Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 2010.02.11 N 6 шешімімен.
"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi N 94-1 Заңының 12, 68-баптарына және 98 бабының 1 тармағына сәйкес оралмандар халықтың әлеуметтiк қорғалуға тиiстi тобына жатқызылған.
"Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тұрғын үй қорын жекешелендiру туралы Ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 24 қаңтардағы N 66 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тұрғын үй қорын жекешелендiру туралы Ереженiң 6 тармағына негiзделген Қазақстан Республикасы көшi-қон және демография жөнiндегi.
Агенттiктiң өтiнiшiн (1999 жылғы 1 сәуiрдегi N 2 -2/146 хаты) ескере отырып, оралмандар отбасын жайластыруға және олардың Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға мүдделiлiгiн арттыруға көмек көрсету үшiн ШЕШIМ ҚАБЫЛДАЙМЫН:
1. Қазақстан Республикасының азаматтығы бар оралмандарға өздерi тұрған мемлекеттiк тұрғын үй қорының үйлерi мен мемлекеттiк емес тұрғын үй қорларының үйлерiн меншiк иелерiнiң келiсiмдерiмен жеке меншiктерiне тегiн алуына рұқсат етiлсiн.
2. Қала мен аудан Әкiмдерi аталған тұрғын үй қорларын Қазақстан Республикасының Заңдарында белгiленген тәртiппен жекешелендiрсiн.
3. Осы шешiмнiң орындалуына бақылау жасау құрылыс, сәулет және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасына (Никитин Н.Л.) жүктелсiн.
Шығыс Қазақстан
облысының Әкiмi