Ескерту. Күші жойылды - Алматы қалалық Мәслихатының ІI сайланған VIII сессияның 29.07.2004 N 76 шешімімен.
I-шi сайланған Алматы қалалық Мәслихаты Алматы қаласында "Қазақстан Республикасындағы тiл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының орындалуы туралы" 1997 жылы 25 желтоқсандағы I сайланған Алматы қалалық Мәслихатының ХҮI сессиясы шешiмiнiң орындалу барысын қарай келе және қала Әкiмi тiл басқармасының бастығы Ж.Б. Нәлiбаевтың осы мәселе бойынша баяндамасын тыңдай келiп, осы Заңды орындау бойынша Алматы қаласында қалыптасқан жүйенiң қоғамдық өмiрдiң барлық саласында тiлдердiң дамуы мен қолданылуы жөнiнде жоспарлы, тереңдетiлген, ғылыми-негiздi жұмыстар жүргiзуге мүмкiндiк беретiндiгiн атап өтедi.
Өткен мерзiмде қалалық Мәслихат, қала, аудан әкiмдерi сессиялар, кеңейтiлген мәжiлiстер өткiздi, онда тiл саясатын одан әрi жетiлдiру мәселелерi қаралды, нормативтiк-құқықтық актiлер қабылданды. Ресми, мәдени шараларды өткiзуде, iс-қағаздарын жүргiзуде мемлекеттiк тiлдi, басқа тiлдердi үйрену мен қолдануды ұйымдастыруға баса назар аударылды. Қала, аудан әкiмдерiнiң аппараттарында әкiмдердiң шешiмдерi, өкiмдерi, бұйрықтары, жоғары тұрған және ведомстволық бағыныстағы ұйымдармен жазбалар мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде жүргiзiлуде, өтiнiштерге, хаттарға, шағымдарға жауап түскен құжат тiлiнде берiлуде. Мөрлерде, бланкiлерде, мөртабандарда мәтiндер мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде жазылған. Мемлекеттiк тiлдi қолдау мен дамыту жөнiндегi қалалық "Мемлекеттiк тiл" қоры, көрнекi ақпарат пен жарнама басқармасы құрылды. Балалардың мектепке дейiнгi мекемелерiнде, мектептерде, оқу орындарында мемлекеттiк қызметшiлерге, басқару саласы қызметкерлерiне арналған курстарда, Әуезов, Бостандық, Түрксiб аудандарының кәсiпорындарында, мекемелерiнде, ұйымдарында қала тұрғындарына, мемлекеттiк тiлдi оқыту және үйрету деңгейi жақсара түстi. Қаланың барлық аудандарында әкiмшiлiктер жанынан сыртқы безендiру мен көрнекi ақпаратты бақылау жөнiндегi үйлестiрушi органдар жұмыс iстейдi. Осылайша, 1998 жылы аудан әкiмдерiмен және олардың орынбасарларымен, қала қызметтерi басшыларымен 70 кеңес өтiп, 300 рейд жүргiзiлдi, 7000 астам нұсқау берiлiп, олардың барлығы негiзiнен орындалды, әкiмшiлiк комиссияларда 400 ұйым қаралды, 2300 объектi бөлшектендi және прокуратураның қарауына 80 iс жiберiлдi. Мемлекеттiк тiлдi, басқа тiлдердi жақсы бiлу мен қолдану дәрежесiн анықтауға арналған "дөңгелек үстелдердi", олимпиадаларды, "Қазақшаңыз қалай?" телебайқауын, теледидардағы, радиодағы, газеттердегi "Бiзбен бiрге сөйлеңiз" жалпы айдарымен берiлген сабақтарды ерекше атап өтуге болады. Сонымен қатар барлық қалалық, аудандық, құрылымдық бөлiмшелерде, кәсiпорындарда, мекемелерде, ұйымдарды "Қазақстан Республикасындағы тiл туралы" Заң толық көлемде орындалмайды, iс қағаздары барлық жерде бiрдей мемлекеттiк тiлде жүргiзiлмейдi, мәслихаттар, алқалар, мәжiлiстер әрдайым iлеспе аудармамен қамтамасыз етiлмейдi, қазақ тiлi кабинеттерi, оқу-әдiстеме, анықтама әдебиеттермен, аудио-бейне материалдармен, оқытудың бүгiнгi әдiстемесi және қазақ қарпi енгiзiлген компьютерлермен жабдықталмаған. Энергетика, сауда, қызмет көрсету, денсаулық сақтау салалары кәсiпорындарында, мекемелерiнде құжаттардың үлгiлерiнiң мемлекеттiк тiлде жазылуы терминологиялық комиссиямен пысықталмаған. Қалалық жолаушылар көлiгiнде аялдамаларды қазақ және орыс тiлдерiнде жариялауға арналған диктофондарды орнату жөнiндегi жұмыстар аяқталмаған. Қалалықтардың күнделiктi тiршiлiгiнде мемлекеттiк тiлдi, басқа тiлдердi енгiзу мен қолдануда бұқаралық ақпарат құралдарының, жарнаманың, көрнекi ақпараттық және қаланы безендiрудiң мүмкiндiктерiн пайдаланудың қолайлы әдiстерiн iздеу саябыр жүргiзiлуде. Теледидарда, радиода хабарларды мемлекеттiк тiлде берудiң уақытша кестесi реттелмеген.
I-шi сайланған Алматы қалалық Мәслихаты
ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қала Әкiмi Тiл басқармасының бастығы Ж.Б.Нәлiбаевтың Алматы қаласында "Қазақстан Республикасындағы тiл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының орындалуы туралы" 1997 жылы 25 желтоқсандағы I сайланған Алматы қалалық Мәслихатының ХҮI сессиясы шешiмiнiң орындалу барысы туралы баяндамасы назарға алынсын.
2. 1997 жылғы 11 шiлдедегi "Қазақстан Республикасындағы тiл туралы" Заңды, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Тiлдердi қолдану мен дамуының мемлекеттiк бағдарламасы туралы" Жарлығын орындау мақсатында Алматы қалалық Мәслихатының ХҮI сессиясында бекiтiлген бағдарламаға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн және Алматы қаласында тiлдердiң қолданылуы мен дамуының аумақтық бағдарламасы бекiтiлсiн.
3. Алматы қаласы Әкiмiнiң тiл басқармасы, аудан әкiмдерi Алматы қаласында меншiктiң барлық нысанындағы кәсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдардың, тұрғындардың тiлдердi қолдану мен дамыту бағдарламасын орындауын қамтамасыз ететiн барлық қажеттi жағдайларды жасайтын болсын, мемлекеттiк тiлдiң сауда және денсаулық сақтау салаларында қолданылуына баса назар аударсын. Барлық жарнама мен көрнекi ақпарат бiр ай мерзiмде мемлекеттiк және орыс тiлдерiне көшiрiлсiн.
4. Тұрақты депутаттық комиссиялары, депутаттар, сайлау округтерiнде "Қазақстан Республикасындағы тiл туралы" Заңның, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Тiлдердi қолдану мен дамытуының мемлекеттiк бағдарламасы туралы" Жарлығын, осы шешiмдi орындау жөнiнде сайлаушылармен нысаналы жұмыстарды жалғастыратын болсын.
5. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау ғылым, бiлiм, мәдениет, жастар iстерi, ұлтаралық қарым-қатынастар және дiн мәселелерi жөнiндегi тұрақты депутаттық комиссияға жүктелсiн (А. Алдашев).
I-шi сайланған Алматы қалалық
Мәслихатының ХХIV
сессиясының төрағасы В.Югай
I-шi сайланған Алматы қалалық
Мәслихатының хатшысы Ж.Төрегельдинов
I-шi сайланған Алматы
қалалық Мәслихатының
ХХIV сессиясының
1999 жылғы 12 наурыздағы шешiмiне
қосымша
Алматы қаласында Тiлдердi
қолдану мен дамытудың
БАҒДАРЛАМАСЫ 1. КIРIСПЕ
Алматы қаласында тiлдердi қолдану мен дамытудың БАҒДАРЛАМАСЫ (бұдан әрi - БАҒДАРЛАМА) Қазақстан Республикасы Конституциясының 93 бабына, "Қазақстан Республикасындағы тiл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 23,25 баптарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 4 қарашадағы өкiмiмен мақұлданған Қазақстан Республикасының тiл саясаты тұжырымдамасына, Ел Президентiнiң Қазақстан халқына "Қазақстан-2030" Жолдауына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiңө 1998-2000 жылдарға арналған iс-қимыл бағдарламасына сәйкес әзiрленген.
Бағдарламаныңө мақсаты - Алматы қаласында мемлекеттiк және басқа да тiлдердi дамуы үшiн қолайлы жағдай туғызу.
Бағдарламаны iске асыру мерзiмi - 1999-2000 жылдар кезеңiне есептелген.
Бағдарламаның құрылымы: Бағдарлама кiрiспе және 5 тараудан тұрады.
Бағдарламаны қаржыландыру: Бағдарламаны жүзеге асыруға қажеттiқаражат жергiлiктi бюджеттер есебiнен және министрлiктер мен ведомстволарға көзделген қаражат шегiнде, сондай-ақ басқа да көздерден қаржыландырылады.
№ р/с |
Жұмыстың мазмұны |
Орындаушылар |
Мерзiмi |
1 |
2 |
3 |
4 |
2. Нормативтiк құқықтық базаны қалыптастыру |
|||
1. |
Тiлдердiң құқықтық қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу |
ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы, тіл басқармасы |
1999 жылдың ІІ тоқсаны |
2. |
Тiлдердiң қолданылуы мен дамуына қолайлы жағдай туғызу мақсатында Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы тiл туралы" Заңының 23-бабының үшiншi бөлiгiн іске асыру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу |
ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы, тіл басқармасы, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы |
1999 жылдың ІІI тоқсаны |
3. |
Тiлдердiң қолданылуы мен дамуының 2000-2010 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасын әзiрлеу |
ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы, тіл басқармасы |
2000 жылдың IV тоқсаны |
3. Ғылыми-лингвистикалық қамтамасыз ету |
|||
4. |
Қазақ тiлiнде өзектi ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргiзуге жағдай жасау ақпараттық-аналитикалық анықтаманың |
тіл басқармасы, "Мемлекеттік тіл" қоры |
1999 жылдан бастап |
5. |
Мыналарды даярлап, басып шығару: |
тіл басқармасы |
1999 жылдаң ІІІ тоқсаны |
6. |
Қазақ тiлiнiң компьютерлiк сөздiк қорын (мәлiметтер жинағы) құруға ұсыныстар әзiрлеу |
Бұл да сол |
-//- |
7. |
Қазақ әлiпбиi мен емлесiн жетiлдiру жөнiнде шаралар кешенiн әзiрлеуге ұсыныстар дайындау |
Бұл да сол |
1999 жылдың IV тоқсаны |
4. Тiл бұқаралық ақпарат құралдары, ғылым, мәдениет |
|||
8. |
Республикада жұмыс iстейтiн ұлттық мәдени орталықтар мен қауымдастықтардың тәжiрибелерiн пайдалана отырып, тiлдердi оқытудың жаңа технологиясы мен озық практикасын қорыту және тарату |
ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы, тіл басқармасы |
Ұдайы |
9. |
Оқытушылардың, аудармашылардың, iс қағаздарын жүргiзушiлердiң және басқа да мамандардың тiлдiк бiлiктiгiн арттыру жөнiндегi курстар ұйымдастыру |
Алматы қаласының білім және тіл басқармалары |
-//- |
10 |
Көлiк пен байланыс, сауда, денсаулық сақтау, тұрмыстық қызмет көрсету, анықтама-ақпараттық қызмет көрсету салаларында мемлекеттiк тiлдiң қолданылуын қамтамасыз ету |
Жолаушыларды тасымалдау МК, "Алматыэлектротранс" КМК, "Алматытеле- |
-//- |
11 |
Тiлдердi дамытудың өзектi мәселелерi жөнiнде қалалық, аймақтық, салалық кеңестер, конференциялар, коллоквиумдар және басқа да тiлдердi дамыту туралы өзектi мәселелер бойынша iс-шаралар өткiзу |
ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы, тіл басқармасы |
-//- |
12 |
Мектеп жасына дейiнгi балаларды қазақ тiлiндегi суреттi кiтапшалармен және буклеттермен қамтамасыз ету жөнiндегi арнайы бағдарламалар әзiрлеу |
Алматы қаласының ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы, тіл басқармасы, білім беру басқармасы |
-//- |
13 |
Қазақ тiлiнде бiлiм беретiн МДМ мен мектептердiң санын ұлғайтуды жалғастыру және қазақ тiлiн тереңдетiп оқытатын мекемелер желiсiн кеңейту жұмыстары ары қарай жалғастырылсын |
Бұл да сол |
-//- |
14 |
Оқулықтар мен оқу құралдарын және анықтама әдебиеттерiн, мемлекеттiк тiлдi оқытудың жаңаша әдiстерi бейнеленген аудиобейне материалдарын, мектептерде мемлекеттiк тiлдi және басқа ұлт тiлдерiн үйретудiң компьютерлiк бағдарламаларын шығару жөнiндегi кешендi жұмыстар жетiлдiрiлсiн |
мұғалімдердің білімін жетілдіру институты, тіл және білім беру басқармалары |
-//- |
15 |
Алматы қаласында мамандардың білімін жетілдіру және қайта даярлау курстарын өткiзу тиiмдiлiгi арттырылсын |
мұғалімдердің бiлiмiн жетiлдiру институты, тіл білімін басқармалары |
-//- |
16 |
Арнаулы орта оқу орындарында "хатшы-референт", "Iс жүргiзушi" мамандарын даярлау курстарын ашу жұмыстары үйлестiрiлсiн |
мұғалімдердің білімін жетілдіру институты, тіл және бiлiм беру басқармалары |
-//- |
17 |
Жоғары және орта арнаулы оқу орындарының орыс бөлiмшелерiнде қазақ тiлiн оқытуға арналған сағаттар санын көбейту, мемлекеттiк тiлдi зерделеушi топтар құруды қамтамасыз ету; Жетiм және панасыз қалған балаларға арналған қазақ тiлiнде оқытатын балалар үйлерi мен мектеп-интернаттар желiсiн ұлғайту |
мұғалімдердің білімін жетілдіру институты, тіл және бiлiм беру басқармалары |
1999-2000 жылдар |
18 |
МДМ, жалпы бiлiм беретiн мектептерде, арнаулы оқу орындарында мемлекеттiк және ұлт тiлдерiнде бiлiм беретiн кластардың, топтардың, бөлiмдердiң санын ұлғайту жұмыстары күшейтiлсiн |
Бұл да сол |
-//- |
19 |
Орыс тiлiнде тәрбие беретiн мектепке дейiнгi балалар мекемелерiнде сәбилер мен естиярлар топтарындағы қазақ тiлi сабақтарының сағат санын аптасына 2 сағатқа дейiн, ал мектепке даярлық топтарында аптасына 3 сағатқа дейiн жеткiзу; орыс тiлiнде оқытатын жалпы бiлiм беретiн мектептердiң бастауыш сыныптарындағы қазақ тiлi пәнiнiң сағат санын жалпы оқу сағаттары шегiнде көбейту |
Алматы қаласының білім беру басқармасы |
1999-2000 жылдар |
20 |
Қазақ мектептерi мен орта арнаулы және жоғары оқу орындарының қазақ бөлiмдерiнде дене мәдениетi мен әскери даярлық пәндерiн мемлекеттiк тiлде оқытуға кiрiсу |
Бұл да сол |
1999- 2000 жылдар |
21 |
Ұлттық тiлдерде оқытатын мектептердi бағдарламамен, оқу-әдiстемелiк құралдармен, көрнекi-ақпараттық және мүмкiндiгiнше компьютерлiк техникамен қамтамасыз етiлсiн |
мұғалімдердің білімін жетілдіру институты, тіл және білім беру басқармалары |
Ұдайы |
22 |
Ұлттық салт-дәстүрлердi дамыту, жаңғыртуға бағытталған мәдени бағдарламалар жандандырылып, ұлттық қолөнер жұмыстарының шеберханалары және көрмелерi ұйымдастырылсын |
мәдениет басқармасы |
-//- |
23 |
Қала кiтапханаларын қазақ және басқа тiлдегi әдебиеттермен жүйелi түрде жабдықтау қамтамасыз етiлсiн |
мәдениет басқармасы |
-//- |
24 |
Алматы қаласындағы телерадиокомпанияларының Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы тiл туралы" Заңының 18-бабын орындауын қамтамасыз ету |
ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы |
-//- |
25 |
Баспасөзде, бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттiк тiлдi, тарихты, мәдениеттi, қазақ әдебиетi классиктерiнiң шығармаларын насихаттауға арналған тақырыптағы жастар хабарлары кеңейтiлсiн |
баспасөз қызметінің және ТРК бірінші басшылары, бұқаралық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы, тiл басқармасы |
-//- |
5. Мемлекеттiк тiлде iс жүргiзу |
|||
26 |
Орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдарда iс жүргiзуге мемлекеттiк тiлдi енгiзу жөнiнде бөлiмдер немесе секторлар құру |
Алматы қаласы, аудан әкімдері, қаржы басқармасы |
1999 жылдың ІІ тоқсаны |
27 |
Қаладағы барлық басқармалар мен комитеттердiң, меншiк түрiне қарамастан, барлық мекемелер мен ұйымдардың және кәсiпорындардың штат кестесiне бiр қызметтiк орын - қазақ тiлi мұғалiмi және аудармашы немесе iс жүргiзушi есебiнде бас маман және жетекшi маман қызметi қайта енгiзiлсiн |
кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелердің бірінші басшылары |
1999 жылдың І тоқсаны |
28 |
Меншiк түрiне қарамастан, барлық кәсiпорындардың, ұйымдар мен мекемелердiң жыл сайынғы есептерiне қызметкерлерiнiң мемлекеттiк тiлдi үйрену курстарынан өткенi жайлы мәлiмет беру енгiзiлсiн |
Алматы қалалық санақ және талдау басқармасы, тіл басқармасы |
1999 жылдың ІV тоқсаны |
29 |
Жергiлiктi мемлекеттiк органдарда мемлекеттiк тiлде iс жүргiзу шаралары және енгiзу тәртiбi жасалынсын |
Алматы қаласы Әкімінің аппараты, аудан әкімдері |
1999 жылдың ІІ тоқсаны |
30 |
Жергiлiктi мемлекеттiк органдарда мемлекеттiк тiлдегi iс-қағаздарының (компьютерлiк шаблондар) бiрыңғай үлгiсiн жасау және шығару |
Бұл да сол |
1999-2000 жылдар |
31 |
Қала аудандарында салалық , терминологияға және ауызекi сөйлеуге үйрету iсiне ерекше назар аудара отырып, мемлекеттiк тiлдi жеделдетiп оқытып-үйретуге арналған курстар ұйымдастыру жандандырылсын |
тіл басқармасы, аудан әкімдері |
1999 жылдың ІІ тоқсаны |
32 |
Мемлекеттiк тiлдi үйрету және iс жүргiзу саласындағы озық тәжiрибелердi саралау және енгiзу мақсатында "Мемлекеттiк тiл" қор негiзiнде қалалық ғылыми-әдiстемелiк орталық құру |
тіл басқармасы, "Мемлекеттік тіл" қоры |
1999 жылдың І-ІІ тоқсандары |
6. Терминологиялық және ономастикалық жұмыстар |
|||
33 |
Қалада Қазақ терминологиясын жетiлдiру және ономастикалық жұмыстар жүргiзу тұжырымдамасының жобасын әзiрлеу |
тіл басқармасы |
1999 жылдың ІІ тоқсаны |
34 |
Қазақ терминологиясыныңө компьютерлiк қорын жасауға ұсыныстар әзiрлеу |
тіл басқармасы |
1999 жылдың І тоқсаны |
35 |
Қаладағы топографиялық нысандар атауларын реттеу және бiр жүйеге түсiру |
тіл басқармасы |
Ұдайы |
36 |
Жаңа тәртiппен бiр жүйеге түсiрiлген топонимдердiңө(жергiлiктi атаулар, су қоймалары) Алматы қалалық әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерi атауларының анықтамалық сөздiгiн әзiрлеудi және тұрақты түрде шығарылуын қамтамасыз ету |
тіл басқармасы |
Ұдайы |
37 |
Алматы қаласының картасын жаңа топонимдiк және басқа нысан атауларымен әзiрлеу мен шығарылуы қамтамасыз етiлсiн |
Бұл да сол |
-//- |
38 |
Алматы қаласының топонимдер сөздiгiн, қаланың жаңа ономастикалық атауларының анықтамалығын тұрақты түрде шығару |
Бұл да сол |
-//- |
39 |
Мемлекет және қоғам қайраткерлерiн, ғылым, мәдениет, әдебиет және өнер қайраткерлерiнiң есiмiн мәңгi есте қалдыру жұмысын жалғастыру (олардың есiмдерiн көшелерге, мектептерге беру және мемориалдық тақта орнату арқылы) |
Бұл да сол |
-//- |
I-шi сайланған Алматы
қалалық Мәслихатының
ХХIV сессиясының төрағасы В.Югай
I-шi сайланған Алматы
қалалық Мәслихатының хатшысы Ж.Төрегелдинов