Алматы қаласындағы шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн қаржылық-құқықтық қолдау туралы

Алматы қаласы Әкiмiнiң шешiмi 1998 жылғы 10 шiлдедегi N 662. Алматы қалалық Әділет басқармасымен 1998 жылғы 29 шілдеде N 20 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы Әкімінің 2001 жылғы 25 мамырдағы N 354 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы Әкімінің 25.05 2001 N 354 шешімімен.
      Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне несие қаржысын берудiң тетiктерiн жетiлдiру, оның жүзеге асырылу тәртiбiн оңайлату, Алматы қаласының бюджетiнен шағын бизнеске қолдау көрсету үшiн бөлiнетiн ақша қаражаттарының пайдаланылу тиiмдiлiгiн көрсету мақсатында және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 6 наурыздағы "Шағын кәсiпкерлiктi дамытуға мемлекеттiк қолдауды күшейту және жандандыру жөнiндегi шаралар туралы" N 3398 Жарлығын орындау үшiн, сондай-ақ 1998 жылғы 10 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаевтың Үкiмет мүшелерiмен өткiзген мәжiлiсiнiң N И-18 хаттамалық шешiмiнiң 3-тармағында сәйкес қала Әкiмi

шешiм қабылдады:

      1. Мына құжаттар бекiтiлсiн:
      Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн қалалық бюджеттiң ақша қаражаттарының және осы мақсаттарға арналған басқа да көздердiң есебiнен қаржыландырудың және несие қаржысын берудiң тәртiбi туралы ереже (N 1 қосымшаға сәйкес);
      Алматы қаласы бойынша шағын кәсiпкерлiктi дамытудың ауқымды бағыттарының тiзiмi (N 2 қосымшаға сәйкес);
      2. Алматы қаласындағы шағын кәсiпкерлiктi қаржылық-құқықтық қолдау жөнiндегi Комиссияға келесi мiндеттердi атқару жүктелсiн:
      - шағын бизнес Департаментiнiң (Т.А.Алпысбаев) жеңiлдiгi бар несие қаржысын беруге ұсынылған шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң жобаларын қарау туралы есебiн тыңдау және бекiту;
      - кәсiпкерлердiң шағымдарын, хаттарын қарау және олар бойынша шешiмдер қабылдау, шағын кәсiпкерлiкке қолдау көрсетуге байланысты даулы мәселелер жөнiнде шешiмдер қабылдау;
      - шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне несие қаржыларын берудiң шектi сомаларын және мерзiмдерiн бекiту, сондай-ақ олар бойынша берiлетiн сыйлықтардың шектi ставкаларын және екiншi дәрежелi банкiлермен жасалатын шарттардың жалпы талаптарын белгiлеу.
      3. Алматы қаласындағы шағын кәсiпкерлiктi қаржылық-құқықтық қолдау жөнiндегi Комиссияның мәжiлiсi қажетiне қарай, бiрақ тоқсанына кемiнде бiр рет өткiзiледi.
      4. Алматы қаласы Әкiмiнiң 1997 жылғы 31 қаңтардағы "Шағын және орта бизнес кәсiпорындарына арналған жеңiлдiктер туралы" N 29, 1997 жылғы 28 маусымдағы "Қалалық бюджеттiң шағын кәсiпкерлiктi өркендетуге арналған ақша қаражаттарын өкiлеттiгi бар банктiң  депозитiне орналастыру жөнiндегi тендерлiк Комиссия құру туралы" N 374, 1997 жылғы 7 қазандағы "Қалалық бюджеттiң ақша қаражаттарынан және басқа да көздерден қаржыландыруға және жеңiлдiгi бар несие қаржысын беруге ұсынылатын Алматы қаласындағы шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң басым жобаларын анықтау жөнiндегi комиссия туралы" N 569 шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
      5. Алматы қаласындағы шағын кәсiпкерлiктi қаржылық-құқықтық қолдау жөнiндегi Комиссияның жұмыс органы болып Шағын бизнес департаментi (Т.А.Алпысбаев) белгiленсiн.
      6. Шағын бизнес департаментi (Т.А.Алпысбаев) екiншi дәрежелi банкiлермен шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне несие қаржылық қызмет көрсету жөнiнде шарттар жасассын және қалалық бюжеттен шағын кәсiпкерлiкке қаржылық қолдау көрсету үшiн бөлiнетiн ақша қаражаттарын мақсатқа сәйкес пайдалануына бақылау жасалынуын қамтамасыз етсiн, сондай-ақ осы шешiмнiң орындалуына байланысты басқа да қажеттi барлық шараларды қолдасын.
      7. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау Алматы қаласы Әкiмiнiң бiрiншi орынбасары Қ.А.Бөкеновке жүктелсiн.

      Алматы қаласының әкiмi          В.Храпунов

Алматы қаласы Әкiмiнiң
1998 жылғы 10 шiлдедегi
N 662 шешiмiне
N 1 қосымша

Қалалық бюджеттiң ақша қаражаттары
есебiнен және осы мақсатқа арналған
басқа да көздерден шағын кәсiпкерлiк
субъектiрлерiн қаржыландырудың және несие
қаржыларын берудiң тәртiбi туралы
ЕРЕЖЕ

      1. Осы "Қалалық бюджеттiң ақша қаражаттары есебiнен және осы мақсатқа арналған басқа да көздерден шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн қаржыландырудың және несие қаржыларын берудiң тәртiбi туралы Ереже" (әрi қарай - Ереже) Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылға  6 наурыздағы "Шағын кәсiпкерлiктi дамытуды мемлекеттiк қолдауды күшейту және жандандыру жөнiндегi шаралар туралы" N 3398 Жарлығына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 маусымдағы "Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау туралы" N 131-1 Заңына сәйкес әзiрлендi және қалалық бюджеттен Алматы қаласындағы шағын кәсiпкерлiктi қолдауға, өркендетуге бөлiнетiн ақша қаражаттарын, сондай-ақ, басқа да көзделген осы мақсаттарға бөлiнетiн ақша қаражаттарын пайдаланудың негiзгi ережелерiн, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне несие қаржыларын берудiң тәртiбiн оңайлатуды.
      2. Осы Ереже:
      - қалалық бюджеттiң ақша қаражаттары есебiнен шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне (әрi қарай Заемшылар) жеңiлдiгi бар несие қаржыларын берудiң тәртiбiн, шарттарын, мерзiмдерiн және тетiктерiн;
      - қайтарымды негiзде бiрлесе отырып, қаржыландыру тәртiбiне сәйкес Заемшыларға өкiлеттiгi бар, екiншi дәрежелi банкiлермен (әрi қарай - Банкiлер) бiрлесе отырып, несие қаржыларын берудiң шарттарын;
      - Банкiлердiң Заемшыларға беретiн несие қаржылары бойынша проценттiк ставкаларды (мүдделерiн) iшiнара өтеудiң шарттарын айқындайды.
      Осы мақсаттарды жүзеге асыру үшiн Алматы қаласы Әкiмiнiң жанындағы Шағын бизнес департаментi (әрi қарай Департамент) және Банкiлердiң арасында Банкiлердiң Заемшыларға қалалық бюджеттiң ақша қаражаттары есебiнен несие қаржыларын (әрi қарай - Несие қаржылық келiсiм) берудiң тәртiбiн белгiлейтiн тиiстi келiсiмдерге қол қойылады.
      3. Заемшылардың жобалары үшiн жеңiлдiгi бар несие қаржыларын беру, бiрлесе отырып қаржыландыру олардың қай салаға енетiнiне қарамастан шарттық негiзде белгiленген Банк арқылы жүзеге асырылады.
      4. Қалалық бюджеттiң ақша қаражаттары есебiнен Заемшыларға несие қаржыларын берудiң мерзiмдерiн, олардың шектi сомаларын, сондай-ақ олар бойынша берiлетiн сыйақылардың шектi ставкаларын, Департамент және Банкiлер арасында Заемшыларға немесе қаржылық  қызмет көрсету үшiн жасалатын шарттардың жалпы талаптарын белгiлеудi Алматы қаласындағы шағын кәсiпкерлiктi қаржылық-құқықтық қолдау жөнiндегi Комиссия (әрi қарай - Комиссия) жүзеге асырады.
      Комиссия нақты жағдайларды (экономикалық жағдай, инфляцияның қарқыны, банкілердiң қалыптасқан проценттiк ставкалары және т.б.) ескере отырып, несие қаржыларының шектi мөлшерiн жүйелi өзгертiп отыруға құқылы.
      5. Қалалық бюджеттiң ақша қаражаттары есебiнен Банкілердiң проценттiк ставкаларын (мүдделерiн) өтеу қалалық экономика саласында жұмыс iстейтiн, қалалық бюджеттiң ақша қаражаттары есебiнен ұсталатын қалалық коммуналдық шаруашылыққа қызмет көрсетуге арналған шарттары және мердiгерлiк шарттары бар (көшелердi, скверлердi, парктердi, тазалау және қоқыстарды тасып әкету, канализациялық, су құбыры жүйелерiн, мектептердi, ауруханаларды және басқаларды жөндеу) Заемшылардың жобалары бойынша қаржыландыратын Банкiлердi несие қаржылары бойынша, сондай-ақ қалалық бюджеттiң ақша қаражаттары есебiнен ұсталатын қалалық ұйымдарға және халықтың әлеуметтiк жағынан нашар қорғалған топтарына қызмет көрсетуге өкiлеттi органдармен жасалған шарт негiзiнде жұмыс iстейтiн Заемшылардың жобалары бойынша жүзеге асырылады.
      Бұл жағдайда берiлетiн несиелiк ресурстардың нақты мөлшерiн, немесе қаржыларының берiлу мерзiмдерiн Банк Заемшымен келiсе отырып, анықтайды. Бiрақ, несие қаржыларын берудiң жалпы мерзiмi сондай-ақ, Банкiлердiң мүдделерiн өтеу үшiн (несие қаржыларының берiлу мерзiмдерiне қарамастан) қалалық бюджеттен бөлiнетiн сома және Банкiнiң беретiн ставкасы Комиссияның ағымдағы кезеңге белгiленген шектi мөлшерiнен аспауы тиiс.
      Банкiлердi проценттiк ставкаларын (мүдделерiн) қалалық бюджеттердiң ақша қаражаттарының есебiнен iшiнара өтеу қайтарымды негiзде жүзеге асырылады. Банкiлердiң мүдделерiн iшiнара өтеу үшiн бөлiнген бюджет қаржыларының қайтарылуын қамтамасыз ету тетiгi Департамент және Банкiлер арасында қол қойылған тиiстi Несие қаржылық келiсiмдерге сәйкес анықталады.
      6. Қалалық бюджеттiң ақша қаражаттары есебiнен қайтарымды негiзде, жеңiлдiгi бар несие қаржыларын Заемшыларға беру, сондай-ақ, осы қаржы көздерiнен олардың жобаларын бiрлесе отырып, қаржыландыруға ақша қаражаттарын бөлу тек қана олардың экономикасының басым секторларындағы өндiрiстiк қызметпен, қала үшiн әлеуметтiк маңызы бар қызметтер көрсетумен (жұмыстарды атқарумен), сондай-ақ, жұмыссыз азаматтардың едәуір бөлiгi үшiн жұмыс орындарын ашумен айналысқан жағдайда ғана жүзеге асырылады.
      7. Заемшылар өздерiне несие қаржылары ретiнде қалалық бюджеттен бөлiнетiн ақша қаражаттарын жабдықтарды сатып алу, сондай-ақ, қажеттi айналым қаржыларын толықтыру үшiн пайдалануы мүмкiн.
      Заемшылар өздерiне несие қаржылары ретiнде қалалық бюджеттен бөлiнетiн ақша қаражаттарын, қарыздарын, сонымен бiрге еңбекақы жөнiндегi қарыздарын өтеу үшiн, бюджетке және бюджеттен тыс қорларға төлем пайдалана алмайды.
      8. Заемшылар өздерiнiң бюджетке, мемлекеттiк бюджеттен тыс қорларға қарыздар емес екендiктерiн Банкке құжаттар арқылы дәлелдеуi тиiс.
      9. Заемшыларды Банкiлерге ұсынатын құжаттарына қойылатын талаптарды Банкiлердiң өздерi қабылдаған несие саясатына сәйкес белгiлейдi.
      10. Банкiлер құптаған жобалар Департаменттiң қарауына ұсынылады, содан соң үш жұмыс күнi iшiнде Заемшыға ақша қаражаттарын беру немесе беруден бас тарту жөнiнде шешiм қабылданады.
      11. Департамент қалалық бюджеттен шағын кәсiпкерлiктi қолдауға, дамытуға бөлiнетiн ақша қаражаттарын мақсатқа сәйкес пайдалану шарттарын сақтандыруы үшiн Банкке қайтарады, ал, олардың кемшiлiктерiн түзету мүмкiн болмаған жағдайда бас тартады.
      12. Департамент және Банк тарапынан құпталған жобалар бойынша он күндiк мерзiмде Заемшыларға несие қаржылары беруге қажеттi құжаттар хатталады.
      13. Қалалық бюджеттiң қаражатынан Заемшыларға берiлетiн жеңiл несие қаржының проценттiк ставкасы, оның мөлшерi және мерзiмi Заемшыға берiлетiн жеңiл несие, Комиссияның ағымдағы мезгiлiне белгiленген шектi мөлшерiнен асып түспеуi тиiс.
      14. Қалалық бюджеттiң қаражатынан берiлетiн жеңiл несие, сондай-ақ, қосарлы қаржыландыру шартындағы Заемшыларды несиелеуге бағытталған қаражаттың бөлiгi, тәртiп бойынша, Заемшының қаржылық қамтамасыз етуiнен немесе олардың берген өзге кепiлдiгiмен жүзеге асырылуға тиiс, осы Ереже белгiленген тәртiбi бойынша Заемшыны осындай қамтамасыз етуiмен толығымен немесе жартылай босатуы шешiм қабылдаған жағдайдан басқасы.
      15. Банктiң процентi (мүддесi) қалалық бюджеттiң қаражатынан берiлетiн несиесi бойынша Заемшыға берiлетiн несие бойынша оның өзiне алған Банкiнiң тәуекелiне мүдделi және теңгермелi. Банк мүддесiнiң нақты мөлшерi Банк пен Департамент арасындағы жасасқан несие келiсiмi мен анықталады, бiрақ бұл комиссияның ағымдағы мезгiлiне белгiленген шектi мөлшерiнен асып түспеуi тиiс. Заемшыға комиссиялық сыйақы мөлшерi белгiленген табыс шектi процент ставкасы арасындағы ерекшелiк есебiнен құрылған банкiге заемшы несиеге қызмет еткенi үшiн тиесiлi Департамент пен Банк қол койған Несие келiсiмiмен анықталған шартта бюджетке аударуға жатады.
      16. Жобаны қоса қаржыландырғанда Департамент өзiнiң несие ресурстар үлесiн жобаның құнына сыйақысыз (мүддесiз), яғни, нолдiк ставкамен бередi, ал Банктер өзiнiң несие ресурстар үлесiн жобаның құнына жылдық 25 процент ставкадан асырмай бередi.
      17. Жоба бойынша Заемшы үшiн процент ставкасы қоса қаржыландыру шартымен қаржыландырылатын Банкiнiң ставкасынан және оның қоса қаржыландырудағы қатысу үлесiн мүдделi, бiрақ Банкiнiң қоса қаржыландырудағы жобаға үлесi Заемшыға берiлетiн несиенiң жалпы сомасынан 50 процентiнен кем болмауға тиiс.
      Қоса қаржыландыру шартындағы Заемшыға несие беру мерзiмi 36 айдан аспауы тиiс.
      18. Осы Ережедегi белгiленген тәртiп бойынша Департамент жобаны қоса қаржыландыруды өзiнiң несие үлесiне Заемшыға жартылай кепiлдiк беру шартымен қамтамасыз етуге немесе оны бермеуге де құқылы.
      Заемшыға қоса қаржыландыру шартымен оған Банкiнiң беретiн несие ресурстарының үлесiмен қамтамасыз ету сол Заемшымен келiсу арқылы Банк анықтайды.
      19. Департамент Заемшыға несие беруге бағытталған бюджеттiк қаражаттың уақытылы және мақсатты пайдаланылуын Банктiң Несие беру шарты келiсiмiн орындауды бақылауды жүзеге асырады.
      20. Департаменттiң шотына бюджеттiк қаражаттарды бөлу және аударуды Алматы қалалық Қаржы басқармасы Банкiнiң Заемшылардың жобаларын қаржыландыруды қолдаған және келiскеннен кейiн ғана жүргiзедi. Егер де Банк несие ресурсы ретiнде пайдаланылатын бөлiнген бюджеттi қаражатты 15 күннiң iшiнде игере алмаса, (алдын ала қаржыландырылмаған, аккредитив ашпаған, кепiлдiк немесе вексель берiлмеген, жеткiзiп берушi немесе мердiгершiлермен басқа да есеп жүргiзiлмеген), олар (Департаменттiң Банкiге аударған ақшалай қаражаты) Департаменттiң шотына 5 банкiлiк күн iшiнде қайтаруға жатады. Банктiң Департамент шотына олардың бөлiнген бюджет қаражатын игере алмаған жағдайдағы уақытылы ақшаны қайтара алмағандығы үшiн санкция мөлшерiн Департамент пен Банк арасында жасасқан Несие беру келiсiмiмен анықталады.
      21. Осы Ережеде көзделген Алматы қаласы Әкiмiнiң шағын кәсiпкерлiк субъектiлердiң пайдасы үшiн берiлетiн кепiлдiк туралы Шешiмдi Заемшы берген өтiнiш негiзiнде комиссия шығарады.
      Кәсiпкерлердiң оларға Әкiмнiң беретiн кепiлдiгi жөнiндегi өтiнiштерiн қарау рәсiмi мен тәртiбiн комиссия жеке өзi белгiлейдi және бекiтедi.

      Алқа хатшысы              К.Тәжиева

Алматы қаласы Әкiмiнiң
1998 жылғы 10 шiлдедегi
N 662 шешiмiне
N 2 Қосымша

Алматы қаласы бойынша Шағын кәсiпкерлiктi
дамытудың басымды бағытының
ТIЗБЕСI

      - жоғары сапалы киiмдер мен трикотаж бұйымдарды өндiру;
      - жоғары сапалы жиhаздар мен фурнитураларды өндiру;
      - жаңа түрдегi картон-қағаз өнiмдерiн өндiру;
      - ауылшаруашылық өнiмдерiн даярлау, өңдеу және сақтау;
      - балалар тағамын, кондитер бұйымдарын алкогольсiз сусындарды,минералдық суларды және оларға арналған қаптамаларды шығару;
      - жаңа технологиялық түрдегi машиналар мен жабдықтарды шығару;
      - өнеркәсiп және тұрмыстық электроника мен электротехникалық өнiмдердi өндiру;
      - тұрмыстық химия мен парфюмерлiк-косметикалық бұйымдарды өндiру;
      - дәрi-дәрмектiк табиғи шикiзатты даярлау және өндiру, сондай-ақ дәрi-дәрмек құралдарын, таңу материалдары мен тазалық-гигиеналық заттарды шығару;
      - жергiлiктi шикiзат базасында құрылыс материалдарының, конструкциялары мен бұйымдардың озық және жаңа түрлерiн өндiру;
      - қаланың инфрақұрылымы саласында шағын кәсiпорындарды құру (дәрiлеу, өндiрiстiк және тұрмыстық қалдықтарды өңдеу, ПИК және тамақтандыру объектiлерiне қызмет көрсету, көшелердi тазалау, және басқалары);
      - қалаға шет елден саяхатшыларын тартуға бағытталған туристiк қызмет және Алматы қаласының демалыс қонақүй бизнесi;
      - медициналық және ветеринарлық қызмет көрсететiн шағын кәсiпорындар құру;
      - ғылыми икемдi өндiрiстер мен технологияларды дамытуға байланысты қызмет, жоғары экспорттық қайтарымы бар, былай айтқанда венчурлық фирмалар, олардың өнiмi iшкi және сыртқы базарларға арналған;
      - құрылыс және жөндеу-құрылыс жұмыстарын жүргiзетiн кәсiпорындар құру.

      Алқа хатшысы              К.Тәжиева

Алматы қаласы Әкiмiнiң
1998 жылғы 10 шiлдедегi
N 662 шешiмiне
N 3 Қосымша

Шағын кәсiпкерлiктi қаржы-құқықтық
қолдау Комиссиясының
ҚҰРАМЫ

№ р/с

Аты-жөнi

Қызметi

1.

Бөкенов Қ.А.

Комиссия Төрағасы, Алматы қаласы Әкiмiнiң бiрiншi орынбасары

2.

Жаңбыршин Қ.Е.

Комиссия төрағасының орынбасары, Алматы қаласы Әкiмiнiң орынбасары

3.

Алпысбаев Т.А.

Комиссия хатшысы, Алматы қаласы Әкiмiнiң жанындағы Шағын бизнес департаментiнiң директоры

Комиссия мүшелерi:

4.

Васильева Л.А.

Алматы қалалық экономика жөнiндегi комитеттiң төрайымы

5.

Тәжiбаев Қ.Қ.

Алматы қалалық қаржы басқармасының бастығы

6.

Қалижанов Б.У.

Алматы қалалық салық басқармасының бастығы

7.

Нұрланов А.Ж.

Алматы Үлгiлi еңбекке орналастыру орталығының бастығы

8.

Орлов П.Е.

Алмалы ауданы Әкiмiнiң бiрiншi орынбасары

9.

Жұмабеков Д.А.

Әуезов ауданы Әкiмiнiң орынбасары

10.

Тоғаев А.К.

Бостандық ауданы Әкiмiнiң орынбасары

11.

Қонысбаев Б.Ж.

Жетiсу ауданы Әкiмiнiң бiрiншi орынбасары

12.

Солтанбаев Х.Ж.

Түрксіб ауданы Әкiмiнiң бiрiншi орынбасары

13.

Ысқақбаев Н.Ш.

Медеу ауданы Әкiмiнiң бiрiншi орынбасары

14.

Елшiбеков С.К. (келiсiмi бойынша)

Алматы қалалық Кәсiпкерлер Ассоциациясының төрағасы

15.

Баншев Б.К. (келiсiмi бойынша)

Бiрiншi Вице-президент, ҚРБА атқару комитетiнiң төрағасы

16.

Түлешев А.К. (келiсiмi бойынша)

Әл-Фараби атындағы ҚазМУ ғылыми-технологиялық паркiнiң директоры, экономика ғылымдарының кандидаты

      Алқа хатшысы                     К.Тәжиева

О финанcово-правовой поддержке субъектов малого предпринимательства города Алматы

Решение акима города Алматы от 10 июля 1998 года N 186. Зарегистрировано Управлением юстиции города Алматы 29 июля 1998 года № 20. Утратило силу решением акима города Алматы от 25 мая 2001 года N 354

      Сноска. Утратило силу решением акима города Алматы от 25.05.2001 N 354.

      В целях совершенствования механизма кредитования субъектов мaлoгo предпринимательства, упрощения ее процедуры, повышения эффективности использования выделяемых на поддержку малого бизнеса финансовых средств из бюджета города Алматы и во исполнение Указа Президента Республики Казахстан от 6 марта 1997 года N 3398 "О мерах по усилению государственной поддержки и активизации развития малого предпринимательства", а также в соответствии с п.3 протокольного решения совещания у Президента Республики Казахстан Назарбаева Н.А. с членами Правительства от 10 января 1998 года N И-18, Аким города

РЕШИЛ:

      1. Утвердить:
      Положение о порядке финансирования и кредитования субъектов малого предпринимательства за счет средств городского бюджета и других предусмотренных на эти цели источников согласно приложения N 1;
      Перечень приоритетных направлений развития малого предпринимательства по городу Алматы согласно приложения N 2;
      Состав Комиссии по финансово-правовой поддержке малого предпринимательства города Алматы согласно приложения N 3.
      2. Комиссии по финансово-правовой поддержке малого предпринимательства города Алматы вменить следующие функции:
      - заслушивание и утверждение отчета Департамента малого бизнеса (Алпысбаев Т.А.) о рассмотрении проектов субъектов малого предпринимательства, представленных на льготное кредитование;
      - рассмотрение и вынесение решений по жалобам и письмам предпринимателей, и принятие решений по спорным вопросам, связанных с поддержкой малого предпринимательства;
      - утверждение предельных сумм и сроков выдачи кредитов субъектам малого предпринимательства из средств городского бюджета, а также установление предельных ставок вознаграждения по ним и общих условий договоров, заключаемых с банками второго уровня.
      3. Заседание Комиссии по финансово-правовой поддержке малого предпринимательства города Алматы проводить по мере необходимости, но не реже одного раза в квартал.
      4. Признать утратившим силу решения Акима города Алматы "О льготах для предприятий малого и среднего бизнеса" N 29 от 31 января 1997 года, "О создании тендерной Комиссии по размещению средств городского бюджета, предусмотренных на развитие малого предпринимательства, на депозите в уполномоченном банке" N№ 374 от 28 июня 1997 года, "О комиссии по определению приоритетных проектов субъектов малого предпринимательства города Алматы, рекомендуемых для финансирования и льготного кредитования из средств городского бюджета и других источников" N 569 от 7 октября 1997 года.
      5. Определить рабочим органом Комиссии по финансово-правовой поддержке малого предпринимательства города Алматы Департамент малого бизнеса (Алпысбаев Т.А.).
      6. Департаменту малого бизнеса (Алпысбаев Т.А.) заключить соглашения с банками второго уровня о кредитном обслуживании субъектов малого предпринимательства, и обеспечить контроль за целевым использованием ими средств, выделяемых из городского бюджета на финансовую поддержку малого предпринимательства, а также принять все другие необходимые меры, связанные с исполнением данного решения.
      7. Контроль за исполнением данного решения возложить на первого заместителя Акима города Алматы Букенова К.А.

      Аким города Алматы           В.Храпунов

Приложение N 1
к решению Акима города Алматы
от 10 июля 1998 года N 662

ПОЛОЖЕНИЕ
о порядке финансирования и кредитования субъектов
малого предпринимательства за счет средств
городского бюджета и других предусмотренных на
эти цели источников

      1. Настоящее "Положение о порядке финансирования и кредитования субъектов малого предпринимательства за счет средств городского бюджета и других предусмотренных на эти цели источников" (далее - Положение) разработано в соответствии с Указом Президента Республики Казахстан от 6 марта 1997 г. N 3398 "О мерах по усилению государственной поддержки и активизации развития малого пpeдпринимательства", Закона Республики Казахстан "О государственной поддержке малого предпринимательства" от 19 июня 1997 г. N 131-1 и определяет основные правила использования средств, выделенных из городского бюджета на поддержку и развитие малого предпринимательства в городе Алмате, а также средств, выделяемых на эти же цели из других источников, и в целях упрощения процедуры кредитования субъектов малого предпринимательства.
      2. Настоящее положение определяет:
      - порядок, условия, сроки и механизмы льготного кредитования субъектов малого предпринимательства (далее - Заемщики) из средств городского бюджета;
     - условия совместного с уполномоченными банками второго уровня (далее - Банки) кредитования Заемщиков в порядке софинансирования на возвратной основе;
      - условия частичной компенсации процентных ставок (интересов) Банков по кредитам, выдаваемым ими Заемщикам.
      Для реализации данной цели между Департаментом малого бизнеса при Акиме города Алматы (далее - Департаментом) и Банками подписываются соответствующие соглашения, определяющие порядок выдачи банками Заемщикам кредитов из средств городского бюджета (далее - Кредитное соглашение).
      3. Льготное кредитование, софинансирование проектов Заемщиков производится независимо от их отраслевой принадлежности через определенный на договорной основе Банк.
      4. Предельные суммы, сроки выдачи кредитов Заемщикам из средств городского бюджета, а также установление предельных ставок вознаграждения по ним и установление общих условий договоров, заключаемых Департаментом с Банками на кредитное обслуживание Заемщиков, производится Комиссией по финансово-правовой поддержке малого предпринимательства города Алматы (далее - Комиссия).
      Исходя из конкретных условий (экономического состояния, темпов инфляции, сложившихся процентных ставок банков, и т.д.), Комиссия вправе регулярно изменять предельные размеры кредитных условий.
      5. Частичная компенсация процентных ставок (интересов) Банков из средств городского бюджета производится по кредитам Банков, финансирующих проекты Заемщиков, занятых в сфере городской экономики, имеющих договоры подряда и договоры на оказание услуг городским коммунальным хозяйствам, содержащимся за счет средств городского бюджета (на уборку и очистку улиц, скверов, парков, вывоз мусора, ремонт канализационных и водопроводных сетей, школ, больниц и т.д.), а также Заемщиков, занятых на договорной основе с уполномоченными органами оказанием услуг социально незащищенным слоям населения и организациям города, содержащимся за счет средств городского бюджета.
      В этом случае, конкретные размеры выдаваемых кредитных ресурсов, сроки кредитования определяются Банком по согласованию с Заемщиком, однако общий срок кредитования, а также сумма, направленная из городского бюджета на компенсацию интересов Банков (независимо от срока кредитования), и процентная ставка Банка по выдаваемым им кредитам не может превышать предельных размеров, установленных Комиссией на текущий период.
      Частичная компенсация процентных ставок (интересов) Банков из средств городского бюджета производится на возвратной основе. Механизм обеспечения возвратности бюджетных средств, выделенных на частичную компенсацию интересов Банков, определяется соответствующими Кредитными соглашениями, подписанными Департаментом и Банками.
      6. Предоставление Заемщикам льготных кредитов на возвратной основе из средств городского бюджета, а также выделение из этих же источников средств на софинансирование их проектов осуществляется только в случаях занятия ими производственной деятельностью в приоритетных секторах экономики, оказанием социально-значимых для города услуг (выполнением работ), а также образующих рабочие места для трудоустройства значительного числа безработных граждан.
      7. Средства городского бюджета, выделяемые на кредитование Заемщиков, могут быть использованы ими на закупку оборудования, а также на пополнение необходимых им оборотных средств.
      Средства, выделяемые из городского бюджета на кредитование Заемщиков, не могут быть использованы ими на погашение каких-либо задолженностей, в том числе задолженностей по заработной плате, платежей в бюджет и внебюджетные фонды.
      8. Заемщики должны документально подтвердить Банку отсутствие у них задолженностей перед бюджетом и государственными внебюджетными фондами.
      9. Требования к документам, представляемым Заемщиками в Банки, устанавливаются самими Банками в соответствии с принятой ими кредитной политикой.
      10. Проекты, одобренные Банками, представляются на рассмотрение в Департамент, который в течение трех рабочих дней принимает решение о предоставлении Заемщику средств или отказе предоставить их.
      11. Проекты, в которых не соблюдаются условия целевого использования средств, выделяемых из городского бюджета на поддержку и развитие малого предпринимательства, Департамент возвращает на доработку в Банк, а в случаях невозможности устранения недостатков, отклоняет.
      12. По проектам, получившим положительное решение Департамента и Банка в десятидневный срок оформляются необходимые документы по выдаче Заемщиком кредитов.
      13. Процентная ставка льготного кредита, предоставляемого Заемщикам из средств городского бюджета, его размер и срок, на который предоставляется кредит Заемщику, не могут превышать предельных размеров, установленных Комиссией на текущий период.
      14. Льготные кредиты, выдаваемые из средств городского бюджета, а также часть средств, направляемых на кредитование Заемщиков на условиях софинансирования, как правило, должны производиться под залоговое обеспечение Заемщиков или представленную ими иную гарантию, за исключением тех случаев, когда в порядке, установленном настоящим Положением, принимается решение освободить Заемщика полностью или частично от такого обеспечения.
      15. Процент (интерес) Банка по кредитам, выдаваемым из средств городского бюджета, зависит и пропорционален риску Банка, принимаемого им на себя по выданным Заемщикам кредитам. Конкретный размер интереса Банка определяется Кредитным соглашением, заключаемым между Департаментом и Банком, однако он не может превышать предельного размера ставок, установленных Комиссией на текущий период. Доход, образующийся за счет разницы между предельной процентной ставкой, установленной Заемщику, размером комиссионного вознаграждения, причитающегося Банку за кредитное обслуживание Заемщика, подлежит перечислению в бюджет на условиях, определенных Кредитным соглашением, подписанным Департаментом и Банком.
      16. При софинансировании проектов Департамент предоставляет свою долю кредитных ресурсов в стоимости проекта без вознаграждения (интереса), т.е. по нулевой ставке, а Банки предоставляют свою долю кредитных ресурсов в стоимости проекта по ставке не более 25 процентов годовых.
      17. Процентная ставка для Заемщика по проектам, финансируемым на условиях софинансирования, зависит от ставки Банка и доля его участия в софинансировании проекта, однако доля Банка в софинансировании проекта не может быть менее 50 процентов от общей суммы, выдаваемого Заемщику кредита.
      Срок кредитования Заемщика на условиях софинансирования не может превышать 36 месяцев.
      18. В порядке, установленном настоящим Положением, Департамент вправе выделить свою долю кредита в софинансировании проекта на условиях частичного предоставления Заемщиком гарантийного обеспечения или без предоставления такового.
      Обеспечение Заемщиком доли кредитных ресурсов, предоставляемых ему Банком на условиях софинансирования, определяется Банком по согласованию с самим Заемщиком.
      19. Департамент осуществляет контроль за своевременным и целевым использованием бюджетных средств, направленных на кредитование Заемщиков и выполнение Банками условий Кредитных соглашений.
      20. Выделение Департаменту и зачисление ему на счет бюджетных средств производится Финансовым управлением города Алматы только по одобренным и принятым Банком к финансированию проектам Заемщиков. В случае неосвоения Банком в течение 15 дней выделенных бюджетных средств, используемых как кредитные ресурсы, (не произведена предоплата, не открыт аккредитив, не выданы гарантия или вексель, не произведены другие расчеты с поставщиками или подрядчиками), они (перечисленные Департаментом в Банк денежные средства) подлежат возврату на счет Департамента в течение 5 банковских дней. Размеры санкций за несвоевременный возврат Банками денег на счет Департамента в случаях неосвоения ими выделенных бюджетных средств определяются Кредитными соглашениями, заключаемыми между Департаментом и Банками.
      21. Предусмотренное настоящим Положением Решение о предоставлении в пользу субъектов малого предпринимательства гарантий Акимата города Алматы выносится Комиссией на основании представленного Заемщиком заявления.
      Процедура и порядок рассмотрения заявлений предпринимателей по предоставлению им гарантий Акимата устанавливаются и утверждаются Комиссией самостоятельно.

Приложение N 2
к решению Акима города Алматы
от 10 июля 1998 года N 662

Перечень приоритетных направлений развития малого
предпринимательства по городу Алматы

      - производство высококачественной одежды и трикотажных изделий;
      - производство высококачественной мебели и фурнитуры;
      - производство новых видов картонажно-бумажной продукции;
      - заготовка, переработка и хранение сельхозпродукции;
      - производство детского питания, кондитерских изделий, безалкогольных напитков, минеральной воды и упаковочных материалов к ним;
      - выпуск новых технологических типов машин и оборудования;
      - производство и ремонт промышленной и бытовой электроники и электротехнической продукции;
      - производство продукции бытовой химии и парфюмерно-косметических изделий;
      - заготовка и переработка лекарственного природного сырья, а также производство лекарственных средств, перевязочных материалов и санитарно-гигиенических предметов;
      - производство прогрессивных и новых видов строительных материалов, конструкций и изделий на базе местного сырья;
      - создание малых предприятий в сфере городской инфраструктуры (дезинфекция, сбор и переработка промышленных и бытовых отходов, обслуживание КСК и объектов питания, оказание бытовых услуг, уборка улиц, и др.);
      - туристическая деятельность, направленная на привлечение в город иностранных туристов и развивающая гостиничный бизнес города Алматы;
      - создание малых предприятий, оказывающих медицинские и ветеринарные услуги;
      - деятельность, связанная с развитием наукоемких производств и технологий, на развитие, так называемых венчурных фирм, продукция которых ориентирована как на внутренний, так и на внешний рынок, обладающая высоким экспортным потенциалом;
      - создание предприятий, осуществляющих строительные и ремонтно-строительные работы.

Приложение N 3
к решению Акима города Алматы
от 10 июля 1998 года N 662

Состав Комиссии о финансово-правовой поддержке
малого предпринимательства

1. Букенов К.А.       - Председатель Комиссии, Первый заместитель
                        Акима города Алматы
2. Джанбурчин К.-К.Е. - Заместитель председателя Комиссии,
                        заместитель Акима города Алматы
3. Алпысбаев Т.А.     - Секретарь Комиссии, Директор Департамента
                        малого бизнеса при Акиме города Алматы

                     Члены Комиссии:

4. Васильева Л.А.     - Председатель Комитета по экономике г.Алматы
5. Тажибаев К.К.      - Начальник Финансового управления г.Алматы
6. Калижанов Б.У.     - Начальник Налогового управления г.Алматы
7. Нурланов А.Ж.      - Начальник Алматинского Модельного центра
                        занятости
8. Орлов П.Е.         - Первый заместитель Акима Алмалинского района
9. Джумабеков Д.А.    - Заместитель Акима Ауэзовского района
10. Тогаев А.К.       - Заместитель Акима Бостандыкского района
11. Конысбаев Б.Ж.    - Первый заместитель Акима Жетусуского района
12. Солтанбаев Х.Ж.   - Первый заместитель Акима Турксибского района
13. Искакбаев Н.Ш.    - заместитель Акима Медеуского района
14. Елшибеков С.К.    - Председатель Алматинской городской Ассоциации      (по согласованию)   предпринимателей
15. Баишев Б.К.       - Первый Вице-президент, Председатель
    (по согласованию)   исполкома АБРК
16. Тулешев А.К.      - Директор научно-технологического парка
    (по согласованию)   КазГНУ им.Аль-Фараби, к.э.н.