Шанхайда 2001 жылғы 15 маусымда жасалған терроризмге, сепаратизмге және экстремизмге қарсы күрес туралы Шанхай конвенциясы бекітілсін.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Терроризмге, сепаратизмге және экстремизмге қарсы күрес
туралы Шанхай конвенциясы
Қазақстан Республикасы, Қытай Халық Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы және Өзбекстан Республикасы (бұдан әрі Тараптар),
ең алдымен Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) жарғысындағы халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау, мемлекеттер арасындағы достық қатынастарды және ынтымақтастықты дамыту мақсаттары мен принциптерін басшылыққа ала отырып;
терроршылдықтың, сепаратизмнің және экстремизмнің халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке, мемлекеттер арасындағы достық қатынастарды дамытуға, сонымен қатар адамның негізгі құқықтары мен бостандығын жүзеге асыруына қауіп-қатерін сезіне отырып;
аталған құбылыстар Тараптардың аумақтық тұтастығы мен қауіпсіздігіне, сондай-ақ олардың саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылықтарына айтарлықтай қаупін мойындай отырып;
1998 жылғы 3 шілдедегі Алматыдағы біріккен мәлімдеменің, 1999 жылғы 25 тамыздағы Бішкек декларациясының, 2000 жылғы 5 шілдедегі Душанбе декларациясының және 2001 жылғы 15 маусымдағы "Шанхай ынтымақтастық ұйымын" құру жөніндегі декларацияның принциптерін басшылыққа ала отырып;
терроршылдықтың, сепаратизмнің және экстремизмнің, осы Конвенцияда анықталғандай, олардың себептеріне қарамастан, ешқандай жағдайда ақталмайтындығына, ал осындай әрекеттердің жасалғанына айыпты адамның міндетті түрде заңға сәйкес жауапқа тартылатынына берік сенім білдіре отырып;
осы Конвенция шеңберінде Тараптардың бірігіп күш жұмсауы терроршылдыққа, сепаратизмге және экстремизмге қарсы күресудің тиімді нысаны екеніне сенім білдіре отырып, төмендегілермен келіседі:
1) "терроршылдықты":
а) осы Конвенция қосымшасында тіркелген (бұдан әрі Қосымша) шарттарда және де осы шартта анықталғандай қылмыс ретінде саналатын қандай да болсын әрекетті;
б) қарулы қақтығыс жағдайында соғыс қимылдарына белсенді қатыспайтын қандай да болсын азаматтық тұлғаға немесе кез келген басқа тұлғаға, оны өлтіруге немесе оған ауыр дене зақымын келтіруге, сондай-ақ қандай да болсын материалдық объектіге едәуір нұқсан келтіруге пара-пар осындай әрекетті ұйымдастыруға, жоспарлауға, оның жасалуына дем беруге, оған арандатуға, егер осындай әрекеттің мақсаты оның сипатына немесе орындалуына орай халықты қорқытуға, қоғамдық қауіпсіздікті бұзуға немесе өкімет органдарын не болмаса халықаралық ұйымды қандай да бір әрекет істеуге немесе оны істеуден қаймықтыруға бағытталған, және де Тараптардың ұлттық заңдарына сәйкес қылмыс ретінде қуғындалушы кез келген басқа әрекетті;
2) "сепаратизм" мемлекеттердің аумақтық тұтастығын бұзуға, соның ішінде оның аумағының бір бөлігін одан бөлуге немесе мемлекетті күштеп ыдыратуға, сондай-ақ осыған пара пар осындай әрекеттерді жоспарлау мен дайындауға, оның жасалуына дем беруге, оған арандатуға бағытталған, және Тараптардың ұлттық заңдарына сәйкес қылмыс ретінде қуғындалушы қандай да болсын әрекетті;
3) "экстремизм" билікті күшпен басып алуға немесе күшпен ұстап тұруға, сонымен қатар мемлекеттің конституциялық құрылысын күшпен өзгертуге, сонымен пара пар қоғамдық қауіпсіздікке күштеп араласуға, оның ішінде жоғарыда көрсетілген мақсаттарда заңсыз қарулы құрылымдар ұйымдастыруға немесе оларға қатысуға бағытталған, және Тараптардың ұлттық заңдарына сәйкес қылмыс ретінде қуғындалушы қандай да болсын әрекетті білдіреді.
2. Бұл бап жоғарыда көрсетілген терминдерді терең қолдануға болатын ережесі бар немесе болуы мүмкін қандай да болсын халықаралық шартқа немесе Тараптардың қандай да болсын ұлттық заңдарына нұқсан келтірмейді.
2. Тараптар өзара қарым-қатынастарында осы Конвенцияның 1-бабының 1-тармағында көрсетілген әрекеттерді, оларды істеген қылмыскерлерді бір-біріне беру шарты бар қылмыс ретінде қарастырады.
3. Осы Конвенцияны іске асыру барысында қылмыскерлерді беру және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсетумен байланысты сұрақтар бойынша Тараптар өздері қатысушы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес және Тараптардың ұлттық заңдарын ескере отырып, ынтымақтастық жасайды.
Тараптар осы Конвенцияның 1-бабының 1-тармағында көрсетілген әрекеттерді қандай да болсын жағдайда тек саяси, философиялық, идеологиялық, нәсілдік, этникалық, діни немесе басқа да осыған ұқсас сипаттағы танымы бойынша ақтауға жатпауын қамтамасыз ету және олардың ауырлық дәрежесіне қарай жазалануы үшін қажет болуы, соның ішінде ұлттық заңдар саласында тиісті жағдайларда қажет болуы мүмкін шараларды қабылдайды.
2. Тараптардың орталық құзыретті органдары осы Конвенцияның ережелерін орындаумен байланысты туындаған мәселелер бойынша бір-бірімен өзара қатынас жасайды және тікелей бірлесіп әрекет етеді.
3. Қайсы бір Тараптардың орталық құзыретті органдарының тізбесіне өзгеріс енгізілетін болса, ол жақ осы жайында депозитарийге хабарлауы керек, ал ол осы ақпаратты басқа Тараптарға жеткізеді.
Тараптар өзара келісім бойынша, соның ішінде халықаралық ұйымдарда және халықаралық форумдарда консультация жүргізуі, пікір алмасуы, осы Конвенцияның 1-бабының 1-тармағында көрсетілген әрекеттерге қарсы күрес мәселелері бойынша көзқарастарын келістіруі мүмкін.
3) осы Конвенцияның 1-бабының 1-тармағында көрсетілген әрекеттердің алдын алу, оларды айқындау және жолын кесу үшін келісілген шараларды әзірлеу мен қабылдау және олардың жүзеге асырылуының қорытындылары жөнінде бір-біріне хабарлау;
4) өз мемлекетінде басқа Тараптарға қарсы бағытталған, осы Конвенцияның 1-бабының 1-тармағында көрсетілген әрекеттердің алдын алу, оларды айқындау және жолын кесу шараларын қабылдау;
5) осы Конвенцияның 1-бабының 1-тармағында көрсетілген әрекеттерді іске асыру үшін кез келген тұлғаға және (немесе) ұйымдарды қаржыландыру, оларға қару-жарақ пен оқ-дәрі жеткізу, одан да басқа жәрдемдесудің алдын алу, оларды айқындау және жолын кесу шараларын қабылдау;
6) тұлғалардың осы Конвенцияның 1-бабының 1-тармағында көрсетілген әрекеттерді жасауға дайындық жұмыстарының алдын алу, оларды айқындау, жолын кесу, тыйым салу және тоқтату шараларын қабылдау;
7) нормативтік құқықтық актілермен және оларды практикада пайдалану жөніндегі материалдармен өзара алмасу;
8) осы Конвенцияның 1-бабының 1-тармағында көрсетілген әрекеттердің алдын алу, оларды айқындау және жолын кесу жөніндегі жұмыс тәжірибесімен алмасу;
9) әртүрлі нысандарда өздерінің мамандарын даярлау, қайта даярлау және олардың біліктіліктерін көтеру;
10) Тараптар, қажет кездерде осы Конвенцияның 1-бабының 1-тармағында көрсетілген әрекеттердің жолын кесуде және олардың зардаптарын жою жөніндегі практикалық көмек көрсетуді қоса алғанда, өзара келісім бойынша ынтымақтастықтың өзге де нысандарындағы уағдаластыққа қол жеткізу жолымен жәрдемдеседі. Мұндай уағдаластықтар тиісті хаттамалармен ресімделеді, олар осы Конвенцияның ажыратылмайтын бөлігін құрайды.
1) осы Конвенцияның 1-бабының 1-тармағында көрсетілген әрекеттердің дайындалуы мен жасалуы және оларды іске асыру ниеттерінің жолын кесу туралы;
2) осы Конвенцияның 1-бабының 1-тармағында көрсетілген әрекеттерді мемлекет басшыларына және өзге де мемлекет қайраткерлеріне, дипломатиялық өкілдік, консулдық мекемелер мен халықаралық ұйымдар қызметкерлеріне, халықаралық қорғауға алынған басқа да тұлғаларға қатысты, сондай-ақ мемлекеттік сапарларға, халықаралық және мемлекеттік саяси, спорттық және өзге де іс-шараларға қатысушыларға қатысты дайындау туралы;
3) осы Конвенцияның 1-бабының 1-тармағында көрсетілген әрекеттерді дайындап және (немесе) іске асырып жатқан ұйымдар, топтар мен жеке тұлғалар, сонымен қатар олардың мақсаттарын, міндеттерін, байланыстарын қоса алғанда, осындай әрекеттерге басқа да түрде қатысушылар туралы және өзге де мәліметтер туралы;
4) осы Конвенцияның 1-бабының 1-тармағында көрсетілген әрекеттерді жасау мақсатымен оларды жасаған кезде пайдаланылуы мүмкін күшті әсер ететін улы, уландыратын, жарылғыш заттарды, радиоактивті материалдарды, қару-жарақты, жарылғыш құрылғыларды, атыс қаруларын, оқ-дәріні, ядролық, химиялық, биологиялық және жаппай қырып жою қаруларының басқа да түрлерін, материалдар мен жабдықтарды заңсыз түрде әзірлеу, сатып алу, сақтау, беру, орнын ауыстыру, өткізу және пайдалану туралы;
5) осы Конвенцияның 1-бабының 1-тармағында көрсетілген әрекеттерді қаржыландырудың айқындалған немесе болжамдалған көздері туралы;
6) осы Конвенцияның 1-бабының 1-тармағында көрсетілген әрекеттерді іске асыру нысандары, әдістері мен құралдары туралы ақпараттармен алмасады.
2. Сұрау салулар мен ақпараттар жазбаша нысанда жіберіледі. Кешеуілдетуге болмайтын жағдайларда сұрау салулар немесе ақпараттар ауызша да жіберілуі мүмкін, бірақ 72 сағаттан кешіктірілмей олар жазбаша түрде расталуы тиіс және қажет болған жағдайда олардың мәтінін жіберу үшін техникалық құралдарды пайдалануға болады. Сұрау салудың немесе ақпараттың не болмаса олардың мағынасының шынайылығы жөнінде күдік туған жағдайда, аталған құжаттарды растау немесе түсіндірме беру туралы қосымша сұрау салынуы мүмкін.
4. Жазбаша түрде берілген сұрау салуға немесе ақпаратқа оларды жіберуші орталық құзыретті органның басшысы немесе оның орынбасарлары қол қояды немесе осы орталық құзыретті органның елтаңбалық мөрімен куәландырылады.
5. Сұрау салу және онымен жолданатын құжаттар, сондай-ақ ақпарат орталық құзыретті орган арқылы осы Конвенцияның 15-бабында көрсетілген бір жұмыс тілінде жіберіледі.
2. Сұрау салушы орталық құзыретті орган оны орындауға бөгет болған немесе оның орындалуын елеулі түрде кідіртетін жағдайлар туралы тез арада хабарландырылады.
3. Егер де сұрау салу сұрау салынған орталық құзыретті органның құзыретіне жатпаса, ол өз мемлекетінің оны орындауға құзыретті басқа орталық құзыретті органына береді және ол жайында сұрау салушы орталық құзыретті органға дереу хабарлайды.
4. Сұрау салынған орталық құзыретті орган сұрау салуды орындау үшін қажет деп есептеген қосымша мәліметтерді сұрата алады.
5. Сұрау салуды орындау кезінде сұрау салынған Тараптың заңы қолданылады. Сұрау салушы орталық құзыретті органның өтініші бойынша, егер де бұл сұрау салынған Тарап заңдарының негізгі принциптеріне және халықаралық міндеттемелерге қайшы келмесе сұрау салушы Тараптың заңы қолданылуы мүмкін.
6. Егер сұрау салынған орталық құзыретті орган сұрау салуды орындау өз мемлекетінің егемендігіне, қауіпсіздігіне, қоғамдық тәртібіне немесе басқа да елеулі мүдделеріне зиян келтіреді, не болмаса сұрау салынған Тараптың заңдарына немесе халықаралық міндеттемелеріне қайшы келеді деп шешкен жағдайда, ол кейінге қалдырылуы немесе толығымен немесе ішінара қабылданбай тасталуы мүмкін.
7. Егер сұрау салудағы әрекет сұрау салынған Тараптың заңдарына сәйкес қылмыс болып саналмаса, оны орындаудан бас тартуға болады.
8. Егер осы баптың 6 немесе 7-тармақтарына сәйкес сұрау салуды орындаудан толық немесе ішінара бас тартылса немесе оны орындау кейінге қалдырылса, сұрау салушы орталық құзыретті органға жазбаша нысанда хабар беріледі.
Осы Конвенцияның 1-бабының 1-тармағында көрсетілген әрекеттермен тиімді күресу үшін Ташкент (Өзбекстан Республикасы) қаласында Тараптардың террорға қарсы аймақтық құрылымын құру және оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатымен Тараптар жеке келісім жасайды және басқа да қажетті құжаттар қабылдайды.
Ескерту. 10-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2008.04.07
N 23-IV
Заңымен.
2. Осы Конвенция ережелерін жүзеге асыру мақсатында керек болған жағдайларда Тараптар бір-біріне техникалық және материалдық көмек көрсете алады.
3. Осы Конвенция негізінде бір Тарап екінші Тараптан материалдарды, арнайы құралдар, жабдықтар және техникалар алса оларды осы Тараптың алдын ала жазбаша келісуінсіз басқа бір Тарапқа беруге қақысы жоқ.
4. Осы Конвенция шеңберінде көмек көрсету үшін Тараптардың орталық құзыретті органдары пайдаланған жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу әдістері, арнайы күштер мен құралдар, қамтамасыз ету материалдары жөніндегі мәліметтер жария етілмеуге тиіс.
Тараптардың орталық құзыретті органдары осы Конвенцияның орындалу тәртібін одан да жете реттеу туралы өзара келісімдер жасай алады.
2. Осы Конвенция негізінде алынған ақпараттарды немесе сұрау салуды орындау нәтижелерін, оларды берген Тараптың жазбаша келісімінсіз сұралған немесе берілген мақсаттардан басқа жағдайларда пайдалануға болмайды.
3. Осы Конвенция негізінде бір Тараптың екінші Тараптан алған ақпараттары мен құжаттары оларды берген Тараптың алдын ала жазбаша келісімінсіз берілмеуге тиіс.
Тараптар, егер де өзге тәртіп келісілмеген болса, осы Конвенцияны орындауға байланысты шығындарды өздері көтереді.
Қытай және орыс тілдері Тараптардың орталық құзыретті органдарының осы Конвенция шеңберінде ынтымақтастық жасау тілдері болып табылады.
Осы Конвенция Тараптардың осы Конвенцияның нысаны болып табылатын және оның мақсаты мен объектілеріне қайшы келмейтін мәселелері бойынша басқа да халықаралық шарттар жасасу құқықтарын шектемейді, сондай-ақ Тараптардың өздері қатысушылары болып табылатын өзге де халықаралық келісімдерден туындайтын құқықтары мен міндеттемелерін қозғамайды.
Осы Конвенцияны түсіндіру немесе қолдану кезінде туындаған даулы сұрақтар өзара мүдделес Тараптар арасында консультациялар және келіссөздер өткізу арқылы шешіледі.
1. Қытай Халық Республикасы Осы Конвенция депозитарийі болып табылады. Осы Конвенцияның ресми көшірмелері басқа келісуші Тараптардың депозитарийіне оған қол қойылғаннан кейін 15 күн ішінде жіберіледі.
2. Осы Конвенция, Қазақстан Республикасынан, Қытай Халық Республикасынан, Қырғыз Республикасынан, Ресей Федерациясынан, Тәжікстан Республикасынан және Өзбекстан Республикасынан, осы Конвенция күшіне ену үшін тиісті мемлекетішілік рәсімдердің орындалғаны туралы соңғы жазбаша нысандағы хабарламаны депозитарий алған күннен кейінгі 30-күні күшіне енеді.
1. Осы Конвенция күшіне енгеннен кейін оған барлық Тараптардың келісімімен басқа да мемлекеттер қосыла алады.
2. Қосылушы мемлекет үшін бұл Конвенция депозитарий осы Конвенция күшіне ену үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдердің орындалғаны туралы хабарлама алған күннен кейінгі 30-күні күшіне енеді. Осы күннен бастап қосылушы мемлекет осы Конвенцияның Тарабы болып саналады.
1. Осы Конвенция мәтініне барлық Тараптардың келісімі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін. Олар осы Конвенцияның ажыратылмайтын бөлігі болып табылатын Хаттамалармен ресімделеді.
2. Кез келген тарап шығу туралы депозитарийге ол ұсынылған күннен 12 ай бұрын жазбаша хабарлама жібере отырып, осы Конвенциядан шыға алады. Депозитарий шығу туралы хабарлама алған күннен бастап 30 күн ішінде басқа Тараптарды хабардар етеді.
2. Тарап қосымшада аталған шарттардың біріне қатысушылығын тоқтатса, ол осы баптың 1-тармағында көзделгендей, мәлімдеме жасайды.
3) ратификацияланғаны, қабылданғаны, бекітілгені немесе осы Конвенцияның кем дегенде үш Тарабы қосылғаны туралы талаптарға жауап беретін шарттармен толықтырылуы мүмкін.
4. Осы Конвенция күшіне енгеннен кейін кез келген Тарап Қосымшаға түзету енгізуге ұсыныстар жасай алады. Қосымшаға аталған түзетулер енгізу туралы ұсыныс депозитарийге жазбаша түрде жіберіледі. Депозитарий осы баптың 3-тармағының талаптарына жауап беретін барлық ұсыныстар жайында қалған Тараптарды хабардар етеді және олардан ұсынылып отырған түзетулерді қабылдауға болатындығына қатысты пікірлерін сұрайды.
5. Ұсынылған түзету осы Конвенция Тараптарының үштен бірі депозитарийге бұл жөнінде жазбаша хабарлай отырып, оған қарсылық білдіретіні туралы жағдайларды қоспағанда, осы түзету туралы ұсыныс депозитарийлерге таратылғаннан кейін 180 күннен соң барлық талаптар үшін қабылданған және күшіне енген болып есептеледі.
2001 жылы 15 маусымда Шанхайда бір түпнұсқа данада қытай және орыс тілдерінде жасалды және екі мәтіннің де күштері бірдей.
Қазақстан Республикасы үшін
Қытай Халық Республикасы үшін
Қырғыз Республикасы үшін
Ресей Федерациясы үшін
Тәжікстан Республикасы үшін
Өзбекстан Республикасы үшін
Терроршылдыққа, сепаратизмге және экстремизмге қарсы күрес туралы Шанхай конвенциясына қосымша
1. 1970 жылғы 16 желтоқсанда Гаагада жасалған Әуе кемелерін заңсыз басып алуға қарсы күрес туралы конвенция.
2. 1971 жылғы 23 қыркүйекте Монреалда жасалған Азаматтық авиация қауіпсіздігіне қарсы бағытталған заңсыз актілерге қарсы күрес туралы конвенция.
3. 1973 жылғы 14 желтоқсанда Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясында қабылданған Халықаралық қорғауды пайдаланатын тұлғаларға, соның ішінде дипломатиялық агенттерге қарсы қылмыстарды болдырмау және жазалау туралы конвенция.
4. 1979 жылғы 17 желтоқсанда Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясында қабылданған Адамдарды кепілдікке алуға қарсы күрес туралы халықаралық
конвенция
.
6. 1988 жылғы 24 ақпанда Монреалда жасалған Азаматтық авиация қауіпсіздігіне қарсы бағытталған заңсыз актілерге қарсы күрес туралы конвенцияны толықтыратын Халықаралық азаматтық авиацияға қызмет көрсететін әуежайларда заңсыз күш көрсету актілеріне қарсы күрес туралы хаттама.
7. 1988 жылғы 10 наурызда Римде жасалған Теңізде кемеде жүзу қауіпсіздігіне қарсы бағытталған заңсыз актілерге қарсы күрес туралы конвенция.
8. 1988 жылғы 10 наурызда Римде жасалған Құрлық шельфінде орналасқан стационарлық платформалардың қауіпсіздігіне қарсы бағытталған заңсыз актілерге қарсы күрес туралы хаттама.