Нашақорлықпен ауыратын адамдарды медициналық-әлеуметтік оңалту туралы

Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 27 мамырдағы N 325 Заңы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі N 193-IV Заңымен

      Ескерту. Заңның күші жойылды - ҚР 2009.09.18. N 193-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 186-баптан қараңыз) Заңымен.
  
МАЗМҰНЫ

      Осы Заң нашақорлықпен ауыратын адамдарды оңалту саласындағы мемлекеттік саясаттың медициналық, әлеуметтік, құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін реттейді. 

       1-бап. Негізгі ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) нашақорлықпен ауыратын адамдарды медициналық-әлеуметтік оңалту - медициналық және әлеуметтік іс-шараларды кешенді түрде пайдалана отырып, отбасылық және қоғамдық өмірге тарту арқылы, нашақорлықпен ауыратын адамдардың нашақорлыққа тәуелділігін емдеуге, олардың денсаулығын қалпына келтіруге бағытталған наркологиялық көмек түрлерінің бірі; 

      2) наркологиялық ұйымдар - Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен наркологиялық көмек көрсететін ауруханалар, диспансерлер, орталықтар, бөлімшелер немесе кабинеттер; 

      3) наркологиялық көмек - наркологиялық сырқатқа шалдығудың алдын алуды, нашақорлықпен ауыратын адамдарға диагностика жасауды, оларды емдеу мен медициналық-әлеуметтік оңалтуды қамтитын мамандандырылған медициналық көмек түрлерінің бірі; 

      4) психикаға белсенді әсер ететін заттар - бір рет қабылдағанда адамның психикалық және дене қызметіне, мінез-құлқына әсер ететін, ал ұзақ уақыт қабылдаған кезде психикалық және тәндік тәуелділік туғызатын синтетикалық немесе табиғи жолмен алынған заттар; 

      5) уәкілетті орган - азаматтардың денсаулығын сақтау, медициналық және фармацевтикалық бiлiм беру саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
       Ескерту. 1-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 Заңымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi).

      2-бап. Нашақорлықпен ауыратын адамдарды медициналық-
             әлеуметтік оңалту туралы заңдар

      1. Қазақстан Республикасының нашақорлықпен ауыратын адамдарды медициналық-әлеуметтік оңалту туралы заңдары Қазақстан Республикасының  Конституциясына негізделеді және осы Заңнан, Қазақстан Республикасының нашақорлықпен ауыратын адамдарды медициналық-әлеуметтік оңалту саласындағы құқықтық қатынастарды реттейтін және оңалту көрсету кезінде азаматтар құқықтарының кепілдіктерін қамтамасыз ететін өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. 

      2. Осы Заң Қазақстан Республикасының азаматтарына қолданылады. Осы Заң, оның тегін медициналық көмек туралы ережесін қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында жүрген, нашақорлықпен ауыратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылады. 
 

      3. Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленетін болса, халықаралық шарттардың ережелері қолданылады.

       3-бап. Нашақорлықпен ауыратын адамдарды
             медициналық-әлеуметтік оңалту 
             саласындағы мемлекеттік саясат

      Қазақстан Республикасының нашақорлықпен ауыратын адамдарды медициналық-әлеуметтік оңалту саласындағы мемлекеттік саясаты:     заңдылық, ізгілік, еріктілік, адамның және азаматтың құқықтарын сақтау;
      нашақорлықпен ауыратын адамдарға қол жетімді медициналық-әлеуметтік оңалтуды қамтамасыз ету;
      наркологиялық көмек беру кезінде азаматтардың әлеуметтік қорғалуы принциптері негізінде жүргізіледі.

       4-бап. Нашақорлықпен ауыратын адамдарды медициналық-
             әлеуметтік оңалту саласындағы мемлекеттік
             органдардың құзыреті

      1. Қазақстан Республикасының Үкіметі: 
 

      1) нашақорлықпен ауыратын адамдарды медициналық-әлеуметтік оңалту саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзірлейді; 
 

      2) нашақорлықпен ауыратын адамдарды медициналық-әлеуметтік оңалту саласындағы бағдарламаларды бекітеді. 
 

      2.  Уәкілетті орган
      1) нашақорлықпен ауыратын адамдарды медициналық-әлеуметтік оңалту саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырады; 
 

      2) нашақорлықпен ауыратын адамдарды медициналық-әлеуметтік оңалту саласындағы бағдарламаларды әзірлейді және олардың іске асырылуын бақылауды жүзеге асырады; 
 

      3) нашақорлықпен ауыратын адамдарды медициналық-әлеуметтiк оңалту саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру жөнiндегi қоғамдық бiрлестiктермен өзара iс-қимылды жүзеге асырады; 
      4) <*>
 

      5) нашақорлықпен ауыратын адамдарды медициналық-әлеуметтік оңалтудың толықтығы мен сапасына және нашақорлықпен ауыратын адамдарды оңалтуды қамтамасыз ететін мамандардың кәсіптік қызметін бақылауды жүзеге асырады. 
 

      3. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдары: 
 

      1) нашақорлықпен ауыратын адамдарды медициналық-әлеуметтік оңалту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады; 
 

      2) нашақорлықпен ауыратын адамдарды медициналық-әлеуметтік оңалту жөніндегі аймақтық бағдарламаларды әзірлейді, бекітеді және іске асырады; 
 

      3) нашақорлықпен ауыратын адамдарды медициналық-әлеуметтік оңалту және оларды еңбекке орналастыру үшін жағдай жасайды;
 

      4) нашақорлықпен ауыратын адамдарды медициналық-әлеуметтiк оңалту саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру жөнiндегi қоғамдық бiрлестiктермен, жеке медициналық практикамен айналысатын жеке және заңды тұлғалармен өзара iс-қимылды жүзеге асырады.
       Ескерту. 4-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.  N 13 Заңымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi).

         5-бап. Нашақорлықпен ауыратын адамдарды
             медициналық-әлеуметтік оңалту үшін
             наркологиялық ұйымдарға жіберудің
             негіздемесі

      Медициналық-әлеуметтік оңалту мақсатында наркологиялық ұйымдарға жіберу үшін: 
 

      1) нашақорлықпен ауыратын адамдарды наркологиялық ұйымдарда (стационарлық және амбулаториялық буында) емдеуде қол жеткен нәтижелерді бекіту қажеттігі; 
 

      2) нашақорлықпен ауыратын адамдарды еңбекке тарту мен оларды отбасылық және қоғамдық өмірге қосу үшін кешенді медициналық және әлеуметтік-еңбек іс-шараларын жүргізу қажеттігі негіздеме болып табылады. 
      Нашақорлықпен ауыратын адамдарды медициналық-әлеуметтік оңалту орталықтарына (бөлімшелеріне) жіберудің, нашақорлықтан зардап шегетін ауруларды онда ұстаудың тәртібін және оларға көрсетілетін көмектің көлемін уәкілетті орган  белгілейді және Қазақстан Республикасының заң актілерімен реттеледі. 
       Ескерту. 5-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.  N 13 Заңымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi).

       6-бап. Нашақорлықпен ауыратын және медициналық-
             әлеуметтік оңалтуға мұқтаж адамдардың
             наркологиялық ұйымдарға өз еркімен 
             өтініш жасауы

      1. Нашақорлықпен ауыратын адамдар наркологиялық ұйымдарға медициналық көмек сұрап өтініш жасаған жағдайда, оларды медициналық-әлеуметтік оңалту ерікті түрде (тілек білдірген жағдайда - жасырын) жүргізіледі. 
 

      2. Нашақорлықпен ауыратын кәмелетке толмаған адамды, сондай-ақ нашақорлықпен ауыратын,  белгіленген   тәртіппен іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған адамды медициналық-әлеуметтік оңалту олардың заңды өкілдерінің келісімімен Қазақстан Республикасының заңдарында  көзделген тәртіппен жүргізіледі. 

       7-бап. Нашақорлықпен ауыратын адамдардың құқықтары

      1. Нашақорлықпен ауыратын адамдардың: 
 

      1) білікті медициналық көмек алуға; 
 

      2) наркологиялық ұйымды таңдауға; 
 

      3) өз құқықтары мен өздерінің наркологиялық сырқатқа шалдығуының сипаты және қолданылатын емдеу мен оңалту әдістері туралы ақпарат алуға; 
 

      4) медициналық-әлеуметтік оңалтуды - тұрғылықты жері бойынша, сондай-ақ қажет болған жағдайда жүрген жері бойынша өткізуге құқығы бар. 
 

      2. Нашақорлықпен ауыратын адамның немесе оның заңды өкілінің ұсынылып отырған медициналық-әлеуметтік оңалтудың кез келген сатысында одан бас тартуға құқығы бар. 
 

      3. Медициналық-әлеуметтік оңалтудан бас тартқан адамға не оның заңды өкіліне оңалту іс-шараларын тоқтатудың ықтимал зардаптары түсіндірілуге тиіс. Медициналық-әлеуметтік оңалтудан бас тарту, оның ықтимал зардаптары туралы мәліметтер көрсетіле отырып, медициналық құжаттамаға жазбамен рәсімделеді, оған нашақорлықпен ауыратын адамның немесе оның заңды өкілінің және психиатр-нарколог дәрігердің қолы қойылады. 
 

      4. Қазақстан Республикасының  заң   актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, нашақорлық диагнозының болуы, наркологиялық ұйымда диспансерлік қадағалауда тұру фактісі негізінде ғана нашақорлықпен ауыратын адамдардың құқықтары мен бостандықтарын шектеуге жол берілмейді. 

       8-бап. Наркологиялық көмек көрсету жөніндегі
            іс-шараларды қаржыландыру

      Наркологиялық көмек көрсету жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру: 
      1) бюджет қаражаты есебiнен;
 

      2) Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін өзге де көздер есебінен жүзеге асырылады.
       Ескерту. 8-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.  N 13 Заңымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi).

       9-бап. Осы Заңды бұзғаны үшін жауаптылық

      Осы Заңды бұзғаны үшін жауаптылық Қазақстан Республикасының  заң актілеріне сәйкес белгіленеді.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

О медико-социальной реабилитации лиц, больных наркоманией

Закон Республики Казахстан от 27 мая 2002 года N 325. Утратил силу Кодексом Республики Казахстан от 18 сентября 2009 года N 193-IV

      Сноска. Утратил силу Кодексом РК от 18.09.2009 N 193-IV.

ОГЛАВЛЕНИЕ

      Настоящий Закон регулирует медицинские, социальные, правовые и организационные основы государственной политики в сфере реабилитации лиц, больных наркоманией.

        Статья 1. Основные понятия

      В настоящем Законе используются следующие основные понятия:

      1) медико-социальная реабилитация лиц, больных наркоманией, - один из видов наркологической помощи, направленный на лечение наркотической зависимости лиц, больных наркоманией, восстановление их здоровья, с комплексным использованием медицинских и социальных мероприятий и приобщением к семейной и общественной жизни;

      2) наркологические организации - больницы, диспансеры, центры, отделения или кабинеты, которые оказывают наркологическую помощь в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан;

      3) наркологическая помощь - один из видов специализированной медицинской помощи, включающий в себя профилактику наркологических расстройств, диагностику, лечение и медико-социальную реабилитацию лиц, больных наркоманией;

      4) психоактивные вещества - вещества синтетического или природного происхождения, которые при однократном приеме оказывают воздействие на психические и физические функции, поведение человека, а при длительном употреблении вызывают психическую и физическую зависимость;

      5) уполномоченный орган - центральный исполнительный орган, осуществляющий руководство в области охраны здоровья граждан, медицинского и фармацевтического образования.  <*>
      Сноска. В статью 1 внесены изменения - Законом РК от 20 декабря 2004 г.  N 13 (вводится в действие с 1 января 2005 г.).

        Статья 2. Законодательство о медико-социальной
                реабилитации лиц, больных наркоманией

      1. Законодательство Республики Казахстан о медико-социальной реабилитации лиц, больных наркоманией, основывается на  Конституции Республики Казахстан и состоит из настоящего Закона, иных нормативных правовых актов Республики Казахстан, регулирующих правоотношения в сфере медико-социальной реабилитации лиц, больных наркоманией, и обеспечивающих гарантии прав граждан при ее оказании.
      2. Настоящий Закон распространяется на граждан Республики Казахстан. На иностранцев и лиц без гражданства, больных наркоманией, находящихся на территории Республики Казахстан, настоящий Закон распространяется, за исключением его положения о бесплатной медицинской помощи.
      3. Если международными договорами, ратифицированными Республикой Казахстан, устанавливаются иные правила, чем те, которые установлены настоящим Законом, то применяются правила международных договоров.

        Статья 3. Государственная политика в сфере
                медико-социальной реабилитации лиц,
                больных наркоманией

      Государственная политика Республики Казахстан в сфере медико-социальной реабилитации лиц, больных наркоманией, проводится на основе принципов:
      законности, гуманности, добровольности, соблюдения прав человека и гражданина;
      обеспечения доступной медико-социальной реабилитации лицам, больным наркоманией;
      социальной защищенности граждан при предоставлении наркологической помощи.

        Статья 4. Компетенция государственных органов в области
                медико-социальной реабилитации лиц, больных
                наркоманией

      1. Правительство Республики Казахстан: 
      1) разрабатывает основные направления государственной политики в области медико-социальной реабилитации лиц, больных наркоманией;
      2) утверждает программы в области медико-социальной реабилитации лиц, больных наркоманией.
      2.  Уполномоченный орган :
      1) осуществляет государственную политику в области медико-социальной реабилитации лиц, больных наркоманией;
      2) разрабатывает программы в области медико-социальной реабилитации лиц, больных наркоманией, и осуществляет контроль за их реализацией;
      3) осуществляет взаимодействие с общественными объединениями по реализации государственной политики в области медико-социальной реабилитации лиц, больных наркоманией;
      4) (исключен)
      5) осуществляет контроль за полнотой и качеством медико-социальной реабилитации лиц, больных наркоманией, и профессиональной деятельностью специалистов, обеспечивающих реабилитацию лиц, больных наркоманией.
      3. Местные представительные и исполнительные органы областей (города республиканского значения, столицы):
      1) реализуют государственную политику в области медико-социальной реабилитации лиц, больных наркоманией;
      2) разрабатывают, утверждают и реализуют региональные программы по медико-социальной реабилитации лиц, больных наркоманией;
      3) создают условия для проведения медико-социальной реабилитации лиц, больных наркоманией, и их трудоустройства;
      4) осуществляют взаимодействие с общественными объединениями, физическими и юридическими лицами, занимающимися частной медицинской практикой по реализации государственной политики в области медико-социальной реабилитации лиц, больных наркоманией.  <*>
      Сноска. В статью 4 внесены изменения - Законом РК от 20 декабря 2004 г.  N 13 (вводится в действие с 1 января 2005 г.).

        Статья 5. Основания для направления лиц, больных
                наркоманией, в наркологические организации
                для медико-социальной реабилитации

      Основанием для направления в наркологические организации с целью медико-социальной реабилитации является:
      1) необходимость закрепления результатов лечения лиц, больных наркоманией, достигнутых в наркологических организациях (стационарного и амбулаторного звена);
      2) необходимость проведения комплексных медицинских и социально-трудовых мероприятий для приобщения лиц, больных наркоманией, к труду и включения их в семейную и общественную жизнь.
      Порядок направления лиц, больных наркоманией, условия содержания и объем помощи больным, страдающим наркоманией, в центрах (отделениях) медико-социальной реабилитации  определяются уполномоченным органом и регулируются законодательными актами Республики Казахстан.  <*>
      Сноска. В статью 5 внесены изменения - Законом РК от 20 декабря 2004 г.  N 13 (вводится в действие с 1 января 2005 г.).

        Статья 6. Добровольное обращение в наркологические
                организации лиц, больных наркоманией и
                нуждающихся в медико-социальной
                реабилитации

      1. Медико-социальная реабилитация лиц, больных наркоманией, проводится добровольно при их обращении за медицинской помощью в наркологические организации (при желании - анонимно).
      2. Несовершеннолетнему лицу, больному наркоманией, а также больному наркоманией, признанному в  установленном   порядке недееспособным, медико-социальная реабилитация проводится с согласия их законных представителей в порядке,  предусмотренном законодательством Республики Казахстан.

        Статья 7. Права лиц, больных наркоманией

      1. Лица, больные наркоманией, имеют право на:
      1) получение квалифицированной медицинской помощи;
      2) выбор наркологической организации;
      3) получение информации о своих правах и о характере имеющихся у них наркологических расстройств, применяемых методах лечения и реабилитации;
      4) проведение медико-социальной реабилитации по месту жительства, а также в случае необходимости - по месту нахождения.
      2. Больной наркоманией или его законный представитель имеет право отказаться от предлагаемой медико-социальной реабилитации на любой стадии.
      3. Лицу, отказавшемуся от медико-социальной реабилитации, либо его законному представителю должны быть разъяснены возможные последствия прекращения реабилитационных мероприятий. Отказ от медико-социальной реабилитации с указанием сведений о возможных последствиях оформляется записью в медицинской документации за подписью лица, больного наркоманией, или его законного представителя и врача - психиатра-нарколога.
      4. Не допускается ограничение прав и свобод лиц, больных наркоманией, только на основании наличия диагноза наркомании, факта нахождения под диспансерным наблюдением в наркологической организации, за исключением случаев, предусмотренных  законодательными   актами Республики Казахстан.

        Статья 8. Финансирование мероприятий по оказанию
                наркологической помощи

      Финансирование мероприятий по оказанию наркологической помощи осуществляется:
      1) за счет бюджетных средств;
      2) за счет иных источников, не противоречащих законодательству Республики Казахстан.  <*>
      Сноска. В статью 8 внесены изменения - Законом РК от 20 декабря 2004 г.  N 13 (вводится в действие с 1 января 2005 г.).

        Статья 9. Ответственность за нарушение
                настоящего Закона

            Ответственность за нарушение настоящего Закона устанавливается в соответствии с  законодательными актами Республики Казахстан.

      Президент
      Республики Казахстан