-------------------Бұйрықтан үзінді----------------
Мемлекеттік кіріс министрінің
2002 жылғы 9 сәуірдегі N 416 бұйрығы
"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы"
Қазақстан Республикасының
Кодексiн (Салық Кодексiн) қолданысқа
енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 шiлдедегi Заңына
сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:
Күшiн жоғалтқан жекелеген бұйрықтарының тiзбесi:
27. "Жеке тұлғалардан алынатын табыс салығын есептеу мен төлеу
тәртiбi туралы" N 40 Нұсқаулығына өзгерiстер мен толықтыруларды бекiту
туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Салық комитетiнiң 1997
жылғы 29 шiлдедегi N 134
бұйрығы.
-----------------------------------------------------
"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы"
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығына өзгерiстер мен
толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы
11 сәуiрдегi N 92-I
Заңына сәйкес "Жеке тұлғалардан алынатын
табыс салығын есептеу және төлеу тәртiбi туралы" N 40
Нұсқаулыққа
өзгерiстер мен толықтырулар
1. 71-тармақ "е" тармақшасымен толықтырылсын: "мерзiмдi әскери қызметiн атқарып жүрген "әскери қызметкерлерден басқа, мемлекеттiк қызметшiлер үшiн көзделген заң нормасы қолданылатын Қазақстан Республикасы Парламентi мен маслихаттары депутаттары, сондай-ақ тұлғалар. Қазақстан Республикасы Парламентi мен маслихаттарының депутаттарын сайлау кезiнде, сондай-ақ мемлекеттiк қызметшiлер үшiн көзделген заң нормасы қолданылатын тұлғалар, мерзiмдi әскери қызметiн атқарып жүрген әскери қызметкерлерден басқа, мемлекеттiк қызметке қабылданғанда, мемлекеттiк лауазымдарға тағайындалғанда, мемлекеттiк қызметке көтерiлгенде, салық салу нысаны болып табылатын өздерiнiң жеке құқығындағы табыстары және мүлкi туралы салық қызметi органдарына мәлiмет бередi".
2. 72-тармақтың 1-абзацы мынадай редакцияда берiлсiн:
"Салық төлеушiлер табыстар мен мүлкi туралы мәлiметтi және табысы туралы Декларацияны салық қызметi органдарына салық заңымен белгiленген мерзiмде және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Салық комитетiнiң белгiленген нысаны бойынша тапсырады.
72-тармақтың 4-абзацы мынадай редакцияда берiлсiн: "декларация" деген
сөзден кейiн мәтiн мына сөздермен толықтырылсын: "және табыстары мен мүлкi
туралы мәлiмет".
72-тармақтың 4-абзацынан кейiн мәтiн мына мағынадағы жаңа абзацпен
толықтырылсын: "Салық төлеушiге табыстар мен мүлкi туралы мәлiметтi
және табысы туралы Декларацияны құрастыруға көмек көрсетушi аудитор,
аталған декларация мен табыстары және мүлкi туралы мәлiметке қол қойып,
мөр басып және салық төлеушiнiң өзiнiң тiркеу нөмiрiн көрсетуге
мiндеттi."
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Бас салық инспекциясының
1995 жылғы 22 маусымдағы N 40 Нұсқаулығының 4-қосымшасының мәтiнiндегi
"және мәмiле жасалған күнге" сөзi алынып тасталсын.
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлiгi
Салық комитетiнiң төрағасы
Келiсiлген: Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлiгi Салық реформасы
департаментiнiң директоры