Ашық халықтық қоғамның акцияларын сатып алу туралы хабарлау тәртібі туралы

Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясы Директоратының 1998 жылғы 3 қараша N 187 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1998 жылғы 8 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 650. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2003 жылғы 23 қазандағы N 361 қаулысымен (V032560).

      "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шiлдедегi заңының  29-бабының 4-шi және 5-тармақтарын орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының (бұдан әрi "Ұлттық комиссия" деп аталады) Директораты қаулы етеді:
      1. Ашық халықтық акционерлiк қоғамның дауыс беретiн акцияларының бес және одан да көп процентiн жеке немесе өзiнiң аффилиирленген тұлғаларымен бiрлесiп соңғы он екi ай iшiнде немесе бiрден сатып алған тұлға (бұдан әрi "Инвестор" деп аталады) Ұлттық комиссияға және осы акциялардың бағасын кесетiн, сауда-саттық ұйымдастырушыға осындай акцияларды сатып алу жөнiндегi соңғы мәмiле тiркелген күннен бастап жетi күн iшiнде осы Қаулының 1-қосымшасындағы үлгi бойынша бұл туралы ақпарат беруге мiндеттi екендiгi белгiленсiн.
      2. Инвестордың жазбаша ескертпенiң 9, 10-тармақтарындағы және 12-тармақтың 9) және 10) тармақшаларында көрсетiлген мәлiметтерi тиiстi бағалы қағаздар ұстаушыларының тiзiлiмiнен үзiндi-көшiрмелермен расталу керек екендiгi белгiленсiн.
      3. Монополияға қарсы заңдарды сақтауға бақылау жасауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органды, сондай-ақ бағалы қағаздар рыногы субъектiлерiн Инвестордан алынған ақпаратпен бұқаралық ақпарат құралдарында тиiстi хабар жариялау не осы мақсат үшiн Ұлттық комиссияның таңдаған өзге де тәсiлi арқылы таныстыруға Ұлттық комиссияның құқылы екендiгi белгiленсiн.
      4. Осы Қаулының Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркелген сәттен бастап күшiне енетiндiгi белгiленсiн.
      5. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Корпоративтiк қаржылар басқармасы:
      1) осы Қаулыны (ол күшiне енгiзiлгеннен кейiн) бағалы қағаздар рыногы субъектiлерiнiң назарына жеткiзсiн;
      2) осы Қаулының орындалысына бақылау жасасын.

      Ұлттық комиссияның Төрағасы

Қазақстан Республикасы 
Бағалы қағаздар жөнiндегi
ұлттық комиссиясы   
Директоратының     
1998 жылғы 3 қарашадағы
N 187 қаулысына    
1-қосымша       

Қазақстан Республикасының
Бағалы қағаздар жөнiндегi
ұлттық комиссиясына 

Көшiрмесi: (бағалы қағаздармен
сауда-саттықты ұйымдастырушының
атауы)<1>         

________________
      <1> Осы ақпарат бағалы қағаздармен сауда-саттықты ұйымдастырушыға ашық халықтық акционерлiк қоғам акцияларының бес және одан да көп процентi соңғы он екi ай iшiнде сатып алынған жағдайда берiледi.

Акциялардың iрi пакетiн сатып алу туралы
Ақпарат

      Мен(бiз) осымен, мына мекен-жайда (қоғамның орналасқан жерi) орналасқан (қоғамның атауы)<2> (бұдан әрi "Қоғам" деп аталады) ашық халықтық акционерлік қоғамының дауыс беретiн акцияларының_________ (сатып алынған шығарылған дауыс беретiн акцияларының үлесi процентпен, үтiрден кейiн екi белгiмен)<3> процентiн соңғы он екi ай iшiнде/бiрден (қажетсiзiн сызып тастау керек) өзiм/аффилиирленген тұлғалармен бiрлесiп (қажетсiзiн сызып тастау керек) сатып алғандығымды (алғанымызды) ескертемiн(мiз). ____________________
      <2> Қоғамның атауы және орналасқан жерi туралы мәлiметтер қоғамның акцияларын ұстаушылары тiзiлiмiнен жасалған көшiрмеге немесе қоғамның акцияларын нақтылы ұстаушыдағы шоттан жасалған көшiрмеге сәйкес көрсетiледi.
      <3> Дауыс беретiн шығарылған акциялардың жалпы санынан сатып алынған акциялардың үлесi туралы мәлiметтi қоғамның тiзiлiм ұстаушысынан алынуы немесе нақтылануы мүмкiн.

      Өзiм(мiз) туралы мынадай мәлiметтердi хабарлаймын(мыз):
      1. Хабарлаушының аты (атауы)<4>.
      Жеке тұлға - хабарлаушының оның жеке өзiн куәландыратын құжатқа сәйкес аты немесе заңды тұлға - хабарлаушының оны Мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiкке (Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары үшiн) немесе хабарлаушыны заңды тұлға ретiнде тiркеу туралы құжатқа (шетелдiк заңды тұлғалар үшiн) сәйкес атауы. ___________________________
      <4> Шетелдiк тұлғалар және азаматтығы жоқ тұлғалар (ТМД-ға мүше елдердiң азаматтары және заңды тұлғалары туралы мәлiметтердi Қоспағанда) туралы мәліметтер латын әрiптерiмен толтырылады.

      2. Хабарлаушының қатыстылығы.
      Жеке тұлға - хабарлаушының азаматтығы (азаматтығын немесе азаматтығы жоқ екендiгiн көрсету) немесе заңды тұлға - хабарлаушыны заңды тұлға ретiнде тiркелген ел.
      3. Заңды тұлға - хабарлаушының ұйымдық-құқықтық нысаны.
      4. Хабарлаушының тiркелу мәлiметтерi.
      Жеке тұлға - хабарлаушының жеке өзiн куәландыратын құжаттың нөмiрi, берiлген күнi және берген орган немесе заңды тұлға - хабарлаушыны Мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң (Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары үшiн) немесе хабарлаушыны заңды тұлға ретiнде тiркеу туралы құжаттың (шетелдiк заңды тұлғалар үшiн) нөмiрi, берiлген күнi және берген орган.
      5. Хабарлаушының тұрған жерi (орналасқан жерi)<5>.
      Жеке тұлға - хабарлаушының тұрған жерi немесе заңды тұлға - хабарлаушының оны Мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiкке сәйкес немесе осындай мәлiметтер болмаған кезде статистикалық карточкаға сәйкес (Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары үшiн) немесе хабарлаушыны заңды тұлға ретiнде тiркеу туралы құжатқа сәйкес (шетелдiк заңды тұлғалар үшiн) тiркелiп орналасқан жерi. _________________
      <5> Бұл жерде және 6-тармақта: шетелдiк тұлғалар және азаматтығы жоқ тұлғалар (ТМД-ға мүше елдердiң азаматтары және заңды тұлғалары туралы мәлiметтердi қоспағанда) туралы мәлiметтер латын әрiптерiмен толтырылады.

      6. Хабарлаушының нақты мекен-жайы.
      Шетелдiк жеке тұлға - хабарлаушы үшiн: Қазақстан Республикасында тұрған (келген) жерi; заңды тұлға - хабарлаушы үшiн: пошталық индексiн көрсете отырып, оның атқарушы органының орналасқан жерi.
      7. Хабарлаушының коммуникациялық реквизиттерi.
      Хабарлаушының телефондарының, факстерiнiң, телетайптарының нөмiрлерi, электрондық поштасының мекен-жайы және халықаралық және қалааралық байланыс кодтарын көрсете отырып хабарлаушының басқа да ықтимал коммуникациялық реквизиттерi. Шетелдiк тұлға - хабарлаушы үшiн: автоматтандырылған қалааралық байланыс кодын көрсете отырып, Қазақстан Республикасындағы ықтимал байланыс телефондарының және факстерiнiң нөмiрлерi.
      8. Заңды тұлға - хабарлаушының оған негiзгi кiрiс келтiретiн қызмет түрлерiнiң тiзбесi.
      9. Қоғамның қызметiне ұқсас қызметтi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының шығарылған дауыс беретiн акцияларының (қатысушылардың салымдарының) жалпы санының хабарлаушыға меншiктеу құқығымен тиесiлi және хабарлаушының басқаруындағы <6> дауыс беретiн акциялардың үлесi (процентпен, үтiрден кейiн екi белгiмен). ________________________
      <6> Бұл жерде және одан әрi акциялар бойынша дауыс құқығын немесе "алтын акция" бойынша вето құқығын келiсiмнiң немесе сенiмхаттың негiзiнде пайдалану акциялар басқару деп танылады.

      10. Қоғамның дауыс беретiн акцияларының меншiктеу құқығымен хабарлаушыға тиесілі саны.
      11. Қоғамның дауыс беретiн акцияларының хабарлаушының басқаруындағы саны.
      12. Қоғамның акцияларын бiрлесiп сатып алуға ниет бiлдiрген хабарлаушының аффилиирленген тұлғалары туралы мәлiметтер (әрбiр аффилиирленген тұлға бойынша жеке-жеке):
      1) хабарлаушымен аффилиирлендiрiлу дәрежесi (сипаттама).
      Аффилиирлендiрiлу көзқарасы бойынша хабарлаушы мен осы тұлғаның арасындағы өзара қарым-қатынастарға қысқаша сипаттама жасау. Мысалы: "Хабарлаушының еншiлес ұйымы", "Хабарлаушыға тәуелдi акционерлiк қоғам", "Хабарлаушының басшы қызметкерi", "Хабарлаушының басшы қызметкерi бақылау жасайтын заңды тұлға". Сондай-ақ "Аффилиирленген тұлға" ұғымын қолдану практикасы туралы" Ұлттық комиссияның 1998 жылғы 26 қазандағы N 181 қаулысын қараңыз;
      2) аффилиирленген тұлғаның аты (атауы) <7>; ___________
      <7> 12-тармақта көрсетілген мәлiметтердi берген кезде 12, 4-7-тармақтарға түсiндiрмелердi басшылыққа алған дұрыс.

      3) аффилиирленген тұлғаның қатыстылығы;
      4) заңды тұлға - аффилиирленген тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысаны;
      5) аффилиирленген тұлғаның тiркелу мәлiметтерi;
      6) аффилиирленген тұлғаның тұрған жерi (орналасқан жерi);
      7) аффилиирленген тұлғаның нақты мекен-жайы;
      8) аффилиирленген тұлғаның коммуникациялық реквизиттерi;
      9) Қоғамның қызметiне ұқсас қызметтi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының шығарылған дауыс беретiн акцияларының (қатысушылардың салымдарының) жалпы санының аффилиирленген тұлғаға меншiктеу құқығымен тиесiлi және аффилиирленген тұлғаның басқаруындағы дауыс беретiн акциялардың үлесi (процентпен, үтiрден кейiн екi белгiмен);
      10) Қоғамның дауыс беретiн акцияларының меншiктеу құқығымен аффилиирленген тұлғаға тиесiлi саны;
      11) Қоғамның дауыс беретiн акцияларының аффилиирленген тұлғаның басқаруындағы саны.
      13. Қоғамның акцияларын сатып алу бағасы (теңгемен).
      Осы бағалар бойынша акциялардың бағалары мен саны бойынша хабарлаушының және оның аффилиирленген тұлғасының Қоғамның акцияларын сатып алу бағалары. Мысалы: 1.000,00 теңгемен - 100 дана, 1.010,00 теңгемен - 200 дана.
      14. Қоғамның акцияларын төлеудiң қолданылған тәртiбi мен нысаны.
      Осы бағалар бойынша акциялардың бағалары мен саны бойынша Қоғамның акцияларын төлеу үшiн хабарлаушы және оның аффилиирленген тұлғасы қолданған тәсiлдер мен нысандар. Мәлiметтердi таблица түрiнде ұсынған дұрыс.
     15. Қоғамның акцияларын сатып алу үшін тартылған тұлғалардың атаулары.
     Қоғамның акцияларын сатып алу үшін тартылған, бағалы қағаздар
рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын хабарлаушыға белгілі ұйымдардың атаулары не "Акцияларды үшінші тұлғаларды тартусыз жеке өзім (өзіміз) сатып аламын (мыз)" деген жазба.

     Заңды тұлға - хабарлаушы үшін:    

     Басшы (лауазымы)          (қолы)             (тегі, инициалы)
     М.О.
     Жеке тұлға - хабарлаушы үшін: (қолы)  (тегі, инициалы)

О порядке информирования о приобретении акций открытого народного акционерного общества

Постановление Директората Национальной комиссии Республики Казахстан по ценным бумагам от 3 ноября 1998 года N 187. Зарегистрирован Министерством юстиции Республики Казахстан 08.12.1998 г. N 650. Утратило силу - постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 23 октября 2003 года N 361 (V032560)

      Во исполнение пунктов 4 и 5 статьи 29 Закона  Республики Казахстан "Об акционерных обществах" от 10 июля 1998 года Директорат Национальной комиссии Республики Казахстан по ценным бумагам (далее именуемой "Национальная комиссия") постановляет:

      1. Установить, что лицо, которое самостоятельно или совместно со своими аффилиированными лицами в течение последних двенадцати месяцев или сразу приобрело пять и более процентов голосующих акций открытого народного акционерного общества (далее именуемое "Инвестор"), обязано представить Национальной комиссии и организатору торгов, котирующему эти акции (при приобретении акций в течение последних двенадцати месяцев), информацию об этом по форме Приложения 1 к настоящему Постановлению в течение семи дней со дня регистрации сделки по приобретению последней из таких акций.

      2. Установить, что сведения, указанные в пунктах 9, 10 и в подпунктах 9) и 10) пункта 12 информации Инвестора, должны быть подтверждены выписками из соответствующих реестров держателей ценных бумаг.
      3. Установить, что Национальная комиссия вправе ознакомить с полученной от Инвестора информацией государственный орган, осуществляющий контроль за соблюдением антимонопольного законодательства, а также субъектов рынка ценных бумаг путем публикации соответствующего сообщения в средствах массовой информации либо иным способом, избранным в этих целях Национальной комиссией.

      4. Установить, что настоящее Постановление вводится в действие с момента его регистрации Министерством юстиции Республики Казахстан.
      5. Управлению корпоративных финансов центрального аппарата Национальной комиссии:
      1) довести настоящее Постановление (после его введения в действие) до сведения субъектов рынка ценных бумаг;
      2) установить контроль за исполнением настоящего Постановления.

      Председатель

                                          Приложение 1
                                   к постановлению Директората
                                 Национальной комиссии Республики
                                            Казахстан
                                   от 3 ноября 1998 года N 187

                                              Национальной комиссии
                                              Республики Казахстан
                                              по ценным бумагам

                                       Копия: [наименование
                                              организатора торгов
                                              ценными бумагами]*

      Примечание. Данная информация представляется организатору торгов ценными бумагами в случае приобретения пяти и более процентов голосующих акций открытого народного акционерного общества в течение последних двенадцати месяцев.

                              Информация
                 о приобретении крупного пакета акций

      Настоящим уведомляю(ем), что я (мы) самостоятельно/совместно с аффилиированными лицами [ненужное зачеркнуть] приобрел(и) в течение последних двенадцати месяцев/сразу [ненужное зачеркнуть] _____ [доля приобретенных акций в общем количестве выпущенных голосующих акций в процентах с двумя знаками после запятой**] процентов голосующих акций открытого народного акционерного общества [наименование общества***] , находящегося по адресу [место нахождения общества] (далее именуемого "Общество").
      Примечание.
      ** Сведения о доле приобретенных акций в общем количестве выпущенных голосующих акций могут быть получены или уточнены у реестродержателя общества.
      *** Данные о наименовании и месте нахождения общества указываются в соответствии с выпиской из реестра держателей акций общества или выпиской со счета у номинального держателя акций общества.

      О себе сообщаю(ем) следующие сведения:

      1. Имя (наименование) информатора****.
      Имя информатора - физического лица в соответствии с документом, удостоверяющим его личность, или наименование информатора - юридического лица в соответствии со Свидетельством о его государственной (пере)регистрации (для юридических лиц Республики Казахстан) или документом, свидетельствующим о регистрации информатора в качестве юридического лица (для иностранных юридических лиц).
      Примечание.
      ***** Данные об иностранных лицах и лицах без гражданства (за исключением данных о гражданах и юридических лицах стран-членов СНГ) заполняются латинским шрифтом.
      2. Принадлежность информатора.
      Гражданство (подданство или указание на отсутствие гражданства) информатора - физического лица или страна регистрации информатора - юридического лица в качестве юридического лица.
      3. Организационно-правовая форма информатора - юридического лица.
      4. Регистрационные данные информатора.
      Номер, дата и орган выдачи документа, удостоверяющего личность информатора - физического лица, или номер, дата и орган выдачи Свидетельства о государственной (пере)регистрации (для юридических лиц Республики Казахстан) или документа, свидетельствующего о регистрации информатора в качестве юридического лица (для иностранных юридических лиц).
      5. Место жительства (место нахождения) информатора*****.
      Место жительства информатора - физического лица или зарегистрированное место нахождения информатора - юридического лица в соответствии со Свидетельством о его государственной (пере)регистрации или, при отсутствии таких данных в указанном Свидетельстве, в соответствии со статистической карточкой (для юридических лиц Республики Казахстан) или в соответствии с документом, свидетельствующим о регистрации информатора в качестве юридического лица (для иностранных юридических лиц).
      Примечание.
      ***** Здесь и в пункте 6: данные об иностранных лицах и лицах без гражданства (за исключением данных о гражданах и юридических лицах стран- членов СНГ) заполняются латинским шрифтом.
      6. Фактический адрес информатора.
      Для информатора - иностранного физического лица: место жительства (пребывания) в Республике Казахстан; для информатора - юридического лица: фактическое место нахождения его исполнительного органа с указанием индекса почтовой связи.
      7. Коммуникационные реквизиты информатора.
      Номера телефонов, факсов, телексов, телетайпов, адреса электронной почты и другие возможные коммуникационные реквизиты информатора с указанием кодов международной и междугородней связи. Для информатора - иностранного лица: возможные номера контактных телефонов и факсов в Республике Казахстан с указанием кода автоматической междугородней связи.
      8. Перечень видов деятельности информатора - юридического лица, приносящих ему основной доход.
      9. Доля принадлежащих информатору на праве собственности и находящихся в управлении****** у информатора голосующих акций (вкладов участника) в общем количестве выпущенных голосующих акций (вкладов участника) юридических лиц Республики Казахстан (в процентах с двумя знаками после запятой), которые осуществляют деятельность, аналогичную деятельности Общества.
      Примечание.
      ****** Здесь и далее под управлением акцией понимается пользование правом голоса по акции или правом вето по "золотой акции" на основании договора или доверенности.
      10. Общее количество принадлежащих информатору на праве собственности голосующих акций Общества.
      11. Количество находящихся в управлении у информатора голосующих акций Общества.
      12. Сведения об аффилиированных лицах информатора, совместно с которыми информатор приобрел акции Общества (по каждому аффилиированному лицу в отдельности):
      1) степень (характеристика) аффилиированности с уведомителем.
      Краткое указание на характер взаимоотношений между уведомителем и данным лицом с точки зрения аффилиированности. Например: "Дочерняя организация информатора", "Зависимое от информатора акционерное общество", "Руководящий работник информатора", "Юридическое лицо, контролируемое руководящим работником информатора". См. также постановление Директората Национальной комиссии от 26 октября 1998 года N 181 "О практике применения понятия "аффилиированное лицо";
      2) имя (наименование) аффилиированного лица*******;
      Примечание.
      ******* При представлении данных, указанных в пункте 12, следует руководствоваться пояснениями к пунктам 1-2, 4-7.
      3) принадлежность аффилиированного лица;
      4) организационно-правовая форма аффилиированного лица - юридического лица;
      5) регистрационные данные аффилиированного лица;
      6) место жительства (место нахождения) аффилиированного лица;
      7) фактический адрес аффилиированного лица;
      8) коммуникационные реквизиты аффилиированного лица;
      9) доля принадлежащих аффилиированному лицу на праве собственности и находящихся в управлении у аффилиированного лица голосующих акций (вкладов участника) в общем количестве выпущенных голосующих акций (вкладов участника) юридических лиц Республики Казахстан (в процентах с двумя знаками после запятой), которые осуществляют деятельность, аналогичную деятельности Общества;
     10) общее количество принадлежащих аффилиированному лицу на праве собственности голосующих акций Общества;
     11) количество, находящихся в управлении у аффилиированного лица, голосующих акций Общества.
     13. Цены приобретения акций Общества (в тенге).
     Цены приобретения акций Общества информатором и его аффилиированными лицами в разрезе цен и количества акций, приобретенных по данным ценам. Например: по 1.000,00 тенге - 100 штук, по 1.010,10 тенге - 200 штук.
      14. Использованные способы и формы оплаты акций Общества.
      Использованные информатором и его аффилиированными лицами способы и формы оплаты акций Общества в разрезе цен и количества акций, приобретенных по данным ценам. Предпочтительнее представление данных в табличном виде.
      15. Наименования лиц, привлеченных для приобретения акций Общества.

     Известные информатору наименования организаций, осуществляющих брокерскую и дилерскую деятельность на рынке ценных бумаг, привлеченных информатором и его аффилиированными лицами для приобретения акций Общества, либо запись "Акции приобретены мною (нами) самостоятельно без привлечения третьих лиц".

Для информатора - юридического лица:
________________________    _________    ___________________
Руководитель (должность)    (подпись)    (фамилия, инициалы)

М.П.

Для информатора - физического лица:
                            _________     __________________
                            (подпись)     (фамилия, инициалы)

        (дата)