"Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 106-бабын басшылыққа ала отырып, Бұйырамын:
Орталық аттестациялық комиссия туралы ұсынылған Ереже бекiтiлсiн.
Орталық аттестациялық комиссия туралы 26.07.97ж. Ереженiң күшi жойылды деп танылсын.
ЕРЕЖЕ
1. Мәтiн бойынша әрi қарай "Орталық комиссия" аталатын Орталық аттестациялық комиссия аймақтық аттестациялық комиссиялардың шешiмдерiне шағымдарды қарау үшiн, аттестация басталған күннен бастап, бiр жыл iшiнде дәлелдi себептер бойынша аймақтық аттестациялық комиссияға екiншi рет келмеген мемлекеттiк нотариустардың аттестациясын өткiзуге, сондай-ақ нотариустардың аттестациясы үшiн сұрақтар тiзiмiн бекiтедi.
2. Орталық комиссия Қазақстан Республикасының Әдiлет министрiмен басқа құқықтық кәсiптiк тәжiрибелi нотариустардың, жоғары бiлiктi мамандар санынан құралады.
3. Орталық комиссияның қызметiне басшылықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi жүзеге асырады.
4. Орталық комиссия хатшысы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi аппаратының қызметкерлерi санынан тағайындалады.
5. Орталық комиссияның мәжiлiстерi қажеттi шамада өткiзiледi.
6. Аймақтық аттестациялық комиссияның шешiмдерiне шағым нотариуспен Орталық комиссияға аймақтық комиссия шешiмдерiнiң көшiрмесiн алған күннен бастап он күн мерзiм iшiнде берiледi.
7. Орталық комиссияға берiлген шағым тiркелуге жатады және оны қарау күнi туралы арыз берушiге комиссия мәжiлiсiне дейiн жетi күннен кешiктiрiлмей хабарланады.
8. Орталық комиссия аймақтық аттестациялық комиссияның шешiмiне ол түскен күннен бастап отыз күн iшiнде аймақтық аттестациялық комиссияның алғашқы материалдарының көшiрмелерiн талап етумен қаралады және мына шешiмдердiң бiрiн қабылдайды:
- нотариустың аттестацияланбағаны туралы аймақтық аттестациялық комиссия шешiмiмен келiсiмi туралы;
- нотариустың аттестациядан өткендiгi туралы (аймақтық аттестациялық комиссияның шешiмдерiн бiр уақытта бұзумен).
9. Аймақтық аттестациялық комиссияның шешiмiне арызды қараушы адам Орталық аттестациялық комиссияның мәжiлiсiне қатысуға және қажеттi түсiнiктер беруге құқылы.
10. Арыз берушi адамға қажет жағдайда Орталық комиссия арқылы жауаптар жазбаша немесе ауызша берiлетiн қосымша сұрақтар беруi мүмкiн.
11. Орталық комиссия аттестацияланушының жазбаша арызы негiзiнде және аймақтық аттестациялық комиссияға келмеудiң дәлелдi себептерiн растайтын құжаттарды аймақтық аттестациялық комиссияларға белгiленген тәртiпте дәлелдi себептер бойынша аймақтық аттестациялық комиссияға екiншi рет келмеген нотариустарды аттестациядан өткiзедi.
12. Орталық комиссияның мәжiлiстерi, егер оның мүшелерiнiң кемiнде төрттен үшi қатысса, құқылы болады.
13. Орталық комиссияның шешiмi, егер ол үшiн комиссия мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде үштен екiсi қатысса, қабылданған болып есептеледi.
Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешушi болып табылады.
Дауыс беру ашық жүргiзiледi.
Қабылданған шешiм туралы өтiнiш берушiге немесе аттестацияланушыға сол күнi жазбаша түрде хабарланады.
Шешiмге комиссия мәжiлiсi мүшелерiнiң барлық қатысушылары қол қояды.
Орталық комиссияның шешiмi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде сақтауға қалдырылады.
Шешiмге Орталық комиссияның құрамы қол қояды.
14. Орталық аттестациялық комиссияның шешiмдерi шешушi болып табылады.
Бекiтемiн
Қазақстан Республикасының
Әдiлет министрi
28 қараша 1997 ж.
Орталық аттестациялық комиссияның
ҚҰРАМЫ
1. Мұхамеджанов Бауыржан Әлiмұлы - Әдiлет министрi,
комиссия төрағасы
2. Төкеев Алмасбек Жахангерейұлы - Iшкi әкiмшiлiк
Департаментiнiң
директоры, комиссия
хатшысы
3. Горбатенко Зоя Колуновна - Ақмола қаласының
N 2 нотариалдық
кеңсесiнiң нотариусы
4. Дауылбаев Асхат Қайзоллаұлы - Әдiлет вице-министрi
5. Жалыбин Сергей Михайлович - ҚР Парламенпен
байланыстар жөнiндегi
хатшы
6. Жиленкова Людмила Анатольевна - заң ҒЗИ бөлiм
меңгерушiсi
7. Мочалова Галина Евгеньевна - Алматы қаласының N 16
мемлекеттiк кеңсесiнiң
мемлекеттiк нотариусы