------------------Бұйрықтан үзінді---------------------
Салық салу саласындағы ведомстволық нормативтiк құқықтық актiлердi Конституциямен, Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiмен сәйкестендiру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Күшi жойылған деп танылсын:
2) ҚР ҚМ МСИ-ның 1995-жылғы 27-маусымдағы N 35 "Бағалы қағаздармен операция жасалғандағы салық төлеудiң тәртiбi туралы" Нұсқаулығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк салық комитетiнiң 1997-жылғы 22-қаңтардағы N 16 бұйрығы (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзілімiнде 1997-жылы 19-ақпанда N 33 тiркелген)...
Төраға
_______________________________
Салық заңын жетiлдiру мақсатында және 1996 жылғы 31 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Z952235_ Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бұйырамын:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Бас салық инспекциясының N 35 V950076_ "Бағалы қағаздармен операция жасалғандағы салық төлеудiң тәртiбi туралы" нұсқаулығына мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк салық комитетiнiң бұйрығына N 1 қосымша 1 парақ көлемiнде қосымша берiледi.
Төраға,
Салық қызметiнiң 1 дәрежедегi
Мемлекеттiк кеңесшiсi
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттiк салық комитетiнiң
N_____ бұйрығына қосымша N___
"___"__________ 19__ ж.
"Бағалы қағаздармен операция жасағандағы салық төлеудiң
тәртiбi туралы" 1995 жылғы 27 маусымдағы N 35
Нұсқаулығына өзгертулер мен толықтырулар
"3 тармақтың 1 тармақшасы мынадай редакцияда берiлсiн:
Қазақстан Республикасының аумағындағы шығарылған бағалы қағаздар эмиссиясының алғашқы және қосымша бағасы, қолданымдағы заңға сәйкес жүргiзiлген акционерлiк қоғамның мүлкiн қайта бағамдау бағасы акциясының эмиссиясынан басқа".
Мысалы: Акционерлiк қоғам құрылған кезде оның алғашқы акциясының эмиссиясы 1000 мың теңге болды. Сосын Үкiметтiң қаулысына сәйкес мүлiкке қайтадан бағамдау жүргiзiлiп оның жарғылық қоры 5000 мың теңгеге дейiн көбейдi. 4000 мың теңгеге қосымша эмиссия жасағанда акционерлiк қоғам эмиссиясының проспектiсiн қайта тiркегенi үшiн салықтан босатылады.
5 тармақ мынадай редакцияда берiлсiн:
Бағалы қағаздар жөнiндегi Қазақстан Республикасының тиiстi органдары тiркеген кезде бағалы қағаздардың алғашқы шығымына (эмиссиясына) салық шығарылған бағалы қағаздардың номиналдық құнының 0,1%-i көлемiнде төленедi.
Акцияның қосымша эмиссиясын тiркеген кезде акиционерлiк қоғамның мүлкiн қайта бағамдау есебiне жататын эмиссиялардан басқалардың барлығына салық эмиссияның номиналдық бағасының 0,5%-i көлемiнде төленедi.