Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласының әкімдігінің 2012.03.28 № 1/210 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына сәйкес, пәтерлердің меншік иелері жалпы мүлікті және үйді ұстауға барлық шығындарға қатысуға міндетті (кірмелер, баспалдақтар, лифттер, шатырлар, төбелер, жертөлелер, желдеткіштер немесе жалпы үйдің инженерлік жүйелері және жабдықтары, жер учаскелері, жалпы пайдаланымдағы басқа мүліктер мен оларды көріктендіру жұмыстарын қоса). Меншік иелерінің келісімінде басқаша көрсетілмесе, жалпы пайдаланудағы мүліктерді ұстау шығынының мөлшері жалпы мүліктегі пәтерлердің меншік иелерінің әрқайсысының үлесіне тиісті белгіленеді.
Тұрғын үйлердің лифтеріне қызмет көрсету төлемдердің тәртібін қолданыстағы заңдарға сәйкестендіру мақсатында, Алматы қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Тұрғын үйлердің лифтеріне қызмет көрсету төлемдері тәртібін қолданыстағы заңдарға сәйкестендіру пәтерлердің тұрғын иелерінің қажетті алаңына қатысты анықталады (1 және 2 қабаттағы жайлардан басқа) және лифтерді ұстау шығынының мөлшерімен анықталатыны белгіленсін. Ақы төлетудің осы тәртібі 2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап, егер тұрғын үй иелерінің келісімімен басқаша көрсетілмесе, енгізілсін.
Ескерту. 1 тармаққа өзгеріс енгізілді - Алматы қаласы әкімінің 2000 жылғы 06 мамырдағы N 443 шешімімен.
2. Алматы қалалық табиғи монополияны реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті (Қ.Қ. Жанғаскин). Осы шешімдегі лифтерге қызмет көрсетудің тарифтік ставкасын 1 тармаққа сәйкестендірілсін.
3. Алматы қаласы әкімінің 1995 жылғы 2 наурыздағы N 39 "Тұрғын үйлердегі лифтерді пайдаланудың төлем тәртібі туралы" және 1995 жылғы 19 мамырдағы N 101 "Алматы қаласы әкімінің 1995 жылғы 2 наурыздағы N 39 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы шешімнің орындалуына бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары М.Т. Дұлқайыровқа жүктелсін.
Алматы қаласының әкімі В. Храпунов