Жинақтаушы зейнетақы қорларындағы салымшылардың (алушылардың) жеке шоттарындағы есеп жүргізу тәртібін нақтылау және айқындау мақсатында бұйырамын:
1. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Ұлттық зейнетақы агенттігінің 1997 жылғы 14 қазандағы N 11-ө бұйрығымен бекітілген (мемлекеттік тіркелім N 414, 1997 жылғы 6 қараша)
V970414_
"Жинақтаушы зейнетақы қорларындағы салымшылардың (алушылардың) жеке шоттарындағы дербес зейнетақы жарналарының есебіне жүргізу тәртібіне" өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Заң бөлімі (Ремкевич И.А) "Жинақтаушы зейнетақы қорларындағы салымшылардың (алушылардың) жеке шоттарындағы дербес зейнетақы жарналарының есебін жүргізу тәртібіне" өзгерістер мен толықтыруларды белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуге Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жіберсін.
Директор
Бекітілді
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі
Ұлттық зейнетақы агенттігінің
1998 жылғы 18 желтоқсандағы
N 173-Ө бұйрығымен
Ұлттық зейнетақы агенттігінің 1997 жылғы
14 қазандағы N 11-Ө
бұйрығымен
бекітілген,
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде
1997 жылғы 6 қарашадағы мемлекеттік тіркелім N 414
Жинақтаушы зейнетақы қорларындағы салымшылардың (алушылардың)
жеке шоттарындағы дербес зейнетақы жарналарының есебін жүргізу
тәртібіне өзгерістер мен толықтырулар
1. Нормативтік құқықтық актінің атауы мынадай редакцияда жазылсын: "Жинақтаушы зейнетақы қорларындағы салымшылардың (алушылардың) дербес зейнетақы шоттарындағы зейнетақы жарналарының есебін жүргізу жөніндегі нұсқаулық".
2. 1-бөлімнің бірінші абзацындағы бірінші сөйлемдегі және нормативтік құқықтық актінің барлық мәтіні бойынша "жеке шот" деген сөздер "дербес зейнетақы шоты" деген сөздермен ауыстырылсын.
3. 1-бөлімнің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қор жинақталған зейнетақы қаражаттарының есебін 503 "Салымдар мен пайлар" баланстық шотында 503000 "Алушының қорына салымдар" деген қосымша шот ашумен жүргізеді."
4. 1-бөлімнің төртінші абзацы алынып тасталсын.
5. 2-бөлімнің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Салымшының (алушының) дербес зейнетақы шоты 503 "Салымдар мен пайлар" баланстық шотындағы "Алушының қорына салымдар" деген 503000 қосымша шотта ашылады".
Мысалы:
П503К00 - Т.А.Ә.
П - жарна түрі
1 - міндетті жарналар
2 - ерікті жарналар
503 - шоттардың бас жоспары бойынша дербес зейнетақы шотының нөмірі
К - дербес зейнетақы шотының бақылау кілті
00 - дербес зейнетақы шотының реттік нөмірі".
6. 3-бөлімнің атауы мынадай редакцияда жазылсын: "Салымшылардың (алушылардың) дербес зейнетақы шоттарындағы зейнетақы жарналары мен есептелген инвестициялық табыстың есебін жүргізу".
7. 3-бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
"Жинақтаушы зейнетақы қорлары зейнетақы жарналары мен есептелген инвестициялық табыстың есебін зейнетақы активтеріне зейнетақы активтерінің ағымдағы құнының шартты өлшемімен (бұдан әрі - шартты өлшем) баға беру жолымен жүргізеді.
Шартты өлшем - зейнетақы активтері (жинақталған зейнетақы қаражаттары) жалпы құнының зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компанияның инвестициялық қызметі нәтижесінде олардың құнының өзгеруін сипаттайтын жеке мөлшері.
Жинақтаушы зейнетақы қоры күн сайын зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компанияның инвестициялық қызметінің нәтижелері бойынша шартты өлшемнің ағымдағы құнын есептейді және зейнетақы активтерінің ағымдағы құнына қайта бағалау жүргізеді.
Қор шартты өлшем құнының күн сайын өзгеруі туралы жазба жүргізілуін және ақпараттың сақталуын жүзеге асырады. Қор есеп беру кезеңінің соңында (әр айдың 30-31 күні) зейнетақы активтерін қайта бағалау нәтижелері бойынша есептелген инвестициялық табысқа салыстыра тексеру жүргізеді және шартты өлшемнің ағымдағы құнына түзетуді жүзеге асырады.
Қор салымшылардың (алушылардың) дербес зейнетақы шоттарының жай-күйі туралы мәліметтер базасына төленген жарналарға сайма-сай есептелген шартты өлшемдердің санын енгізеді.
Салымшының зейнетақы жарнасы келіп түскен жағдайда қор комиссиялық сыйақыға аударым жасайды және қалған соманы шартты өлшемнің балама санына айналдырып қайта санайды.
Қор салымшыны (алушыны) оның дербес зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпараттандырған кезде дербес зейнетақы шотындағы шартты өлшемнің санын шартты өлшемнің ағымдағы құны бойынша теңгеге айналдырып қайта санайды және салымшыға (алушыға) ақпарат береді.
Салымшы (алушы) жинақталған зейнетақы қаражатын басқа жинақтаушы зейнетақы қорына ауыстырумен байланысты зейнетақы шартын бұзған жағдайда, қор салымшының (алушының) дербес зейнетақы шотындағы шартты өлшемнің санын шартты өлшемнің ағымдағы құны бойынша теңгеге айналдырып қайта санайды, жинақталған зейнетақы қаражатын басқа қорға аударым жасауды жүзеге асырады және алушының дербес зейнетақы шотын жабады.
Жинақталған зейнетақы қаражатының басқа жинақтаушы зейнетақы қорынан ауыстырылумен байланысты салымшымен (алушымен) зейнетақы шарты жасасылған жағдайда қор алушының жинақталған зейнетақы қаражатының сомасын ағымдағы құн бойынша шартты өлшемге айналдырып қайта санайды және алынған шартты өлшем санын салымшыға (алушыға) ашылатын дербес зейнетақы шотына жазады.
Зейнетақы жасына жеткенде немесе Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген басқа да жағдайларда салымшыдан (алушыдан) зейнетақы төлемдерін алуға өтініш түскен кезде қор салымшының (алушының) дербес зейнетақы шотындағы шартты өлшемнің санын шартты өлшемнің ағымдағы құны бойынша теңгеге айналдырып қайта санайды және алушыға зейнетақы төлемдерін жасайды. Сонымен бірге дербес зейнетақы шоттарында жинақталған зейнетақы қаражаты сомасының азайғандығын көрсетіп жазба жасалады.
Жинақталған зейнетақы қаражаты Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен мұраға қалдырылған жағдайда жинақтаушы зейнетақы қоры алушының дербес зейнетақы шотындағы жинақталған қаражаттың қалдығын шартты өлшемнің мұрагер өтініш берген күнгі ағымдағы құны бойынша теңгеге айналдырып қайта санайды.
Жинақтаушы зейнетақы қоры жерлеуге Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген біржолғы төлем жасауды жүзеге асырған жағдайда қор шартты өлшемнің түзету енгізілген күнгі шартты өлшемнің құны бойынша жинақталған зейнетақы қаражатының сомасын жасалған төлемнің мөлшеріне түзетеді."
8. Нормативтік құқықтық акт мынадай мазмұндағы "Алушылардың дербес зейнетақы шоттарын жабу тәртібі" деген 4-бөліммен толықтырылсын:
"Алушылардың дербес зейнетақы шоттарын жабу зейнетақы шартын бұзған жағдайда жүргізіледі.
Қор жинақталған зейнетақы қаражаттарын басқа қорға ауыстыру туралы немесе Қазақстан Республикасынан тысқары жерге тұрақты тұруға кеткен кезде алушының өтініші негізінде, сондай-ақ алушы қайтыс болған жағдайда, зейнетақы шарты бұзылғаннан кейін жинақталған зейнетақы қаражаттары жазылған дербес зейнетақы шотын жабады.
Дербес зейнетақы шотындағы жинақталған қаражат сомасы алушының өтінішінде көрсетілген, банкте ашылған шотқа аударылады немесе қолма қол ақшамен беріледі. Сонымен бірге ашық зейнетақы шоттарын тіркеу кітабында шоттың жабылған күні мен себебі көрсетіліп белгі жасалады.
Қор үш банктік күн ішінде, заңда көзделген негізде, алушының дербес зейнетақы шотының жабылуы туралы Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа (бұдан әрі - Орталық) жазбаша түрде хабарлауы тиіс.
Орталық қордан алынған хабарлама негізінде алушының транзиттік зейнетақы шоттарын жабады.
Алушының өтініші негізінде дербес зейнетақы шотын олар жапқаннан кейін жинақталған зейнетақы қаражатын банк қорға қайтарған жағдайларда, сома қайтарылу себебі көрсетіле отырып, әр алушыға ашылған бөлек шотқа есептеледі.
Алушының дербес зейнетақы шоты жабылғаннан кейін шотқа қосымша ақша (төлемші немесе төлеушінің банкі қандай да болмасын бір себептермен төлем жасауды кешіктірген зейнетақы жарналары, зейнетақы жарналарын уақтылы төлемегені үшін өсімақы және өзге де жағдайларда) келіп түскен жағдайда, ол сома келіп түсу себебі көрсетіле отырып, әр алушыға ашылған бөлек шотқа есептеледі.
Жинақталған зейнетақы қаражатының қайтарылған және қосымша түскен сомасы, егер алушының өтінішінде өзгеше көрсетілмесе, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген қуыным мерзімі өткенге дейін қордың алушы алдындағы міндеттемесі ретінде есептеледі."