Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2007.06.27 N 91/183 қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Z952464_ Конституциялық заңның 12-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы қаулы етеді:
1. Қайта дауыс беру өткізген жағдайда округтік сайлау комиссиялары сайлау бюллетеніне сайлаушылардың ең көп дауысын алған саны екеуден артық емес депутаттыққа кандидаттардың тегін енгізсін.
2. Егер депутаттыққа кандидаттар сайлаушылардың дауысын бірдей
мөлшерде алған жағдайда депутаттыққа кандидаттың тегін сайлау бюллетеніне енгізу округтік сайлау комиссиясының отырысында жеребе салу жолымен анықтау белгіленсін. 3. Жеребе салудың ретін округтік сайлау комиссиялары дербес анықтасын. 4. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі тіркеген сәттен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрайымы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Оқығандар: Багарова Ж.А. Икебаева А.Ж.