Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Бухгалтерлiк есепке алу туралы" заң күшi бар Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2002 жылғы 24 маусым N 329-ІІ

      1-бап. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Бухгалтерлiк есепке алу туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы N 2732  Z952732_  заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 24, 171-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 13-14, 205-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат; 2001 ж., N 24, 338-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 
      1. Тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: 
      "Бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңы".

      2. Кiрiспе мынадай редакцияда жазылсын: 
      "Осы Заң Қазақстан Республикасында бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп беру жүйесiн айқындайды, бухгалтерлiк есепке алуды жүргiзу мен қаржылық есеп берудi жасаудың принциптерін, негізгі сапалық сипаттамалары және жалпы ережелерiн белгiлейдi.". 

      3. Тараулардың тақырыптарындағы "I", "IV" және "V" деген цифрлар "1", "4" және "5" деген цифрлармен ауыстырылсын. 

      4. 1 және 2-баптар мынадай редакцияда жазылсын: 
      "1-бап. Осы Заңның қолданылу аясы 
      1. Осы Заңның күші міндетті мемлекеттік тіркелуге жататын жеке кәсіпкерлерге (бұдан әрі - кәсіпкерлерге), Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген резидент еместердің филиалдары мен өкілдіктеріне (бұдан әрі - ұйымдарына) қолданылады. 
      2. Кәсіпкерлер мен ұйымдар осы Заңға, Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп беру жөнiндегi өзге де нормативтiк құқықтық актiлеріне, бухгалтерлік есепке алу стандарттарына сәйкес бухгалтерлік есепке алуды жүргізуге және қаржылық есеп берудi жасауға міндетті. 

      2-бап. Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есепке алу мен 
             қаржылық есеп беру туралы заңнамасы 
      1. Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерінен тұрады. 
      2. Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, халықаралық шарттың ережелері қолданылады.".

      5. Мынадай мазмұндағы 2-1-баппен толықтырылсын: 
      "2-1-бап. Қазақстан Республикасындағы халықаралық қаржылық 
                есеп беру стандарттары 
      Қаржылық есеп берудi жасауды ұйымдар Халықаралық қаржылық есеп беру стандарттары жөніндегі комитеттен оларды ресми аударуға және (немесе) Қазақстан Республикасында жариялауға жазбаша рұқсаты бар ұйым мемлекеттік тілде және орыс тілінде жариялаған халықаралық қаржылық есеп беру стандарттарына сәйкес жүзеге асырады. 
      Осы баптың ережесi мемлекеттiк мекемелерге қолданылмайды.". 

      6. 3, 4 және 5-баптар мынадай редакцияда жазылсын: 
      "3-бап. Бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп беру жүйесiн мемлекеттiк реттеу 

      1. Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру жүйесiн реттеудi уәкiлеттi мемлекеттiк орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) жүзеге асырады. 
      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнен басқа, мемлекеттiк мекемелердегi бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру жүйесiн реттеудің ерекшелiктерi мемлекеттiк мекемелер үшін Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп беру жөнiндегi нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді. 
      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiндегi бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп беру жүйесiн реттеудi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Директорлар Кеңесi (Директорат) жүзеге асырады. 
      4. Қызметін реттеу мен қадағалау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне жүктелген ұйымдардың бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп беру жүйесiн реттеудi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 
      5. Уәкілетті орган: 
      1) бухгалтерлiк есепке алудың стандарттары мен оларға әдiстемелiк ұсынымдарды әзiрлейдi және бекітеді, Қазақстан Республикасының халықаралық қаржылық есеп беру стандарттарымен реттелмеген және оларға қайшы келмейтін бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерін қабылдайды; 
      2) бухгалтерлік есепке алу шоттарының үлгі жоспарлары мен оларға әдістемелік ұсынымдарды әзірлейді және бекітеді; 
      3) өзге де мемлекеттік органдармен және бухгалтерлер мен аудиторлардың кәсіптік ұйымдарымен бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды; 
      4) бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру саласындағы өзге де функцияларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады. 
      6. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі: 
      1) қызметін реттеу мен қадағалауды жүзеге асыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне жүктелген ұйымдар үшін: 
      уәкілетті органның келісімімен халықаралық қаржылық есеп беру стандарттарымен реттелмеген және оларға қайшы келмейтін мәселелер бойынша бухгалтерлік есепке алу стандарттарын, сондай-ақ оларға әдістемелік ұсынымдар әзірлейді және бекітеді; 
      осы Заңның талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру жөніндегі нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ бухгалтерлік есепке алу шоттарының үлгі жоспарларын әзірлейді және бекітеді; 
      Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы заңнамасы талаптарының және бухгалтерлік есепке алу стандарттарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады; 
      2) қызметін реттеу мен қадағалауды жүзеге асыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне жүктелген аффилирленген тұлғалар үшін осы Заңның талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының қаржылық есеп беру жөніндегі нормативтік құқықтық актілерін әзірлейді және бекітеді. 

      4-бап. Бухгалтерлiк есепке алу стандарттары мен бухгалтерлiк 
             есепке алу шоттарының үлгі жоспары 

      
      1. Бухгалтерлiк есепке алу стандарттары бухгалтерлiк есепке алуды жүргiзудiң және қаржылық есеп берудi жасаудың жалпы ережелерi мен әдiстерiн белгiлейдi. 
      2. Бухгалтерлiк есепке алу шоттарының үлгі жоспары бухгалтерлiк есепке алудың синтетикалық шоттарының жүйеленген тiзбесiн білдіреді. 

      5-бап. Бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп берудiң 
             мақсаты 

      Бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп берудiң мақсаты мүдделі тұлғаларды (бұдан әрi - пайдаланушылар) кәсiпкерлер мен ұйымдардың қаржылық жағдайы, қызметiнiң нәтижелерi мен қаржылық жағдайындағы өзгерiстер туралы толық және шынайы ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады.". 

      7. Мынадай мазмұндағы 5-1-баппен толықтырылсын: 
      "5-1-бап. Бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп берудiң 
                принциптерi мен негiзгi сапалық сипаттамалары 
      1. Бухгалтерлiк есепке алуды жүргізу мен қаржылық есеп берудi жасаудың принциптерi есептеу және үздiксiздiк болып табылады. 
      2. Қаржылық есеп берудің негізгі сапалық сипаты түсiнiктiлік, орындылық, сенімділік және салыстырмалылық болып табылады.". 

      8. II тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: 
      "2-тарау. Бухгалтерлік есепке алу жүйесi, бухгалтерлiк құжаттама және iшкi бақылау". 

      9. 6-бапта: 
      1) 1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: 
      "1. Бухгалтерлiк есепке алу Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы заңнамасымен, бухгалтерлік есепке алу стандарттарымен, сондай-ақ ұйымның есеп саясатымен регламенттелген кәсiпкерлер мен ұйымдардың операциялары мен оқиғалары туралы ақпарат жинау, тіркеу және қорыту жүйесiн білдіреді. 
      2. Есеп саясаты ұйымның қажетіне және оның қызметiнiң ерекшелiктерiне орай, Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы заңнамасының талаптарына, бухгалтерлiк есепке алу стандарттары мен бухгалтерлiк есепке алу шоттарының үлгі жоспарларына сәйкес бухгалтерлiк есепке алуды жүргiзу мен қаржылық есеп берудi жасау үшiн ұйым қабылдаған принциптердi, негiздердi, шарттарды, ережелер мен практиканы бiлдiредi."; 
      2) 3-тармақ алып тасталсын;
      3) 4-тармақта:
      бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Операциялар мен оқиғалар бухгалтерлiк есепке алу жүйесiнде көрiнiс табады, бұл ретте:"; 
      1) тармақшадағы "операциялардың" деген сөзден кейiн "және оқиғалардың" деген сөздермен толықтырылсын; 
      2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: 
      2) операциялар мен оқиғаларды хронологиялық ретпен және уақтылы тіркеуді; 
      3) әр айдың бiрiншi күнiндегi жағдай бойынша синтетикалық (жиынтық) есептердiң талдамалы (егжей-тегжейлi) есептермен сәйкестендірілуін қамтамасыз етеді."; 
      4) 5 және 6-тармақтар алып тасталсын; 
      5) 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
      "7. Операциялар мен оқиғалар синтетикалық шоттарда қосарлы жазба жүргiзу әдiсiмен бухгалтерлiк есепке алу шоттарының жоспарына сәйкес көрсетiледi. Операциялар мен оқиғалардың талдамалық есебiн жүргiзу тәртiбiн кәсіпкер немесе заңды тұлғаның лауазымды адамдары (бұдан әрi - басшылық) белгілейдi, олар Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне және құрылтай құжаттарына сәйкес ағымдағы басшылық пен iс жүргiзудi кәсiпкер мен ұйымның қажетiне орай жүзеге асырады."; 
      6) мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын: 
      "8. Кәсiпкерлер мен ұйымдар бухгалтерлiк есепке алуды жүргiзу мен қаржылық есеп берудi мемлекеттік тілде және (немесе) орыс тiлiнде жасауды қамтамасыз етедi.".

      10. Мынадай мазмұндағы 6-1-баппен толықтырылсын: 
      "6-1-бап. Бухгалтерлiк құжаттама 
      1. Бухгалтерлiк құжаттама бастапқы құжаттарды, бухгалтерлiк есепке алудың тiркелiмдерiн, қаржылық есеп берудi және есеп саясатын қамтиды. 
      2. Бухгалтерлiк жазбалар бастапқы құжаттар негiзiнде жүргізiлуге тиiс. Бастапқы құжаттар - операциялардың жасалуын немесе оқиғалар фактiсiн тiркейтiн құжаттар. Электронды жеткiзiлген бастапқы құжаттың қағаз түрiнде ресiмделген бастапқы құжаттық күшi болады. 
      3. Операциялар мен оқиғаларды ресiмдеу үшiн қолданылатын бастапқы құжаттарға арналған нысандарды немесе оларға қойылатын талаптарды уәкiлеттi орган және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекiтедi. 
      4. Уәкiлеттi орган және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi нысандарын немесе оларға қойылатын талаптарды бекiтпеген, қағазға түсiрiлген және электронды жеткiзушiлердегi бастапқы құжаттарды кәсіпкерлер мен ұйымдар дербес әзiрлейдi және оларда мынадай деректемелер мiндеттi түрде қамтылуға тиiс: 
      1) құжаттың атауы (нысандар); 
      2) жасалған күнi, айы, жылы; 
      3) өзiнiң атынан құжат жасалған ұйымның атауы немесе кәсiпкердің тегi және аты-жөнi; 
      4) операцияның немесе оқиғаның мазмұны; 
      5) операцияның немесе оқиғаның өлшем бiрлiктерi (сандық және құндық көрсеткіштермен берiлген); 
      6) операциялардың жасалуы (оқиғаның расталуы) және оны ресiмдеудің дұрыстығы үшiн жауапты адамдардың лауазымы, тегi, аты-жөнi және қолы. 
      Операцияның немесе оқиғаның сипатына, Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерінің талаптарына және есепке алу ақпаратын өңдеу тәсiлiне қарай бастапқы құжаттарға қосымша деректемелер енгiзiлуi мүмкiн. 
      5. Бастапқы құжаттар операция жасалған немесе оқиға болған не олар тiкелей аяқталған кезде жасалуға тиiс. 
      6. Есепке алуға қабылданған бастапқы құжаттарда қамтылған ақпарат нысандарын немесе оларға қойылатын талаптарды уәкiлеттi орган және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекiтетiн бухгалтерлiк есепке алу тiркелiмдерiнде жинақталады және жүйелендiрiледi. 
      Бухгалтерлiк есепке алу тiркелiмiнің деректерi топтастырылған түрде қаржылық есеп беруге көшiрiледi. 
      7. Бухгалтерлiк есепке алудың бастапқы құжаттары мен тiркелiмдерi электронды жеткiзушiлерде жасалған кезде, ұйымдар мен кәсiпкерлер операциялардың басқа қатысушылары үшiн, сондай-ақ осындай талап ету құқығы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берiлген мемлекеттік органдардың талаптары бойынша мұндай құжаттардың қағазға түсiрiлген көшiрмелерiн дайындауға мiндеттi.
      8. Кассалық және банктiк бастапқы құжаттарға түзетулер енгiзуге жол берiлмейдi. Қалған бастапқы құжаттарға түзетулер тиiсті операцияларға қатысушылардың келiсiмiмен ғана енгiзілуі мүмкiн, түзетулердi енгiзген күн, ай, жыл көрсетiліп, құжатқа қол қойған тұлғалардың қолдарымен расталуға тиiс.".      

      11. 7-бапта:
      1) 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Басшылық:
      1) есепке алу саясатын қалыптастырады;
      2) бухгалтерлiк есепке алудың ұйымдастырылуын қамтамасыз етеді.
       Есепке алу саясаты Қазақстан Республикасының заңнамасында және ұйымның жарғысында (ережесінде) белгiленген тәртiппен бекiтiледi."; 
       2) 2-тармақта: 
       бiрiншi абзацтағы "Басшы" деген сөз "Басшылық немесе кәсiпкер" деген сөздермен ауыстырылсын; 
       3) тармақшада мемлекеттiк тiлдегi мәтiнде "шарттық негiзде" деп дұрыс жазылған, "фирмаға" деген сөз "ұйымға" деген сөзбен ауыстырылсын; 
       3) 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
       "3. Бухгалтерлiк есепке алуды жүргiзу мен қаржылық есеп берудi жасауға уәкiлеттi тұлғалар осы баптың 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы заңнамасын, бухгалтерлiк есепке алу стандарттары мен бухгалтерлiк есепке алу шоттарының үлгi жоспарын сақтауға мiндеттi.". 

      12. 8-бапта: 
      1) тақырыбындағы "және сыртқы" деген сөздер алып тасталсын; 
      2) 1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: 
      "1. Ұйым Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы заңнамасының, есепке алу саясатының сақталуын, активтердің сақталуы жөнiндегi, бухгалтерлiк есепке алуды жүргiзу мен қаржылық есеп берудi жасау кезiнде ұрлық пен жаңсақтық жағдайларын болдырмау және анықтау жөнiндегi шараларды қоса алғанда, операциялардың тиімді жүргiзiлуiн қамтамасыз ету үшiн iшкi бақылауды ұйымдастыруға құқылы. 
      2. Iшкi бақылауды ұйымдастыруды басшылық қамтамасыз етедi."; 
      3) 3-тармақта "Субъект", "тәуелсiз аудитор" деген сөздер тиiсiнше "Мемлекеттiк мекемелерден басқа ұйымдар", "тәуелсiз аудиторларды немесе аудиторлық ұйымдарды" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      4) 4-тармақ алып тасталсын; 
      5) 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
      "5. Мемлекеттiк мекемелердi бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкiлетті органдар жүргiзедi.". 

      13. 9-бапта: 
      1) 1-тармақтағы "Субъект басшысы" деген сөздер "Басшылық немесе кәсіпкер" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      2) 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
      "2. Электронды қолтаңбаны пайдаланушы кәсiпкерлер немесе ұйымдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пайдалану құқығы мен электронды қолтаңбаға қол жеткiзуге қатысты сақтық пен бақылаудың тиiстi шараларын белгiлеуге тиiс.". 

      14. 10 және 11-баптар мынадай редакцияда жазылсын: 
      "10-бап. Бухгалтерлiк ақпараттың құпиясы 
      1. Бухгалтерлiк есепке алудың бастапқы құжаттары мен тiркелiмдерiнiң мазмұны коммерциялық құпияны құрайтын ақпарат болып табылады, оған пұрсат басшылықтың немесе кәсiпкердің рұқсаты бар адамдарға ғана, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарына берiледi. 
      2. Аталған құжаттарға пұрсаты бар адамдар құжаттар иесiнiң келiсiмiнсiз ондағы ақпаратты жария етпеуге мiндеттi және оны жеке мүддесiне пайдалануға құқығы жоқ. Коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратқа пұрсаты бар адамдар оны жария еткенi үшiн Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерiне сәйкес жауапкершiлiкте болады. 

     11-бап. Бухгалтерлiк құжаттаманы сақтау

     Кәсiпкерлер мен ұйымдар бухгалтерлік есепке алудың бастапқы құжаттарын, қағазға түсiрiлген және (немесе) электронды жүргізушiлердегi бухгалтерлiк есепке алудың тiркелiмдерiн, қаржылық есеп берудi, есеп саясатын, есепке алу деректерiнiң электрондық өңдеу бағдарламасын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген кезең iшiнде сақтауға мiндеттi.". 

     15. III тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
     "3-тарау. Қаржылық есеп берудің элементтерiн бағалау мен есепке алу".      

     16. 12-бап алып тасталсын.      

     17. 13, 14, 15 және 16-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      "13-бап. Қаржылық есеп берудің элементтері

      1. Қаржылық жағдайды бағалауға байланысты қаржылық есеп беру элементтерi активтер, мiндеттемелер және өз капиталы болып табылады. 
      Активтер - өткен операциялар немесе оқиғалар нәтижесiнде алынған мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес игiлiктер мен болашақта кiрiстер алу күтiлетiн құндық бағасы бар құқықтар. 
      Мiндеттеме - өткен операциялар немесе оқиғалар нәтижесiнде туындаған және жеке тұлғаның немесе ұйымның пайдасына белгілі бiр iс-әрекет жасауға: мүлiк беруге, жұмыстар орындауға, ақша төлеуге және басқаларына, не өтелуi активтердi азайтуға әкеп соғатын белгiлi бiр iс-әрекеттен қалыс қалуға құндық бағасы бар мiндеттеме. 
      Өз капиталы (таза активтер) - мiндеттемелер шегерiлген активтер. 
      2. Қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижелерін бағалауға тiкелей байланысты қаржылық есеп беру элементтерi кiрiстер мен шығыстар болып табылады. 
      Кiрiстер - есептi кезең iшiнде активтердi көбейту немесе олардың құнын арттыру түрiнде экономикалық пайданы ұлғайту не меншiк иелерінің салымдарына байланысты емес өз капиталын көбейтуге әкеп соғатын мiндеттемелердi азайту. 
      Шығыстар - есептi кезең iшiнде активтердi немесе олардың құнын азайту түрiнде экономикалық пайданы азайту не оны меншiк иелерiнiң арасында бөлуге байланысты емес өз капиталын азайтуға әкеп соғатын мiндеттемелердi көбейту. 

      14-бап. Қаржылық есеп берудің элементтерiн бағалау 

      1. Қаржылық есеп берудің элементтерін бағалау - ақша сомасын анықтау, ол бойынша осы элементтер танылады және бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп беруде тiркеледi. Бағалауды қолдану әдiстерi мен тәртiбi Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы заңнамасының талаптарына және бухгалтерлiк есепке алу стандарттарына сәйкес белгiленедi. 
      2. Қаржылық есеп беру элементтерi бағаланады және олар бойынша есеп берулер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен жүргiзiледi. 
      3. Шетел валютасымен жасалған операциялар мен оқиғалар Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы заңнамасында және бухгалтерлiк есепке алу стандарттарында белгiленген тәртiппен, валюта айырбасының нарықтық бағамы қолданыла отырып, Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен есептеледi. 

     15-бап. Қаржылық есеп беру элементтерiн есепке алу

     Есепке алудың әдiстерi және қаржылық есеп беру элементтерiн тану тәртiбi Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы заңнамасының талаптарына және бухгалтерлiк есепке алу стандарттарына сәйкес белгiленедi.     

     16-бап. Қаржылық есеп беру

     1. Қаржылық есеп беру ұйымның қаржылық жағдайы, қызметiнің нәтижелерi мен қаржылық жағдайындағы өзгерiстер туралы ақпарат болып табылады.
     2. Мемлекеттік мекемелердің есеп беруiн қоспағанда, қаржылық есеп беру:
     1) бухгалтерлік балансты;
     2) кiрiстер мен шығыстар туралы есептi;
     3) ақша қозғалысы туралы есептi;
     4) өз капиталындағы өзгерiстер туралы есептi;
     5) есепке алу саясаты туралы ақпаратты және түсiндiрме жазбаны
қамтиды.
      Қаржылық есеп беру Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы заңнамасының талаптарына және бухгалтерлiк есепке алу стандарттарына сәйкес басқа да материалдармен толықтырылуы мүмкiн. 
      Қаржылық есеп берудi жасаудың тәртiбi Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы заңнамасының талаптарына және бухгалтерлiк есепке алу стандарттарына сәйкес белгiленедi. 
      3. Мемлекеттік мекемелердің қаржылық есеп беруінің көлемiн, нысандары мен тәртiбiн, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде өзгеше көзделмесе, уәкiлеттi орган айқындайды. 
      4. Акцизделетiн өнiмдердi (алкоголь және темекi өнiмдерiн бөлшек саудада өткiзудi қоспағанда) өндiрумен, ұқсатумен және өткiзумен, сондай-ақ қызметтің акцизделетін түрлерiмен айналысатын ұйымдардан басқа, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын кәсiпкерлер мен ұйымдар Қазақстан Республикасының мемлекет алдындағы салықтық міндеттемелердi орындауын салықтық бақылауды қамтамасыз ететiн орталық атқарушы органның келiсiмiмен уәкілеттi орган бекiткен бухгалтерлiк есепке алуды жүргiзу мен бухгалтерлiк есепке алу стандарттары бойынша қаржылық есеп берудi жасаудың оңайлатылған нысанын қолдануға құқылы. 
      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын ұйымдар қаржылық есеп берудi жүргiзген кезде осы Заңның 2-1-бабының ережелерiн басшылыққа алуға құқылы. 
      5. Қаржылық есеп беруге ұйымның басшылығы және бас бухгалтерi (бухгалтерi) қол қояды. 
      Бухгалтерлiк есепке алуды мамандандырылған бухгалтерлiк ұйым немесе маман бухгалтер жүргiзетiн ұйымдардың қаржылық есеп беруiне ұйымның басшылығы, сондай-ақ мамандандырылған бухгалтерлiк ұйымның басшылығы немесе маман бухгалтер қол қояды.".      

     18. Мынадай мазмұндағы 16-1-баппен толықтырылсын:
     "16-1-бап. Шоғырландырылған қаржылық есеп беру

     Еншілес ұйымдары бар ұйымдар, негізгі ұйымның қызметі бойынша қаржылық есеп беруден басқа, Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы заңнамасына және бухгалтерлiк есепке алу стандарттарына сәйкес шоғырландырылған қаржылық есеп берудi жасауға және ұсынуға міндеттi.".

      19. 17-баптың 2-тармағында "субъект" деген сөз "ұйым" деген сөзбен ауыстырылсын, қазақ тiлiнің ерекшелiгiне сәйкес екiншi түзетудiң мемлекеттік тілдегі мәтiнге қатысы жоқ.      

      20. 18-бапта:
      1) 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Ұйымдар қаржылық есеп берудi:
      1) құрылтай құжаттарына сәйкес меншiк иелерiне;
      2) Қазақстан Республикасының статистика органдарында тiркелген жерi бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика органдарына; 
      3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының құзыретiне сәйкес соларға табыс етедi.". 
      2) 2-тармақтағы "Субъектілер" деген сөз "Ұйымдар" деген сөзбен ауыстырылсын; 
      3) мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын: 
      "4. Шоғырландырылған қаржылық есеп берудi табыс ету осы баптың 1-3-тармақтарына сәйкес жүргiзiледi.". 

      21. 19-бап мынадай редакцияда жазылсын: 
      "19-бап. Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есепке алу
               мен қаржылық есеп беру туралы заңнамасын бұзғаны
               үшiн жауапкершiлiк 
      Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерiмен көзделген жауапкершiлікке әкеп соғады.". 

      22. 20 және 21-баптар алып тасталсын.

      2-бап. Осы Заң:
      Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен айқындалатын жекелеген ұйымдар үшiн 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап;
      акционерлiк қоғамдар үшiн 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап;
      өзге ұйымдар үшін 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізiлетін осы Заңның 1-бабының 5-тармағын қоспағанда, ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгізіледi.
       Ескерту. 2-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2004.06.11. N 562  Заңымен .
          

       Қазақстан Республикасының
        Президенті 

 

О внесении изменений и дополнений в Указ Президента Республики Казахстан, имеющий силу Закона, "О бухгалтерском учете"

Закон Республики Казахстан от 24 июня 2002 года N 329

      Статья 1. Внести в Указ Президента Республики Казахстан, имеющий силу Закона, от 26 декабря 1995 г. N 2732 Z952732_  "О бухгалтерском учете" (Ведомости Верховного Совета Республики Казахстан, 1995 г., N 24, ст. 171; Ведомости Парламента Республики Казахстан, 1997 г., N 13-14, ст. 205; 1999 г., N 20, ст. 727; 2001 г., N 24, ст. 338) следующие изменения и дополнения:

      1. Заголовок изложить в следующей редакции:
      "Закон Республики Казахстан "О бухгалтерском учете и финансовой отчетности".

      2. Преамбулу изложить в следующей редакции:
      "Настоящий Закон определяет систему бухгалтерского учета и финансовой отчетности в Республике Казахстан, устанавливает принципы, основные качественные характеристики и общие правила ведения бухгалтерского учета и составления финансовой отчетности.".
      3. В заголовках глав цифры "I", "IV" и "V" заменить соответственно цифрами "1", "4" и "5".

      4. Статьи 1 и 2 изложить в следующей редакции:
      "Статья 1. Сфера действия настоящего Закона

      1. Действие настоящего Закона распространяется на индивидуальных предпринимателей, подлежащих обязательной государственной регистрации (далее - предприниматели), юридические лица, являющиеся резидентами Республики Казахстан, филиалы и представительства нерезидентов, зарегистрированные на территории Республики Казахстан (далее - организации).
      2. Предприниматели и организации обязаны вести бухгалтерский учет и составлять финансовую отчетность в соответствии с настоящим Законом, иными нормативными правовыми актами Республики Казахстан по бухгалтерскому учету и финансовой отчетности, со стандартами бухгалтерского учета.

      Статья 2. Законодательство Республики Казахстан о
                бухгалтерском учете и финансовой отчетности

      1. Законодательство Республики Казахстан о бухгалтерском учете и финансовой отчетности основывается на Конституции Республики Казахстан и состоит из настоящего Закона и иных нормативных правовых актов Республики Казахстан.
      2. Если международным договором, ратифицированным Республикой Казахстан, установлены иные правила, чем те, которые содержатся в настоящем Законе, то применяются правила международного договора.".

      5. Дополнить статьей 2-1 следующего содержания:
      "Статья 2-1. Международные стандарты финансовой
                   отчетности в Республике Казахстан

      Составление финансовой отчетности осуществляется организациями в соответствии с международными стандартами финансовой отчетности, опубликованными на государственном и русском языках организацией, имеющей письменное разрешение на их официальный перевод и (или) публикацию в Республике Казахстан от Комитета по международным стандартам финансовой отчетности.
      Положение настоящей статьи не распространяется на государственные учреждения.".

      6. Статьи 3, 4 и 5 изложить в следующей редакции:
      "Статья 3. Государственное регулирование системы
                 бухгалтерского учета и финансовой отчетности

      1. Регулирование системы бухгалтерского учета и финансовой отчетности в Республике Казахстан осуществляется уполномоченным государственным органом (далее - уполномоченный орган).
      2. Особенности регулирования системы бухгалтерского учета и финансовой отчетности в государственных учреждениях, кроме Национального Банка Республики Казахстан, устанавливаются нормативными правовыми актами Республики Казахстан по бухгалтерскому учету и финансовой отчетности для государственных учреждений.
      3. Регулирование системы бухгалтерского учета и финансовой отчетности в Национальном Банке Республики Казахстан осуществляется Советом директоров (Директоратом) Национального Банка Республики Казахстан.
      4. Регулирование системы бухгалтерского учета и финансовой отчетности в организациях, регулирование и надзор за деятельностью которых в соответствии с законодательством Республики Казахстан возложены на Национальный Банк Республики Казахстан, осуществляется Национальным Банком Республики Казахстан.
      5. Уполномоченный орган:
      1) разрабатывает и утверждает стандарты бухгалтерского учета и методические рекомендации к ним, принимает нормативные правовые акты Республики Казахстан по вопросам бухгалтерского учета и финансовой отчетности, не урегулированным международными стандартами финансовой отчетности, и не противоречащие им;
      2) разрабатывает и утверждает типовые планы счетов бухгалтерского учета и методические рекомендации к ним;
      3) взаимодействует с иными государственными органами и профессиональными организациями бухгалтеров и аудиторов по вопросам бухгалтерского учета и финансовой отчетности;
      4) осуществляет иные функции в области бухгалтерского учета и финансовой отчетности в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      6. Национальный Банк Республики Казахстан:
      1) для организаций, осуществление регулирования и надзора за деятельностью которых в соответствии с законодательством Республики Казахстан возложено на Национальный Банк Республики Казахстан:
      разрабатывает и утверждает по согласованию с уполномоченным органом стандарты бухгалтерского учета по вопросам, не урегулированным международными стандартами финансовой отчетности, и не противоречащие им, а также методические рекомендации к ним;
      разрабатывает и утверждает в соответствии с требованиями настоящего Закона нормативные правовые акты Республики Казахстан по бухгалтерскому учету и финансовой отчетности, а также типовые планы счетов бухгалтерского учета;
      осуществляет контроль за соблюдением требований законодательства Республики Казахстан о бухгалтерском учете и финансовой отчетности и стандартов бухгалтерского учета;
      2) для аффилиированных лиц организаций, осуществление регулирования и надзора за деятельностью которых в соответствии с законодательством Республики Казахстан возложено на Национальный Банк Республики Казахстан, разрабатывает и утверждает в соответствии с требованиями настоящего Закона нормативные правовые акты Республики Казахстан по финансовой отчетности.

      Статья 4. Стандарты бухгалтерского учета и типовой план
                счетов бухгалтерского учета

      1. Стандарты бухгалтерского учета устанавливают общие правила и методы ведения бухгалтерского учета и составления финансовой отчетности.
      2. Типовой план счетов бухгалтерского учета представляет собой систематизированный перечень синтетических счетов бухгалтерского учета.

      Статья 5. Цель бухгалтерского учета и финансовой отчетности

      Целью бухгалтерского учета и финансовой отчетности является обеспечение заинтересованных лиц (далее - пользователи) полной и достоверной информацией о финансовом положении, результатах деятельности и изменениях в финансовом положении предпринимателей и организаций.".

      7. Дополнить статьей 5-1 следующего содержания:
      "Статья 5-1. Принципы и основные качественные характеристики
                   бухгалтерского учета и финансовой отчетности

      1. Принципами ведения бухгалтерского учета и составления финансовой отчетности являются начисление и непрерывность.
      2. Основными качественными характеристиками финансовой отчетности являются понятность, уместность, надежность и сопоставимость.".
      8. Заголовок главы II изложить в следующей редакции:
      "Глава 2. Система бухгалтерского учета, бухгалтерская документация и внутренний контроль".
      9. В статье 6:
      1) пункты 1 и 2 изложить в следующей редакции:
      "1. Бухгалтерский учет представляет собой систему сбора, регистрации и обобщения информации об операциях и событиях предпринимателей и организаций, регламентированную законодательством Республики Казахстан о бухгалтерском учете и финансовой отчетности, стандартами бухгалтерского учета, а также учетной политикой организации.
      2. Учетная политика представляет собой принципы, основы, условия, правила и практику, принятые организацией для ведения бухгалтерского учета и составления финансовой отчетности в соответствии с требованиями законодательства Республики Казахстан о бухгалтерском учете и финансовой отчетности, стандартами бухгалтерского учета и типовым планом счетов бухгалтерского учета, исходя из потребностей организации и особенностей ее деятельности.";
      2) пункт 3 исключить;
      3) в пункте 4:
      абзац первый изложить в следующей редакции:
      "4. Операции и события отражаются в системе бухгалтерского учета, при этом должны обеспечиваться:";
      подпункт 1) дополнить словами "и событий";
      подпункты 2) и 3) изложить в следующей редакции:
      "2) хронологическая и своевременная регистрация операций и событий;
      3) приведение в соответствие синтетического (итогового) учета с аналитическим (детальным) учетом по состоянию на первое число каждого месяца.";
      4) пункты 5 и 6 исключить;
      5) пункт 7 изложить в следующей редакции:
      "7. Операции и события отражаются на синтетических счетах способом двойной записи в соответствии с типовым планом счетов бухгалтерского учета. Порядок ведения аналитического учета операций и событий устанавливается предпринимателем или должностными лицами юридического лица (далее - руководство), которые в соответствии с законодательными актами Республики Казахстан и учредительными документами осуществляют текущее руководство и ведение дел, исходя из потребностей предпринимателя или организации.";
      6) дополнить пунктом 8 следующего содержания:
      "8. Предприниматели и организации обеспечивают ведение бухгалтерского учета и составление финансовой отчетности на государственном и (или) русском языках.".

      10. Дополнить статьей 6-1 следующего содержания:
      "Статья 6-1. Бухгалтерская документация

      1. Бухгалтерская документация включает в себя первичные документы, регистры бухгалтерского учета, финансовую отчетность и учетную политику.
      2. Бухгалтерские записи должны производиться на основании первичных документов. Первичные документы - документы, которые фиксируют факт совершения операции или события. Первичный документ на электронном носителе имеет силу первичного документа, оформленного на бумажном носителе.
      3. Формы или требования к первичным документам, применяемым для оформления операций или событий, утверждаются уполномоченным органом и (или) Национальным Банком Республики Казахстан в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      4. Первичные документы как на бумажных, так и на электронных носителях, формы которых или требования к которым не утверждены уполномоченным органом и (или) Национальным Банком Республики Казахстан, разрабатываются предпринимателями и организациями самостоятельно и должны содержать следующие обязательные реквизиты:
      1) наименование документа (формы);
      2) дату составления;
      3) наименование организации или фамилию и инициалы предпринимателя, от имени которых составлен документ;
      4) содержание операции или события;
      5) единицы измерения операции или события (в количественном и стоимостном выражении);
      6) наименование должностей, фамилии, инициалы и подписи лиц, ответственных за совершение операции (подтверждение события) и правильность ее (его) оформления.
      В зависимости от характера операции или события, требований нормативных правовых актов Республики Казахстан и способа обработки учетной информации в первичные документы могут быть включены дополнительные реквизиты.
      5. Первичные документы должны быть составлены в момент совершения операции или события либо непосредственно после их окончания.
      6. Информация, содержащаяся в принятых к учету первичных документах, накапливается и систематизируется в регистрах бухгалтерского учета, формы которых или требования к которым утверждаются уполномоченным органом и (или) Национальным Банком Республики Казахстан в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      Данные регистров бухгалтерского учета в сгруппированном виде переносятся в финансовую отчетность.
      7. При составлении первичных документов и регистров бухгалтерского учета на электронных носителях предприниматели и организации должны изготовить копии таких документов на бумажных носителях для других участников операций, а также по требованию государственных органов, которым такое право требования предоставлено в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      8. Внесение исправлений в кассовые и банковские первичные документы не допускается. В остальные первичные документы исправления могут вноситься лишь по согласованию с участниками операций, что должно быть подтверждено подписями тех же лиц, которые подписали документы с указанием даты внесения исправлений.".

      11. В статье 7:
      1) пункт 1 изложить в следующей редакции:
      "1. Руководство:
      1) формирует учетную политику;
      2) обеспечивает организацию бухгалтерского учета.
      Учетная политика утверждается в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан и уставом (положением) организации.";
      2) в пункте 2:
      в абзаце первом слово "Руководитель" заменить словами "Руководство или предприниматель";
      в подпункте 3) слова "договорных началах", "фирме" заменить соответственно словами "договорной основе", "организации";
      3) пункт 3 изложить в следующей редакции:
      "3. Лица, уполномоченные вести бухгалтерский учет и составлять финансовую отчетность в соответствии с пунктом 2 настоящей статьи, обязаны соблюдать законодательство Республики Казахстан о бухгалтерском учете и финансовой отчетности, стандарты бухгалтерского учета и типовой план счетов бухгалтерского учета.".

      12. В статье 8:
      1) в заголовке слова "и внешний" исключить;
      2) пункты 1 и 2 изложить в следующей редакции:
      "1. Организации для обеспечения соблюдения законодательства Республики Казахстан о бухгалтерском учете и финансовой отчетности, учетной политики, эффективного проведения операций, включая меры по сохранности активов, предотвращению и выявлению случаев хищения и ошибок при ведении бухгалтерского учета и составлении финансовой отчетности, вправе организовывать внутренний контроль.
      2. Организацию внутреннего контроля обеспечивает руководство.";
      3) в пункте 3 слова "Субъект", "независимого аудитора" заменить соответственно словами "Организации, кроме государственных учреждений,", "независимых аудиторов или аудиторских организаций";
      4) пункт 4 исключить;
      5) пункт 5 изложить в следующей редакции:
      "5. Контроль государственных учреждений проводится государственными органами в соответствии с законодательством Республики Казахстан.".

      13. В статье 9:
      1) в пункте 1 слова "Руководитель субъекта" заменить словами "Руководство или предприниматель";
      2) пункт 2 изложить в следующей редакции:
      "2. Предприниматели или организации, использующие электронные подписи, должны установить надлежащие меры предосторожности и контроля, касающиеся права использования и доступа к электронным подписям, в соответствии с законодательством Республики Казахстан.".

      14. Статьи 10 и 11 изложить в следующей редакции:
      "Статья 10. Тайна бухгалтерской информации

      1. Содержание первичных документов и регистров бухгалтерского учета является информацией, составляющей коммерческую тайну, доступ к которой предоставляется лишь лицам, которые имеют разрешение руководства или предпринимателя, а также должностным лицам государственных органов в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      2. Лица, имеющие доступ к указанным документам, обязаны не разглашать имеющуюся в них информацию без согласия их владельца и не имеют права использовать ее в личных интересах. Лица, имеющие доступ к информации, составляющей коммерческую тайну, несут ответственность за ее разглашение в соответствии с законодательными актами Республики Казахстан.

      Статья 11. Хранение бухгалтерской документации

      Предприниматели и организации обязаны хранить первичные документы, регистры бухгалтерского учета на бумажных и (или) электронных носителях, финансовую отчетность, учетную политику, программы электронной обработки учетных данных в течение периода, установленного законодательством Республики Казахстан.".
      15. Заголовок главы III изложить в следующей редакции:
      "Глава 3. Оценка и учет элементов финансовой отчетности".

      16. Статью 12 исключить.

      17. Статьи 13, 14, 15 и 16 изложить в следующей редакции:
      "Статья 13. Элементы финансовой отчетности

      1. Элементами финансовой отчетности, связанными с оценкой финансового положения, являются активы, обязательства и собственный капитал.
      Активы - полученные в результате прошлых операций или событий имущественные и личные неимущественные блага и права, имеющие стоимостную оценку, от которых ожидается получение доходов в будущем.
      Обязательство - возникшая в результате прошлых операций или событий и имеющая стоимостную оценку обязанность совершить в пользу физического лица или организации определенные действия, как то: передать имущество, выполнить работы, уплатить деньги и другое либо воздержаться от определенного действия, погашение которой приведет к уменьшению активов.
      Собственный капитал (чистые активы) - активы за вычетом обязательств.
      2. Элементами финансовой отчетности, непосредственно связанными с оценкой результатов финансово-хозяйственной деятельности, являются доходы и расходы.
      Доходы - увеличение экономических выгод в течение отчетного периода в форме увеличения активов или их стоимости либо уменьшения обязательств, приводящее к увеличению собственного капитала, не связанного со вкладами собственников.
      Расходы - уменьшение экономических выгод в течение отчетного периода в форме уменьшения активов или их стоимости либо увеличения обязательств, ведущее к уменьшению собственного капитала, не связанного с его распределением между собственниками.

      Статья 14. Оценка элементов финансовой отчетности

      1. Оценка элементов финансовой отчетности - определение денежных сумм, по которым данные элементы признаются и фиксируются в бухгалтерском учете и финансовой отчетности. Методы и порядок применения оценок устанавливаются в соответствии с требованиями законодательства Республики Казахстан о бухгалтерском учете и финансовой отчетности и стандартами бухгалтерского учета.
      2. Элементы финансовой отчетности оцениваются и отчеты по ним ведутся в национальной валюте Республики Казахстан.
      3. Операции и события в иностранной валюте учитываются в национальной валюте Республики Казахстан с применением рыночного курса обмена валют в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан о бухгалтерском учете и финансовой отчетности и стандартами бухгалтерского учета.

      Статья 15. Учет элементов финансовой отчетности

      Методы учета и порядок признания элементов финансовой отчетности устанавливаются в соответствии с требованиями законодательства Республики Казахстан о бухгалтерском учете и финансовой отчетности и стандартами бухгалтерского учета.

      Статья 16. Финансовая отчетность

      1. Финансовая отчетность представляет собой информацию о финансовом положении, результатах деятельности и изменениях в финансовом положении организаций.
      2. Финансовая отчетность, за исключением отчетности государственных учреждений, включает в себя:
      1) бухгалтерский баланс;
      2) отчет о доходах и расходах;
      3) отчет о движении денег;
      4) отчет об изменениях в собственном капитале;
      5) информацию об учетной политике и пояснительную записку.
      Финансовая отчетность может дополняться другими материалами в соответствии с требованиями законодательства Республики Казахстан о бухгалтерском учете и финансовой отчетности и стандартами бухгалтерского учета.
      Порядок составления финансовой отчетности устанавливается в соответствии с требованиями законодательства Республики Казахстан о бухгалтерском учете и финансовой отчетности и стандартами бухгалтерского учета.
      3. Объем, формы и порядок составления финансовой отчетности государственных учреждений определяются уполномоченным органом, если иное не предусмотрено законодательными актами Республики Казахстан.
      4. Предприниматели и организации, являющиеся в соответствии с законодательством Республики Казахстан субъектами малого предпринимательства, кроме организаций, которые занимаются производством, переработкой и реализацией подакцизной продукции (за исключением розничной реализации алкогольной и табачной продукции), а также подакцизными видами деятельности, вправе применять упрощенную форму ведения бухгалтерского учета и составления финансовой отчетности по стандартам бухгалтерского учета, утвержденным уполномоченным органом по согласованию с центральным исполнительным органом Республики Казахстан, обеспечивающим налоговый контроль за исполнением налоговых обязательств перед государством.
      Организации, являющиеся в соответствии с законодательством Республики Казахстан субъектами малого предпринимательства, при составлении финансовой отчетности вправе руководствоваться положениями статьи 2-1 настоящего Закона.
      5. Финансовая отчетность подписывается руководством и главным бухгалтером (бухгалтером) организации.
      Финансовая отчетность организаций, в которых бухгалтерский учет ведется специализированной бухгалтерской организацией или бухгалтером- специалистом, подписывается руководством организации, а также руководством специализированной бухгалтерской организации или бухгалтером-специалистом.".

      18. Дополнить статьей 16-1 следующего содержания:
      "Статья 16-1. Консолидированная финансовая отчетность
      Организации, имеющие дочерние организации, кроме финансовой отчетности по деятельности основной организации, обязаны составлять и представлять консолидированную финансовую отчетность в соответствии с требованиями законодательства Республики Казахстан о бухгалтерском учете и финансовой отчетности и стандартами бухгалтерского учета.".

      19. В пункте 2 статьи 17 слова "созданного субъекта", "его" заменить соответственно словами "созданной организации", "ее".
      20. В статье 18:
      1) пункт 1 изложить в следующей редакции:
      "1. Организации представляют финансовую отчетность:
      1) собственникам в соответствии с учредительными документами;
      2) органам государственной статистики Республики Казахстан по месту регистрации в органах статистики Республики Казахстан;
      3) органам государственного контроля и надзора Республики Казахстан в соответствии с их компетенцией.";
      2) в пункте 2 слово "Субъекты" заменить словом "Организации";
      3) дополнить пунктом 4 следующего содержания:
      "4. Представление консолидированной финансовой отчетности производится в соответствии с пунктами 1-3 настоящей статьи.".

      21. Статью 19 изложить в следующей редакции:
      "Статья 19. Ответственность за нарушение законодательства
                  Республики Казахстан о бухгалтерском учете и
                  финансовой отчетности
      Нарушение законодательства Республики Казахстан о бухгалтерском учете и финансовой отчетности влечет ответственность, предусмотренную законодательными актами Республики Казахстан.".

      22. Статьи 20 и 21 исключить.
 

      Статья 2. Настоящий Закон вводится в действие со дня его официального опубликования, за исключением пункта 5 статьи 1 настоящего Закона, вводимого в действие:
      для отдельных организаций, определяемых в порядке, установленном Правительством Республики Казахстан, с 1 января 2003 года;
      для акционерных обществ с 1 января 2005 года;
      для иных организаций с 1 января 2006 года. <*>
      Сноска. Статья 2 в новой редакции - Законом Республики Казахстан от 11 июня 2004 года N 562 .

      Президент
      Республики Казахстан