Қазақстан Республикасында кредиттiк серiктестiктер қызметiнiң нормативтiк-құқықтық базасын жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы бекiткен (1997 жылғы 12 сәуiрдегi N 106 Қаулы) "Кредиттiк серiктестiктер туралы" ережеге өзгертулер мен толықтырулар бекiтiлсiн және ол Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап күшiне енгiзiлсiн.
2. Заң департаментi (А.К. Өртембаев) банктiк қадағалау департаментiмен бiрлесе отырып, осы Қаулыны және кредиттiк серiктестiктер туралы ережеге өзгертулер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркеуден өткiзсiн.
3. Банктiк қадағалау департаментi (Н.К.Абдулина) осы Қаулыны және кредиттiк серiктестiктер туралы ережеге өзгертулер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң облыстық (Алматы аумақтық бас) басқармаларына (филиалдарына) және екiншi деңгейдегi банктерге жiберсiн.
4. Осы Қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары А.Г.Сәйденовке жүктелсiн.
Ұлттық Банк
Төрағасы
Жоба
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкi Басқармасының
1997 жылғы 4 желтоқсандағы
N 408 Қаулысымен
Бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының
1997 жылғы 12 сәуiрдегi N 106 Қаулысымен бекiтiлген
Кредиттiк серiктестiктер туралы ережеге өзгертулер
мен толықтырулар
1. Ереженiң кiрiспесiндегi "банктiк емес қаржы мекемелерiнiң бiр түрi ретiндегi" деген сөздер "банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Ереженiң және оған қосымшасының мәтiнi бойынша берiлген "қорының", "қор", "қорында" деген сөздер "капиталының", "капитал", "капиталында" деген сөздермен ауыстырылсын.
3. 6-тармақтағы "банктерден" деген сөз алынып тасталсын.
4. 9-тармақтың бiрiншi азатжолы мынадай редакцияда жазылсын:
"Жарғылық капиталдың ең аз мөлшерiн Ұлттық Банктiң Басқармасы белгiлейдi".
5. 13-тармақтың а) тармақшасындағы "банк" сөзi "кредиттiк серiктестiк" сөзiмен ауыстырылсын.
6. 16-тармақтың:
бiрiншi азат жолындағы "адамдар" деген сөз "Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" Заң күшi бар Жарлығының 20-бабының талаптарына сай келмейтiн адамдар" деген сөздермен ауыстырылсын;
екiншi, үшiншi және төртiншi азатжолдар алынып тасталсын.
7. 21-тармақ:
мынадай мазмұндағы бiрiншi, екiншi азатжолдармен толықтырылсын:
"Кредиттiк серiктестiк ашуға рұқсат беру туралы шешiмдi Ұлттық Банкi Төрағасының Банктiк қадағалау департаментiне жетекшiлiк ететiн орынбасары қабылдайды.
Ұлттық Банк кредиттiк серiктестiктi ашуға берiлген (қайтарылған) рұқсаттарды есепке алып отырады.
бiрiнiшi азатжол үшiншi азатжол деп саналсын.
8. 24-тармақтағы "және бағалы металдармен" деген сөздер алынып тасталсын.
9. 26-тармақтың:
бiрiншi азатжолы мынадай редакцияда жазылсын:
"Кредиттiк серiктестiк болып қайта құрылу үшiн банк қайта құруды өткiзуге рұқсат беру туралы Ұлттық Банкке өтiнiш жасауға құқылы. Банктiң қайта құруды жүргiзуге рұқсат беру туралы өтiнiшiн Ұлттық Банк бiр айдың iшiнде қарауға тиiс.";
екiншi азатжолдағы "банктiк операцияларды жүргiзуге берiлген қайтарылатын лицензиялар және" деген сөздер алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы үшiншi азатжолмен толықтырылсын:
"Банктi қайта құруға рұқсат алғаннан кейiн, банк Ұлттық Банкпен келiсiлген мерзiмде, бiрақ рұқсат берiлген күннен бастап алты айдан асырмай, заңды және жеке тұлғалардың депозиттерiн, аталған тұлғаларға берiлген барлық кредиттер мен заем қаражаттарын қайтаруды, банктер жүргiзген және осы Ереженiң 29-тармағында көзделмеген операцияларды аяқтауды қамтамасыз етуге мiндеттi.
Бұл талап:
- кредиттiк серiктестiкке қатысушылардың депозиттерiне;
- кредиттiк серiктестiкке қатысушыларға берiлген несиелерге;
- лизингке;
- кредиттiк серiктестiкке қатысушыларға овердрафт, факторинг, форфейтинг түрiнде берiлген кредиттерге қолданылмайды.".
10. 28-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi азатжолмен толықтырылсын:
"Құрылтайшылар Кредиттiк серiктестiк ретiнде Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейiн, он күннен кешiктiрмей лицензия беру туралы Ұлттық Банкке өтiнiш жасауға мiндеттi".
11. 29-тармақтың:
а) тармақшасындағы "айырбастау" деген сөз "сұрыптау" деген сөзбен толықтырылсын;
д) тармақшасындағы "клирингтiк операциялар" деген сөздердiң орнына "кредиттiк серiктестiкке қатысушылар үшiн клирингтiк операциялар" деген сөздермен ауыстырылсын;
ж) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"ж) кредиттiк серiктестiк қатысушы - заңды және жеке тұлғалардың депозиттерiн қабылдау;"
мынадай мазмұндағы з) тармақшасымен толықтырылсын:
"з) кредиттiк серiктестiк қатысушылардың, тапсыруымен олардың банк шоттары бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру;".
12. 30-тармақтағы "несиелiк және аударым операциялары" деген сөздер "қолданылып жүрген банк заңдарында көзделген банктiк және басқа операциялары" деген сөздермен ауыстырылсын.
13. 32-тармақтың:
бiрiншi азатжолындағы "Жүргiзудiң жалпы шарттарын" деген сөздер "Жүргiзудiң жалпы шарттары туралы Ереженi" деген сөздермен ауыстырылсын;
б) тармақшасындағы "проценттiк ставканың" деген сөздер "сыйақы (мүдде) ставкасының" деген сөздермен ауыстырылсын;
в) тармақшасындағы "проценттердi" деген сөз "сыйақы (мүдде)" деген сөзбен ауыстырылсын;
14. 34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Активтер мен шартты мiндеттемелердi жiктеу және олар бойынша провизияларды есептеу талаптары кредиттiк серiктестiктерге банктер үшiн белгiленген тәртiппен қолданылады.".
15. 37, 38, 39, 40, 41 және 42-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"37. Кредиттiк серiктестiк қолданылып жүрген заңдардың нормаларын, осы Ереженiң талаптарын және Ұлттық Банктiң басқа да нормативтiк құқықтық актiлерiн бұзған жағдайда оған санкциялар қолданылуы мүмкiн. Ұлттық Банк кредиттiк серiктестiкке санкция ретiнде мынадай шараларды қолдануға:
а) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген негiздемелер бойынша айыппұл салуға және өндiрiп алуға;
б) осы Ережеде белгiленген негiздемелер бойынша лицензияны тоқтатуға немесе күшiн жоюға;
в) кредиттiк серiктестiктiң басшы қызметкерлерiн Төраға мен Байқаушы кеңестiң мүшелерiнен (кредиттiк серiктестiк акционерлiк қоғам түрiнде құрылған жағдайда) басқасын осы мәселенi кредиттiк серiктестiктiң тиiстi органы кредиттiк серiктестiктiң аталған басшы қызметкерiнiң (қызметкерлерiнiң) iс-әрекетiн қолданылып жүрген заң талаптарына сай келмейдi деп тану үшiн жеткiлiктi мәлiметтер негiзiнде қарағанға дейiн, лауазымдық мiндеттерiн орындаудан шеттетуне құқылы.
38. Барлық немесе жекелеген банк операцияларын жүргiзуге берiлген лицензияны тоқтату немесе оның күшiн жою мынадай негiздемелердiң кез келгенi бойынша жүргiзiледi:
а) кредиттiк серiктестiктiң қызметi барысында осы Ереженiң талаптары сақталмаса;
б) кредиттiк серiктестiк жүргiзетiн операциялар бойынша шарт мiндеттемелерiн үнемi (қатарынан он екi күнтiзбелiк ай бойы үш немесе одан да көп рет) тиiстi түрде орындамаса;
в) кредиттiк серiктестiк осы Ережемен белгiленген операциялар жүргiзудiң жалпы шарттарын айқындау бойынша мiндеттемелердi орындамаса;
г) Ұлттық Банкке есеп пен мәлiметтердi бермесе немесе әдейi жалған есеп пен мәлiметтер берсе;
д) Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық актiлерiн бұзса не оның жазбаша нұсқауларын орындамаса;
е) кредиттiк серiктестiк осы Ережеде, кредиттiк серiктестiктiң жарғысында және лицензиясында белгiленген өзiнiң құқықтық қабiлеттiгi шегiнен тыс операцияларды жүзеге асырса;
ж) кредиттiк серiктестiктiң қызметiн тоқтату туралы сот шешiм қабылдаса.
Ұлттық Банк банк операцияларын жүргiзу тәртiбiнiң бұзылу сипатына қарай олардың барлығын не жекелеген түрiн жүргiзу лицензиясын тоқтатады не күшiн жояды. Лицензияның күшiн жою кредиттiк серiктестiктi қайта тiркеуге немесе оның қызметiн тоқтатуға негiз болып табылады.
39. Кредиттiк серiктестiктi ашуға берiлген рұқсатты қайтарып алу мынадай негiздемелердiң кез келгенi бойынша жүргiзiледi:
а) заңды тұлғаның кредиттiк серiктестiк ретiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап бiр жыл iшiнде рұқсат беруге негiз болған мәлiметтердiң жалған екендiгi анықталса;
б) заңды тұлға кредиттiк серiктестiк ретiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап бiр жыл бойы лицензия алмаса;
в) заңды тұлға кредиттiк серiктестiк ретiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап бiр жыл бойы жарияланған жарғы капиталын төлемесе;
г) кредиттiк серiктестiк ретiнде тiркелген заңды тұлға үшiн қолданылып жүрген заңдарда көзделген қызмет шарттарын бұзса;
д) кредиттiк серiктестiктiң қайта ұйымдастыру не оны тарату жолымен өзiнiң қызметiн өз еркiмен тоқтату туралы шешiмi;
Ұлттық Банк Басқармасының кредиттiк серiктестiк ашуға берiлген рұқсатты қайтарып алу туралы шешiмi заңды тұлғаны қайта тiркеуге немесе оның қызметiн тоқтатуға негiз болып табылады.
40. Кредиттiк серiктестiк:
а) Ұлттық Банктiң рұқсаты болса, оның құрылтайшыларының (акционерлерiнiң) шешiмiмен (ерiктi тарату);
б) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларды соттың шешiмiмен (мәжбүрлеп тарату) таратылуы мүмкiн.
41. Кредиттiк серiктестiктi қайта ұйымдастыру немесе тарату Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарында көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.
42. Қазақстан Республикасының заңдарында тiкелей көзделгеннен басқа жағдайларда кредиттiк серiктестiктiң қызметiне мемлекеттiк органдар мен оның лауазымды адамдарының қандай жолмен болса да араласуына тыйым салынады.".
16. "V. Қорытынды ережелер" деп аталатын бөлiмнiң атауы: "VI.
Қорытынды ережелер" деп жазылсын.
17. 44-тармақтың алдынан "Кредиттiк серiктестiктер немесе мемлекет өзiне мұндай жауапкершiлiк қабылдаған жағдайларда болмаса деген" деген сөздерi қосылсын.
18. 45-тармақтағы "17-бабының 1-3-тармақтарының, 22, 40-баптарының" деген сөздер "8-бабының 2-тармағының, 18, 22, 40-баптарының" деген сөздермен ауыстырылсын.
19. N 1 қосымшадағы "Кредиттiк серiктестiктерге" деген сөздер "Кредиттiк серiктестiкке" деген сөздермен ауыстырылсын.
Ұлттық Банк
Төрағасы
орынбасары