Екiншi деңгейдегi банктерге бағалы қағаздар рыногында брокерлiк, дилерлiк және кастодиандық қызметтi жүзеге асыруға келiсiм беру туралы ереженi бекiту жөнiнде

Қаулы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасы 1998 жылғы 26 желтоқсан N 290. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1998 жылғы 27 ақпанда N 697 тіркелді. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 25 қыркүйектегі N 273 қаулысымен

  -----------------Қаулыдан үзінді----------------

       Бағалы қағаздар нарығының мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің Басқармасы (бұдан әрі - Агенттік) қаулы етеді:
      Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын...

      Төраға

Қазақстан Республикасының күші жойылды деп танылған
нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының  "Екiншi деңгейдегi банктерге бағалы қағаздардың нарығында брокерлiк, дилерлiк және кастодиандық қызметтi жүзеге асыруға келiсiм беру ережелерін бекiту туралы" 1998 жылғы 26 желтоқсандағы N 290 қаулысы  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 697 нөмірмен тіркелген, 1999 жылдың 1-14 наурызында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" атты ресми басылымдарының N 5(149) нөмірінде жарияланған)...      
____________________________      

      Екiншi деңгейдегi банктер қызметiнiң нормативтiк-құқықтық базасын жетілдіру мақсатында және қолданылып жүрген заңдарға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етеді: 
      1. Ұсынылған Екінші деңгейдегі банктерге бағалы қағаздар рыногында брокерлік, дилерлік және кастодиандық қызметті жүзеге асыруға келісім беру туралы ереже бекітілсін және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енгізілсін. 
      2. Заң департаменті (Сизова С.И.) Банктік қадағалау департаментімен бірлесіп осы қаулыны және Екiншi деңгейдегi банктерге бағалы қағаздар рыногында брокерлiк, дилерлiк және кастодиандық қызметтi жүзеге асыруға келiсiм беру туралы ереженi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркесiн. 
      3. Банктік қадағалау департаменті (Жұмағұлов Б.Қ.) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап екi апта мерзімде осы қаулыны және Екiншi деңгейдегі банктерге бағалы қағаздар рыногында брокерлiк, дилерлiк және кастодиандық қызметтi жүзеге асыруға келiсiм беру туралы ереженi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң облыстық филиалдарына және екiншi деңгейдегi банктерге жiберсiн. 
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары М.Т. Құдышевке жүктелсiн. 

       Ұлттық Банк
      Төрағасы 

Қазақстан Республикасы    
Ұлттық Банкі Басқармасының  
1998 жылғы 26 желтоқсандағы  
N 290 қаулысымен бекітілген  

  Екінші деңгейдегі банктерге бағалы қағаздар рыногында брокерлік,
дилерлік және кастодиандық қызметті
жүзеге асыруға келісім беру туралы
Ереже 

      Осы Ереже Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" Заң күшi бар  Жарлығының  (бұдан әрi - Жарлық), "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының және басқа заң актiлерiнiң талаптарына сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң (бұдан әрi - Ұлттық Банк) екiншi деңгейдегі банктерге (бұдан әрі - банктер) бағалы қағаздар рыногында брокерлік, дилерлік және кастодиандық қызметті жүзеге асыруға келiсiм беру шарттарын белгiлейдi. 
      Банктерге сеніп тапсырылған мемлекеттік емес жинақтау зейнетақы қорларындағы бағалы қағаздар мен ақшаны сақтауға және есепке алуға байланысты олардың кастодиандық қызметтi жүзеге асыруына Ұлттық Банктiң келiсiм беру тәртiбi мен шарттары Ұлттық Банктiң жеке нормативтiк құқықтық актiсiмен реттеледi. 

  1-тарау. Жалпы ережелер 

      1. Осы Ережеде бағалы қағаздар рыногы мен лицензиялау мәселелерiн реттейтiн арнаулы заңдарда және басқа нормативтiк құқықтық актiлерде анықтамасы берiлген ұғымдар пайдаланылады. 
      2. Банк бағалы қағаздар рыногында кәсiптiк қызметтi жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының (бұдан әрi - Ұлттық комиссия) Ұлттық Банкпен алдын ала келiсе отырып берген тиiстi лицензиясы болғанда бағалы қағаздар рыногында брокерлiк, дилерлiк және кастодиандық қызметтi (бұдан әрi - бағалы қағаздар рыногындағы кәсiптiк қызмет) жүзеге асыруға құқылы. Банктiң брокерлiк қызметтi жүзеге асыруы мемлекеттiк бағалы қағаздармен операциялар жасаумен ғана шектеледi. 
      3. Қолданылып жүрген заң нормаларын бұзғаны үшiн бағалы қағаздардың рыногында кәсiптiк қызметтi жүзеге асыруға берiлген лицензиясы уәкiлеттi мемлекеттiк органның шешiмi бойынша қайтарылып алынған банк кәсіптік қызметті жүзеге асыруға келісімді алу үшiн уәкiлеттi орган лицензияны қайтарып алу туралы шешiм қабылдағаннан кейiн бiр жыл өткеннен соң Ұлттық Банкке қайта өтiнiшпен баруға құқылы. 

  2-тарау. Бағалы қағаздар рыногында кәсiптiк
қызметтi жүзеге асыруға келiсiм беру тәртiбi 

      4. Банкке бағалы қағаздардың рыногында кәсiптiк қызметтi жүзеге асыруға келiсiмдi Ұлттық Банк бередi, ондай банк: 
      1) банк заңдарында ескерiлген банктiк және өзге операцияларды Қазақстан Республикасы аумағында кем дегенде бір жыл жүзеге асыруға; 
      2) Ұлттық Банк белгiлеген пруденциалдық нормативтердi және басқа да сақталуға мiндеттi нормалар мен лимиттердi келiсiм беру туралы өтініш бергенге дейінгі үш ай бойы орындауға; 
      3) оның Ұлттық Банктің және басқа банктердің алдындағы міндеттемелері бойынша мерзімі өткен қарызы болмауға тиіс; 
      4) бюджет алдында мерзімі өткен қарызы болмауға тиіс;<*> 
      5) қолданылып жүрген заңдардың және Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық актiлерiнiң талаптарын орындауға тиiс; 
      6) оның өз штатындағы бағалы қағаздар рыногында кәсiптiк қызметтi жүзеге асыру құқығына бiліктiлiк куәлiгі бар кем дегенде үш маманы болуға тиiс. 
      Жарлықтың 8-бабының 2-тармағында белгiленген жағдайда Ұлттық Банк өзге де бағалы қағаздармен дилерлiк қызметтi жүзеге асыру келiсiмiн 1-6-тармақшаларда көрсетiлген талаптарға сәйкес беруден басқа, 1 млрд. теңге мөлшерiнде өз капиталы бар банкке де беруi мүмкiн.<*> 
       ЕСКЕРТУ. 4-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 26.02.2000 N 69   қаулысымен .
      5. Банк бағалы қағаздар рыногында кәсiптiк қызметтi жүзеге асыруға келiсiм алу үшiн Ұлттық Банкке мынадай құжаттарды тапсырады: 
      1) бағалы қағаздар рыногында кәсiптiк қызметтi жүзеге асыруға келiсiм алу үшiн өтiнiш; 
      2) бағалы қағаздар рыногында талап етiлетiн кәсiптiк қызметтiң толық сипаттамасы, оған қоса: 
      - бағалы қағаздар рыногында кәсiптiк қызметтi жүзеге асыру тәртiбi; 
      - бағалы қағаздар рыногында кәсiптiк қызметтi жүзеге асыруға iшкi банктiк бақылау жасау тәртiбi; 
      3) бағалы қағаздар рыногында кәсiптiк қызметтi жүзеге асыруға құқық беретiн банк мамандарының бiлiктiлiк куәлiктерiнiң көшiрмелерi. 
      5-1. Ұлттық Банк бағалы қағаздар рыногында кәсiптiк қызметтi жүзеге асыруға келiсiм беру туралы өтiнiштi осы Ереженiң 5-тармағында көрсетiлген құжаттарды берген күннен бастап 3 апта iшiнде қарауға тиiс.<*> 
       ЕСКЕРТУ. 5-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 26.02.2000 N 69  қаулысымен

       5-2. Бағалы қағаздар рыногында кәсiптiк қызметтi жүзеге асыруға келiсiм алу үшiн Ереженiң 5-тармағында көзделген құжаттар Ұлттық Банктiң Банктердi қадағалау департаментiне берiледi.<*> 
       ЕСКЕРТУ. 5-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 26.02.2000 N 69  қаулысымен
       6. Ұлттық Банк банкке бағалы қағаздар рыногында кәсiптiк қызметтi жүзеге асыруға келiсiм беруден төмендегi негiздер бойынша бас тартуға құқылы: 
      1) банк осы Ереженiң 4-тармағында көзделген талаптарын сақтамаса; 
      2) тапсырылған құжаттар толық болмаса немесе қолданылып жүрген заңдарда, сонымен бiрге осы Ережеде көзделген талаптарға сәйкес келмесе. 
      Ерекше жағдайларда, банкке бағалы қағаздар рыногында кәсiптiк қызметтi жүзеге асыруға рұқсат беруден бас тартуға негiз болса, бұл мәселе Ұлттық Банктiң Директорлар кеңесiнiң қарауына ұсынылады. 
      7. Бағалы қағаздар рыногында кәсiптiк қызметтi жүзеге асыру үшiн Ұлттық Банктiң келiсiмiн алған банк 3 ай мерзiм iшiнде Ұлттық комиссияға тиiстi лицензия алу үшiн өтiнішпен баруға құқылы. 
      Бағалы қағаздар рыногында банк кәсіптік қызметті жүзеге асыру үшін Ұлттық Банктiң берген келiсiмi 3 ай бойы заңды. Банк Ұлттық комиссияға өтінішпен дер кезінде бармаса, аталған келісім өзінің заңды күшін жоғалтады. 
       ЕСКЕРТУ. 7-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының  26.02.2000 N 69  қаулысымен .
       8. Бағалы қағаздар рыногында кәсiптiк қызметтi жүзеге асыру үшiн Ұлттық комиссия берген лицензияның тиiстi түрде куәландырылған көшiрмесi банктiң клиенттерi көретiндей жерге орналастырылуға тиiс. 
      9. Бағалы қағаздар рыногында кәсiптiк қызметтi жүзеге асыру үшiн берiлген лицензияның тиiстi түрде куәландырылған көшiрмесi берiлген күннен бастап 5 күндiк мерзiм iшiнде Ұлттық Банкке тапсырылуға тиiс. 
      10. Бағалы қағаздар рыногында кәсiптiк қызметтi жүзеге асыру үшiн берiлген келiсiмдi Ұлттық Банк төмендегi негiздер бойынша қайтарып ала алады: 
      - келiсiмнiң нанымсыз мәлiметтердi негiзге ала отырып берiлгендiгi; 
      - банктiң бағалы қағаздар рыногында кәсiптiк қызметтi реттейтiн заңдарды бұзуы; 
      - банктiң Ұлттық Банк белгiлеген пруденциалдық нормативтердi және (немесе) сақталуға мiндеттi басқа нормалар мен лимиттердi бұзуы (екi немесе бiрнеше рет).
      Келiсiмдi қайтарып алу туралы хабарламаны Ұлттық Банк Ұлттық комиссияға банкке бағалы қағаздар рыногында кәсiптiк қызметті жүзеге асыру келiсiмін қайтарып алу туралы тиiстi хат жiберген күннен бастап 7 күн iшiнде жiберуге тиiс.

  3-тарау. Қорытынды ережелер

      11. Ұлттық Банк бағалы қағаздар рыногында кәсiптiк қызметтi жүзеге асыруға банктерге берген өзiнiң келiсiмдерiн тiркеп отырады.
      12. Осы Ереженiң шарттары бұзылған жағдайда, Ұлттық Банк банктерге банк заңдарында көзделген ықпал ету шараларын және/немесе санкция қолдануға құқылы.
      13. Осы Ережемен реттелмеген мәселелер қолданылып жүрген заңда белгiленген тәртiппен шешiледi.

       Ұлттық Банк
      Төрағасы 

Об утверждении Правил выдачи банкам второго уровня согласия на осуществление брокерской, дилерской и кастодиальной деятельности на рынке ценных бумаг

Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 26 декабря 1998 года № 290. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 27.02.1999 г. за N 697. Утратило силу - постановлением Правления Агентства РК по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 25 сентября 2004 года N 273

          Извлечение из постановлением Правления Агентства РК
       по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых
              организаций от 25 сентября 2004 года N 273
 
      "В целях совершенствования нормативных правовых актов, регулирующих вопросы рынка ценных бумаг, Правление Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций постановляет:
      1. Признать утратившими силу нормативные правовые акты Республики Казахстан согласно приложению к настоящему постановлению.
      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня принятия.

      Председатель
 
                                  Приложение
 
               Перечень нормативных правовых актов
      Республики Казахстан, признаваемых утратившими силу
      ...
      1. Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 26 декабря 1998 года № 290 "Об утверждении Правил выдачи банкам второго уровня согласия на осуществление брокерской, дилерской и кастодиальной деятельности на рынке ценных бумаг"...".
-------------------------------------------------------------------
 

      В целях совершенствования нормативно-правовой базы деятельности банков второго уровня и с учетом внесенных изменений и дополнений в действующее законодательство Правление Национального Банка Республики Казахстан постановляет:
      1. Утвердить прилагаемые Правила выдачи банкам второго уровня согласия на осуществление брокерской, дилерской и кастодиальной деятельности на рынке ценных бумаг и ввести их в действие со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан.
      2. Юридическому департаменту (Сизова С.И.) совместно с Департаментом банковского надзора (Жумагулов Б.К.) зарегистрировать настоящее постановление и Правила выдачи банкам второго уровня согласия на осуществление брокерской, дилерской и кастодиальной деятельности на рынке ценных бумаг в Министерстве юстиции Республики Казахстан.
      3. Департаменту банковского надзора (Жумагулов Б.К.) в двухнедельный срок со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан довести настоящее постановление и Правила выдачи банкам второго уровня согласия на осуществление брокерской, дилерской и кастодиальной деятельности на рынке ценных бумаг до сведения областных филиалов Национального Банка Республики Казахстан и банков второго уровня.
      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя Председателя Национального Банка Республики Казахстан Кудышева М.Т.

     Председатель
     Национального Банка

                              Правила
 выдачи банкам второго уровня согласия на осуществление брокерской,
   дилерской и кастодиальной деятельности на рынке ценных бумаг

      Настоящие Правила разработаны в соответствии с требованиями Указа Президента Республики Казахстан, имеющего силу Закона, "О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан" Z952444_  (далее - Указ), Закона Республики Казахстан "О рынке ценных бумаг" Z970077_  и других законодательных актов, устанавливают условия выдачи банкам второго уровня (далее - банки) согласия Национального Банка Республики Казахстан (далее - Национальный Банк) на осуществление брокерской, дилерской и кастодиальной деятельности на рынке ценных бумаг.
      Порядок и условия выдачи банкам согласия Национального Банка на осуществление кастодиальной деятельности, связанной с хранением и учетом вверенных им негосударственными накопительными пенсионными фондами ценных бумаг и денег, регулируются отдельным нормативным правовым актом Национального Банка.

                      Глава 1. Общие положения

      1. В настоящих Правилах используются понятия, определенные специальными законодательными и иными нормативными правовыми актами, регулирующими вопросы рынка ценных бумаг и лицензирования.
      2. Банк вправе осуществлять брокерскую, дилерскую и кастодиальную деятельность на рынке ценных бумаг (далее - профессиональная деятельность на рынке ценных бумаг) при наличии соответствующей лицензии на осуществление профессиональной деятельности на рынке ценных бумаг, выданной Национальной комиссией Республики Казахстан по ценным бумагам (далее - Национальная комиссия) с предварительного согласия Национального Банка. Осуществление банком брокерской деятельности ограничивается только операциями с государственными ценными бумагами.
      3. Банк, у которого по решению уполномоченного государственного органа была отозвана лицензия на осуществление профессиональной деятельности на рынке ценных бумаг за нарушение норм действующего законодательства, вправе повторно обратиться в Национальный Банк для получения согласия на осуществление профессиональной деятельности не ранее чем через год после принятия уполномоченным органом решения об отзыве лицензии.

Глава 2. Порядок выдачи согласия на осуществление профессиональной
                      деятельности на рынке ценных бумаг

     4. Согласие на осуществление профессиональной деятельности на рынке ценных бумаг может быть выдано Национальным Банком банку, который:
      1) осуществляет банковские и иные операции, предусмотренные банковским законодательством, на территории Республики Казахстан не менее одного года;
      2) выполняет установленные Национальным Банком пруденциальные нормативы и другие обязательные к соблюдению нормы и лимиты в течение трех месяцев до подачи заявления о выдаче согласия;
      3) не имеет просроченной задолженности по обязательствам перед Национальным Банком и другими банками;
      4) не имеет просроченной задолженности перед бюджетом;
      5) выполняет требования действующего законодательства, в том числе нормативных правовых актов Национального Банка;
      6) имеет в своем штате не менее трех специалистов, имеющих квалификационные свидетельства на право осуществления профессиональной деятельности на рынке ценных бумаг.
      Согласие на осуществление дилерской деятельности с иными ценными бумагами в случаях, установленных пунктом 2 статьи 8 Указа, может быть выдано Национальным Банком банку, который, помимо соответствия требованиям, указанным в подпунктах 1-6, имеет собственный капитал в размере 1 млрд. тенге. <*>
      Сноска. Пункт 4 - с изменениями, внесенными постановлением Правления Нацбанка РК от 26 февраля 2000 года N 69 V001105_  .
      5. Для получения согласия на осуществление профессиональной деятельности на рынке ценных бумаг банк представляет в Национальный Банк следующие документы:
      1) заявление на получение согласия на осуществление профессиональной деятельности на рынке ценных бумаг;
      2) подробное описание предполагаемой профессиональной деятельности на рынке ценных бумаг, включая:
      - порядок осуществления профессиональной деятельности на рынке ценных бумаг;
      - порядок внутрибанковского контроля за осуществлением профессиональной деятельности на рынке ценных бумаг;
      3) копии квалификационных свидетельств на право осуществления профессиональной деятельности на рынке ценных бумаг специалистов банка.
      Заявление о выдаче согласия на осуществление профессиональной деятельности на рынке ценных бумаг должно быть рассмотрено Национальным Банком в течение 3-х недель со дня представления документов, указанных в пункте 5 настоящих Правил.
      Документы, предусмотренные пунктом 5 настоящих Правил, для получения согласия на осуществление профессиональной деятельности на рынке ценных бумаг, представляются в Департамент банковского надзора Национального Банка. <*>
      Сноска. Пункт 5 - с дополнениями, внесенными постановлением Правления Нацбанка РК от 26 февраля 2000 года N 69 V001105_  .
      6. Национальный Банк вправе отказать банку в выдаче согласия на осуществление профессиональной деятельности на рынке ценных бумаг по следующим основаниям:
      1) несоблюдение банком требований, предусмотренных пунктом 4 настоящих Правил;
      2) неполнота или несоответствие представленных документов требованиям, предусмотренным действующим законодательством, в том числе настоящими Правилами.
      В исключительных случаях, при наличии оснований для отказа банку в выдаче согласия на осуществление профессиональной деятельности на рынке ценных бумаг данный вопрос выносится на рассмотрение Совета директоров Национального Банка.
      7. Банк, получивший согласие Национального Банка на осуществление профессиональной деятельности на рынке ценных бумаг, вправе в 3-х месячный срок обратиться с заявлением о выдаче соответствующей лицензии в Национальную комиссию.
      Выданное Национальным Банком согласие на осуществление банком профессиональной деятельности на рынке ценных бумаг действительно в течение 3-х месяцев. При несвоевременном обращении банка в Национальную комиссию названное согласие теряет юридическую силу. <*>
      Сноска. Пункт 7 - с изменениями, внесенными постановлением Правления Нацбанка РК от 26 февраля 2000 года N 69 V001105_  .
      8. Удостоверенная надлежащим образом копия лицензии на осуществление профессиональной деятельности на рынке ценных бумаг, выданной Национальной комиссией, подлежит размещению в месте, доступном для обозрения клиентами банка.
      9. Заверенная в установленном порядке копия лицензии на осуществление профессиональной деятельности на рынке ценных бумаг подлежит представлению в Национальный Банк в 5-дневный срок с момента ее выдачи.
      10. Согласие на осуществление профессиональной деятельности на рынке ценных бумаг может быть отозвано Национальным Банком по следующим основаниям:
      - обнаружение недостоверности сведений, на основании которых оно было выдано;
      - нарушение банком законодательства, регламентирующего профессиональную деятельность на рынке ценных бумаг;
      - нарушение банком (два и более раза), установленных Национальным Банком пруденциальных нормативов и (или) других обязательных к соблюдению норм и лимитов.
      Уведомление об отзыве согласия подлежит направлению Национальным Банком в Национальную комиссию в 7-дневный срок, со дня направления в банк соответствующего письма об отзыве согласия на осуществление профессиональной деятельности на рынке ценных бумаг.

                 Глава 3. Заключительные положения

     11. Национальный Банк ведет регистрацию выданных им согласий на осуществление банками профессиональной деятельности на рынке ценных бумаг.
     12. В случае нарушения условий настоящих Правил Национальный Банк вправе применить к банку меры воздействия и/или санкции, предусмотренные банковским законодательством.
     13. Вопросы, не урегулированные настоящими Правилами, разрешаются в порядке, определенном действующим законодательством.

         Председатель
     Национального Банка