-------------------Бұйрықтан үзінді---------------- Мемлекеттік кіріс министрінің 2002 жылғы 9 сәуірдегі N 416 бұйрығы
"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының K010209_ Кодексiн (Салық Кодексiн) қолданысқа енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 шiлдедегi Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: Күшiн жоғалтқан жекелеген бұйрықтарының тiзбесi: 29. "Қосылған құн салығын есептеу мен төлеу тәртiбi туралы" N 37 Нұсқаулыққа өзгерiстер мен толықтыруларды бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгі Салық комитетiнiң 1997 жылғы 29 желтоқсандағы N 1 V970058_ бұйрығы. ----------------------------------------------------- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Салық комитетi Төрағасының 1997 жылғы 29 желтоқсандағы N 1 Бұйрығымен бекiтiлген 1. II тарау: 2-тармақтағы:
бiрiншi азатжолдағы "осы Нұсқаулықтың 31-тармағының 1-12-тармақшаларына сәйкес" деген сөздер алынып тасталсын;
үшiншi азатжолдағы "нөлдiк ставка бойынша салық салынатын" деген сөздер "осы Нұсқаулықтың 31-тармағына сәйкес қосылған құнға салынатын салықтан босатылған" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ мынадай мазмұндағы төртiншi азатжолмен толықтырылсын:
"Қосылған құнға салынатын салық айналысына, сондай-ақ жұмыс тауарларын жiберу немесе бiр кәсiпорынның құрылымдық бөлiмшелерi арасындағы қызмет көрсетулер жатады, егер олар осы Нұсқаулықтың 10-тармағына сәйкес қосылған құнға салынатын салықты өз бетiнше төлейтiн болып табылса."
6-тармақтағы "9-12-тармақшалармен" деген сөздер "31а тармақпен" деген сөздермен ауыстырылсын.
8-тармақтағы:
бiрiншi азатжолдағы "есептен шығару" деген сөздер "қызметiнiң тоқтатылуы" деген сөздермен ауыстырылсын.
екiншi азатжолдағы "қосылған құнға салынатын салық бойынша есептен шығару сәтiнде" деген сөз "кәсiпорынды жою сәтiнде" деген сөзбен ауыстырылсын.
2. III тарау:
бiрiншi азатжолдағы 9-тармақтың "қосылған құнға салынатын салық бойынша есепке тұрған немесе есепке тұратын" деген сөздер алынып тасталсын.
9а-тармақтағы "және қосылған құнға салынатын салық бойынша есепке тұрмаған" деген сөздер алынып тасталсын.
екiншi азатжол мынадай мазмұндағы сөздермен ауыстырылып, алынып тасталсын:
"ҚР резидентiнiң бюджетке төленетiн салығы оларға тауарларды (жұмыстарды және қызмет көрсетулердi) жеткiзiлген есептi кезеңге жүргiзiледi.
Бұл ретте резидент еместiң айналысына салынатын салық Қазақстан Республикасының резидентiнен алынатын түсiм болып табылады.
Бұл тәртiп Қазақстан Республикасының резидентi сыртқы шарттар бойынша республика аумағында әкелiнетiн импорт тауарларға төленген жағдайда қолданылады.
Егер Қазақстан Республикасының резидентi қосылған құнға салынатын салықты төлеушi болып табылса, онда резидент үшiн қосылған құнға төленетiн салық сомасы оның бюджетке төленген фактiлерiн растайтын құжаттар бар болған жағдайда қосылған құнға салынатын салық бойынша төлемдер есепке (кемiтiлiп) қабылданады.
Егер Қазақстан Республикасының резидентi қосылған құнға салынатын салық төлеушi болып табылмаса, резидент үшiн және қосылған құнға төленген салық сомасы есепке қабылданбайды.
10-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң келiсiм бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк салық комитетi" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк салық комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын.
11-тармақтағы "қосылған құнға салынатын салық бойынша оларды есепке қою" деген сөздер алынып тасталсын.
12-тармақ мынадай мазмұндағы сөздермен толықтырылсын:
"12. Кепiлге берiлген мүлiктердi өткiзу кезiнде қосылған құнға салынатын салық төлеушi кепiлге салынған мүлiктi ұстаушы болып табылады."
3. IV тарау алынып тасталсын.
4. V тарау:
екiншi азатжолдағы 16-тармақтың "өзара есеп айырысулар" деген сөздерден кейiн "бұл елдердiң шаруашылық жүргiзушi субъектiлерi арасында (басқа тәртiптер көздейтiн, халықаралық келiсiмдер жасалған елдерден басқалары)."
5. VI тарау:
17-тармақ "сауда-делдалдық қызметтер үшiн және кәсiпкерлiк қызметке арналған нақтылы орын алып отырған шығындардан төмен емес" деген сөздермен толықтырылсын.
19а және 19б-тармақтары мынадай мазмұндағы сөздермен толықтырылсын:
"19а. Табиғи монополияшылар үшiн мүлiктерi бөлiнген, жоғалған (табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар нәтижесiнде пайда болған жағдайлардан басқа жағдайларда), сондай-ақ нормативтен тыс шығындарға ұшыраған жағдайда осы мүлiктiң құны мен нормативтен тыс ұшыраған шығындар мүлiк құнынан және нормативтен тыс шығындардан, бiрақ нақтылы орын алған шығындардан төмен емес, шыға отырып көлемi айқындалатын, айналысқа салық салу ретiнде қарастырылады.
19б. Шаруашылық жүргiзушi субъектiлер тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) өткiзген жағдайда тауарларды, (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) және сатып алушыдан алынған салық сомасы бойынша есептелген салық сомасы арасындағы пайда болған айырмашылық оларды сатып алу (нақтылы орын алып отырған шығындар) бағасынан төмен болған жағдайда бюджетке қайтаруға жатады және салық салынатын табысты айқындау кезiнде шегерiп тастауға жатпайды."
20-тармақтағы "қосылған құнға салынатын салықты төлеушi шаруашылық жүргiзушi субъект-төлеушi есептен шығарылған"деген сөздер "қызметiнiң тоқтатылуы" деген сөздермен ауыстырылсын.
22-тармақтағы "кәсiпорындардың шығындарына" деген сөздер "құрылыс құнын арттыруға" деген сөздермен ауыстырылсын.
26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"26. Өнеркәсiптiк-өндiрiстiк мұқтаждар үшiн қосылған құнға салынатын дербес салықты төлеушi болып табылмайтын осы кәсiпорынның басқа құрылымдық бөлiгi (заводiшiлiк айналыс) кәсiпорынның басқа құрылымдық бөлiгi өнiмдердi, жартылай фабрикаттарды, жұмыстарды және қызмет көрсетулердi өткiзу бойынша айналыстардың қосылған құнына салынатын салыққа жатпайды."
6. VII тарау:
27-тармақ мынадай мазмұндағы азатжолмен толықтырылсын:
"Бұл ретте, тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) өткiзу бойынша айналысқа салынатын салық көлемi оларды сатып алу (нақтылы орын алып отырған шығындардан) бағасынан төмен болмауы керек.
28-тармақтағы "борыштар" деген сөз "талаптар" деген сөзбен ауыстырылсын.
7. IХ тарау мынадай редакцияда жазылсын:
"31. Мынадай тауарларды, жұмыстарды, және қызмет көрсетулердi өткiзу бойынша айналыс құнына салынатын салықтан босатылады:
1) жердi жалға беру, сату құқығына иелiк ету және пайдалану немесе ғимараттарды жалға беру және сату, қонақ үйлерде тұрғаны үшiн төленетiн төлемдерден басқалары, автомобильдердi немесе басқа көлiк құралдарының тұрағы және сақтауға арналған учаскелерi үшiн төленетiн, салынған объектiнi алғашқы сатудан түскен төлемдер.
Ғимаратты жалға бергенi үшiн төленетін төлемдер амортизациялық аударымдар мен жалға беру процентiнiң (кiрiстiң) сомаларынан құралатын төлем деп ұғынылады.
Осы Нұсқаулықтың 2-тармағына сәйкес пәтер меншiк кооперативтерiнiң (ПМК) тұрғындардан алған және кооператив мүшелерi тұрып жатқан тұрғын үйлердi ұстауға және пайдалануға арналып алынған қаражаттар қосылған құнға салынатын салықтан босатылады. ПМК-ның сыртқа көрсетiлген қызметтерi жалпы белгiленген тәртiпте қосылған құнға салынатын салық алуға жатады.
2) қаржылық қызмет көрсетулер, сейфтiк операция жасаулардан, инкассациялаудан, банкноттарды, меттердi және құндылықтарды жiберуден сондай-ақ бағалы қағаздарды сақтау жөнiндегi қызмет көрсетулерден басқалары.
Қаржылық қызмет көрсету деп:
а) банктермен жасалатын операциялар;
б) бағалы қағаздармен жасалатын операциялар;
в) сақтандыру және қайта сақтандыру бойынша жасалатын операциялар;
г) чектердiң, вексельдердiң, депозиттi сертификаттардың айналыстарына байланысты жасалатын операциялар түсiндiрiледi.
3) почта маркалары (коллекциялық маркалардан басқалары), маркiленген конверттер және открыткалар;
4) коммерциялық емес ұйымдар жүзеге асыратын жұмыстар немесе қызмет көрсетулерге, егер олар медициналық көмек көрсетуге балаларды, қарттарды және мүгедектердi қорғау мен әлеуметтiк қамсыздандыру бойынша қызмет көрсетуге бiлiм беру, мәдениет, дене тәрбиесi және спорт саласындағы қызмет көрсетулерге, дiни ұйымдардың дәстүрлер мен рәсiмдерi өткiзуге байланысты болса;
5) мемлекеттiк баж алуға байланысты оған өкiлеттi органдардың орындайтын қызметтерi;
6) жерлеу-рәсiмдiк қызмет көрсетулер, жерлеу және крематорий қызметтерiн көрсету;
7) геологиялық барлау және геологиялық iздеу жұмыстары;
8) лотерея билеттерiн сату бойынша айналыстар, оларды сату бойынша көрсетiлген қызметтерден басқалары;
9) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулердi өткiзу бойынша айналыстар;
10) Қазақстан Республикасының Ерiктi мүгедектер қоғамының Асырауында балалары бар мүгедек әйелдердiң республикалық қоғамы "Бибi-ана", Қазақ зағиптар қоғамы, Қазақ саңыраулар қоғамы, сондай-ақ осы қоғамдардың меншiгi болып табылатын және толығымен солардың қаражаттары есебiнен құрылған өндiрiстiк ұйымдардың тауарлар сату (жұмыс орындау, қызмет көрсету) бойынша айналымдары, болған сауда-делдалдық қызметiндегi тауарлар сату (жұмыс орындау, қызмет көрсету) жөнiндегi айналымдар және акцизделетiн тауарларды өндiру мен сату жөнiндегi айналымдар қосылмайды;
11) тауарларды немесе жолаушыларды халықаралық тасымалдауға байланысты қызмет көрсету немесе жұмыстарды атқару бойынша айналымдар, атап айтқанда тыс Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына (аумақтарына) әкелiнетiн (әкетiлетiн) экспортталатын (импортталатын) тауарларды жөнелту, түсiру, қосып артуға байланысты қызмет көрсетулер, сондай-ақ Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы мемлекеттерi-мүшелерi шегiнен тыс аумағынан (аумақтарынан) әкелiнетiн транзиттiк жүктерге қызмет көрсетуге байланысты қызметтер (басқа шарттар қарастырылған, халықаралық келiсiмдер жасалған мемлекеттерден басқалары).
Бұл жеңiлдiк Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өтетiн жолдармен бiр ТМД мүше-елдерiнiң аумағынан екiншi бiр ТМД мүше-елдерiнiң аумағына жөнелтiлетiн тауарларды тасымалдау, тиеу, түсiру қосып тиеу бойынша жұмыстарды орындау мен қызмет көрсетуге қатысты қолданылмайды.
12) мемлекеттiк меншiктi жекешелендiру;
13) жарғылық капиталға жарналар;
14) мектеп оқулықтар мен мектеп оқу құралдарын, сондай-ақ арнаулы орта және жоғары оқу орындарына арналған, уәкiлеттi орган пайдалануға рұқсат берген оқу құралдарын шығару және сату бойынша айналым;
15) "SОS-Қазақстан Балалар қалашықтары" қорының ұйымдастырылуына, құрылысына және жұмыс iстеуiне байланысты қызметтi жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасының резиденттерi сатып алатын тауарлар, орындалатын жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтер.
31а. Қосылған құнға салынатын салықтан босатылатын тауарлардың импорты:
1) ұлттық валютаның, шетел валютасының (нумизматтық мақсатта пайдаланылатындарынан басқасының), сондай-ақ бағалы қағаздардың импорты;
2) осы Нұсқаулықтың V тарауының ережелерiне сәйкес импортталатын тауарлар;
3) жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тауарларды басшысыз әкелу нормаларына сәйкес нормалар бойынша тауарлар импорты;
4) бюджет қаражаты есебiнен сатып алынатын және мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын ұйымдар әкелетiн тауарлардың импорты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiгiмен қамсыздандырылған шетел несие желiлерi бойынша сатып алынатын тауарлардың импорты.
Бұл ретте қосылған құнға салынатын салық бойынша жеңiлдiк берудiң мынадай тәртiбi белгiленедi:
а) мынадай құжаттарды мiндеттi көрсеткенде бюджеттiк мекемелер мен ұйымдардың импортталған және алған тауарлары бойынша:
- бюджеттiк қаражаттардың бөлiнгендiгi туралы ұйымның бiрiншi басшысының қолы қойылған анықтама;
- бюджеттiк шоттан алынатын тауардың (өнiмнiң) төленгендiгi туралы банктiң растауы;
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң, мемлекет кепiлдiгiмен қамтамасыз етiлген шетел несие жүйелерi бойынша сатып алынатын импорт тауарларын растайтынын ұсынуы қажеттi, мемлекеттiк кепiлдiкпен қамтамасыз етiлген шетел несие жүйелерi бойынша.
5) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi өз мұқтаждары үшiн жүзеге асыратын тауарлар импорты;
6) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тәртiппен iзгiлiк көмек ретiнде әкелiнетiн тауарлардың импорты;
7) техникалық көмек көрсетудi қоса алғанда, мемлекет, үкiметтер, халықаралық ұйымдар желiсi бойынша қайырымдылық мақсатында әкелiнетiн тауарлардың импорты;
8) шетелдiк дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiктердiң ресми пайдалануы үшiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес босатылатын, өздерiмен бiрге тұратын отбасы мүшелерiн қоса алғанда, осы өкiлдiктердiң дипломатиялық және әкiмшiлiк-техникалық қызметкерлерiнiң жеке пайдалануы үшiн әкелiнетiн тауарлардың импорты;
9) Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзiлетiн Қазақстан Республикасының кеден заңдарымен белгiленген кеден режимдерiнiң шеңберiнде босатылатын тауарлардың импорты, бұған "Еркiн айналысқа арналған тауарларды шығару" режимi қосылмайды.
32. Егер салық төлеушi жұмыс iстеп тұрған кәсiпорында немесе кәсiпорынның дербес жұмыс iстеп тұрған бөлiгiн басқа салық төлеушiге берсе (сатса), мұндай беру (сату) қосылған құнға салынатын салықтан босатылады. Осы Ереже жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шартпен жасалатын құқықтарды қайта беруге де қолданылады. Жұмыс iстеп тұрған кәсiпорынды
немесе дербес жұмыс iстейтiн кәсiпорынның бөлiгiн беру (сату) бөлшектенген және алдын ала берiлген немесе кәсiпорынның жойылған балансы негiзiнде қосылған құнға салынатын салықтан босатылады." 8. Х тарауда: 33-тармақта: екiншi азатжолдағы екiншi сөйлем алынып тасталсын. Үшiншi азатжолдан кейiн мынадай мазмұндағы азатжолмен толықтырылсын: "Нөлдiк ставканы қолдану үшiн салық органдарына мынадай құжаттарды ұсыну негiз болып табылады: - тауарларды жеткiзу үшiн шетел фирмасымен жасалған шарт (келiсiм); - кеденнiң "Шығуға рұқсат" штампы соғылған жүк кеден декларациясы; - алыс шетелдердiң, сондай-ақ басқа да шарттар көзделген, халықаралық келiсiм жасалған елдердiң шекарасын жүкпен өтуiн растайтын тауар iлеспе құжаттары. Мұндай құжаттар коносамент, халықаралық автокөлiкпен тасымалдау туралы халықаралық тауар-көлiктiк жүк құжаттамасы, халықаралық әуе тасымалының жүк құжаттамасы, темiр жол жүк құжаттамасы бола алады." 9. ХII тарау алынып тасталсын. 10. ХVII тарауда: 40-тармақтағы "33-38-тармақтарындағы" деген сөз "33, 34 және 38-тармақтарындағы" деген сөзбен ауыстырылсын. 11. ХVI: 43-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi азатжолмен толықтырылсын: "Қайтарымсыз алынған мүлiк бойынша қосылған құнға салынатын салық есептеуге жатпайды". 44-тармақта "осы Нұсқаулықтың 31-тармағының 1-12-тармақтарына сәйкес" деген сөз алынып тасталсын.
45-тармақта "күмәндi борыш" және "күмәндi борыштың" деген сөздер тиiсiнше "күмәндi талап" және "күмәндi талаптың" деген сөздермен ауыстырылсын.
45а-тармақ мынадай мазмұнда толықтырылсын:
"45а. Нөлдiк ставка бойынша айналымы бар салық төлеушiнiң тауар
сатудан (жұмыс атқарудан, қызмет көрсетуден) алынған табысының көлемi оны алумен байланысты шегерiмдерге жатқызылатын шығындарының төмен болған жағдайда қосылған құнға салынатын салықтың өтелетiн сомасы жинақталған зиян сомасына кемiтiледi (жиынтық жылдық табыстан көзделген шегерiмдерден артса)." 46а-тармақтағы "есепте тұратын" және "есепте тұрмайтын" деген сөздер тиiсiнше "салық төлеушiлер болып табылатын" және "салық төлеушiлер болып табылмайтын" деген сөздермен ауыстырылсын. 12. XVII тарауда: 47-тармақтағы "қосылған құнға салынатын салық бойынша есепте тұрған" деген сөздер алынып тасталсын. 48-тармақ мынадай мазмұндағы үшiншi және төртiншi азатжолдармен толықтырылсын: "Айналымға салынатын салық құны мен қосылған құнға салынатын салық сомасының салық шот-фактурасы Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасында көрсетiледi. Салық шот-фактурасы қағазға басылады немесе электрондық жазбаларда сақталады." 49-тармақ алынып тасталсын. 50-тармақтағы "есепке тұрмаған" деген сөздер "төлеушi болып табылмайтын" деген сөздермен ауыстырылсын; "осы Нұсқаулықтың 31-тармағының 1-13-тармақшасына сәйкес" деген сөздер алынып тасталсын.
50а-тармақтың бiрiншi азатжолындағы "есепке тұрмаған" деген сөздер "төлеушi болып табылмайтын" деген сөздермен ауыстырылсын;
екiншi азатжолдағы "мөрiмен" деген сөзден кейiн "немесе штампымен" деген сөздермен толықтырылсын.
51-тармақтағы "жiберiлетiн күнi" деген сөздер "жiберiлетiн күннен кешiктiрмей" деген сөздермен ауыстырылсын.
13. XVIII тарауда:
53-тармақтың екiншi азатжолы алынып тасталсын.
55а-тармақтың бiрiншi азатжолы мынадай редакцияда жазылсын:
"Ауылшаруашылық өндiрiсiнде пайдаланылатын тауарлардың импорты, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкiметi айқындаған тiзбе бойынша жабдықтардың, шикiзаттардың, материалдардың, қосалқы бөлшектердiң және дәрi-дәрмектердiң импорты бойынша қосылған құнға салынатын салықты салық төлеушiлер Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық және Кеден комитеттерi белгiлеген тәртiпте төлейдi".
14. ХIХ тарауда:
57-тармақтың соңғы азатжолындағы "және қосылған құнға салынатын салық бойынша есепке тұрмаған" деген сөздер алынып тасталсын.
15. ХХI тарауда:
62-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Есептi кезең үшiн есептелген салық сомасынан есепке жатқызылатын салық сомасының артуы қосылған құнға салынатын салық бойынша алдағы есептелетiн төлемге есептеледi.
Нөлдiк ставка бойынша салық салынатын айналымға ие салық төлеушiлерге мұндай сома салық төлеушiнiң салық қызметiнiң сұранысын алған сәттен бастап 90 күн iшiнде қайтарылады.
Бюджеттен орнын толтыруға ұсынылған салық сомасының растығын тексергеннен кейiн және басқа салықтар бойынша бюджет алдында берешектерi болмаған жағдайда ғана қайтарым жүргiзiледi.
Егер өткен есептi кезең үшiн есептелген салық сомасынан жоғары есепке
жатқызылған салық сомасына артқан жағдай қалыптасса және егер нөлдiк ставка бойынша салық салынатын айналымы бар салық төлеушi қосылған құнға салынатын салық сомасының орнын толтыру туралы арызбен салық органдарына өтiнiш бiлдiрмесе, онда көрсетiлген сомасының артуы есептi кезеңнен кейiнгi кезеңге есептеледi." Осы Нұсқаулықтың N 3-қосымшасының күшi жойылсын. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Әдiстеме Кеңесiмен келiсiлген 1997 жылғы 26 желтоқсандағы N 19 хаттама