1. Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарлардың шыққан
елін анықтау тәртібі туралы Нұсқаулық бекітілсін. 2. Құқықтық қамсыздандыру басқармасы (Г.А. Мұхамедиева) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін. 3. Кеден істері Бас басқармасы (Б.А. Жұмабеков) осы бұйрықтың жүзеге асуын қамтамасыз етсін. 4. Баспасөз қызметі (Г. Исахан) осы бұйрықтың жариялануын қамтамасыз етсін. 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Кеден комитеті Төрағасының орынбасары Д.А. Құнанбаевқа жүктелсін. 6. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді. Төраға
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден комитетінің 1999 жылғы 10 желтоқсандағы N 612-Б бұйрығымен бекітілді
Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін
тауарлардың шыққан елін анықтау тәртібі туралы
Нұсқаулық
1. Осы Нұсқаулық "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Z952368_ Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрi - Заң) 21-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнетiн тауарларға тарифтiк және бейтарифтiк реттеу шараларын қолдану мақсатында жасалды.
2. Заңның 141-бабына сәйкес тауардың шыққан елi болып тауар толығымен шығарылған немесе Қазақстан Республикасының кеден заңдарында белгiленген критерийлерге сәйкес жеткiлiктi ұқсатуға түскен ел есептеледi.
3. Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнетiн тауардың шыққан елi кеден органдарымен экспорт елiнің уәкілеттi органы берген тауардың шығу сертификатының (бұдан әрi - сертификат) және әкелiнетiн тауарларды мағлұмдау кезiнде мағлұмдаушы тапсырған тауарға iлеспе құжаттардың негiзiнде анықталады.
4. Тауардың шығу сертификаты Заңның 144-бабында белгiленген жағдайларда ғана тапсырылады.
5. Сертификат көрсетiлген тауардың тиiстi елден шыққанын мағыналы куәландыруға және онда Заңның 145-бабында көрсетiлген мәлiметтер болуға тиiс.
6. Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерден Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарлар үшiн Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы үкiметтерiнің басшылары Кеңесiнің 1993 жылғы 24 қыркүйектегi Шешiмiне сәйкес сертификатта тауар туралы мынадай қажеттi мәлiметтер болуы тиiс:
1) экспорттаушының толық атауы мен мекен-жайы;
2) импорттаушының атауы мен мекен-жайы;
3) тауарды сәйкестендiру үшiн қажеттi барлық мәлiметтер бар тауардың атауы (бейнесi);
4) тасымалдау құралдары мен жүру маршруты;
5) орындар саны, сондай-ақ ораманың сипаты, таңбалану мен нөмiрленуi;
6) жалпы және таза салмағы.
6. тармақшаның көрсеткiштерi тасымалдау кезiнде тауардың салмағы айтарлықтай өзгерген болса немесе бiрлiктер стандартты түрде тауардың аталған түрме қолданылатын болса, бiрлiктердің саны немесе көлемi сияқты басқалармен ауыстырылуы мүмкiн.
7. Халықаралық келiсiмдермен сертификаттағы мәлiметтер туралы өзге талаптар белгiленуi мүмкiн.
8. Дамушы және/немесе кемiрек дамыған елдерден шығарылатын және әкелiнетiн тауарларға кеден тарифi бойынша преференцияларды қолдану кезiнде мұндай тауарларды кедендiк ресiмдеу кезiнде мағлұмдаушы кеден органдарына "А" нысанындағы тауардың шыққан елi туралы Сертификат тапсыруға тиiстi (қосымша).
Қазақстан Республикасының еркiн сауда туралы келiсiмдер жасасқан елдерден шыққан тауарларды кеден бажын салудан босату кезiнде мұндай тауарларды кедендiк ресiмдеу кезiнде мағлұмдаушы кеден органдарына халықаралық келiсiмдермен белгiленген СТ-1 нысанындағы тауардың шыққан елi туралы Сертификат тапсыруға тиiстi (2 қосымша).
9. Кеден органдарында сертификаттарды куәландыруға уәкiлеттi ұйымдардың бланкiлерi үлгiлерiнің, мөрлердiң, тұлғалар қолдары бедерлемелерiнің болуы Қазақстан Республикасының кеден органдарында тауарлардың шығу сертификаттарын қабылдаудың шарттары болып табылады. Жоғарыда аталған мәлiметтер шығарылған елдiң уәкiлеттi органдарынан ресми түрде алғаннан кейiн Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнің Кеден комитетiмен Қазақстан Республикасының кеден органдарына берiледi.
10. Сертификат Қазақстан Республикасының кеден органдарына бастырылған түрде, тауардың шыққан елiнің тiлiнде түзетулерсiз тапсырылады, егер өзге Қазақстан Республикасымен бекiтiлген халықаралық келiсiмдермен қарастырылмаған болса.
Қажет болған кезде Қазақстан Республикасының кеден органдары сертификаттың мемлекеттiк немесе орыс тiлдерiне аударылуын талап етулерi мүмкiн.
11. Сертификат Қазақстан Республикасының кеден органдарына кедендiк ресiмдеу кезiнде, кедендiк мағлұмдамамен және өзге құжаттармен бiрге тапсырылады. Сертификат жоғалған кезде түпнұсқа сертификатты берген органмен ресми куәландырылған оның дубликаты (көшiрмесi) қабылданады.
Тауарлардың шыққан елi Қазақстан Республикасының кеден органдарымен сертификатта көрсетiлген мәлiметтердің тауарға iлеспе құжаттардағы мәлiметтермен сәйкестiгiнен кейiн белгiленедi.
12. Сертификаттың немесе ондағы мәлiметтердiң, тауардың шыққан елi туралы мәлiметтердi қоса, шынайылығына қатысты күдiктер туындаған жағдайда Қазақстан Республикасының кеден органдары аталған сертификаттарды оларды әрi қарай тексеру үшiн Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнің Кеден комитетi кеден кiрiстерi Бас басқармасының кедендiк-тарифтiк, кедендiк бақылау және кеден номенклатурасы бөлiмiне жiбередi.
13. Егер жағрафиялық, техникалық шарттар бойынша тауар бiрнеше мемлекеттердiң аумақтары арқылы тасымалданатын болса, егер осы мемлекеттердің аумақтарында тауарды шығару жүргiзiлмеген болса, сертификатта көрсетiлген мәлiметтердi тауарға iлеспе құжаттардағы мәлiметтермен сәйкестендiру мүмкiндiгi кезiнде өзге елдерге арналған сертификатты қабылдауға жол берiледi.
14. Заңда және осы Нұсқаулықта белгiленген барлық талаптардың сақталу шарты кезiнде тауар осы елден шыққан деп саналады.
15. Тауардың еркiн кеден аймақтарының және Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан еркiн қоймалардың аумақтарынан шығуы Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнің Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетпен бiрлесе отырып Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнің Кеден комитетiмен белгiленген тәртiпте анықталады.
16. Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тауарды әкету кезінде уәкілетті органмен берілген тауардың шығу сертификаты, егер ол тиісті өзара шарттарда көрсетілген немесе Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерімен қарастырылған жағдайларда тапсырылады.
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден комитетінің 1999 жылғы 10 желтоқсандағы N 612-Б бұйрығымен бекітілген Нұсқаулыққа N 1 қосымшаны қағаз мәтіннен қараңыз
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден комитетінің 1999 жылғы 10 желтоқсандағы N 612-Б бұйрығымен бекітілген Нұсқаулыққа N 2 қосымша
_____________________________________________________________________ 1. Экспортер___________________________ 4.N........................ (наименование и почтовый адрес) Сертификат о происхождении товара Форма СТ-1 2. Грузополучатель_____________________ Выдан______________________ (наименование и почтовый адрес) (наименование страны) Для предоставления в_______ (наименование страны) _____________________________________________________________________ 3. Средства транспорта и маршрут следо. 5. Для служебных отметок вания (насколько известно) _____________________________________________________________________ 6 N п/п 7. Количество мест 8. Описание товара 9. Вес брут. 10. Номер и вид упаковки то/нетто и да. (кг) та счета факту. ры _____________________________________________________________________ 11. Удостоверение 12. Декларация заявителя Настоящим удостоверяется, что Нижеподписавшийся заявляет, что декларация заявителя соответствует вышеприведенные сведения соответ. действительности ствуют действительности, что все товары полностью произведены или подвергнуты достаточной переработке в _________________________ (наименование страны) и, что они отвечают требованиям происхождения, установленным в отношении таких товаров Подпись Дата Печать Подпись Дата Печать _____________________________________________________________________ Оқығандар: Багарова Ж.А. Икебаева А.Ж.