Ескерту. Тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "Боролин селосын", "селосының" сөздері "Бородин ауылын", "ауылының" сөздерімен ауыстырылды - Ақтөбе облысының әкімдігінің 11.12.2015 № 452 қаулысымен және Ақтөбе облыстық мәслихатының 11.12.2015 № 359 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11 бабы 4) тармақшасына сәйкес, облыстық Мәслихат және облыс Әкімі шешім етеді:
Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - Ақтөбе облысының әкімдігінің 14.08.2017 № 280 қаулысымен және Ақтөбе облысының мәслихатының 14.08.2017 № 196 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).1. Темір ауданы мәслихаты мен әкімінің және облыстық ономастикалық комиссияның ұсыныстары қабылдансын және Темір ауданындағы Бородин ауылының аты Шығырлы ауылы болып өзгертілсін.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Мемлекеттік ономастика комиссиясының қарауына ұсынылсын.
Облыстық Мәслихат сессиясының төрағасы |
Облыс Әкiмi |