Ескерту: Нұсқаулықтың атауы жаңа редакцияда жазылды -
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитеті 2000 жылғы 27 маусым N 70-Ө
бұйрығымен
.
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында Зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 1997 жылғы 20 маусымдағы N 136-1
Z970136_
Заңына және басқа да заң актілеріне сәйкес әзірленді және жинақтаушы зейнетақы қорының филиалдары мен өкілдіктерін ашудың және жабудың тәртібін айқындайды.
2. Филиалдар мен өкілдіктері мемлекеттік тіркеуге алуды Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Ұлттық зейнетақы агенттігінің (бұдан әрі - Комитет) рұқсаты және жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға берілген лицензияның негізінде Қазақстан Республикасы Әділет министрінің аумақтық басқармалары жүргізеді.
2. Қордың филиалын ашу және жабу тәртібі
3. Қордың филиалы - заңды тұлға болып табылмайтын, Қордың тұрған жерінен тысқары орналасқан, Қордың атынан өзіне берілген өкілеттік шегінде зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын, Қордың жекешеленген бөлімшесі. Филиал Қормен өз қызметін жүзеге асыру үшін қажетті мүлікті бөліседі, Қормен бірыңғай балансы, сондай-ақ Қордың атауымен бірдей атауы болады.
4. Қор филиалды ашуға және оны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуден өткізуге Комитеттің рұқсатын алуға міндетті.
5. Қор Комитетке зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы болған жағдайда ғана филиал ашуға рұқсат беру туралы өтініш бере алады.
6. Комитет Қордың филиалын ашу туралы мәселені құжаттардың толық пакеті тапсырылған күннен бастап бір ай мерзімде қарауы тиіс.
7. Қордың филиалын ашуға рұқсат беру туралы өтінішке мынадай құжаттар қоса тапсырылуы тиіс:
а) Қордың Жарғысына сәйкес Қор филиалын ашу туралы уәкілетті басқару органының шешімі;
б) филиал қызметінің экономикалық негіздемесі (бизнес-жоспар);
в) Қордың уәкілетті органы бекіткен Қордың филиалы туралы ереже, үш данада;
г) <*>
д) <*>
е) үй-жай, ұйымдастыру техникасы, телекоммуникацияның бар екендігін растайтын құжаттар.
Ескерту: 7-тармақтың г)және д) тармақшалары алынып тасталды -
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитеті 2000 жылғы 27 маусым N 70-Ө
бұйрығымен
.
8. 7-тармақтың б тармақшасында аталған құжаттарды егер оларды Қор лицензия алған кезде тапсырған болса, тапсырмауға да болады (мәлiметтер Қордың бизнес-жоспарына енгiзiлдi).
Филиалдың басшы қызметкерлерi оны ашуға Комитеттiң рұқсатын алғаннан кейiн 2-айлық мерзiмде алатын лауазымына сәйкестiгi жөнiнде Комитетте бiлiктiлiк емтиханын тапсыруы тиiс.
Бiлiктiлiк емтиханын тапсырғаннан кейiн 3 жұмыс күнi iшiнде Қор Комитетке филиалдың басшысына берiлген, оның құзыретi көрсетiлген, екi данадан тұратын сенiмхатты, оның бiреуi Қорға қайтарылады, ұсынуға мiндеттi. <*>
Ескерту: 8-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Жинақтаушы зейнетақы
қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитеті 2000 жылғы 27 маусым N 70-Ө
бұйрығымен
.
9. Қордың филиалын ашуға рұқсат беруден мына негіздердің кез-келгені бойынша бас тартуға болады:
а) осы Ереженің 7-тармағына сәйкес талап етілетін барлық құжаттар тапсырылмағанда;
б) Қор тапсырған ақпараттар заңды және Комитеттің нормативтік
құжаттарын бұзғандығы туралы айғақтаса.
10. Филиалды жабу (біріктіру) туралы шешім Комитетпен келісілуі тиіс, ол үшін мына құжаттар тапсырылады:
а) Қордың уәкілетті органының филиалды жабудың немесе біріктірудің қажеттілігінің негіздемесі көрсетілген шешімі;
б) алушылардың дербес зейнетақы шоттары бойынша мәліметтер базасы мен құжаттарды басқа филиалға немесе Қордың өзiне беру тәртібі туралы шешім. <*>
Ескерту: 10-тармақ толықтырылды - ҚР Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігінің Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитеті 2000 жылғы 27 маусым N 70-Ө
бұйрығымен
.
11. Қордың филиалын жабуға (біріктіруге) рұқсат беру туралы шешімді Комитет Қор тапсырған құжаттардың негізінде 10 жұмыс күнi iшiнде қабылдайды. <*>
Ескерту: 11-тармақ толықтырылды - ҚР Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігінің Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитеті 2000 жылғы 27 маусым N 70-Ө
бұйрығымен
.
3. Қордың өкілдіктерін ашу (жабу) тәртібі
12. Қордың өкілдігі - заңды тұлға болып табылмайтын, Қордың тұрған жерінен тысқары орналасқан және Қордың мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын (зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті жүргізусіз) Қордың жекеленген бөлімшесі.
13. Өкілдік қордың атынан заңды және жеке тұлғалармен шарт жасасуға және алушылардың дербес зейнетақы шоттары бойынша ақпарат беруге құқылы.
14. Қор өзінің өкілдігін ашуға (жабуға) Комитеттен рұқсат алуға міндетті.
15. Қордың өкілдігін ашуға (жабуға) рұқсат беру туралы мәселені Комитет құжаттардың толық пакеті тапсырылған күннен бастап бір ай мерзімде қарауы тиіс.
16. Қордың өкілдігін ашуға рұқсат беру туралы өтінішке мынадай құжаттар қоса тапсырылуы керек:
а) Қордың Жарғысына сәйкес Қордың өкілдігін ашу туралы уәкілетті органның шешімі;
б) уәкілетті орган бекіткен, өкілдік туралы ереже, үш данада;
в) <*>
г) <*>
д) өкілдік қызметкерлерінің болжамды саны туралы мәлімет.
Өкiлдiктiң басшы қызметкерлерi өкiлдiктi ашуға Комитеттiң рұқсатын алғаннан кейiн 2-айлық мерзiмде алатын лауазымына сәйкестiгi жөнiнде Комитетте бiлiктiлiк емтиханын тапсыруы тиiс.
Бiлiктiлiк емтиханын тапсырғаннан кейiн 3 жұмыс күнi iшiнде Қор Комитетке өкiлдiктiң басшысына берiлген, оның құзыретi көрсетiлген, екі данадан тұратын сенiмхатты, оның бiреуi Қорға қайтарылады, ұсынуға мiндеттi. <*>
Ескерту: 16-тармақтың в) және г) тармақшалары алынып тасталды, толықтырылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
министрлігінің Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу
жөніндегі комитеті 2000 жылғы 27 маусым N 70-Ө
бұйрығымен
.
17. Қордың өкілдігін жабуға рұқсатты Комитет Қор берген өтініш бойынша береді.
4. Қорытынды ережелер
18. Комитет Қордың құрылған филиалдары мен өкілдіктерінің тізілімін жүргізеді.
19. Қордың филиалдары мен өкілдіктерін ашуға немесе жабуға (біріктіруге) рұқсат Комитет бұйрығының негізінде беріледі. <*>
Қор тіркеу органына филиал (өкілдік) туралы Ережені Комитеттің белгісімен тапсырады.
Ескерту: 19-тармақ өзгертілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Жинақтаушы зейнетақы қорларының
қызметін реттеу жөніндегі комитеті 2000 жылғы 27 маусым N 70-Ө
бұйрығымен
.
20. Белгiленген үлгiдегi филиалдың (өкiлдiктiң) есептiк тiркеу куәлiгiнiң нотариалды куәландырылған көшiрмесi және статистикалық картаның көшiрмесi тiркеуден өткеннен кейiн 10 жұмыс күнi iшiнде Комитетке тапсырылуы тиiс. <*>
Ескерту: 20-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Жинақтаушы зейнетақы
қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитеті 2000 жылғы 27 маусым N 70-Ө
бұйрығымен
.
21. Қор рұқсат алу үшін тапсырылған мәліметтер мен құжаттардағы өзгерістер туралы Комитетке 10 күн мерзім ішінде жазбаша нысанда хабарлауға міндетті.
22. Филиал (өкілдік) заңдық және нормативтік-құқықтық актілерді бұзған жағдайда Комитет Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында Зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Заңының 42-бабында көзделген ықпал ету шараларын қолдануға құқылы.
23. Филиалды жабу туралы белгiленген тәртiппен шешiм қабылдағаннан кейiн Қор есептiк тiркеу (қайта тiркеу) куәлiгiнiң күшiн жою жөнiнде және филиалдың (өкiлдiктiң) қызметiнiң тоқтағаны туралы мәлiметтер тiзiмiне енгiзу шараларын қабылдауға мiндеттi. 10 жұмыс күнi iшiнде Қор Комитетке аумақтық әдiлет басқармасының тиiстi шешiмi туралы бұйрығының нотариалды куәландырылған көшiрмесiн тапсыруға мiндеттi. <*>
Ескерту: 23-тармақпен толықтырылды - ҚР Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігінің Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитеті 2000 жылғы 27 маусым N 70-Ө
бұйрығымен
.