1. Ғылыми, мәдени-ағарту, оқу, туристiк және рекреациялық мақсаттарда ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны сондай-ақ осы аумақтарда болған кезде автокөлiк құралдарының ыластайтын заттарды атмосфераға тастағаны үшiн төлем мөлшерлерi белгiленсiн (№ 1 қосымша).
2. Шығыс Қазақстан орман, балық, аң шаруашылығы басқармасы (Қалмақов А.Г.) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар аймақтарының атауларын облыстық қоршаған ортаны қорғау қорына берсiн.
3. Арнайы автокөлiк құралдары (жедел көмек, өрт көлiгi, табиғат қорғау мекемелерiнiң көлiктерi) төлем төлеуден босатылсын.
4. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланудан түсетiн қаражаттар толық көлемiнде облыстық қоршаған ортаны қорғау қорына түсiрiледi деп белгiленсiн.
5. Осы шешiмнiң орындалуына бақылау жасау облыс Әкiмiнiң орынбасары Ю.П. Швайченкоға жүктелсiн.
Шығыс Қазақстан облысының |
Әкiмi |
Облыс Әкiмiнiң 1998 жылғы 6 қараша № 610 шешiмiне № 1 қосымша |
Ерекше қорғалатын аумақта болған кезде алынатын төлемдер мөлшерi
Атауы | Төлемдер мөлшерi (теңге) | |
Қазақстан Республикасы | Басқа мемлекеттер | |
Жеке адамдар | | |
Ересектер | 100 | 200 |
Балалар | 50 | 100 |
Жеңiл автомобильдер | ||
5 орынға дейiн | 300 | 500 |
10 орыннан артық | 800 | 1200 |
Жүк автомобильдерi | 650 | 800 |