Күші жойылды - ІV сайланған Алматы қаласы мәслихатының ІІ сессиясының 2007 жылғы 10 қыркүйектегі
N 12 шешімімен
"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi өкiлдi және атқарушы өкiлдерi туралы"
Z934100_
Қазақстан Республикасының 40, 41-бабына және "Алматы қаласының ерекше мәртебесi туралы"
Z980258_
Заңға сәйкес I сайланған Алматы қалалық Мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Алматы қаласына арналған өрт қауiпсiздiгi тәртiбi" бекiтiлсiн, берiлiп отыр.
2. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау экономикалық реформалар және нарықтық қатынастарды дамыту мәселелерi жөнiндегi тұрақты депутаттық комиссияға (Ю.В.Костин) және қала Әкiмiнiң бiрiншi орынбасарына (Я.И.Заяц) жүктелсiн.
I сайланған Алматы қалалық
Мәслихаты ХХVI сессиясының»
төрайымы
I сайланған Алматы қалалық
Мәслихатының хатшысы
Алматы қалалық Мәслихатының
1999 жылғы 15 шілдедегі
XXVI сессиясының шешіміне
қосымша
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНА АРНАЛҒАН ӨРТ ҚАУIПСIЗДIГIНIҢ
ТӘРТIБI
Бекiтуге Алматы қаласының Мемлекеттiк өртке қарсы қызметi әзiрлеп, енгiздi (Бас басқарма құқығымен). Қазақстан Республикасыны»ТЖ жөнiндегi Агенттiгiнiң» МӨҚ Департаментiмен келiсiлген.
1.1. Өрт қауiпсiздiгiнiң»осы тәртiбi (ӨҚТ) Қазақстан Республикасының»1996 жылғы 22 қазандағы "Өрт қауiпсiздiгi туралы"
Z960048_
, 1993 жылғы 10 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар туралы"
Z934100_
заңдарына сәйкес әзiрлендi, Алматы қаласының аумағындағы өрт қауiпсiздiгiнiң жалпы талаптарын белгiлейдi және барлық кәсiпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың* (меншiк нысанына, қызмет түрiне және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан) оларды» қызметкерлерiнiң, сондай-ақ азаматтардың орындауы мiндеттi болып табылады.өӨҚТ-ны бұзуға кiнәлi адамдар қылмыстық, әкiмшiлiктiк немесе Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңына сәйкес басқа да жауапкершiлiктi көтередi.
* Ескерту. Бұдан әрi - кәсiпорын.
1.2. Осы тәртiптермен қатар, сондай-ақ стандарттарды, құрылыс нормалары мен тәртiптерiн, өрт қауiпсiздiгiнiң нормаларын, технологиялық жобалар нормаларын, өрт қауiпсiздiгiнiң салалық тәртiптерiн және өрт қауiпсiздiгiнiң талаптарын реттейтiн белгiленген тәртiппен бекiтiлген басқа да нормативтiк құжаттар басшылыққа алынуға тиiс. Алайда, өрт қауiпсiздiгiнiң осы тәртiптерiнiң негiзгi талаптары төмендетiлмеуi қажет. ө Өндiрiске жаңа озық технологияны, халықаралық стандарттар мен жаңа техниканы енгiзген кезде осы тәртiптiң»талаптары Алматы қаласының» Сәулет және қала құрылысы департаментi мен Алматы қаласының Мемлекеттiк өртке қарсы қызметiнiң келiсiмiмен өзгеруi және толықтырылуы мүмкiн.
1.3. Әрбiр объектiде** адамдардың қауiпсiз болуы мен оларды өрт кезiнде көшiру үшiн жағдай жасалынуға тиiс.
** Ескерту. Объектi - аумақ, кәсiпорын, ғимарат, құрылыс, тұрақ жай, iшкi қондырғы, қойма, көлiк құралы, ашық алаң, технологиялық процесс, жабдық, бұйым.
1.4. Өрт қауiпсiздiгi тәртiбiн бұзғандығы және орындамағандығы үшiн қолданыстағы заңға сәйкес меншiк нысанына қарамастан кәсiпорынның, ұйымның, мекеменiң бiрiншi басшылары жеке жауапкершiлiк көтередi.
1.5. Жеке меншiк объектiлерiндегi өрт қауiпсiздiгi тәртiбiн бұзғандығы және орындамағандығы үшiн олардың иелерi, ғимараттарды, тұрақжайларды, аумақты, тұрғын үйдi және т.б. жалдау кезiнде өрт қауiпсiздiгi тәртiбiн бұзғандығы және орындамағандығы үшiн, егер осындай жауапкершiлiк жалдау туралы шартта немесе басқа құжаттарда көрсетiлмесе, олардың иелерi жауапкершiлiк көтередi.
2.1. Алматы қаласының және кәсiпорындарының»аумақтарында жанатын қалдықтардың, қоқыстардың»және т.б. үйiндiлерiн жасауға жол берiлмейдi. Барлық қалдықтар арнайы бөлiнген алаңдардағы контейнерлерге немесе жәшiктерге жиналуы және толған бойда әкетiлуi қажет.
2.2. Алматы қаласы кәсiпорындарының аумағы ғимараттар, құрылыстар және ашық қоймалар арасындағы өрт шұңқырларының шегiнде, сондай-ақ тұрғын үйлерге, саяжайлар мен басқа құрылыстарға жапсарлас телiмдер, жанғыш қалдықтардан, қоқыстан, түскен жапырақтан, құрғақ шөптен және т.б. өз уақытында тазалануға тиiс.
2.3. Ғимараттар мен құрылыстардың арасындағы өрт қауiпсiздiгi белгiлерiн, ағаш қатарларын, басқа да материалдарды, қондырғылар мен ыдыстарды, әртүрлi материалдарды жинау, көлiк қою мен ғимараттың»және тұрақ жайдың құрылысты (орнату) үшiн пайдалануға жол берiлмейдi.
2.4. Өрт сөндiру үшiн пайдаланатын ғимараттарға, құрылыстарға, ашық қоймалар мен су көздерiне апаратын жолдар, стационарлық өрт сатылары мен өрт жабдықтарының кiре-берiстерi әрдайым бос болуға, ақаусыз жағдайда ұсталуға, ал қыста қар мен мұздан тазалануға тиiс.
Жолдар мен өткелдердi жөндеу үшiн немесе өрт машиналарының өтуiне кедергi келтiретiн басқа себептер бойынша жабу туралы осыны орындайтын ұйым бұл жөнiнде Алматы қаласының Мемлекеттiк өртке қарсы қызметiне бiрден хабарлауға тиiс.
Тиiстi орындарда жол жабылған кезеңде айналма бағыттарының көрсеткiштерi орнатуға немесе жөнделетiн учаскелер мен су көздерi арқылы өтпе жол орнатылуға тиiс.
2.5. Уақытша құрылыстар, сауда нүктелерi, дүңгiршектер басқа № ғимараттар мен құрылыстарда кемiнде 15 метр қашықтықта (басқа нормалар бойынша үлкен өртке қарсы шұңқыр қажет жағдайды қоспағанда) немесе өртке қарсы қабырғаларда орналасуға тиiс.
Жеке блок-контейнерлiк ғимараттарды 10 топтан аспайтын шоғырда және 800 ш.м. аспайтын алаңда орналастыруға рұқсат етiледi. Осы ғимараттар топтарының арасындағы және олардан басқа құрылыстарға, сауда дүңгiршектерiне және т.б. дейiнгi қашықтық кемiнде 15 м болуы қажет.
2.6. Тұрғын үй, саяжай және бағбан телiмдерi, қоғамдық және азаматтық ғимараттар аумақтарындағы алаңдар мен аулаларда ЖТС (жылдам тұтанатын сұйық) пен ТС (тұтанғыш сұйық) ыдыстарын, сондай-ақ осы сұйықтардың»жылжымалы ыдысын қысылған және сұйытылған газ баллондарын қалдыруға рұқсат етiлмейдi.
2.7. Күрделi құрылысы бар және олары жоқ жазғы алаңдар тұрғын үй мен қоғамдық ғимараттардан 9 м қашықтықта орналасуға тиiс. Осы ғимараттарға дейiнгi қашықтық егер ғимарат қабырғасы жазғы алаң жақта болып, терезелерi және басқа ойықтары жоқ болса қысқартылуы мүмкiн.
2.8. Ашық от пайдаланатын мангалдар, пештер және басқа аппараттар № ғимараттан, тұрақ жайдан және уақытша сауда нүктесiнен кемiнде 5 м қашықтықта орнатылады. Күл, шлаг және басқа қоқыстар осы тәртiптiң 8.5.-тармағына сәйкес жиналады.
2.9. Алматы қаласының, кәсiпорындардың, ұйымдардың, мекемелердiң, сондай-ақ жеке тұрғын үйлердiң, саяжайлардың жапсарлас орман аумақтарында алау, қалдық, қоқыс жағуға тыйым салынады.
3.1. Барлық объектiлер ақаусыз бастапқы өрт сөндiру құралдарымен (БӨҚ Қосымшасына сәйкес), өртке қарсы қызметтi шақыруға арналған байланыс құралымен және қолданыстағы нормаларға сәйкес өртке қарсы автоматикамен қамсыздандырылуға тиiс.
3.2. Ғимараттарды қайта жоспарлау, олардың қызметтiк мақсатын өзгерту немесе жаңа технологиялық қондырғыны орнату кезiнде қолданыстағы құрылыс және технологиялық жобалар нормаларының өртке қарсы талаптары сақталуға тиiс.
3.3. Барлық жарылу-өрт қаупi бар объектiлер, театр, ойын-сауық кәсiпорындары мен адамдар көп келетiн ғимараттар мемлекеттiк өртке қарсы қызметтiң таяу маңдағы құрылымымен немесе Алматы қаласының орталық өрт байланысы нүктесiмен тiкелей радиомен немесе телефон байланысымен қамтамасыз етiлуге тиiс. Осы объектiлердiң өрттен қорғау қондырғыларының iске қосылғандығы туралы дабыл Алматы қаласының өрт байланысының Орталық нүктесiне (ӨБОН) пультiне енгiзiлуге тиiс.
3.4. Бiр көшiру шыға берiсi бар ғимараттарға өткiзiлетiн шараларға 50-ден артық адамның қатысуына рұқсат етiлмейдi.
Өртке берiктiгi IV және V дәрежедегi ғимараттарға адамдардың көптеп келуiне (50-ден артық) тек ғимараттың бiрiншi қабатында ғана рұқсат етiледi.
3.5. Шатыр, техникалық қабаттар және жер төле терезелерi шынылануға, ал есiктерi жабық күйде болуға тиiс, есiктерде кiлт сақталынатын орын көрсетiлуi қажет.
Ғимараттардың жер төле және цокольдық қабаттарының жарық ойықтарының төңiрегi ұдайы тұтанғыш қоқыстан тазалануға тиiс, көрсетiлген төңiрек пен терезенi тұтас төсенiшпен жабуға рұқсат етiлмейдi.
3.6. Әрбiр ғимаратта бүкiл электр шаруашылығының пайдаланудың жалпы жағдайына жауапты маманын тағайындауға тиiс.
3.7. Электр плиткаларын, электр шәйнектерiн және басқа электр қыздырғыш приборларын пайдаланудан төмендегi талаптар орындалуға тиiс:
- электр қыздырғыш приборлар шыға берiске қарсы жақтағы, берiк тұғырда қызбайтын орынға орнатуға тиiс;
- электр қыздырғыштарын орнататын жер құрылыс құрылғыларынан, жиһаздан және басқа тұтанғыш материалдардан кемiнде 1 м алшақ болуға тиiс;
- электр қыздырғыштар приборлар зауыт өндiрiсiнiкi болуға тиiс.
Ашық қыстырғыш элементтерiн осы приборларда қолдануға рұқсат етiлмейдi.
3.8. 50-ден артық адам сыятын Мәслихат, асхана залдарында және оған теңестiрiлген ғимараттарда кемiнде 2 шыға-берiс болуға тиiс.
3.9. Архив№ғимараттарында, кiтапханаларда, машинамен басу, көбейту бюроларында, шеберханаларда және басқа қосалқы ғимараттарда қабырғаны және төбенi тұтанғыш материалдармен әрлеуге рұқсат етiлмейдi.
3.10. Жұмысшылар мен қызметкерлердi көшiру үшiн өрт пайда болған жағдайда адамдарды көшiру жоспарлары әзiрленуге тиiс.
4.1. Тұрғын-үйдi пайдалану ұйымдарының, ПИК-тердiң, мейманханалардың»басшылары мен ғимараттардың және әкiмшiлiктiк мекемелердiң пайдаланылуына жауап беретiн қызметтердiң басшылары мен жатақханалардың меңгерушiлерi (коменданттары)
мiндеттi:
4.1.1. өрт қауiпсiздiгiне және осы тәртiп талаптарына жауап беретiн адамдарды тағайындауға;
4.1.2. қызмет, қойма және қосалқы ғимараттарда қатаң өртке қарсы режимдi белгiлеуге (жұмыс аяқталғаннан кейiн ғимараттарды тексеру және жабу тәртiбiн белгiлеуге, электр қыздырғыш приборларын пайдалануға, темекi тартуға арналған орынды жабдықтауға, отқа қатысты жұмыстарды жүргiзуге және т.б.) және оның қатаң сақталуын ұдайы бақылауға;
4.1.3. ғимараттар мен тұрақ-жайлардың өрт қауiпсiздiгi жағдайын жүйелi тексеруге;
4.1.4. уақытша құрылыстарды және автотұрақтарды рұқсатсыз орнатуға жол бермеуге;
4.1.5. өтетiн жердiң, өтетiн жердiң өрт каналдарының су көздерiн және ведомстволық аумақтағы олардың көрсеткiштерiнiң күтiлуiн қадағалауға;
4.1.6. пәтер жалдаушылардың және жатақханада тұратын адамдардың жауапты өкiлiн өртке қарсы тәжiрибеден өткiзуге;
4.1.7. көшiру жолдарының, iшкi көшiру сатысының лоджия мен балкондардағы өтетiн люктердiң өрттен қорғау жүйесiнiң, құрғақ құбыр мен найзағайдан қорғайтын қондырғының жай-күйiн қадағалауға.
4.2. Тұрғын ғимараттарын жалдаушылары мен үй иелерi
мiндеттi:
4.2.1. сатыларға, холлдарға, жалпы пайдаланатын дәлiздер мен өрт сөндiру құралдарына баратын жолға кедергi келтiрмеуге;
4.2.2. электр өткiзгiштерiн, электр қыздырғыш приборларын, жылыту приборларын ақаусыз күйде ұстауға және оларды пайдаланған уақытта сақтық шараларын сақтауға, балаларды отпен ойнатпауға;
4.2.3. газ приборларын, тұрмыстық химия заттарын пайдалану және лактар мен бояуларды қолдана отырып, iшкi пәтерлердiң»әрлеу жұмыстарын жүргiзуде сақтық шараларын қолдануға.
5.1. Көшiру жолдарының саны, олардың көлемi, жарық беру мен түтiнбеуiн қамтамасыз ету шарттарын, сондай-ақ көшiру жолдарының созымдылығы құрылыс жобасының өртке қарсы нормаларына сай болуы тиiс.
5.2. Көшiру жолдарының барлық есiктерi ғимараттан шығатын жаққа қарай еркiн ашылуға тиiс. Адамдар ғимаратқа келген кезде есiктер тек iшкi жылдам жабылатын iлгешекке қойылуы мүмкiн.
5.3. Тыйым салынады:
- өтетiн жолды, дәлiздi, тамбурды, галереяны, лифтi алаңын, саты алаңын, сатылар мен люктердiң төңiрегiн жиһазбен, қондырғымен және әртүрлi дайын өнiмдермен толтыруға, сондай-ақ шығатын жердiң есiгiн шегелеуге;
- шығатын жерге әртүрлi құрылғыдағы киiм кептiргiштердi, киiм iлгiштер мен киiм бояйтын жерлердi орнатуға (пәтерлер мен жеке тұрғын үйлердi қоспағанда), кез-келген жабдық пен материалды сақтауға (оның iшiнде уақытша);
- көшу жолдарында табалдырықтар, турникеттер, қозғалатын және айналатын есiктер мен адамдардың еркiн жүруiне кедергi келтiретiн басқа да қондырғыларды қоюға;
- көшетiн жолда (отқа төзiмдiлiгi 5-шi деңгейдегi ғимараттан басқасы) қабырғалар мен төбелердi, саты торларын, сондай-ақ баспалдақтар мен алаңдарды әрлеу, жылтырату, бояу үшiн жанғыш материалдарды қолдануға;
- жарық бөлмесiнде, дәлiздерде, кабинеттер мен басқа бөлмелердi салуға;
- баспалдақ клеткаларындағы, дәлiздердегi, полдар мен тамбурлардағы өзi жабылатын есiктердi ашық күйiнде қалдыруға (егер бұл мақсат үшiн өрт кезiнде iске қосылатын автоматты қондырғы пайдаланылмаса), сондай-ақ оларды алуға;
- түтiнбейтiн баспалдақ торларындағы ауа аймағын шынылауға немесе қаңылтырмен жабуға;
- кәдiмгi есiктердегi қуысты шынымен айырбастауға;
- жанғыш-тұтанғыш материалдардан жасалынған кiлем мен кiлем төсенiштерiн қолдануға.
6.1. 25-тен 100-ге дейiн көлiк құралын қоятын тұрақ-жаймен ашық тұрақ үшiн екiншi көшiру есiгi, 100-ден астам автомобильдi сақтайтындарға екi есiк пен қосымша толық немесе толық емес 100 автомобильдi қоюға арналған бiр есiк қарастырылуға, көлiк құралдарын қою тәртiбi әзiрленуге, өрт жағдайында көшiру кезеңi мен тәртiбi жазылуға тиiс.
6.2. Көлiктi ашық сақтауға арналған ғимараттар мен алаңдар 10 бiрлiк техникаға арналған сүйреу тростарының және штангамен жабдықталуға тиiс.
6.3. Жамылғысы бар және ашық алаңдарда көлiктi қоюға тыйым салынады:
- саны артық көлiк құралын қоюға, оларды қою жоспарын, автомобильдер арасындағы қашықтықты, кiретiн және шығатын есiкке кедергi келтiруге;
- ұсталу, термиялық, дәнекерлiк, бояу және ағаш өңдеу жұмыстарын жүргiзуге, ЖТС пен ЖС-ны пайдалана отыра бөлшектердi шаюға, көлiк құралдарын, отын ыдыстарының қақпағын ашық күйде ұстауға, сондай-ақ ажыратылмаған аккумулятор батареяларынан жанармай мен майдың ағуын болдырмауға;
- көлiк құралдарына жанармай құюға және оны төгуге;
- жанармай ыдысын, сондай-ақ жанармай мен майды сақтауға (жеке көлiк тұрағын қоспағанда) аккумуляторларды тiкелей көлiк құралдарында қуаттандыруға;
- қозғалтқыштарды ашық отпен қыздыруға (отпен, ауамен, дәнекерлеу шамымен), жарық үшiн ашық от көздерiн пайдалануға;
- көлiктiң жалпы тұрақтарында ЖТС пен ЖС, сондай-ақ ЖГ тасымалдауға арналған құралдарды орнатуға.
6.4. 6.3-тармақ талаптарына қосымша жеке меншiк тұрақтарында мыналарға жол берiлмейдi:
- жиһазды, жанатын материалдан iстелiнген үй-жарақтарын сақтауға;
- 20 л отын мен 5 л май қорынан артық мөлшерде сақтауға;
- қолдан iстелген электр қыздырғыш приборларын қолдануға.
7.1. Электр қондырғыларын орнату Тәртiбiне (ЭОТ), тұтынушылардың» электр қондырғыларын техникалық пайдалану тәртiбiне (ТТБ), тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану кезiндегi техникалық қауiпсiздiк тәртiптерiне (ТҚТ) және басқа нормативтiк құжаттарға сәйкес жөнделуге және пайдалануға тиiс.
7.2. Электр қозғалтқыштары, басқару аппараттары, жiберудi реттеушi, бақылау-өлшеу және қорғаныс аппаратурасы, қосымша қондырғылар мен өткiзгiштерде ТТБ бойынша аймақ сыныбына сәйкес орындалуға және қорғаныс дәрежесi, сондай-ақ токтың қысқаша тұйықталуы мен артық жүктемесiнен қорғайтын аппараты болуға тиiс.
7.3. Барлық ток жiберушi бөлiктер, тарату қондырғылары, аппараттар мен өлшеу приборлары, сондай-ақ бөлiну үлгiсiндегi сақтандыру қондырғылары рубильник және басқа жiберу аппараттары мен икемделгiштер тек жанбайтын тұғырларда ғана жөнделуге тиiс (мрамор, текстолит, гетинакс).
7.4. Электр қондырғыларын пайдалану кезiнде тыйым салынады:
- дайындаушы-кәсiпорын ұсыныстарына (нұсқаулықтарына) сай емес жағдайда немесе ақауы бар өртке алып келуге мүмкiн электр аппараттары мен приборларды пайдалануға, сондай-ақ зақымдалған немесе оқшаулаудың қорғаныс ерекшелiгiн жоғалтқан өткiзгiш пен кабельдi пайдалануға;
- зақымдалған розетканы, рубильниктi басқа электр бұйымдарын пайдалануға;
- электр шамдары мен шырағдандары да қағазбен, матамен және басқа жанатын материалдармен орауға;
- жанбайтын материалдан iстелiнген тұғырсыз электр үтiктерiн, электр плиткаларын, электр шәйнектерiн және басқа да электр қыздырғыш приборларын пайдалануға;
- желiге қосылған электр қыздырғыш приборларын, телевизор, радиоқабылдағыштар және т.б. қараусыз қалдыруға;
- стандарт емес (қолдан iстелiнген) электр қыздырғыш приборларын қолдануға, кабельденбеген ерiгiш тұғырды немесе жобаға сай емес артық жүктеме мен қысқаша тұйықталудан қорғайтын басқа қолдан iстелiнген аппаратты пайдалануға;
- қойма ғимараттары, сондай-ақ өрт қаупi бар және жарылыс қаупi бар аймақ арқылы транзиттiк электр өткiзгiштерi мен кабельдiк желiлердi өткiзуге;
- барлық жарылу өртi шығу қаупi бар ғимараттарда электр қыздырғыш приборларын пайдалануға;
- қызатын шаңдары бар электр шырағдандарын қорғаныс қалқанысыз пайдалануға.
7.5. Термореттегiштермен жабдықталмаған электр пештерi мен қолдан iстелiнген пештi пайдалануға рұқсат етiлмейдi.
8. Жылыту, желдету жүйелерiне және басқа инженерлiк қондырғыларының өрт қауiпсiздiгiне талаптар.
8.1. Жылыту маусымы басталардың алдында пештер, қазандықтар, жылу генераторлары мен калорифельдiк қондырғылар, басқа жылыту приборлары мен басқа жылыту жүйелерi тексерiлуге және жөнделуге тиiс. Ақаулы пештер мен басқа жылыту приборлары пайдалануға жiберiлмейдi.
8.2. Пештер мен басқа жылыту приборларының нормаларда берiлген жанғыш құрылғылардан қорғайтын өртке қарсы бөлiктерi, сондай-ақ көлемi кемiнде 0,5 х 0,7 м күймеген және зақымдалмаған тапталған металл қаңылтыры болуға тиiс (ағашқа немесе жанғыш материалдан iстелiнген басқа еденге).
Газ тәрiздес және сұйық отынмен жанатын шағын литражды жылыту қазандықтарын орнату мемлекеттiк өртке қарсы қызметтiң келiсiмi бойынша жүргiзiлуге және ҚР СН В.2.5. 14 - талаптарына жауап беруге тиiс.
8.3. Мұржалар мен пештердi жағардың алдында, ал сондай-ақ бүкiл
жылу маусымы бойында мына көлемде тазалау қажет:
- жылыту пештерi үшiн 3 айда бiр рет;
- үздiксiз жұмыс iстейтiн пештер мен ошақтар үшiн 2 айда бiр рет;
- ас үй плиталары мен үздiксiз (ұзақ мерзiмге) жанатын басқа
пештер үшiн айына бiр рет.
8.4. Пештi жаққан кезде тыйым салынады:
- жанып жатқан пештi қараусыз қалдыруға, сондай-ақ оны бақылауды
жас балаларға тапсыруға;
- отынды, басқа жанғыш заттар мен жанғыш материалдарды пеш
алдында қалдыруға;
- пештi тұтандыру үшiн бензиндi, керосиндi, дизель отыны мен
басқа ЖТС пен ЖС-ны қолдануға;
- отынның осы түрлерiне арналмаған пештердi көмiрмен, кокспен
және газбен жабуға;
- ғимаратта жиналыстар, басқа бұқаралық шаралар өтiп жатқан
кезде пеш жағуға;
- желдету және газ каналдарын түтiн айдау ретiнде пайдалануға;
- пештi бұзуға.
8.5. Жанудан қалған күл мен шлакқа су себiлiп, сол үшiн арнайы
белгiленген жерге апаруға тиiс.
8.6. Түтiн желiлер өтетiн шатырдағы барлық түтiн мұржалары мен
қабырғалары әктелуге тиiс.
8.7. Қатты отынмен жұмыс iстейтiн қазандық қондырғыларының түтiн мұржалары қатты отынмен жұмыс істейтін қазандық кондырғыларының түтін мұржалары от өшiргiшпен жабдықталуға және 8.3.-тармаққа сәйкес күйiктен тазалануға тиiс.
Сауда мекемелерiнiң жапсырма ғимараттарына қазандықтары қатты отыннан сұйық отынға көшiрiлуге жол бермейдi.
8.8. Өрт кезiнде от ұстағыш қондырғылар (кедергiлер, шиберлер, клапандар және басқалар) желдеткiштi ажыратудың автоматты қондырғысы бар желдету жүйесiн құрсаулау қондырғысы белгiленген мерзiмде тексерiлуге және ақаусыз күйде ұсталуға тиiс.
8.9. Желдету және ауаны суыту жүйесiн пайдалану кезiнде тыйым салынады:
- желдету камераларының есiгiн ашық қалдыруға;
- сору каналдарын саңылау мен торларды жабуға;
- ауа айдағышқа газбен жылыту приборларын қосуға;
- ауа айдаушыда жинақталған май түйiнiн, шаң мен басқа тұтанғыш заттарды жағуға.
8.10. Желдету камералары, циклондар, сүзгiштер, ауа айдағыштар тұтанғыш шаңмен өндiрiс қалдықтарынан кәсiпорын бұйрығымен белгiленген мерзiмде тазалануға тиiс.
Жарылыс және өрт қаупi бар ғимараттардағы кәсiпорын басшылары жылыту жүйесiн тазалау тәртiбiн қауiпсiз әдiспен әзiрлеуге тиiс.
8.11. Вентиляторға ыстық шаңның, талшықтың»және басқа қатты қоспасы бар қалдықтардың»түсуiн болдырмау үшiн оның алдынан тас ұстағышты, ал металл заттарын алу үшiн магниттiк ұстағыштарды қойған жөн.
8.12. Пневматикалық көлiктiң құбыр өткiзгiшi ауа айдағыштарда үнемi қарап отыруға, жүйенi тазалауға және өрт пайда болған жағдайда оны сөндiруге арналған терезе қарастырылуға тиiс.
Қарайтын терезе бiр-бiрiнен кемiнде 10 м қашықтықта, сондай-ақ үштiктерде, бұрылыстарда қабырға төбе арқылы құбыр өткiзгiштер өтетiн жерде орналасуға тиiс.
8.13. Жобада қарастырмаған газ приборларды, аппараттарды, баллондарды орнату Техникалық қадағалаумен және Алматы қаласының мемлекеттiк өртке қарсы қызметiнiң келiсiмiмен орнатылады.
9.1. Құрылыс-монтаж, жөндеу, қалпына келтiру жұмыстарын, сондай- ақ газ-электр дәнекерлеу және кез-келген басқа от жұмыстарын жүргiзу кезiнде өрт қауiпсiздiгi тәртiбiн бұзғандығы және орындамағандығы жөнiндегi жауапкершiлiк осы жұмыс түрлерiн жүргiзген ұйым, мекеме, кооператив, серiктестiк басшылары мен жеке кәсiпкерлерге жүктеледi.
9.2. Құрылыс-монтаж, қалпына келтiру және от жұмыстары "құрылыс- монтаж және от жұмыстарын жүргiзу кезiндегi өрт қауiпсiздiгi тәртiбiне" сәйкес жүргiзiледi.
9.3. Алматы қаласының аумағында барлық құрылыс жұмыстары заңды және жеке тұлғаларға Алматы қаласының Әкiмi, Сәулет және қала құрылыс департаментi мен Алматы қаласының»мемлекеттiк өртке қарсы қызметi берген рұқсат құжаттарын алған жағдайда белгiленген тәртiппен Алматы қаласы Әкiмiнiң техникалық инспекциясы ордерi бойынша жүргiзiледi.
10.1. Жалпы талаптар.
10.1.1. АӨҚ-ны орнату техникалық шешiмдерге және жоба талабына сай болуға тиiс. Қорғалатын ғимараттың орнату және қайта жасақтау құрылғысына белгiлi бiр өзгерiс пен басқа да қайта орналастыруды жүргiзу жобалау ұйымының келiсiмiмен жүргiзiледi. Бұл туралы мемлекеттiк қарсы қызмет органына (МӨҚ) хабарланады.
10.1.2. АӨҚ қондырғыларында сертификаты жоқ (аппаратураларында) және жабдықтарында (өрт қауiпсiздiгi) қолдануға рұқсат етiлмейдi.
10.1.3. Объектiде қондырғыны сапалы пайдалану үшiн әкiмшiлiктiң» бұйрығымен немесе өкiмiмен төмендегi қызметкерлер тағайындалуға тиiс:
а) қондырғыны пайдалануға жауапты адам;
б) техникалық қызмет көрсету мен қондырғыны жөндеу үшiн оқудан өткен және арнайы рұқсаты бар қызмет көрсетушi қызметкерлер;
в) қондырғының қалыпты жағдайдағы жұмыс iстеуiне тәулiк бойы бақылау жасайтын оперативтiк (кезекшi) қызметкерлер.
10.1.4. Өрт автоматикасының қондырғылары ақаусыз жағдайда және тұрақты дайындықта болуға тиiс. Қондырғыны автоматты басқарудан қолмен басқаруға көшiрудi нормалар мен тәртiптерде көрсетiлген жағдайларды қоспағанда рұқсат етiлмейдi.
10.2. Автоматты өрт дабылдағышының қондырғылары.
10.2.1. Автоматты өрт дабылдағышының (АӨД) және өрт күзетi дабылдағышы (ӨКД) аппаратурасы объектiлерде бөгде адамдар бара алмайтын жерге орнатуға және сүргiштелуге тиiс.
10.2.2. ӨКД қондырғыларында өрт дабылдағыштары шлейфтерiн ажыратуға болмайды.
10.2.3. Өрттi хабарлағыштар ұдайы таза күйiнде болуға тиiс. Қорғалатын ғимараттарда жөндеу жұмыстары жүргiзiлген кезде хабарлағыштар оған қоқыстың, тастың, бояудың, әктiң түсуiнен қорғалуға тиiс. Жөндеу аяқталғаннан кейiн қорғау бейiмделгiштерi алынуға тиiс.
10.2.4. Хабарлағыштарға еркiн баратындай жағдай жасалуы керек. Қаланған материалдар мен қондырғылардан хабарлағыштарға дейiнгi қашықтық кемiнде 0,6 м болуға тиiс.
10.2.5. Тыйым салынады:
- 3-тен артық шағын сыйымдылықтағы бiртектi қабылдау-бақылау приборларын қолдануға (2 шлейф);
- ақауы бар хабарлағыштың»орнына басқа үлгiдегi немесе принциптегi хабарлағышты орнатуға, сондай-ақ хабарлағышты орнататын жерде ол жоқ жағдайда құрсаулау шлейфiн тұйықтауға.
10.3. Автоматты өрт сөндiру қондырғылары.
10.3.1. Сепкiштер үнемi таза болуға тиiс, қорғалатын ғимараттарда жөндеу жұмыстары жүргiзiлген уақытта сепкiштер сылақ, бояу, әк түсуден қорғалуға тиiс, жөндеу аяқталғаннан кейiн қорғаныс икемделгiштерi алынуы қажет.
10.3.2. Өрт сөндiру станциясы орналасқан ғимарат (автоматты су жұтқыш, газ өртiн сөндiру станциясы) оқшауланып құлыпқа жабылуға тиiс, № ғимараттың кiлтi қызмет көрсетушiге және оперативтi (кезекшiде) қызметкерде болуы керек.
10.3.3. Сепкiштердiң қоры (объектiге қолданылатын әрбiр түрi) қондырғының тарату құбыр өткiзгiштерiнiң жөнделген нысанының кемiнде 10 процентi болуы қажет.
10.3.4. Насос станциясы ғимаратының кiре берiсiнде (газ өртiн сөндiру станциясы) үнемi "Өрт сөндiру станциясы" жарық таблосы тұруға тиiс.
10.3.5. Көлiкпен өрт сөндiру автоматты қондырғысымен жабдықталған объектiде көбiк жасаушының артық қоры болуға тиiс.
10.3.6. Сақтаудың кепiлдiк мерзiмiнiң аяқталуы бойынша және келесi 6 айдан кейiн көбiк жасаушы немесе көбiкпен өрт сөндiру қондырғысында пайдаланатын оның су ерiтiндiсi тексеруге жатады. Тексерiлген өлшемдердiң ГОСТ, ТУ талаптарына сәйкес болмаған жағдайда көбiк жасаушы заттар айырбастауға жатады.
10.3.7. Газбен өрт сөндiру автоматты қондырғысымен жабдықталған объектiде газбен өрт сөндiру құрамының»(ГӨҚ) қоры сақталуға тиiс.
10.3.8. Газбен өрт сөндiру қоры қондырғысымен қорғалатын ғимаратқа апаратын есiк жапқышпен немесе нығыз қымталуды қамтамасыз ететiн басқа қондырғылармен жабдықталуға тиiс.
10.3.9. Қорғалатын ғимаратта жұмыс iстейтiн адамдар үшiн олардың» қондырғының iске қосылғандығы туралы дабылды алған кездегi iс-әрекетiмен көшу тәртiбi туралы нұсқаулық әзiрленiп, iлiнуге тиiс.
10.3.10. Аэрозольмен өрт сөндiру автоматты қондырғысы өрт қауiпсiздiгi саласындағы қолданыстағы нормативтiк құжаттар талаптарына сай болуға тиiс. Аэрозольмен өрт сөндiру генераторларын жеке өздiгiнен iске қосылатын өрт сөндiрушi ретiнде пайдалануға рұқсат етiлмейдi.
10.3.11. Тыйым салынады:
- түсiп қалған немесе ақауы бар сепкiш тығындарын орнатуға;
- материалдарды сепкiштерден 1 м кем қашықтыққа жинауға;
- қондырғы құбыр өткiзгiштерiн iлгiш немесе қондырғының басқа түрiн нығайту үшiн пайдалануға;
- өндiрiстiк қондырғы мен санитарлық приборларды қондырғының» қуаттандырғыш және бөлгiш құбыр өткiзгiшiне қосуға;
- қуаттандырғыш және бөлгiш құбыр өткiзгiштерiнде тығын арматурасын орнатуға;
- спринклерлiк желiде орнатылған iшкi өрт крандарын өрт сөндiруден басқа мақсатқа пайдалануға.
10.4. Өртке қарсы сумен жабдықтау.
10.4.1. Насос станциясы ғимаратының кiре берiсiнде үнемi "Өрт сөндiру станциясы" жарық таблосы тұруға тиiс.
10.4.2. Тұрғын үйлер мен объектiлерге қызмет көрсететiн ОӨС № ғимаратында өрт насостарының саны кемiнде екеу болуға тиiс (бiреуi - жұмысшы, бiреуi - резервтiк).
10.4.3. Электр қуаттандырғыштың бар-жоғы және ОӨС-та орналасқан насостардың қосылғандығы туралы дабылдар (жарық, дыбыс) бiрлескен диспетчерлiк қызметке (БДС) немесе объектiнiң кезекшiлiк қызметiне берiлуге тиiс.
10.4.4. Су өлшеу қондырғыларының айналма желiсiнде орнатылған электр приводы бар қозғалтқыштар тоқсанына бiр рет жұмыс iстеу қабiлеттiгi бойынша тексерiлуге, ал өрт насостары ай сайын тексерiлуi тиiс. Тексерiс нәтижесi құжатпен ресiмделуге тиiс.
10.5. Түтiннен қорғану жүйесi.
10.5.1. Қарауында түтiн айдағыш және өртке қарсы автоматика (ТА ӨҚА) жүйесi бар ғимарат жататын кәсiпорын, тұрғын үй пайдалану ұйымдары, ПИК басшылары ТО бойынша жүргiзiлген жұмыспен өртке қарсы жүйенi»жөнделу сапасын, оның iшiнде арнайы ұйымдармен шарттық негiзде орындалатын жұмыс сапасына тиiмдi бақылауды қамтамасыз етуi тиiс.
10.5.2. Электр қуаттандырғыштың бар-жоғы және түтiн айдағыш жүйесi вентиляторлары мен биiк қабатты тұрғын үйлерде орналасқан ауа тығынының қосылғандығы туралы дабылдар (жарық, дыбыс) бiрлескен диспетчерлiк қызметте (БДҚ) немесе ғимараттары объектiнiң кезекшi қызметiне берiлуге тиiс.
10.5.3. Түтiн айдағыш клапандары қымталуды қамтамасыз етуi тиiс.
10.5.4. Тыйым салынады:
- өрт кезiнде лифтiнiң құрсалуы жүйесiн ажыратуға (лифт кабинасын қону қабатына түсiру);
- тұрғын үйлерде қабаттағы дәлiздердi қайта жоспарлауға (бөлуге);
- түтiн айдау жұйесiнiң қабаттағы клапандарын ашуға (ажыратуға, бөлшектеуге);
- түтiн айдау жүйесiмен ауа нығыздағыштың автоматты және аралық қосылуын ажыратуға.
10.5.5. Жоғары қабаттағы тұрғын үйлерде, мейманханаларда, жатақханаларда, қоғамдық мақсаттағы ғимараттар мен басқа тұрақ- жайларда лифтiнiң "Өрт қауiпсiздiгi" режимiнен және "өрт құрамаларын тасымалдау" режимiнен ажыратуға тыйым салынады.
10.6. Адамдарға өрт туралы және көшiрудi басқару туралы хабарлау.
10.6.1. Өрт және өшiрудi басқару туралы хабарлау жүйесiнiң жұмыс қабiлетiн тексеру көшiру нұсқаулықтары мен жоспарларын iс жүзiнде пысықтай отыра жүргiзiлуге тиiс:
- ғимараттар мен тұрақ-жайларда (тұрғын үйлерден басқа) - кемiнде жарты жылда бiр рет;
- адамдар көп келетiн объектiлерде (50-ден астам адам) - тоқсанынан кемiнде бiр рет;
- мектептер мен балалардың мектепке дейiнгi мекемелерiнде айына кемiнде бiр рет.
11.1. Қоғамдық шараларды өткiзу кезiнде от шашуды орнатуға рұқсат алу үшiн оны ұйымдастырушылар ГПС бөлiмшесiне шара өткiзетiн болжанған күннен кемiнде 10 күн бұрын жазбаша өтiнiш жасауға мiндеттi (мейрам және демалыс күндерi бұл мерзiмге қосылмайды).
11.2. Пиротехникалық бұйымдарды тасымалдау қауiптi жүктердi
тасымалдау тәртiбiне сәйкес жүргiзiлуге тиiс.
11.3. Пиротехникалық бұйымдарды буып-түю бұйымның тұтастығын және
оған жапсырылған маркалануды, сондай-ақ жарамдықтың кепiлдiк мерзiмi
шегiнде қауiпсiздiк сипаттамасын қамтамасыз етуге тиiс.
11.4. Әрбiр пиротехникалық бұйымға қазақ және орыс тiлiнде қолдану
жөнiндегi нұсқаулық қоса тiгiлiп, мыналар мазмұндалады:
- бұйымды пайдалану және қолдану шарттары бойынша шектеу;
- қауiпсiз әзiрлеу, iске жарату және сүзгiлеу әдiстерi (қажет
жағдайда);
- пиротехникалық бұйымдарды тұтанудан және өрттен қорғау
жөнiндегi шаралар;
- кепiлдiк мерзiм мен дайындалған немесе жарамдылық мерзiмiнiң
күнi;
- бұйым қауiпсiздiгi туралы ескерту;
- өндiрушiнiң реквизиттерi;
- сертификаттау жөнiндегi ақпарат пен өнiм ерекшелiгiмен
негiзделген басқа да мәлiметтер.
11.5. От шашуды монтаждау мен көрсетудi жүргiзетiн ұйым
белгiленген үлгiдегi сертификаты бар отандық немесе шет ел
өндiрiсiндегi пиротехникалық бұйымдар мен материалдарды№ғана
пайдалануға тиiс.
11.6. От шашуларды жүргiзуге тыйым салынады:
11.6.1. сахна алаңдарында;
11.6.2. өртке қарсы қанағатсыз жағдайдағы аумақта, ғимаратта,
құрылыстар мен тұрақ-жайда;
11.6.3. қауiптi және зиянды өндiрiс пен объектi маңында, сондай-ақ
көлiк тораптарында;
11.6.4. көпiрде, жол өткiзгiшiнде, көлiк жолында, темiр жолды оқшаулау белдеуiнде, өрт және жарылыс қаупi бар объектiде;
11.6.5. аса мәдени маңызы бар объектiлер, тарих және мәдениет
ескерткiштерiнде, зираттар мен дiни ғимараттарда, қорықтар мен ұлттық
парктерде.
11.7. Биiк от шашуларды көрсететiн жер 11.6.2., 11.6.3.-
тармақтарында көрсетiлген объектiлерден кемiнде 500 м және 11.6.5.-
тармақта көрсетiлген объектiден 100 м қашықтықта болуға тиiс.
11.8. Төменгi от шашулар мен пиротехникалық фигураларды өткiзетiн
орыннан ғимараттар мен көрерменге дейiнгi қауiпсiз қашықтық ұшқынының
ең үлкен ұшу қашықтығын екi есе көбейту жолымен қолданатын бұйымның
техникалық сипаттамасына байланысты анықталуға тиiс.
11.9. Пиротехникалық бұйымдар ұшырылатын алаңдарда темекi тартуға,
от жағуға және оларды күзетсiз қалдыруға тыйым салынады.
11.10. От шашу орнататын орынды күзету оны жүргiзетiн ұйымға
жүктеледi.
11.11. Ұшырылатын алаң өрт сөндiрудiң бастапқы құралдарымен
қамтамасыз етiлуi тиiс (өрт сөндiрушi, құм салынған немесе су құйылған
ыдыс).
11.12. От шашу аяқталғаннан кейiн ұшыру алаңы пайдаланылмаған
бұйымдар мен пиротехникалық зарядтар элементтерiн анықтау және жинау
мақсатында мұқият тексерiлуi тиiс.
12. Өрт сөндірудің бастапқы құралдарының
қажетті санын анықтау
12.1. Өрт сөндiру құралдарының түрлерiн анықтау кезiнде тұтанғыш заттардың физикалық-химиялық және өрт қаупi ерекшелiгiн, олардың өрт сөндiрушi заттарға қатынасын, сондай-ақ өндiрiстiк ғимараттардың, ашық алаңдар мен қондырғылардың ауданын есептеу қажет.
12.2. Көлемi кемiнде 1 х 1м асбестiк мата, сыйықсыз жүндi матаның» тұтануы ауасыз болмайтын заттың жалындану кезiнде шағын ошақтарды сөндiруге арналған ЖҚС пен ЖС-ны қолдану және сақтау орындарында мата көлемi ұлғайтылуы мүмкiн (2 х 1,5., 2 х 2м).
12.3. ГОСТ-12.4.009-83 сәйкес су сақтауға арналған бөшкелердiң көлемi кемiнде 0,2 текше м. болуы және шелекпен жабдықталуға тиiс. Құмға арналған жәшiктiң көлемi 0,5, 1,0 және 3 ш.м. және ГОСТ-3620-76 сәйкес жалпақ күрекпен жабдықталуы тиiс.
12.4. Өрт стендiсiнiң құрылғысына кiретiн құмға арналған ыдыстың» сыйымдылығы кемiнде 0,1 ш.м. болуға тиiс. Жәшiк құрылғысы құмда ыңғайлы алуды және жауын-шашынның түспеуiн қамтамасыз етуi тиiс.
12.5. Технологиялық қондырғыларды от сөндiргiштермен жабдықтау осы қондырғыға арналған техникалық шарттар талаптарына (паспорттар) немесе тиiстi өрт қауiпсiздiгi тәртiбiне сәйкес жүргiзiледi.
12.6. Шет елдiк қондырғыны от сөндiргiшпен жабдықтау оны жеткiзуге арналған келiсiм шарттарға сәйкес жүргiзiледi.
12.7. От сөндiрушiлердiң үлгiсi мен қажет санының есептемесiн таңдауды 1 және 2 таблицада мазмұндалған мәлiметтер негiзiнде олардың от сөндiру қабiлетiне, шектi алаңына қорғалатын ғимараттағы немесе ИСО N№ 3941-77 сәйкес объектiдегi жанғы заттар мен материалдар сыныбына байланысты жүргiзу ұсынылады:
А сыныбы - қатты заттар өртi, негiзiнен органикалық тектегi, олар жанғанда иiсi шығады (ағаш, мата, қағаз);
В сыныбы - тұтанғыш сұйықтардың немесе еритiн қатты заттардың;
С сыныбы - газ;
Д сыныбы - металл мен оның қоспасының өртi;
Е сыныбы - электр қондырғысының жануына байланысты.
От сөндiрушiнiң үлгiсiн таңдау (жылжымалы немесе қол) ықтимал өрт ошағының көлемiне байланысты. Үлкен көлемдерде жылжымалы от сөндiрушiлердi пайдаланады.
12.8. Пайдаланудың тиiстi температуралық шегi бар от сөндiргiштi таңдағанда ғимарат пен тұрақ-жайды пайдаланудың климаттық жағдайын ескеру қажет.
12.9. Егер секiрмелi өрт ошағы ықтимал болса, онда от сөндiрушiнi таңдау кезiнде басымдық қолданылу ауқымы бойынша барынша әмбебаптысына берiледi.
12.10. Әртүрлi санаттағы шектi алаңы үшiн (бiр немесе бiрнеше от сөндiрушiнi толық қорғайтын ең үлкен орам) "++" немесе "+" белгiсiнiң» алдындағы 1 және 2 таблицада көрсетiлген үлгiлерiнiң бiрiндегi от сөндiргiштер санын қарастыру қажет.
12.11. Қоғамдық ғимараттар мен тұрақ-жайларда әрбiр жайларда кемiнде 2 қол от сөндiргiш болуға тиiс.
12.12. Д санатындағы ғимарат егер оның ауданы 100 ш.м. аспаса от сөндiргiшпен жабдықталмауы мүмкiн.
12.13. Өрт қауiптiлiгi өрт қауiптiлiгiнiң I санатындағы шағын № ғимаратта болған жағдайда қажеттi от сөндiргiш саны осы№ғимараттардың» жиынтық ауданын ескере отыра, 18-тармаққа және 1 және 2-таблицаға сәйкес анықталады.
12.14. Кәсiпорыннан қайта қуаттандыруға жiберiлген от сөндiргiштер қуаттандырылған от сөндiргiштердiң тиiстi санымен айырбасталуы қажет.
12.15. ЭВМ, телефон станцияларын, мұражайларды, мұрағаттармен және т.б. ғимараттарды қорғау кезiнде қорғалатын қондырғымен, бұйыммен, материалмен от сөндiрушi заттың өзара iс-әрекет ерекшелiгiн ескерген жөн. Мұндай ғимаратты от сөндiрушi заттың шектi жол беретiн концентрациясын ескере отырып, салқын және көмiрқышқыл от сөндiргiшiмен жабдықтау ұсынылады.
12.16. Өрт сөндiрудiң автоматты стационарлық қондырғысымен
жабдықталған ғимарат олардың есептемелiк санын ескере отыра, от
сөндiргiштермен 50 процентке қамтамасыз етiледi.
12.17. Қоғамдық ғимараттар мен тұрақ-жайлар үшiн ықтимал өрт
ошағынан от сөндiргiш орналасқан жерге дейiнгi 20 м., А, Б және В
санатындағы ғимараттар үшiн 30 м., Г санатындағы ғимараттар үшiн 40
м., Д санатындағы ғимараттар үшiн 70 м аспауға тиiс.
12.18. Өндiрiстiк ғимараттар мен өнеркәсiп кәсiпорындары
аумағында өрт сөндiрудiң бастапқы құралдарын орналастыру үшiн мына
жиындағы өрт қалқандарын орнатуға тиiс:
- көбiкпен от сөндiргiш - 2,
- көмiр қышқылмен от сөндiргiш - 1,
- құм салынған жәшiк - 1,
- нығыз мата (березент, киiз және т.б.) - 1,
- iлмектi бақан - 3,
- сүймен - 1,
- балта - 2. ө
Өнеркәсiп кәсiпорындары аумағында бiр өрт қалқаны 5000 ш.м. есептелiп
қойылады.
І сайланған Алматы қалалық
Мәслихаты ХХVI сессиясының»
төрайымы
I сайланған Алматы қалалық
Мәслихатының хатшысы
Ғимараттарды қол от сөндiргiштермен жабдықтау жөнiндегi ұсыныс
(1 таблица)
---------------------------------------------------------------------------
Ғимарат !Шектi !Өрт !Сый- !Сыйымдылығы л ұнтақ !Сыйым- !Сыйымдылы-
санаты !қорға-!сыны-!ымды !пен өрт сөндiргiштер !дылығы !ғы л
!латын !бы !лығы ! !2 (3л) !көмірқыш-
!алаң» ! !10 л ! !салқын !қылмен от
!ш.м. ! !көбік- ! !от !сөндіргіш-
! ! !пен ! !сөндір-!тер
! ! !және ! !гіштер !
! ! !су мен ! ! !
! ! !от сөн- !---------------------! !----------
! ! !діргіш- ! 2 ! 5 ! 10 ! ! 2 ! 5(8)
! ! !тер ! ! ! ! ! !
---------------------------------------------------------------------------
А.Б.В. 200 А 2++ - 2+ 1++ - - -
(тұтанғыш
газ бен
сұйық)
В 4+ - 2+ 1++ 4+ - -
C - - 2+ 1++ 4+ - -
D - - 2+ 1++ - - -
(E) - - 2+ 1++ - - 2++
---------------------------------------------------------------------------
В (тұтан-
ғыш газ бен
сұйықтан
басқасы) 400 А 2++ 4+ 2++ 1+ - - 2+
D - - 2+ 1++ - - -
(E) - - 2++ 1+ 2+ 4+ 2++
--------------------------------------------------------------------------
Г 800 B 2+ - 2++ 1+ - - -
C - 4+ 2++ 1+ - - -
---------------------------------------------------------------------------
Г, Д 180 A 2++ 4+ 2++ 1+ - - -
D - - 2+ 1++ - - -
(E) - 2+ 2++ 1+ 2+ 4+ 2++
---------------------------------------------------------------------------
Қоғамдық 800 A 4++ 8+ 4++ 2+ - - 4+
E - - 4++ 2+ 4+ 4+ 2++
---------------------------------------------------------------------------
Ескерту:
1. Әртүрлi сыныптағы өрттердi сөндiру үшiн ұнтақпен от
сөндiрушiлер тиiстi заряды болуға тиiс: А сыныбы үшiн - АВС(Е) ұнтағы;
В, С және (Е) - ВС(Е) немесе АВС(Е) және Д - д сыныптары үшiн.
2. "2+" белгiсiмен жабдықтауға ұсынылған от сөндiргiштер, "1+"
белгiсiмен ұсыныстар және тиiстi негiздеу жоқ кезде қолданылуға рұқсат
етiлетiн от сөндiргiштер, " - " - белгiсiмен осы объектiлердi
жабдықтауға рұқсат етiлмейтiн от сөндiргiштер белгiленген.
Ғимараттарды қол от сөндiргiштермен жабдықтау жөнiндегi
ұсыныс
(2 таблица)
---------------------------------------------------------------------------
Ғимарат !Шектi !Өрт !Сыйымды- !Сыйымды- !Сыйымды- !Сыйымдылығы л
санаты !қорға- !сыныбы!лығы 100л!лығы 100л!лығы 100л!көмiрқышқылмен от
!латын ! !ауамен !құрама !ұнтақ пен!сөндiргiш
!алаң» ! !және !от !от !--------------------
! ш.м. ! !көбiкпен !сөндіргіш!сөндіргіш! 25 ! 80
! ! !от !(көбік, ! ! !
! ! !сөндiргiш!ұнтақ) ! ! !
---------------------------------------------------------------------------
А,Б,В
(тұтан-
ғыш газ
және
сұйықтық) 500 А 1++ 1++ 1++ - 3+
B 2+ 1++ 1++ - 3+
C - 1+ 1++ - 3+
D - - 1++ - -
(E) - - 1+ 2+ 1++
---------------------------------------------------------------------------
В (тұтан-
ғыш газ
бен
сұйықтан
басқасы) 800 A 1++ 1++ 1++ 4+ 2+
B 2+ 1++ 1++ - 3+
C - 1+ 1++ - 3+
D - - 1+ 1++ 1+
---------------------------------------------------------------------------
Ескерту:
1. Әртүрлi сыныптағы өрттердi сөндiру үшiн ұнтақпен от
сөндiрушiлер тиiстi заряды болуға тиiс: А сыныбы үшiн - АВС(Е) ұнтағы;
В, С және (Е) - ВС(Е) немесе АВС(Е) және Д - д сыныптары үшiн.
2. "2+" белгiсiмен жабдықтауға ұсынылған от сөндiргiштер, "++" -
белгiсiмен ұсыныстар және тиiстi негiздеу жоқ кезде қолданылуға рұқсат
етiлетiн от сөндiргiштер, " - " - белгiсiмен осы объектiлердi
жабдықтауға рұқсат етiлмейтiн от сөндiргiштер белгiленген.
МАЗМҰНЫ
N 1 қосымша
1. Негiзгi ережелер..............................................
2. Объектiлер аумағын күтiп-ұстау................................
3. Ғимараттар мен тұрақ-жайларды күтiп-ұстау.....................
4. Тұрғын үй пайдалану ұйымдары мен ПИК-терге талаптар...........
5. Көшiру жолдарына талаптар.....................................
6. Автомобиль көлiгiн сақтау орындарына талаптар.................
7. Электр қондырғыларының өрт қауiпсiздiгiне талаптар............
8. Жылыту, желдету және басқа инженерлiк қондырғылар жүйелерінiң»
өрт қауiпсiздiгiне талаптар...................................
9. Құрылыс-монтаж, қалпына келтiру және от жұмыстарына талаптар..
10. Автоматты өрттен қорғау (АӨҚ) қондырғыларын күту тәртiбi......
10.1. Жалпы талаптар................................................
10.2. Автоматты өрт дабылдарының қондырғылары.......................
10.3. Автоматты өрт сөндiру қондырғылары............................
10.4. Өртке қарсы сумен жабдықтау...................................
10.5. Түтiннен қорғану жүйесi.......................................
11. От шашуларды ұйымдастыру және орнату..........................
ө Өрт сөндiрудiң бастапқы құралдарының қажеттi санын анықтау....