"Қазақстан Республикасы су қоймаларында шағын өлшемді кемелердің жүзу қауіпсіздігін белгілейтін құжаттарды бекіту туралы"

Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігінің 1998 жылғы 10 тамыздағы N 172 бұйрығымен. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1998 жылғы 1 қыркүйек N 591 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің м.а. 2012 жылғы 12 қазандағы № 691 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Көлік және коммуникациялар министрінің м.а. 2012.10.12 № 691 (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Ескерту: Барлық мәтіні бойынша ", ІІМ органдарының кемелерінен, сондай-ақ спорттық кемелерден", "Қазақстан Республикасының Көлік инспекциясымен", "Қазақстан Республикасының Көлік инспекциясы", "Көлік инспекциясы", "Қазақстан Республикасының Көлік инспекциясымен және Көліккомминнің кеме жүзу қауіпсіздігі жөніндегі инспекциясымен", "ҚР Көліккомминінің кеме жүзу қауіпсіздігі жөніндегі инспекциясына", "(шағын өлшемді кеме бойынша) Көлік инспекциясына", "Көлік инспекциясында", "Қазақстан Республикасының Көлік инспекциясымен", "Қазақстан Республикасының Көлік инспекциясымен", "Қазақстан Республикасының Көлік инспекциясының", "Қазақстан Республикасының Көлік инспекциясының", "Мемлекеттік көлік инспекциясымен" деген сөздерді тиісінше "және шекара әскерлерінің кемелерінен", "Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің (бұдан әрі - Комитет) аумақтық органдарымен", "Комитет", "Комитет", "Комитеттің аумақтық органдарымен", "Комитеттің аумақтық органдарының қызметкерлеріне", "Комитеттің аумақтық органына", "Комитеттің аумақтық органдарында", "Комитет", "Комитеттің аумақтық органдарымен", "Комитеттің аумақтық органдарының", "Комитеттің", "Комитеттің аумақтық органдарында" деген сөздермен ауыстырылды - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің 2005 жылғы 24 маусымдағы N 220-І бұйрығымен.     

      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шағын өлшемді кемелер жөніндегі инспекциясының міндеттері мен өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының Көлік инспекциясына тапсыруын қарастыратын "Қазақстан Республикасының Шағын өлшемді кемелері жөніндегі мемлекеттік инспекцияның мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 10.02. N 88 Қаулысының негізінде БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы су қоймаларында, ішкі теңіз және аумақтық суларда шағын өлшемді кемелердің жүзу қауіпсіздігін белгілейтін мына ережелер мен нұсқаулықтар бекітілсін:
      - шағын өлшемді кемелерді, олардың тұрағы үшін базаларды (құрылыстарды) тіркеу, есепке алу мен техникалық қадағалау және кеме жүргізушілерді шағын өлшемді кемелерді жүргізу құқығына аттестаттау Ережелері;
      - шағын өлшемді кемелерді, олардың тұрағы үшін базаларды (құрылыстарды) пайдалану Ережелері;
      - шағын өлшемді кемелерді тіркеу тәртібі туралы нұсқаулық;
      - техникалық қадағалау бойынша нұсқаулық;
      - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің қадағалауындағы шағын өлшемді кемелердің, олардың база-тұрақтарының, өткелдердің күйін бағалау бойынша нұсқаулық;
      - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің қадағалауындағы шағын өлшемді кемелермен апаттық оқиғаларды есепке алу бойынша нұсқаулық;
      - кеме жүргізушілерді шағын өлшемді кемелерді жүргізу құқығына аттестаттау бойынша нұсқаулық;
      - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің кемелерін пайдалану бойынша нұсқаулық;
      - шағын өлшемді кемелерді жүргізушілерді әзірлеу бойынша курстарды тіркеу және кемелер жүргізушілерді оқытуда бақылау-әдістемелік қадағалауды жүргізу бойынша нұсқаулық.
      2. Көлік инспекциясы (С.Ш. Есенов) және заңгерлік жұмыс бөлімі (О.Е.Ахметжанов) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу үшін нормативтік құқықтық актілерді белгіленген тәртіпте ұсынсын.    

      Министрдің м.а.

Шағын өлшемді кемелерді және олардың
тұрағы үшін базаларды (құрылыстарды)
пайдалану ережелері
Жалпы ережелер

      1. Осы Ережелер шағын өлшемді кемелерді және олардың тұрағы үшін базаларды (құрылыстарды) өзендерде, бөгендерде, басқа су қоймаларында және ішкі теңіз және аумақтық суларда пайдалану тәртібін белгілейді.
      Ережелер мыналарды пайдалану тәртібін белгілейді:
      - заңды тұлғалардың иелігіндегі қуаты 75 а. к. кем басты қозғалтқыштары бар өзі жүзетін кемелерін және жалпы сыйымдылығы 80 регистрлік тоннадан кем өз бетімен жүзбейтін кемелерін (мемлекеттік әскери кемелерден және шекара әскерлерінің кемелерінен басқа);
      - азаматтардың иелігіндегі моторлы кемелерін (қозғалтқыш қуатына қарамастан), желкенді кемелерді және өз бетімен жүзбейтін кемелерді, ескіш қайықтарды, байдаркаларды және жүк көтергіштігі 100 және одан көп килограмм үрленетін кемелерді.
      Шағын өлшемді кемелерді және олардың тұрағы үшін базаларды (құрылыстарды) пайдалану ерекшеліктеріне қатысты нұсқаулықтар және басқа нормативтік актілер осы Ережелердің талаптарына негізделуі тиіс.

      2. Осы Ережелердің 1 тармағында аталған шағын өлшемді кемелері бар кәсіпорындар, мекемелер және ұйымдар осы кемелерді пайдалану үшін және олардың тұрағы үшін базаларды (құрылыстарды) пайдалану үшін жауапты тұлғаларды бөледі.

      3. Шағын өлшемді кемелерді жүргізушілер және осы Ережелердің 2 тармағында көрсетілген тұлғалар осы Ережелерді, Қазақстан Республикасының ішкі кеме жүзу жолдарымен жүзу ережелерін, Халықаралық кемелер теңізде соқтығысуының алдын алу осы ережелерін, жергілікті (бассейндік) жүзу ережелерін, теңіз порттарының міндетті қаулыларын, жергілікті шағын өлшемді кемелерді және олардың тұрағы үшін базаларды (құрылыстарды) пайдалану ережелерін орындауға және шағын өлшемді кемелердің қауіпсіз жүзуін қамтамасыз етуге, суда адамдармен бақытсыздық жағдайлардың алдын алуға және қоршаған ортаның ластануын жібермеуге тиіс.

      4. Осы Ережелердің, және жергілікті шағын өлшемді кемелерді пайдалану ережелерінің және басқа нормативтік құжаттардың орындалуын қадағалау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің (бұдан әрі - Комитет) аумақтық органдарымен жүзеге асырылады, оның талаптары барлық кеме жүргізушілерге және шағын өлшемді кемелердің, олардың тұрағы үшін базаларды (құрылыстарды) және іргелес жатқан су акваторияларын пайдалану үшін жауапты тұлғаларға міндетті болып табылады.
      Комитет өз жұмысында іс-әрекеті су қоймаларында құқық тәртібін қамтамасыз етумен байланысты құрылудағы қоғамдық ұйымдардың көмегіне сүйенеді.
      Комитет осы ережелерді орындауды қадағалау бойынша оған жүктелген міндеттерді Қазақстан Республикасының министрліктерімен және ведомостволарымен, сондай-ақ шекаралық әскерлерімен тығыз өзара әрекеттесуде шешеді.

      5. Су қоймаларында жарыстар, мерекелер, шағын өлшемді кемелердің регаталарын өткізу Комитеттің аумақтық органдарымен келісуі бойынша жергілікті атқарушы органдармен белгіленген орындарда рұқсат етіледі.

      6. Шағын өлшемді кемелерде экскурсияларды, ұжымдық демалысқа шығуды және басқа шараларды өткізу кезінде заңды тұлғалар суда қауіпсіздік, қоғамдық тәртіп және қоршаған ортаны қорғау үшін жауапты тұлғаларды бөледі.

      7. Осы Ережелерді бұзған тұлғалар Қазақстан Республикасында қолданылатын заңдарға  сәйкес жауап береді.

КЕМЕ ЖҮРГІЗУШІЛЕРДІҢ ЖАЛПЫ МІНДЕТТЕРІ

       8. Шағын өлшемді кемені жүргізушінің жанында мыналар болу міндетті:
      - белгіленген ауданда, қозғалтқыштардың қуаты және желкендердің ауданы сәйкес, осы санаттағы шағын өлшемді кемені жүргізу құқығына куәлік;
      - кеменің жүзуге жарамдылығын жыл сайын техникалық куәландыру белгісі бар кеме билеті;
      - рейске жоспар-тапсырма, жолдық (маршруттық) парақ және т.т., тасымалданатын жүкке құжаттар;
      - азаматтардың иелігіндегі кемелерде, кемеде жеке иесінің жоқ кезінде - шағын өлшемді кемені жүргізу құқығына белгіленген тәртіпте мөр басып куәландырылған сенімхат.

      9. Кеме жүргізуші міндетті:
      - жүзуге шығар алдында кеменің жабдықтарының жөнділігін және толық жинақталғанын, жүзу кезінде оның күйін байқауға;
      - суда апатқа ұшырағандарға көмек және жапа шеккендерге бірінші медициналық көмек көрсетуге, оларды емдеу мекемесіне жеткізуге;
      - науқастың өміріне қауіп төнген жағдайда оған жету, немесе осындай науқасты жақын жердегі емдеу мекемесіне жеткізу үшін тоқтауға және медициналық персоналға шағын өлшемді кемесін беруге;
      - жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тығыз тапсырмаларды орындаумен байланысты заңды тұлғаларға, Комитеттің аумақтық органдарының қызметкерлеріне, мемлекеттік орманды қорғау қызметкерлеріне орман өрттері орындарына жолшыбай бағытта жету үшін және апат кезінде немесе бұзылған жүзу құралдарын жеткізу үшін;
      - тоқтауға және жүзу қауіпсіздігін бақылайтын органдардың қызметкерлеріне тексеру үшін мыналарды көрсетуге: шағын өлшемді кемені жүргізу құқығына куәлік, жолдық маршрут парағы, тасымалданатын жүкке кеме құжаттары. Кеме қауіпсіз, кеме жолынан тыс, орында тоқтатылуы тиіс.
      Заңды тұлғалар кеме жүргізушіге өзінің куәлігін көрсетуге міндетті.
      Ескерту: Осы пунктімен қарастырылған жағдайларда шағын өлшемді кемені пайдалану, қолданылатын заңдарға сәйкес, ақысыз жүргізіледі. Шағын өлшемді кемені пайдаланған заңды тұлғалар кеме жүргізушінің талабы бойынша оған анықтама беруге немесе жолдық парақта (сапардың ұзақтығы мен мақсатын, өткен қашықтықты, өзінің тегін, қызметін, куәлігінің нөмірін, өз ұйымының атауын көрсетуімен) жазу жасауы, ал науқастың өміріне қауіп төнген жағдайда оған бару немесе осындай науқасты жақын жердегі емдеу мекемесіне жеткізу үшін шағын өлшемді кемені пайдаланған медицина қызметкерлері - белгіленген үлгідегі талон (анықтама) беруі тиіс.

      10. Кеме жүргізушіге тыйым салынады:
      - шағын өлшемді кемені жүргізу құқығына куәлігі болмаған және экипаж (кеме рөлінің) тізімінде көрсетілмеген тұлғаларға шағын өлшемді кемені жүргізуге;
      - қоршаған акваторияны бақылаусыз қалдыруға.

      11. Адамдарды бақытсыздық жағдайға әкеп соқтырған шағын өлшемді кемемен апат кезінде оған қатысы бар кемені жүргізушілер міндетті:
      - кемені тоқтатуға, қажеттілік жағдайында жапа шеккендерге бірінші медициналық көмек көрсетуге, оларды жолшыбай немесе өз кемесімен жақын жердегі емдеу мекемесіне жөнелтуге және сонда өз тегін, кеменің борттық нөмірін (шағын өлшемді кемені жүргізу құқығына куәлігін немесе жеке басын куәландыратын басқа құжатты, және кемені тіркеу құжатын көрсетуімен) хабарлауға;
      - болған жағдай туралы Комитеттің аумақтық органдарына хабарлауға, оқиғаны көзімен көргендердің тегін және мекен-жайларын жазып алуға.

      12. Шағын өлшемді кемені жүргізуші жолаушылардың оған кедергі жасамауын және шағын өлшемді кемені жүргізуден көңілін аудармауын байқауға міндетті.

ШАҒЫН ӨЛШЕМДІ КЕМЕЛЕРДІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТҰРАҒЫ ҮШіН
БАЗАЛАРДЫ (ҚҰРЫЛЫСТАРДЫ) ПАЙДАЛАНУ

       13. Шағын өлшемді кемелер тек қана тіркеуден, борттық нөмірлерін беруден, жыл сайынғы техникалық куәландырудан, аттестаттаудан және осы кемелерді жүргізушілердің Комитеттің аумақтық органдарында белгіленген тәртіпте білімін кезекті тексергеннен кейін жүзуге жіберіледі.
      Шекаралық аумақта, сондай-ақ мемлекеттік шекараға және шекаралық аумақ белгіленбеген шекаралық әскерлермен күзетілетін жағалауға іргелес қалалық, поселкелік және ауылдық әкімшіліктердің аумағында шағын өлшемді кемелер жүзуге жіберіледі:
      - осы кемелердің шекаралық әскер бөлімшесінде белгіленген тәртіпте тіркелген кезінде, ол туралы кеме билетінде арнайы мөртабан қойылады;
      - шекаралық әскермен келісілген шағын өлшемді кемелер тұрағы үшін белгіленген базаларда (құрылыстарда) кемелердің тіркелуі кезінде.

      14. Әрбір кеме Комитетпен осы кеме үшін белгіленген: жүзу ауданы, жағадан алыстауы, кеме жүзуі мүмкін толқын биіктігі, суда отыруы, су үстіндегі борт, шекті қуаты және қозғалтқыштардың саны; желкендердің рұқсатты ауданы, жүк көтергіштігі, жолаушылар сыйымдылығы, кеменің құтқару және өртке қарсы құралдармен, сигнал беру оттарымен, навигациялық және басқа жабдықпен жабдықталуы бойынша оның дұрыс пайдалануын, жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ететін шарттарды, нормаларды және талаптарды сақтаумен жөнді техникалық күйде пайдалануы тиіс.

      15. Шағын өлшемді кемелердің жүргізушілері және әрбір жолаушысы үшін кемеде жеке құтқару құралы болуы тиіс.

      16. Шағын өлшемді кемелердің тұрағы үшін базаларды (құрылыстарды) ұйымдастыру белгіленген тәртіпте рұқсат етіледі.

      17. Шағын өлшемді кемелердің тұрағы үшін базаларды (құрылыстарды) жағалау аумақтарымен, құрылыстарымен, отын үшін қоймаларымен, акваторияларымен, құтқару постарымен және т.т. толық кешенде пайдалану Комитетпен пайдалану құқығына жыл сайынғы техникалық байқаудан кейін рұқсат етіледі.

      18. Шағын өлшемді кемелердің тұрағы үшін базалары (құрылыстары) бар заңды және жеке тұлғалар, меншік түріне қарамастан, кеме жүргізушілерді гидрометеорологиялық жағдайлар және ауа райы туралы құлақтандыруды ұйымдастырады, шағын өлшемді кемелердің жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ететін шығару тәртібін белгілейді және осы үшін тікелей жауапты тұлғаларды тағайындайды.

      19. Кеменің жүзуге әрбір шығуы, оның мақсаты, жоспарлы жүзу ауданы және маршруты, базаға қайтудың ұсынылған уақыты және іс жүзінде оның қайтуы тіркелген орны бойынша арнайы журналда белгіленуі тиіс.

ШАҒЫН ӨЛШЕМДІ КЕМЕЛЕРДІҢ ЖҮЗУ ТӘРТІБІ

      20. Елді мекендердің, порттардың, айлақтардың, шағын өлшемді кемелердің тұрағы үшін базалардың (құрылыстардың) акваториясында және шекараларында шағын өлшемді моторлы кемелердің сағатына 20 шақырымнан аспайтын, ал жағажайлардың және шомылу орындарының маңайында сағатына 10 шақырымға дейін жылдамдықпен қозғалысы рұқсат етіледі.
      Комитеттің аумақтық органдарының және құтқару қызметінің жүзу құралдары жүзу ережелерін бұзуды тоқтату немесе суда апатқа ұшырағандарға көмек көрсету жағдайларында, сақтық шараларын сақтаумен, жоғары жылдамдықпен қозғалысты жүзеге асыру мүмкін.

      21. Тыйым салынады:
      - тіркелмеген және есепте жоқ, сондай-ақ борттық нөмірлері жоқ шағын өлшемді кемелерде жүзуге;
      - кеме жүргізушіде шағын өлшемді кемені жүргізу құқығына куәлік болмаған кезде моторлы және желкенді кемелерде жүзуге шығуға;
      - жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ететін Комитеттің аумақтық органдарының белгіленген шарттарын, нормаларын және талаптарын кеме жүргізушілер сақтамаған кезде кемелерді пайдалануға;
      - көру мүмкіншілігі болмағаннан жөн табу мүмкін емес тұманда немесе басқа қолайсыз метеорологиялық жағдайларда кемелердің қозғалысына;
      - басқа кемелердің жүзуіне кедергі құруға;
      - жолаушылар және жүк айлақтарының, дебаркадерлердің жанына кемелердің келуіне және тұруына, көлік, техникалық жәрдем кемелеріне буксирлеп жақындатуына, олардың бағыттарын кесіп өтуге немесе оларға жақын жүзуге;
      - желкен қоюға ыңғайланбаған ескіш қайықтарда және кемелерде оларды қоюға;
      - кеме билетінде жазылған сигнал оттарының нұсқамасынсыз ескіш, желкенді және моторлы кемелерде тәуліктің қараңғы уақытында жүзуге шығуға;
      - шомылу және жағажай үшін бөлінген акваторияларға кемелердің кіруіне, сондай-ақ кеме жүзу жағдайының жүзетін белгілеріне жақындауға және оларға бекітілуге;
      - кемеден қалдықтарды, мұнай өнімдерін және т.т. лақтыруға;
      - кемелердің көпірлер астына немесе олардың жанына тоқтауына;
      - кемелердің тұрағы үшін базалардың (құрылыстардың) шығу тәртібін бұзуға;
      - Комитеттің аумақтық органдарында берілетін рұқсатнамасыз жүзуге тыйым салынды деп жарияланған акваторияларда және аудандарда кемелердің жүзуіне;
      - тағайындалмаған кемелерде жарылу қауіпі бар және өрт қауіпі бар жүктерді тасымалдауға;
      - тіркелмеген кемелердің олардың тұрағы үшін базаларда (құрылыстарда) тұруына және сақталуына, сондай-ақ белгіленбеген орындарда бекітілуге.

      22. Осы Ережелермен қарастырылмаған барлық басқа жағдайларда кемелерді жүргізушілер және шағын өлшемді кемелерді жүргізушілер апатсыз жүзуді қамтамасыз ететін кеме жүргізу тәжірибесімен немесе ерекше жағдайлармен ұсынылатын барлық шараларды, осы Ережелер оларды осындай шараларды қабылдамаудың нәтижесінде болған салдар үшін жауапкершіліктен босатпайтынын еске ала отырып қабылдауға міндетті.

      23. Әкімшіліктер шағын өлшемді кемелердің жеке акваториялар, аудандар, мерзімдер, пайдалану уақыты және олардың қозғалыс жылдамдығы бойынша жүзу тәртібі ескертілетін шағын өлшемді кемелерді және олардың тұрағы үшін базаларды (құрылыстарды) пайдаланудың қосымша жергілікті ережелерін белгілеуге құқықты.

Правила пользования маломерными судами и базами (сооружениями) для их стоянок

Утверждены Приказом Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 10 августа 1998 года № 172. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 01.09.1998 г. за № 591. Утратил силу приказом и.о. Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 12 октября 2012 года № 691

      Сноска. Утратил силу приказом и.о. Министра транспорта и коммуникаций РК от 12.10.2012 № 691.

      Сноска. По всему тексту слова ", судов органов МВД, а также спортивных судов", "Транспортной инспекцией Республики Казахстан", "Транспортная инспекция Республики Казахстан", "Транспортная инспекция", "Транспортной инспекцией Республики Казахстан и инспекцией по безопасности судоходства Минтранскома", слова "должностным лицам, инспекции по безопасности судоходства Минтранскома РК", "транспортную инспекцию (по маломерным судам)", "Транспортной инспекции", "Транспортной инспекцией Республики Казахстан", "Транспортной инспекцией Республики Казахстан", "Транспортной инспекции Республики Казахстан", "Транспортной инспекции Республики Казахстан", "Государственной транспортной инспекцией" заменить соответственно словами "и судов пограничных войск", "территориальными органами Комитета транспортного контроля Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан (далее - Комитет)", "Комитет", "Комитет", "территориальными органами Комитета", "работникам территориальных органов Комитета", "территориальный орган Комитета", "территориальных органах Комитета", "Комитетом", "территориальными органами Комитета", "территориальных органов Комитета", "Комитета", "территориальными органами Комитета" - Приказом и.о. Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 24 июня 2005 года N 220-I  (порядок введения в действие см.п.4).

                          Общие положения

      1. Настоящие Правила устанавливают порядок пользования маломерными судами и базами (сооружениями) для их стоянок на реках, водохранилищах, других водоемах и во внутренних морских и территориальных водах.
      Правила регламентируют порядок пользования:
      - самоходными судами с главными двигателями мощностью менее 75 л.с. и несамоходными судами валовой вместимостью менее 80 регистровых тонн, принадлежащих юридическим лицам (кроме государственных военных судов и судов пограничных войск);
      - принадлежащие гражданам моторные суда (независимо от мощности двигателей), парусные суда и несамоходные суда, гребные лодки, байдарки и надувные суда грузоподъемностью 100 и более килограммов.
      Инструкции и другие нормативные акты, касающиеся особенностей пользования маломерными судами и базами (сооружениями) для их стоянок, должно основываться на требованиях настоящих Правил.
      2. Предприятия, учреждения и организации, имеющие маломерные суда, перечисленные в пункте 1 настоящих Правил, выделяют лиц, ответственных за пользование этими судами и за эксплуатацию баз (сооружений) для их стоянок.
      3. Судоводители маломерных судов и лица, указанные в пункте 2 настоящих Правил, должны выполнять настоящие Правила, Правила плавания по внутренним судоходным путям Республики Казахстан, Международные правила предупреждения столкновения судов в море, местные (бассейновые) правила плавания, обязательные постановления капитанов морских портов, местные правила пользования маломерными судами и базами (сооружениями) для их стоянок и обеспечивать безаварийное плавание маломерных судов, предупреждать несчастные случаи с людьми на воде и не допускать загрязнения окружающей Среды.
      4. Надзор за выполнением настоящих Правил, местных правил пользования маломерными судами и других нормативных документов осуществляется территориальными органами Комитета транспортного контроля Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан (далее - Комитет), требования которой являются обязательными для всех судоводителей и лиц, ответственных за эксплуатацию маломерных судов, баз (сооружений) для их стоянок и водных акваторий прилегающих к ним.
      Комитет в своей работе опирается на помощь создаваемых общественных организаций, деятельность которых связана с обеспечением правопорядка на водоемах.
      Комитет решает возложенные на нее задачи по надзору за выполнением настоящих Правил в тесном взаимодействии с заинтересованными уполномоченными министерствами и ведомствами Республики Казахстан, а также пограничными войсками.
      5. Проведение на водоемах соревнований, праздников, регат маломерных судов разрешается в местах, установленных местными исполнительными органами по согласованию с территориальными органами Комитета.
      6. При проведении экскурсий, коллективных выездов на отдых и других массовых мероприятий на маломерных судах юридические лица, выделяют лиц, ответственных за безопасность на воде, общественный порядок и охрану окружающей среды.
      7. Лица, нарушившие настоящие Правила, несут ответственность в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

                 Общие обязанности судоводителей

      8. Судоводитель маломерного судна обязан иметь при себе:
      - удостоверение на право управления маломерным судом данной категории, в установленном районе, с соответствующей мощностью двигателей и площадью парусов;
      - судовой билет с отметкой ежегодного технического освидетельствования судна на годность к плаванию;
      - план-задание на рейс, путевой (маршрутный) лист и т.д., документы на перевозимый груз;
      - на судах, принадлежащих гражданам, при отсутствии на судне индивидуального владельца - заверенную в установленном порядке доверенность на право управления маломерным судном.
      9. Судоводитель обязан:
      - перед выходом в плавание проверять исправность и комплектность оснащения судна, следить за его состоянием в ходе плавания;
      - оказывать помощь терпящим бедствие на воде и первую медицинскую помощь пострадавшим, доставлять их в лечебное учреждение;
      - останавливаться и предоставлять маломерное судно медицинскому персоналу для проезда к больному в случаях, угрожающих его жизни, или транспортировки такого больного в ближайшее лечебное учреждение; работникам территориальных органов Комитета, связанных с выполнением неотложных заданий по обеспечению безопасности плавания, работникам государственной лесной охраны для проезда в попутном направлении к местам лесных пожаров и для транспортировки поврежденных при авариях или неисправных плавсредств;
      - останавливаться и предъявлять работникам органов, контролирующих безопасность плавания для проверки: удостоверение на право управления маломерным судном, путевой маршрутный лист, судовые документы на перевозимый груз. Судно должно быть остановлено в безопасном месте, вне судового хода.
      Должностные лица обязаны предъявить судоводителю свое удостоверение.
      Примечание. Пользование маломерным судном в случаях, предусмотренных настоящим пунктом, в соответствии с действующим законодательством производится без оплаты. Должностные лица, воспользовавшиеся маломерным судном, должны по требованию судоводителя выдать ему справку или сделать запись в путевом листе (с указанием продолжительности и цели поездки, пройденного расстояния, своей фамилии, должности, номеров удостоверения, наименование всей организации), а медицинские работники, использовавшие маломерное судно для проезда к больному, в случаях, угрожающих его жизни или для транспортировки такого больного в ближайшее лечебное учреждение, - выдать талон (справку) установленного образца.
      10. Судоводителю запрещается:
      - управлять маломерным судном лицам, не имеющим при себе удостоверения на право управления маломерным судном и не указанным в списке экипажа (судовой роли);
      - оставлять без наблюдения окружающую акваторию.
      11. При аварии с маломерным судном, повлекшей за собой несчастные случаи с людьми, судоводители, причастные к ней, обязаны:
      - остановить судно, в случае необходимости оказать первую медицинскую помощь пострадавшим, отправить пострадавших на попутном или своем судне в ближайшее лечебное учреждение и сообщить там свою фамилию, бортовой номер судна (с предъявлением удостоверения на право управления маломерным судном или другого документа, удостоверяющего личность, и регистрационного документа на судно);
      - сообщить о случившемся в территориальный орган Комитета, записать фамилии и адреса очевидцев происшествия.
      12. Судоводитель маломерного судна обязан следить за тем, чтобы пассажиры не создавали ему помех и не отвлекали от управления маломерным судном.

                     Эксплуатация маломерных судов и баз
                        (сооружений) для их стоянок

      13. Маломерные суда допускаются к плаванию только после регистрации, присвоения бортовых номеров, ежегодного технического освидетельствования, аттестации и очередной проверки знаний судоводителей этих судов в территориальных органах Комитета в установленном порядке.
      В пограничной зоне, а также на территории городских, поселковых, аульных акиматов, прилегающих к государственной границе и охраняемому пограничными войсками побережью, где пограничная зона не установлена, плавание маломерных судов допускается:
      - при регистрации этих судов в установленном порядке в подразделениях пограничных войск, о чем в судовом билете ставится специальный штамп;
      - при приписке судов к определенным базам (сооружениям) для стоянок маломерных судов, согласованной с пограничными войсками.
      14. Каждое судно должно эксплуатироваться в исправном техническом состоянии с соблюдением условий, норм и требований, обеспечивающих его правильное использование, безопасность плавания, установленные для данного судна Комитетом: по району плавания, удалению от берега, высоте волны, при которой судно может плавать, осадке, надводному борту, предельной мощности и количеству двигателей; допустимой площади парусов, грузоподъемности, пассажировместимости, оснащению судна спасательными и противопожарными средствами, сигнальными огнями, навигационным и другим оборудованием.
      15. Для судоводителей и каждого пассажира маломерного судна должно быть на судне индивидуальное спасательное средство.
      16. Организация баз (сооружений) для стоянок маломерных судов разрешается в установленном порядке.
      17. Эксплуатация баз (сооружений) для стоянок маломерных судов в полном комплексе с береговыми территориями, строениями, хранилищами для топлива, акваториями, спасательными постами и т.д. разрешается только после ежегодного технического осмотра на право эксплуатации территориальными органами Комитета.
      18. Юридические и физические лица, независимо от формы собственности, имеющие базы (сооружения) для стоянок маломерных судов, организуют оповещение судоводителей о гидрометеорологических условиях и прогнозе погоды, устанавливают выпускной режим, обеспечивающий безопасность плавания маломерных судов и назначают персонально ответственных за это лиц.
      19. Каждый выход судна в плавание, его цель, планируемый район плавания и маршрут, предлагаемое время возвращения на базу и фактическое возвращение его должны отмечаться в специальном журнале по месту базирования.

                  Порядок плавания маломерных судов

      20. На акваториях и границах населенных пунктов, портов, пристаней, баз (сооружений) для стоянок маломерных судов движение маломерных моторных судов разрешается со скоростью не более 20 км в час, а вблизи пляжей и мест купания до 10 км в час.
      Плавсредства территориальных органов Комитета и спасательной службы могут осуществлять движение на повышенных скоростях в случаях пересечения нарушений правил плавания или оказания помощи терпящим бедствие на воде с соблюдением мер предосторожности.
      21. Запрещается:
      - плавание на незарегистрированных и не находящихся на учете маломерных судах, а также судах, не имеющих бортовых номеров;
      - выход в плавание на моторных и парусных судах, при отсутствии у судоводителя удостоверения на право управления судном;
      - пользовании судами при несоблюдении их судоводителями установленных условий, норм и технических требований Комитета, обеспечивающих безопасность плавания;
      - движение судов в тумане или в других неблагоприятных метеорологических условиях, когда из-за отсутствия видимости невозможно ориентироваться;
      - создание помех для плавания других судов;
      - подход и стоянка судов у пассажирских и грузовых причалов, дебаркадеров, подбуксировка к транспортным, техническим вспомогательным судам, пересечение их курса или следование в непосредственной близости от них;
      - установка паруса на гребных лодках и судах, не приспособленных для этой цели;
      - выход в плавание в темное время суток на гребных, парусных и моторных судах без предписания сигнальных огней, записанных в судовом билете;
      - заход судов на акватории, отведенные для купания и пляжей, а также подход к плавучим знакам судоходной обстановки и швартовка к ним;
      - сброс с судна отходов, нефтепродуктов и т.п.;
      - остановка судов под мостами или около них;
      - нарушение выпускного режима баз (сооружений) для стоянок судов;
      - плавание судов на акваториях и в районах, объявленных запрещенными для плавания без пропусков, выдаваемых территориальными органами Комитета;
      - перевозка взрывоопасных или огнеопасных грузов на судах, для этого не предназначенных;
      - стоянка и хранение незарегистрированных судов на базах (сооружениях) для их стоянок, а также швартовка в неустановленных для этого местах.
      22. Во всех случаях, не предусмотренных настоящими Правилами, судоводители и водители маломерных судов обязаны принимать все меры, диктуемые практикой судовождения или особыми обстоятельствами, обеспечивающие безаварийное плавание, имея ввиду, что настоящие Правила не освобождают их от ответственности за последствия, происшедшие в результате непринятия таких мер.
      23. Акиматы вправе устанавливать дополнительные местные правила пользования маломерными судами и базами (сооружениями) для их стоянок, в которых обусловливаются ограничения режима плавания маломерных судов по отдельным акваториям, районам, срокам, времени эксплуатации и скоростям их движения.