Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2010.11.01 № 88 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүргізу тәртібін реттеу мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 1997 жылғы 25 шілдедегі N 295 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа өзгерістер бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа өзгерістер мен толықтырулар жөнінде" 1999 жылғы 19 ақпандағы N 17 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
4-тармақтағы "соңғы лицензиялық алым төленген күннен бастап бір жыл бойы" деген сөздер "1999 жылғы 30 қарашаға дейін" деген сөздермен, "белгіленген мерзімде" деген сөздер "белгіленген мерзімге дейін" деген сөздермен ауыстырылсын.
3. Осы қаулы және Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа өзгерістер Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енгізілсін.
4. Валюталық реттеу және бақылау басқармасы (Қасымжанова Г.З.):
1) Заң департаментімен (Сизова С.И.) бірлесіп осы қаулыны және Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа өзгерістерді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қабылдасын;
2) осы қаулыны және Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа өзгерістерді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап екі апта мерзімде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің облыстық филиалдарына және екінші деңгейдегі банктерге жіберсін.
5. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 1999 жылғы 17 наурыз - 17 сәуір аралығындағы кезеңге уәкілетті ұйымдарға берген лицензиялары берілген күннен бастап екі жыл бойы қолданылады деп белгіленсін. Көрсетілген кезеңге лицензия алған уәкілетті ұйымдар өздерінің ұйымдық-құқықтық нысандарын және құрылтай құжаттарын Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа сәйкес келтірсін.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары М.Т. Құдышевке жүктелсін.
Ұлттық Банк
Төрағасы
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
1999 жылғы 20 мамырдағы N 113
қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасында қолма-қол шет ел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы" 1999 жылғы 19 ақпандағы N 17 қаулысына өзгерістерді
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 1997 жылғы 25 шілдедегі N 295 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа мынадай өзгерістер енгізілсін:
1. Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру туралы нұсқаулықтың 3.21. тармағындағы "уәкілетті банктердің және" деген сөздер алынып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру туралы нұсқаулықтың 3.6 тармағындағы "айырбастау пунктін ашуға" деген сөздер "әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге" деген сөздермен ауыстырылсын.
3. Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа N 3, 6 қосымшалар жаңа редакцияда жазылсын.
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
1999 жылғы 20 мамырдағы
N 113 қаулысымен бекітілген
N 3 қосымша
Қолма-қол шетел валютасымен айырбастау
операцияларын жүргізуге берілген Лицензия
N ________ "___" _________ 199 __ ж.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі "Валюталық реттеу туралы" 1996 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес
____________________________________________________________________
(банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын)
____________________________________________________________________
уәкілетті ұйымның атауы және мекен-жайы)
қолма-қол шетел валютасын сатып алу, сату және айырбастау бойынша операция жүргізуге осы лицензияны береді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын уәкілетті ұйымға валюталық бақылау агентінің міндетін жүктейді.
Осы лицензияның шарттарынан туындайтын құқықтарды үшінші тұлғаға беруге болмайлы. Бұл лицензия бір ғана данада беріледі. Лицензия берілген күннен бастап екі жыл бойы заңды болып саналады.
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі
Төрағасының орынбасары
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
1999 жылғы 20 мамырдағы
N 113 қаулысымен бекітілген
N 6 қосымша
Сатып алу бағамы _____________
Сату бағамы _____________
Сатып алынған және сатылған шетел валютасының
Тізбесі
"____" ______________ 199 ____ ж.
--------------------------------------------------------------------
Рет Валютаның! Шетелдік валюта сомасы ! Ұсталған
N атауы !------------------------------------------! алым
! жұмыс ! Сатып ! Сатылғаны ! жұмыс ! сомасы,
! күнінің!алынғаны!----------------!күнінің! теңгемен**
! басында! !валюта!теңгемен !соңында!
! ! !мен !баламасы*! !
---------------------------------------------------------------------
1 ! 2 ! 3 ! 4 ! 5 ! 6 ! 7 ! 8
---------------------------------------------------------------------
! ! ! ! ! ! !
---------------------------------------------------------------------
! ! ! ! ! ! !
---------------------------------------------------------------------
!Жиынтығы:! ! ! ! ! !
---------------------------------------------------------------------
! ! ! ! ! ! !
---------------------------------------------------------------------
! ! ! ! ! ! !
---------------------------------------------------------------------
Кассирдің қолы ___________________
* - сату бағамы бойынша есептеледі
** - 5-бағандағы соманың 1 %-і
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы" 1999 жылғы 19 ақпандағы N 17 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасында қолма-қол шет ел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы" 1999 жылғы 19 ақпандағы N 17 қаулысының 4-тармағындағы "соңғы лицензиялық алым төленген күннен бастап бір жыл ішінде" деген сөздер "1999 жылғы 30 қарашаға дейін" деген сөздермен, "көрсетілген мерзімде" деген сөздер "көрсетілген мерзімге дейін" деген сөздермен ауыстырылсын.
Ұлттық Банк
Төрағасы
Оқығандар:
Умбетова А.М.
Нарбаев Е.А.