Қазақстан Республикасының мемлекеттiк нотариустарын аттестациядан өткiзу туралы ЕРЕЖЕ

Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi 1997 жылғы 30 шiлдедегi N 344 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1997 жылғы 5 тамызда тіркелді. Тіркеу N 344. Күшi жойылды - ҚР Әдiлет министрлiгiнiң 1997.11.24. N 109 бұйрығымен.

      I. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының "Нотариат туралы" Заңының 105-бабына сәйкес мемлекеттiк нотариустар аттестациядан өтуге тиiс.

      Мемлекеттiк нотариустарды аттестациядан өткiзу олардың бiлiктiлiк деңгейiн бағалау және осының негiзiнде олардың лауазымына сәйкестiлiгiн айқындау мақсатында жүргiзiледi.

      2. Нотариалдық қызмет стажына қарамастан, аттестация өткiзу сәтiнде жоғары заң бiлiмi бар, жұмыс жасап жүрген мемлекеттiк нотариустар аттестациядан өтуге тиiс.

      Аттестация өткiзу сәтiнде жоғары заң бiлiмi жоқ мемлекеттiк нотариустар аттестациядан өтуге жiберiлмейдi. Жұмыс сапасының нашарлығы, кәсiптiк бiлiмi мен құқықтық мәдениетi деңгейiнiң төмендегi себебiнен облыстық әдiлет басқармасының бастығы аттестацияға ұсынуда бас тартқан нотариустар да аттестациядан өткiзу комиссиясының шешiмi бойынша аттестациядан өтуге жiберiлмеуi мүмкiн.

      3. Жүктiлiгi, босануы және баланы күтуiне байланысты демалыста жүрген немесе бала үш жасқа толғанша оны күту жөнiндегi еңбекақысыз қосымша демалыста жүрген әйелдер, сондай-ақ жыл сайынғы демалыста және еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша демалыста жүрген адамдар жұмысқа шыққан соң аттестациядан өтуге тиiс.

      4. Мемлекеттiк нотариустарды аттестациядан өткiзу үшiн Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң бұйрығымен орталық аттестациядан өткiзу комиссиясы және аймақтық аттестациядан өткiзу комиссиялары құрылады.

      5. Орталық аттестациядан өткiзу комиссиясы аймақтық аттестациядан өткiзу комиссияларының шешiмдерiне берiлген шағымдарды қарайды, аттестациядан өткiзу басталған күннен бастап бiр жыл iшiнде дәлелдi себептер бойынша аймақтық аттестациядан өткiзу комиссиясына аттестациядан өтуге екi рет келмеген нотариустарды аттестациядан өткiзедi, сондай-ақ нотариустарды аттестациядан өткiзуге арналған сұрақтар тiзiмiн бекiтедi.

      Орталық аттестациядан өткiзу комиссиясы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi бекiтетiн Ереже негiзiнде қызмет етедi.

      6. Аймақтық комиссиялар тиiстi облыстардың, республикалық мәнi бар қалалардың және астананың мемлекеттiк нотариалдық кеңселерiнiң мемлекеттiк нотариустарын осы Ережеге сәйкес аттестациядан өткiзедi.

      7. Аттестациядан өткiзу мерзiмiн Әдiлет министрiнiң ұсынуы бойынша орталық аттестациядан өткiзу комиссиясы айқындайды.

      8. Нотариустарды аттестациядан өткiзуге арналған сұрақтар тiзiмiн Әдiлет министрлiгi қазақ және орыс тiлдерiнде дайындайды. Сұрақтар тiзiмi Орталық аттестациядан өткiзу комиссия бекiткен соң аттестациядан өткiзу басталар алдындағы қырық бес күннен кешiктiрмей облыстық әдiлет басқармаларына таратылады.

      9. Аттестациядан өткiзуге арналған сұрақтар тiзiмiн облыстық әдiлет басқармасы аттестациядан өтуге тиiс барлық нотариустарға аттестация басталар алдындағы отыз күннен кешiктiрмей қол қойғызып таратады.

      10. Аттестациядан өтушілерге арналған жадығаттарды Орталық және аймақтық аттестациядан өткiзу комиссияларына облыстық әдiлет басқармаларының бастықтары бередi. Аттестациядан өтушiлерге арналған жадығаттар аймақтық аттестациядан өткiзу комиссиясына аттестациядан өткiзу басталар алдындағы бiр күннен кешiктiрмей берiледi.

      11. Орталық аттестациядан өткiзу комиссиясы қызметiн ұйымдастыру-техникалық қамтамасыз ету Әдiлет министрлiгiне, ал аймақтық аттестациялық комиссиялардың қызметiн қамтамасыз ету-әдiлет басқармаларына жүктеледi.

     

      II. Аттестацияны дайындау және өткiзу тәртiбi

     

      12. Аттестациядан өтуге тиiс нотариусқа арнап мыналар берiледi:

      1) әдiлет басқарма бастығының ұсынуы;

      2) аттестациядан өтушiнiң кәсiптiк, iскерлiк және адамгершiлiк қасиеттерi көрсетiлген қызметтiк мiнездемесi;

      3) бiлiмi жөнiндегi дипломының нотариалды куәландырылған көшiрмесi;

      4) аттестациядан өтушiнiң өз қолымен жазған өмiрбаяны;

      5) әдiлет басқармасы кадр бөлiмiнiң бастығы куәландырған, көлемi 3х4 болатын фотосуреті бар, аттестациядан өтушiнiң жеке қағазы.

      Берiлген жадығаттарға аттестациядан өтушiнiң нотариалдық әрекеттерiне қатысты соттардың бар қаулыларының көшiрмелерi, соңғы екi жыл iшiндегi мадақтаулар мен тәртiптiк жазалар туралы бұйрықтардың көшiрмелерi, әдiлет басқармасы алқасы қаулыларының көшiрмелерi, аттестациядан өтушiнiң кәсiптiк қызметiн 1995-1997 жылдар арасында тексеру нәтижелерi жөнiндегi анықтамалардың көшiрмелерi, соңғы екi жыл iшiнде аттестациядан өтушiнiң үстiнен берiлген шағымдар туралы мағлұматтар және олар бойынша әдiлет органдары қабылдаған шешiмдердiң көшiрмелерi қоса берiлуге тиiс.

      Аттестациядан өтуге тиiс нотариус берiлетiн мiнездемемен және басқа жадығаттармен аттестациядан өткiзу басталар алдындағы жетi күннен кешiктiрмей қол қойып танысуы қажет.

      13. Аттестациядан өтетiн нотариустарға әдiлет басқармасы аттестациядан өткiзу басталғанға дейiн үш күн бұрын оның басталуы және өту орны туралы жазбаша түрде хабарлауға тиiс.

      14. Аймақтық аттестациядан өткiзу комиссиясы осы Ереженiң 12-тармағына сәйкес нотариусқа арнап берiлген құжаттарды қарайды, қажет болған реттерде нотариустың өзiн тыңдайды және нотариустың аттестациялық емтихан тапсыруына рұқсат ету туралы жазбаша түрде шешiм қабылдайды. Рұқсат етуден бас тартылған жағдайда шешiм дәлелдi болуға тиiс.

      15. Аттестациядан өткiзу аттестациядан өтушiнiң қалауы бойынша қазақ немесе орыс тiлдерiнде жүргiзiледi.

      16. Компьютерлiк аттестациялық емтихан тапсыру барысында аттестация өткiзуге арналған сұрақтар тiзiмiне енгiзiлген 100 сұрақтың 65-на дұрыс жауап берген нотариус аттестациядан өткен болып есептеледi.

      Аттестациядан өткiзуге арналған сұрақтар тiзiмiне енгiзiлген 100 сұрақтың 55-нен бастап 65-не дейiн дұрыс жауап берген нотариусқа аттестациядан өткiзу комиссиясының мүшелерi қосымша ауызша сұрақтар қоя алады.

      Бұл жағдайда аттестациядан өткiзу немесе аттестациядан өткiзу туралы шешiм қосымша сұрақтарға берiлген жауаптар нәтижесi ескерiлiп қабылданады.

      17. Аймақтық аттестация өткiзу комиссияларының мәжiлiстерi оның мүшелерiнiң кемiнде төрттен үшi қатысқанда заңды болады.

      Комиссия мәжiлiсiнде хаттама жүргiзiледi. Хаттамада мыналар көрсетiлуге тиiс:

      мәжiлiстiң өту уақыты мен орны, комиссия құрамы, аттестациядан өтушiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты және лауазымы, емтихан нәтижелерi, аттестациядан өтушiге қойылған қосымша сұрақтар және оларға аттестациядан өтушi берген жауаптар, сондай-ақ комиссия қабылдаған шешiм.

      Комиссия шешiмi оның мүшелерiнiң жалпы санының үштен екiсiнен құралатын қарапайым көпшiлiк дауысымен аттестациядан өтушiнiң қатысуынсыз қабылданады. Дауыстар саны тең болған жағдайда, комиссия төрағасының дауысы шешушi болады.

      Мәжiлiс шешiмiне және хаттамасына оның барлық мүшелерi қол қояды.

      Аттестациядан өтушiнi аттестациядан өткiзу нәтижелерi дәл сол күнде хабарланады. Комиссия шешiмi аттестациядан өтушiге оның өтiнiшi бойынша берiле алады.

      18. Аймақтық аттестациядан өткiзу комиссиясының шешiмi хаттамадан бөлек ресiмделедi және онда комиссияның аттестациядан өтушi үмiткер жөнiндегi шешiмi және мынадай қорытындысы болады:

      - аттестациядан өттi;

      - аттестациядан өткен жоқ.

      Аттестациядан өткiзу басталған күннен бастап алты ай iшiнде нотариус дәлелсiз себептермен немесе белгiсiз себептермен қайтадан келмеген жағдайда аймақтық аттестация өткiзу комиссиясы "Аттестацияға келмеуiне байланысты аттестациядан өткен жоқ" деген шешiм қабылдайды.

      19. Аймақтық аттестация өткiзу комиссиясының нотариустың аттестациядан өтпегендiгi туралы шешiмiн аттестациядан өткен адам комиссия шешiмiнiң көшiрмесiн алған күннен бастап он күн iшiнде Орталық аттестациядан өткiзу комиссиясына шағымдай алады.

      20. Орталық аттестациядан өткiзу комиссиясының шешiмдерi үзiлдi-кесiлдi шешiм болып табылады.

      21. Қазақстан Республикасының "Нотариат туралы" Заңының 105-бабының 2-тармағына сәйкес аттестациядан өтуге жiберiлмеген, сондай-ақ аттестациялық комиссиялар аттестациядан өткiзбеген мемлекеттiк нотариустар республиканың қолданылып жүрген еңбек туралы заңдарына сәйкес лауазымдарынан босатылады.

      22. Аймақтық аттестациядан өткізу комиссияларының және Орталық аттестациядан өткiзу комиссияларының нотариустардың аттестациядан өтуi туралы шешiмдерi олар қабылданған күннен бастап он күн iшiнде, аттестациядан өткен мемлекеттiк нотариустарды қайта тағайындау туралы не аттестациядан өтпеген нотариустарды қызметтерiнен босату туралы бұйрық шығару үшiн облыстық әдiлет басқармаларына жiберiледi.

Положение "Об аттестации государственных нотариусов"

Утверждено приказом Министерства юстиции Республики Казахстан от 30 июля 1997 г. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 5 августа 1997 г. N 344. Утратило силу - приказом Министерства юстиции Республики Казахстан от 24 ноября 1997г. N 109 ~V970423

                         I. Общие положения
      1. В соответствии со статьей 105 Закона Республики Казахстан Z970155_ "О нотариате", государственные нотариусы подлежат аттестации.
      Аттестация государственных нотариусов проводится в целях оценки уровня их квалификации и определения на основе этого их соответствия занимаемой должности.
      2. Аттестации подлежат работающие государственные нотариусы, имеющие высшее юридическое образование на момент ее проведения, независимо от стажа нотариальной деятельности.
      К аттестации не допускаются государственные нотариусы, не имеющие высшего юридического образования на момент ее проведения.
      По решению аттестационной комиссии к аттестации могут быть также не допущены нотариусы, которым начальником областного управления юстиции было отказано в представлении к аттестации ввиду плохого качества работы, низкого уровня профессиональных знаний и правовой культуры.
      3. Женщины, находящиеся в отпуске по беременности, родам и уходу за ребенком, или дополнительном отпуске без сохранения заработной платы по уходу за ребенком до достижения им возраста трех лет, а также лица, находящиеся в ежегодном отпуске и отпуске по временной нетрудоспособности, подлежат аттестации после выхода на работу.
      4. Для проведения аттестации государственных нотариусов приказом Министра юстиции Республики Казахстан образуются Центральная аттестационная комиссия и региональные аттестационные комиссии.
      5. Центральная аттестационная комиссия рассматривает жалобы на решения региональных аттестационных комиссий, проводит аттестацию нотариусов, дважды не явившихся на аттестацию в региональную аттестационную комиссию по уважительным причинам в течение года со дня начала аттестации, а также утверждает перечень вопросов для аттестации нотариусов.
      Центральная аттестационная комиссия действует на основании Положения, утверждаемого Министром юстиции Республики Казахстан.
      6. Региональные комиссии проводят аттестацию государственных нотариусов государственных нотариальных контор соответствующих областей, городов республиканского значения и столицы в соответствии с настоящим Положением.
      7. Срок проведения аттестации определяется Центральной аттестационной комиссией по представлению Министра юстиции.
      8. Перечень вопросов для аттестации нотариусов составляется Министерством юстиции на казахском и русском языках. Перечень вопросов после утверждения Центральной аттестационной комиссией рассылается областным управлениям юстиции не позднее чем за сорок пять дней до начала аттестации.
      9. Перечень вопросов для аттестации областными управлениями юстиции вручается всем подлежащим аттестации нотариусам под роспись не позднее чем за тридцать дней до начала аттестации.
      10. Материалы на аттестуемых нотариусов в Центральную и региональные аттестационные комиссии представляют начальники областных управлений юстиции. Материалы на аттестуемых в региональную аттестационную комиссию представляются не позднее чем за день до начала аттестации.
      11. Организационно-техническое обеспечение деятельности Центральной аттестационной комиссии возлагается на Министерство юстиции, а региональных аттестационных комиссий - управления юстиции.
 
           II. Порядок подготовки и проведения аттестации
 
      12. На нотариуса, подлежащего аттестации, представляются:
      1) представление начальника управления юстиции;
      2) служебная характеристика, содержащая оценку профессиональных, деловых и нравственных качеств аттестуемого;
      3) нотариально заверенная копия диплома об образовании;
      4) автобиография, написанная собственноручно аттестуемым;
      5) личный листок аттестуемого с его фотографией размером 3х4, заверенный начальником отдела кадров управления юстиции.
      К представляемым материалам должны быть приложены имеющиеся копии постановлений судов в отношении нотариальных действий аттестуемого, копии приказов о поощрениях и дисциплинарных взысканиях за последние два года, копии постановлений коллегии управления юстиции, копии справок по результатам проверки профессиональной деятельности аттестуемого за 1995-97 гг., сведения о поступивших жалобах на аттестуемого за последние два года и копий решений органов юстиции, принятых по ним.
      Нотариус, подлежащий аттестации, должен быть ознакомлен с представляемой характеристикой и другими материалами не позднее чем за семь дней до начала аттестации под роспись.
      13. Аттестуемые нотариусы должны быть письменно извещены управлением юстиции о начале и месте аттестации за три дня до еҒ начала.
      14. Региональная аттестационная комиссия рассматривает документы, представленные на нотариуса в соответствии с п. 12 настоящего Положения, при необходимости выслушивает самого нотариуса и принимает письменное решение о допуске нотариуса к сдаче аттестационного экзамена. В случае отказа в допуске решение должно быть мотивированным.
      15. Аттестация проводится на казахском или русском языках по выбору аттестуемого.
      16. Нотариус, правильно ответивший в ходе сдачи компьютерного аттестационного экзамена на 65 вопросов из 100 включенных в перечень вопросов для аттестации, считается аттестованным.
      Нотариусу, ответившему правильно на вопросы от 55 до 65 из 100 включенных в перечень вопросов для аттестации, члены аттестационной комиссии могут задавать дополнительные устные вопросы.
      В этом случае решение об аттестации либо неаттестации принимается с учетом результатов ответов на дополнительные вопросы.
      17. Заседания региональной аттестационной комиссии правомочны при наличии не менее трех четвертей ее членов.
      На заседании комиссии ведется протокол. В протоколе должны быть отражены: время и место заседания, состав комиссии, фамилия, имя, отчество и должность аттестуемого, результаты экзамена, дополнительные вопросы, заданные аттестуемому и ответы, данные аттестуемым на них, а также решение, принятое комиссией.
      Решение комиссии принимается простым большинством голосов в две трети от общего числа ее членов в отсутствие аттестуемого. При равном количестве голосов, голос председателя комиссии является решающим.
      Решение и протокол заседания комиссии подписываются всеми еҒ членами. Результаты аттестации аттестуемому сообщаются в тот же день. Решение комиссии может быть выдано аттестуемому по его просьбе.
      18. Решение региональной аттестационной комиссии оформляется отдельно от протокола и содержит заключение комиссии по аттестуемой кандидатуре и решение:
      - аттестован;
      - не аттестован.
      Региональная аттестационная комиссия в случае повторной неявки нотариуса по неуважительным или неизвестным причинам на аттестацию в течение шести месяцев со дня начала аттестации, принимает решение "Не аттестован в связи с неявкой на аттестацию".
      19. Решение региональной аттестационной комиссии о неаттестации нотариуса может быть обжаловано аттестовавшимся в Центральную аттестационную комиссию в течение десяти дней со дня получения копии решения комиссии.
      20. Решения Центральной аттестационной комиссии являются окончательными.
      21. В соответствии с п. 2 статьи 105 Закона Республики Казахстан "О нотариате" государственные нотариусы, не допущенные к аттестации, а также неаттестованные аттестационными комиссиями, освобождаются от должности в соответствии с действующим законодательством Республики о труде.
      22. Решения региональной аттестационной комиссии и Центральной аттестационной комиссии о результатах аттестации нотариусов направляются в областные управления юстиции в течение десяти дней со дня их принятия для издания приказа о переназначении аттестованных государственных нотариусов, либо об освобождении неаттестованных нотариусов от занимаемых должностей.