Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2010.06.25 № 56 (қабылданған күнінен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Ескерту: Атауындағы және бүкiл мәтiн бойынша "кредиттерi, несиелерi және депозиттерi бойынша сыйақы (мүдде)" деген сөздер "банктiк заемдары, заемдары және салымдары (депозиттерi)" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 11 наурыздағы N 32 қаулысымен .
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық базасын жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің Басқармасы қаулы етеді :
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң банктік заемдары, заемдарды және депозиттерi бойынша сыйақы есептеу ережесi бекiтiлсiн және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркелген күннен бастап күшiне енгiзiлсiн.
2. Монетарлық операциялар департаментi (Әлжанов Б.А.):
1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесе отырып, осы қаулыны және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң банктік заемдары, заемдары және депозиттерi бойынша сыйақы есептеу ережесiн Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркеуден өткiзсiн.
2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркеуден өткен күннен бастап екi апта мерзiмде осы қаулыны және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң банктік заемдары, заемдары және депозиттерi бойынша сыйақы есептеу ережесiн Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң бөлiмшелерiне жiберсiн.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң облыстық филиалдары осы қаулыны және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң банктік заемдары, заемдары және депозиттерi бойынша сыйақы есептеу ережесiн екiншi деңгейдегi банктерге жiберсiн.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары М.Т.Құдышевке жүктелсін.
Ұлттық Банк
Төрағасы
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкi Басқармасының
1999 жылғы 20 қыркүйектегі
N 293 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң банктiк
заемдары, заемдары және депозиттерi бойынша
сыйақы есептеу
Ережесі
Ескерту: Ереженiң атауы жаңа редакцияда жазылды және бүкiл мәтiнi бойынша:
1) "кредит", "кредиттiң", "кредиттi", "кредиттердiң", "кредиттерi" деген сөздер тиiсiнше "банктiк заем", "банктiк заемның", "банктiк заемды" "банктiк заемдардың", "банктiк заемдары" деген сөздерімен ауыстырылды;
2) "кредиттеу" деген сөз "заем беру" деген сөздерімен ауыстырылды;
3) "несие", "несиенiң", "несиеге", "несиенi", "несиемен",
"несиелерге", "несиелердi" деген сөздер тиiсiнше "заем", "заемның", "заемға", "заемды", "заеммен", "заемдарға" "заемдарды" деген сөздерімен ауыстырылды;
4) "(мүдде)", "(мүдденi)", "(мүддеден)" деген сөздер алынып
тасталынды - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2000 жылғы 9 қазандағы N 378 қаулысымен .
Атауындағы және бүкiл мәтiн бойынша "депозиттерi", "депозит" "депозиттiң", "депозиттi" және "депозиттер" деген сөздер тиiсiнше "салымдары (депозиттерi)", "салым (депозит)", "салымның (депозиттiң)", "салымды (депозиттi)" және "салымдар (депозиттер)" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 11 наурыздағы N 32 қаулысымен .
1-тарау. Жалпы ереже
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң (бұдан әрi- Ұлттық Банк) басқа да нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес әзiрленген.
Ескерту: 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 11 наурыздағы N 32 қаулысымен .
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң банктік заемдары, заемдары және салымдары (депозиттерi) бойынша сыйақы есептеу Ережесi (бұдан әрi - Ереже) Ұлттық Банк берген банктік заем , заем және заңды тұлғалардың Ұлттық Банкке орналастырған салымдары (депозиттерi) бойынша сыйақы есептеу тәртiбiн белгiлейдi.
3. Банктiк заем шартында, заем шартында және банктiк салым шартында осы талап болған жағдайда, соның негiзiнде банктiк заем, заем берiлгенде немесе депозит орналастырылғанда Ұлттық Банктiң банктiк заемдары, заемдары және тартылған депозиттерi бойынша сыйақы есептеледi.
Ескерту: 3-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 11 наурыздағы N 32 қаулысымен .
4. Сыйақыны есептеу мәселесiмен айналысатын бөлiмше дайындаған өтiнiм негiзiнде талдамалық есептегi шоттар бойынша есептелген сыйақы ( көрсету үшiн бухгалтерлiк есеп бөлiмшесiнде шоттың әрбiр иесi бойынша:
1) берiлген банктік заем бойынша - объектiлерге, банктік заемды пайдалану мерзiмiне қарай;
2) тартылған салым (депозит) бойынша - сақталу мерзiмiне қарай;
3) берiлген заем бойынша - заемды пайдалану мерзiмiне қарай жеке есепшот ашылады.
2-тарау. Сыйақыны есептеу тәртібі
5. Сыйақы ставкасы кесiмдi (тұрақты) және ерiктi бола алады.
Кесiмдi сыйақы ставкасы банктік заем шарты, заем шарты немесе банктiк салым шарты қолданылатын бүкiл мерзiм iшiнде өзгермейдi.
Сыйақының ерiктi ставкасын Ұлттық Банк тараптардың шартында келiсiлген талаптарға байланысты банктік заем шарты, заем шарты немесе банктiк салым шарты қолданылатын бүкiл мерзiм iшiнде өзгерте алады.
Ескерту: 5-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2000 жылғы 9 қазандағы N 378 қаулысымен , 2005 жылғы 11 наурыздағы N 32 қаулысымен .
6. Ұлттық Банктiң банктік заем шартында, заем шарты және банктiк салым шартында бойынша сыйақы ставкасының мөлшерi Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде, Ұлттық Банктiң Басқармасы мен Директорлар кеңесiнiң қаулыларында немесе банктік заем , заем немесе банктiк салым шартында және/немесе Ұлттық Банк пен клиент арасында жасалған соларға қосымша келiсiмде белгiленедi.
Ескерту: 6-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының
2000 жылғы 9 қазандағы N 378 қаулысымен , 2005 жылғы 11 наурыздағы N 32 қаулысымен .
7. Банктік заем шарты, заем шарты немесе банктiк салым шартын жасаған кезде тараптар сыйақы ставкасын есептеу кезеңiн, мерзiмiн, оны есептеу және өндiрiп алу тәртiбiн, сыйақы ставкасының мөлшерiн - кесiмдi уақытқа төленетiн проценттiк төлемдер сомасының банктік заемның (салымның (депозиттiң) көлемiне қатынасын келiсiп алады. Сыйақы есептелетiн уақыт аралығы есептеу кезеңi деп аталады.<*>
Ескерту: 7-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының
2000 жылғы 9 қазандағы N 378 қаулысымен , 2005 жылғы 11 наурыздағы N 32 қаулысымен .
8. Аталған шартта сыйақыны есептеу мерзiмi болмаса, ол Ұлттық Банк банктік заем , заем берген немесе салымды (депозиттi) орналастырған күннен бастап банктік заем , заем бойынша берешектi толық өтеген немесе салымды (депозиттi) төлеген күнге дейiн есептеледi.
9. Заем-қарыз алушының алған заемын өз ықтиярымен мерзiмiнен бұрын өтеуге құқы бар. Мұндай жағдайда заем үшiн сыйақы заемды iс жүзiнде пайдаланған уақыт үшiн есептеледi.
Қарыз алушы банктік заем , заем бойынша негiзгi борышты мерзiмiнен бұрын төлеген және Ұлттық Банк салымды (депозиттi) мерзiмiнен бұрын қайтарған жағдайда, егер шартта басқа нәрсе ескерiлмесе, сыйақы банктік заемды, заемды өтеген және салымды (депозиттi) толық төлеген күнге дейiн есептеледi.
10. Банктік заем бойынша берешектi өтеу кезектілігi банктік заем шартында келiсiледi. Уағдаластық болмаған жағдайда, берешектiң мерзiмi өтiп кетсе, ең алдымен есептелген тұрақсыздық айыбы, екiншi кезекте сыйақы , ең соңында басты қарыз өтеледi. банктік заем да дәл осындай тәртiппен мерзiмiнен бұрын қайтарылады.<*>
Ескерту: 10-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2000 жылғы 9 қазандағы N 378 қаулысымен .
11. Банктік заем (заем ) берiлген және салым (депозит) орналастырылған күнi осы талап туралы келiсiлген жағдайды қоспағанда сыйақы өндiрiп алынбайды және төленбейдi.
12. Берiлген банктік заемдар, заемдар және Ұлттық Банкте орналастырылған салымдар (депозиттер) бойынша сыйақы шарттың талабында ескерiлген (қарапайым немесе күрделi) сыйақыны есептеудiң әдiсiне сәйкес есептеледi. Егер шартта сыйақы есептеудiң нақты әдiсiн қолдану айтылмаса, қарапайым сыйақы әдiсi қолданылады. Сыйақыны есептеудiң күрделi әдiсi қолданылған жағдайда, ол есептелген сыйақыны күнделiктi капиталдандыру жолымен күн сайын есептеледi.
Ескерту: 12-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2005 жылғы 11 наурыздағы N 32 қаулысымен .
13. Сыйақыны есептегенде бiр айдағы күн саны шартты түрде 30, ал бiр жылдағы күн саны 360 болады деп алынады. 31 күннен тұратын айларда 31 - күн есепке алынбайды, ал ақпанда ең соңғы күннен кейiнгi қалдық 30-ға қанша күн жетпесе, соншама рет қайталанады. Шартта басқа нәрсе көзделмеген жағдайда, есептеудiң осы техникасы қолданылады.
3-тарау. Сыйақыны есептеу
14. Сыйақы төменде келтiрiлген формула бойынша есептеп шығарылады, содан кейiн проценттiк сан үтiрден кейiнгi барынша көп
белгiмен есептеп шығарылады, есептеу нәтижесi үтiрден кейiнгi екi белгiге дейiн дөңгелектенедi.
15. Сыйақыны есептегенде, сыйақыны есептеп шығарудың мынадай әдiстерi қолданылады:
1) қарапайым әдiс - сыйақы банктік заем (салым (депозит) бойынша негiзгi борыш сомасына ғана есептеледi және мынадай формула қолданылады:
i*p*n
I = ______
36000, бұл жерде
i - проценттердiң жылдық ставкасы;
р - (салымның (депозиттiң) берешектiң қалдығы;
n - кезең iшiндегi процент есептелетін күндер саны;
2) күрделi әдiс - сыйақы банктік заем (салым (депозит) бойынша негiзгi борыш сомасына ғана емес, әрi бұрын есептелген сыйақыдан түскен табыс сомасына есептеледi және мынадай формула қолданылады:
I = Р [(1+i/1200) n -1], бұл жерде
i - проценттердiң жылдық ставкасы;
n - банктік заемның (салымның (депозиттiң) айға (айдың бөлшегiне) созылған ұзақтығы;
Р - банктік заемның (салымның (депозиттiң) бастапқы сомасы;
I - заемның (салымның (депозиттiң) бүкiл мерзiм iшiндегi есептелген проценттерiнiң сомасы.
Ескерту: 15-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2005 жылғы 11 наурыздағы N 32 қаулысымен .
16. Егер заем беру мерзiмi iшiнде заем бойынша берешегiнiң бiр бөлегi мерзiмi өткiзiлген заем шотына жатқызылса, (заемдарды қоспағанда) мерзiмi өткiзiлген заем бойынша берешегiне есептелген сыйақы сомасын анықтау үшiн мерзiмi өткiзiлген берешек (тұрақсыздық айыбы) бойынша сыйақы ставкасы пайдаланылады және мынадай формула қолданылады:
Iq= Q/ [(1+iq/1200)t 1 -(1+iq/1200)t 2 ], бұл жерде
Iq - мерзiмi өткiзiлген берешек бойынша есептелген проценттерiнiң сомасы;
Q - мерзiмi өткiзiлген берешектiң сомасы;
iq- мерзiмi өткiзiлген берешек бойынша проценттiк ставка;
t 1 - заем беру басталған күннен мерзiмi өткiзiлген берешек бойынша процент есептелетiн күнге дейiнгi уақыт кезеңi;
t 2 - заем беру басталған күннен мерзiмi өткiзілген берешек пайда болған күнге дейiнгi уақыт кезеңi.
Ескерту: 16-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының
2000 жылғы 9 қазандағы N 378 қаулысымен .
17. Шарттың сыйақы есептеу әдiстерiне, сыйақы ставкасының мөлшерiне, банктік заем (салымдардың (депозиттердiң) мерзiмiн ұзартуға қатысты талаптары өзгерген жағдайда, қажет болса сыйақы есептеудiң қарапайым әдiсiн сыйақы есептеудiң күрделi әдiсiне ауыстыруға болады, онда мынадай формула қолданылады:
I= 1200* [(1+n*iр/1200)1/n-], бұл жерде
ip - жай проценттердi есептеген кезде пайдаланылатын проценттiк ставка.
Ескерту: 17-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2005 жылғы 11 наурыздағы N 32 қаулысымен .
18. Ұлттық Банк берген кредиттер, заемдар және тартылған салымдар (депозиттер) бойынша сыйақыны Автоматтандырылған "ҚҰБАЖ-ЗЦ" банктік жүйесінде сыйақыны есептеуге міндетті бөлімше күн сайын есептейді. Есептелген сыйақыны күн сайын бэк-офис автоматты түрде, бағдарламалық жолмен шоттарда көрсетіп отырады.
19. Ай сайын әрбір айдың соңғы жұмыс күнінен кешіктірмей банктік заемдар мен салымдар (депозиттер) бойынша күн сайын есептеліп отырған сыйақының сомасы түзетіліп жазылады және сыйақы ағымдағы айдың 30 күні үшін есептеледі. Есеп берілетін айда есептелген сыйақы Автоматтандырылған "ҚҰБАЖ-ЗЦ" жүйесінде қалыптастырылады және оны бэк-офис сыйақыны есептейтін бөлімше дайындаған құжатқа сәйкес жеке есепшотқа жатқызады.
20. Түзетіп жазу (сторно жазба) немесе есептелген сыйақыны түзету қажет болғанда, сыйақыны есептейтін бөлімше осы операцияны жүргізу үшін тиісті құжат дайындайды.
21. Ұлттық Банктің банктік заемдары, заемдары және салымдары (депозиттерi) бойынша сыйақыны дұрыс есептеп шығару және уақтылы есептеу жөніндегі жауапкершілік сыйақыны есептейтін бөлімшеге жүктеледі.
Ұлттық Банк
Төрағасы