режимiнiң орындалуын;
стандарттардың мiндеттi талаптарына, тұтынушымен жасалынған шарттың ережелерiне, сондай-ақ көрсетiлетiн қызмет (атқарылатын жұмыс) туралы ақпаратқа сай келетiн, ойдағыдай сапалы қызмет көрсетудi (жұмыс атқаруды);
жасалған (жөнделген) бұйымдардың және басқа да көрсетiлетiн қызметтiң (атқарылатын жұмыстың) оларды пайдаланудың белгiленген мерзiмi бойынша қауiпсiздiгiн;
бұйымдарды жасау, ғимараттарды (тұрғын үйлердi) және басқаларын жөндеу жөнiндегi кепiлдiк мiндеттемелердiң стандарттарда көзделген мерзiм бойынша орындалуын қамтамасыз етедi. Бұл мерзiм тұтынушыдан тапсырыс алынған күннен, ал тұтынушының кінәсiнен тапсырыс уақыты алынбаған жағдайда - тапсырысты (жұмысты) орындау жөнiнде шартта белгiленген мерзiмнен (күннен) кейiнгi оныншы күннен бастап есептеледi.
14. Атқарушы шартта көзделген мерзiмде қызмет көрсетуге (жұмыс атқаруға) мiндеттi. Тапсырысты орындау мерзiмi тапсырыс қабылданған күнтiзбелiк датадан кейiнгi күннен бастап есептеледi. Егер тапсырысты орындаудың басталу мен аяқталу мерзiмi жұмыс емес күнге тура келсе, онда ол келесi жұмыс күнiнен бастап есептеледi.
Қызмет көрсету (жұмыс атқару) мерзiмi ол көрсетiлуге (атқарылуға) тиiстi дата, сондай-ақ атқарушы оны көрсетуге (атқаруға) кiрiсетiн дата болып белгiленуi мүмкiн. Егер шартта қызмет көрсету (жұмыс атқару) мерзiмi келiсiм бойынша бөлiп-бөлiп орындау келiсiлген болса, онда оны көрсетудiң (атқарудың) тиiстi мерзiмдерi көзделуi тиiс.
15. Орындалған тапсырыста кемшiлiктер байқалған жағдайда тұтынушының құқықтары:
а) көрсетiлген қызметте (атқарылған жұмыста) кемшiлiктер байқалған жағдайда тұтынушы өзiнiң қалауы бойынша:
көрсетiлген қызметтегi (атқарылған жұмыстағы) кемшiлiктердiң тегiн дұрысталуын;
көрсетiлген қызмет (атқарылған жұмыс) үшiн сыйақының тиiсiнше кемiтiлуiн;
сондай сапалы бiртектес материалдан екiншi бұйымның тегiн жасалуын немесе жұмыстың (кiр жуудың, химиялық тазалаудың) қайталап атқарылуын немесе кемшiлiктердi өзiнiң немесе үшiншi тараптың қаражатымен түзету жөнiнде оның тартқан шығынының өтелуiн талап етуге құқылы.
Егер көрсетiлген қызметтегi (атқарылған жұмыстағы) кемшiлiктердi атқарушы белгiленген мерзiмде дұрыстамаса шартты бұзуға және шығынның өтелуiн талап етуге құқылы.
Сол сияқты тұтынушы көрсетiлген қызметте (атқарылған жұмыста) елеулi кемшiлiктердi немесе шарттың ережелерiнен айтарлықтай ауытқуларды байқаса да, ол шартты бұзуға құқылы. Бұл орайда шарт тұтынушының жазбаша өтiнiшiнiң негiзiнде бұзылып, оның бұзылу себептерi көрсетiледi. Тұтынушыға ақшаны қайтаруға байланысты шығын, сондай-ақ шикiзат пен материалдардың шығыны атқарушының есебiнен өтеледi;
б) осы тармақтың "а" тармақшасындағы көзделген талаптарды тұтынушы тапсырысты алу кезiнде немесе оның орындалу барысында қоя алады, ал тапсырысты алу кезiнде кемшiлiктердi байқау мүмкiн болмаған жағдайда - кепiлдiктi мерзiмде, болмаса екi жақ үшiн мiндеттi болып табылатын ережелермен немесе басқа шартпен белгiленген мерзiм iшiнде бiлдiре алады;
құрылыстағы немесе басқа жылжымайтын мүлiктегi жұмысты қабылдап алу кезiнде анықтау мүмкiн болмаған кемшiлiктерге байланысты талаптар кепiлдiктi мерзiм iшiнде, ал ондай мерзiм болмаса - жұмыс қабылданып алынған соң бiр жыл iшiнде бiлдiрiледi.
16. Атқарушы қызмет көрсетудiң (жұмыс атқарудың) барысында байқалған кемшiлiктердi тұтынушы белгiлейтiн ыңғайлы мерзiмде түзетуi тиiс.
Тапсырысты қабылдау кезiнде шартта (тараптардың келiсiмiнде) неғұрлым қысқа мерзiм белгiленбесе, тұтынушының тапсырыс алу тұсында байқалған кемшiлiктерi 7 күн iшiнде түзетiлуi тиiс.
Кемшiлiктердi жоюдың тұтынушы белгiлеген (немесе екi жақ келiскен) мерзiмi шартта не тараптар қол қоятын басқа құжатта көрсетiледi.
Кемшiлiктердi жоюдың осы тармақта көзделген мерзiмiн бұзғаны үшiн атқарушы Қазақстан Республикасының заңдарында немесе шартта көзделгендей айыппұл төлеуге мiндеттi.
17. Қызмет көрсету (жұмыс атқару) мерзiмi бұзылған немесе тапсырыс уақтылы алынбаған жағдайда тұтынушы мен атқарушының құқықтары "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" Заңда көзделген.
18. Ақауды түзетуден, болмаса келтiрiлген зиянды ерiктi түрде өтеуден атқарушы бас тартқан жағдайда, тұтынушының сотқа жүгiнуге құқығы бар.
IY. Көрсетiлген қызметке (атқарылған жұмысқа)
ақы төлеудiң тәртiбi мен нысаны
19. Көрсетiлген қызметке (атқарылған жұмысқа) ақы төлеудiң нысаны тұтынушы мен атқарушы арасындағы келiсiм бойынша белгiленедi.
20. Қызмет (жұмыс), сондай-ақ тапсырыстарды орындау кезiнде атқарушы пайдаланатын материалдардың, қосалқы бөлшектердiң, әбзелдердiң және жинақтаушы бұйымдардың құны үшiн тұтынушы бәсекелесушi нарықтың, тауарлардың сапасы мен тұтыну қасиеттерi негiзiнде қалыптасатын еркiн баға бойынша ақы төлейдi.
21. Шарт жасасу кезiнде тұтынушы:
тұтынушының қатысуымен, сондай-ақ өзiне-өзi қызмет көрсету әдiсiмен атқарылатын (қызметтiң, жұмыстың барлық түрлерi);
кино-сурет лабораториялары мен суретханалардың, салтанатты шаралар мен салт-жоралғы қызметiн көрсететiн кәсiпорындардың;
аяқ киiмдi күрделi жөндеу мен жаңарту жөнiнде атқарылатын;
сыйлықтарды, кәдесый мен басқа да бұйымдарды сатып алу, жеткiзу және қайта жөнелту;
трикотаж бұйымдарын тоқуға, киiм-кешектi пiшу мен тiгуге, суретке түсiруге үйрету;
зергерлiк бұйымдарды тексерiп белгi соғу;
моншалар мен су бүрiккiштердiң, жүк жеткiзу мен делдалдық қызмет көрсету жөнiндегi жұмыстарға толық ақы төлейдi.
Жиhаз жасау мен жөндеу, тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды жөндеу мен салу, аяқ киiмдi, тiгiн және трикотаж бұйымдарын жасау, күрделi жөндеу және жаңарту қызметi көрсетiлетiн тұтынушы шарт негiзiнде алдын ала келiсiлген ақы төлейдi.
22. Шартта көзделген жұмыстарды атқару туралы кесiмдi немесе шамаланған мөлшерде смета жасалуы мүмкiн.
Егер тұтынушы қосымша жұмыс атқаруға келiсiм бермесе, немесе атқарушыға ондай жұмыстар атқаруды тапсырмаса, атқарушы кесiмдi сметаға енгiзiлмеген шығындарға ақы төлеудi талап ете алмайды.
Егер шамаланған мөлшерде сметаны көбейту қажеттiгi туса, атқарушы бұл жөнiнде тұтынушыны дереу ескертуге мiндеттi. Бұл орайда тұтынушы әуел баста белгiленген сметаға сәйкес атқарылған жұмыс шығынын атқарушыға өтеп, шартты бұзуға құқылы.
Егер атқарушы шамаланған мөлшердегi сметаның көбейгенi туралы тұтынушыға ескертпесе, онда ол сметада көзделмеген шығынның өтелуiн талап етпей, жұмысты атқаруға мiндеттi.
23. Егер екi жақтың келiсiмiнде атқарушының материалдары үшiн есеп айырысудың басқадай тәртiбi көзделмесе, атқарушының тапсырысты орындау кезiнде пайдаланатын материалдарына тұтынушы шарт жасасу кезiнде толығымен (немесе шартта көрсетiлген мөлшерде) ақы төлейдi, түпкiлiктi есеп айырысу тұтынушы жұмысты қабылдаған кезде жасалады.
Материал кредит түрiнде төлем әдiсiмен берiлуi мүмкiн.
Атқарушы берген материалдардың бағасының кейiннен өзгеруi қайта есеп айырысуға әкеп соқтырмайды.