"Мемлекеттiк статистика туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2002 жылғы 15 қаңтар N 280-ІІ

      1-бап. "Мемлекеттiк статистика туралы" 1997 жылғы 7 мамырдағы Қазақстан Республикасының Z970098_ Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 9, 91-құжат; 2001 ж., N 4, 23-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1. Заңның бүкiл мәтiнi бойынша:
      "статистикалық жұмыстардың жоспары", "статистикалық жұмыстар жоспарын", "статистикалық жұмыстар жоспарында", "статистикалық жұмыстар жоспарына", "статистикалық жұмыстар жоспарларына" деген сөздердегi "статистикалық" деген сөз бас әрiппен жазылсын;
      қазақша мәтiн өзгерiссiз қалдырылсын;
      "орталық атқарушы", "өзге де орталық атқарушы" деген сөздер тиiсiнше "мемлекеттiк" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "заңды және жеке" деген сөздер "жеке және заңды" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. 1 және 2-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
      "1-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
      Осы Заңның күшi жеке тұлғаларға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына, өз қызметiн Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын заңды тұлғалардың-резидент еместердiң филиалдары мен өкiлдiктерiне (бұдан әрi - заңды тұлғалар) қолданылады.
      Осы Заң Қазақстан Республикасының экономикалық, әлеуметтiк, демографиялық және экологиялық (бұдан әрi - әлеуметтiк-экономикалық) салаларында болып жатқан құбылыстар мен процестер туралы статистикалық деректер жинаудың, өңдеудiң және таратудың негiзгi принциптерiн айқындайды.

      2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
      Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      ведомстволық статистикалық байқаулар - Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары жүргiзетiн байқаулар;
      мемлекеттiк статистика - мемлекеттiк статистика органдары қалыптастыратын бiрыңғай статистикалық ақпарат жүйесi;
      мемлекеттiк статистикалық есептiлiк - жалпымемлекеттiк және ведомстволық статистикалық байқаулар, бұл орайда жеке тұлғалар, заңды тұлғалар және олардың құрылымдық бөлiмшелерi хабарланатын мәлiметтердiң берiлуi мен дұрыстығына жауапты адамдар қол қойған есептердi мемлекеттiк статистика органдарына Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен ұсынады;
      статистикалық байқау - әлеуметтiк-экономикалық өмiрдiң құбылыстары мен процестерi туралы деректердi алдын ала әзiрленген бағдарлама бойынша тiркеу арқылы жоспарлы түрде, ғылыми ұйымдастырып жинау. Мемлекеттiк статистикалық байқаулар жалпымемлекеттiк және ведомстволық статистикалық байқаулардан тұрады;
      жалпымемлекеттiк статистикалық байқаулар - уәкiлеттi орган жүргiзетiн байқаулар;
      бастапқы статистикалық ақпарат - статистикалық байқау жүргiзiлген кезде мемлекеттiк статистика органдарына статистикалық мақсаттарда пайдалану үшiн табыс етiлген нақты жеке тұлға, заңды тұлға және оның құрылымдық бөлiмшесi туралы деректер;
      Статистикалық жұмыстар жоспары - Мемлекеттiк статистиканы жетiлдiру бағдарламасы негiзiнде әзiрленiп, уәкiлеттi орган ұйымдастыратын мемлекеттiк статистикалық байқаулар мен басқа да статистикалық жұмыстардың толық тiзбесi;
      статистикалық байқау бағдарламасы - байқау жүргiзудiң мақсаты мен мiндеттерi, деректер жинау жүзеге асырылатын көрсеткiштердiң (сұрақтардың) тiзбесi, нысан, сұрақтама, сауалдама, санақ парағы, есепке алу мөрқағазы және басқа (бұдан әрi - статистикалық нысандар) түрiнде ұсынылған, оларды есептеп шығарудың әдiстемесi және статистикалық байқау жүргiзу жөнiндегi нұсқаулықтар;
      тарату - құпия болып табылмайтын статистикалық ақпаратты пайдаланушылардың, осы ақпаратты пайдалану нысандары мен құралдарына қарамастан, оған қол жеткiзуiн қамтамасыз ету;
      арнайы ұйымдастырылған статистикалық байқаулар - жалпымемлекеттiк және ведомстволық статистикалық байқаулар, бұл ретте бастапқы статистикалық ақпаратты жинау есептер негiзiнде емес, басқа тәсiлдермен жүзеге асырылады. Бастапқы статистикалық ақпаратты жинау тәсiлi бойынша сауалдамалық, декларациялық, корреспонденттiк және инспекциялық байқаулар, есепке алу және санақ жүргiзу болып бөлiнедi;
      статистикалық қызмет - қоғамдағы бұқаралық сипаты бар құбылыстардың сандық деректерiн статистикалық стандарттар негiзiнде жинауға, өңдеуге және таратуға байланысты қызмет;
      мемлекеттiк статистикалық байқаулардың типтерi - мемлекеттiк статистикалық есептiлiк және арнайы ұйымдастырылған статистикалық байқаулар;
      уәкiлеттi орган - мемлекеттiк статистикаға басшылықты жүзеге асыратын, өкiлеттiгi Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалатын орталық атқарушы орган.".
      3. 3-бапта:
      1) үшiншi және төртiншi бөлiктер мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының статистика саласындағы мемлекеттiк саясаты әдiснамалық тұтастық және орталықтандыру принциптерiне құрылады. Уәкiлеттi орган мемлекеттiк органдардың статистикалық қызметiн үйлестiрудi жүзеге асырады және мемлекеттiк статистикалық байқаулар жүйесiнде жетекшi орын алады. Уәкiлеттi органға қарағанда мемлекеттік органдар неғұрлым дұрыс статистикалық көрсеткіштерді әзiрлеудi қамтамасыз ететiн болған жағдайда, мемлекеттiк органдар статистикалық байқаулар өткiзедi.
      Заңды тұлғалар мен олардың құрылымдық бөлiмшелерiнiң, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларда жеке тұлғалардың бастапқы статистикалық ақпаратты ұсынуы мiндеттi болып табылады және өтеусiз негiзде жүзеге асырылады.";
      2) мынадай мазмұндағы бесiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Мемлекеттiк статистикалық байқаулардың жалпы санын Қазақстан Республикасының Үкiметi Статистикалық жұмыстар жоспары мен жалпымемлекеттiк және ведомстволық статистикалық есептiлiк нысандарының тiзбелерiн бекiту арқылы бақылайды. Уәкiлеттi орган мен басқа да мемлекеттiк органдар мемлекеттiк статистикалық есептiлiк жинауды жалпымемлекеттiк және ведомстволық статистикалық есептiлiк нысандарының бекiтiлген тiзбесi шегiнде жүзеге асырады.".
      4. 5-баптың тақырыбы мен бiрiншi бөлiгiнде "статистика" деген сөздiң алдынан "мемлекеттiк" деген сөзбен толықтырылсын.
      5. 6-бапта:
      1) тақырыптағы "Статистика" деген сөз кiшi әрiппен жазылып, алдынан "Мемлекеттiк" деген сөзбен толықтырылсын;
      2) баптың мәтiнiнде "ұйымдар арасындағы" деген сөздерден кейiн "мемлекеттiк" деген сөзбен толықтырылсын, "заңдарда белгiленген тәртiппен" деген сөздер "Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен" деген сөздермен ауыстырылсын.
      6. 8-бапта:
      1) бiрiншi бөлiктiң екiншi сөйлемi мынадай редакцияда жазылсын:
      "Статистикалық есеп жүргiзудiң әдiснамасы мен әдiстемесi мәселелерiнде тәуелсiз болады, өзiнiң аумақтық бөлiмшелерiне басшылық жасауды жүзеге асырады, ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың қызметiн үйлестiредi.";
      2) үшiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
      "Уәкiлеттi органның статистиканы ұйымдастыру жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлерi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларда жеке тұлғалар үшін, сондай-ақ заңды тұлғалар үшiн мiндеттi.";
      3) төртiншi бөлiктiң екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "статистикалық байқаулар бағдарламаларын бекiту негiзiнде мемлекеттік органдардың статистикалық қызметiн үйлестіреді;";
      4) төртiншi бөлiктiң төртiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "мемлекеттік статистика мәселелері жөнiнде нормативтік құқықтық актiлер шығарады.".
      7. 9-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "9-бап. Мемлекеттiк статистикалық тiркелiм
      Мемлекеттiк статистикалық тiркелiм статистикалық есеп жүргiзудiң құралы болып табылады және онда статистикалық есеппен қамтылған барлық жеке және заңды тұлғалар туралы қысқаша әкiмшiлiк және экономикалық ақпарат болады. Оны жүргізудi халықаралық стандарттарға сәйкес уәкiлеттi орган мен оның аумақтық бөлiмшелерi жүзеге асырады.
      Жеке және заңды тұлғалар туралы тiркелiмдер мен ақпараттық деректер базаларын жасайтын және жүргiзетiн мемлекеттiк органдар мен олардың бағынысындағы ұйымдар мемлекеттiк статистика органдарына бiрыңғай Мемлекеттiк статистикалық тiркелiмдi қалыптастыруға және оған көкейкестi сипат беруге қажеттi ақпаратты тегiн бередi.".
      8. Мынадай мазмұндағы 9-1-баппен толықтырылсын:
      "9-1-бап. Елдi мекендерде әр шаруашылық бойынша есеп жүргiзу
      Әр шаруашылық бойынша есеп жүргiзу ауылдық жерлерде тұратын жеке тұлғаларды, сондай-ақ тұратын жерiне қарамастан жеке үй (қосалқы) шаруашылығы бар жеке тұлғаларды мемлекеттiк статистикалық байқау болып табылады.
      Тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстiң әкiмi әр шаруашылық бойынша кiтаптарға тiркеу жазбаларын Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен бөлiнетiн қаражат есебiнен жүргiзудi ұйымдастырады.
      Уәкiлеттi орган әр шаруашылық бойынша есеп жүргiзудi әдiснамалық тұрғыдан басқаруды жүзеге асырады және осы есептiң деректерін тиісті статистикалық көрсеткiштер түзу үшін пайдаланады.".
      9. 10-бапта:
      1) екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Статистикалық жұмыстар жоспарында белгiленген мөлшерде және мерзiмдерде заңды тұлғалар мен олардың құрылымдық бөлiмшелерiнен шынайы мемлекеттiк статистикалық есеп-қисапты тегiн алуға;";
      2) мынадай мазмұндағы бесiншi, алтыншы, жетiншi және сегiзiншi абзацтармен толықтырылсын:
      "мемлекеттiк статистикалық байқаулар бағдарламаларын әзiрлеуге және бекiтуге;
      Мемлекеттiк статистикалық тiркелiм жүргiзу үшiн, сондай-ақ мемлекеттiк органдар қалыптастыратын жиынтық статистикалық деректердi қайталамайтын статистикалық деректердi түзу үшiн мемлекеттiк органдардан бастапқы статистикалық ақпаратты, сондай-ақ орындайтын функцияларына қарай оларда болатын басқа да ақпаратты алуға;
      жеке кәсiпкерлер мен заңды тұлғаларды бастапқы және статистикалық есепке қою iсiн бақылауды жүзеге асыруға;
      мемлекеттiк тапсырыс шеңберiнде жекелеген статистикалық жұмыстар жүргiзудi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен қаржыландыруды жүзеге асыруға;".
      10. 11-бапта:
      1) мынадай редакциядағы үшiншi абзацпен толықтырылсын:
      "әдiстемелiк нұсқаулықтардың орындалуын бақылауды жүзеге асыруға;";
      2) үшiншi абзацтағы "мемлекеттiк статистикалық байқаулар" деген сөздер "жалпымемлекеттiк статистикалық байқаулар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) алтыншы абзацтағы "статистикалық есептiлiк" деген сөздер "статистикалық нысандар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) сегiзiншi абзацтағы "қолданылып жүрген заңдарға" деген сөздер "Қазақстан Республикасының заңдарына" деген сөздермен ауыстырылсын;", "сақтауға" деген сөзден кейiн нүктелi үтiр қойылып, "мiндеттi." деген сөз алып тасталсын;
      5) мынадай редакциядағы тоғызыншы абзацпен толықтырылсын:
      "статистика саласында ғылыми-зерттеу әзiрлемелерiн ұйымдастыруға мiндеттi.".
      11. 12-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "12-бап. Статистикалық қызмет жүргiзетiн мемлекеттiк органдар
               мен олардың аумақтық бөлiмшелерiнiң құқықтары
               мен мiндеттерi
      Статистикалық қызмет жүргiзетiн мемлекеттiк органдар мен олардың аумақтық бөлiмшелерi өз құзыретi шегiнде:
      ведомстволық статистикалық байқаулар жүргiзуге;
      ведомстволық статистикалық байқаулардың бағдарламаларын әзiрлеуге;
      жеке және заңды тұлғалардан статистикалық ақпарат алуға;
      мемлекеттiк органдардан орындайтын функцияларына қарай оларда болатын ақпаратты статистикалық деректер түзу үшiн алуға;
      ұйымдарда бастапқы есеп пен статистикалық есептiлiктiң жолға қойылуын бақылауды жүзеге асыруға, өздерi алған деректердiң дұрыстығын тексеруге құқылы.
      Статистикалық қызметтi жүргізетін мемлекеттік органдар мен олардың аумақтық бөлiмшелерi:
      уәкiлеттi органға әдiстемелiк нұсқаулықтардың орындалуы туралы мәлiметтер беруге;
      мемлекеттiк және коммерциялық құпияларды, бастапқы статистикалық ақпараттың құпия болуын сақтау принципiн ұстануға жүргiзiлетiн статистикалық байқаулар бағдарламалары мен әдiстемелiк әзiрлемелер жобаларын уәкiлеттi органның келiсуi мен бекiтуiне табыс етуге мiндеттi.".
      12. 13-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "13-бап. Жеке және заңды тұлғалар құқықтарының кепiлдiктерi
      Жеке және заңды тұлғаларға бастапқы статистикалық ақпараттың құпия болуына жалпымемлекеттiк және ведомстволық статистикалық есептiлiк тiзбелерiне, Статистикалық жұмыстар жоспарына қол жеткiзуге болатындығына кепiлдiк берiледi. Бастапқы статистикалық ақпаратты тек қана ақпаратты берген жеке және заңды тұлғалардың келiсiмiмен немесе аты-жөнiн көрсетпей таратуға болады.".
      13. 14-бапта:
      1) тақырыбындағы "және материалдық-техникалық қамтамасыз ету" деген сөздер алып тасталсын;
      2) бiрiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
      "Егер Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiткен статистиканы жетiлдiру бағдарламаларына, Статистикалық жұмыс жоспарлары мен жалпымемлекеттiк және ведомстволық статистикалық есептiлiк нысандары тiзбелерiне сәйкес мемлекеттiк статистика органдары орындайтын статистикалық жұмыстар республикалық бюджеттен қаржыландырылады.";
      3) екiншi және үшiншi бөлiктер алып тасталсын.
      14. ІV тараудың тақырыбындағы "Заңды" деген сөз "Қазақстан

Республикасының мемлекеттiк статистика саласындағы заңдарын" деген 
сөздермен ауыстырылсын.
     15. 15-бап мынадай редакцияда жазылсын:
     "15-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика
              саласындағы заңдарын бұзғаны үшін жауаптылық
     Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика саласындағы 
заңдарының бұзылуына кінәлі адамдар Қазақстан Республикасының заң 
актілерінде белгіленген тәртіппен жауапты болады.".
     16. Тараулардағы "I, II, III, IV" деген цифрлар тиісінше "1, 2, 3, 4" 
деген цифрлармен ауыстырылсын.
     2-бап. Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
     
     Қазақстан Республикасының
           Президенті
     
     
Мамандар:
     Багарова Ж.А.,
     Қобдалиева Н.М.
      
      


О внесении изменений и дополнений в Закон Республики Казахстан "О государственной статистике"

Закон Республики Казахстан от 15 января 2002 года № 280

      Статья 1. Внести в Закон Республики Казахстан от 7 мая 1997 г. Z970098_ "О государственной статистике" (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 1997 г., № 9, ст. 91; 2001 г., № 4, ст. 23) следующие изменения и дополнения:
      1. По всему тексту закона:
      слова "плана", "планом", "плану" изложить с прописной буквы;
      слово "региональные" заменить словом "территориальные";
      слова "центральных исполнительных", "иные центральные исполнительные" заменить соответственно словами "государственных", "государственные";
      слова "юридических и физических" заменить словами "физических и юридических".

      2. Статьи 1 и 2 изложить в следующей редакции:
      "Статья 1. Сфера действия настоящего Закона

      Действие настоящего Закона распространяется на физических лиц, а также на юридические лица Республики Казахстан, филиалы и представительства юридических лиц-нерезидентов, осуществляющих свою деятельность на территории Республики Казахстан (далее — юридические лица).
      Настоящий Закон определяет основные принципы сбора, обработки и распространения статистических данных о явлениях и процессах, происходящих в экономической, социальной, демографической и экологической (далее — социально-экономической) сферах Республики Казахстан.

      Статья 2. Основные понятия, используемые в настоящем Законе

      В настоящем Законе используются следующие основные понятия:
      ведомственные статистические наблюдения — наблюдения, проводимые государственными органами Республики Казахстан;
      государственная статистика — единая статистическая информационная система, формируемая органами государственной статистики;
      государственная статистическая отчетность — общегосударственные и ведомственные статистические наблюдения, при которых физические лица, юридические лица и их структурные подразделения представляют органам государственной статистики в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан, отчеты за подписями лиц, ответственных за представление и достоверность сообщаемых сведений;
      наблюдение статистическое — планомерный, научно организованный сбор данных о явлениях и процессах социально-экономической жизни путем регистрации по заранее разработанной программе. Государственные статистические наблюдения состоят из общегосударственных и ведомственных статистических наблюдений;
      общегосударственные статистические наблюдения — наблюдения, проводимые уполномоченным органом;
      первичная статистическая информация — данные о конкретном физическом лице, юридическом лице и его структурном подразделении, представленные при проведении статистического наблюдения органам государственной статистики для использования в статистических целях;
      План статистических работ — разрабатываемый на основе Программы совершенствования государственной статистики полный перечень государственных статистических наблюдений и других статистических работ, организуемых уполномоченным органом;
      программа статистического наблюдения — цель и задачи проведения наблюдения, перечень показателей (вопросов), по которым осуществляется сбор данных, методика их исчисления, представленный в виде формы, вопросника, анкеты, переписного листа, бланка учета и других (далее — формы статистические), и инструкции по проведению статистического наблюдения;
      распространение — обеспечение доступа к статистической информации, не являющейся конфиденциальной для пользователей этой информации, независимо от используемых при этом форм и средств;
      специально организованные статистические наблюдения — общегосударственные и ведомственные статистические наблюдения, при которых сбор первичной статистической информации осуществляется не на основе отчетов, а другими способами. По способу сбора первичной статистической информации различаются анкетные, декларационные, корреспондентские и инспекционные наблюдения, учет и перепись;
      статистическая деятельность — это деятельность, связанная со сбором, обработкой и распространением количественных данных массовых явлений в обществе на основе статистических стандартов;
      типы государственных статистических наблюдений — государственная статистическая отчетность и специально организованные статистические наблюдения;
      уполномоченный орган — центральный исполнительный орган, осуществляющий руководство государственной статистикой, полномочия которого определяются законодательством Республики Казахстан.".

      3. В статье 3:
      1) части третью и четвертую изложить в следующей редакции:
      "Государственная политика Республики Казахстан в области статистики строится на принципах методологического единства и централизации. Уполномоченный орган осуществляет координацию статистической деятельности государственных органов и занимает ведущее положение в системе государственных статистических наблюдений. Государственные органы проводят статистические наблюдения в тех случаях, когда это обеспечивает разработку более достоверных статистических показателей, чем у уполномоченного органа.
      Представление первичной статистической информации физическими лицами в случаях, установленных законодательством Республики Казахстан, юридическими лицами и их структурными подразделениями является обязательным и осуществляется на безвозмездной основе.";
      2) дополнить частью пятой следующего содержания:
      "Общее количество государственных статистических наблюдений контролируется Правительством Республики Казахстан путем утверждения Плана статистических работ и перечней форм общегосударственной и ведомственной статистической отчетности. Сбор государственной статистической отчетности уполномоченным органом и другими государственными органами осуществляется в пределах утвержденных перечней форм общегосударственной и ведомственной статистической отчетности.".

      4. В заголовке и части первой статьи 5 после слов "в области"

дополнить словом "государственной".

     5. В статье 6:
     1) в заголовке после слов "в области" дополнить словом 
"государственной";
     2) в тексте статьи после слов "в области" дополнить словом 
"государственной", слова "в установленном законодательством порядке" 
заменить словами "в порядке, установленном законодательством Республики 
Казахстан".

     6. В статье 8:
     1) второе предложение части первой изложить в следующей редакции:


      "Обладает независимостью в вопросах методологии и методики статистического учета, осуществляет руководство своими территориальными подразделениями, координирует деятельность подведомственных организаций.";
      2) часть третью изложить в следующей редакции:
      "Нормативные правовые акты уполномоченного органа по организации статистики обязательны для физических лиц в случаях, установленных законодательством Республики Казахстан, а также для юридических лиц.";
      3) абзац второй части четвертой изложить в следующей редакции:
      "координирует статистическую деятельность государственных органов на основе утверждения программ статистических наблюдений;";
      4) абзац четвертый части четвертой изложить в следующей редакции:
      "издает нормативные правовые акты по вопросам государственной статистики.".

      7. Статью 9 изложить в следующей редакции:
      "Статья 9. Государственный статистический регистр

      Государственный статистический регистр является инструментом статистического учета и содержит краткую административную и экономическую информацию о всех физических и юридических лицах, охваченных статистическим учетом. Его ведение осуществляется уполномоченным органом и его территориальными подразделениями в соответствии с международными стандартами.
      Государственные органы и их подведомственные организации, которые создают и ведут регистры и информационные базы данных о физических и юридических лицах, бесплатно представляют органам государственной статистики информацию, необходимую для формирования и актуализации единого Государственного статистического регистра.".

      8. Дополнить статьей 9-1 следующего содержания:
      "Статья 9-1. Похозяйственный учет в населенных пунктах

      Похозяйственный учет является государственным статистическим наблюдением за физическими лицами, проживающими в сельской местности, а также за физическими лицами, имеющими личное домашнее (подсобное) хозяйство, независимо от места проживания.
      Аким соответствующей административно-территориальной единицы организует ведение регистрационных записей в похозяйственных книгах за счет средств, выделяемых в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан.
      Уполномоченный орган осуществляет методологическое руководство ведением похозяйственного учета и использует данные этого учета для производства соответствующих статистических показателей.".

      9. В статье 10:
      1) абзац второй изложить в следующей редакции:
      "получать безвозмездно от юридических лиц и их структурных подразделений достоверную государственную статистическую отчетность в объемах и сроки, определенные Планом статистических работ;";
      2) дополнить абзацами пятым, шестым, седьмым и восьмым следующего содержания:
      "разрабатывать и утверждать программы государственных статистических наблюдений;
      получать от государственных органов первичную статистическую информацию, а также другую информацию, которой они располагают в силу выполняемых функций, для ведения Государственного статистического регистра, а также производства статистических данных, не дублирующих сводные статистические данные, формируемые государственными органами;
      осуществлять контроль за постановкой первичного и статистического учета индивидуальных предпринимателей и юридических лиц;
      осуществлять финансирование проведения отдельных статистических работ в рамках государственного заказа в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан;".

      10. В статье 11:
      1) дополнить абзацем третьим в следующей редакции:
      "осуществлять контроль за исполнением методических инструкций;";
      2) в абзаце третьем слова "государственные статистические наблюдения"

заменить словами "общегосударственные статистические наблюдения";
     3) в абзаце шестом слова "статистической отчетности" заменить словами 
"статистических форм";
     4) в абзаце восьмом слова "действующим законодательством" заменить 
словами "законодательством Республики Казахстан";
     5) дополнить абзацем девятым в следующей редакции:
     "организовывать научно-исследовательские разработки в области 
статистики.".

     11. Статью 12 изложить в следующей редакции:
     "Статья 12. Права и обязанности государственных органов и их          
                 территориальных подразделений, ведущих статистическую     
                 деятельность



      Государственные органы и их территориальные подразделения, ведущие статистическую деятельность, в пределах своей компетенции имеют право:
      проводить ведомственные статистические наблюдения;
      разрабатывать программы ведомственных статистических наблюдений;
      получать статистическую информацию от физических и юридических лиц;
      получать от государственных органов информацию, которой они располагают в силу выполняемых функций для производства ими статистических данных;
      осуществлять контроль за постановкой первичного учета и статистической отчетности в организациях, проверять достоверность полученных ими данных.
      Государственные органы и их территориальные подразделения, ведущие статистическую деятельность, обязаны:
      представлять в уполномоченный орган сведения об исполнении методических инструкций;
      соблюдать принцип сохранности государственных и коммерческих тайн, конфиденциальности первичной статистической информации;
      представлять в уполномоченный орган на согласование и утверждение программы проводимых статистических наблюдений и проекты методических разработок.".

      12. Статью 13 изложить в следующей редакции:
      "Статья 13. Гарантии прав физических и юридических лиц

      Физическим и юридическим лицам гарантируется конфиденциальность первичной статистической информации, доступность перечней общегосударственной и ведомственной статистической отчетности, Плана статистических работ. Распространение первичной статистической информации может быть произведено только с согласия физических и юридических лиц, представивших информацию, или анонимно.".

      13. В статье 14:
      1) в заголовке слова "и материально-техническое обеспечение" исключить;
      2) часть первую изложить в следующей редакции:
      "Статистические работы, выполняемые органами государственной

статистики в соответствии с программами совершенствования статистики, 
планами статистических работ и перечнями форм общегосударственной и 
ведомственной статистической отчетности, утвержденными Правительством 
Республики Казахстан, финансируются из республиканского бюджета, если иное 
не предусмотрено законодательными актами Республики Казахстан.";
     3) части вторую и третью исключить.

     14. В заголовке главы IV слово "Закона" заменить словами 
"законодательства Республики Казахстан в области государственной 
статистики".

     15. Статью 15 изложить в следующей редакции:
     "Статья 15. Ответственность за нарушение законодательства Республики  
                 Казахстан в области государственной статистики

     Лица, виновные в нарушении законодательства Республики Казахстан в 
области государственной статистики, несут ответственность в порядке, 
установленном законодательными актами Республики Казахстан.".

     16. В главах цифры "I, II, III, IV" заменить цифрами "1, 2, 3, 4" 
соответственно.

     Статья 2. Настоящий Закон вводится в действие со дня официального 
опубликования.

     Президент
     Республики Казахстан 
     
(Специалисты: Умбетова А.М.,
              Склярова И.В.)