1. "Госпитальдардың, санаторийлердің және басқа әскери-емдеу мекемелерінің бастықтарымен, олардың медицина жағынан орынбасарларының, аға және кезекші дәрігерлердің, сондай-ақ нотариаттық іс-әрекеттерді жасауға өкілетті органдары мен адамдары жоқ әскери бөлімдердің, құрамалардың, мекемелердің және әскери-оқу орындарының командирлерімен (бастықтарымен) сенімхаттар мен өсиеттерді куәландыру тәртібі туралы" осы Нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) лауазымды адамдардың нотариаттық түрде куәландырылғандарға теңестірілген сенімхаттар мен өсиеттерді куәландыру тәртібі мен ережелерін айқындайды.
2. Қазақстан Республикасының Азаматтық
кодексінің
167-бабына, Қазақ ССР Азаматтық
кодексінің
538-бабына және Қазақстан Республикасының "Нотариат туралы"
Заңының
37-бабына сәйкес нотариалдық куәландырылған құжаттарға теңестірілетіндер:
1) госпитальдарда, санаторийлерде, өзге де емдеу-алдын алу мекемелерінде емделіп жатқан әскери қызметшілер мен басқа адамдардың осы госпитальдардың, санаторийлер мен басқа да әскери-емдеу мекемелерінің бастықтары, олардың медицина жағынан орынбасарлары, аға және кезекші дәрігерлері куәландырған сенімхаттары мен өсиеттері;
2) әскери қызметшілердің, ал нотариустары мен нотариаттық іс-әрекеттер жасауға өкілетті лауазымды адамдары жоқ әскери бөлімдердің, құрамалардың, мекемелердің, әскери-оқу орындарының орналасқан пункттерінде, сондай-ақ жұмысшылар мен қызметшілердің, олардың отбасы мүшелерінің және әскери қызметшілердің отбасы мүшелерінің осы бөлімдер, құрамалар, мекемелер мен орындардың командирлері (бастықтары) куәландырған сенімхаттары мен өсиеттері.
3. Осы Нұсқаулықта қолданылған негізгі терминдер мен анықтамалар:
1) өсиет - қайтыс бола қалған жағдайда азаматтың өзіне тиісті мүлікті тағайындаған мұрагеріне заңда көрсетілген үлгіде беруі жөніндегі өкімі;
2) өсиет қалдырушы - өзіне тиісті мүлікті өлген жағдайда мұрагеріне беру туралы өкім беруші адам;
3) сенімхат - бір адамның (сенім білдіруші) өз атынан іс-әрекет жасау үшін екінші бір адамға (сенім білдірілген адамға) жазбаша сенім білдіруі;
4) әрекет қабілеттілігі - азаматтың өз әрекеттерімен азаматтық құқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға, өзі үшін азаматтық міндеттер жасап, оларды орындауға қабілеттілігі;
5) әрекет қабілеттілігі жоқ азамат - заңмен белгіленген тәртіпте жүйке ауруы немесе ақыл-есінің кемдігі салдарынан өз іс-әрекеттерінің мәнін түсіне алмайтын немесе не істегенін білмейтіндігі салдарынан сотпен әрекет қабілеттілігі жоқ деп танылған азамат;
6) әрекет қабілеттілігі шектелген азамат - спирт ішімдіктеріне немесе есірткі заттарға салыну салдарынан өзінің отбасын материалдық жағынан ауыр жағдайға ұшыратқан және белгіленген заң тәртібі бойынша сот арқылы әрекет қабілеттілігі шектелген азамат;
7) қорғаншылық (қамқоршылық) - әрекет қабілеттілігі жоқ немесе әрекет қабілеттілігі шектелген адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі мемлекеттік қамқорлықтың құқықтық нысандарының бірі;
8) қорғаншы (қамқоршы) - мемлекеттің әрекет қабілеттілігі жоқ немесе әрекет қабілеттілігі шектелген кәмелетке толғандардың құқықтары мен мүдделерін қорғау міндеттерін жүктейтін адам;
9) қамқорлыққа алынған - қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленетін адам;
10) куәландыру жазбасы - құжаттың куәландырылу немесе құжатты беру күнін, құжатты куәландырған адамның тегін, нотариаттық іс-әрекеттің жасалу орнын, жасалған нотариаттық іс-әрекеттің атауын, нотариаттық іс-әрекеттің реестрде тіркелу туралы мәліметтерін, нотариаттық іс-әрекеттер жасауға өкілеттік берілген адамның қойған қолын, мөрдің бедерлемесін көрсетумен нотариаттық іс-әрекеттер жасауға өкілетті адамның нотариаттық іс- әрекеттердің жасалған фактісін куәландыратын жазбасы;
11) лауазымды адамдар - госпитальдардың, санаторийлердің және басқа әскери-емдеу мекемелерінің бастықтары, олардың медицина жағынан орынбасарлары, аға және кезекші дәрігерлері, әскери бөлімдердің, құрамалардың, мекемелердің және әскери-оқу орындарының командирлері (бастықтары).
4. Госпитальдарда, санаторийлерде, өзге де емдеу-алдын алу мекемелерінде емделіп жатқан әскери бөлімдердің, құрамалардың, мекемелердің, әскери-емдеу орындарының орналасқан пункттеріндегі мүдделі адамдардың ауызша өтініштері бойынша сенімхаттар мен өсиеттер куәландырылады.
5. Лауазымды адамдар өздері куәландырған сенімхаттар мен өсиеттер құпиялығын сақтаулары тиіс. Өсиет мазмұны ешкімге де, соның ішінде өсиетте аты көрсетілген адамдарға да хабарланбайды.
Сенімхаттың бары немесе оның мазмұны туралы анықтама тапсырыс бойынша сенімхат куәландырылған, не оның өкілдігіне ие болған адамға ғана беріледі.
Өсиеттің барлығы және оның мазмұны туралы анықтама өсиет қалдырушы қайтыс болып, оның өлгені туралы куәлік ұсынылғанынан кейін ғана беріледі.
Куәландырылған сенімхаттар мен өсиеттер туралы мәліметтер сот, прокуратура, сондай-ақ тергеу және алдын-ала анықтау органдарының жазбаша талаптары бойынша олардың өндірісіндегі қылмыстық және азаматтық істер бойынша беріледі.
6. Куәландырылған сенімхаттар мен өсиеттердің құпиялығын сақтау ережесі, сондай-ақ қызмет бабы бойынша немесе міндеттердің орындалуына байланысты куәландырылған сенімхат пен өсиет белгілі болған адамдарға да тарайды.
7. Лауазымды адамдар, сондай-ақ қызметтік міндетті орындаумен байланысты куәландырылған сенімхаттар мен өсиеттер белгілі болған адамдар куәландырылған құжаттар құпиясын қасақана ашқан жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапқа тартылады.
8. Лауазымды адам сенімхаттар мен өсиеттерді куәландырған сәтте сенімхат немесе өсиетті куәландыруды өтінген адамның жеке басын анықтайды және оның әрекет қабілеттілігін тексереді.
Келген адамның жеке басы төлқұжаты немесе оның жеке басының куәлігі бойынша анықталады.
18 жасқа толғандардың ғана сенімхаттары мен өсиеттері куәландырылуға жатады.
9. Лауазымды адам өсиетті куәландырған кезде өсиет қалдырушы өз іс- әрекетінің мән-маңызын түсіне алатынына, оны басшылыққа алатынына, әзірленген өсиетке қатысты адасушылықтың жоғына, оған ешкім қоқан-лоқы жасамайтынына және алдамайтынына көз жеткізу қажет.
10. Жүйке ауруы немесе ақыл-есінің кемдігі салдарынан күшіне енген соттың шешімімен әрекет қабілеттілігі жоқ деп танылған адамдардың сенімхаттары мен өсиеттері, сондай-ақ сенімхаттар мен өсиеттерді жасау кезінде (мысалы, алкогольдік, есірткі немесе токсикоманиялық мастықта тұрған адамдардың) өзінің іс-әрекеттерін түсіне алмаған және оларға басшылық жасай алмаған жағдайдағы адамдардың сенімхаттары мен өсиеттері куәландырылмайды.
11. Егер сенімхаттар немесе өсиеттерді куәландыруды өтінген адамның сот арқылы белгілі заң тәртіптерімен әрекет қабілеттілігі шектелсе, онда лауазымды адам:
1) оның қамқоршысының келісімі бойынша мүлікке иелік ету сенімхатын куәландырады;
2) өсиетті куәландырудан бас тартады.
12. Лауазымды адам сенімхатты немесе өсиетті куәландырмас бұрын:
1) сенімхаттар немесе өсиетті куәландыруға байланысты туындайтын салдарлар туралы сенім білдіруші немесе өсиет қалдырушыға алдын-ала ескертуге;
2) сенімхат немесе өсиетті өзгерту, күшін жою тәртіптерін түсіндіруге;
3) сенімхат немесе өсиеттен туындайтын олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіруге;
4) сенім білдірушінің немесе өсиет қалдырушының өтініші бойынша сенімхат немесе өсиет жобасын жасауға міндетті.
13. Сенімхат немесе өсиет дайындаушы лауазымды адам мүдделі адамға жобаның мазмұнын дауыстап оқып береді, немесе соңғы бұл жобаны өзі оқып шығады. Мүдделі адам жобамен келіскен жағдайда лауазымды адамның қатысуымен оған қол қояды.
14. Егер сенімхат немесе өсиетті куәландыруды өтінген әрекет қабілеттілігі бар адам:
1) дене кемістігі немесе басқа да бір себептермен қол қоя алмаса, онда оның өтінуі және қатысуымен, сондай-ақ лауазымды адамның қатысуымен сенім білдіруші немесе өсиет қалдырушының өзінің қол қоя алмайтын себеп-салдары көрсетіліп, екінші бір адамның құжатқа қол қоюы мүмкін;
2) дене кемістігінің салдарынан (керең, мылқау немесе керең-мылқау) өз еркін айқын білдіре алмаған жағдайда, онымен түсінісе алатын, өсиеттің немесе сенімхаттың мазмұны керең, мылқау немесе керең-мылқау адамның еркіне сәйкес келетіні туралы өз қолымен куәландыратын сауатты, әрекет қабілеттілігі бар адам өсиет немесе сенімхатты куәландыратын сәтте міндетті түрде қатысуы тиіс;
3) сауатсыздығының немесе дене кемістігінің салдарынан куәландырылған сенімхат пен өсиеттің мазмұнымен таныса алмайтын (мысалы, көзі шала көретін немесе мүлдем көрмейтін) жағдайда оған құжат мәтіні оқылып, құжатқа бұл жөнінде тиісті жазбалар жазылады.
15. Сенім білдірілген адам сенім білдіруші үшін қол қоя алмайды.
Мүлік өсиет етілген адамның өсиет қалдырушы үшін қол қоюына болмайды.
Сенімхат пен өсиетті куәландырушы лауазымды адам сенім білдіруші немесе өсиет қалдырушы үшін қол қоя алмайды.
16. Сенімхат немесе өсиеттің мәтіні анық жазылған немесе басылған болуы тиіс. Құжаттың мәтінінің қолмен жазылған жағдайында көк немесе күлгін түсті сия пайдаланылады.
Тазартулар, қосып жазылған, сызылған сөздер немесе ескертілмеген басқа түзетулері бар, сондай-ақ қарындашпен немесе фломастермен жазылған құжаттар куәландырылмайды.
Куәландырылатын құжаттың мәтініндегі күн мен мерзім кем дегенде бір рет сөзбен жазылуға тиіс. Жеке тұлғалардың тегі, есімі, әкесінің аты, олардың мекен-жайлары толық, ал заңды тұлғалардың орналасқан жерлері көрсетілумен қысқартылмай жазылады.
Сенімхаттар мен өсиеттердегі толық жазылмаған жолдар мен басқа бос орындар сызылады, қосып жазылған және түзетілген сөздер сенім білдіруші немесе өсиет қалдырушы қол қояр алдында ескертілуі керек және куәландыру жазбасының соңында қайталануы, мұнда қате жазылып, артынан сызылғандардың барлығы алғашқы мәтіні оқуға болатындай етіп түзетілуі тиіс.
17. Сенімхатты немесе өсиетті куәландырудан мынадай жағдайларда:
1) мұндай іс-әрекетті жасау заңға қайшы келсе;
2) сенімхатты немесе өсиетті куәландыру жөніндегі өтінішпен әрекет қабілеттілігі жоқ адам келсе;
3) сенімхат немесе өсиеттің мазмұны заң талаптарына сәйкес келмесе бас тартылуы мүмкін.
Сенімхат немесе өсиетті куәландыруды өтінген адамға бас тартылған жағдайда лауазымды адам бас тартудың себебін көрсете отырып, дереу жазба түрдегі қаулыны табыс етеді.
18. Сенімхат немесе өсиетті куәландырудан бас тартылғаны, сондай-ақ оларды дұрыс куәландырмағаны үшін сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкін.
19. Лауазымды адам сенімхатты немесе өсиетті өзінің атына, өзінің атынан, зайыбының атына және оның атынан, туған-туысқандары (әке-шешесі, балалары, аға-інілері, апа-қарындастары, немерелері, ата-әжесі) атына және олардың атынан куәландыруға құқығы жоқ.
Жоғарыда көрсетілген ережелерді бұзу арқылы куәландырылған өсиеттер мен сенімхаттар жарамсыз болып табылады.
20. Жастары кәмелетке толған азаматтардың біреуінің атынан екінші біреуінің атына, бірнеше адамның атынан бір адамның атына және бір адамның атынан бірнеше адамның атына куәландырылуы мүмкін.
21. Сенімхатты куәландыруды өтінген адамға:
1) сенімхатта сенім білдіруші осы сенімхат арқылы оған берілген өкілеттіктерді басқа адамға қайта сеніп тапсыра алуын көрсетуі;
2) берілген сенімхаттың күшін жою құқығы түсіндіріледі.
Сенім білдіруші сенімхаттың күшін жойған жағдайда ол осы сенімхат табыс етілетін ұйымға оның бұзылғандығы жөнінде жазбаша өтініш жолдауы тиіс.
22. Сенімхат мына үлгілерде жазылуы мүмкін:
1) N 1 үлгі - мүлікке жалпы иелік етуге сенімхат берілгенде;
2) N 2 үлгі - үй, пәтер, саяжай, гаражды сатуға;
3) N 3 үлгі - жалақы алуға;
4) N 4 үлгі - мұрагерлік істі жүргізуге.
Басқа сұрақтар бойынша сенімхаттар жоғарыда көрсетілген үлгілерге сәйкес жасалады.
23. Сенім білдірілген адамның өкілдігі сенімхатта дәл айқындалуы қажет. Мысалы, сенім білдіруші тұрғын үйді сату жөнінде сенімхат берген кезде өзіне тиесілі үйді сенім білдірілген адамның кімге, қандай бағаға және қандай шартпен сатуы тиіс екендігін көрсетуге құқылы немесе сенім білдірілген адам өз қарауы бойынша іс-әрекет жасай алады.
24. Сенімхаттың қолданылу мерзімін сенімхат берген адам өз қалауынша белгілейді, бірақ үш жылдан асырмауы тиіс.
Егер сенімхатта оның қолданылу мерзімі көрсетілмесе, онда ол берілген күннен бастап, бір жылға дейін күшінде болады.
Сенімхаттың іс-әрекет мерзімі жазбаша көрсетіледі.
25. Өсиет бір адамның атынан ғана жасалады.
Бірнеше адамның (ерлі-зайыптылардың, аға-інілердің, апа-сіңлілердің және т.б.) атынан жасалған өсиет куәландырылуға жатпайды.
Қолданылып жүрген заңдарға сәйкес қорғаншылыққа алынғанның атынан қорғаншының жасаған, сондай-ақ өсиет қалдырушының қатысуымен ғана куәландырылатындығынан сенімхат негізінде жасалған өсиеті куәландыруға рұқсат етілмейді.
26. Лауазымды адам ҚазССР Азаматтық кодексінің 530-бабына сәйкес өсиет қалдырушының кәмелетке толмаған немесе еңбекке жарамсыз балалары (соның ішінде асырап алған балалары), сондай-ақ еңбекке жарамсыз жұбайы, ата-анасы (асырап алушылары) және өлген адамның қарауында болғандар өсиет мазмұнына қарамастан заң бойынша әрқайсысы кемінде үштен екі үлеске (міндетті үлес) ие болатынын өсиет қалдырушыға түсіндіруге міндетті. Міндетті үлес мөлшерін анықтаған кезде үй-іші тұрмысында қолданатын заттардың да бағасы ескеріледі.
27. Лауазымды адам өсиет қалдырушыны оның тілегі бойынша ҚазССР Азаматтық кодексінің 527-530 баптарымен анықталатын мұрагерлердің шеңберімен таныстырады, сондай-ақ өсиет қалдырушының мынадай құқықтарының бар екендігін түсіндіреді:
1) өсиет бойынша өз мүлкін немесе оның бір бөлігін (үй тұрмысында ұсталатын заттармен қоса) заң бойынша мұрагерге жататын немесе жатпайтын бір немесе бірнеше адамға, сондай-ақ мемлекетке, жекелеген заңды тұлғаларға қалдыруға болады. Өсиет қалдырушы өз өсиетінде ҚазССР Азаматтық кодексінің 530-бабында көзделген міндетті мұрагерлерден басқа, заң бойынша бір, бірнеше немесе барлық мұрагерді мұрагерлік құқықтан айыра алады;
2) егер өсиет бірнеше адамның пайдасына жасалса, онда әрбір мұрагерге өсиет етілетін мүлік үлесі атап көрсетіледі, мұндағы үлес нақты түрде (мысалы, "бірдей мөлшерде","екіден бір үлес") белгіленеді;
3) жаңасы жасалып, кез келген уақытта өсиетті өзгертуі немесе күшін жоюға құқылы екендігі. Өсиет қалдырушы сондай-ақ сақтауға тапсырған нотариусқа өтініш беру жолымен өсиетінің күшін жоя алады.
28. Мазмұнына қарай өсиет мынадай үлгілерде жасалуы мүмкін:
1) N 5 үлгі бойынша - егер өсиет қалдырушы өсиет бойынша өзінің барлық мүлкін қалдырғысы келсе;
N 6 үлгі бойынша - егер өсиет қалдырушы мүлкінің қандай да болмасын бір бөлігін (мәселен, банктегі салымын) бөліп алғысы келсе;
N 7 үлгі бойынша - егер өсиет қалдырушы барлық өзге мүліктеріне тиіспей, мүліктің белгілі түрін өсиет бойынша қалдыруды қаласа.
29. Куәландыру кезінде өсиет қалдырушыдан өсиет етілген мүлкінің өзінікі екендігін растау, сондай-ақ пайдаларына өсиет қалдырылған адамдардың туыстық қатынасы туралы дәлелдемелер талап етілмейді.
30. Сенім білдіруші немесе өсиет қалдырушы қол қойған сенімхат немесе өсиет лауазымды адаммен куәландырылуы мүмкін. Құжатты куәландыру ұсынылған үлгілер (NN 8,9) бойынша куәландыру жазбасымен расталады.
Осы Нұсқаулықтың 14-тармағында көзделген жағдайларда куәландыру жазбасы NN 10,11 үлгілер бойынша жасалып, сенім білдіруші немесе өсиет қалдырушының құжатқа қол қоя алмаған себептері көрсетіледі.
31. Куәландыру жазбасы құжатқа құжат жасалған күні жазылады. Куәландыру жазбасының мәтіні жазу машинкасымен басылуы немесе қолмен жазылуы мүмкін. Куәландыру жазбасын тазартып өшіруге рұқсат етілмейді. Сенімхаттың немесе өсиеттің үстіне жазу және басқа түзетулер осы құжаттарды куәландыру жазбалары үшін лауазымды адаммен ескертілуі тиіс.
32. Куәландыру жазбасы құжаттың бірінші немесе келесі бетінде, немесе жеке парақта сенім білдіруші немесе өсиет қалдырушының қолдарын қойғанынан кейін жасалады. Куәландыру жазбасы жеке парақта түсірілген жағдайда, сондай-ақ құжат мазмұны бірнеше бетте берілсе, барлық парақ нөмірленуі және жіппен қайымдалуы тиіс, осы туралы тиісті жазу жазылып, Лауазымды адамның қолымен расталып, мекеме мөрімен бекітілуі тиіс.
Сенімхаттағы немесе өсиеттегі куәландыру жазбасына лауазымды адамның қолы қойылып, мөрімен бекітіледі.
33. Сенімхат немесе өсиет екі дана болып куәландырылады және N 12 үлгідегі реестрде тіркелуге жатады.
Тіркелуге арналған реестр нөмірленуі, жіппен қайымдалуы, лауазымды адамның қолы қойылуы және мекеме мөрімен бекітілуі тиіс.
Осы реестрге тіркелген сенімхат немесе өсиеттің рет саны бұл сенімхаттың немесе өсиеттің екі данасының куәландыру жазбасына қойылуы керек.
34. Реестрге тиісті жазу жазылғаннан кейін сенімхаттың бір данасы сенім білдірушінің қолына беріледі немесе оның өтініші бойынша және осының қаржысының есебінен ол көрсеткен мекен-жайдағы сенім білдірілген адамға жіберіледі. Басқа данасы мекеменің іс қағаздарында сақталады.
35. Лауазымды адам реестрге тиісті жазу жазғаннан кейін өсиеттің бір данасын өсиет қалдырушының қолына береді, ал екінші данасын өзі куәландырған мерзімнен бастап он күн ішінде өсиет қалдырушының тұрақты мекен-жайы бойынша нотариусқа сақтауға тапсыруға міндетті.
36. Егер өсиет қалдырушының Қазақстан Республикасында тұрақты мекен- жайы болмаса немесе оның қайда тұратыны белгісіз болса, өсиет Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі анықтайтын нотариусқа жіберіледі.
N 1 қосымша
Мүлікті басқаруға арналған
сенімхаттың үлгі нысаны
СЕНІМХАТ
Алматы қаласы, бір мың тоғыз жүз тоқсан жетінші жылдың бесінші наурызы Мен, төменде қол қоюшы, Алматы қаласы, Гоголь көшесі, 15-үй, 8-пәтерде тұратын Королев Иван Александрович осы сенімхатпен Алматы қаласы, Желтоқсан көшесі, 16-үйде тұратын Веницианова Элла Петровнаға өзіме тиісті қандай да болмасын және қайда болмасын барлық мүлкімді басқаруға және оларға иелік етуге, мүлікті басқару және оларға иелік ету жөнінде заңмен рұқсат етілген барлық мәмілелерді жасауға: тұрғын үйлер мен басқа мүліктерді: сатып алуға, сатуға, сыйға тартуға, сыйға алуға, ауыстыруға, кепілге беруге және кепілге алуға, жасалған мәмілелер бойынша есеп айырысуға; мұраларды қабылдауға немесе олардан бас тартуға; барлық адамдардан, мекемелерден, кәсіпорындардан, ұйымдардан, соның ішінде банк бөлімшелерінен, пошта бөлімдері мен телеграфтардан барлық негіздер бойынша маған тиісті мүліктерді, ақшаларды (салымдарды), бағалы қағаздарды, сондай- ақ басқа құжаттарды алуға; банктегі шоттарымды басқаруға; пошта, телеграф және әртүрлі корреспонденциялар, соның ішінде ақшалай және сәлемдемелерді алуға; барлық мемлекеттік мекемелерде кооперативтік және қоғамдық ұйымдарда менің атымнан істер жүргізуге; сондай-ақ барлық сот мекемелерінде талапкерге, жауапкерге және үшінші жаққа және жәбірленушіге берілген барлық құқықтармен менің істерімді жүргізуге, соның ішінде қуыным талаптарынан толықтай және жартылай бас тартуға, қуынымды тануға, қуыным мәнін өзгертуге, бейбіт келісім жасауға, сот шешіміне шағым жасауға, орындау қағазын төлемі үшін ұсынуға, ұйғарылған мүлікті немесе ақшаны алуға өкілеттік беремін.
Сенімхат үш жыл мерзімге беріледі.
Қолы ___________________
N 2 қосымша
Үйді, пәтерді, саяжайды, гаражды
сату сенімхатының үлгі нысаны
СЕНІМХАТ
Алматы қаласы, бір мың тоғыз жүз тоқсан жетінші жылдың бесінші мамыры Алматы қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 8-үйде тұратын Зимин Василий Иванович, Алматы қаласы, Металлистер көшесі, 30-үйде тұратын Вятский Семен Васильевичке Алматы қаласы, Қабанбай батыр көшесіндегі маған тиесілі N 8-ші тұрғын үйімді (пәтерімді, сая жайымды, гаражымды) өз қалауы бойынша бағаға және жағдайларда сатуға сенім білдіремін, сол үшін оның қажетті анықтамалар мен басқа құжаттарды алуына, тұрғын үйді (пәтерді, саяжайды, гаражды) сатып алу-сату шартын жасауға, маған тиесілі ақшаны алуға, сондай-ақ осы тапсырманың орындалуына байланысты барлық іс-әрекеттерді жасауға құқық беремін.
Осы сенімхат жөніндегі өкілеттіктер басқа адамдарға берілуі мүмкін.
Сенімхат алты ай мерзімге берілді.
Қолы _______________
N 3 қосымша
жалақы алуға сенімхаттың
үлгі нысаны
СЕНІМХАТ
Алматы қаласы, бір мың тоғыз жүз тоқсан жетінші жылдың оныншы наурызы
Мен, Алматы қаласы, Тұрғыт Өзал көшесі, 64-үй, 5-пәтерде тұратын Смирнова Мария Ивановна Алматы қаласы, Красин көшесі, 16-үйде тұратын Смирнов Валерий Петровичке __
_________________________________________________________________
(мекеменің атауы)
бухгалтериясынан _______________ жылдың ____________________
айындағы маған тиесілі жалақымды алуға сенім білдіремін, оған мен үшін қол қою құқығын және осы тапсырманы орындауға байланысты барлық іс-әрекеттерді жасауға құқық беремін.
Сенімхат бір жыл мерзімге берілді.
Қолы ___________________
N 4 қосымша
Мұралық істі жүргізу
мұраға құқық туралы
куәлікті алуға сенімхаттың
үлгі нысаны
Алматы қаласы, бір мың тоғыз жүз тоқсан жетінші жылдың екінші сәуірі
Мен, Алматы қаласы, Трубная көшесі, 6-үй, 12-пәтерде тұратын Оганесова Виктория Петровна
Қостанай қаласы, Пашков көшесі, 8-үйде тұратын Матвеев Федор Ивановичке Қостанай қалалық мемлекеттік нотариалдық кеңсесінде мұралық істі жүргізуге және 1997 жылдың 2-қаңтарында қайтыс болған әкем Оганесов Артем Петровичтен қалған, үй-іші тұрмысында ұсталатын заттардан, сондай-ақ Қостанай қаласы, Некрасов көшесі 3-ші тұрғын үйден тұратын мұралық мүлікті алу құқығымен мұраға құқық туралы куәлікті алуға сенім білдіремін.
Көрсетілген іс-әрекеттерді жасау үшін оған менің атымнан өтініштер беруге, анықтамалар мен қажетті құжаттарды алуға, мен үшін қол қоюға және осы тапсырманы орындауға байланысты барлық қажетті іс-әрекеттерді орындауға өкілеттілік беремін.
Сенімхат екі жыл мерзімге берілді.
Қолы ___________________
N 5 қосымша
Барлық мүлікке өсиеттің нысаны
ӨСИЕТ
__________ жылдың ___________ __________ айының _______________
"___"_______________ күні.
Мен, төменде қол қоюшы _________________________________
(өсиет қалдырушының тегі, аты,
________________________________________________________________
әкесінің аты, соңғы тұрақты мекен-жайы)
қайтыс болу жағдайыма осы өсиетіммен мынадай өкім жасаймын:
Мен қайтыс болған күнде маған тиесілі болатын қайда және
қандай да болмасын барлық мүлкімді мен __________________________
_________________________________________________________________
(пайдасына мүлік өсиет етілген адамдардың тегі,
_________________________________________________________________
аттары және әкелерінің аттары)
өсиет етемін.
ҚазССР Азаматтық кодексінің (ерекше бөлім) 530-бабы маған
түсіндірілді.
Осы өсиет екі данада жасалды және қол қойылды, оның біреуі
сақтауға нотариусқа жіберіледі, ____________________________________
(оның мекен-жайын немесе нотариалдық
____________________________________________________________________
кеңсенің атауын көрсетумен нотариустың тегі,
____________________________________________________________________
аты, әкесінің аты)
ал екіншісі өсиет қалдырушыға беріледі.
Өсиет қалдырушының қолы ____________________________
N 6 қосымша
Барлық мүлікке, соның ішінде оның
жекелеген түрлеріне өсиеттің нысаны
ӨСИЕТ
____________ жылдың _________ ________ айының _________________
"___"__________________ күні.
Мен, төменде қол қоюшы ______________________________________
(өсиет қалдырушының тегі, аты,
__________________________________________________________________
әкесінің аты, соңғы тұрақты мекен-жайы)
қайтыс болу жағдайыма осы өсиетіммен мынадай өкім жасаймын:
Мен қайтыс болған күнде маған тиесілі болатын қайда және
қандай да болмасын барлық мүлкімді, соның ішінде
__________________________________________________________________
(мүліктің атауы)
мен ______________________________________________________________
(пайдасына мүлік өсиет етілген адамдардың тегі,
__________________________________________________________________
аттары және әкелерінің аттары)
өсиет етемін.
ҚазССР Азаматтық кодексінің (ерекше бөлім) 530-бабы маған
түсіндірілді.
Осы өсиет екі данада жасалды және қол қойылды, оның біреуі
сақтауға нотариусқа жіберіледі, ___________________________________
(оның мекен-жайын немесе нотариалдық
___________________________________________________________________
кеңсенің атауын көрсетумен нотариустың тегі,
___________________________________________________________________
аты, әкесінің аты)
ал екіншісі өсиет қалдырушыға беріледі.
Өсиет қалдырушының қолы _______________________
N 7 қосымша
Мүліктің жекелеген түрлеріне
өсиеттің нысаны
ӨСИЕТ
_____ жылдың _________ ________ айының ________________________
"___"__________________ күні.
Мен, төменде қол қоюшы ______________________________________
(өсиет қалдырушының тегі, аты,
__________________________________________________________________
әкесінің аты, соңғы тұрақты мекен-жайы)
қайтыс болу жағдайыма осы өсиетіммен мынадай өкім жасаймын:
Маған тиесілі _______________________________________________
(мүліктің атауы)
мен ______________________________________________________________
(пайдасына мүлік өсиет етілген адамдардың тегі,
__________________________________________________________________
аттары және әкелерінің аттары)
өсиет етемін.
ҚазССР Азаматтық кодексінің (ерекше бөлім) 530-бабы маған
түсіндірілді.
Осы өсиет екі данада жасалды және қол қойылды, оның біреуі
сақтауға нотариусқа жіберіледі, ____________________________________
(оның мекен-жайын немесе нотариалдық
____________________________________________________________________
кеңсенің атауын көрсетумен нотариустың тегі,
____________________________________________________________________
аты, әкесінің аты)
ал екіншісі өсиет қалдырушыға беріледі.
Өсиет қалдырушының қолы _______________________
N 8 қосымша
Сенімхат берген адам қол қойған сенімхатына
КУӘЛАНДЫРУ ЖАЗБАСЫ
"___"______________________ 19 ___ жыл
Осы сенімхат ____________________________________________________
_________________________________________________________________
(әскери-емдеу мекемесінің, әскери бөлімнің атауы, сенімхатты
_________________________________________________________________
куәландырған бастықтың (командирдің) тегі мен аты-жөні)
__________________ бастығы (командирі), менімен куәландырылды.
Сенімхатқа менің қатысуыммен азамат ________________________
__________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)
қол қойды.
Сенім білдірушінің жеке басы анықталды, оның әрекет
қабілеттілігі тексерілді.
Реестрде N _____________________ тіркелді
Бастық (командир) ____________________________
(қолы)
Мөр
N 9 қосымша
Сенімхат қалдырушының жеке өзі қол қойған өсиетіне
КУӘЛАНДЫРУ ЖАЗБАСЫ
"___"______________________ 19 ___ жыл
Осы өсиет ____________________________________________________
_________________________________________________________________
(әскери-емдеу мекемесінің, әскери бөлімнің атауы, өсиетті
_________________________________________________________________
куәландырған бастықтың (командирдің) тегі мен аты-жөні)
__________________ бастығы (командирі), менімен куәландырылды.
Өсиетке менің қатысуыммен азамат ___________________________
_________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)
қол қойды.
Өсиет қалдырушының жеке басы анықталды, әрекет қабілеттілігі
тексерілді.
Реестрде N _____________________ тіркелді
Бастық (командир) ____________________________
(қолы)
Мөр
N 10 қосымша
Сенімхат берген адамның тапсыруы бойынша
басқа адам қол қойған сенімхатына
КУӘЛАНДЫРУ ЖАЗБАСЫ
"___"______________________ 19 ___ жыл
Осы сенімхат _______________________________________________
_________________________________________________________________
(әскери-емдеу мекемесінің, әскери бөлімнің атауы, сенімхатты
_________________________________________________________________
куәландырған бастықтың (командирдің) тегі мен аты-жөні)
__________________ бастығы (командирі), менімен куәландырылды.
Ауруы себепті (дене кемістігі немесе әлдебір басқа себептер
бойынша) азамат __________________________________________________
(сенім білдірушінің тегі, аты және әкесінің аты)
және оның тапсыруы бойынша сенімхатқа менің қатысуыммен азамат
_________________________________________________________________
(сенімхатқа қол қойған адамның тегі, аты, әкесінің аты)
қол қойды.
Сенім білдірушінің жеке басы анықталды, оның әрекет
қабілеттілігі тексерілді.
Сенімхатқа қол қойған азамат ________________________________
(қол қойған адамның тегі және аты-жөні)
___________________________ жеке басы анықталды.
Реестрде N _____________________ тіркелді
Бастық (командир) ____________________________
(қолы)
Мөр
N 11 қосымша
Өсиет қалдырушының өтініші бойынша
басқа адам қол қойған өсиетіне
КУӘЛАНДЫРУ ЖАЗБАСЫ
"___"______________________ 19 ___ жыл
Осы өсиет _____________________________________________________
_________________________________________________________________
(әскери-емдеу мекемесінің, әскери бөлімнің атауы, өсиетті
_________________________________________________________________
куәландырған бастықтың (командирдің) тегі мен аты-жөні)
__________________ бастығы (командирі), менімен куәландырылды.
Ауруы себепті ______________________________________________
(өсиет қалдырушының
_________________________________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты)
оның тапсыруы бойынша менің қатысуыммен өсиетке азамат
_________________________________________________________________
(өсиет қалдырушы науқас үшін қол қойған
_________________________________________________________________
адамның тегі, аты, әкесінің аты)
қол қойды.
Өсиет қалдырушының жеке басы анықталды, әрекет қабілеттілігі
тексерілді.
Өсиетке қол қойған адамның жеке басы анықталды.
Реестрде N _____________________ тіркелді
Бастық (командир) ____________________________
(қолы)
Мөр
N 12 қосымша
Әскери-емдеу мекемелерінің бастықтарымен (командирлерімен)
және әскери бөлімдердің командирлерімен куәландырылған
өсиеттер мен сенімхаттарды тіркеу
РЕЕСТРІ
|
_________________________________________________________________________
| Рет | Өсиетті | Өсиет | Нотариат. | Құжатты | Өсиеттің жіберілгені |
| саны| куәлан. | қалдырушы. | тық іс. | алғаны | туралы белгі (қай |
| | дыру |ның тегі,аты| әрекеттің | туралы |нотариусқа және оның |
| | күні | және оның | қысқаша | қолхат |мекен-жайы көрсетілуі |
| | | мекен-жайы | мазмұны | | тиіс) |
|_____|_________|____________|___________|_________|______________________|
| 1. |15.07.97.| Сидоров | Барлық | Сидоров | Өсиеттің бір данасы |
| | | Петр |мүлкін ұлы | |Алматы қаласы, Разин |
| | | Иванович, | Сидоров | |көшесі, 20-үй мекен. |
| | |Алматы қ-сы.| Петр | | жайы бойынша Зеев |
| | |Саин көшесі |Петровичке | | Иван Ивановичке |
| | | 1-үй. | өсиет | | жіберілді. |
| | | | етеді. | | |
|_____|_________|____________|___________|_________|______________________|
N 13 қосымша
Өсиеттің күшін жою туралы
өтініштің үлгі нысаны
_____________________ қаласы _______________
__________________ нотариусы _______________
(нотариустың тегі, аты, әкесінің аты және
____________________________________________
оның заңды мекен-жайын көрсету қажет)
азамат _____________________________________
(өсиет қалдырушының тегі, аты,
____________________________________________
әкесінің аты және өсиет қалдырушының
____________________________________________
соңғы тұрақты мекен-жайы)
ӨТІНІШ
Менің атымнан _______________________________________________
__________________________________________________________________
(әскери-емдеу мекемесінің, әскери бөлімнің атауы, өсиетті
__________________________________________________________________
куәландырған адамның тегі және аты-жөні)
бастығымен (командирімен) куәландырылған _________________________
__________________________________________________________________
(өсиеттің куәландырылған күні)
өсиеттің күшін осы өтінішпен жоямын.
Қолы ___________________________
"___"__________________ 19 __ жыл
N 14 қосымша
Өсиетті куәландырудан бас тарту
туралы Қаулының үлгі нысаны
ҚАУЛЫ
"___"_______________ 19 ___ жыл __________ қаласы
Мен,
__________________________________________________________________
(әскери-емдеу мекемесінің, әскери бөлімнің атауы)
___________ бастығы (командирі) __________________________________
(тегі және аты-жөні)
________________________________________________________ тұратын
(келген адамның соңғы тұрақты мекен-жайы)
азамат ___________________________________________________________
(келген адамның тегі, аты, әкесінің аты)
өсиетті куәландыру жөніндегі өтінішін қарай келіп, өсиеттер мен
сенімхаттарды куәландырудың тәртіптері туралы Нұсқаулықтың 17 т.
басшылыққа ала отырып, өсиетті куәландырудан келесі негіздер
бойынша бас тартамын:
__________________________________________________________________
(бас тартудың негіздері көрсетіледі)
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Осы бас тартуға он күннің ішінде _________________________________
(соттың атауын көрсету қажет)
____________________________________ шағым жасалуы мүмкін.
Бастық (командир) _________________
(қолы)
Мөр