Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне мемлекеттік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы. 2002 жылғы 29 қазан N 348-II

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. Қазақстан Республикасы Президентінің "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы" 1995 жылғы 17 сәуірдегі N 2198 заң күші бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 35-құжат; N 15-16, 109-құжат; N 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 1, 180-құжат; N 14, 274-құжат; 1997 ж., N 12, 183-құжат; 1998 ж., N 5-6, 50-құжат; N 17-18, 224-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат; 2000 ж., N 3-4, 63, 64-құжаттар; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 1, 1-құжат; N 8, 52-құжат; N 24, 338-құжат):
      актінің нысаны мен тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы";
      кіріспе алып тасталсын;
      бүкіл мәтін бойынша "Жарлыққа", "Жарлық", "Жарлықтың", "Жарлықта" деген сөздер тиісінше "Заңға", "Заң", "Заңның", "Заңда" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1-бапта:
      тақырыбы "мемлекеттік тіркеу" деген сөздерден кейін "және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу тіркеуге ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкестігін тексеруді, оларға тіркеу нөмірін бере отырып есептік тіркеу туралы куәлік берілуін, филиалдар мен өкілдіктер туралы мәліметтерді филиалдар мен өкілдіктер тізіліміне енгізуді қамтиды.";
      2-бапта:
      тақырыбы "мемлекеттік тіркеудің" деген сөздерден кейін "және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеудің" деген сөздермен толықтырылсын;
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу:";
      үшінші абзацтағы "және олардың жарғылық құжаттарының республика заңдарына сәйкестігін" деген сөздер алып тасталсын;
      бeciнші абзацтағы "мүдделі адамдарға уағдаластық шарттар бойынша" деген сөздер "монополияға қарсы орган белгілеген тарифтер бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-баптың тақырыбы "заңды тұлғалар" деген сөздерден кейін ", филиалдар мен өкілдіктер" деген сөздермен толықтырылсын;
      4-бап "мемлекеттік тіркеуді" деген сөздерден кейін "және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуді" деген сөздермен толықтырылсын;
      5-бапта:
      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "осы Заңға сәйкес заңды тұлғаларды тіркеуді;";
      мынадай мазмұндағы үшiншi абзацпен толықтырылсын:
      "заңдарда белгіленген тәртіппен Заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тіркелімін және филиалдар мен өкілдіктердің тізілімін жүргізуді;";
      төртінші абзацтағы "заңды тұлғаларды және" деген сөздер алып тасталсын;
      6-бапта:
      бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      "Тиісті тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектілерін, сондай-ақ табиғи монополиялар субъектілерін мемлекеттік тіркеуді монополияға қарсы органның алдын ала келісімімен тіркеуші орган жүзеге асырады.";
      жетінші бөлік алып тасталсын;
      сегізінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      "Шетел қатысатын заңды тұлғаларды тіркеу Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларын тіркеу үшін белгіленген тәртіппен жүргізіледі. Осы тәртіппен көзделген құжаттардан басқа, қосымша:
      құрылтайшы - шетелдік заңды тұлға шет мемлекеттің заңдары бойынша заңды тұлға болып табылатындығын куәландыратын сауда тізілімінен заңдастырылған көшірме немесе басқа да заңдастырылған құжат мемлекеттік және орыс тілдеріне нотариалдық жолмен куәландырылған аудармасымен қоса;
      құрылтайшының - шетелдік жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын паспорттың көшірмесі немесе басқа да құжат мемлекеттік және орыс тілдеріне нотариалдық жолмен куәландырылған аудармасымен қоса табыс етілуге тиіс.";
      тоғызыншы бөліктегі "арнаулы заң актілерінде" деген сөздер "Қоғамдық бірлестіктер туралы" , "Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарында" деген сөздермен ауыстырылсын;
      он екінші бөліктегі "Осы Жарлықта" деген сөздер "Осы Заңда және өзге де заң актілерінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 6-1-баппен толықтырылсын:
      "6-1-бап. Филиал мен өкілдікті есептік тіркеу тәртібі
      Филиал мен өкілдікті есептік тіркеу үшін тіркеуші органға Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша өтініш беріледі. Өтінішке филиалды немесе өкілдікті құрушы заңды тұлға уәкілеттік берген адам қол қояды.
      Өтінішке заңды тұлғаның филиал (өкілдік) құру туралы заңды тұлғаның мөрі басылған шешімі, заңды тұлға бекіткен мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған филиал (өкілдік) туралы ереженің екі данасы, заңды тұлға жарғысының (ережесінің) және оны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмелері, филиалдың (өкілдіктің) басшысына берілген заңды тұлғаның (қоғамдық және діни бірлестіктерді қоспағанда) сенімхаты, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркегені үшін алым төленгенін және филиалдың (өкілдіктің) орналасқан жерін растайтын құжаттар қоса беріледі.
      Шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктерін тіркеу Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының филиалдары мен өкілдіктерін тіркеу үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жүргізіледі. Филиал (өкілдік) құрушы шетелдік заңды тұлғаның құжаттары мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нотариаттық расталған аудармамен ұсынылады.
      Тіркеуші орган филиалды (өкілдікті) есептік тіркеу күнінен бастап он күн ішінде жүргізілген тіркеу туралы филиалдың (өкілдіктің) орналасқан жері бойынша салық органына хабарлайды.";
      8-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Филиал (өкілдік) туралы ережеде филиалдың (өкілдіктің) атауы, орналасқан жері, қызметінің нысанасы, басқару тәртібі және басшысының құзыреті, сондай-ақ филиалды (өкілдікті) құрушы заңды тұлғаның атауы, орналасқан жері, қызметінің нысанасы, оны тіркеу туралы деректер қамтылуға тиіс.";
      11-бапта:
      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Филиалды (өкілдікті) есептік тіркеуден және қайта тіркеуден бас тартуға филиалды (өкілдікті) құрудың заңдарда белгіленген тәртібі бұзылған, есептік тіркеуге ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келмеген жағдайларда жол беріледі.";
      екінші бөлік "Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеуден" деген сөздерден кейін ", филиалды (өкілдікті) есептік тіркеуден немесе қайта тіркеуден" деген сөздермен толықтырылсын;
      12-бапта:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "12-бап. Meмлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) және есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік";
      бірінші бөлікте:
      "заңдарына" деген сөздің қазақша нұсқасы өзгеріссіз қалады;
      "мемлекеттік тіркеу туралы куәлік" деген сөздерден кейінгі "береді" деген сөз алып тасталып, ", қайта тіркеуден өткен заңды тұлғаға - қайта тіркеу туралы куәлік береді. Филиалдар мен өкілдіктерге - есептік тіркеу туралы куәлік, олар қайта тіркеуден өткен жағдайда есептік қайта тіркеу туралы куәлік береді." деген сөздермен толықтырылсын;
      14-бапта:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "14-бап. Заңды тұлғаны, филиал мен өкілдікті қайта тіркеу";
      екінші бөлік "құрылтай құжаттарына" деген сөздердің алдынан "заңды тұлғаның мөрі басылған" деген сөздермен толықтырылсын;
      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      "Заңды тұлғаға қатысушылар (жабық акционерлік қоғамның акционерлері) құрамына жаңа қатысушы-заңды тұлға кірген жағдайда, тіркеуші органға құрылтай құжаттармен бірге жаңа қатысушының-заңды тұлғаның салықтар, алымдар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегінің бар немесе жоқ екендігі туралы салық органының анықтамасы табыс етіледі.";
      төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      "Табиғи монополиялар субъектілерін қайта тіркеу үшін монополияға қарсы органның келісімі талап етіледі.";
      мынадай мазмұндағы тоғызыншы бөлікпен толықтырылсын:
      "Филиалдар мен өкілдіктер атауы өзгерген жағдайда қайта тіркеуге жатады.";
      15-бапта:
      тақырыбындағы "Мемлекеттік тіркеу" деген сөздер "Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу және филиал мен өкілдікті есептік тіркеу" деген сөздермен ауыстырылсын;
      бірінші бөлікте:
      "7 күн" деген сөздер "үш жұмыс күні" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "мемлекеттік тіркеу" деген сөздерден кейін "және филиалдар мeн өкілдіктерді есептік тіркеу" деген сөздермен толықтырылсын;
      екінші бөлік "заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу" деген сөздерден кейін "және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу" деген сөздермен толықтырылсын;
      16-бапта:
      екінші бөлікте:
      "Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының" деген сөздер "уәкілетті органның" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Тиісті тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектісінің, сондай-ақ табиғи монополия субъектілерінің қызметін тоқтатуды тіркеуді монополияға қарсы органның алдын ала келісімімен тіркеуші орган жүзеге асырады.";
      алтыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      "Басқа заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы нәтижесінде құрылған заңды тұлғаны тіркеу осы Заңның 6-бабында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.";
      жетінші бөліктегі "Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының" деген сөздер "уәкілетті органның" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 16-1-баппен толықтырылсын:
      "16-1-бап. Заңды тұлғаның филиалы мен өкілдігін есептік тіркеуден шығару
      Филиал (өкілдік) филиалдың (өкілдіктің) қызметін тоқтату туралы заңды тұлға шешімі, есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің және филиал (өкілдік) туралы ереженің түпнұсқалары, заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркелгені үшін алым төлегенін растайтын квитанция немесе құжат негізінде есептен шығарылуға жатады.
      Филиалды (өкілдікті) есептік тіркеуден шығару үшін осы баптың бipiншi бөлігінде көрсетілген құжаттардан басқа, филиал (өкілдік) орналасқан жер бойынша салық органының салық органдарындағы есептік тіркеуден шығарылғаны туралы анықтамасы талап етіледі.";
      18-бапта:
      екінші бөліктегі "қолданылып жүрген заңдарға" деген сөздер "заңдарға" деген сөзбен ауыстырылсын;
      үшінші бөлік "заңды тұлғаны тіркеуден" деген сөздерден кейін "және филиалды (өкілдікті) есептік тipкeуден және қайта тіркеуден" деген сөздермен толықтырылсын;
      төртінші бөліктегі "Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясына" деген сөздер "уәкілетті органға" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Президентінің "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы" 1995 жылғы 25 желтоқсандағы N 2727 заң күші бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 24, 168-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж.,
N 21, 277-құжат; 2001 ж., N 24, 338-құжат):
      14-баптың 1-тармағындағы "сәттен бастап он күн мерзімнен кешіктірілмей" деген сөздер "күннен бастап бес жұмыс күні ішінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
      17-бап "тіркеу" деген сөздің алдынан "өтініш берілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде" деген сөздермен толықтырылсын;
      21-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Құқықтық кадастрдың мемлекеттік құпияға, коммерциялық құпияға және Қазақстан Республикасының заң актілерімен қорғалатын өзге де құпияға жататын мәліметтерінен басқа мәліметтері, жалпыға бірдей қолжетімді болып табылады және мүдделі тұлғаларға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен беріледі.";
      2-тармақтағы "10 күннен" деген сөздер "бастап бес жұмыс күнінен" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2-бап. Осы Заң жарияланған күнінен бастап отыз күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам государственной регистрации

Закон Республики Казахстан от 29 октября 2002 года N 348

        Статья 1.  Внести изменения и дополнения в следующие законодательные акты Республики Казахстан:

 

      1. В  Указ  Президента Республики Казахстан, имеющий силу Закона, от 17 апреля 1995 г. N 2198 "О государственной регистрации юридических лиц" (Ведомости Верховного Совета Республики Казахстан, 1995 г., N 3-4, ст. 35; N 15-16, ст. 109; N 20, ст. 121; Ведомости Парламента Республики Казахстан, 1996 г., N 1, ст. 180; N 14, ст. 274; 1997 г., N 12, ст. 183; 1998 г., N 5-6, ст. 50; N 17-18, ст. 224; 1999 г., N 20, ст. 727; 2000 г., N 3-4, ст. 63, 64; N 22, ст. 408; 2001 г., N 1, ст. 1; N 8, ст. 52; N 24, ст. 338):

      форму акта и заголовок изложить в следующей редакции:

      "Закон Республики Казахстан "О государственной регистрации юридических лиц и учетной регистрации филиалов и представительств";

      преамбулу исключить;

      по всему тексту слова "Указом", "Указа", "Указ" заменить соответственно словами "Законом", "Закона", "Закон";

      в статье 1:

      заголовок дополнить словами "и учетной регистрации филиалов и представительств";

      дополнить частью второй следующего содержания:

      "Учетная регистрация филиалов и представительств включает в себя проверку соответствия документов, представленных на регистрацию, законам Республики Казахстан, выдачу им свидетельства об учетной регистрации с присвоением регистрационного номера, занесение сведений о филиалах и представительствах в реестр филиалов и представительств.";

      в статье 2:

      заголовок дополнить словами "и учетной регистрации филиалов и представительств";

      абзац первый изложить в следующей редакции:

      "Государственная регистрация юридических лиц и учетная регистрация филиалов и представительств осуществляются в целях:";

      в абзаце третьем слова "и соответствия их учредительных документов законам республики" исключить;

      в абзаце пятом слова "заинтересованным лицам на договорных условиях" заменить словами "по тарифам, установленным антимонопольным органом";

      заголовок статьи 3 после слов "Юридические лица" дополнить словами "филиалы и представительства,";

      статью 4 после слов "юридических лиц" дополнить словами "и учетную регистрацию филиалов и представительств";

      в статье 5:

      абзац второй изложить в следующей редакции:

      "регистрацию юридических лиц в соответствии с настоящим Законом";

      дополнить абзацем третьим следующего содержания:

      "ведение единого Государственного регистра юридических лиц и реестра филиалов и представительств в порядке, установленном законодательством;";

      в абзаце четвертом слова "юридическими лицами и" исключить;

      в статье 6:

      часть пятую изложить в следующей редакции:

      "Государственная регистрация субъектов рынка, занимающих доминирующее (монопольное) положение на соответствующем товарном рынке, а также субъектов естественной монополии осуществляется регистрирующим органом с предварительного согласия антимонопольного органа.";

      часть седьмую исключить;

      часть восьмую изложить в следующей редакции:

      "Регистрация юридических лиц с иностранным участием производится в порядке, установленном для регистрации юридических лиц Республики Казахстан. Кроме документов, предусмотренных этим порядком, дополнительно должно быть представлено:

      легализованная выписка из торгового реестра или другой легализованный документ, удостоверяющий, что учредитель - иностранное юридическое лицо является юридическим лицом по законодательству иностранного государства, с нотариально удостоверенным переводом на государственный и русский языки;

      копия паспорта или другой документ, удостоверяющий личность учредителя - иностранного физического лица, с нотариально удостоверенным переводом на государственный и русский языки.";

      в части девятой слова "специальными законодательными актами" заменить словами "Законами Республики Казахстан  "Об общественных объединениях" "О свободе вероисповедания и религиозных объединениях" ;

      в части двенадцатой слова "настоящим Указом" заменить словами "настоящим Законом и иными законодательными актами";

      дополнить статьей 6-1 следующего содержания:

      "Статья 6-1. Порядок учетной регистрации филиала и представительства

       Для учетной регистрации филиала и представительства в регистрирующий орган подается заявление по форме, установленной Министерством юстиции Республики Казахстан. Заявление подписывается лицом, уполномоченным юридическим лицом, создающим филиал или представительство.

      К заявлению прилагаются решение юридического лица о создании филиала (представительства), скрепленное печатью юридического лица, положение о филиале (представительстве) в двух экземплярах на государственном и русском языках, утвержденное юридическим лицом, копии устава (положения) и свидетельства о государственной регистрации юридического лица, доверенность юридического лица (за исключением общественных и религиозных объединений), выданная руководителю филиала (представительства), документы, подтверждающие уплату сбора за государственную регистрацию юридического лица и место нахождения филиала (представительства).

      Регистрация филиалов и представительств иностранных юридических лиц производится в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан для регистрации филиалов и представительств юридических лиц Республики Казахстан. Документы иностранного юридического лица, создающего филиал (представительство), представляются с нотариально заверенным переводом на государственный и русский языки.

      Регистрирующий орган в течение десяти дней со дня учетной регистрации филиала (представительства) извещает о произведенной регистрации налоговый орган по месту нахождения филиала (представительства).";

      часть вторую статьи 8 изложить в следующей редакции:

      "Положение о филиале (представительстве) должно содержать наименование, место нахождения, предмет деятельности, порядок управления и компетенцию руководителя филиала (представительства), также наименование, место нахождения, предмет деятельности, данные о регистрации юридического лица, создающего филиал (представительство).";

      в статье 11:

      дополнить частью второй следующего содержания:

      "Отказ в учетной регистрации и перерегистрации филиала (представительства) допускается в случаях нарушения установленного законодательством порядка создания филиала (представительства), несоответствия представленных для учетной регистрации документов законам Республики Казахстан.";

      часть вторую после слов "юридического лица" дополнить словами ", учетной регистрации или перерегистрации филиала (представительства)";

      в статье 12:

      заголовок изложить в следующей редакции:

      "Статья 12. Свидетельство о государственной регистрации

(перерегистрации) и учетной регистрации (перерегистрации)";

      в части первой:

      слово "законодательству" заменить словом "законам";

      дополнить словами ", юридическому лицу, прошедшему перерегистрацию, - свидетельство о перерегистрации. Филиалам и представительствам выдается свидетельство об учетной регистрации, в случае прохождения ими перерегистрации - свидетельство об учетной перерегистрации.";

      в статье 14:

      заголовок изложить в следующей редакции:

      "Статья 14. Перерегистрация юридического лица, филиала и представительства";

      часть вторую после слов "в учредительные документы" дополнить словами ", скрепленные печатью юридического лица";

      часть третью изложить в следующей редакции:

      "В случае, когда в состав участников юридического лица (акционеров закрытого акционерного общества) входит новый участник - юридическое лицо, то в регистрирующий орган вместе с учредительными документами представляется справка налогового органа о наличии или отсутствии у нового участника - юридического лица задолженности по налогам, сборам и другим обязательным платежам в бюджет.";

      часть четвертую изложить в следующей редакции:

      "Для перерегистрации субъектов естественной монополии требуется согласие антимонопольного органа.";

      дополнить частью девятой следующего содержания:

      "Филиалы и представительства подлежат перерегистрации в случае изменения наименования.";

      в статье 15:

      заголовок дополнить словами "юридического лица и учетной регистрации филиала и представительства";

      в части первой:

      слова "7 дней" заменить словами "трех рабочих дней";

      дополнить словами "и учетной регистрации филиалов и представительств";

      часть вторую после слов "юридического лица" дополнить словами "и учетной регистрации филиалов и представительств";

      в статье 16:

      в части второй:

      слова "Национальной комиссии Республики Казахстан по ценным бумагам" заменить словами "уполномоченного органа";

      дополнить предложением следующего содержания:

      "Регистрация прекращения деятельности субъекта рынка, занимающего доминирующее (монопольное) положение на соответствующем товарном рынке, а также субъектов естественной монополии осуществляется регистрирующим органом с предварительного согласия антимонопольного органа.";

      часть шестую изложить в следующей редакции:

      "Регистрация юридического лица, созданного в результате реорганизации другого юридического лица, осуществляется в порядке, установленном статьей 6 настоящего Закона.";

      в части седьмой слова "Национальной комиссии Республики Казахстан по ценным бумагам" заменить словами "уполномоченного органа";

      дополнить статьей 16-1 следующего содержания:

      "Статья 16-1. Снятие с учетной регистрации филиала и представительства юридического лица

      Филиал (представительство) подлежит снятию с учета на основании решения юридического лица о прекращении деятельности филиала (представительства), подлинников свидетельства об учетной регистрации (перерегистрации) и положения о филиале (представительстве), квитанции или документа, подтверждающего уплату сбора за государственную регистрацию юридических лиц.

      Для снятия с учетной регистрации филиала (представительства) помимо документов, указанных в части первой настоящей статьи, требуется справка налогового органа по месту нахождения филиала (представительства) о снятии его с регистрационного учета в налоговых органах.";

      в статье 18:

      в части второй слова "действующим законодательством" заменить словом "законами";

      часть третью после слов "юридического лица" дополнить словами "и учетной регистрации и перерегистрации филиала (представительства)";

      в части четвертой слова "Национальную комиссию Республики Казахстан по ценным бумагам" заменить словами "уполномоченный орган".

 

      2. В  Указ  Президента Республики Казахстан, имеющий силу Закона, от 25 декабря 1995 г. N 2727 "О государственной регистрации прав на недвижимое имущество и сделок с ним" (Ведомости Верховного Совета Республики Казахстан, 1995 г., N 24, ст. 168; Ведомости Парламента Республики Казахстан, 1997 г., N 21, ст. 277; 2001 г., N 24, ст. 338):

      в пункте 1 статьи 14 слова "не более чем в десятидневный срок с момента" заменить словами "в течение пяти рабочих дней со дня";

      статью 17 после слов "произведенную регистрацию" дополнить словами "в течение пяти рабочих дней со дня подачи ходатайства";

      в статье 21:

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Сведения правового кадастра, кроме сведений, относящихся к государственным секретам, коммерческой тайне или иной охраняемой законодательными актами Республики Казахстан тайне, являются общедоступными и представляются заинтересованным лицам в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан.";

      в пункте 2 слова "10 дней" заменить словами "пяти рабочих дней".

 

        Статья 2.  Настоящий Закон вводится в действие по истечении тридцати дней со дня его опубликования.

 

      Президент

      Республики Казахстан