"Қазақстан Республикасындағы банктер мен банк қызметi туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы N 2444 заң күшi бар Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығын iске асыру шаралары туралы" қаулысын орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етедi:
1. Айтылған ескертпелер мен ұсыныстар ескерiле отырып, Банк қызметiне аудиторлық тексеру жүргiзу құқығына лицензия беру, күшiн жою және өкiлеттi аудиторларға қойылатын талаптар туралы ереже бекiтiлсiн және ол 1996 жылғы 1 наурыздан бастап күшiне енгiзiлсiн.
2. Банктiк қадағалау департаментi (Б.К.Жауғаштина) осы шешiмдi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң облыстық (Алматы аумақтық бас) басқармаларына жiберiп, оларға осы Ереженi Екiншi деңгейдегi банктерге жiберудi мiндеттесiн.
3. Осы Қаулының орындалуына бақылау жасау банктiк қадағалау департаментiне (Б.К.Жауғаштина) жүктелсiн.
Ұлттық Банк
Төрағасы
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкi Басқармасы
1996 жылғы 29 ақпанда
бекiткен, N 49 қаулы
Банк қызметiне аудиторлық тексеру жүргiзу
құқығына лицензия беру, күшiн жою және
өкiлеттi аудиторларға қойылатын талаптар туралы
ЕРЕЖЕ
(1997 жылғы 24 қаңтардағы N 24 қаулысымен
енгізілген өзгерістермен) І. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже аудиторлық қызмет, лицензиялау мәселесiн реттейтiн, қолданылып жүрген банкi заңдары мен заң актiлерiне сәйкес әзiрленген және Қазақстан Республикасында банк қызметiне аудиторлық тексеру жүргiзу құқығына лицензия беру, оның күшiн жою шарттарын белгiлейдi және өкiлеттi аудиторларға қойылатын талаптарды анықтайды.
Банк қызметiне аудиторлық тексеру жүргiзуге байланысты аудиторлық қызметтер (банкiлiк аудит) Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы", "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы", "Лицензиялау туралы" заң күшi бар Жарлықтарына және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы аудиторлық қызмет туралы" Заңына сәйкес лицензияланады.
2. Бiрде бiр заңды немесе жеке тұлға белгiленген тәртiппен тiркелмесе және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бiлiктiлiк комиссиясынан өтпесе, аудиторлық қызметпен айналысу құқығына куәлiгi болмайды, "аудитор" деп атала алмайды немесе өзiн аудиторлық қызметпен айналысатын адам ретiнде сипаттай алмайды.
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (бұдан әрi - Ұлттық Банк) Қазақстан Республикасы аумағындағы заңды және жеке тұлғаларға банк қызметiне аудиторлық тексеру жүргiзу құқына лицензия беруге өкiлеттi бiрден бiр лицензиар болып табылады және оның үлгiсiн белгiлейдi.
Банк қызметiне аудиторлық тексеру жүргiзу құқына лицензия беру немесе бермеу жөнiнде шешiм қабылдауға өкiлеттi орган Ұлттық Банктiң банкiлiк аудит Комиссиясы болып табылады.
4. Банк қызметiне аудиторлық тексеру жүргiзу құқына лицензияны Ұлттық Банк аудиторға өзiнiң бiлiктiлiк куәлiгiнiң (N 1 Қосымша) күшi жүрiп тұрған мерзiмiне бередi.
5. Банк қызметiне аудиторлық тексеру жүргiзу құқына лицензияны аудиторлық ұйымға (фирмаға) шексiз мерзiмге берiледi, ол үшiн оның құрамында банк қызметiне аудиторлық тексеру жүргiзу құқына жеке лицензиясы бар аудитор болу керек (N 2 Қосымша).
6. Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы аудиторлық қызмет туралы" Заңына сәйкес аудиторлық қызметтi жүзеге асыруға құқылы кез келген заңды немесе жеке тұлға Ұлттық Банкке банк қызметiне аудиторлық тексеру жүргiзу құқына лицензия беру туралы өтiнiш жасауға құқылы.
7. Банк қызметiне аудиторлық тексеру жүргiзу құқына лицензия аудиторға бiлiктiлiк куәлiгi және жеке кәсiпкер (шаруашылық субъектiсi) ретiндегi мемлекеттiк тiркеуi болғанда ғана берiледi.
8. Банк қызметiне Ұлттық Банктiң тиiстi лицензиясы жоқ аудиторлық ұйымның аудиторлық тексеру жүргiзуi заңсыз деп саналады және осы қызметтен түскен барлық табыс республикалық бюджетке алынуға тиiс.
9. Аудиторлық ұйым банк қызметiне аудиторлық тексеру жүргiзу құқына лицензиясы бар банк қызметкерiн мiндеттi түрде қатыстыра отырып банк қызметiне аудиторлық тексеру жүргiзуге құқылы.
10. Банк қызметiне аудиторлық тексеру жүргiзу құқығына лицензия бергенi үшiн алым алынады, оның мөлшерi мен төлеу тәртiбiн қолданылып жүрген заң белгiлейдi.
11. Банк қызметiне аудиторлық тексеру жүргiзудiң, аудиторлық қорытынды (есеп) жасаудың тәртiбiн, сондай-ақ аудиторлық ұйымдардың (аудиторлардың) құқықтарын, мiндеттерi мен құқықтық мәртебесiн қолданылып жүрген заңдар белгiлейдi.
II. Банк қызметiне аудиторлық тексеру жүргiзу
құқығына лицензия беру туралы мәселенi
шешуге қажеттi құжаттар тiзбесi
12. Өтiнiш берушi банк қызметiне аудиторлық тексеру жүргiзу құқығына лицензия беру туралы өтiнiштi Ұлттық Банкке өткiзедi.
13. Жеке тұлғаның өтiнiшiне төмендегi құжаттар тiркелуге тиiс:
- аудитордың аудиторлық қызметпен айналысу құқығының нотариус куәландырған бiлiктiлiк куәлiгiнiң көшiрмесi;
- жоғарғы бiлiм туралы дипломның және еңбек кiтапшасының нотариус куәландырған көшiрмесi;
- (суретi бар) жеке iс қағазы;
- өтiнiш берушiнiң банк қызметiне аудиторлық тексерудi ұйымдастыру жөнiндегi дайындық курсынан өткендiгiн растайтын құжаттың нотариус куәландырған көшiрмесi;
- банк қызметiне аудиторлық тексеру жүргiзудiң ережелерi.
14. Аудиторлық ұйымның (фирманың) өтiнiшiне қосымша төмендегi құжаттар қоса тiркеледi:
- заңды тұлға ретiндегi мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң нотариус куәландырылған көшiрмесi;
- оның банк қызметiне аудиторлық тексеру жүргiзу құқығына лицензиясы бар аудиторының бар екендiгiн растайтын мәлiметтер.
15. Ұлттық Банк банк қызметiне аудиторлық тексеру жүргiзу құқығына лицензия беру туралы шешiмдi қабылдауға қажеттi қосымша ақпаратты немесе құжаттарды сұратуға құқылы.
16. Банк қызметiне аудиторлық тексеру жүргiзу құқығына лицензия беру туралы өтiнiштi Ұлттық Банк оны қабылдаған күннен бастап бiр ай iшiнде қарауға тиiс.
III. Банк қызметiне аудиторлық тексеру жүргiзу
құқығына лицензия берудiң шарттары мен
негiздерi Ұлттық Банктiң банкiлiк аудит
комиссиясының өкiлеттiктерi
17. Банк қызметiне аудиторлық тексеру жүргiзу құқығына лицензия алуға арналған құжаттарды Ұлттық Банктiң Банкiлердi қадағалау департаментi қабылдайды және алдын ала қарап, тапсырылған немесе өзi қосымша талап еткен материалдардың негiзiнде әрбiр өтiнiш бойынша өзiнiң қорытындысын жасайды.
18. Ұлттық Банк өтiнiш берушiнiң кәсiптiк деңгейiн объективтi бағалау және банк қызметiне аудиторлық тексеру жүргiзу құқығына лицензия беру туралы мәселенi шешу үшiн банкiлiк аудит Комиссиясын (бұдан әрi - Комиссия) құрады.
19. Комиссия Ұлттық Банк басшылығының бұйрығына (өкiмiне) сәйкес құрылады, оны Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары басқарады және өзiнiң мәжiлiстерiн қажетiне қарай өткiзедi.
20. Комиссия Ұлттық Банктiң Банктердi қадағалау департаментiнен аудиторды сынаудың нәтижелерiмен қоса қажеттi материалдар мен құжаттарды алуға құқылы.
21. Комиссия аудиторларды әңгiмелесуге шақырып та, шақырмай да шешiм қабылдауға құқылы.
22. Банк қызметiне аудиторлық тексеру жүргiзу құқына төмендегi негiздер бойынша лицензия берiлмейдi:
а) жеке тұлғаның өтiнiшi бойынша:
- өтiнiш берушi Ұлттық Банктiң қойып отырған талаптарына жауап бермейдi және оның жоғары бiлiмi, банк саласында (екi жылдан кем болмайтын) жұмыс тәжiрибесi жоқ;
заң белгiлеген тәртiпте өтелмеген немесе алынбаған сотты болғандығы бар;
- банк қызметiне аудиторлық тексеру жүргiзу құқығына лицензия алу үшiн ұсынылған құжаттардың кейбiрi Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы аудиторлық қызмет туралы" Заңының және осы Ереженiң талаптарына сай келмесе.
б) аудиторлық ұйымның өтiнiшi бойынша:
- банк қызметiне аудиторлық тексеру жүргiзу құқығына лицензиясы бар маманның жоқтығы;
- аудиторлық қызмет құқығын растайтын, өткiзiлген құрылтайшы құжаттардың және басқа материалдардың, сондай-ақ оның аудиторлары жөнiндегi мәлiметтердiң жетiмсiздiгi;
- Ұлттық Банк немесе басқа құзыреттi мемлекеттiк орган аудиторлық ұйымның немесе оның құрамында жұмыс iстейтiн аудитордың тексерiлетiн ұйымдарда есепке алу және есеп жүргiзу күйi туралы дәл және толық емес мәлiметтерi бар және өзiнiң сапасыздығымен олардың нормативтердi және/немесе басқа талаптарды бұзғандығы жөнiндегi шараларды дер кезiнде қолданбауға апарып соққан қорытынды (соның iшiнде диагностикалық зерттеу бойынша қорытынды) берген жағдайдың бар болуы.
23. Ұлттық Банк банк қызметiне аудиторлық тексеру жүргiзу құқығына лицензия берiлмейтiндiгi туралы дәлелдi бас тартуды аудиторлық ұйымның (аудитордың) назарына жазбаша түрде жеткiзедi.
24. Ұлттық Банк қойған талаптарға (осы Ереженiң 22-тармағының а) тармақшасы) сай келмейтiн негiздер бойынша банк қызметiне аудиторлық тексеру жүргiзу құқығына лицензия берiлмеген жағдайда, аудитор Комиссияның оған лицензия берiлмесiн деген шешiмiне бiр жыл толмай, осы лицензияны алу туралы қайталай өтiнiш беруге құқылы емес.
IV. Банк қызметiне аудиторлық тексеру жүргiзу.
Ұлттық Банктiң өкiлеттi аудиторлар қызметiн
бақылауы
25. Бухесепке және есеп жүргiзуге, бастапқы құжаттарға және банк қызметi туралы басқа ақпаратқа аудиторлық тексерудi аудиторлық қызмет туралы заңдарға және осы Ережеге сәйкес аудиторлық қызмет жүргiзуге құқысы бар аудиторлық фирма (аудитор) жүргiзе алады.
26. Банк қызметiне аудиторлық тексеру жүргiзу төмендегiше тұрғыда жүргiзiледi:
- есепке алу және есеп жүргiзудегi өткiзiлген банк операцияларының деркездiлiгi, толықтығы және дәлдiгi;
- жүргiзiлген банк операцияларының Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" Заң күшi бар Жарлығының және Ұлттық Банктiң қолданылып жүрген заңдары мен нормативтiк актiлерiнiң талаптарына сәйкес келуi;
- жүргiзiлген банк операцияларының оларды өткiзудiң жалпы шарттарына сәйкес келуi және банк операцияларын жүргiзудiң банктiң iшкi ережелерiне сәйкес келуi.
27. Аудиторлық ұйым (аудитор) тексерудiң нәтижесi мен өзiнiң қорытындыларын Бақылау кеңесi мен банктiң Басқармасына тапсырған есебiнде жазып көрсетедi.
28. Аудиторлық ұйым (аудитор) Ұлттық Банкке оның талабы бойынша есептiң көшiрмесi мен өткiзiлген аудиторлық тексеру туралы ақпаратты тапсырады.
29. Банк қызметiне аудиторлық тексеру жүргiзу құқығына лицензия алған аудиторлық ұйым мен аудиторлар Ұлттық Банкке тоқсан сайын банк қызметiне жүргiзiлген аудиторлық тексеру туралы мәлiметтердi тапсыруға мiндеттi.
30. Банк қызметiне аудиторлық тексеру жүргiзу құқығына лицензия алған аудиторлық ұйымдардың (аудиторлардың) банкiлiк аудит өткiзу бөлiгiндегi қызметiн Ұлттық Банктiң Банктердi қадағалау департаментi жүзеге асырады.
31. Банк қызметiне аудиторлық тексеру жүргiзу құқығына лицензия алған аудиторлық ұйымдар мен аудиторлар есеп жүргiзедi және қолданылып жүрген заңдарға сәйкес өздерi орналасқан жердегi салықтық және статистикалық органдарға өзiнiң қызметi туралы статистикалық және бухгалтерлiк есеп тапсырады.
32. Аудиторлық ұйымның, аудитордың банк қызметiне аудиторлық тексеру жүргiзу туралы есебi барлық жағдайда заңсыз деп саналады, егер:
а) аудиторлық ұйым (аудитор) банкiнiң немесе оның құрылтайшысының тiкелей немесе жанама қатысушысы болса;
б) аудитор немесе аудиторлық ұйымның немесе қызметкерлерiн тексеретiн басшылардың немесе тексерушiлердiң кез-келген бiреуiнiң жұбайы (зайыбы), жақын туысқаны немесе жұбайының (зайыбының) жақын туысқаны тексерiлетiн банктiң басшы қызметкерi болса;
в) аудиторлық ұйымның (аудитордың) банк алдында ақшалай мiндеттемелер болса;
г) аудиторлық ұйымның есебiне осы аудиторлық тексерудi жүргiзген және банк қызметiн аудиторлық тексеру жүргiзу құқығына лицензиясы бар аудитор қол қоймаса.
33. Ұлттық Банк банк қызметiне аудиторлық тексеру жүргiзу құқығына берiлген лицензиялардың тiзiлiмiн жүргiзедi, оның iшiнде төмендегi мәлiметтер енуге тиiс:
а) аудиторлық қызметтердiң осындай түрiн жеке түрде көрсететiн аудитор-жеке тұлғалар бойынша:
- қолда бар бiлiктiлiк куәлiгiнiң аты-жөнi, азаматтығы, құқықтық адресi, есеп айырысу шоты, байланыс құралдарының нөмiрлерi, берiлген уақыты және қолданылу мерзiмi;
- банк қызметiне аудиторлық тексеру жүргiзу құқығына лицензиясының нөмiрi және берiлген күнi.
б) аудиторлық ұйымдар бойынша:
- ұйымның атауы, құқықтық адресi, байланыс құралдарының нөмiрлерi, есеп айырысу шоты, оның жарғылық қорының және құрылымы туралы мәлiметтер, басшылар және олардың орынбасарлары және ұйымда жұмыс iстеп жүрген, банк қызметiне аудиторлық тексеру жүргiзу құқығына лицензиясы бар мамандар туралы мәлiметтер (аты-жөнi, бiлiктiлiк куәлiктерiне берiлген күнi және қолданылу мерзiмi);
- банк қызметiне аудиторлық тексеру жүргiзу құқығына берiлген лицензиясының нөмiрi және берiлген күнi.
34. Аудиторлық ұйым (аудитор) жоғарыда аталған Ұлттық Банктiң тiзiлiмiне тiркелу мәлiметтерiнiң өзгерiлуi туралы нақтылаулар енгiзу үшiн он күн мерзiмiнiң iшiнде Ұлттық Банкке хабарлауға мiндеттi. Осы талаптардың бұзылуы жалған мәлiметтер тапсырылған деп қаралады.
35. Банк қызметiне аудиторлық тексеру жүргiзу құқығына лицензияның берiлгендiгi және күшi жойылғандығы туралы мәлiметтер Ұлттық Банктiң Хабаршысында жариялау.
V. Банк қызметiне аудиторлық тексеру жүргiзу
лицензиясының күшiн жою және қолданылуын
тоқтату
36. Ұлттық Банк банк қызметiне аудиторлық тексеру жүргiзу құқығына лицензияның күшiн төмендегi кез-келген негiздер бойынша жоя алады:
а) аудиторлық ұйымның (аудитордың) екi және одан көп рет жүргiзген тексерулерi туралы есептерi заңсыз деп санау;
б) аудиторлық тексерудiң барысында алынған және банкiлiк немесе коммерциялық құпиялардың мәнi болып табылатын мәлiметтердi жариялау немесе (Ұлттық Банктен басқа) үшiншi адамдарға беру;
в) Ұлттық Банкке жүргiзiлген аудиторлық тексеру туралы қасақана жалған есеп немесе ақпарат тапсырмау немесе тапсыру;
г) банк акцияларын алғашқы сату тәртiбi мәселелерi бойынша (16 баптың 4 тармағы) қасақана жалған қорытынды (растаулар) тапсыру; банк болып қайта құрылатын жағдайда банкiлiк емес қаржылық мекеменiң бухгалтерлiк есеп жүргiзуiнiң, бастапқы құжаттарды есепке алудың және қаржылық жағдайы туралы басқа хабардың (19-баптың үшiншi тармағының "г" тармақшасы) қолданылып жүрген заңдар талабына сәйкес келуi; құрылтайшы банктiң (табыстар мен шығындар туралы бiрiктiрiлген балансы мен есебiн қоса алғанда) соңғы қаржылық (операциялық) үш жылдың iшiндегi (21-баптың бiрiншi тармағының "г" тармақшасы) жылдық есебiнiң ресiмделуi; (табыстар мен шығындар туралы бiрiктiрiлген балансы мен есебiн қоса алғанда) өтiнiш берушi банктiң соңғы қаржылық (операциялық) жыл iшiндегi (29-баптың 7-тармағының "г" тармақшасы) жылдық есебiн жасауы; банк қызметiнiң негiзгi көрсеткiштерiн (55-бап), Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" Заң күшi бар Жарлығын жариялау;
д) Ұлттық Банктiң банк қызметiне аудиторлық тексеру жүргiзуге құқық беретiн, қолданылып жүрген лицензиясы бар аудитордың аудиторлық фирмада болмауы;
е) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Бiлiктiлiк комиссиясының аудитордың бiлiктiлiк куәлiгiнiң күшiн жою туралы шешiмнiң болуы;
ж) банк қызметiне аудиторлық тексеру жүргiзу құқығының лицензиясы берiлген күннен бастап бiр жылдың iшiнде оны беруге негiз болған мәлiметтердiң жалған болып табылуы.
37. Банк қызметiне аудиторлық тексеру жүргiзу құқығы лицензиясының күшiн жою туралы шешiмдi Ұлттық Банктiң Банктердi қадағалау департаментiнiң ұсынуы бойынша Комиссия қабылдайды.
Комиссияның қабылдаған шешiмi туралы Банктердi қадағалау департаментi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Бiлiктiлiк комиссиясының назарына жеткiзедi.
38. Банк қызметiне аудиторлық тексеру жүргiзу құқығын беретiн лицензияның күшi заң тәртiбiмен белгiленген негiздер бойынша тоқтатылады.
VI. Қорытынды ережелер
39. Банк қызметiне аудиторлық тексеру жүргiзу құқығын беретiн лицензияны беруден бас тарту немесе оның күшiн жою туралы Ұлттық Банктiң шешiмi туралы мүдделi тараптар Қазақстан Республикасының соттарында заңдарда белгiленген тәртiппен шағымдана алады.
40. Осы Ережеде реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасы заңдарының нормаларын сәйкес реттелуге тиiс.
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкiнiң Төрағасы
Банк қызметiне аудиторлық
тексеру жүргiзу құқығына
лицензия беру, күшiн жою
және өкiлеттi аудиторларға
қойылатын талаптар туралы
ЕРЕЖЕГЕ N 1 Қосымша
Банк қызметiне аудиторлық тексеру жүргiзу құқығының
N ЛИЦЕНЗИЯСЫ
Осы лицензия аудиторға
___________________________________________________________
(аудитордың аты-жөнi, бiлiктiлiк куәлiгiнiң берiлген күнi және
номерi) берiлдi, оған осы лицензия берiлген күннен бастап банк
қызметiне аудиторлық тексеру жүргiзудi жүзеге асыру рұқсат етiледi.
Лицензия Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бiлiктiлiк
комиссиясы берген бiлiктiлiк куәлiгiнiң қолданылу мерзiмiне
берiлген.
Лицензия Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң тiзiлiмiне
N__-де 199__ жылы ____________енгiзiлген.
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкiнiң Төрағасының
орынбасары
(қолы)
Берiлген күнi Мөр
Банк қызметiне аудиторлық
тексеру жүргiзу құқығына
лицензия беру, күшiн жою
және өкiлеттi аудиторларға
қойылатын талаптар туралы
ЕРЕЖЕГЕ N 2 Қосымша
Банк қызметiне аудиторлық тексеру жүргiзу құқығының
N ЛИЦЕНЗИЯСЫ
Осы лицензия аудиторлық ұйымға (фирмаға)
___________________________________________________________
(толық атауы, ұйымдық-құқықтық үлгiсi, мемлекеттiк тiркеу туралы
мәлiметтерi) берiлдi, оған осы лицензия берiлген күннен бастап
аудитор, оның қызметкерi банк қызметiне аудиторлық тексеру жүргiзу
құқығының лицензиясын көрсеткен жағдайда банк қызметiне аудиторлық
тексеру жүргiзудi жүзеге асыру рұқсат етiледi.
Аудиторлық ұйым берген лицензия Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкiнiң тiзiлiмiне N___ -де 199__жылы ___________ енгiзiлген.
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкiнiң Төрағасының
орынбасары
(қолы)
Берiлген күнi Мөр