Еркiн кеден аймағындағы кедендiк бақылаудың тәртiбi туралы

Қазақстан Республикасы Кеден комитетi 1997 жылғы 6 қаңтардағы N 2-П Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1997 жылғы 22 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 264. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінің 2001.02.09. N 46 бұйрығымен. ~V011444

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағы

кеден iсi туралы" Заң күшi бар Жарлығын  

Z952368_

  орындау мақсатында 
бұйырамын:
     1. Еркiн кеден аймағындағы кедендiк бақылаудың тәртiбi (қоса тiркелiп 
отыр) бекiтiлсiн.
     2. Кеден басқармалары мен кедендердiң бастықтары осы Бұйрықтың 
мазмұнын декларанттарға және тиiстi кеден органдарының қызметi орналасқан 
мүдделi кәсiпорындар мен ұйымдарға жеткiзсiн.
     3. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы 
Кеден комитетi Төрағасының Бiрiншi орынбасары В.Д. Кирдановқа жүктелсiн.


     Төраға

                    Еркiн кеден аймағындағы кедендiк
                          бақылаудың тәртiбi

                         1. Жалпы ережелер



      1.1. Еркiн кеден аймақтарының шет ел тауарлары кеден баждары мен салықтары алынбай және экономикалық саясат қолданылмай тиiстi кеден аумақтық шекараларда орналасатын және пайдаланылатын, қазақстандық тауарлар ҚР-ның кеден заңдарымен анықталатын тәртiппен экспорттың кеден режимiне сәйкес әкетуге қолданылатын жағдайларда қолданылатын және пайдаланылатын кеден режимi.
      1.2. Еркiн кеден аймағының кеден режимi қолданылатын аумақ ретiндегi еркiн кеден аймағы мен оның шекараларын өнеркәсiп және сауда министрлiгiмен, Экономика министрлiгiмен, Қаржы министрлiгiмен және Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiмен келiсе отырып, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қазақстан Республикасы орталық кеден органының және Қазақстан Республикасы жергiлiктi өкiлеттi және атқару органдарының бiрлескен ұсынуы бойынша қабылданатын шешiммен анықталады.
      1.3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң егер еркiн кеден аймағының жұмыс iстеуi кеден заңдарының талаптарына сай келмейтiн болса, оны құру туралы шешiмнiң күшiн жоюға құқылы. Аталған шешiмнiң күшi жойылған жағдайда еркiн кеден аймағы алты ай iшiнде жойылуы тиiс.
      Еркiн кеден аймағын құру туралы қайыруларды қараудың тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
      1.4. Еркiн кеден аймақтарында кеден заңдары сақталатын жағдайда тауарлардың бөлшек саудада сатылуын қоспағанда олармен өндiрiстiк және өзге де коммерциялық операциялар жасауға рұқсат етiледi.
      1.5. Еркiн кеден аймағын аумағына әкелiнетiн және осы аумақтардан әкетiлетiн барлық тауарлар мен көлiк құралдары кеден заңдарымен және осы Тәртiппен көзделген ретпен кеден органдары анықтайтын жерлерде кедендiк ресiмдеу мен кедендiк бақылауға жатады.
      Қазақстан Республикасы заңдарын сақтау және кедендiк бақылауды жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi тауарлардың сипатын ескере отырып, еркiн кеден аймақтарында тауарлармен операцияларды жүргiзуге жекеленген тыйымдарды және шектеулердi белгiлеуге, сондай-ақ еркiн кеден аймақтарында ғимараттарды, құрылыстарды және құрылғыларды салуға құқылы.
      1.6. ҚР-ның кеден органдарының кейбiр адамдар ҚР-ның заңдық актiлерiнiң, ҚР Үкiметiнiң актiлерiнiң талаптарын сақтамаса, олардың еркiн кеден аймақтарында тауарлармен операцияларды жүзеге асыруына тыйым салуы немесе мұндай адамдардың еркiн кеден аймағы аумағына кiруiне рұқсат етпеуi мүмкiн.
      Еркiн кеден аймақтарында тауарлар мерзiмдерi шектелмей жата алады.
      1.7. Қазақстан Республикасы заңдарымен көзделген жағдайларда ЕКА аумағына әкелiнетiн және осы аумақтан әкетiлетiн тауарлар малдәрiгерлiк, фитосанитарлық, экологиялық және мемлекеттiк кедендiк бақылаудың басқа да түрлерiне жатады.
      1.8. Осы Тәртiпте Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Z952368_ жарлығымен көзделген ұғымдар қолданылады.

      2. Шет ел тауарларын ЕКА аумағына әкелу

      2.1. Осы Тәртiппен көзделген жағдайларды қоспағанда шет ел тауарларды ЕКА аумағына әкелу кезiнде алуы кеден органдарына жүктелген кеден баждары мен салықтары алынбай және еркiн кеден аймағының кеден режимiне сәйкес экономикалық саясат шаралар қолданылмай еркiн кеден аймағы кедендiк кеден режимiмен орналастырылады.
      ЕКА аумағына әкелiнетiн және бөлшек саудаға арналған тауарлар еркiн кеден аймағының режимiмен орналастыруға жатпайды.
      2.2. ЕКА аумағына әкелiнетiн және өзге кеден режимiмен орналастырылатын шет ел тауарларын кедендiк ресiмдеу мәлiмделiнген кеден режимiне сәйкес, Қазақстан Республикасы кеден заңдарымен белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
      2.3. Осы Тәртiптiң 1.1. тармағында аталған тауарлар осы Ереже N 1 қосымшада келтiрiлген тәртiппен декларациялауға жатады.

      3. Қазақстан тауарларын ЕКА аумағына әкелу

      3.1. Қазақстан тауарлары ЕКА аумағына әкелу кеден баждары мен салықтары алынбай және экономикалық саясат шаралары қолданылмай әкелiнедi.
      3.2. Қазақстан тауарларын ЕКА аумағына әкелу кезiнде сақталуына бақылау жасау кеден органдарына жүктелген тарифтiк емес шектеулер қолданылмайды.
      3.3. Қазақстан Республикасының өзге аумағына әкелiнетiн Қазақстан тауарларын кедендiк ресiмдей оңайлатылған тәртiппен жүзеге асырылады.
      Мұндай тауарлар кеден органына жеткiзуге бақылау жасау құжатын ұсыну жолымен декларацияланады.
      Аталған құжат еркiн кеден аймағының кеден режимiмен орналастыру үшiн кеден декларациясы ретiнде қаралады.
      Жеткiзуге бақылау жасау құжатымен бiрге кеден органына кеден органдарының кедендiк бақылауды жүзеге асыру үшiн қолданатын жүк, тауар алып жүру және өзге де құжаттарды ұсынылады.
      3.4. Осы Тәртiппен көзделген жағдайларды қоспағанда шет мемлекеттердiң аумақтарынан әкелiнетiн қазақстан тауарлары еркiн кеден аймағының кеден режимiмен орналастырылады. Осындай тауарларды кедендiк ресiмдеу мен бақылау шет ел тауарларына қатысты осы Тәртiптiң 2-тарауымен белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
      3.5. Шет мемлекеттердiң аумақтарынан әкелiнетiн қазақстан тауарларын еркiн кеден аймағының кеден режимiмен орналастыру кезiнде тауарларды орналастыратын адам төлем ретiнде немесе тауарларды Қазақстан Республикасынан әкету кезiнде берiлген өзге де жеңiлдiктер нәтижесiнде алынған сомаларды керi импорттың кеден режимiн қолдану кезiнде кеден органдарының алуы үшiн белгiленген тәртiппен осындай сомаларды қайтарады.
      3.6. Осы Тәртiпке сәйкес қазақстан тауарларына еркiн кеден аймағының кеден режимiн қолдану мүмкiн болмайтын жағдайда шет мемлекеттердiң аумақтарынан әкелiнетiн тауарлар олардың кеден режимдерiне сәйкес орналастырылады, ал Қазақстан Ресей iшкi кедендiк транзит ресiмiне сәйкес орналастырылады.

      4. Еркiн кеден аймағы аумағынан тауарларды шет
                     мемлекеттерге әкету

      4.1. ЕКА аумағынан әкетiлетiн тауарларға кеден баждары мен салықтары, экономикалық саясат шаралары тауарлардың шығуына қарай қолданылады.
      4.2. ЕКА аумағынан әкетiлетiн тауарларды кедендiк ресiмдеу осы Тәртiппен көзделген ерекшелiктер ескерiлiп, Қазақстан Республикасы кеден заңдарына сәйкес жүргiзiледi.
      4.3. ЕКА аумағынан әкелiнген шет ел тауарлары және олардың ұқсатылған өнiмдерi шет мемлекеттерге кеден баждары мен салықтары алынбай және экономикалық саясат шаралары қолданылмай әкетiледi.
      Еркiн кеден аймағының кеден режимiмен ЕКА аумағында орналастырылған шет ел тауарлары экспорттың кеден режимiне сәйкес әкетiледi.
      Алдыңғы абзацта көрсетiлмеген шет ел тауарлары оларға қатысты таңдалынған кеден режимдерiнiң шарттарына сәйкес әкетуге жатады.
      4.4. Экспорттың кеден режимiне сәйкес ЕКА аумағынан әкетiлетiн қазақстан тауарларына (еркiн кеден аймағында өндiрiлген тауарларды қоспағанда) қатысты кеден баждары мен салықтары алынады, мұндай тауарларға Қазақстан Республикасы заңдарында көзделген болса, экономикалық саясат шаралары қолданылады.
      4.5. ЕКА-да өндiрiлген немесе Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Жарлығымен белгiленген талаптарға сәйкес жеткiлiктi ұқсатудан өткiзiлген және экспорттың кеден режимiне сәйкес әкетiлетiн тауарларға қатысты кеден баждары алынбайды және экономикалық саясат шаралары қолданылмайды.
      Қазақстан Республикасы заңдарымен белгiленген тәртiп Сауда-өнеркәсiп палатасы беретiн, тауарларды ресiмдей кезiнде кеден органына ұсынылатын олардың шығуы туралы сертификат тауарлардың ЕКА-да өндiрiлгендiгiн растайтын құжат болып табылады.

      5. Тауарларды ЕКА-дан Қазақстан Республикасының
                  өзге аумағына әкету

      5.1. Тауарларды ЕКА-дан Қазақстан Республикасының өзге аумағына әкелу кезiнде кеден баждары мен салықтары, экономикалық саясат шаралары мен сақталуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының кеден органдарына жүктелген әкелуге қатысты өзге де шектеулер:
      а) еркiн кеден аймағында өндiрiлген;
      б) Қазақстан Республикасынан немесе шет мемлекеттерден бұрын әкелiнген қазақстан тауарларына;
      в) жеке тұлғалардың еркiн кеден аймағының аумағына оңайлатылған жеңiлдiк тәртiбiмен әкелген;
      г) Кеден одағына қатысушы мемлекеттердiң аумақтарынан шыққан тауарларға қолданылмайды.
      Тауарларды еркiн кеден аймағының аумағынан әкету кезiнде олардың осы тармақта көрсетiлген шарттарына сай келуiн кедендiк ресiмдеудi жүргiзетiн, еркiн кеден аймағында орналасқан кеден органдары белгiлейдi.
      5.2. Осы Тәртiптiң 5.1-тармағында көрсетiлген тауарлар Қазақстан Республикасының аумағына кедендiк бақылаумен жеткiзудiң ережелерiне сәйкес өткiзiледi.
      5.3. Шет ел тауарлары еркiн кеден аймағының аумағынан осы Тәртiптiң 4.3-тармағында көзделген тәртiппен әкетiледi.
      Кеден органдары осы тауарлардың еркiн кеден аймағының аумағынан нақты әкетiлуiне бақылауды Қазақстан Республикасы кеден заңдарына сәйкес жүзеге асырады.
      Осы тауарларды Қазақстан Республикасының өзге аумағына кеден мақсатында әкелу кезiнде олар шет мемлекеттерден әкелiнген шет ел тауарлары ретiнде қарастырылады.

      6. Еркiн кеден аймағының аумағы
              арқылы транзит

      6.1. Еркiн кеден аймағының аумағы арқылы транзит қызметi аймағында ЕКА орналасқан кеден органының белгiлеген тәртiбiмен анықтаған кедендiк бақылау пункттерi арқылы жүзеге асырылады.
      6.2. Транзит осы режим үшiн Қазақстан Республикасы Кеден комитетiнiң белгiлеген тәртiбiмен кеден құжаттары арқылы ресiмделедi.
      6.3. ЕКА-да бақылауды жүзеге асыратын кеден мекемесi транзит құжаттарын тексерудi және үйлестiрудi ұйымдастырады, сонымен бiрге ЕКА арқылы жүк транзиттерiнiң мейлiнше аз болуына жағдай жасайды.
      6.4. Темiр жолмен транзиттiк тасымалдарға кеден құжаттары ресiмделмейдi.

      7. Жеке тұлғалардың ЕКА кеден шекарасы арқылы
           өткiзетiн тауарларын кедендiк ресiмдей

      7.1. Жеке тұлғалардың ЕКА аумағына әкелетiн тауарлар олардың ЕКА аумағында тұрақты тұратынын растайтын құжаттар ұсынылатын жағдайда еркiн кеден аймағының кеден режимiмен орналастырылады.
      Тұрақты тұрғылықты жерi ЕКА аумағынан тыс жеке тұлғалар тауарларын кеден заңдарына сәйкес жалпылай белгiленген тәртiппен ресiмдейдi.
      7.2. ЕКА аумағында тұрақты тұратын жеке тұлғалардың ЕКА аумағына автокөлiк құралдарын әкелетiн кезiнде кеден органы ТС-25 нысанында "Иелiктен алу үшiн кеденнiң рұқсаты керек" деген жазуды жазады.

      8. Қорытынды ережелер

      8.1. Уақытша әкелу, керi экспорт, кеден қоймасының кеден режимдерiне сәйкес еркiн кеден аймағының аумағына әкелiнген тауарлар осы Тәртiптiң 2-тарауына сәйкес еркiн кеден аймағының кеден режимiне мәлiмделе алынады. Бұл ретте бұрынғы кеден режимiнiң күшi аяқталады, ал төленген кеден баждары мен салықтарының сомалары тауарларды Қазақстан Республикасы кеден аумағынан тысқары нақты әкету кезiнде қайтарылуы көзделген болса, қайтарылады.
      Аталған режимдерге сәйкес арнайы кеден аймағының аумағына әкелiнген шет ел тауарларына қатысты кеден аумағында ұқсатудың және кедендiк бақылаумен ұқсатудың кеден режимдерiн еркiн кеден аймағының кедендiк режимiне өзгертуге Қазақстан Республикасының ұқсауға рұқсат берген Кеден комитетiнiң рұқсатымен жол берiледi.
      Бұл ретте төленген кеден баждары мен салықтарының сомалары ұқсауға рұқсаттың қолданылу күшiнiң мерзiмi өткенге дейiн еркiн кеден аймағының кедендiк режимi мәлiмделген жағдайда қайтарылады.
      8.2. Қазақстан Республикасының кеден органдары еркiн кеден аймағындағы тауарларға кедендiк бақылауды жүзеге асырады.
      ЕКА-да өндiрiстiк және өзге де коммерциялық қызметтi жүзеге асыратын адамдар әкелiнетiн, әкетiлетiн, сақталатын, даяр етiлетiн, ұқсатылатын, сатып алынатын, өткерiлетiн тауарлардың есебiн жүргiзедi және кеден органдарына олар жөнiнде есептердi тоқсан сайын, айдың 10-на дейiн ұсынып отырады. ЕКА-дан тысқары тауарларға қатысты орын алатын кез келген өзгерiстер есеп құжаттарында бейнелеуi тиiс.

О порядке таможенного контроля в свободной таможенной зоне

Приказ Таможенного комитета Республики Казахстан от 6 января 1997 г. N 2-П. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 28 февраля 1997 г. N 264. Утратил силу - приказом Таможенного комитета МГД РК от 9 февраля 2001 г. N 46 ~V011444

      Во исполнение Указа Президента Республики Казахстан, имеющего

силу Закона  

Z952368_

  "О таможенном деле в Республике Казахстан"
приказываю:
     1. Утвердить Порядок таможенного контроля в свободной
таможенной зоне. (Прилагается)
     2. Начальникам таможенных управлений и таможен довести
содержание настоящего Приказа до декларантов и иных заинтересованных
предприятий и организаций, находящихся в регионе деятельности
соответствующих таможенных органов.
     3. Контроль за исполнением настоящего Приказа возложить на
Первого заместителя Председателя Таможенного комитета Республики
Казахстан Кирданова В.Д.

     Председатель

                               Порядок
                        таможенного контроля
                     в свободной таможенной зоне

                         1. Общие положения



      1.1. Таможенный режим свободных таможенных зон - это таможенный режим, при котором иностранные товары размещаются и используются в соответствующих территориальных границах без взимания таможенных пошлин, налогов и применения мер экономической политики, казахстанские товары размещаются и используются на условиях, применяемых к вывозу в соответствии с таможенным режимом экспорта, в порядке, определяемом таможенным законодательством РК.
      1.2. Свободная таможенная зона, как территория, на которой действует таможенный режим свободной таможенной зоны и ее границы определяются по решению Правительства Республики Казахстан, принимаемому по совместному представлению центрального таможенного органа Республики Казахстан и местных представительных и исполнительных органов Республики Казахстан, по согласованию с Министерством промышленности и торговли, Министерством экономики, Министерством финансов и Национальным Банком Республики Казахстан.
      1.3. Правительство Республики Каэахстан вправе отменить решение о создании свободной таможенной зоны, если ее функционирование не соответствует требованиям таможенного законодательства. В случае отмены указанного решения свободная таможенная зона должна быть ликвидирована в течение шести месяцев.
      Порядок рассмотрения обращений о создании свободной таможенной зоны определяется Правительством Республики Казахстан.
      1.4. В свободных таможенных зонах допускается совершение производственных и иных коммерческих операций с товарами, исключая их розничную продажу, при условии соблюдения таможенного законодательства.
      1.5. Все товары и транспортные средства, ввозимые на территорию свободной таможенной зоны и вывозимые с этой территории, подлежат таможенному оформлению и таможенному контролю в порядке, предусмотренном таможенным законодательством и настоящим Порядком, в местах определяемых таможенными органами.
      В целях обеспечения соблюдения законодательства Республики Каэахстан и осуществления таможенного контроля Правительство Республики Казахстан вправе устанавливать отдельные запреты и ограничения на проведение операций с товарами в свободных таможенных зонах, исходя из характера товаров, а также дополнительные требования к возведению зданий, строений и сооружений в свободных таможенных зонах.
      1.6. Таможенные органы РК могут запрещать отдельным лицам осуществление операций с товарами в свободных таможенных зонах, если эти лица не соблюдают требования законодательных актов РК, актов Правительства РК, либо отказывать таким лицам в доступе на территорию свободных таможенных зон.
      Товары могут находиться в свободных таможенных зонах без ограничения сроков.
      1.7. В случаях, предусмотренных законодательством Республики Казахстан, товары ввозимые на территорию СТЗ и вывозимые с этой территории, подлежат ветеринарному, фитосанитарному, экологическому и другим видам государственного контроля.
      1.8. В настоящем Порядке используются понятия, предусмотренные Указом Президента Республики Казахстан, имеющего силу Закона "О таможенном деле в Республике Казахстан".

            2. Ввоз иностранных товаров на территорию СТЗ

      2.1. За исключением случаев, предусмотренных настоящим Порядком, иностранные товары при ввозе на территорию СТЗ помещаются под таможенный режим свободной таможенной зоны без взимания таможенных пошлин и налогов, взимание которых возложено на таможенные органы, и без применения мер экономической политики в соответствии с таможенным режимом свободной таможенной зоны.
      Товары, ввозимые на территорию СТЗ и предназначенные для розничной продажи, не подлежат помещению под режим свободной таможенной зоны.
      2.2. Таможенное оформление иностранных товаров, ввозимых на территорию СТЗ и помещаемых под иной таможенный режим, производится в соответствии с заявленным таможенным режимом, в порядке, установленном таможенным законодательством Республики Казахстан.
      2.3. Товары, указанные в пункте 1.1 настоящего Порядка, подлежат декларированию в порядке, приведенном в приложении N 1 к настоящему Порядку.

           3. Ввоз казахстанских товаров на территорию СТЗ

      3.1. Казахстанские товары ввозятся на территорию СТЗ без взимания таможенных пошлин, налогов и без применения мер экономической политики.
      3.2. При ввозе казахстанских товаров на территорию СТЗ нетарифные ограничения, контроль за соблюдением которых возложен на таможенные органы, не применяются.
      3.3. Таможенное оформление казахстанских товаров, ввозимых с остальной территории Республики Казахстан, производится в упрощенном порядке.
      Такие товары декларируются путем предоставления таможенному органу документа контроля за доставкой.
      Указанный документ для целей помещения под таможенный режим свободной таможенной зоны рассматривается в качестве таможенной декларации.
      Одновременно с документом контроля за доставкой таможенному органу представляются грузовые, товаросопроводительные и иные документы, используемые таможенными органами для осуществления таможенного контроля.
      3.4. За исключением случаев, предусмотренных настоящим Порядком казахстанские товары, ввозимые с территории иностранных государств, помещаются под таможенный режим свободной таможенной зоны. Таможенное оформление и контроль таких товаров осуществляется применительно к порядку, установленному разделом 2 настоящего Порядка в отношении иностранных товаров.
      3.5. При помещении казахстанских товаров, ввозимых с территории иностранных государств под таможенный режим свободной таможенной зоны, лицо, перемещающее товары, возвращает суммы, полученные в качестве выплат или в результате иных льгот, представленных при вывозе товаров из Республики Казахстан, применительно к порядку, установленному для взимания таких сумм таможенными органами при применении таможенного режима реимпорта.
      3.6. Если, в соответствии с настоящим Порядком, к казахстанским товарам не может быть применен таможенный режим свободной таможенной зоны, то товары, ввозимые с территории иностранных государств, перемещаются в соответствии с их таможенными режимами, а с территории Республики Казахстан - в соответствии с процедурой внутреннего таможенного транзита.

                4. Вывоз товаров с территории свободной
               таможенной зоны в иностранные государства

      4.1. К товарам, вывозимым с территории СТЗ, таможенные пошлины и налоги, меры экономической политики применяются в зависимости от происхождения товара.
      4.2. Таможенное оформление товаров, вывозимых с территории СТЗ, производится в соответствии с таможенным законодательством Республики Казахстан с учетом особенностей, предусмотренных настоящим Порядком.
      4.3. Иностранные товары, ввезенные на территорию СТЗ, и продукты их переработки вывозятся в иностранные государства без взимания таможенных пошлин, налогов и без применения мер экономической политики.
      Иностранные товары, находящиеся на территории СТЗ под таможенным режимом свободной таможенной зоны, вывозятся в соответствии с таможенным режимом экспорта.
      Иностранные товары, не указанные в предыдущем абзаце, подлежат вывозу в соответствии с условиями избранных в отношении них таможенных режимов.
      4.4. В отношении казахстанских товаров (за исключением товаров, произведенных в свободной таможенной зоне), вывозимых с территории СТЗ в соответствии с таможенным режимом экспорта, взимаются вывозные таможенные пошлины, к таким товарам применяются меры экономической политики, если такое предусмотрено законодательством Республики Казахстан.
      4.5. В отношении товаров, произведенных в СТЗ или подвергнутых достаточной переработке в соответствии с критериями, установленными Указом Президента Республики Казахстан, имеющим силу Закона "О таможенном деле в Республике Казахстан", и вывозимых в соответствии с таможенным режимом экспорта, таможенные пошлины не взимаются и меры экономической политики не применяются.
      Документом, подтверждающим производство товаров в СТЗ, является сертификат происхождения товаров, выданный Торгово-промышленной палатой, в соответствии с порядком, определенным законодательством Республики Казахстан, который предъявляется в таможенный орган при их таможенном оформлении.

                      5. Вывоз товаров из СТЗ на
               остальную территорию Республики Казахстан

      5.1. При ввозе на остальную территорию Республики Казахстан таможенные пошлины, налоги, меры экономической политики и иные ограничения на ввоз (разрешительный порядок ввоза, сертификация и т.д.), контроль за соблюдением которых возложен на таможенные органы Республики Казахстан, не применяются в отношении товаров:
      а) произведенных в свободной таможенной зоне;
      б) казахстанских товаров, ранее ввезенных из Республики Казахстан или иностранных государств;
      в) ввезенных на территорию свободной таможенной зоны физическими лицами в упрощенном льготном порядке;
      г) происходящих с территории государств-участников Таможенного союза.
      Соответствие товаров условиям, указанным в настоящем пункте, при их вывозе с территории свободной таможенной зоны, устанавливается таможенными органами, расположенными на территории свободной таможенной зоны, которыми производится таможенное оформление.
      5.2. Товары, указанные в пункте 5.1. настоящего Порядка, перемещаются на территорию Республики Казахстан в соответствии с правилами доставки под таможенным контролем.
      5.3. Иностранные товары вывозятся с территории свободной таможенной зоны в порядке, предусмотренном пунктом 4.3. настоящего Порядка.
      Таможенные органы осуществляют контроль за фактическим вывозом этих товаров за пределы территории свободной таможенной зоны в соответствии с таможенным законодательством Республики Казахстан.
      При ввозе этих товаров на остальную территорию Республики Казахстан для таможенной целей они рассматриваются как иностранные товары, ввозимые с территории иностранных государств.

                      6. Транзит через территорию
                       свободной таможенной зоны

      6.1. Транзит через территорию свободной таможенной зоны осуществляется через пункты таможенного контроля, определенные таможенным органом, в зоне деятельности которого находится СТЗ.
      6.2. Транзит, оформляется таможенными документами в порядке, установленном Таможенным комитетом Республики Казахстан для этого режима.
      6.3. Таможенное учреждение, осуществляющее контроль в СТЗ, организует стыковку и сверку транзитной документации, а также создает условия для того, чтобы транзит грузов через СТЗ был минимальным.
      6.4. На железнодорожные транзитные перевозки таможенные документы не оформляются.

                   7. Таможенное оформление товаров,
                    перемещаемых физическими лицами
                     через таможенную границу СТЗ

      7.1. Товары, ввозимые физическими лицами на территорию СТЗ, помещаются под таможенный режим свободной таможенной зоны, при условии предоставления документов, подтверждающих постоянное проживание лиц на территории СТЗ.
      Физические лица, имеющие постоянное место жительства за пределами СТЗ, оформляют товары в общеустановленном порядке, согласно таможенному законодательству.
      7.2. При ввозе на территорию СТЗ автотранспортных средств физическими лицами, постоянно проживающими на территории СТЗ, таможенным органом в удостоверении формы ТС-25 делается запись "Для отчуждения требуется разрешение таможни".

                      8. Заключительные положения

      8.1. Товары, ввезенные на территорию свободной таможенной зоны в соответствии с таможенными режимами временного ввоза, реэкспорта, таможенного склада, могут быть заявлены к таможенному режиму свободной таможенной зоны в соответствии с разделом 2 настоящего Порядка. При этом действие предыдущего таможенного режима завершается, а уплаченные суммы таможенных пошлин, налогов возвращаются, если такой возврат предусмотрен условиями режима при фактическом вывозе товаров за пределы таможенной территории Республики Казахстан.
      Изменение таможенных режимов переработки на таможенной территории и переработки под таможенным контролем в отношении иностранных товаров, ввезенных на территорию специальной таможенной зоны в соответствии с указанными режимами, на таможенный режим свободной таможенной зоны допускается с разрешения Таможенного комитета Республики Казахстан, выдавшего разрешение на переработку.
      При этом уплаченные суммы ввозных таможенных пошлин и налогов возвращаются при условии заявления таможенного режима свободной таможенной зоны до истечения срока действия разрешения на переработку.
      8.2. Таможенные органы Республики Казахстан осуществляют таможенный контроль за товарами, находящимися в свободной таможенной зоне.
      Лица, осуществляющие производственную и иную коммерческую деятельность в СТЗ ведут учет ввозимых, вывозимых, хранящихся, изготовляемых, перерабатываемых, приобретаемых, реализуемых товаров и представляют таможенным органам ежеквартально, до 10-го числа, отчетность о них. Любые изменения, происходящие с товарами в пределах СТЗ должны отражаться в учетных документах.