1. Тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Өндiрiстiк кооператив туралы" Қазақстан Республикасының Заңы".
2. Кiрiспесi мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы Заң өндiрiстiк кооперативтердiң құқықтық жағдайын, оларды құрудың, қызметiнiң, қайта ұйымдастырудың және таратудың ұйымдық, экономикалық және әлеуметтік шарттарын, мүшелерiнiң құқықтары мен мiндеттерiн, басқару және бақылау органдарының өкiлеттiгi мен
жауапкершiлiгiн айқындайды". 3. Бүкiл мәтiн бойынша "Жарлықты", "Жарлыққа", "Жарлықтың" "Жарлықта", "Жарлық" деген сөздер тиiсiнше "Заңды", "Заңға", "Заңның", "Заңда", "Заң" деген сөздермен ауыстырылсын. 4. Мынадай мазмұндағы 1-1-баппен толықтырылсын: "1-1-бап. Өндiрiстiк кооперативтердi құрудың және оның қызметiнiң негiзгi принциптерi Өндiрiстiк кооперативтер мынадай принциптер негiзiнде жұмыс iстейдi: мүшелiкке кiру мен шығудың еркiндiгi; мүлiктiк (пайлық) жарна енгізу мiндеттiлiгi; басқарудың демократиялылығы; өзара көмек және оның мүшелерi үшiн экономикалық тиiмдiлiктi қамтамасыз ету; өндiрiстiк кооперативтiң қызметi туралы ақпаратқа қол жететiндiгi.". 5. 2-бапта: 3-тармағындағы "кооператив мүшелерi" деген сөздер "жарғы" деген сөзбен ауыстырылсын;
4-тармағының екiншi бөлiгiндегi "ережелерi осы" деген сөздер "нормалары осы" деген сөздермен, "ережелерi қолданылады" деген сөздер "нормалары қолданылады" деген сөздермен ауыстырылсын.
6. 3-бапта:
2-тармағындағы "Құрылтайшылар" деген сөз "Өндiрiстiк кооперативтiң құрылтайшылары" деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын: "3. Өндiрiстiк кооператив құрылғаннан кейiн құрылтайшылар кооператив мүшелерi болады және өндiрiстiк кооперативтiң басқа мүшелерiмен бiрдей құқықтар мен мiндеттердi иеленедi.". 7. 5-бапта: 1-тармақтың 8) тармақшасындағы "пайда мен" деген сөздер "таза табыс пен" деген сөздермен ауыстырылсын; 3-тармағындағы "кооператив басқармасының" деген сөздер "кооперативтiң атқарушы органының" деген сөздермен ауыстырылсын. 8. 6-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: "1. Өндiрiстiк кооперативтiң жарғысында: 1) кооперативтiң фирмалық атауы; 2) кооператив орналасқан жер; 3) өндiрiстiк кооператив мүшелерiнiң қабылдану, шығу және оларды шығару тәртiбi, олардың құқықтары мен мiндеттерi;
4) кооперативтiң басқару және бақылау органдарының құрамы мен құзыретi туралы ережелердi қалыптастыру және олардың шешiмдер қабылдау соның iшiнде бiрауыздан немесе басым көпшiлiк дауыспен шешiм қабылданатын мәселелер бойынша шешiмдер қабылдау тәртiбi;
5) өндiрiстiк кооперативтiң әрбiр мүшесi пайының мөлшерi, өндiрiстiк кооператив мүшелерiнiң мүлiктiк жарнасының құрамы мен оны енгізу тәртiбi және олардың жарна енгізу жөнiндегi мiндеттемелердi бұзғаны үшiн жауапкершiлiгi;
6) кооператив мүшелерiнiң кооператив қызметiне жеке еңбегiмен қатысу сипаты мен тәртiбi және олардың жеке еңбегiмен қатысу жөнiндегi мiндеттемелерiн бұзғаны үшiн жауапкершiлiгi;
7) кооператив пен оның мүшелерi, кооперативтiң атқарушы органы мен қызметкерлердiң еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынастар;
8) кооперативтiң таза табысы мен шығындарын бөлу тәртiбi;
9) кооперативтi қайта ұйымдастыру мен тарату тәртiбi туралы мәлiметтер болуға тиiс.
Өндiрiстiк кооперативтiң жарғысында осы Заңға қайшы келмейтiн басқа да ережелердiң болуы мүмкiн.".
9. 7-бапта:
1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Өндiрiстiк кооператив мүшелерiнiң мүлiктiк жарналары бастапқы
капиталды қалыптастырады және кооператив қызметiн құру мен ұйымдастыруға, сондай-ақ шығындарды жабуға арналады". 7-тармағындағы "өз жарнасы" деген сөздер "жарна" деген сөзбен ауыстырылсын. 10. 9-бапта: 1-тармағында: 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: "осы Заңда және кооперативтiң құрылтай құжаттарында белгiленген тәртiппен кооператив iстерiн басқаруға, сондай-ақ кооператив мүшелерiнiң жалпы жиналысының жұмысына бiр дауыс құқығымен қатысуға;"; 4), 5) тармақшаларындағы "пайданы", "пайдадан" деген сөздер тиiсiнше "таза табысты", "таза табыстан" деген сөздермен ауыстырылсын. 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: "демалуға, сондай-ақ жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын алуға;"; 9) тармақшасындағы "әлеуметтiк сақтандыруға және" деген сөздер алып тасталсын. 11. 11-бапта: 1-тармағы мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: "Өндiрiстiк кооперативтiң мүшесi осы мерзiмдер өткеннен кейiн кооперативтен шыққан болып есептеледi.". 2-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын: "Өндiрiстiк кооперативтiң мүшелiгiнен шығару туралы шешiмге сотқа шағым жасалуы мүмкiн.". 3-тармақ 3) тармақшадағы "өндiрiп алған" деген сөздерден кейiн нүктелi үтiр қойылып, "жағдайда тоқтатылады." деген сөздер алып тасталсын және мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын: "3-1) кооператив мүшесi өндiрiстiк кооперативтiң қызметiне жеке еңбегiмен қатысудан бас тартқан жағдайда тоқтатылады.". 4-тармағындағы екiншi сөйлем алып тасталсын. 12. 13-баптың 5-тармағындағы "кооператив пайдасының" деген сөздер "кооперативтiң таза табысының" деген сөздермен ауыстырылсын. 13. 15-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын: "1-1) кооператив қызметiнiң негiзгi бағыттарын айқындау;"; 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) кооперативтiң iшкi еңбек тәртiбi ережелерiн, лауазымды адамдарының, оның мүшелерi мен қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу туралы ережелерді және кооперативтің басқа да актілерін қабылдау және өзгерту;".
14. 17-баптың 6, 7-тармақтары алып тасталсын.
15. Мынадай мазмұндағы 17-1-баппен толықтырылсын:
"17-1-бап. Өндiрiстiк кооперативтiң аудитi
1. Кооператив өндiрiстiк кооперативтiң жылдық қаржылық есептiлiгiнiң, сондай-ақ оның ағымдағы iсiнiң жай-жағдайы дұрыстығын тексеру және растау үшiн, кооперативпен, оның атқарушы, бақылаушы және өзге органдарының мүшелерiмен немесе кооператив мүшелерiмен мүлiктiк мүдделер арқылы байланысы жоқ аудиторды өзiнiң жарғысында белгiленген жағдайларда және тәртiппен тартуға құқылы.
2. Кәсiпкерлiк қызметтiң жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын өндiрiстiк кооперативтер үшiн жылдық немесе өзге қаржылық есептiлiкке аудиттi мiндеттi түрде жүргiзу заң актiлерiмен белгiленуi мүмкiн.
3. Өндiрiстiк кооперативтiң қаржылық қызметiне аудит байқаушы кеңесiнiң, тексеру комиссиясының (ревизордың), сондай-ақ кооператив мүшелерiнің кемiнде он процентiнiң талабы бойынша жүргiзiлуi мүмкiн. Соңғы жағдайда осындай тексеру жүргiзудi талап еткен кооператив мүшелерi аудитордың қызметiне ақы төлейдi.
4. Егер өндiрiстiк кооперативтің атқарушы органы кооперативтiң қаржылық есептілігiне аудит жүргiзуден жалтарса, ал мұндай тексеру мiндеттi болса не оны жүргiзудi өндiрiстiк кооперативтiң мүшесi талап етсе, мұндай тексеру мүдделi адамның не өндiрiстiк кооператив мүшесiнің өтiнiшi бойынша қабылданған сот шешiмiмен тағайындалуы мүмкiн.".
16. 18-баптың 6-тармағының бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
"Басқарма өзiнiң шешiмiн кемiнде үш айда бiр рет өткiзiлетiн отырыстарында қабылдайды".
17. 22-баптың атауындағы және 1, 2, 3-тармақтарындағы "пайдасы",
"пайда", "пайданы" деген сөздер тиісінше "таза табысы", "таза табыс", "таза табысты" деген сөздермен ауыстырылсын. 18. 23-бапта: 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: "1. Кооператив мүшелерiнiң еңбек жағдайлары осы Заңмен және кооперативтiң құрылтай құжаттарымен, ал кооперативте жеке еңбек шарты бойынша жұмыс iстейтiндердiң еңбек жағдайлары - Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдарымен реттеледi."; 2-тармағы алып тасталсын; 3-тармағының екiншi, үшiншi, төртiншi бөліктерiндегi "жалданбалы" деген сөз алып тасталсын; 4-тармақ алып тасталсын; 7-тармағындағы "жұмысшылар мен" деген сөздер алып тасталсын; 8-тармағында: бірiншi бөлігiндегi "жалданбалы", "мiндеттi әлеуметтiк" деген сөздер алып тасталсын; екiншi бөлікте: "жалданбалы" деген сөз алып тасталсын; "жеңiлдiктер" деген сөз "кепiлдiктер" деген сөзбен ауыстырылсын; "жұмысшы және қызметкер әйелдер үшiн" деген сөздер алып тасталсын; үшiншi бөлiгiнде: "мүшелерi" деген сөзден кейiн "және қызметкерлерi" деген сөздермен толықтырылсын; "жеңілдiктердi" деген сөздер "кепiлдiктердi" деген сөзбен ауыстырылсын; "жұмысшылар мен қызметшiлер үшiн заңда" деген сөздер "еңбек туралы заңдарда" деген сөздермен ауыстырылсын. 19. 7-тарау алып тасталсын. Қазақстан Республикасының Президенті Мамандар: Қасымбеков Б.А. Икебаева Ә.Ж.