-------------------Бұйрықтан үзінді---------------- Мемлекеттік кіріс министрінің 2002 жылғы 9 сәуірдегі N 416 бұйрығы
"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының K010209_ Кодексiн (Салық Кодексiн) қолданысқа енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 шiлдедегi Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: Күшiн жоғалтқан жекелеген бұйрықтарының тiзбесi: 34. "Жеке тұлғалардан алынатын табыс салығын есептеу мен төлеудiң тәртiбi туралы" N 40 Нұсқаулығына өзгерiстер мен толықтыруларды бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Салық комитетiнiң 1998 жылғы 10 шiлдедегi N 62 V980543_ бұйрығы. ----------------------------------------------------- ІІ тарауда: 7-тармақтағы "4-тарауда" деген сөз "ІІІ және IV тараулармен" деген сөздермен ауыстырылсын. ІІІ тарауда: 16-тармақта: а) тармақшаға қосымша мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Жеке тұлғада бір үйден (пәтерлер немесе өзге де тұрған үйлер) артық үйі болған жағдайда, жеке тұлғаның тіркелген орны оның тұрғылықты жері болып табылады."
IV тарауда:
18-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Салық заңдарымен реттелетін шығыстар белгіленген нормалар шегінде шегеріліп тасталады."
24-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Салық төлеушіні таратқан немесе қайта ұйымдастырған жағдайда амортизацияға бөлінген қаржы салық жылындағы қызмет кезеңіне түзетіледі."
26-тармақтың бірінші абзацындағы "инфляция деңгейінің шеңберінде" деген сөздер алынып тасталсын;
27-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Инфляция деңгейінен тыс топтың негізгі құрал-жабдықтарын қайта бағалау сомасы жылдық жиынтық табысқа енгізіледі."
30-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Үш жылдық кезең өткенге дейін жабдықтарды сату кезінде жүргізілген шегеріс есепті кезеңдегі шегерістерді кеміту есебінен өтеледі."
34-тармақта "3" деген сан "4" деген санмен ауыстырылсын;
35-тармақтың б) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"б) бюджетке және бюджеттен тыс мемлекеттік қорларға енгізілуге тиістілерінен өзге, айыппұлдар мен өсімдерді қоса алғанда төленген айыпақылар."
V тарауда:
45 тармақтың бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"N 10 қосымшада 1997 жылдың 1 қаңтарынан іске қосылған кестемен, 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылып келген ставка бойынша жеке тұлғалардан табыс салығын есептеп алудың мысалы келтірілген."
46-тармақ "бұл салықтың төлем көздерінен ұсталғанын растайтын құжаттар болған жағдайда" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 46в-тармағымен толықтырылсын:
"46в. Қатысушы (акционер) заңды тұлғаға қатысу үлесін алып қойған немесе сатқан жағдайда, инфляцияға сай түзетуді ескере отырып, алып қою және сату кезіндегі қатысу үлесінің құны мен қатысушының (акционердің) жарна ретінде жарғылық капиталға енгізген меншікті мүлкінің құны
арасындағы айырма ретінде анықталатын құн өсімінің тек 15 процент ставкасы бойынша ғана төлем көзіне салық салынуға тиіс." VI тарауда: 48-тармақтың б) тармақшасындағы үшінші-бесінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын: "Мысал. Табыстың салық салынбайтын сомасы бір жыл бұрын 480 есе айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мынадай тәсілмен айқындалады (1998 жылдың мысалында): 1) 480:12 ай = айына 40 айлық есептік көрсеткіш (АЕК); 2) қаңтар, ақпан, наурыз АЕК=630 теңге; 3х630х40=75600 теңге; 3) сәуір, мамыр, маусым АЕК=640 теңге; 3х640х40=76800 теңге; 4) шілде, тамыз, қыркүйек АЕК=650 теңге; 3х640х40=78000 теңге; 5) қазан, қараша, желтоқсан АЕК=660 теңге; 3х650х40=79200 теңге; 6) 75600т.+76800т.+78000т.+79200т.=309600 теңге. 480 есе айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі салық салынбайтын табыс 309600 теңгеге тең. 240 есе айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі салық салынбайтын табыс 154800 теңгеге тең." 49-тармақтың л) тармақшасы алынып тасталсын;
50-тармақтың бірінші абзацындағы "қайырымдылық" деген сөзден кейін "және білім беретін" деген сөздермен толықтырылсын.
VII тарауда:
57-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Бұл тәртіп Қазақстан Республикасының резиденттері сыртқы сауда келісім-шарттары бойынша Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін импорттық тауарларға ақы төленген жағдайда қолданылмайды."
VIII тарауда:
61-тармақ мынадай мазмұнда жазылсын:
"Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлға есептеу әдісі бойынша салық салу мақсатында жиынтық жылдық табыс пен шегерімдерді айқындайды.
Ескерту. Есептеу әдісі - кірістер мен шегерімдер төлеген уақытына қарамастан, мүлікті сату және есепке алу мақсатында жұмыстарды орындаған, қызмет көрсеткен, жөнелткен сәттен бастап есепке алынатын салық есебінің әдісі."
63-тармақта:
бірінші абзацтағы "тауар-материалдық қорлардың қалдықтарын" деген сөздер "тауар-материалдық қорларды" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Инфляция деңгейі шегіндегі жете бағалау сомасы салық салынатын табысқа енгізілмейді. Тауар-материалдық қорлар құнын салық төлеушінің есепті жыл ішінде инфляция индексінен асып түсетін мөлшерде ұлғайтуы салық төлеушінің жиынтық жылдық табысын ұлғайтуына жатқызылады."
65-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"65. Активтерді өтемсіз негізде беру және (немесе) төмендетілген құны бойынша сату кезінде беруші (сатушы) тұлға активтерінің құны - салық салу мақсатында айқындалатын өзіндік құн негізге алынып, ал алушы тұлға активтерінің құны - берілетін (сатылатын) активтердің кіріске алынған
бағалау құны бойынша белгіленеді. Экспорттық операциялар бойынша төмендетілген құнымен активтерді сату кезіндегі салық салу мақсатында айқындалған, сатылған активтердің сатылатын бағасы мен өзіндік құны арасындағы айырма сатушы тұлғаның табысы болып табылады."; 66-тармақта: б) тармақша "және бюджеттен тыс мемлекеттік қорлар" деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы д) тармақшасымен толықтырылсын: "д) кәсіпкерлік қызметке байланыссыз шығыстар.". IX тарауда: 68-тармақта: "алып тастау" деген сөз "ұстау" деген сөзбен ауыстырылсын; а) тармақшада:
бірінші абзацтағы "және басқа да төлемдерден" деген сөздер "жеке адамдарға" деген сөздер "кәсіпкерлік қызметтің субъектісі ретінде тіркелген жеке тұлғаларға жасалған төлемдерді қоспағанда", деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші, үшінші абзацтармен толықтырылсын:
"Ескерту. Кәсіпкерлік қызметтің субъектісі ретінде тіркелген жеке тұлғаларға төленетін төлемдер табыс төленетін қызметтің түріне жататын құжатты (куәлік немесе патент) көрсеткен жағдайда, төлем көздерінен табыс салығы салынбайды.
Мұнда кәсіпкерлік іс-әрекеттің субъектісі ретінде тіркелген жеке тұлғаға кіріс төлеген салық төлеуші төленген сома туралы кірісті алған жеке тұлға тіркелген орын бойынша салық органына жазбаша хабарлайды.";
екінші-бесінші абзацтар тиісінше үшінші-алтыншы абзацтар болып есептелсін;
үшінші абзацтағы "ескерту" деген сөз алынып тасталсын;
алтыншы абзацтағы "немесе барлық төлемдер" деген сөздер "Барлық төлемдер туралы (жеке тұлғаларға негізгі жұмыс орны бойынша төленетін төлемдерден және зейнетақы төлемдерінен басқасы)" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы е) тармақшасымен толықтырылсын:
"е) жеке тұлға резидент - заңды тұлғадағы қатысу үлесін сатудан түскен табысты төлейтін.".
70-тармақта:
а) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"а) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банктерден жалақы төлеуге қаражат алған кезде салық бюджетке осы қаражаттардың алынуымен бір мезгілде, басқа жағдайларда - төлем жасалған ай біткен соң 5 банк күні ішінде аударылсын.
Заңды тұлға болып саналмайтын ұйымдар мен өзге де жұмыс берушілер еңбекке ақы төлеуге арналған қолма-қол ақша қаражаттарын банктен іс жүзінде алатын күннен кешікпей, не қызметкерлердің аманаттары бойынша оларға тиесілі сомаларды аталған ұйымдардың банктегі шоттарынан аударылатын күннен кешікпеу, есептелген және жеке тұлғалардан ұсталған салық сомасын бюджетке аударуға міндетті.
Заңды тұлғалар болып саналмайтын, банктерде шоттары жоқ, сондай-ақ еңбекке ақы төлеу сомасын өнімдерді (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен пайдадан төлейтін ұйымдар мен өзге де жұмыс берушілер есептелген салықтың сомасын бюджетке төлем жүргізілген ай біткен соң 5 банк күні ішінде аударады.
Төлемнің: аванстық төлем, заттай төлем немесе әлдеқандай нысандағы төлем түрлеріне қарамастан, салықтың бюджетке аударылуы барлық жағдайларда жүргізілуге тиісті.
Егер еңбекке ақы төлеу айына бірнеше рет жүргізілсе немесе жеке тұлғаларға бір жолғы төлемдер жасалса, салықтың сомасы мұнда да осы сомалардың алынуымен бір мезгілде аударылуы тиіс.
Егер заңды тұлға болып табылмайтын ұйымдардың және өзге де жұмыс берушілердің толық көлемінде еңбекке ақы төлеуге және ұсталған табыс салығын аударуға қажетті ақшалай қаражаты жеткіліксіз болса, онда табыс салығы бюджетке еңбекке ақы төлеу қаражатының жеке тұлғаларға төленген мөлшерінің үлестік сомасымен аударылады.
Филиалдар мен басқа да ерекшеленген бөлімшелер үшін салықты бюджетке аударуды аталған филиалдар мен басқа да ерекшеленген бөлімшелердің тұрған орындары бойынша басшы ұйымдар белгіленген тәртіппен еңбекке ақы төлеу қаражаттарын аударумен бір мезгілде жүзеге асырады."
в) тармақшасында "салық қызметі" және "салық жылы" деген сөздерден кейін "алушы жеке тұлғаның тіркеу орны бойынша" және "(жеке тұлғаларға негізгі жұмыс орны бойынша төленетін төлемдерден және зейнетақы төлемдерінен басқасы)" деген сөздермен толықтырылсын.
71-тармақта:
б) тармақшасы мынадай мазмұнда жазылсын:
"б) тұрғын үй салуды және осындай құрылыс үшін құрылыс материалдарын ірі көлемде сатып алуды қоспағанда, салық жылында 500 айлық есептік көрсеткіштен астам сомаға құрылыс салған немесе ірі көлемде сатып алу жасағандар.
Ескерту. Құны 500 еселеген айлық есептік көрсеткіштен жоғары мәміленің көлемін айқындаған кезде, мәміле жасаған күні қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің мөлшері ескерілуі керек. Салық төлеушілердің бұл санаты декларация тапсырған кезде бұрын төлем көздерінен салынған табыстарды көрсетеді, бірақ табыс салығын есептеу кезінде жиынтық жылдық табыстан алынып тасталады.
Мысал. Жеке тұлға шілдеде (370000:640)=578 АЕК құрайтын құны 370000 теңге (АЕК - 640 теңге) жиһаз сатып алды.
Белгіленген шек 500 МЕК асып түсті, тиісінше жеке тұлға салық органына декларация тапсыруы керек;";
е) тармақшасында:
"салық қызметінің органына" деген сөздерден кейін "табыс туралы декларацияны және" деген сөздермен толықтырылсын;
"осы Нұсқаулыққа 13-қосымшаға сәйкес" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы ж)-и) тармақшаларымен толықтырылсын:
"ж) мемлекеттік лауазымда тұрған тұлғалар, жыл сайын өзінің өкілеттіктерін орындау кезеңінде, сондай-ақ лайықсыз себептер бойынша мемлекеттік қызметтен босатылғандар, босатылған соң үш жылдың ішінде;
з) осы тармақтың ж) тармақшасында көрсетілген тұлғаның ері (зайыбы);
и) Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы қызметін бейрезиденттер."
мынадай мазмұндағы 71а және 71б тармақтарымен толықтырылсын:
"71а. Мемлекеттік лауазымға, не мемлекеттік немесе соған теңестірілген міндеттерге кандидат болып табылатын тұлғалар тұрған орны бойынша салық органына мыналарды тапсырады:
а) кірістері туралы декларацияны;
б) салық алынатын объект болып табылатын, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары орналасқан мүлік туралы декларацияны, аталған мүліктің бағаланған құны мен орналасқан жерін көрсете отырып;
в) мынадай мәліметтерді:
банктік мекемелердегі салымдар туралы және бағалы қағаздар туралы, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары орналасқандарын қоса, банктік мекемені көрсете отырып, сондай-ақ аталған тұлғалар жеке немесе басқа тұлғалармен бірлесіп басқаруға құқықты қаржылық қаражаттар туралы;
заңды тұлғалардың акционер немесе құрылтайшы (қатысушы) ретіндегі өзінің тікелей немесе ортақтас қатысуы туралы, шартты капиталға қатысуының үлесін және аталған ұйымдардың банктік және өзге де деректемелерін көрсете отырып;
трасттар туралы және олар тіркелген мемлекеттер туралы, егер тұлға немесе оның ері (зайыбы) осы трасттардың бенефициары болып саналса;
тұлғамен айлық есеп айырысу көрсеткішінің мың есе мөлшерінен асып түсетін көлемде, тұлғаға немесе күйеуіне (зайыбына) тиесілі материалдық және қаржылық құралдарды ұстау және уақытша сақтау жөнінде шартты қатынастары, келісімдері және міндеттемелері бар басқа ұйымдардың атаулары мен деректемелері туралы.
71б. Мемлекеттік міндеттерді орындауға өкілеттік берілген тұлғалардың, сондай-ақ аталған тұлға білмейтін соған теңестірілген тұлғалардың шотына түскен ақшалай қаражаттар, сонымен бірге егер заңдарда өзгеше қаралмаған болса, тұлға тиісті міндеттерді орындамайтын ұйымдардан, сондай-ақ жеке тұлғалардан ақша, қызмет және өзге де тұрғыда ол өзінің мемлекеттік немесе соған теңестірілген міндеттерді орындағаны үшін қабылдаған кез келген сыйақы олар анықталған соң екі апталық мерзімнен кешіктірмей тиісті салық органына бұл қаражаттардың түсу жағдаяттары туралы түсініктеме бере отырып, республикалық бюджетке аударуға жатады.";
72-тармақтың алтыншы абзацындағы "бір жылдан" деген сөздер "үш айдан" деген сөздермен ауыстырылсын;
73-тармақта:
төртінші абзацтағы "тиісті кезеңдерге салық салу мақсаты үшін қаржылық нәтижелер бойынша" деген сөздер "кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалардың табыс салығын есептеу" деген сөздермен ауыстырылсын;
он екінші абзацта "немесе басқа да жағдайлар" деген сөздер алынып тасталсын;
74-тармақтағы екінші сөйлем алынып тасталсын;
77-тармақтың г) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"г) егер салық төлеуші Қазақстан Республикасының резиденті емес болып табылатын тараппен немесе салықтық жеңілдіктерді пайдаланатын ұйыммен өзінің коммерциялық немесе қаржы операцияларында тәуелсіз кәсіпорындар арасында қолданылғаннан өзгеше баға қолданса, онда салық салу мақсатында салық қызметі салық төлеушінің табысын пайда болған баға айырмасына түзетеді. Мұндай операцияларды жүргізу кезінде салық қызметі бұл операцияларды олардың шынайы болмысын анықтау және айыпақы өндіріп алу мақсатында басқаша бағалай алады."
80-тармақтағы мысал мынадай редакцияда жазылсын:
"Мысал. Жеке тұлғаларға табыстар (2000,0 мың теңге) төленген күні (1997 ж. 10 қаңтар) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жылдық қайта қаржыландыру ставкасы - 55% қолданған еді, 1997 жылдың 10 сәуірінен - 45% болды. 1997 жылдың 10 қаңтарында жеке тұлғалардың табысынан ұсталған табыс салығы (100,0 мың теңге) 1997 жылғы 10 мамырда бюджетке аударылды. Өсімді есептеу үшін мерзімі өткен әр күн үшін өсімнің проценті анықталады - 0,23 (55х1,5:365), 1997 жылдың 11 қаңтарынан бастап 9 сәуірді қоса алғанда өсім 20010 теңге (0,23х87күнх100,0) сомасында өсім есептеледі. 1997 жылдың 10 сәуірінен 10 мамырды қоса алғанда өсімді есептеу үшін мерзімі өткен әр күн үшін 0,19(45х1,5х365) процент қолданылады және өсім сомасы
5700(0,19х30х100,0) теңгені құрайды. 1997 жылдың 10 қаңтарынан бастап 1997 жылдың 10 мамырын қоса алғандағы аралықта барлығы 100,0 мың теңге өсім есептеледі, өсімнің жалпы сомасы 25710 теңгені (20010+5700) құрайды." 81-тармақтың г) тармақшасында "сомасынан" деген сөзден кейін "енгізілген" деген сөзбен толықтырылсын. Нұсқаулықтың 4 және 13 қосымшаларындағы "1000" деген сан "500" деген санмен ауыстырылсын. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Әдістемелік кеңесінде келісілді 1998 жылғы 10 шілде, N 34 хаттама.