Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы Әкімінің 10.07.1998 N 662 шешімімен.
Қаладағы шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қалыптасуы мен экономикалық өсуін ынталандыру, шағын бизнесті қолдауға, арналып бөлінетін қаражатты пайдаланудың тиімділігін көтеру мақсатында және Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 6 наурыздағы "Шагын кәсіпкерлікті дамытуға мемлекеттік қолдауды күшейту жөніңдегі шаралар туралы" № 3398 Жарлығын орындыу үшін Алматы қаласының әкімі
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қалалық бюджеттің қаражаттарынан, шағын кәсіпкерлікті қолдауга, дамытуға жұмсалатын басқа да көздерден қаржыландыру, жеңілдікті несие қаржысын беру үшін ұсынылатын, Алматы қаласындағы шағын кәсіпкерлік субъектілерінің басым жобаларын анықтау жөніндегі комиссия № 1 Қосымшага сәйкес қүрылсын.
2. Шағын кәсіпкерлік субъектілерін қалалық бюджеттін қаражаттарынан, осы мақсатқа арналған басқа да көздерден қаржыландырудың, несие берудің тәртібі туралы Ереже № 2 Қосымшаға сәйкес бекітілсін.
3. Комиссияның жүмыс органы болып Шагын бизнес департаменті белгіленсін.
4. Шағын бизнес департаменті (Г.А.Алпысбаев):
- комиссияның мәжілістеріне материалдардың әзірленуін және оның шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етсін.
5. Осы шешімнің орындалуын бақылау қала Әкімінін орынбасары Қ.Е.Жаңбыршинге жүктелсін.
Алматы қаласының әкімі В.Храпунов
Алматы қаласы әкімінің
1997 жылғы 7 қазандағы
№ 569 шешіміне
№ 1 Қосымша
Шағын кәсіпкерлікті дамытуға қолдау көрсетуге және жандандыруға бағытталған қалалық бюджеттің ақша каражаттарының және басқа да көздердің акша каражаттарының есебінен қаржыландырылуға және жеңілдікпен несие қаржысын беруге ұсынылатын Алматы қаласының шағын кәсіпкерлік субъектілерінің басым бағыттарын аныктау жөніндегі комиссияның
ҚҮРАМЫ
I. Жанбыршин Қ.Е. |
- комиссия төрағасы, қала әкімінің орынбасары |
2. Васильева Л.А. |
- қалалық экономика комитетінің. төрайымы |
3. Ыскакбаев Н.Ш. |
- Алматы қалалық Салық инспекциясының бастығы |
4. Алпысбаез Т.А. |
- Шағын бизнес департаментінің директоры |
5. Орлов П.Е. |
- Алмалы ауданы әкімінің бірінші орынбасары |
6. Қалдыбаев К.Е. |
- Әуезов ауданы әкімінің орынбасары |
7. Аймағамбетов К.Т. |
- Бостандық ауданы әкімінің орынбасары |
8. Гриненко О.П. |
- Жетісу ауданы әкімінің бірінші орынбасары |
9. Солтанбаев Х.Ж. |
- Түрксіб ауданы әкімінің бірінші орынбасары |
10. Тайшыбеков Д.Т. |
- Медеу ауданы әкімінің бірінші орынбасары |
Алматы қаласы әкімінің
1997 жылгы 7 казандағы
№ 569 шешіміне
№ 2 косымша
Қалалық бюджеттің ақша қаражаттарының
және осы мақсатқа арналған баска да көздердің
есебінен шағын кәсіпкерлік субъектілерін
қаржыландырудың және несие каржысың
бөлудің тәртібі туралы ЕРЕЖЕ
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 6 наурыздағы "Шағын кәсіпкерлікті дамытуды жандандыру және мемлекеттік қолдауды күшейту жөніндегі шаралар туралы" № 3398 Жарлығына сәйкес әзірленді және қалалық бюджеттен, сондай-ак осы мақсатқа сәйкес басқа да көздерден белінетін ақша қаражаттарын бөлуді ұйымдастыруды және оның шарттарын белгілейді.
2. Осы Ереже:
- қалалық бюджеттің ақша қаражаттарының есебінен жеңілдікпен несие қаржысын берудің тәртібін, шарттарын, мерзімдерін;
- Алматы қаласының әкімімен көлісе отырып, шағын кәсіпкерлікті қолдау және оның жұмысын жандандыруға бағытталатын баска да көздердің есебінен жеңілдікпен несие қаржысын берудің тәртібін, шарттарын және мерзімдерін белгілейді.
3. Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жеңілдікпен несие қаржысын беру олардың меншік түрлеріне және қай салаға жататына қарамастан тендерлік негізде анықталған екінші деңгейдегі банк аркылы (әрі қарай - қаржыландырушы банк) жүзеге асырылады.
4. Қалалық бюджеттің ақша қаражаттарының есебінен жеңілдігі бар несие қаржылары өндірістік қызметпен, қала үшін әлеуметтік маңызы бар қызметтер көрсетумен (жұмыстарды орындаумен) айналысатын, сондай-ак жұмыссыз азаматтардың едәуір бөлігіне арналған жұмыс орындарын ашумен айналысатын шағын кәсіпкерлік субъектілеріне беріледі.
5. Қалалық бюджеттің ақша қаражаттарынан шағын кәсіпкерлік субъектілеріне берілетін жеңілдігі бар несие қаржысының проценті жылына 10 процентті құрайды, берілетін несие каржысының мөлшері 1000 000 теңгеден аспауы, несиенің берілу мерзімі 1 (бір) жылдан аспауы тиіс.
6. Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жеңілдікпен несие каржысын бөлу, Алматы қаласы әкімінің келісімімен осы мақсатта оларды дамытуға, колдауға және жұмысын жандандыруға бөлінетін баска да қаржыландыру көздерінің есебінен, осы көздер ушін белгіленген сомада және шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.
7. Женілдігі бар несие қаржысын алу үшін үміткерлер - шағын кәсіпкерлік субъектілері Шағын бизнес департаментіне келесі құжаттарды ұсынуға міңдетті:
- белгіленген үлгідегі өтінім (№ 1 Қосымша);
- кұрылтайшылық құжаттардың нотариус арқылы куәландырылғанкөшірмелері және шаруашылык жүргізуші субъектінің мемлекеттік тіркелуі туралы куәлік;
- статистикалық карточканың көшірмесі;
- штат кестесі;
- салық инспекциясының белгісі соғылған, соңғы өткен кезеңдегі баланстың көшірмесі;
- банкінің несие қаржысы бойынша мерзімі өткен төлемдердің
және олар бойынша есептелген проценттердің жоқтығы туралы анықтамасы;
- жобаның техника-экономикалық негіздемесі (Бизнес-жоспар).
Жеке кәсіпкерлер (заң білімі жок және кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке адамдар) жеңілдігі бар несие қаржысын алу үшін Шағын бизнес департаментіне белгіленген үлгідегі өтінімді (№2 Қосымша) және жобаның техника-экономикалык негіздемесін (Визнес-жоспар) үсынады.
8. Шағын бизнес департаменті үміткерлерден түсетін өтінімдерді және оларға қоса тіркелетін кұжаттарды тіркеуді жузеге асырады және 3 (уш) кун ішінде күжаттарды тексереді, сондай-ак жобаға алдын-ала талдау жасайды және содан соң оларды өзінің ұсыныстарымен, сын-ескертпелерімен бірге шағын кәсіпкерлікті дамытуға қолдау көрсетуге және жандандыруға бағытталған қалалык бюджеттің жене басқа да көздердің ақша каражаттарының есебінен каржыландыруға және жеңілдікпен несие қаржысын беруге ұсынылатын Алматы қаласының шағын кәсіпкерлік субъектілерінің басым бағыттарын анықтау жөніндегі Комиссияның (әрі қарай - Комиссия) карауына жолдайды.
9. Комиссия жеңілдігі бар несие қаржысын алуға үміткерлердің жобаларына баға берер кезде келесі өлшемдерді негізге ала отырып, 93 шешімін шығарады:
- жаңа өндірістерді, алдыңғы қатарлы технологияларды ұйымдастыру және игеру;
- бәсекеге төзімді, импорт арқылы әкелінген өнімдерді ауыстыра алатын өнімдерді өндіру;
- қала үшін әлеуметтік маңызы бар қызметтер (жұмыстарды орындау) көрсету;
- қаланың едәуір мөлшердегі жұмыссыз азаматтарын еңбекке араластыруға арналған жаңа жұмыс орындарын ұйымдастыру;
- мүгедектерді және.еңбек ету қабілеті шектеулі адамдарды еңбекке орналастыру және;жүмысқа тарту;
- кооперация өнімдерін немесе қаланың ірі кәсіпорындарына арналған өнімдерді игеру және шығару;
- және қала үшін баска да басым қызметтердің бағыттарын игеру.
Комиссия айрықша маңызы бар жәнө қаланың әлеуметтік - экономикалық даму бағдарламасына енетін жобалар бойынша оларды қалалық бюджеттің ақша қаражаттарының есебінен қайтарымсыз негізде қаржыландыру туралы Алматы қаласының әкіміне өтініш-хат беру туралы шешім қабылдауга құқылы.
10. Комиссия Шағын бизнес департаменті ұсынған үміткерлердің кұжаттарын қарайды және келесі шешімдер шығарады:
- банкіге жеңілдікпен несие қаржысын беруді ұсыну;
- банкіге жеңілдікті несие қаржысын беруге ұсыныс жасаудан бас тарту;
- жобаны толықтыруга жолдау.
Комиссия ұсынылған жобаларды бағалау бойынша әртүрлі көзқарастар болған жағдайда оларды сараптауға жіберуге құқылы.
11. Комиссия үміткерлердің жобаларын караған соң және тиісті шешімдер шығарған соң әзірленген хаттамалармен бірге кұжаттарды Шағын бизнес департаментіне жолдайды.
12. Шағын бизнес департаменті жеңілдікті несие қаржысын беру үшін, Комиссия кұптаған үміткерлердің тізімдерін және жобаларды қаржыландырушы банкіге жолдайды.
13. Комиссияның қарауынан өткен жобалар бойынша жеңілдікті несие қаржысын алуға үміткерлердің барлық кұжаттары оларға қайтарылады.
Үміткерлердің жобалары жетілдіруді қажет ететін кұжаттары пысықтауға және кайта үсынуға қайтарылады, ал Комиссия жеңілдікті несие қаржысын беруге ұсынудан бас тартқан жобалар бойынша құжаттар үміткерлерге қайта ұсыну құқығынсыз қайтарылады.
14. Жобалары Комиссияның іріктеуінен ойдағыдай өткен және жеңілдікті несие қаржысын беруге ұсынылған шағын кәсіпкерлік субъектілері қаржыландырушы банкі белгіленген заем алушылар қоятын талаптарына сәйкес, несие қаржысын алуға арналған барлық қажетті құжаттарды қаржыландырушы банкіге үсынады.
15. Заем алғысы келетіндердің үсыңған кұжаттары қаржыландырушы банкінің заем алушыларға қоятын талаптарына сәйкес келмеген, жалған мәліметтер анықталған, кепілдікке өткізетін мүлкі болмаған немесе жеткіліксіз болған жағдайда, беретін несие қаржысының кайтарылатынына кепілдік болмаған басқа да жағдайларда қаржыландырушы банк заем алғысы келетін адамға жеңілдікті несие қаржысын беруден бас тартуға құқылы.
16. Қолданылып жүрген. заңдарға сәйкес заем алушыға бөлінетін жеңілдікті несие қаржысын тиісті мақсатқа пайдаланбағаны үшін жауапкершілік жұктеледі.
Қаржылаңдырушы банк несиелік келісімде заем алушының тиісті талаптарды орындамауына байланысты зардаптардың жайын қарастыруға міңдетті және егер заем алушы шарттың талаптарын (форс-мажорлык міндеттемелерден басқаларын) орындамаса, ұсынылған несие қаржысы өэінің жеңілдікті маңызын жояды және шартқа сәйкес айыппұлдық санкцияларды қосып есептей отырып, шұғыл өндіріп алуға жатады.
1 ҚОСЫМША
Комиссия төрағасы,
Алматы қаласы
әкімінің орынбасары,
Қ.Е.Жаңбыршин мырзаға
________________________________________________________- нен.
(кәсіпорынның толық аталуы)
ӨТIНIМ
_______________________________________________________________
(жобаның аталуы)
______________________________________________________________ ақша
қаражаттарының есебінен _____________________________________ айлық
мерзімге (______________________________________) проценттік үстеме
бойынша ____________________________ (_____________________________
_____________________) теңге мөлшерінде жеңілдікті несие қаржысын беру мүмкіндігін қарау үшін қабылдауыңызды өтінеміз.
Шоба жөніндегі құжаттар қоса беріледі.
Мәлімдеуші несие жөніндегі барлық комиссиялық, сақтандыру. және басқа да сомаларды төлеуге міндеттенеді.
Мәлімдеуші туралы жалпы мәліметтер:
Заңды мекенжайы _____________________________________________
Телефоны/факсы ______________________________________________
Банкілік мәліметтері ________________________________________
Өтініш берген күні _________ 199__ жылғы "____" _____________
Басшы ___________________________ (__________________________)
(қолы) (т.е. ә.е.)
Бас бухгалтер ___________________ (__________________________)
(қолы) (т.е. ә.е.)
_____________________________________________________________
ҚАБЫЛДАНДЫ
Қолы__________________
Қабылданған күні 199____ жылғы "___" ________________________
№ 2 ҚОСЫМША
Комиссия төрағасы,
Алматы қаласы
әкімінің орынбасары,
Қ.Е.Жаңбыршин мырзаға
____________________________________________________ дан
(жеке кәсіпкөрдін т.е ә.е.)
ӨТІНІМ
______ ____________________________________________________________
(жобаның аталуы)
_________________________________________ жоба бойынша шағын шағын кәсіпкерлікке байланысты қызметті жузеге асыру ушін _______________
______________________________________________________________ ақша қаражаттарының есебінен _____________________________________ айлық мерзімгө (______________________________) проценттік үстеме бойынша
______________________(____________________________________________)
теңге мөлшерінде жеңілдікті несие қаржысын беру мумкіндігін қарау үшін қабылдауыңызды өтінемін.
Жоба (бизнес-жоспар) бойышша техника-экономикалық негіздеме коса беріледі.
Мәлімдеуші несиө жөніндегі барлық комиссиялық, сақтандыру және басқа да сомаларды төлеуге міңдеттенеді.
Мәлімдеуші туралы мәлімөттер:
Мекенжайы: __________________________________________________
Телефоны/факсы ______________________________________________
Паспорттың мәліметтері ______________________________________
Өтініш берген күні 199 ___ жылғы "___" ______________________
Жеке
кәсіпкер __________________________ (________________________)
(қолы) (т.е. ә.е.)
_____________________________________________________________
ҚАБЫЛДАНДЫ
Қолы__________________
Қабылданған күні 199____ жылғы "___" ________________________