1-бап.
"Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының кейбір баптарының қолданылуын тоқтата тұру туралы" 1999 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., N 23, 924-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-бапта:
"13-бабы 2-тармағының, 15-16-баптарының" деген сөздер "13-бабы 2-тармағының 1), 2), 3), 5) және 6) тармақшаларының; 15-бабы 1), 2), 4) және 5) тармақшаларының; 16-бабы 1), 2), 4) және 5) тармақшаларының; 17-бабы 1-тармағы 2) және 3) тармақшаларының; 18-бабы 1) және 2) тармақшаларының" деген сөздермен ауыстырылсын;
"2003" деген цифр "2005" деген цифрмен ауыстырылсын.
2-бап. Осы Заң 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті