Еркін өзгермелі айырбас бағамы режиміне көшуге байланысты жеке және заңды тұлғалардың екінші деңгейдегі банктердегі теңгелік депозиттерін айырбастауды жүзеге асыру ережелеріне өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы

Қаулы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасы 1999 жылғы 12 сәуір N 69 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 12.04. 1999 ж. тіркелді. Тіркеу N 731. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 8 тамыздағы № 183 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 08.08.2016 № 183 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлттық Банкінің теңгенің айырбас бағамының бұдан былайғы саясаты туралы мәлімдемесін жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 5 сәуірдегі N 62 V990727_ қаулысымен бекітілген Еркін өзгермелі айырбас бағамы режиміне көшуге байланысты жеке және заңды тұлғалардың екінші деңгейдегі банктердегі теңгелік депозиттерін айырбастауды жүзеге асыру ережелеріне ұсынылған өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізген күннен бастап күшіне енгізілсін.
      2. Заң департаменті (Сизова С.И.) банктік қадағалау департаментімен (Жұмағұлов Б.Қ.) бірлесіп осы қаулыны және Еркін өзгермелі айырбас бағамы режиміне көшуге байланысты жеке және заңды тұлғалардың екінші деңгейдегі банктердегі теңгелік депозиттерін айырбастауды жүзеге асыру ережелеріне өзгерістер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуден өткізсін.
      3. Банктік қадағалау департаменті (Жұмағұлов Б.Қ.) осы қаулыны және Еркін өзгермелі айырбас бағамы режиміне көшуге байланысты жеке және заңды тұлғалардың екінші деңгейдегі банктердегі теңгелік депозиттерін айырбастауды жүзеге асыру ережелеріне өзгерістер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізген күннен бастап бес күндік мерзімде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдарына және екінші деңгейдегі банктерге жіберсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары М.Т. Құдышевке жүктелсін.
      Ұлттық Банк
      Төрағасы

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкi Басқармасының
1999 жылғы 12 сәуiрдегi
N 69 қаулысымен
Бекітілген
  Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының
  1999 жылғы 5 сәуiрдегi N 62 қаулысымен бекiтiлген

      Еркiн өзгермелi айырбас бағамы режимiне көшуге байланысты
      жеке және заңды тұлғалардың екiншi деңгейдегi банктердегi
      теңгелiк депозиттерiн айырбастауды жүзеге асыру ережелерiне
       өзгерiстер мен толықтырулар
      1. 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
       "1. 1999 жылғы 29 наурыздағы жағдай бойынша заңды және жеке тұлғалардың"(банк операцияларының"жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын банктер мен ұйымдардан басқасы) екiншi деңгейдегi банктердiң (бұдан әрi - банктер) банктiк есепшоттарындағы теңгемен талап етiлетiн де және мерзiмдi теңгелiк депозиттерi де осы Ережелердiң"2, 3, 4 және 5-тармақтарында белгiленген шарттарға сай айырбастауға жатады.
      Сонымен қатар, егер 1999 жылғы 29 наурыз - 2 сәуiр аралығындағы кезеңде депозитордың банктiк есепшотынан ақша алу және/немесе ақша қосу (есептеу) жүзеге асырылған болса, онда депозитордың банктiк есепшотындағы 1999 жылғы 2 сәуiрдiң"аяғындағы депозит сомасы 1999 жылғы 29 наурыздағы депозит сомасы қалдығының шегiнде айырбастауға жатады.
      1999 жылғы 5 сәуiрден бастап өтiнiш берiлген күнге дейiнгi кезеңде депозитордың есепшотынан ақша алған және/немесе ақша қосқан жағдайда, 1999 жылғы 2 сәуiрдiң"аяғындағы қалдық шегiнде, осы Ережелердiң 6-тармағында көзделгендей өтiнiш берген күнгi депозитордың есепшотындағы депозиттiң нақты сомасы айырбастауға жатады, бiрақ 1999 жылғы 29 наурыздағы депозитордың есепшотындағы ақша қалдығынан аспауға тиiс.
      Айырбастауға жататын депозит сомасын анықтау мысалдары осы Ережелерге қоса берiлiп отыр (N 3 қосымша).".
      2. 4-тармақтағы екiншi сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
      "Депозиттi қайта ресiмдеу күнiндегi жағдай бойынша есептелген сыйақыны (мүдденi) банк бұрынғы жасалған депозит шартының талаптары бойынша төлейдi."
      3. 5-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi азатжолмен толықтырылсын:
      "Депозитор қайта ресiмделген депозиттiк есепшоттан өз қалауы бойынша ақшаны (барлығын немесе соманың бiр бөлiгiн) мерзiмiнен бұрын алған жағдайда, банк осы Ережелерде белгiленген шарттармен депозиттегi ақшаны АҚШ долларына айырбастамайды.
      Депозитордың шотынан ақша алуға құқығы бар үшiншi тұлға оның қайта ресiмделген депозиттiк есепшотынан заңға сәйкес оның келiсiмiнсiз мерзiмiнен бұрын ақша алған жағдайда, айырбастау депозитордың осы есепшотты толықтыру құқығынсыз, қажеттi соманы есептен шығарғаннан кейiн көрсетiлген есепшоттағы ақша қалдығы бойынша жүргiзiледi.".
      4. 9 және 10-тармақтардағы "шартта", "шартына", "шарттың", "шарт"
      деген сөздер тиiсiнше "шартта" (қосымша келiсiмде), "шартына" (қосымша
      келiсiмге), "шарттың" (қосымша келiсiмнiң), "шарт" (қосымша келiсiм) деген
      сөздермен ауыстырылсын.
      5. 15-тармақтағы "депозиттiк шартта" деген сөздер "және/немесе
      қосымша келiсiмде" деген сөздермен толықтырылсын.
      Ұлттық Банк
      Төрағасы

  Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi
Басқармасының 05.04.99 жылғы N 62
қаулысымен бекiтiлген
Еркiн өзгермелi айырбас бағамы
режимiне көшуге байланысты жеке және
заңды тұлғалардың екiншi деңгейдегi
банктердегi теңгелiк депозиттерiн
айырбастауды жүзеге асыру ережелерiне

      № N 3 қосымша
      Айырбастауға жататын депозит сомасын белгiлеу мысалдары
      1-мысал:
      Депозитордың банктiк есепшотындағы ақша қалдығы 29.03.99 жылғы жағдай
      бойынша 10000 теңге болды.
      Депозитор 02.04.99 жылы өзiнiң есепшотына 6000 теңге салып, өзiнiң
      банктiк есепшотындағы ақша қалдығын күннiң"аяғына қарай 16000 теңгеге
      ұлғайтты. Бұдан әрi есеп шот бойынша өзгерiстер болған жоқ, және депозитор
      банкке өтiнiш берген күннен бастап оның банктiк есепшотында 16000 теңге
      болды.
      Бұл жағдайда ақша қалдығы шегiндегi депозит сомасы, яғни 10000 теңге 1999 жылғы 29 наурыздағы жағдай бойынша айырбастауға жатады.
      2-мысал:
      Депозитордың банктiк есепшотындағы қалдық 29.03.99 жылғы жағдай бойынша 10000 теңге болды.
      31.03.99 жылы депозитор өзiнiң есепшотынан 4000 теңге алды, нәтижесiнде 31.03.99 жылғы күннiң аяғында қалдық 6000 теңге болды.
      Депозитор 02.04.99 жылы өзiнiң есепшотына 2000 теңге салып, өзiнiң банктiк есепшотындағы ақша қалдығын күннiң"аяғына қарай 8000 мың теңгеге ұлғайтты. Бұдан әрi есепшот бойынша өзгерiстер болған жоқ және депозитор банкке өтiнiш берген кезден бастап (08.04.99 ж.) оның банктiк есепшотында 8000 теңге болды.
      Бұл жағдайда 1999 жылғы 2 сәуір күнгi ақша қалдығы шегiндегi депозит сомасы, яғни 8000 теңге 1999 жылғы 29 наурыздағы жағдай бойынша айырбастауға жатады.
      3-мысал:
      Депозитордың банктiк есепшотындағы ақша қалдығы 29.03.99 жылғы жағдай бойынша 10000 теңге болды.
      30.03.99 жылы депозитор өзiнiң есепшотынан 1000 теңге алды, нәтижесiнде осы күннiң"аяғынан бастап және 02.04.99 ж. күндер аралығында депозитордың банктiк есепшотындағы ақша қалдығы 9000 теңге болды.
      07.04.99 жылы депозитор өзiнiң есепшотынан тағы 2000 теңге алды, банкке өтiнiш бергенге дейiн өзiнiң"есепшоты бойынша операциялар жасаған жоқ. Осылайша депозитор банкке өтiнiш жасағанда (08.04.99 ж.) оның есепшотындағы ақша қалдығы - 7000 теңге болды.
      07.04.100 Бұл жағдайда өтiнiш берiлген күнгi депозит сомасы, яғни 7000 теңге айырбастауға жатады.
      4-мысал:
      Депозитордың банктiк есепшотындағы ақша қалдығы 29.03.99 жылғы жағдай бойынша 10000 теңге болды.
      30.03.99 жылы депозитор өзiнiң есепшотынан 2000 теңге алды, нәтижесiнде осы күннiң"аяғында және 02.04.99 ж. күндер аралығындағы депозитордың банктiк есепшотындағы ақша қалдығы 8000 теңге болды.
      07.04.99 ж. депозитор өзiнiң есепшотына 12000 теңге салды.
      08.04.99 ж. депозитор депозиттi қайта ресiмдеуге өтiнiш бердi.
      Осылайша депозитор банкке өтiнiш жасағанда (08.04.99 ж.) оның есепшотындағы ақша қалдығы - 20000 теңге болды.
      Бұл жағдайда 02.04.99 ж. күнгi депозит сомасы, яғни 8000 теңге айырбастауға жатады.
      5-мысал:
      Депозитордың банктiк есепшотындағы ақша қалдығы 29.03.99 жылғы жағдай бойынша 10000 теңге болды.
      30.03.99 ж. депозитор 4000 теңге алды, және 8.04.99 ж. күнге дейiн өзiнiң есепшоты бойынша операциялар жасаған жоқ. Осылайша 02.04.99 ж. күннiң"аяғына қарай депозитордың банктiк есепшотындағы ақша қалдығы 14000 теңге болды.
      08.04.99 ж. депозитор өзiнiң есепшотына 9000 теңге ақша салды, оның есепшотында жалпы қалдық көрсетiлген күннiң"аяғына қарай 23000 теңге болды, 09.04.99 ж. депозитор депозиттi қайта ресiмдеуге өтiнiш бердi.
      Бұл жағдайда 29.03.99 ж. жағдай бойынша депозит сомасы, яғни 10000
      теңге айырбастауға жатады.
      6-мысал:
      Депозитор айырбастауға жататын 10000 теңгеден 6000 теңгенi
      (депозиттiң 60%-iн) айырбастау үшiн өтiнiш бердi.
      Бұл жағдайда айырбастай отырып, ресiмдеуге жататын 6000 теңге ғана,
      оны банк Ереженiң 10-тармағына сәйкес қайта ашылатын арнайы баланс шотына
      жеке есепке алады.
      Қалған 4000 теңге бұрынғы есепшотқа есепке алынады және айырбастауға
      жатпайды.
      Оқығандар:
      Умбетова А.М.
      Касымбеков Б.А.

Об утверждении изменений и дополнений в Правила конвертации тенговых депозитов физических и юридических лиц в банках второго уровня в связи с переходом к режиму свободно плавающего обменного курса тенге

Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 12 апреля 1999 года N 69 Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 12.04.1999г. за N 731. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 8 августа 2016 года № 183

      Сноска. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка РК от 08.08.2016 № 183.

      В целях реализации заявления Правительства и Национального Банка Республики Казахстан о дальнейшей политике обменного курса тенге Правление Национального Банка Республики Казахстан постановляет:

      1. Утвердить прилагаемые изменения и дополнения в Правила конвертации тенговых депозитов физических и юридических лиц в банках второго уровня в связи с переходом к режиму свободно плавающего обменного курса тенге, утвержденные постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 5 апреля 1999 года № 62 V990727_ , и ввести их в действие со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан.

      2. Юридическому департаменту (Сизова С.И.) совместно с Департаментом банковского надзора (Жумагулов Б.К.) зарегистрировать настоящее постановление и изменения и дополнения в Правила конвертации тенговых депозитов физических и юридических лиц в банках второго уровня в связи с переходом к режиму свободного плавающего обменного курса тенге в Министерстве юстиции Республики Казахстан.

      3. Департаменту банковского надзора (Жумагулов Б.К.) в пятидневный срок со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан довести настоящее постановление и изменения и дополнения в Правила конвертации тенговых депозитов физических и юридических лиц в банках второго уровня в связи с переходом к режиму свободно плавающего обменного курса тенге до сведения филиалов Национального Банка Республики Казахстан и банков второго уровня.

      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя Председателя Национального Банка Республики Казахстан Кудышева М.Т.

      Председатель Национального Банка

  Утверждены
 
  постановлением Правления
Национального Банка
Республики Казахстан
от 12 апреля 1999 года № 69
  Изменения и дополнения в Правила проведения конвертации

      тенговых депозитов физических и юридических лиц в банках второго

      уровня в связи с переходом к режиму свободно плавающего обменного

      курса тенге, утвержденные постановлением Правления Национального

       Банка Республики Казахстан от 5 апреля 1999 года № 62

      1. Пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Конвертации подлежат суммы тенговых депозитов, как до востребования, так и срочных, физических и юридических лиц (за исключением банков и организаций, осуществляющих отдельные виды банковских операций), находившиеся по состоянию на 29 марта 1999 года на банковских счетах в банках второго уровня (далее - банки), на условиях, определенных пунктами 2, 3, 4 и 5 настоящих Правил.

      При этом в случае, если в период с 29 марта по 2 апреля 1999 года включительно по банковскому счету депозитора осуществлялось снятие (списание) и/или внесение (зачисление) денег, то конвертации подлежит сумма депозита на конец дня 2 апреля 1999 года в пределах остатка суммы депозита на 29 марта 1999 года на банковском счете депозитора.

      В случае снятия (списания) и/или внесения (зачисления) денег на счет депозитора в период с 5 апреля 1999 года до даты подачи Заявления, предусмотренного пунктом 6 настоящих Правил, конвертации подлежит фактическая сумма депозита, находящаяся на счете депозитора на дату подачи заявления, в пределах остатка на конец дня 2 апреля 1999 года, но не более остатка денег на счете депозитора на 29 марта 1999 года.

      Примеры определения суммы депозита, подлежащей конвертации, прилагаются к настоящим Правилам (Приложение № 3).".

      2. Второе предложение пункта 4 изложить в следующей редакции:

      "Выплата начисленного по состоянию на дату переоформления депозита вознаграждения (интереса) осуществляется банком на условиях ранее заключенного депозитного договора.".

      3. Пункт 5 дополнить абзацем вторым следующего содержания:

      "В случае досрочного изъятия депозитором по собственной инициативе денег (всей или частичной суммы) со счета переоформленного депозита конвертация депозита в доллары США на условиях, определенных настоящими Правилами, банком не производится.

      В случае досрочного изъятия денег со счета переоформленного депозита третьими лицами, имеющими право изымать деньги со счета депозитора без его согласия в соответствии с законодательством, конвертация производится по остатку денег на указанном счете после списания требуемой суммы без права довнесения депозитором денег на данный счет.".

      4. В пункте 9 и 10 слова "договоре", "договор", "договора",

      "договору" заменить словами "договоре (дополнительном соглашении)",

      "договор (дополнительное соглашение)", "договора (дополнительного

      соглашения)", "договору (дополнительному соглашению)" соответственно.

      5. Пункт 15 после слов "депозитным договором" дополнить словами

      "и/или дополнительным соглашением".

      Председатель Национального Банка

  Приложение № 3
к Правилам проведения конвертации
тенговых депозитов физических и
юридических лиц в банках второго
уровня в связи с переходом к режиму
свободно плавающего обменного курса
тенге, утвержденных постановлением
Правления Национального Банка
Республики Казахстан № 62 от 05.04.99 г.

      Примеры определения суммы депозита, подлежащей конвертации

      Пример 1:

      По состоянию на 29.03.99 г. остаток на банковском счете депозитора

      составлял 10000 тенге.

      02.04.99 г. депозитор вложил на свой счет еще 6000 тенге, увеличив остаток на конец дня на своем банковском счете до 16000 тенге. В дальнейшем изменения по счету не происходили, и на момент подачи депозитором в банк заявления остаток на его банковском счете составлял 16000 тенге.

      В данном случае конвертации подлежит сумма депозита в пределах остатка по состоянию на 29 марта 1999 года, то есть 10000 тенге.

      Пример 2:

      По состоянию на 29.03.99 г. остаток на банковском счете депозитора составлял 10000 тенге.

      31.03.99 г. депозитор снял со своего счета 4000 тенге, в результате чего остаток на конец дня 31.03.99 г. составил 6000 тенге.

      02.04.99 г. депозитор вложил на свой счет 2000 тенге, увеличив остаток на конец дня на своем банковском счете до 8000 тенге. В дальнейшем изменения по счету не происходили и на момент подачи депозитором в банк заявления (08.04.99 г.) остаток на его банковском счете составлял 8000 тенге.

      В данном случае конвертации подлежит сумма депозита по состоянию на конец дня 2 апреля 1999 года в пределах остатка по состоянию на 29 марта 1999 года, то есть 8000 тенге.

      Пример 3:

      По состоянию на 29.03.99 г. остаток на банковском счете депозитора составлял 10000 тенге.

      30.03.99 г. депозитор снял со своего счета 1000 тенге, в результате чего на конец этого дня и последующие даты по 02.04.99 г. включительно остаток денег на банковском счете депозитора составлял 9000 тенге.

      07.04.99 г. депозитор снял со своего счета еще 2000 тенге и до подачи заявления в банк не осуществлял операций по своему счету. Таким образом, когда депозитор обратился в банк с заявлением (08.04.99 г.) остаток на его счете составлял - 7000 тенге.

      В данном случае конвертации подлежит сумма депозита на дату

      подачи заявления, т.е. 7000 тенге.

      Пример 4:

      По состоянию на 29.03.99 г. остаток на банковском счете депозитора

      составлял 10000 тенге.

      30.03.99 г. депозитор снял со своего счета 2000 тенге, в

      результате чего на конец этого дня и последующие даты по 02.04.99 г.

      включительно остаток денег на банковском счете депозитора составлял 8000

      тенге.

      07.04.99 г. депозитор внес на свой счет 12000 тенге.

      08.04.99 г. депозитор подал заявление на переоформление депозита.

      Таким образом, когда депозитор обратился в банк с заявлением

      (08.04.99 г.) остаток на его счете составлял 20000 тенге.

      В данном случае конвертации подлежит сумма депозита на конец дня

      02.04.99 г., т.е. 8000 тенге.

      Пример 5:

      По состоянию на 29.03.99 г. остаток на банковском счете депозитора

      составлял 10000 тенге.

      30.03.99 г. депозитор внес 4000 тенге и не осуществлял операций по своему счету до 8.04.99 г. Таким образом, на конец дня 02.04.99 г. остаток на счете депозитора составлял 14000 тенге.

      08.04.99 г. депозитор внес 9000 тенге, общий остаток на его счете

      на конец указанного дня составил 23000 тенге. 09.04.99 г. депозитор

      подал заявление на переоформление депозита.

      В данном случае конвертации подлежит сумма депозита по состоянию

      на 29.03.99 г., т.е. 10000 тенге.

      Пример 6:

      Из 10000 тенге депозита, подлежащего конвертации, депозитор подал

      заявление на конвертацию только 6000 тенге (60 % депозита).

      В данном случае, переоформлению с последующей конвертацией

      подлежит только 6000 тенге, которые согласно пункту 10 Правил

      учитываются банком отдельно на вновь открываемом специальном

      балансовом счете.

      Оставшиеся 4000 тенге учитываются на прежнем счете и не подлежат

      конвертации.

      (Специалисты:

       Цай Л.Г.

       Жакупова Э.)