Киотода 1994 жылғы 14 қазанда жасалған Халықаралық электр байланысы одағының Жарғысы мен Конвенциясына Түзету құжаттары бекітілсін. Қазақстан Республикасының Президенті Халықаралық электр байланысы одағы өкілетті конференциясының Қорытынды актілері (Киото, 1994 ж.) Халықаралық электр байланысы одағының Жарғысына түзету құжаты (Женева, 1992 ж.) Халықаралық электр байланысы одағының Конвенциясына түзету құжаты (Женева, 1992 ж.) ISBN 92-61-05524-9 Женева, 1995 ж. ҚОРЫТЫНДЫ АКТIЛЕРДIҢ ЖОЛАҚТАРЫНДАҒЫ НОТАЦИЯЛАРҒА ТYСIНДIРМЕ ЕСКЕРТПЕЛЕР Жарғы мен Конвенция мәтiндерiнде (Женева, 1992 ж.) жасалған өзгерiстердi түсiндiру үшiн мынадай шартты белгілер пайдаланылады: ЖЕҚ = жаңа ереженi қосу ӨЗГ = бар ереженi өзгерту (ӨЗГ) = бар ереженi редакциялық өзгерту ӨЗГ-СІЗ = өзгерiссіз ереже Осы белгiлерден кейiн бар ереженiң нөмiрi келедi. Жаңа ереже (ЖЕҚ белгiсi) соңынан әрiп келетiн көрсетiлген нөмiрге сәйкес келетiн, соның орынға қосылады. (C) ХЭО 1995 Барлық құқықтар сақталады. Бұл жарияланымның ешбiр бөлiгi ХЭО жазбаша рұқсатынсыз ешқандай нысанда және ешқандай құралдармен - электрондық немесе механикалық, оның iшiнде фотокөшiру және микрофильмге түсiру арқылы қайта жариялануы мүмкiн емес. Мазмұны Халықаралық электр байланысы одағының Жарғысына түзету құжаты (Женева, 1992 ж.) (Өкілетті конференция қабылдаған түзетулер (Киото, 1994 ж.)) І бөлім Алғысөз 8-бап Өкілетті конференция 9-бап Сайлауға қатысты қағидаттар мен оларға байланысты мәселелер 28-бап Одақтың қаржысы ІІ бөлім Күшіне енетін күні Қорытынды формула Қолдар Халықаралық электр байланысы одағының Конвенциясына түзету құжаты (Женева, 1992 ж.) (Өкiлеттi конференция қабылдаған түзетулер (Киото, 1994)) I бөлiм Алғысөз 4-бап Кеңес 7-бап Дүниежүзiлiк радиобайланыс конференциялары 19-бап Одақ қызметiне әкiмшiлiктерден өзге бiрлестiктер мен ұйымдардың қатысуы 23-бап Шақырушы үкiмет болған кезде Өкiлеттi конференцияларға шақыру және қатыстыру 24-бап Шақырушы үкiмет болған кезде радиобайланыс конференцияларына шақыру және қатыстыру 32-бап Конференциялардың және басқа да жиналыстардың iшкi регламентi 33-бап Қаржы ҚОСЫМША - Осы Конвенцияда және Халықаралық электр байланысы одағының Әкiмшiлiк регламенттерiнде пайдаланылатын кейбiр терминдердiң анықтамасы II бөлiм Күшiне енетiн күнi Қорытынды формула Қолдар ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭЛЕКТР БАЙЛАНЫСЫ ОДАҒЫНЫҢ ЖАРҒЫСЫНА ТҮЗЕТУ ҚҰЖАТЫ (ЖЕНЕВА, 1992 ж.) (Өкiлеттi конференция қабылдаған түзетулер (Киото, 1994 ж.)) I БӨЛIМ. Алғысөз Халықаралық электр байланысы одағы Жарғысының (Женева, 1992 ж.) тиiстi ережелерiне атап айтқанда, Жарғының 55-бабындағы ережелерге орай және оларды орындау үшiн Халықаралық электр байланысы одағының Өкiлеттi конференциясы (Киото, 1994 ж.) осы Жарғыға мынадай түзетулер қабылдады: 8(Ж)-БАП Өкiлеттi конференция ӨЗГ 50 b) соңғы Өкiлеттi конференциядан кейiнгi уақыттағы Одақтың қызметi және Одақтың стратегиялық саясаты мен жоспарлауы туралы Кеңестiң есептерiн қарайды; ӨЗГ 57 i) осы Жарғының 55-бабындағы ережелерге және тиiсiнше Конвенцияның тиiстi ережелерiне сәйкес Одақ мүшелерi ұсынған осы Жарғыдағы және Конвенциядағы өзгерiстер туралы ұсыныстарды қарайды және қажет болған жағдайда қабылдайды; ЖЕҚ 59А 3. Айрықша жағдайларда екi әдеттегi Өкілеттi конференция арасында ерекше мәселелердi қарау үшiн күн тәртiбi шектелген төтенше Өкiлеттi конференция: ЖЕҚ 59В а) алдындағы болған әдеттегi Өкiлеттi конференция шешiмiмен; ЖЕҚ 59С b) Одақ мүшелерiнiң үштен екiсiнiң Бас хатшыға жеке өтiнiшi бойынша; ЖЕҚ 59D с) Одақ мүшелерiнiң кем дегенде үштен екiсi мақұлдаған Кеңес ұсынысы бойынша шақырылуы мүмкін. 9(Ж)-БАП Сайлауға қатысты қағидаттар мен оған байланысты мәселелер ӨЗГ 62 b) Бас хатшы, Бас хатшының орынбасары, Бюро директорлары және Радиорегламентарлық комитетiнiң мүшелерi Одақ Мүшелерi өз азаматтары ретiнде ұсынған үмiткерлерiнiң iшiнен сайланады, олардың барлығы Одақ Мүшелерi болып табылатын әртүрлi елдердiң азаматтары болуы тиiс және оларды сайлау барысында тиiстi дәрежеде әлем аймақтары арасындағы географиялық үлестiң тепе-теңдiгi ескерілуге тиiстi; сайланатын қызметкерлерге келсек, осы Жарғының 154-тармағында жазылған қағидаттарды тиiстi дәрежеде ұстану қажет; ӨЗГ 63 с) Радиорегламентарлық комитеттің мүшелері жеке-жеке сайланады; әрбiр Одақ Мүшесi бiр үмiткердi ғана ұсына алады. ІІ БӨЛIМ. Күшiне енетiн күнi
Осы құжатта бар түзетулер, барлық жиынтығы бойынша және бiрыңғай
түзету құжаты түрiнде бекiту қабылдану немесе мақұлдану, немесе осы құжатқа қосылу құжаттарын күшiне енетiн күнге дейiн сақтауға берген Одақ Мүшелерi Халықаралық электр байланысы одағының Жарғысы мен Конвенциясының тараптары арасында (Женева, 1992 ж.) 1996 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшiне енедi. ОСЫНЫ КУӘЛАНДЫРУ ҮШIН тиiстi Өкiлеттi өкiлдер Халықаралық электр байланысы одағы Конвенциясының (Женева, 1992 ж.) осы түзету құжатының түпнұсқасына өз қолдарын қойды. Киотода жасалды, 1994 жылғы 14 қазан (Қойылған қолдар) (Конвенцияның Түзету құжатындағы (1992 ж.) қойылған қолдар 4-22 беттерде қойылған қолдармен бiрдей) 28(Ж)-БАП Одақтың қаржысы ӨЗГ 163 (4) Жоғарыда 161-тармаққа немесе 162-тармаққа сәйкес әрбiр Одақ Мүшесi таңдап алған жарна класы жоғарыда 161 немесе 162-тармақтарда аталған алты айлық уақыт кезеңi өткеннен кейiнгi бiрiншi екi жылдық бюджетке қолданылады. II БӨЛIМ. Күшiне енетiн күнi
Осы құжатта бар түзетулер, барлық жиынтығы бойынша және бiрыңғай түзету құжаты түрiнде бекiту, қабылдану немесе мақұлдану, немесе осы құжатқа қосылу құжаттарын күшiне енетiн күнге дейiн сақтауға берген Одақ Мүшелерi - Халықаралық электр байланысы одағының Жарғысы мен Конвенциясының тараптары арасында (Женева, 1992 ж.) 1996 жылдың 1
қаңтарынан бастап күшiне енедi. ОСЫНЫ КУӘЛАНДЫРУ YШIН тиiстi Өкiлеттi өкiлдер Халықаралық электр байланысы одағы Жарғысының (Женева, 1992 ж.) осы түзету құжатының түпнұсқасына өз қолдарын қойды. Киотода жасалды, 1994 жылғы 14 қазан Алжир Халықтық Демократиялық Республикасы атынан: ALI HAMZA Германия Федеративті Республикасы атынан: ULRICH MOHR EBERHARD GEORGE Андорра Князьдігі атынан: RICARD RODRIGO MONSONIS Ангола Республикасы атынан: VIRGILIO MARQUES DE FARIA Сауд Аравиясы Корольдігі атынан: SAMI S. AL-BASHEER Аргентина Республикасы атынан: OSCAR MARTIN GONZALEZ EDUARDO ANGEL KATSUDA GUILLERMO Е. NAZAR Австралия атынан: W.J. HENDERSON С.L. OLIVER Австрия атынан: ALFRED STRATIL WALTER KUDRNA JOSEF BAYER Багам Аралдарының Бірлестігі атынан: BARRET А. RUSSEL LEANDER А. BETHEL JOHN А.М. HALKITIS Бахрейн Мемлекеті атынан: ABDUL SHAHEED AL-SATEEH Бангладеш Халық Республикасы атынан: FAZLUR RAHMAN MAZHAR-UL-HANNAN Барбадос атынан: JACQUELINE WILTSHIRE-FORDE Беларусь Республикасы атынан: VALASHCHUK VASIL Бельгия атынан: ERIC VAN HEESVELDE Бенин Республикасы атынан: SEIDOU AMADOU BACHABI FLAVIEN VIGNON HONORE Бутан Корольдігі атынан: TSHERING DORJI Боливия Республикасы атынан: RAUL J. CAMPERO PAZ Босния және Герцоговина Республикасы атынан: OSMAN MUSIC Ботсвана Республикасы атынан: ARMANDO V. LIONJANGA OLEBILE GABORONE Бразилия Федерациялық Республикасы атынан: JORGE DE MORAESJARDIM FILHO LOURENCO NASSIB CHEHAB Бруней-Даруссалам атынан: НJ. MARSAD BIN НJ. ISMAIL РG. НJ. MOHD ZAIN РG. НJ. ABD RAZAK Болгария Республикасы атынан: К. MIRSKI N. DICOV Буркина Фасо атынан: BRAHIMA SANOU Бурунди Республикасы атынан: NGENDABANKA FERDINAND NIYOKINDI FIACRE Камбоджа Корольдігі атынан: SO KHUN Камерун Республикасы атынан: DAKOLE DAISSALA BISSEK HERVE GUILLAUME ANGOULA DIEUDONNE TALLAH WILLIAM MAGA RICHARD WANMI FRANCOIS KAMDEM-KAMGA EMMANUEL DJOUAKA HENRI Канаданың атынан: PIERRE GAGNE Кабо-Верде Республикасы атынан: ANTONIO PEDRO DE SOUSA LOBO Орталық Африка Республикасы атынан: JOSEPH-VERMOND TCHENDO JOSEPH BOYKOTA ZOUKETIA PHILIPPE MANGA-MABADA Чилидің атынан: MARIA ELIANA CUEVAS Қытай Халық Республикасы атынан: WUJICHUAN ZHAO XINTONG Кипр Республикасы атынан: LAZAROS S. SAVVIDES Ватикан Қала-мемлекеті атынан: PIER VINCENZO GIUDICI Колумбия Республикасы атынан: HECTOR ARENAS NEIRA Комор Аралдары Федералды Ислам Республикасы атынан: AHMED YAHAYA Корей Республикасы атынан: DONG-YOON YOON SUNG-DEUK PARK JONG-SOON LEE SUNG-HAE LEE YOUNG-KIL SUH CHANG-HWAN PARK MYUNG-SUN CHOI Коста-Риканың атынан: Кот д,Ивуар Республикасы атынан: AKOSSI AKOSSI YAO KOUAKOUJEAN-BAPTISTE Хорватия Республикасы атынан: DOMINIK FILIPOVIC Кубаның атынан: FERNANDEZ MAC-BEATH HUGO Данияның атынан: ERIK MOLLMAN МЕТТЕJ. KONNER HANS ERIKSEN Джибути Республикасы атынан: ABDOUSAZAK ALI ABANEH Египет Араб Республикасы атынан: MAHMOUD EL-NEMR Эль-Сальвадор Республикасы атынан: JEFFREY Н. SMULYAN Біріккен Араб Эмираттары атынан: ABLULLA AL MEHREZI Эквадордың атынан: ADOLFO LOZA ARGUELLO Испанияның атынан: JAVIER NADAL ARINO Эстония Республикасы атынан: JURI JOEMA Америка Құрама Штаттары атынан: JEFFREY Н. SMULYAN Эфиопияның атынан: FIKRU ASFAW GELANEH TAYE Фиджи Республикасы атынан: TURAGANIVALU JOSUA VADA MARIKA Финляндияның атынан: REIJO SVENSSON Францияның атынан: JEAN BRESSOT DOMINIQIUE GARNIER LUCIEN BOURGEAT Габон Республикасы атынан: JOCKTANE CHRISTIAN DANIEL MASSIMA LANDJI JEAN JACQUES ESSONGHE EWAMDONGO SERGE Гамбия Республикасы атынан: BAKARY К. NJIE MOMODOU MAMOURJAGNE Грузия Республикасы атынан: К. MIRSKI Гананың атынан: DZANG С. К. Грецияның атынан: VASSILIOS COSTIS ANASTASE NODAROS Гвинея Республикасы атынан: MAMADOU MAMAL DIALLO SQUARE SOULEYMANE SOW MAMADOU DIOULDE BARRY MAMADOU PATHE Гайананың атынан: RODERICK SANATAN Венгрия Республикасы атынан: KALMAN KOVACS Үндістан Республикасы атынан: М.G. KULKARNI А.М. JOSHI R.J.S. KUSHVANA Индонезия Республикасы атынан: JONATHAN L. PARAPAK DJAKARIA PURAWIDJIAJA Иран Ислам Республикасы атынан: HOSSEIN MAHYAR Ирландияның атынан: S. FITZGERALD S. MAC MAHON Исландияның атынан: THORVARDUR JONSSON Израиль Мемлекеті атынан: R.Н. MEHACHEM OHOLY Италияның атынан: ANTONELLO PIETROMARCHI Ямайканың атынан: ROY R. HUMES Жапонияның атынан: YOHEI KONO Иордан Хашимиттік Корольдігі атынан: HUMOUD JABALI Қазақстан Республикасы атынан: ALIGOUJINOV SERIK Кения Республикасы атынан: DALMAS OTIENO ANYANGO SAMSON К. CHEMAI MURIUKI MUREITHI ALICE KOECH DANIEL К. GITHUA REUBEN М.J.SНINGIRАН SAMWEL OUMA OTIENO WILSON NDUNGU WAINAINA Кувейт Мемлекеті атынан: ADEL AL-IBRAHIM SAMI KHALED AL-AMER MUSTAFA Н. HASHEM ABDUL-RAHMAN А. AL-SHATTI ABDUL WAHAB А.Н. AL-SANEEN ABDULRAKIM Н. SALEEM SAMEERA MOHAMD Лаос Халық-Демократиялық Республикасы атынан: KHAMSING SAYAKONE Лесото Корольдігі атынан: SELLO MOLUPE Латвия Республикасы атынан: GUNTIS BERZINS JANIS LELIS Бұрынғы Югославия Республикасы Македония атынан: MAKSIM ANGELEVESKI Ливанның атынан: SAMIR CHAMMA MAURICE GHAZAL Ливия Араб Социалистік Халық Жамахириясы атынан: HODA BUKHARI GHERWI ALI MOHAMED ZAKARIA EL-HAMMALI AMER SALEM OUN EL-MAHJOUB AMMAR Лихтенштейн Князьдігі атынан: FREDERIC RIEHL Люксембургтың атынан: PAUL SCHUN CHARLES DONDELINGER Мадагаскар Республикасы атынан: ANDRIAMANJATO NY HASINA Малайзияның атынан: HOD PARMAN ZAKARIA CHE NOOR Малавидің атынан: STEVENJILES FOSTER SMITH MIJIGA MANSON MIKE MAKAWA EWEN SANGSTER HIWA Мальдив Аралдары Республикасы атынан: HUSSAIN SHAREEF Мали Республикасы атынан: IDRISSA SAMAKE Мальтаның атынан: JOSEPH BARTOLO GEORGE J. SPITERI RONALD AZZOPARDI CAFFARI Марокко Корольдігі атынан: WAKRIM MOHAMED Маврикий Республикасы атынан: RAMESSH С. GOPEE Мавритания Ислам Республикасы атынан: SIDI OULD MOHAMED LEMINE Мексиканың атынан: LUIS MANUEL BROWN HERNANDEZ Молдова Республикасы атынан: ION CASIAN ION COSHULEANU Монако Князьдігі атынан: Е.FRАNZI Монғолияның атынан: TSERENDASH DAMIRAN Мозамбик Республикасы атынан: RUI JORGE GOMES LOUSA RUI JORGE LOURENCO FERNANDES JOAO JORGE Намибия Республикасы атынан: MARCO MUKOSO HAUSIKI SACY AMUNYELA Непалдың атынан: PURUSHOTTAM LAL SHRESTHA Нигер Республикасы атынан: MALIKI AMADOU TINNI ATE SADOU MOUSSA Нигерия Федерациялық Республикасы атынан: TITILOLA ADEWALE ODEGBILE Е.В. OJEBA Норвегияның атынан: JENS С. KOCH Жаңа Зеландияның атынан: IAN R. HUTCHINGS MARK Е.НОLМАN АLАNС.J.НАМILТОN Оман Сұлтандығы атынан: NOOR BIN MOHAMED ABDUL REHMAN Уганда Республикасы атынан: FRANCIS PATRICK MASAMBU WILSON OTONYO WANYAMA Өзбекстан Республикасы атынан: RAKHIMOV К.R. Пакистан Ислам Республикасы атынан: NAZIR AHMED Папуа-Жаңа Гвинеяның атынан: AIWA OLMI DAVID KARIKO ROBERT TOVI ANNESLEY DE SOYZA Парагвай Республикасы атынан: FEDERICO М. MANDELBURGER Нидерланд Корольдігі атынан: А. DE RUITER Перудің атынан: CHIAN CHONG CARLOS Филлиппин Республикасы атынан: JOSEFINA Т. LICHAUCO KATHLEEN G. HECETA Польша Республикасы атынан: WOJCIECH MARIAN HALKA Португалияның атынан: FERNANDO ABILIO RODRIGUES MENDES LUIS М.Р. GARCIA PEREIRA LUCIANO S. PEREIRA DA COSTA PAULO J. PONTES Т. DE OLIVEIRA JOSE А. SILVA GOMES CARLOS ALBERTO ROLDAO LOPES Катар Мемлекеті атынан: HASHEM А. AL-HASHEMI ABDULWAHED FAKHROO Сирия Араб Республикасы атынан: SULIMAN MANDO Қырғыз Республикасы атынан: BEKTENOV Е. Словак Республикасы атынан: VANEK STANISLAV Чех Республикасы атынан: MARCELA GURLICHOVA Румынияның атынан: TURICU ADRIAN Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің атынан: MICHAEL GODDARD NEIL MCMILLAN MALCOLM JOHNSON SUSAN BISHOP Ресей Федерациясы атынан: VLADIMIR BOULGAK Сан-Марино Республикасы атынан: LUCIANO CAPICCHIONI IVO GRANDONI MICHELE GIRI Сент-Винсент және Гренадина атынан: JEREMIAH С. SCOTT Батыс Самоа Тәуелсіз Мемлекеті атынан: SAPA'U RUPERAKE PETAIA Сенегал Республикасы атынан: ABDOULAYE ELIMANE KANE ALADJI AMADOU THIAM CHEIKN А. TIDIANE NDIONGUE SOULEYMANE MBAYE Сингапур Республикасы атынан: LIM CHOON SAI LOO HUI SU VALERIE D'COSTA Словения Республикасы атынан: ERICH-JANEZ GRIL Судан Республикасы атынан: MUSTAFA IBRAHIM MOHAMED ABDELWAHAB GAMAL MOHAMED Оңтүстік Африка Республикасы атынан: PALLO JORDAN Швецияның атынан: CURT ANDERSSON Швейцария Конфедерациясы атынан: FREDERIC RIEHL Суринам Республикасы атынан: L.С.JОНАNNS R.G. ADAMA REGEMI F.СН. ERASER М.ЕRWIN EMANUELS Свазиленд Корольдігі атынан: EPHRAIM S.F. MAGAGULA MA BUEKILANGA S. MALINGA ALFRED FANUKWENTE MANANA BASILIO FANUKWENTE MANANA Тәжікстан Республикасы атынан: RAKHIMOV К.R. Танзания Біріккен Республикасы атынан: ADOLAR BARNABAS MAPUNDA EMMANUEL NATHANIEL OLEKAM BAINEI Чад Республикасы атынан: HADJARO BARKAYE DJASSIBE TINGABAYE HAROUN MAHAMAT Таиландтың атынан: ASWIN SAOVAROS KITTI YUPHO Того Республикасы атынан: AYIKOE PAUL KOSSIVI ABLY-BIDAMON DEDERIWE Тонга Корольдігі атынан: SIONE KITE Тунистің атынан: RIDHA AZAIE Түрікменстанның атынан: VALASHCHUK VASIL Түркияның атынан: VELI BETTEMIR CENGIZANIK Украинаның атынан: KLIKICH ANATOLY RESHETNYAK VOLODYMYR Уругвай Шығыс Республикасы атынан: JUAN DE LA CRUZ SIL VEIRA ZAVALA LUAN JOSE CAMELO ABECEIRA Венесуэла Республикасы атынан: JOSE ANTONIO RODRIGUES Вьетнам Социалистік Республикасы атынан: MAI LIEM TRUC Йемен Республикасы атынан: ABDELGADER А. IBRAHIM Замбия Республикасы атынан: SYAMUNTU MUKULI MARTIN Зимбабве Республикасы атынан: LAMECH Т.D.МАRUМЕ JOSHUA CHIDEME DZIMBANHETE FREDSON MATAVIRE ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭЛЕКТР БАЙЛАНЫСЫ ОДАҒЫНЫҢ КОНВЕНЦИЯСЫНА ТҮЗЕТУ ҚҰЖАТЫ (ЖЕНЕВА, 1992 ж.) (Өкiлеттi конференция қабылдаған түзетулер (Киото, 1994 ж.)) I БӨЛIМ. Алғысөз Халықаралық электр байланысы одағы Конвенциясының тиiстi ережелерiне (Женева, 1992 ж.), атап айтқанда Конвенцияның 42-бабындағы ережелерге орай және оларды орындау үшiн Халықаралық электр байланысы одағының Өкiлеттi конференциясы (Киото, 1994 ж.) осы Конвенцияға мынадай түзетулердi қабылдады: 4(К)-БАП Кеңес ӨЗГ 50 1. Кеңес мүшелерiнiң санын төрт жылда бiр рет өткiзiлетiн Өкiлеттi конференция анықтайды. ЖЕҚ 50А 2. Бұл сан Одақ Мүшелерiнiң жалпы санының 25%-нан аспауға тиiс. ӨЗГ 80 (14) Жарғының 49 және 50-баптарында көрсетiлген барлық халықаралық ұйымдармен үйлестiру iсiне жауапты болады және осы мақсатта Одақ атынан Жарғының 50-бабында және Конвенцияның 260 және 261-тармақтарында көрсетiлген халықаралық ұйымдармен, сондай-ақ Бiрiккен Ұлттар Ұйымы мен Халықаралық электр байланысы одағы арасындағы Келiсiмдi орындау үшiн Бiрiккен Ұлттар Ұйымымен уақытша келiсiмдер жасасады; осы уақытша келiсiмдердi Жарғының 8-бабының тиiстi ережелерiне сәйкес келесi Өкiлеттi конференция ұсынады; 7(К)-БАП Дүниежүзiлiк радиобайланыс конференциялары ӨЗГ 118 (2) Осы күн тәртiбiнiң жалпы шеңберi алдын ала төрт жыл бұрын белгiленедi, ал түпкiлiктi күн тәртiбiн Кеңес осы Конвенцияның 47-тармағының ережелерiн сақтау шартымен Одақ Мүшелерiнiң көпшілiгiмен келiсiм бойынша конференциядан екi жыл бұрын белгiлегенi абзал. Күн тәртiбiнiң бұл екi нұсқасы осы Конвенцияның 126-тармағының Ережелерiне сәйкес дүниежүзiлiк радиобайланыс конференциясының ұсынымдарына негiзделетiн болады. 19(К)-БАП Одақтың қызметiне әкiмшiлiктен өзге бiрлестiктер мен ұйымдардың қатысуы ӨЗГ 239 9. Жоғарыда 229 немесе 230-тармақтарда көрсетілген бiрлестiк немесе ұйым, егер Одақ Мүшесi тиiстi Бюроның директорына олар осыған уәкiлеттендiрiлгенiн хабарласа, оларды таныған Одақ Мүшесi атынан iс-әрекет жүргiзе алады. 23(К)-БАП Шақырушы үкiмет болған кезде Өкiлеттi конференцияларға шақыру және қатыстыру ӨЗГ 258 3. Бас хатшы бақылаушы ретiнде мыналарды шақырады: ЖЕҚ 262А е) осы Конвенцияның 229-тармағында аталған бiрлестiктер мен ұйымдар, сондай-ақ осы бiрлестiктер мен ұйымдарды бiлдiретiн халықаралық сипаттағы ұйымдар. (ӨЗГ) 269 h) 259-262А тармақтарға сәйкес шақырылған ұйымдар мен мекемелерден бақылаушылар. 24(К)-БАП Шақырушы үкiмет болған кезде Радиобайланыс конференцияларына шақыру және қатыстыру ӨЗГ 271 2. (1) Радиобайланыс конференцияларына, осы Конвенцияның 262А тармағын қоспағанда, 256-265 тармақтары қолданылады. 32(К)-БАП Конференциялар мен басқа да жиналыстардың iшкi регламентi ӨЗГ 379 (2) Дауысқа салуға жататын барлық маңызды ұсыныстардың мәтiндерi оларды талқылауға дейiн зерделеу үшiн конференцияның жұмыс тiлдерiнде алдын ала таратылады. 33(К)-БАП* Қаржы ӨЗГ-СIЗ 275 4. 259-262 тармақтарда айтылған ұйымдардың және осы Конвенцияның 19-бабының ережелерiне сәйкес Одақтың қызметiне қатысуға құқылы бiрлестiктердiң жарналарына қатысты мынадай ережелер қолданылады. * Конвенцияның 476-486 тармақтарының номерлерi ғана өзгертiлген. (ӨЗГ) 476 (1) Осы Конвенцияның 259-262 тармақтарында айтылған ұйымдар, Өкiлеттi конференцияға Одақ Секторына немесе халықаралық электр байланысы жөнiндегi дүниежүзiлiк конференцияға қатысатын халықаралық сипаттағы басқа да ұйымдар, егер тек оларды Кеңес өзара тiлектестiк негiзде босатпаса, жағдайға байланысты төмендегi 479-481 тармақтарға сәйкес конференциялардың немесе Сектордың шығындарын жабуға қатысады. (ӨЗГ) 477 (2) осы Конвенцияның 237-тармағында аталған тiзiмдерде орын алған бiрлестiктер немесе ұйымдар төмендегi 479 және 480-тармақтарға сәйкес Сектордың шығындарын жабуға қатысады. (ӨЗГ) 478 (3) Осы Конвенцияның 237-тармағында аталған тiзiмдерде орын алған, радиобайланыс конференциясына, халықаралық электр байланысы жөнiндегi дүниежүзiлiк конференцияға немесе олар мүшесi болып табылмайтын Сектор конференциясына немесе ассамблеясына қатысушы бiрлестiктер немесе ұйымдар төмендегi 479 және 481-тармақтарға сәйкес конференцияның немесе ассамблеяның шығындарын жабуға қатысады. (ӨЗГ) 479 (4) 476, 477 және 478 тармақтарда сөз болып отырған жарналар, тек қана Одақ Мүшелерiне арналған 1/4, 1/8 және 1/16 бiрлiк жарна кластарын қоспағанда (соңғы айрықшалықтың Электр байланысын дамыту секторына қатысы жоқ), жоғарыда 468-тармақтағы жарна бiрлiктерi шкаласының негiзiнде еркiн таңдалады; таңдалып алынған класс туралы Бас хатшыға хабарланады; кез келген бiрлестiк немесе ұйым кез келген уақытта өздерi бұрын қабылдағаннан жоғары класты таңдай алады. (ӨЗГ) 480 (5) Әрбiр Сектордың шығындарын төлеу жөнiндегi жарна бiрлiгiнiң шамасы Одақ Мүшелерi жарналарының 1/5 бiрлiгi болып белгiленедi. Бұл жарналар Одақтың кiрiсi ретiнде қаралады. Оларға пайыздар жоғарыдағы 474-тармақтың ережелерiне сәйкес есептеледi. (ӨЗГ) 481 (6) Конференцияның немесе ассамблеяның шығындарын төлеу бойынша жарналар бiрлiгiнiң шамасы осы конференцияның немесе ассамблеяның бюджетiнiң жалпы шамасын Одақтың шығындарын төлеу үшiн Мүшелер енгiзетiн жарна бiрлiгiнiң жалпы санына бөлу арқылы белгiленедi. Бұл жарналар Одақтың кiрiсi ретiнде қаралады. Оларға мөлшерi жоғарыдағы 474-тармақта анықталған пайыздар шоттар жiберiлгеннен кейiн алпысыншы күннен бастап есептеледi. (ӨЗГ) 482 (7) Жарна бiрлiктерiнiң санын азайту тек Жарғының 28-бабының тиiстi ережелерiнде жазылған қағидаттарға сәйкес мүмкiн болады. (ӨЗГ) 483 (8) Қандай да бiр Сектордың жұмысына қатысудан бас тарту немесе осындай қатысуды тоқтату жағдайында (осы Конвенцияның 240-тармағына қараңыз), жарна бас тарту немесе тоқтату күшiне енген айдың соңғы күнiне дейiн төленедi. (ӨЗГ) 484 5. Бас хатшы жарияланымдардың сатылу құнын, басу мен тарату шығындары, әдетте, осы жарияланымдарды сату арқылы өтелетiнiн ескере отырып, анықтайды. (ӨЗГ) 485 6. Одақта негiзгi шығындарды жабуға мүмкiндiк беретiн айналым капиталын құрайтын резерв қоры және мүмкiндiгiнше заем алуға әкелмейтiн жеткiлiктi қолма-қол резервтерi болуы тиiс. Резерв қорының мөлшерiн Кеңес жыл сайын күтiлiп отырған қажеттiлiктердi негiзге ала отырып белгiлейдi. Әрбiр екi жылдық бюджеттiк кезеңнiң соңында, жұмсалмаған немесе салынбаған бүкiл бюджеттiк кредиттер резервтiк қорға салынады. Осы қор туралы басқа егжей-тегжейлi мәселелер Қаржылық регламентте көрсетiледi. (ӨЗГ) 486 7. (1) Үйлестiру комитетiмен келiсе отырып, Бас хатшы ерiктi жарналарға байланысты жағдайлар Одақтың мақсаттар мен бағдарламаларына, сондай-ақ конференция қабылдаған бағдарламаларға сәйкес келедi және ерiктi жарналарды қабылдау және пайдалану жөнiндегi айрықша ережелерi бар Қаржылық регламентке сәйкес келедi деген шартпен ерiктi жарналарды ақшамен немесе өнiммен қабылдауы мүмкiн. ӨЗГ-СIЗ 487 (2) Осындай ерiктi жарналар туралы Бас хатшы Кеңеске ағымдағы қаржылық есепте, сондай-ақ әрбiр шығу, ұсынылған пайдалану жағдайы және әрбiр ерiктi жарнаға қатысты қабылданған iс-қимыл қысқаша көрсетiлетiн құжатта хабарлайды. (К) ҚОСЫМШАСЫ ӨЗГ 1002 Бақылаушы: осы Конвенцияның тиiстi ережелерiне сәйкес: - Өкiлеттi конференцияның, Сектор конференциясының немесе жиналысының жұмысына кеңесшi дауыс құқығымен қатысу үшiн Бiрiккен Ұлттар Ұйымы, Бiрiккен Ұлттар Ұйымының мамандандырылған мекемесi, Атом энергиясы жөнiндегi халықаралық агенттiк, электр байланысының аймақтық ұйымы немесе спутник жүйелерiн пайдаланатын үкiметаралық ұйым, - Сектор конференциясының немесе жиналысының жұмысына кеңесшi дауыс құқығымен қатысу үшiн халықаралық ұйым, - Аймақтық конференцияның жұмысына дауыс беру құқығынсыз қатысу үшiн Одақ Мүшесiнiң үкiметi, немесе - Конвенцияның 229-тармағында көрсетiлген бiрлестiк немесе ұйым, немесе осындай бiрлестiктердi немесе ұйымдарды бiлдiретiн халықаралық сипаттағы ұйым жiберген тұлға. Мамандар: Қасымбеков Б.А. Багарова Ж.А.