1. Қазақстандық тауар өндірушілер алып өтетін тауарларды кедендік
ресімдеудің тәртібі туралы Ережелер бекітілсін. 2. Ұйымдастыру-талдау басқармасы (К.М. Нуриев) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің орталық аппаратымен бірлесіп баспасөз конференциясын өткізсін. 3. Осы Бұйрықтың орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын. Төрағаның міндетін атқарушы ҚР МКМ Кеден комитетінің 1999 жылғы 14 сәуір N 99-П Бұйрығымен бекітілсін Қазақстандық тауар өндірушілер алып өтетін тауарларды кедендік ресімдеудің тәртібі туралы Ережелер
1. Тек өндірістік процесс үшін ғана қажетті шикізат, материалдар, технологиялық жабдық ретінде қазақстандық тауар өндірушілер адресіне келіп түсетін тауарларды, сондай-ақ қазақстандық тауар өндірушілер шығарған және солар экспорттайтын тауарларды (бұдан әрі - өндірістік тауарлар) кедендік ресімдеу осы Ережелерде белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
1-тарау. Тауарларды алдын ала декларациялау рәсімі бойынша
өндірістік тауарларды кедендік ресімдеу тәртібі
2. Сыртқы экономикалық қызметтің тауарлық номенклатурасы (бұдан әрі - СЭҚ ТН) 2203-2208, 2401-2403, 2905-2906 кодтары бойынша жіктелетін тауарлардан басқа, әкелінетін өндірістік тауарларды кедендік ресімдеуді жеделдету үшін декларанттарға кедендік жүк декларациясын (бұдан әрі - КЖД) тауар кеден аумағына келгенге дейін мынандай тәртіпке сәйкес беруге рұқсат етіледі.
3. Декларант КЖД-ны кеден органына әкелінетін тауарлар тауарлар келгенге дейін кедендік ресімдеуді жүргізу үшін қажетті және жеткілікті барлық құжаттармен бірге береді (есеп-инвоистардың және тауармен бірге жүретін құжаттардың түпнұсқалары тауар келген сәтте берілуі мүмкін). Мұның өзінде тауар келуі керек белгіленетін мерзім КЖД кеден органында тіркелген күннен бастап 10 (он) күннен аспауы керек. Егер тауар аталған мерзімде жеткізілмесе декларация жойылуы керек.
4. Келгенге дейін декларацияланатын тауарға кеден төлемдері мен салықтар ставкалары, сондай-ақ КЖД тіркелген күні қолданылатын заңдарда белгіленген өзге де шаралар қолданылады.
5. КЖД заңдарда белгіленген тәртіп бойынша толтырылады. Мұның өзінде КЖД-ның 1-бағанындағы "Декларация түрі" деген үшінші бөлімшесінде "ААД" алдын ала декларациялау (бұдан әрі - ААД) көрсетілуі қажет.
6. ААД рәсімі бойынша тауарды кедендік ресімдеу таңдап алынған кеден режиміне сәйкес кеден заңдарында белгіленген тәртіп бойынша жүргізіледі.
7. КЖД тіркелгеннен кейін кеден органы кедендік ресімдеудің барлық кезеңінде барлық құжаттарды, соның ішінде кеден төлемдері мен салықтардың төленгенін тексереді.
8. Тауар белгіленген пунктке келгеннен кейін декларант КЖД-ны тіркеу кезінде жасалған тізілімге қосымша енгізілетін, жетіспейтін түпнұсқаларды немесе өздері растаған көшірмелерді есеп-инвоистардың және тауармен бірге жүретін құжаттардың жолдама хатымен бірге табыс етеді.
9. Тауарларды тексеру жүзеге асырылғаннан және салыстыру жүргізілгеннен, кеден төлемдері мен салықтардың төленбеген сомалары төленгеннен, КЖД-да көрсетілген мәліметтердің іс жүзіндегі мәліметтермен сәйкестігі тексерілгеннен кейін кеден органы КЖД-дағы "Д" бағанына "Шығаруға рұқсат берілген" деген мөртабан және жеке нөмірлік мөр мен инспектордың қолын қою жолымен тауарды шығару туралы шешім қабылдайды. Құндық, сандық немесе салмақтық көрсеткіштер өзгерген жағдайда кедендік құнның (бұдан әрі - КҚ) өзгеруі туралы декларация толтырылады.
10. Өндірістік тауарларды кедендік ресімдеу үшін қажетті құжаттармен бірге импорттаушының салық есебінде тұрғанын және тауар өндіруші болып табылатынын растайтын салық органының анықтамасы табыс етілуге тиіс.
11. Өндірістік тауарларды кедендік ресімдеуді Қазақстан Республикасының кеден органдары осы тауарлар мен көлік құралдары тұрақты кеден бақылауында тұрған жағдайда оларды кеден органына табыс еткеннен кейін үш сағат ішінде кедендік ресімдеу аяқталған жағдайда оларды уақытша сақтау қоймаларына (УСҚ) орналастырмастан жүргізеді.
2-тарау. Өндірістік тауарларды тауарларды оқтын-оқтын
декларациялау рәсімі бойынша кедендік ресімдеудің тәртібі
12. Өндірістік тауарлардың импортына (экспортына) қатысты технологиялық циклы сондай тауарлардың (СЭҚ ТН 2203-2208, 2401-2403, 2905-2906 кодтары бойынша жіктелетін тауарлардан басқа) тұрақты беріліп тұруын немесе жеткізіліп беруін көздейтін кәсіпорындар үшін тауарларды оқтын-оқтын декларациялауды пайдалану рәсімі қолданылуы мүмкін.
"Тауарларды оқтын-оқтын декларациялау" (бұдан әрі - ТООД) деп күнтізбелік ай ішінде әкелінетін немесе әкетілетін сол бір тауарлар кезінде "тауарларды еркін айналым үшін шығару" және "тауарлардың экспорты" кедендік режимі қолданылатын, кеден органы жекелеген беріп тұрулар санына немесе тасымалдау құралдарына қарамастан кедендік мақсаттар үшін бір партия деп қарастыратын тауарларды декларациялау рәсімі түсініледі.
13. ТООД рәсімі тауарларды еркін айналым үшін шығаруды және тауарларды кейіннен ай сайынғы оқтын-оқтын кедендік декларация бере отырып жеңілдетілген декларация жолымен экспорттауды көздейді.
14. Оқтын-оқтын кедендік декларация, жүкпен және тауармен бірге жүретін құжаттар кеден органының жеңілдетілген декларациялау туралы белгісімен бірге тауарды оқтын-оқтын декларациялау рәсімі бойынша шығару туралы кеден органы шешім қабылдаған күні күшіне енетін біртұтас, бөлінбейтін құжат деп қарастырылады.
15. Егер тауарларда сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының тоғыз сандық бірдей коды болса олар сол бірдей деп қарастырылады.
16. Егер бір адам бір ай ішінде сол бір тауарды екі немесе одан да көп беріп тұруды жүргізсе тауар тұрақты әкелінетін (әкетілетін) деп қарастырылады.
17. Тауарларды оқтын-оқтын декларациялау кезінде кеден органы оқтын-оқтын кедендік декларациялауды қабылдаған күні күші бар кеден төлемдері мен салықтар ставкалары қолданылады.
18. ТООД рәсімі пайдаланылып ресімделетін өндірістік тауарларды кедендік ресімдеуді Қазақстан Республикасының кеден органдары оларды уақытша сақтау қоймаларына (УСҚ) орналастырмастан жүргізеді. Өндірістік тауарлар уақытша сақтау қоймаларына тек ерекше жағдайларда ғана кеден органы бастығының негізделген жазбаша шешімі бойынша орналастырылуы мүмкін.
19. ТООД-ты пайдалануға ниет білдірген адам оқтын-оқтын
декларациялауды пайдалануға жазбаша рұқсат туралы өтінішпен ТООД рәсімін пайдалану жоспарланып отырған кеден органына жазады. Өтініште мыналар көрсетілуі тиіс: 1) ТООД рәсіміне сәйкес импортталатын (экспортталатын) (СЭҚ ТН бойынша тауарлық код көрсетіліп) тауарлар; 2) тауарды айына беріп тұрудың (жөнелтудің) көзделетін жиілігі мен көлемі; 3) тауардың шыққан елі; 4) тауарды жіберуші мен алушының атауы; 5) осы тауарға иелік құқығы немесе билік жасау құқығы белгіленген келісім-шарттың немесе өзге құжаттың нөмірі; 6) тауарлардың шамаланған кедендік құны; Өтінішке заңды тұлғаның бірінші басшысы немесе оны алмастыратын адам, сондай-ақ бас бухгалтер қол қояды.
20. ТООД рәсіміне кеден органының рұқсатын кеден органы белгіленген нысан бойынша (1-қосымша) мыналарға қатысты алдын ала шешім қабылданған жағдайда береді:
а) тауарлардың жіктілігіне;
б) егер импортталатын тауарға қатысты Кеден тарифі ставкалары бойынша алынуы кеден органдарына жүктелген кедендік төлемдер мен салықтар салудан босату түріндегі преференциалды режим белгіленген жағдайда тауардың шыққан елдеріне.
Рұқсат кедендік төлемдер мен салықтар ақысының алдын ала сомасы кеден органының депозиттік шотына түскен сәттен бастап күшінде деп есептеледі.
Кедендік төлемдер мен салықтар ақысының алдын ала айлық сомасын кеден органы импортталатын (экспортталатын) тауарлардың шартты бағасын, беріп тұрудың көлемі мен жиілігін басшылыққа алып есептейді және оны беріп тұрулардың күтілетін күнтізбелік ай басталғанға дейін декларант депозитке енгізеді.
21. Кеден органының ТООД рәсімін пайдалануға рұқсат беруге қатысты шешімі мүдделі адамға кеден органы өтінішті қабылдаған сәттен бастап 10 күнге дейінгі мерзімде жазбаша нысанда жеткізілуі тиіс.
Рұқсат беруге мына негізде бас тартылуы мүмкін егер импорттаушы (экспорттаушы):
а) кеден ережелерін бұзса;
б) сол бір тауарларды декларациялауды тұрақсыз жүзеге асырса;
в) алынуы кеден органдарына жүктелген кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешегі болса;
г) осы Тәртіптің өзге де ережелерін бұзса.
22. ТООД рәсімін пайдалануға рұқсат декларантқа күнтізбелік жыл біткенге дейінгі мерзімге жазбаша нысанда, әкелуге тыйым салынған немесе заңдарда көрсетілген өзге де шектеуліктер бар тауарларға қатысты талаптарға сәйкес тиімді бақылауды қамтамасыз етуге мүмкіндік бар жағдайларда беріледі.
Оқтын-оқтын декларациялауға рұқсатта көрсетілген мерзім аяқталғаннан кейін кеден органына келесі беріп тұрудан бір ай бұрын қайта өтініш беріледі. ТООД рәсімін одан әрі пайдалануға беру туралы мәселе осы тәртіпке сәйкес шешіледі.
23. Тауардың әрбір партиясы келгеннен кейін немесе оны жөнелту кезінде кеден органына тауар және тауармен бірге жүретін жүк құжаттары табыс етіледі.
Кеден органы оларды алдын ала тексеруді және сол құжаттардағы мәліметтердің тауарларды тексерудің нақты нәтижелерімен салыстыруды және, қажетті жағдайларда, кеден сараптамасын қамтамасыз етеді. Жүк және тауармен бірге жүретін құжаттарда сондай сәйкестік анықталған жағдайда күні қойылып, "Шығаруға рұқсат берілді. Оқтын-оқтын декларациялау" деген жазба жасалады (немесе мөртабан басылады) ол тексеру мен тексеріс жүргізген адамның жеке қолымен, сондай-ақ оның жеке нөмірлік мөрімен расталады. Сол сәттен бастап тауар еркін айналысқа (немесе экспорт режиміне) шығарылған деп есептеледі.
24. Оқтын-оқтын кедендік декларацияны табыс ету тауарды оқтын-оқтын декларациялау рәсіміне сәйкес беріп тұру жүргізілген күнтізбелік ай біткеннен кейін 10 (он) күннен кешіктірмей жүргізіледі.
Декларант кеден органына оқтын-оқтын кедендік декларацияны табыс етеді, ол "Тауарларды еркін айналым үшін шығару" ("Тауарларды экспорттау") деген кеден режимі үшін көзделген ережелерге сәйкес "ТООД" (тауарларды оқтын-оқтын декларациялау) деген 1-бағанның үшінші бөлімшесінде көрсетіле отырып толтырылады.
25. Тауарларды ТООД рәсімі бойынша кедендік ресімдеу кезінде кеден органы кеден төлемдері мен салықтарды есептеу мақсаттары үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейтін және оқтын-оқтын КЖД қабылдау күні күші бар валюта бағамын қабылдайды.
Мұның өзінде алушы кеден төлемдері есебінен енгізген депозиттік сома есепке алынады, қажет болған жағдайда алдын ала төлемнің қажетті лимитінің орнын толтыру жүзеге асырылады. Оқтын-оқтын декларациялауға рұқсатта келісілген мұндай лимит енгізілмеген жағдайда 10 күн ішінде кеден органы импорттаушыны (экспорттаушыны) берешекші деп жариялап, оқтын-оқтын декларациялауға рұқсатты кері шақырып алады.
26. Тауарларды ТООД рәсімі бойынша кедендік ресімдеу кеден заңдарында белгіленген тәртіп бойынша "Тауарларды еркін айналым үшін шығару" ("Тауарларды экспорттау") деген кеден режиміне қатысты, заңдарда көзделген кеден төлемдері мен салықтарды төлей отырып және экономикалық саясат шараларын сақтай отырып жүргізіледі.
27. Кедендік бақылау мақсаттары үшін ТООД рәсімі бойынша кедендік ресімдеуді жүзеге асыратын кеден органына белгіленген нысандағы (2-қосымшаны қара) журналда тауарлардың есебін жүргізу қажет.
28. КЖД белгіленген мерзімде табыс етілмеген жағдайда кеден органы ТООД рәсіміне рұқсатты тоқтата тұру немесе оны жою туралы шешім қабылдап, сондай-ақ заңдарда көзделген басқа да шаралар қолдана алады.
3-тарау. Өндірістік мақсаттар үшін қажетті, акциздеуге жататын
тауарларды кедендік ресімдеу
29. СЭҚ ТН 2203-2208, 2401-2403, 2905-2906 кодтары бойынша жіктелетін және өндірістік мақсаттарда пайдаланылатын импортталатын тауарларды (бұдан әрі - тауарлар) қызмет аймағында Қазақстан Республикасының кеден шекарасында өткізу пункті орналасқан кеден органы импорттаушы өтініште және белгіленген үлгідегі міндеттемеде көрсеткен мекен-жай бойынша жібереді. Одан әрі тауарларды кеден бақылауымен, кеден органының депозитіне кедендік төлемдер мен салықтардың төленуін қамтамасыз ете отырып жеткізіп беру ережелеріне сәйкес.
Тауармен бірге жүретін немесе көліктік құжаттарда мекен-жай, тауарларды алып жүретін адам тауарларды орналастыруға жоспарлап отырған УСҚ лицензиясының нөмірі жоқ болған жағдайда, немесе ондай құжаттарда басқа алушының мекен-жайы көрсетілсе, онда тауарлар кеден бақылауындағы ең жақын қоймаларға орналастырылады.
30. Тауарлар УСҚ-ға жеткізілгеннен және орналастырылғаннан кейін УСҚ иесі алушыға немесе оның өкіліне тауарлардың келгені туралы хабарлама жібереді.
Хабарламаны қызмет аймағында УСҚ орналасқан кеден органының лауазымды адамы растайды.
31. Кеден инспекторы келген жүкті оның үлгілерін ала отырып белгіленген тәртіп бойынша тексереді. Тексеру барысында инспектор мыналарды анықтауы керек:
- тауарлардың санын, олардың сипатын;
- ораудың бүтіндігін, тауарлардың барлық партиясына акциздік маркалардың болуын (егер тауар маркіленетін болса), олардың сериясы мен нөмірін;
- акциздік маркаларды желімдеудің сапасын.
Мұның өзінде ол тексеру актісін жасайды, онда УСҚ лицензиясының нөмірі, тауарлардың саны, акциздік маркалардың сериялары мен нөмірлері (егер тауар маркіленетін болса), алынған үлгілердің саны мен сипаты, маркіленбеген, сондай-ақ акциздік маркалары, алынған үлгілер пломбаланған пломбалардың нөмірлері бүлінген тауардың табылғандығы немесе табылмағандығы көрсетіледі.
Тексеру актісі үш данада жасалады: бірінші дана Іске тігіледі және қатаң қаржылық есептегі құжаттарды сақтау үшін көзделген тәртіп бойынша кеден органында сақталады, екіншісі - импорттаушыға қайтарылады, үшіншісі - УСҚ иесіне беріледі.
Тексеру актісін ресімдеу аяқталғаннан кейін алынған үлгілер пломбаланады және импорттаушыға қайтарылады. 32. Кедендік ресімдеу үшін импорттаушы кеден органына мынадай құжаттарды табыс етеді: - тауарлардың келгені туралы хабарламаны; - көліктік және тауармен бірге жүретін құжаттарды (ТКЖ, авиажапсырма, теміржол жапсырмасы, коносамент, инвойс, есеп-фактура және т.б.); - импорттаушының бюджетке акциздер төлеу жөнінде салық есебінде тұратындағы туралы салық органының анықтамасын; - алкоголь өнімін өндіруге лицензияны (түпнұсқасын); - алкоголь өнімін (сырадан басқа) сақтауға және көтерме саудамен сатуға лицензияны; - алкоголь өнімін (сырадан басқа) импорттауға лицензияны; - темекі өнімдерін әкелуге лицензияны; - емдік және фармацевтикалық препараттар өндіруге лицензияны; - этил спиртін сату құқығына лицензияны; - кедендік төлемдер мен қосылған құнға салықтарды және акциздерді төлеу жөніндегі төлем құжаттарын;
- импорттық акциз маркаларын алғандығы (олардың сериялары, көшірмелері) туралы белгіленген үлгідегі өтініштің төртінші данасын;
- егер тауар маркіленетін болса акциздік маркалардың экспортына белгіленген тәртіп бойынша ресімделген КЖД көшірмесін;
- егер тауар маркіленетін болса акциз күзетінен акциздік маркаларды алуға жапсырманың түпнұсқасы;
- акциздеуге жататын өнім Қазақстан Республикасында шығарылған, белгіленген үлгідегі акциз алымының акциз маркаларымен маркіленгені туралы сараптама актісін;
- тауарларды тексеру актісі;
- тауарға меншік құқығын тиісті үлгіде белгілейтін келісім-шарт немесе шарт;
- белгіленген тәртіпке сәйкес толтырылған КЖД;
- тіркеу кәртішкесі (ОКПО коды).
33. КЖД-ны толтырған кезде "Сенімді" деген 50-бағанда (тауарлар маркіленген жағдайда) импорттаушы декларацияланатын тауар маркіленген маркілердің сериялары мен нөмірлерін, олардың санын көрсетеді.
34. Кеден төлемдерін, қосылған құнға салықты, акциздерді және алынуы кеден органдарына жүктелген басқа да салықтарды есептеу Қазақстан Республикасының кеден органдары кеден декларациясын қабылдаған күні күшінде болған ставкалар мен шетел валюталарының бағамы бойынша жалпы белгіленген тәртіп бойынша жүргізіледі.
Егер маркаларды сатып алу кезінде төленген акциз сомасы кедендік ресімдеу кезінде төлеуге жататын сомадан кем болған жағдайда тауарларды еркін айналымға шығару тек акциздердің жетіспейтін сомасын кеден органына іс жүзінде төлегеннен кейін ғана жүргізіледі.
Егер акциз маркаларын сатып алу кезінде төленген акциз сомасы кедендік ресімдеу кезінде төлеуге жататын сомадан артық болған жағдайда акциздердің артық төленген сомасы импорттаушының жазбаша өтініші бойынша қайтарылуға жатады немесе Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес болашақ төлемдерді төлеу есебіне есептелуі мүмкін. 35. Осы тәртіпті бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілік тудырады. 36. Осы ереженің талаптарын бұзған лауазымды адамдар қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жауап береді. N 1 қосымша Тауарларды оқтын-оқтын декларациялауға Рұқсат 19___ жылғы "___" _______ N 00000/000* Осымен _________________________________________________________________ (ұйымның атауы, мекен-жайы) "тауарларды еркін айналым үшін шығару" кеден режимімен орналастырылатын импортталатын тауарларды оқтын-оқтын декларациялау рәсімін пайдалануға мына тауарларға рұқсат беріледі: ________________________________________________ ___________________________________________________________________________ (СЭҚ ТН-ға сәйкес тауарлардың атауы мен кодтары) Рұқсат Қазақстан Республикасының кеден заңдарында көзделген міндеттерді жүктейді және құқықтар береді. Осы рұқсаттың күшінде болу мерзімі 19 ___ жылғы "___" _______ бітеді. Мөр орны Кеден органының бастығы _________________ * Рұқсаттың нөмірі былай қалыптасады: 00000 - рұқсат берген кеден органының коды 000 - рұқсаттың нөмірі N 2 қосымша Тауарларды оқтын-оқтын декларациялау бойынша есепке алу журналы --------------------------------------------------------------------------- Тауар тексеруге !Өтініш !Рұқсаттың ! ТООД бойынша ресімдеу !Оқтын-оқтын КЖД берілген күн !берген !нөмірі ! жасаған инспектордың ! N Шығарылған !ұйым ! !тегі, аты, әкесінің аты! күні --------------------------------------------------------------------------- Оқығандар: Умбетова А.М. Қасымбеков Б.А.