Ашық акционерлік қоғамдардың жабық тәсілмен сатып алынған акцияларының қозғалысына бақылау жасау туралы

Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы директоратының 1999 жылғы 24 маусым N 351 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 13 қазандағы N 276 қаулысымен.

---------------Қаулыдан үзінді-------------------

     Нормативтік құқықтық актілерді "Бағалы қағаздар рыногы туралы" және "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарымен сәйкестендіру мақсатында Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
     1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
     2. Осы қаулы қабылданған күннен бастап қолданысқа енеді...

     Төраға

Бағалы қағаздар рыногы     
мәселелерi бойынша       
Қазақстан Республикасының    
кейбiр нормативтiк құқықтық   
актiлерiнiң күшi жойылды    
деп тану туралы" Қазақстан   
Республикасының Қаржы      
нарығын және қаржы ұйымдарын  
реттеу мен қадағалау жөнiндегi
агенттiгi Басқармасының     
2004 жылғы 13 қазан       
N 276 қаулысына қосымша    

Қазақстан Республикасының күшi жойылды деп танылған
кейбiр нормативтiк құқықтық актiлерiнiң тiзбесi

     2. Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар жөнiндегi Ұлттық комиссиясы Директоратының "Жабық тәсiлмен алынған ашық акционерлiк қоғамның акцияларының жылжуына бақылау жасау туралы" 1999 жылғы 24-маусымдағы N 351 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 852 тiркелген, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы бойынша нормативтiк құқықтық және нормативтiк актiлерi жинағында 2001 жылы жарияланған, III том)...
--------------------------------
    

     "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шілдедегі Заңы 26-бабының 5-тармағын орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының (бұдан әрі "Ұлттық комиссия" деп аталады) Директораты
Қаулы етеді:
     1. Ашық акционерлік қоғамның жабық тәсілмен сатып алынатын акцияларын одан әрі өткізу олардың эмиссияларын мемлекеттік тіркеу талап етілмейтін мынадай жағдайлар айқындалсын:
     1) оларды ашық акционерлік қоғамның құрылтайшылары арасында бастапқы орналастыру кезінде сатып алынған бастапқы эмиссияның акцияларын қоғамның бір құрылтайшысынан басқасына өткізу;
     2) оларды тұлғалардың алдын-ала айқындалған шеңбері арасында орналастыру кезінде сатып алынған келесі эмиссиялардың акцияларын осындай тұлғалардың бірінен басқасына өткізу;
     3) оларды тұлғалардың алдын-ала айқындалған шеңбері арасында орналастыру кезінде сатып алынған келесі эмиссиялардың акцияларын осы акцияларды оларды жоғарыда аталған заңның 28-бабының шарттарын сақтаумен қоғам сатып алған кезде эмиссиялаған осындай тұлғалардан қоғамға өткізу;
     4) акцияларды осы тармақтың 1)-3) тармақшаларында көрсетілмеген үшінші тұлғаларға айрықша мына жағдайларда:
     мұрагерлікке қалдыру кезінде;
     соттың шешімі бойынша;
     акциялардың меншік иесі - заңды тұлғаның құқықтық мирасқорына(ларына) оны қайта ұйымдастыру кезінде;
     акциялардың меншік иесі - заңды тұлға таратылған кезде;
     жекешелендіру туралы заңдарға сәйкес акциялардың мемлекеттік пакеттерін сату кезінде.
     Ескерту: 1-тармақтың 4-тармақшасына өзгеріс енгізілді және 6-бөлікпен толықтырылды - Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясы Директоратының 1999 жылғы 14 қазандағы N 454 қаулысымен.
     2. Осы Қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелген күннен бастап күшіне енгізілетіндігі белгіленсін.
     3. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Төраға қызметі - Талдау және стратегия басқармасы осы Қаулыны (ол күшіне енгізілгеннен кейін) "Қазақстан қор биржасы" ЖАҚ-ның, Қазақстан Тізілім ұстаушылары Қауымдастығының (оларға осы Қаулыны өзінің мүшелерінің назарына жеткізу жөніндегі міндетті жүктей отырып) және "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" ЖАҚ-ның назарына жеткізсін.
     4. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Лицензиялау және қадағалау басқармасы:
     1) осы Қаулыны (ол күшіне енгізілгеннен кейін) бағалы қағаздар ұстаушылардың тізілімін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия алуға ниет білдірген ұйымдардың назарына жеткізсін;
     2) осы Қаулының орындалысына бақылау жасасын.
     5. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Корпоративтік қаржылар басқармасы және Заң басқармасы осы Қаулыны (ол күшіне енгізілгеннен кейін) өздері эмиссиялаған акцияларды ұстаушылардың тізілімін жүргізуді дербес жүзеге асыратын акционерлік қоғамдардың назарына жеткізу жөнінде барлық ықтимал шараларды қабылдасын.

    Ұлттық комиссияның Төрағасы

О контроле за движением акций открытых акционерных обществ, приобретенных закрытым способом

Постановление Директората Национальной комиссии Республики Казахстан по ценным бумагам от 24 июня 1999 года N 351. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 26.07.99г. N 852. Утратило силу - постановлением Правления Агентства РК по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 13 октября 2004 года N 276

         Извлечение из постановления Правления Агентства РК
           по регулированию и надзору финансового рынка и
        финансовых организаций от 13 октября 2004 года N 276
 
      "В целях приведения нормативных правовых актов в соответствие с Законами Республики Казахстан "О рынке ценных бумаг" и "Об акционерных обществах" Правление Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций  ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Признать утратившими силу нормативные правовые акты Республики Казахстан согласно приложению к настоящему постановлению.
      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня принятия...

      Председатель

 Перечень нормативных правовых актов
Республики Казахстан, признаваемых утратившими силу

      ...
      2. Постановление Директората Национальной комиссии Республики Казахстан по ценным бумагам от 24 июня 1999 года N 351 "О контроле за движением акций открытых акционерных обществ, приобретенных закрытым способом"...".
--------------------------------------------------------------------
 
 

      Во исполнение норм пункта 5 статьи 26 Закона  Республики Казахстан "Об акционерных обществах" от 10 июля 1998 года Директорат Национальной комиссии Республики Казахстан по ценным бумагам (далее именуемой "Национальная комиссия") постановляет:

      1. Определить следующие случаи, при которых дальнейшая передача акций открытого акционерного общества, приобретенных закрытым способом, не требует государственной регистрации их эмиссии:
      1) передача акций первичной эмиссии, приобретенных при их первоначальном размещении между учредителями открытого акционерного общества, от одного учредителя общества другому;
      2) передача акций последующих эмиссий, приобретенных при их размещении среди заранее определенного круга лиц, от одного из таких лиц другому;
      3) передача акций последующих эмиссий, приобретенных при их размещении среди заранее определенного круга лиц, от таких лиц эмитировавшему данные акции обществу при их выкупе обществом с соблюдением условий статьи 28 вышеназванного закона;
      4) передача акций третьим лицам, не указанным в подпунктах 1)-3) настоящего пункта, исключительно в следующих случаях:
      при наследовании;
      по решению суда;
      правопреемнику(ам) юридического лица - собственника акций при его реорганизации;
      при ликвидации юридического лица - собственника акций;
      при продаже государственных пакетов акций в соответствии с законодательством о приватизации. <*>
      Сноска. Пункт 1 - с изменениями и дополнениями, внесенными постановлением  НКЦБ РК от 14 октября 1999 года N 454.

      2. Установить, что настоящее Постановление вводится в действие с даты его регистрации Министерством юстиции Республики Казахстан.

      3. Управлению анализа и стратегии - Службе Председателя центрального аппарата Национальной комиссии довести настоящее Постановление до сведения ЗАО "Казахстанская фондовая биржа", Казахстанской Ассоциации Реестродержателей (с возложением на них обязанности по доведению настоящего Постановления до сведения своих членов) и ЗАО "Центральный депозитарий ценных бумаг".

      4. Управлению лицензирования и надзора центрального аппарата Национальной комиссии:
      1) доводить настоящее Постановление (после введения его в действие) до сведения организаций, намеренных получить лицензию на осуществление деятельности по ведению реестра держателей ценных бумаг;
      2) установить контроль за исполнением настоящего Постановления.

      5. Управлению корпоративных финансов и Юридическому управлению центрального аппарата Национальной комиссии принять все возможные меры по доведению настоящего Постановления (после введения его в действие) до сведения акционерных обществ, самостоятельно осуществляющих ведение реестров держателей эмитированных ими акций.
 
      Председатель Национальной комиссии