1-бап. Қазақстан Республикасы Нью-Йоркте 2000 жылғы 10 қаңтарда жасалған Терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес туралы халықаралық конвенцияға қосылсын.
2-бап. Қазақстан Республикасы өзін Терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес туралы халықаралық конвенцияның 24-бабы 1-тармағының ережелерімен байланысты деп санамайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес туралы халықаралық
конвенция
(2003 жылғы 26 наурызда күшіне енді - ҚР СІМ-нің ресми сайты)
Кіріспе
Осы Конвенцияға қатысушы мемлекеттер,
Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдауға және мемлекеттер арасындағы достық қарым-қатынастарды және тату көршілік пен ынтымақтастықты нығайтуға қатысты мақсаттары мен қағидаларын назарға ала отырып,
терроризм актілерінің бүкіл дүние жүзіндегі барлық нысандары мен көріністерінің өршуіне аса алаңдаушылық білдіре отырып,
Бас Ассамблеяның 1995 жылғы 14 қазандағы 50/6 қарарында берілген Біріккен Ұлттар Ұйымының елу жылдығына байланысты Декларацияны негізге ала отырып,
сондай-ақ 1994 жылдың 9 желтоқсанындағы 49/60 қарарын және оған қосымшаны қоса есептегенде, қай жерде және кімнің жасағанына қарамастан, соның ішінде мемлекеттер мен халықтар арасындағы қарым-қатынастарға қауіп төндіретін және мемлекеттердің аумақтық тұтастығы мен қауіпсіздігіне қатер төндіретін терроризмнің барлық актілерін, әдістері мен іс-тәжірибелерін қылмыстық және ақтауға жатпайтын әрекеттер ретінде сөзсіз айыптайтын осы мәселе бойынша Бас Ассамблеяның барлық тиісті қарарларына сүйене отырып,
халықаралық терроризмді жою жөніндегі шаралар туралы декларацияда осы мәселенің барлық аспектілерін қамтитын барынша кең көлемді құқықтық шеңбердің болуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттер шұғыл тәртіпте терроризмнің барлық нысандары мен көріністерінің алдын алу, жолын кесу және жою туралы қолданылып жүрген халықаралық құқықтық ережелерді қолдану аясына шолу жасауды да ұсынатындығын атап көрсете отырып,
Бас Ассамблеяның террористер мен террористік ұйымдарды қаржыландыруға тікелей немесе жанама жүзеге асырылуына қарамастан терроризм іс-әрекеттерін қаржыландыру мақсатында адамдарды пайдалануды қоса есептегенде, атап айтқанда орынды жерінде құралдар террористік мақсаттарға арналған деген күдікке қатысты қаражаттың қозғалысына кедергі келтіруге және қарсы әрекет ету үшін бұл ретте заңды капиталдың қозғалу еркіндігіне ешбір кедергі келтірмей реттеу шараларын қолдану туралы мәселені қарауға және мұндай қаражаттың қозғалысы туралы ақпаратпен алмасуды жандандыруға тиісті ішкі шаралар арқылы барлық мемлекеттерді қайырымдылық, қоғамдық немесе мәдени мақсаттарды көздейтін немесе көздейді деп сендіретін немесе қару-жарақты заңсыз жеткізіп беру, есірткілердің заңсыз айналымын және бопсалаушылық сияқты тыйым салынған іс-әрекет түрлеріне қатысы бар ұйымдар арқылы кедергі келтірулер мен қарсы әрекет ету қадамдарын жасауға шақырған 1996 жылғы 17 желтоқсандағы 51/210 қарары 3-тармағының (f) тармақшасына сүйене отырып,
сондай-ақ Бас Ассамблеяның мемлекеттерді, атап айтқанда 1996 жылғы 17 желтоқсандағы 51/210 қарарының 3-тармағының (а)-(ғ) тармақшаларында аталған шараларын жүзеге асыру туралы мәселені қарауға шақырған 1997 жылғы 15 желтоқсандағы 51/165 қарарына сүйене отырып,
Бас Ассамблеяның 1996 жылғы 17 желтоқсандағы 51/210 қарарымен құрылған Арнаулы комитет терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес туралы қолданылып жүрген тиісті халықаралық құжаттарды толықтыратын, халықаралық Конвенцияның жобасын жасауға тиіс деп қаулы еткен 1998 жылғы 8 желтоқсандағы Бас Ассамблеяның 53/108 қарарына сүйене отырып,
терроризмді қаржыландыру жалпы алғанда халықаралық қауымдастыққа елеулі алаңдаушылық туғызатынын ескере отырып,
халықаралық терроризм актілерінің саны мен ауырлығы терроршылардың қол жеткізулері мүмкін болатын қаржыландыруға байланысты болатындығын атап көрсете отырып,
сондай-ақ қолданылып жүрген көпжақты құқықтық құжаттарда мұндай қаржыландыру нақты қарастырылмайтындығын көрсете отырып,
терроршылдықты қаржыландыруға жол бермеу, сондай-ақ оларды жасаған адамдарды іздеу және жазалау арқылы олармен күресу бойынша тиімді шаралар әзірлеу және қолдану ісінде мемлекеттер арасындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтудың аса қажеттілігіне сенімді бола отырып, төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Осы Конвенцияның мақсаты үшін:
1. "Қаражаттар" оларды алу тәсіліне қарамастан, кез келген түрдегі шынайы немесе шынайы емес, жылжымалы немесе жылжымайтын активтерді, сондай-ақ осындай активтерге немесе оларға қатысуға құқық беруді куәландыратын кез келген, соның ішінде электрондық немесе цифрлық нысандағы заңдық құжаттарды немесе актілерді білдіреді. Оларға банктік несиелер, жол чектері, банктік чектер, пошта аударымдары, акциялар, бағалы қағаздар, облигациялар, вексельдер, аккредитивтер жатады, бірақ бұлармен шектелмейді.
2. "Мемлекеттік немесе үкіметтік объект" мемлекет өкілдері, үкімет мүшелері, заң шығару немесе сот органының өкілдері не мемлекеттің немесе кез келген басқа мемлекеттік органның немесе мекеменің лауазымды адамдары немесе қызметшілері, не үкіметаралық ұйымның қызметшілері немесе лауазымды адамдары өздерінің қызметтік міндеттерін орындауға байланысты пайдаланатын немесе орналасатын кез келген тұрақты немесе уақытша объектіні немесе көлік құралын білдіреді.
3. "Түсімдер" 2-бапта аталған қылмыстарды жасау арқылы тікелей немесе жанама алынған немесе сатып алынған кез келген қаражатты білдіреді.
2-бап
1. Осы Конвенцияның мағынасы бойынша кез келген адам қылмыс жасайды, егер ол кез келген тәсілмен, тікелей немесе жанама, заңсыз және қасақана төмендегі іс-әрекеттерді жасау үшін толық немесе ішінара пайдаланылады немесе олар пайдаланылатын болады деген ниетпен қаражат берсе немесе оларды жинауды жүзеге асырса:
а) қосымшада аталған шарттардың бірін қолдану аясына және ондағы анықтамаға сәйкес қылмыс болып табылатын кез келген іс-әрекет;
б) қарулы қақтығыс жағдайында әскери іс-әрекеттерге белсене қатыспаған кез келген азаматтығы бар адамды немесе кез келген басқа тұлғаны өлтіруге немесе мұндай іс-әрекеттердің мақсаты, оның сипаты мен мағынасына қарай халықты қорқытуға немесе үкіметті не халықаралық ұйымды қандай да бір іс-әрекет жасауға немесе оны жасаудан қалыс қалуға күштеу болып табылатын кезде оған ауыр дене жарақатын салуға бағытталған кез келген басқа да іс-әрекеттер.
2. а) қосымшада аталған шарттардың біріне қатысатын тарап болып табылмайтын мемлекет қабылдау, бекіту немесе қосылу туралы өздерінің бекіту грамоталарын немесе құжаттарын сақтауға тапсырғаннан кейін бұл Конвенцияны осы қатысушы мемлекетке қолдану кезінде бұл шарт 1-тармақтың (а) тармақшасында аталған қосымшаға енгізілмеген деп саналатындығын мәлімдей алады. Мұндай мәлімдеме осы шарт бұл факті туралы депозитарийді хабардар ететін осы қатысушы мемлекет үшін күшіне енгеннен бастап қолданылуын тоқтатады.
б) қатысушы мемлекет қосымшада аталған шарттардың бірінің тарабы болуды тоқтатқан жағдайда ол осы бапта қарастырылғандай осы шартқа қатысты мәлімдеме жасай алады.
3. Кез келген іс-әрекеттің 1-тармақта аталған қылмысты құрауы үшін қаражаттардың 1-тармақтың (а) немесе (б) тармақшаларында көрсетілген қылмыстарды жасау үшін нақты пайдаланылуы міндетті емес.
4. Осы баптың 1-тармағында аталған қылмыстардың кез келгенін істеуге әрекет еткен кез келген адам да қылмыс жасайды.
5. Егер:
а) осы баптың 1 немесе 4-тармақтарында аталған қылмыстардың кез келгенін жасауға қатысушы ретінде қатысса;
б) осы баптың 1 немесе 4-тармақтарында аталған қылмыстың кез келгенін жасау мақсатында басқа да адамдарды ұйымдастырса немесе оларға басшылық жасаса;
с) осы баптың 1 немесе 4-тармақтарында аталған бір немесе бірнеше қылмысты ортақ мақсатта әрекет ететін адамдар тобымен жасауға ықпал етсе. Мұндай ықпал қасақана сипатта және:
і) не қылмыстық іс-әрекеттерді немесе топтың қылмыстық мақсатын қолдау мақсатында, мұндай іс-қимыл немесе мақсат осы баптың 1-тармағында аталған қылмыстардың бірін жасауға арналғанда;
іі) не топтың осы баптың 1-тармағында аталған қылмыстардың бірінің қасақана екендігін білген жағдайда кез келген адам қылмыс жасайды.
3-бап
Қылмыс бір мемлекетте жасалған, қылмыскер ретінде күдікті осы мемлекеттің азаматы болып табылған және осы мемлекеттің аумағында жүрген жағдайларда бұл Конвенция қолданылмайды және ешқандай басқа мемлекеттің осы Конвенцияның 7-бабының 1 немесе 2-тармақтарына сәйкес өз құқықтық өкілеттіктерін жүзеге асыруға негізі болмайды, бұл 12-18-баптар ережелерінің жағдайлары кезінде оны жоғарыда аталған жағдаяттарға қолдануды жоққа шығармайды.
4-бап
Әрбір қатысушы мемлекет:
а) оның ішкі құқығына сәйкес 2-бапта аталған қылмыстарды қылмыстық іс-әрекет деп мойындау үшін;
б) осы қылмыстар үшін олардың ауырлығын ескере отырып, соларға сай жаза белгілеу үшін қажетті болуы мүмкін шараларды қолданады.
5-бап
1. Әрбір қатысушы мемлекет өзінің ішкі құқығы принциптеріне сәйкес өз аумағындағы немесе оның заңдары бойынша құрылған, өзінің ресми міндетін атқаратын заңды тұлғаны осы заңды тұлғаны басқаруға немесе оған бақылау жасауға жауапты жеке тұлғаның 2-бапта аталған қылмысты жасаған жағдайында жауапкершілікке тарту мүмкін болатын қажетті шараларды қолданады. Мұндай жауапкершілік қылмыстық, азаматтық немесе әкімшілік сипат алуы мүмкін.
2. Мұндай жауапкершілік осы қылмыстарды жасаған жеке тұлғалардың қылмыстық жауапкершілігі үшін нұқсан келтірмейді.
3. Әрбір қатысушы мемлекет, сондай-ақ жоғарыдағы 1-тармаққа сәйкес жауапты болатын заңды тұлғаларға тиімді, мөлшерлес және пәрменді қылмыстық, азаматтық-құқықтық немесе әкімшілік санкцияларды қолдануды қамтамасыз етеді. Мұндай санкцияларға қаржы санкциялары да кіруі мүмкін.
6-бап
Әрбір қатысушы мемлекет осы Конвенцияның күші қолданылатын қылмыстық іс-әрекеттердің қандай да бір саяси, философиялық, идеологиялық, нәсілдік, этникалық, діни немесе осындай сипаттағы өзге де ұйғарымдар бойынша қандай жағдаяттарда болсын, ақталмауын қамтамасыз ету үшін соның ішінде ішкі заңдар саласындағы тиісті жағдайларда қажетті болатын шараларды қолданады.
7-бап
1. Әрбір қатысушы мемлекет 2-бапта аталған қылмыстарға қатысты:
а) қылмыс осы мемлекеттің аумағында жасалғанда;
б) қылмыс осы мемлекеттің жалауын қадап жүзіп жүрген кеме немесе қылмыс жасалған кезде осы мемлекеттің заңына сәйкес тіркелген ұшу аппараты бортында жасалғанда;
с) қылмысты осы мемлекеттің азаматы жасағанда олардың юрисдикцияларын белгілеу үшін қажетті шаралар қолданады.
2. Қатысушы мемлекет:
а) қылмыс 2-баптың 1-тармағының (а) немесе (б) тармақшаларында аталған қылмыстарды осы мемлекеттің аумағында немесе оның азаматының біріне қатысты жасауға бағытталғанда не мұндай қылмыс оның нәтижесі болғанда;
б) қылмыс 2-баптың 1-тармағының (а) немесе (б) тармақшаларында аталған қылмыстарды көрсетілген мемлекеттің шетелдегі осы мемлекеттің дипломатиялық немесе консулдық өкілеттігінің үй-жайын қоса мемлекеттік немесе үкіметтік объектіге қарсы жасауға бағытталғанда немесе мұндай қылмыс оның нәтижесі болғанда;
с) қылмыс 2-баптың 1-тармағының (а) немесе (б) тармақшаларында аталған қылмыстар осы мемлекетті қандай да бір іс-әрекетті жасауға немесе оны жасаудан қалыс қалуға мәжбүрлеуге бағытталғанда немесе мұндай қылмыс оны жасауға әкеп соқтырғанда;
д) қылмысты осы мемлекеттің аумағында тұратын азаматтығы жоқ адам жасағанда;
е) қылмыс осы мемлекет үкіметі пайдаланатын әуе кемесінің бортында жасалғанда осындай кез келген қылмысқа қатысты өзінің юрисдикциясын анықтай алады.
3. Осы Конвенцияны бекіту, қабылдау, мақұлдау немесе оған қосылу кезінде әрбір қатысушы мемлекет 2-тармаққа сәйкес оларға юрисдикция белгілеу туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысын хабардар етеді. Қандай да бір өзгеріс болған жағдайда тиісті қатысушы мемлекет бұл туралы Бас хатшыны тез арада хабардар етеді.
4. Әрбір қатысушы мемлекет қылмыс жасады деп болжанған адам оның аумағында болған жағдайда 2-бапта аталған қылмыстарға қатысты оның құқықтық өкілеттігін белгілеу үшін қажетті шараларды қолданады және ол оны 1 немесе 2-тармақтарға сәйкес өз құқықтық өкілеттігін белгілеген қатысушы мемлекеттердің ешқайсысына бермейді.
5. Кемінде бір қатысушы мемлекет 2-бапта аталған қылмыстардың біріне қатысты құқықтық өкілеттік алуға үміткер болған жағдайда, тиісті қатысушы мемлекеттер өздерінің іс-қимылдарын, атап айтқанда қылмыстық қудалау тәртібіне және өзара құқықтық көмекті жүзеге асыру тәсілдеріне қатысты үйлестіруге ұмтылады.
6. Осы Конвенция жалпы халықаралық құқық нормаларына нұқсан келтірмей, қатысушы мемлекет белгілеген кез келген қылмыстық құқықтық өкілеттікті оның ішкі құқығына сәйкес жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
8-бап
1. Әрбір қатысушы мемлекет өзінің ішкі құқық принциптеріне сәйкес 2-бапта аталған қылмыстарды жасау мақсатында пайдаланылған немесе бөлінген, сондай-ақ осындай қылмыстар нәтижесінде алынған кез келген қаражатты, тәркілеу мақсатында анықтау, табу, қоршау немесе тыйым салу үшін қажетті шаралар қолданады.
2. Әрбір қатысушы мемлекет өзінің ішкі құқық принциптеріне сәйкес 2-бапта аталған қылмыстарды жасау мақсаты үшін пайдаланылған немесе бөлінген және осындай қылмыстардың нәтижесінде алынған қаражаттарды тәркілеу үшін тиісті шаралар қолданады.
3. Әрбір тиісті қатысушы мемлекет тұрақты негізде немесе әрбір нақты жағдайда осы бапта көзделген тәркілеу нәтижесінде алынған қаражатты басқа да мемлекеттермен бөлісу жөніндегі келісімдерді жасасу туралы мәселені қарай алады.
4. Әрбір қатысушы мемлекет осы бапта көзделген тәркілеу нәтижесінде алынған қаражат көмегімен 2-баптың 1-тармағының (а) немесе (б) тармақшаларында аталған қылмыстардың құрбандарына немесе олардың отбасы мүшелеріне өтемақы төлеу үшін пайдалануға болатын амалдарды жасау мүмкіндігін қарастырады.
5. Осы баптың ережелерін қолдану басқа адал ниетті адамдардың құқықтарын сақтау жағдайында жүзеге асырылады.
9-бап
1. 2-бапта аталған қылмысты жасаған немесе қылмыс жасады деп болжанған адам аумағында болуы мүмкін деген ақпарат алған тиісті қатысушы мемлекет осы ақпаратта аталған фактілерді тергеу үшін оның ішкі заңдарына сәйкес қажет болуы мүмкін шараларды қолданады.
2. Мән-жайлар бұл үшін негіз беретініне сенген, қылмыс жасаған немесе қылмыс жасады деп ұйғарылған адам аумағында жүрген қатысушы мемлекет өзінің ішкі заңдарына сәйкес қылмыстық тергеу немесе беру мақсатында осы адамның қатысуын қамтамасыз ету жөніндегі тиісті шаралар қолданады.
3. 2-тармақта аталған шаралар қолданылатын кез келген адамның:
а) өзі азаматы болып табылатын немесе өзге жолмен оның құқығын қорғауға өкілетті мемлекеттің жақын тиісті өкілімен немесе егер ол азаматтығы жоқ адам болса, өзі аумағында тұратын мемлекет өкілімен кейінге қалдырмай байланысуға;
б) оның өкілімен осы мемлекетке баруға;
с) (а) және (б) тармақшаларына сәйкес өзінің құқықтары туралы хабардар болуға құқығы бар.
4. 3-тармақта аталған құқықтар қылмыс жасаған немесе қылмыс жасады деп болжанған адам аумағында жүрген мемлекеттің заңдарына және қаулыларына сәйкес аталған заңдар мен қаулылар осы баптың 3-тамағына сәйкес құқықтар берілетіндерге мақсатына толық жетуіне мүмкіндік беруді қамтамасыз етуге тиіс екендігі туралы ережелерді ескере отырып жүзеге асырылады.
5. 3 және 4-тармақтардың ережелері 1-тармақтың (б) тармақшасына немесе 7-баптың 2-тармағының (б) тармақшасына сәйкес құқықтық өкілеттікке үміткер кез келген қатысушы мемлекеттің құқығына залал келтірмейді, Халықаралық Қызыл Крест комитетіне қылмыс жасады деп ұйғарылған адаммен байланыс жасауды және оған барып тұруды өтінеді.
6. Қатысушы мемлекет осы бапқа сәйкес қамауға алғаннан кейін ол тікелей немесе Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы арқылы 7-баптың 1 және 2-тармақтарына сәйкес құқықтық өкілеттік белгілеген қатысушы, егер ол орынды деп санаса, кез келген басқа да мүдделі қатысушы мемлекеттерді осындай адамдарды қамауда ұстау фактісі туралы және осындай адамдарды ұстау үшін негіз болатын жағдайлар туралы жедел хабардар етеді. 1-тармаққа сәйкес тергеу жүргізетін мемлекет оның нәтижелері туралы аталған қатысушы мемлекеттерге жедел хабарлайды және ол өз құқықтық өкілеттігін жүзеге асыру ниеті туралы көрсетеді.
10-бап
1. Қылмыс жасаған немесе қылмыс жасады деп болжанған адам аумағында жүрген қатысушы мемлекет, қылмыскерге 7-бап қолданылған жағдайда, егер бұл адамды бермейтін болса, ешқандай жағдайларға, қылмыс оның аумағында жасалған, жасалмағанына қарамастан өзінің құзыретті органдарына осы мемлекеттің заңдарына сәйкес қарау арқылы сотта тергеу мақсатында жіберуге міндетті. Бұл органдар осындай жол арқылы да, осы мемлекеттің заңдарына сәйкес ауыр сипаттағы басқа да кез келген қылмыстар жағдайында да шешім қабылдайды.
2. Қатысушы мемлекеттің ішкі заңдары оған өз азаматтарының бірін қайтаруға немесе өзге жолмен беруге мүмкіндік беретін барлық жағдайларда бұл адам осы мемлекетке сотта қарау немесе сотта істі қарау нәтижесінде осы адамды қайтарып беру немесе беру сұралған адамға шығарылған үкім бойынша жазаны өтеу үшін қайтарылатын шарттарда ғана осы мемлекет те, осы адамды беру туралы өтініш жасаған мемлекет те осы нұсқалармен және осындай шартты түрдегі қайтарып берулер мен берулерді орынды деп есептейтін басқа да жағдайлармен келіскенде 1-тармақта айтылған міндеттерді орындауға жеткілікті болады.
11-бап
1. 2-бапта аталған қылмыстар осы Конвенция күшіне енгенге дейін қандай да бір қатысушы мемлекеттер арасында жасалған беру туралы кез келген шартқа берілуге тиіс қылмыстар ретінде енгізуге жатады деп есептелінеді. Қатысушы мемлекеттер осындай қылмыстарды соңынан олардың арасында жасалатын беру туралы барлық шарттарға берілуге тиіс қылмыстар ретінде енгізуге міндеттенеді.
2. Шарт болған жағдайда беруге шарт қоятын қатысушы мемлекет беру туралы шарт жасаспаған басқа қатысушы мемлекеттен беру туралы өтініш алған жағдайда, сұрау салынып отырған қатысушы мемлекет өзінің қалауы бойынша 2-бапта аталған қылмыстарға байланысты беру үшін құқықтық негіз ретінде осы Конвенцияны қарастырады. Беру сұрау салынып отырған мемлекеттің заңдарында көзделген басқа да шарттар сақтала отырып жүзеге асырылады.
3. Шарт болған жағдайда беруді көрсетпеген қатысушы мемлекеттер өз арасында 2-бапта аталған қылмыстарды сұрау салынып отырған мемлекеттің заңдарында көзделген шарттар сақтала отырып берілетін қылмыстар ретінде қарастырады.
4. Қажет болған жағдайда 2-бапта аталған қылмыстарды, егер бұл қылмыстар оларды жасаған жерде ғана емес, 7-баптың 1 және 2-тармақтарына сәйкес өз құқықтық өкілеттіктерін белгілеген мемлекеттер аумағында да жасалған болса, қатысушы мемлекеттер оларды беру мақсатын да қарастырады.
5. 2-бапта аталған қылмыстарға байланысты қатысушы мемлекеттер арасында жасалған беру туралы барлық шарттар мен келісімдердің ережелері осы Конвенциямен дәл болмаған жағдайларда, олар қатысушы мемлекеттер арасында өзгертілген болып саналады.
12-бап
1. 2-бапта аталған қылмыстарға байланысты қылмыстық тергеулерде, қылмыстық қудалауда немесе беру рәсімдерінде қатысушы мемлекеттер бір-біріне барынша көмек көрсетеді, істі жүргізу үшін қажетті оларда бар айғақтарды алуға жәрдемдесу де жатады.
2. Қатысушы мемлекеттер банктік құпияға сілтеме жасай отырып, өзара құқықтық көмек көрсету туралы өтініштен бас тартпауға тиіс.
3. Сұрау салынып отырған тарап сұрау салып отырған тарап берген ақпаратты немесе дәлелдерді өтініште көрсетілген тергеулерді, қылмыстық қудалауды немесе сотта қарауларды жүргізу үшін сұрау салып отырған тараптың алдын ала келісімінсіз ешкімге бермейді және пайдаланбайды.
4. Әрбір қатысушы мемлекет 5-бапқа сәйкес қылмыстық, азаматтық немесе әкімшілік жауапкершілікті белгілеу үшін қажетті ақпаратты немесе дәлелдерді басқа қатысушы мемлекеттермен бөлісу тетіктерін құру туралы мәселені қарастыруы мүмкін.
5. Қатысушы мемлекеттер өзара құқықтық көмек немесе олардың арасында болуы мүмкін ақпаратпен алмасу туралы кез келген шарттарға немесе басқа да келісімдерге сәйкес 1 және 2-тармақтар бойынша өз міндеттерін орындайды. Мұндай келісім немесе келісімдер болмаған жағдайда қатысушы мемлекет олардың ішкі заңдарына байланысты бір-біріне көмек көрсетеді.
13-бап
2-бапта аталған қылмыстардың ешқайсысы беру мақсаты немесе өзара құқықтық көмек үшін салыққа байланысты қылмыс ретінде қарастырылмайды. Қатысушы мемлекеттер беру немесе өзара құқықтық көмек туралы өтінішті ол салыққа байланысты қылмыстарға қатысты деген негізде ғана сүйеніп орындаудан бас тартпауға тиіс.
14-бап
2-бапта аталған қылмыстардың ешқайсысы беру мақсаты немесе өзара құқықтық көмек үшін қатысушы мемлекеттер арасында саяси қылмыс немесе саяси қылмысқа байланысты қылмыс, немесе саяси себептерге байланысты жасалған қылмыс ретінде қарастырылмайды. Осының салдарынан осындай қылмыстарға байланысты беру немесе өзара құқықтық көмек туралы өтінішті саяси қылмысқа немесе саяси қылмысқа байланысты қылмысқа, немесе саяси себептерге байланысты жасалған қылмысқа қатысты негізде ғана орындаудан бас тартпауға тиіс.
15-бап
Егер сұрау салынып отырған қатысушы мемлекеттер 2-бапта аталған қылмыстарға байланысты беру немесе осындай қылмыстарға қатысты өзара құқықтық көмек өтініш соттық тергеуді немесе осы адамды оның нәсілі, діні, азаматтығы, этникалық шығу тегі немесе саяси көзқарасы бойынша жазалауды мақсат етеді, немесе бұл өтінішті қанағаттандыру осы себептердің кез келгені бойынша осы адамның жағдайына нұқсан келтіреді деп ойлауға себепті дәлелдері болса осы Конвенцияда кез келген адамды беру немесе өзара көмек көрсетуде жазасын міндеттеу ретінде талқыланбауы тиіс.
16-бап
1. Бір қатысушы мемлекетте қамауда болған немесе түрмедегі мерзімін өтеген адам және басқа қатысушы мемлекетте болуы 2-бапта аталған қылмыстарға байланысты тергеулер үшін жеке басын анықтау, жауап беру немесе дәлелдеме алу өзге де көмектер көрсету мақсатында қажет болса, ол мына шарттарды сақтай отырып берілуі мүмкін:
а) бұл адам толық ақпарат негізінде оған өз келісімін берсе;
б) екі мемлекеттің де құзыретті биліктері осы мемлекеттер қолайлы деп есептейтін жағдайларға келісім алса.
2. Осы баптың мақсаты үшін:
а) адам берілетін мемлекет, егер осы адамды берген мемлекет басқаша сұрамаса немесе басқаша рұқсат етпесе, берілген адамды қамауда ұстауға өкілетті және міндетті;
б) адам берілген мемлекет бұл алдын ала келісілгендей немесе екі мемлекеттің құзыретті биліктері өзгеше келісілгендей ешқандай кешіктірусіз бұл адамды бұрын осы адамды берген мемлекеттің қарауына қайтару туралы өз міндеттемесін орындайды;
с) адам берілген мемлекет осы адамды берген мемлекеттен оны қайтару үшін беру рәсімдерін қозғауды талап етпеуі тиіс;
д) берілген адамның өзі берілген мемлекетте өтеген жазалау мерзіміне ол берілген мемлекетте қамауда ұстау мерзімі есептеледі.
3. Осы бапқа сәйкес кез келген адам одан берілуге тиіс қатысушы мемлекеттің келісімінсіз бұл адам оның азаматтығына қарамастан, оны берген мемлекеттің аумағынан ол кеткенге дейін оған қатысты шығарылған үкімге немесе іс-әрекетке байланысты тергелуге немесе қамауда ұсталуға тиіс емес және бұл адам берілген мемлекеттің аумағында оның жеке бостандығына қатысты ешқандай шек қойылуы мүмкін емес.
17-бап
Қамауға алынған немесе оған қатысты кез келген басқа да шаралар қолданылған немесе осы Конвенцияға сәйкес қарастырулар жүзеге асырылған кез келген адамға әділеттікпен қарауға, соның ішінде өзі аумағында жүрген мемлекеттің заңдарына сәйкес барлық құқықтар мен кепілдіктерді, адам құқығы саласындағы халықаралық стандартты қоса есептегенде қолданылып жүрген халықаралық құқық ережелерін пайдалануға кепілдік беріледі.
18-бап
1. Қатысушы мемлекеттер 2-бапта аталған қылмыстардың алдын алуда осы қылмыстарды олардың аумағында немесе олардың аумағынан тыс жерлерде олардың тиісті аумақтардың шегінде жасау дайындығына қарсылық ету немесе қарсы іс-әрекет жасау үшін іс жүзінде жүзеге асырылатын барлық шараларды қолдану жолы арқылы, сондай-ақ қажет болғанда олардың ішкі заңдарын өзгерту жолы арқылы ынтымақтасады. Соның ішінде:
а) олардың аумағында 2-бапта аталған қылмыстарды қасақана ұлғайтатын, ұйымдастыратын және жасайтын адамдардың немесе ұйымдардың заңсыз іс-әрекетіне тыйым салатын шаралар;
б) қаржы мекемелерін және қаржы операцияларын жасауға қатысатын басқа да ұйымдарды олардың тұрақты немесе кездейсоқ клиенттерін, сондай-ақ олардың пайдасына есептер ашылған клиенттерін сәйкестендіру үшін олардың иелігіндегі шаралардың ең тиімдісін қабылдауға, кәдімгі немесе күдікті операцияларға ерекше назар аударуға, қылмыстық іс-әрекетке байланысты деп ұйғарылған операциялар туралы хабарлауға міндеттейтін шаралар. Осы мақсатта қатысушы мемлекеттер мынадай мүмкіндіктерді қарастырады:
і) иелері немесе бенефициары бірдей емес немесе бірдей болуы мүмкін емес есеп-шоттарды ашуға тыйым салатын ережелерді және осындай мекемелердің осындай операцияларға нақты қатысушыларының жеке басын тексеруді қамтамасыз ету шараларын қолдану;
іі) заңды тұлғаларды сәйкестендіруге қатысты қаржы мекемелеріне талаптар қою, қажет болғанда, мемлекеттік тіркеуден өткен органнан, клиенттен немесе екеуінен де клиенттің заңды тұлға ретінде ресімделуі туралы, клиенттің атауы, оның заңды нысаны, мекен-жайы, басшылары және осы заңды тұлға атынан қабылданған міндеттемелер жөніндегі өкілеттіктерді реттейтін ережелер туралы мәліметтерді қоса есептегенде, дәлелдемелерді алу жолы арқылы клиенттің заңды мәртебесін және құрылымын тексеру бойынша шаралар қолданады;
ііі) құзыретті биліктерге жедел хабарлау міндеттерін жүктейтін ережелерді қабылдау қаржы мекемелеріне барлық күрделі, ерекше үлкен операциялар туралы және көрінеу экономикалық немесе көрінеу заңды себептері жоқ операциялардың ерекше серпіні туралы, егер олар бұл ретте ақпаратты жариялауға қойылған кез келген шектеулерді бұзу үшін қолданылатын қылмыстық немесе азаматтық жауапкершіліктен қорықпай, өздерінің күдіктері туралы адал түрде хабарласа;
iv) қаржы мекемелеріне ішкі де, халықаралық та операциялар жөніндегі барлық қажетті құжаттарды кем дегенде бес жыл бойы сақтау талаптарын қою.
2. Қатысушы мемлекеттер 2-бапта аталған қылмыстардың алдын алуды:
а) ақша аударылымдарын, бұған мысалы, лицензия беруді де қоса отырып жүзеге асыратын барлық агенттіктердің жұмысына бақылау жасау бойынша шаралар қолдану;
б) ақпаратты тиісінше пайдалану және қандай нысанда болсын шектеу қоймай, капиталдың еркін қозғалысына берілетін кепілдіктерді қатаң сақтай отырып, шекара арқылы көрсетушіге қолма-қол және айналымдағы құжаттарды нақты аударуларды анықтау немесе соңына түсу бойынша жүзеге асырылатын шараларды қолдану мүмкіндіктерін қарастыра отырып, одан әрі ынтымақтастық жасайды.
3. Қатысушы мемлекеттер 2-бапта аталған қылмыстардың алдын алуда олардың ішкі заңдарына сәйкес анық және тексерілген мәліметтер алмасу және 2-бапта аталған қылмыстарды жасаудың алдын алу мақсатында қажет болған жағдайларда қолданылатын әкімшілік және басқа да шараларды үйлестіру жолы арқылы одан әрі ынтымақтастық жасайды. Атап айтқанда:
а) 2-бапта аталған қылмыстардың барлық аспектілері туралы ақпараттарды қорғауға және олармен жедел алмасуға ықпал ету мақсатында олардың құзыретті мекемелері мен қызметтері арасындағы байланыс жолдарын құру және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
б) 2-бапта аталған қылмыстарға байланысты тергеу жүргізуде бір-бірімен:
і) осындай қылмыстарға қатысты деген негізді күдіктері бар адамдардың жеке басы, мекен-жайы және жұмысына;
іі) осындай қылмыстарды жасауға қатысы бар қаржы қаражаттарын аударуға қатысты ынтымақтастық жасайды.
4. Қатысушы мемлекеттер Халықаралық қылмыстық полиция ұйымы (Интерпол) арқылы ақпараттар алмаса алады.
19-бап
Аумағында қылмыскер ретінде күдіктіге қатысты қылмыстық тергеу жүргізілетін қатысушы мемлекет өзінің ішкі заңдарына немесе қараудың соңғы нәтижелері туралы қолданылатын рәсімдерге сәйкес Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына хабарлайды. Ол бұл ақпаратты басқа қатысушы мемлекеттерге жібереді.
20-бап
Қатысушы мемлекеттер осы Конвенция бойынша өз міндеттемелерін мемлекеттің егеменді теңдігі мен аумақтық тұтастығы принциптеріне және басқа мемлекеттің ішкі істеріне араласпау принципіне сай дәрежеде орындайды.
21-бап
Осы Конвенциядағы ештеңе Халықаралық құқыққа, оның ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысы мақсаттарына, халықаралық гуманитарлық құқыққа және басқа да тиісті конвенцияларға сәйкес мемлекеттер мен жекелеген адамдардың басқа құқықтарын, міндеттемелері мен міндеттеріне ықпал етпейді.
22-бап
Осы Конвенциядағы ештеңе қатысушы мемлекетке басқа қатысушы мемлекеттің аумағында осы басқа қатысушы мемлекеттің ішкі заңдарына сәйкес оның билігінің құзыретіне ғана кіретін құқықтық өкілеттіктер мен функцияларды жүзеге асыру құқығын бермейді.
23-бап
1. Қосымшаға:
а) барлық мемлекеттердің қатысуына болатын;
б) күшіне енген;
с) Конвенцияның жиырма екі қатысушы мемлекеті бекіткен, қабылдаған, мақұлдаған немесе тым болмағанда біріккен осы шарттарды қосу арқылы түзетулер енгізуге болады.
2. Осы Конвенция күшіне енгеннен кейін кез келген қатысушы мемлекет түзетулер ұсына алады. Түзетулер енгізу туралы кез келген ұсыныс жазбаша депозитариймен ресімделеді. Депозитарийлер 1-тармақтың талаптарына сай барлық ұсыныстар туралы барлық қатысушы мемлекеттерді хабардар етеді және ұсынылып отырған түзетуді қабылдауға бола ма деген пікір сұратады.
3. Ұсынылып отырған түзету қатысушы мемлекеттердің үштен бірі оған қарсы болған, ол туралы бұл түзету хабарланғаннан кейін 180 күн ішінде жазбаша хабардар еткен жағдайлардан басқа жағдайда қабылданған болып саналады.
4. Қосымшаға енгізілген түзету жиырма екінші бекітілген грамотаны немесе сақтауға осындай құжат тапсырған барлық қатысушы мемлекеттер үшін осындай түзетулерді қабылдау немесе мақұлдау туралы құжат сақтауға тапсырылғаннан кейін күшіне енеді. Түзетуді бекіткен, қабылдаған немесе мақұлдаған әрбір қатысушы мемлекет үшін жиырма екінші бекітілген грамотаны сақтауға тапсырғаннан кейін түзету осындай қатысушы мемлекеттің өзінің бекітілген грамотасын немесе қабылдау немесе мақұлдау туралы құжатын тапсырған соң отызыншы күні күшіне енеді.
24-бап
1. Осы Конвенцияны түсіндіруге немесе қолдануға қатысты екі немесе одан да көп қатысушы мемлекеттер арасындағы белгілі бір уақыт ішінде келіссөздер арқылы реттелмейтін кез келген даулы мәселе олардың бірінің өтініші бойынша төрелік сотқа беріледі. Егер төрелік сотқа өтініш білдірілген күннен бастап алты ай ішінде тараптар оны ұйымдастыру туралы келісе алмаса, осы тараптардың кез келгені сот мәртебесіне сәйкес өтініш білдіре отырып, даулы мәселені Халықаралық сотқа береді.
2. Әрбір мемлекет осы Конвенцияға қол қою, бекіту, қабылдау, мақұлдау немесе оған қосылу кезінде өзінің 1-тармақтың ережелеріне қатысы жоқ деп санайтындығы туралы мәлімдей алады. Басқа қатысушы мемлекеттер осындай мәлімдеме жасаған кез келген қатысушы мемлекетке 1-тармақтың ережелері қатысты болмайды.
3. 2-тармаққа сәйкес мәлімдеме жасаған кез келген мемлекет кез келген уақытта Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысын хабардар ету арқылы бұл мәлімдемеден бас тарта алады.
25-бап
1. Барлық мемлекеттердің осы Конвенцияға 2000 жылдың 10 қаңтарынан 2001 жылдың 31 желтоқсанына дейін Біріккен Ұлттар Ұйымының Нью-Йорктегі Орталық мекемелерінде қол қоюына болады.
2. Осы Конвенция бекітілуге, қабылдануға немесе мақұлдануға тиіс. Қабылдау немесе мақұлдау туралы бекітілген грамоталар немесе құжаттар сақталу үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына тапсырылады.
3. Осы Конвенцияға кез келген мемлекеттің қосылуына болады. Қосылу туралы құжаттар сақтау үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына тапсырылады.
26-бап
1. Осы Конвенция қабылдау, мақұлдау немесе қосылу туралы жиырма екі бекітілген грамота немесе құжат сақтау үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына сақтауға бергеннен соң отызыншы күні күшіне енеді.
2. Осы Конвенцияны бекітетін, қабылдайтын, мақұлдайтын немесе оған қосылатын әрбір мемлекет үшін қабылдау, мақұлдау немесе қосылу туралы жиырма екі бекітілген грамота немесе құжат сақтауға тапсырылғаннан кейін Конвенция осы мемлекеттің өзінің қабылдау, мақұлдау немесе қосылу туралы бекітілген грамотаныы немесе құжатты сақтау үшін тапсырғаннан кейін отызыншы күні күшіне енеді.
27-бап
1. Кез келген қатысушы мемлекет осы Конвенцияны күшін Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысын жазбаша хабардар ете отырып жоя алады.
2. Күшін жою Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы хабарламаны алған күннен бастап бір жыл өткеннен кейін күшіне енеді.
28-бап
Мәтіні ағылшын, араб, испан, қытай, орыс және француз тілдеріндегі осы Конвенцияның түпнұсқасы тең түпнұсқа болып табылады, сақтау үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына тапсырылады, ол осы Конвенцияның куәландырылған көшірмелерін барлық мемлекеттерге таратады.
Мұны куәландыру үшін төменде қол қоюшылар тиісті түрде үкіметтерінің өкілеттілігімен қол қою үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының Нью-Йорктегі Орталық мекемелерінде 2001 жылдың 10 қаңтарында ашылған осы Конвенцияға қол қойды.
(РҚАО-ның ескертуі: Бұл заңның қосымшасының аудармасы жоқ. Орысша мәтіннен қараңыз.)
Мамандар:
Қасымбеков Б.А.
Багарова Ж.А.