"Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2001 жылғы 10 қараша N 256-II

      "Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы" 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Z980326_ Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінiң Жаршысы, 1998 ж., N 24, 435-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсін:
      1) 1-бапта:
      7-тармақша "құқық берілген" деген сөздерден кейiн "мемлекеттік" деген сөзбен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 16), 17) тармақшалармен толықтырылсын:
      "16) адам құрамы жөніндегі құжаттар - қызметкерлердiң еңбек қызметiн растайтын құжаттар кешенi және оларды зейнетақымен қамсыздандыруға арналған ақшаның аударылуы туралы мәлiметтер;
      17) мұрағат құжаттарын пайдаланушы - пайдалану мақсатында ақпарат алу үшiн мұрағат құжаттарына жүгінетін жеке немесе заңды тұлға.";
      2) 5-бапта:
      1-тармақ "олардың филиалдарының" деген сөздерден кейiн ", арнаулы мемлекеттiк мұрағаттардың, кiтапханалардың, мұражайлардың" деген сөздермен толықтырылсын;
      2-тармақтың 1) тармақшасындағы "министрлiктердiң, мемлекеттік комитеттердің, өзге де" деген сөздер алып тасталсын;
      3) 6-бапта:
      3-тармақ мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
      "3) тарихи және өзге де құндылығы жоқ және практикалық маңызын жойған құжаттарды сақтау мерзімі мен жою тәртібiн белгілейдi.";
      мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын;
      "4. Ұлттық мұрағат қорын қалыптастыру мен толықтыру көздерi болып табылатын ұйымдардың құжаттарын уәкiлеттi органның келiсiмiнсiз жоюға жол берiлмейдi.";
      4) 7-баптың 2-тармағында:
      1) тармақшада:
      "1917 жылға дейiн жасалған" деген сөздерден кейiн ", арнаулы мемлекеттiк мұрағаттардағы, мемлекеттiк кiтапханалардағы және мұражайлардағы" деген сөздермен толықтырылсын;
      "министрлiктерiнiң, мемлекеттiк комитеттерiнiң, өзге де" деген сөздер алып тасталсын;
      5) 8-баптың 3 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Заңды тұлғалар қайта ұйымдастырылған кезде Ұлттық мұрағат қорының құжаттары мен адам құрамы жөнiндегi құжаттар өңделген күйде құқық мұрагерлерiне берiледi.
      4. Заңды тұлғалар таратылған кезде Ұлттық мұрағат қорының құжаттары мен адам құрамы жөнiндегi құжаттардың одан әрi сақталатын орны туралы шешiмдi, уәкiлеттi органмен келiсе отырып, тарату комиссиясы немесе конкурстық басқарушы қабылдайды.";
      6) 11-баптың 2-тармағында "уәкiлеттi органы" деген сөздер "Үкiметi

немесе жергiлiктi атқарушы органдар" деген сөздермен ауыстырылсын;
     7) 12-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
     "3. Мұрағат қорлары, мұрағат коллекциялары, олардың бөлiктерi 
заңдарда белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени 
мұрасының объектiлерiне жатқызылуы және тарих пен мәдениет 
ескерткiштерiнiң тiзiмiне енгiзiлуi мүмкiн.";
     8) 13-бапта:
     1-тармақтың екiншi сөйлемi алып тасталсын;
     мынадай мазмұндағы 1-1 тармақпен толықтырылсын:
     "1-1. Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын өңдеу мен беру құжаттарды 
мұрағаттарға беретiн заңды тұлғалардың күшi мен қаражаты есебiнен, 
Қазақстан Республикасының уәкiлеттi органы бекiткен ережелерге сәйкес 
жүргiзiледi.";
     2-тармақ алып тасталсын;
     9) 15-баптың 5-тармағының үшiншi сөйлемiндегi "ведомстволық" деген 
сөзден кейiн "және жеке меншiк" деген сөздермен толықтырылсын;
     10) мынадай мазмұндағы 16-1-баппен толықтырылсын:
     "16-1-бап. Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын пайдаланушылардың
                мiндеттерi
     Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын пайдаланушылар:
     1) пайдаланылатын құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуге;
     2) пайдаланылған құжаттар мәтiнiнiң өңiн айналдыруға және оны 
бұрмалауға жол бермеуге;
     3) құжаттарды жариялаған кезде олардың сақталу орнын және оның иесін 
көрсетуге міндетті.";
     11) 17-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
     "1. Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қамтылған мемлекеттік және 
ведомстволық мұрағаттар жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсеткен кезде 
Қазақстан Республикасының Үкіметі белгіленген тәртіппен ақылы қызмет 
көрсетуіне және алынған қаражатты пайдалануына болады.".
     
     Қазақстан Республикасының
             Президенті 
     Мамандар:
       Қасымбеков Б.А. 
       Багарова Ж.А. 
     
      
      


О внесении изменений и дополнений в Закон Республики Казахстан "О Национальном архивном фонде и архивах"

Закон Республики Казахстан от 10 ноября 2001 года N 256

      Внести в Закон Республики Казахстан от 22 декабря 1998 г. Z980326_ "О Национальном архивном фонде и архивах" (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 1998 г., N 24, ст. 435) следующие изменения и дополнения:
      1) в статье 1:
      подпункт 7) после слова "архив -" дополнить словом "государственное";
      дополнить подпунктами 16), 17) следующего содержания:
      "16) документы по личному составу - комплекс документов, подтверждающих трудовую деятельность работников и сведения об отчислении денег на их пенсионное обеспечение;
      17) пользователь архивных документов - физическое или юридическое

лицо, обращающееся к архивным документам для получения информации с целью 
ее использования.";
     2) в статье 5:
     пункт 1 после слов "их филиалов" дополнить словами ", специальных 
государственных архивов, библиотек, музеев"; 
     в подпункте 1) пункта 2 слова "министерств, государственных 
комитетов, иных" исключить;
     3) в статье 6:
     пункт 3 дополнить подпунктом 3) следующего содержания:
     "3) устанавливает сроки хранения и порядок уничтожения документов, не 
имеющих исторической и иной ценности и утративших практическое значение.";
     дополнить пунктом 4 следующего содержания:
     "4. Уничтожение документов организаций - источников формирования и 
пополнения Национального архивного фонда без согласования с уполномоченным 
органом не допускается.";
     4) в пункте 2 статьи 7:
     в подпункте 1): 


      после слов "1917 года," дополнить словами "специальных государственных архивах, государственных библиотеках и музеях,";
      слова "министерств, государственных комитетов, иных" исключить;
      5) пункты 3 и 4 статьи 8 изложить в следующей редакции:
      "3. При реорганизации юридических лиц документы Национального архивного фонда и по личному составу передаются в обработанном виде правопреемникам.
      4. При ликвидации юридических лиц решение о месте дальнейшего хранения документов Национального архивного фонда и по личному составу принимается ликвидационной комиссией или конкурсным управляющим по согласованию с уполномоченным органом.";
      6) в пункте 2 статьи 11 слова "уполномоченным органом Республики

Казахстан" заменить словами "Правительством Республики Казахстан или 
местными исполнительными органами";
     7) пункт 3 статьи 12 изложить в следующей редакции: 
     "3. Архивные фонды, архивные коллекции, их части могут быть отнесены  
в установленном законодательством порядке к объектам историко-культурного  
наследия Республики Казахстан и включены в списки памятников истории и 
культуры.";
     8) в статье 13:
     второе предложение пункта 1 исключить;
     дополнить пунктом 1-1 следующего содержания:
     "1-1. Обработка и передача документов Национального архивного фонда 
производятся за счет сил и средств юридических лиц, передающих документы в 
архивы, в соответствии с правилами, утвержденными уполномоченным органом 
Республики Казахстан.";
     пункт 2 исключить;
     9) пункт 5 статьи 15 после слова "ведомственными" дополнить словами 
"и частными";
     10) дополнить статьей 16-1 следующего содержания:
     "Статья 16-1. Обязанности пользователей документами
                   Национального архивного фонда 

     Пользователи документами Национального архивного фонда обязаны:
     1) обеспечивать сохранность используемых документов;
     2) не допускать искажений и фальсификации текста использованных 
документов;
     3) при опубликовании документов указывать место их хранения и его 
владельца.";
     11) пункт 1 статьи 17 изложить в следующей редакции: 
     "1. Государственные и ведомственные архивы, содержащиеся за счет 
средств государственного бюджета, при обслуживании физических и 
юридических лиц могут оказывать платные услуги и использовать полученные 
средства в порядке, установленном Правительством Республики Казахстан.".
     
     Президент
     Республики Казахстан 
     
(Специалисты: Умбетова А.М.,
              Склярова И.В.)