Ескерту: Қаулының күші жойылды - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2008 жылғы 25 ақпандағы N 13 қаулысымен.
-------------Қаулыдан үзінді----------------
«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілерін»"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 наурыздағы Заңының талаптарына сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің осы қаулының қосымшасында көрсетілген нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
3. ...
1) ...
2) ...
4. ...
5. ...
Ұлттық Банк Төрағасы
Дұрыс:
ҚРҰБ Басқармасының және
Директорлар кеңесінің
хатшысы
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2008 жылғы 25 ақпандағы
N 13 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
күші жойылды деп танылатын нормативтік
құқықтық актілерінің
тізбесі
1. ...
2. ...
3. ...
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Тауар (жұмыс, қызмет) экспортынан шетел валютасымен түскен түсімді міндетті түрде сату туралы нұсқаулыққа өзгерістер мен толықтыруларды бекіту жөнінде" 1999 жылғы 20 мамырдағы N 121 қаулысы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1999 жылғы 18 маусымда N 809 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің»"Қазақстан Ұлттық Банкінің хабаршысы" ресми басылымында 1999 жылғы 23 маусым - шілдеде N 13 (157) жарияланған).
5. ...
___________________________________________________________
Тауар (жұмыс, қызмет) экспортынан шетел валютасымен түскен түсiмдi мiндеттi түрде сату механизмiн жетiлдiру мақсатында Казақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің Басқармасы қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 1999 жылғы 28 наурыздағы N 54
V990724_
қаулысымен бекiтiлген Тауар (жұмыс, қызмет) экспортынан шетел валютасымен түскен түсiмдi мiндеттi түрде сату туралы нұсқаулыққа өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енгiзiлсiн.
2. Валюталық реттеу және бақылау басқармасы (Қасымжанова Г.З.):
1) Заң департаментiмен (Сизова С.И.) бiрлесіп осы қаулыны және Тауар (жұмыс, қызмет) экспортынан шетел валютасымен түскен түсiмдi мiндеттi түрде сату туралы нұсқаулыққа өзгерiстер мен толықтыруларды Казақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу үшiн шаралар қабылдасын;
2) осы қаулыны Тауар (жұмыс, қызмет) экспортынан шетел валютасымен түскен түсiмдi мiндеттi түрде сату туралы нұсқаулыққа өзгерiстер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күн iшiнде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің облыстық филиалдарына және екiншi деңгейдегi банктерге жiберсiн.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары М.Т. Құдышевке жүктелсiн.
Ұлттық Банк
Төрағасы
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі
Басқармасының 1999 жылғы
20 мамырдағы N 121 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының
1999 жылғы 28 наурыздағы N 54 қаулысымен бекiтiлген
"Тауар (жұмыс, қызмет) экспортынан шетел валютасымен түскен
түсiмдi мiндеттi түрде сату туралы" нұсқаулыққа
өзгерiстер мен толықтырулар
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 1999 жылғы 28 наурыздағы N 54 қаулысымен бекiтiлген "Тауар (жұмыс, қызмет) әкспортынан шетел валютасымен түскен түсiмдi мiндеттi түрде сату туралы" нұсқаулыққа мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1. 3-тармақтағы "Өнiм экспорты үшiн" деген сөздер ",оның iшiнде резиденттердің Қазақстан Республикасының аумағында резидент еместерге тауарларды (жұмыс, қызмет) сатудан түскен" деген сөздермен толықтырылсын.
2. 4-тармақтың 4.1-тармақшасының бесiншi азатжолындағы "Қазақстан Республикасының банктерi берген" деген сөздерден кейiн "ұйымдар көрсеткен қаржы көмегiн қайтару" деген сөздермен толықтырылсын.
4-тармақтың 4.5-тармақшасындағы 5 азатжол мынадай жаңа редакцияда жазылсын: "Қазақстан Республикасының резидент еместерiн сақтандыру жөнiндегi сақтандыру ұйымдарының операцияларынан, сондай-ақ шетелдiк сақтандырушылармен (қайта сақтандырушылар мен) қайта сақтандыру операцияларынан".
3. 7-тармақ мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
"Осы Нұсқаулықтың мақсаты үшiн уәкiлеттi банктерде:
- шетел валютасымен толық көлемдегi түсiмдердi есепке алу үшiн транзиттiк валюта есепшоты;
- валюта түсiмiн мiндеттi түрде сатқаннан кейiн ұйымның қарамағында қалған қаражат есебiн жүргiзуге арналған ағымдағы валюта есепшоты (егер ұйымдарда валюта есепшоты болмаған жағдайда) қатар ашылады.
Ұйымдар алған шетел валютасы, түскен соманы теңестiретiн төлем құжаттарының деректемелерi, оның iшiнде нақты мәмiле паспорты бойынша:
- егер ол валюта түсiмiне жататын болса, ұйымның транзиттiк валюта есепшотына;
- осы Нұсқаулықтың 4-тармағында аталған басқа жағдайларда ағымдағы валюта есепшотына мiндеттi түрде есептелуге тиiс.
Уәкiлеттi банк ұйымдар алған шетел валютасын, түскен соманы теңестiретiн төлем құжаттарының деректемелерiн, оның iшiнде ұйымнан түскен сома туралы хабар алған уақытпен қатар нақты мәмiле паспорты бойынша транзиттiк есепшотқа есептейдi. Ұйым банктен жазбаша хабар алғаннан кейiн екi жұмыс күнi iшiнде контрактiнiң (келiсiмнiң, шарттың) деректемелерiн және мәмiле паспортының номерiн көрсете отырып түскен соманың сипаты жөнiнде банктi хабардар етуге, сондай-ақ уәкілеттi банкке валюта түсiмiнің бөлiгiн мiндеттi түрде сатуға және валюта түсiмiнің қалған бөлiгiн ағымдағы валюталық есепшотқа аудару туралы тапсырма беруге мiндеттi.
Уәкiлеттi банк түскен соманы теңестiргеннен кейiн келесi жұмыс күнiнен кешiктiрмей валюта түсiмiн ұйымның транзиттiк валюта есепшотына есептейдi, басқа түсiмдердi ұйымның ағымдағы валюталық есепшотына есептейдi.
Егер шетел валютасымен теңестiрiлген түсiмдер басқа банктер ресiмдеген контрактiлерге, мәмiле паспортына жатқызылған жағдайда, уәкiлеттi банк көрсетiлген соманы тиiстi банкке аударады.
Ұйым шетел валютасымен түскен соманың сипаты туралы жазбаша түсiнiктеме бермегенде, валюталық бақылау агентi болып саналатын уәкiлеттi банк, банктiк транзиттiк валюта есепшотына шетел валютасымен түскен түсiмдердi есептеген күннен бастап 5 жұмыс күнi өтiсiмен шетел валютасымен түскен түсiмдердің бөлiгiн валюта биржасының кезектi саудасында ерiксiз сатады, бұл жөнiнде ұйымға хабарлайды. Сонымен бiрге мiндеттi түрде сатудан кейiн шетел валютасының сомасы және баламасы сатылған шетел валютасына тең теңгемен қалған сома, олардың жай-жапсарын анықтағанға дейiн банктің транзиттiк есепшотына есептеледi.
Валюта түсiмi қолма-қол шетел валютасымен түскенде, ұйым барлық қолма-
қол шетел валютасын уәкiлеттi банкке өткiзуге мiндеттi. Банк салынған
қаражатты ұйымның транзиттiк валюта есепшотына есептейдi және валюта
түсiмнiң бөлiгiн iшкi валюта рыногындағы валюта биржасында сатуды жүзеге
асырады.".
4. 12-тармақтағы "ұйымның транзиттiк валюта есепшотына шетел
валютасындағы түсiмдi есептеген" деген сөздер "уәкiлеттi банкке шетел
валютасымен түскен" деген сөздермен ауыстырылсын.
5. N 1 қосымша мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
"__________________________ банкке Сiздiң ұйымның пайдасына бiздiң
(күнi, айы, жылы)
банктегi Сiздің N _________ есепшотыңызға жазылған
________________________________
(валютамен: санмен және жазбаша) сомада қаржы түстi, ол Сiздiң
N ______ есепшотыңызға жазылды. 2 жұмыс күнi iшiнде банкке экспорттық
валюта түсiмдерiн мiндеттi түрде сатуды жүзеге асыруға және қалған соманы
Сiздiң ағымдағы валюта есепшотыңызға есептеуге тапсырыс беруiңiздi
сұраймыз.
Сiздің ұйым банкке түскен күннен бастап 5 жұмыс күнi iшiнде валюта
биржасында валюта сатуға тапсырма бермесе, валюталық бақылау агентi болып
саналатын уәкiлеттi банк Ұлттық Банктiң 1999 жылғы "___" _____ N ________
Нұсқаулығының 12-тармағына сәйкес валюта түсiмiнің бiр бөлiгiн мiндеттi
түрде сататын болады.
Уәкiлеттi банктiң
жауапты орындаушысы
М.О. Қолы"
6. N 2 қосымша жаңа редакцияда жазылсын.
Төраға
N 2 қосымша
есеп беру нысаны - апта сайын
келесі аптаның 2-ші жұмыс күнінен
кешіктірмей
1999 жылғы "____" ________ "___" _________ аралығында
есеп берілетін апта үшін экспорттық валюта түсімінен түскен сома туралы
Мәлімет
валютаның мың бірлігі
---------------------------------------------------------------------------
N ! Валютаның түрі !Ағымдағы кезеңде !Міндетті сатылуға
! ! шетел валютасының !жататын валюта
! ! сомасы !сомасы
! !---------------------------!------------------
! !теңестірілмеген !ұйымның !өткен !есеп
! !соманың Банктің !транзиттік!кезеңде !беріліп
! !транзиттік есеп !е/шотына !түскені,!отырған
! !шотына түскені !түскені !бірақ !кезеңде
! ! ! !сатылма-!түскені
! ! ! !ғаны !
---------------------------------------------------------------------------
I ! II ! III ! IV ! V ! VI
---------------------------------------------------------------------------
1 !Австрия шиллингі ! ! ! !
---------------------------------------------------------------------------
2 !Ағылшын стерлинг фунты ! ! ! !
---------------------------------------------------------------------------
3 !Бельгия франкі ! ! ! !
---------------------------------------------------------------------------
4 !Голланд гульдені ! ! ! !
---------------------------------------------------------------------------
5 !АҚШ доллары ! ! ! !
---------------------------------------------------------------------------
6 !Еуро ! ! ! !
---------------------------------------------------------------------------
7 !Ирланд фунты ! ! ! !
---------------------------------------------------------------------------
8 !Испан песеті ! ! ! !
---------------------------------------------------------------------------
9 !Итальян лирі ! ! ! !
---------------------------------------------------------------------------
10!Неміс маркасы ! ! ! !
---------------------------------------------------------------------------
11!Португал эскудосы ! ! ! !
---------------------------------------------------------------------------
12!Фин маркасы ! ! ! !
---------------------------------------------------------------------------
13!Француз франкі ! ! ! !
---------------------------------------------------------------------------
14!Швейцар франкі ! ! ! !
---------------------------------------------------------------------------
15!Жапон иені ! ! ! !
---------------------------------------------------------------------------
16!Ресей рублі ! ! ! Х ! Х
---------------------------------------------------------------------------
17!Басқалары ! ! ! Х ! Х
---------------------------------------------------------------------------
18!Шетел валютасымен қайта ! ! ! !
!есептенде мың АҚШ ! ! ! !
!долларымен ҚҰБ-нің ! ! ! !
!орташа бағамы бойынша ! ! ! !
!барлығы ! ! ! !
---------------------------------------------------------------------------
---------------------------------------------------------------------------
Сатылған валюта түсімінің сомасы !Ұйымның ағымдағы
---------------------------------------------------------!валюта шотына
барлығы ! биржадан тыс сатылғаны !есептелген
--------------------------------!------------------------!валюта сомасы
өткен !есеп ! валюта !оның !басқаларға !
кезеңде !беріліп !биржасында !ішінде ! !
түскені,!отырған !сатылғаны !Ұлттық ! !
бірақ !кезеңде ! !Банкке ! !
сатылма-!түскенінен ! ! ! !
ғаны ! ! ! ! !
қалғаны ! ! ! ! !
---------------------------------------------------------------------------
VII ! VIII ! IX ! X ! XI ! XII
---------------------------------------------------------------------------
! ! ! ! !

X ! X ! X ! X ! X !

N 2 қосымшаны толтыру жөніндегі нұсқаулар
---------------------------------------------------------------------------
Бағанның ! Мақсатты
N !
---------------------------------------------------------------------------
І ! Рет номері
---------------------------------------------------------------------------
ІІ !Валютаның атауы
---------------------------------------------------------------------------
ІІІ !Ұйымдар алатын шетел валютасындағы сома, түскен төлемдерді
!теңестіруге мүмкіндік бермейтін төлем құжаттары, оның ішінде
!контракт бойынша түсімдерден басқа нақты мәміле паспорты бойынша
!деректемелер, тиісті банкке аударылуға жататын басқа банктер
!ресімдеген мәміле паспорттары көрсетіледі.
---------------------------------------------------------------------------
IV !Есеп беру кезеңінде түскен теңестірілген валюта түсімінің сомасы
---------------------------------------------------------------------------
V !Осы есеп беру кезеңінде сатылуға тиісті өткен кезеңдердегі
!теңестірілген валюта түсімінің сомасы көрсетіледі.
!Мысалы:
!Өткен кезеңде міндетті түрде сатылуға тиісті түсім сомасы 50000
!USD болды, бірақ 30000 USD ғана сатылды, осы бағанға сомалар
!арасындағы айырмашылық - 20 000 USD қойылуға тиіс.
---------------------------------------------------------------------------
VI !Осы кезеңде түскен таза валюта түсімінің 50 %-і болатын сома
!көрсетіледі.
!Мысалы:
!Валюта түсімінің толық көлемі - 100000 USD;
!Бағанға міндетті түрде сатылуға тиісті 50 % болатын сома - 50000
!USD жазылады.
---------------------------------------------------------------------------
VII !Сатылған валюта түсімінің сомасы, өткен кезеңдерде түскені, бірақ
!сатылмағаны көрсетіледі.
---------------------------------------------------------------------------
VIII !Өткен кезеңде түскен, нақты сатылған түсім сомасы көрсетіледі.
---------------------------------------------------------------------------
ІХ !Түскен уақытына қарамастан есеп беру кезеңінде валюта биржасында
!нақты сатылған түсім сомасы көрсетіледі.
---------------------------------------------------------------------------
Х !Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ұсынған бағам бойынша оның
!түсу уақытына қарамастан Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне
!есеп беру кезеңінде нақты сатылған түсім сомасы көрсетіледі.
---------------------------------------------------------------------------
ХІ !Есеп беру кезеңінде оның түсу уақытына қарамастан коммерциялық
!банктер нақты сатқан, уәкілетті Банк дербес сатып алған түсім
!сомасы және т.б. көрсетіледі.
---------------------------------------------------------------------------
ХІІ !Валюта түсімінің толық көлемінің 50 %-ін міндетті түрде сатқаннан
!кейін экспортер ұйымның ағымдағы валюталық есепшотына есептелген
!валюта түсімінің сомасы көрсетіледі.
---------------------------------------------------------------------------
Оқығандар:
Умбетова А.М.
Нарбаев Е.А.