Базельде 1989 жылғы 22 наурызда жасалған Қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауды және оларды аулаққа шығаруды бақылау туралы Базель конвенциясына Қазақстан Республикасы қосылсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қауiптi қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауды
және оларды аулаққа шығаруды бақылау туралы
БАЗЕЛЬ КОНВЕНЦИЯСЫ
(2003 жылғы 1 қыркүйекте күшіне енді - ҚР СІМ-нің ресми сайты)
КIРIСПЕ
Осы Конвенция Тараптары:
қауiптi және басқа да қалдықтардың және оларды трансшекаралық тасымалдаудың адам денсаулығына және қоршаған ортаға келтiретiн зиянының қатерiн ескере отырып;
қауiптi және басқа да қалдықтарды өндiрудiң және трансшекаралық тасымалдаудың өсуi және олардың күрделi сипаты нәтижесiнде адам денсаулығына және қоршаған ортаға төнген қауiптiң өсуiн сезiне отырып;
сондай-ақ, адамның денсаулығын және қоршаған ортаны осындай құралған қалдықтардың қаупiнен қорғаудың барынша тиiмдi әдiсi оларды өндiрудiң мөлшерiн және/немесе олардың қауiптi әлеуетiн ең төменгi шекке дейiн қысқарту болып табылатынын сезiне отырып;
қауiптi және басқа да қалдықтарды, оларды трансшекаралық тасымалдауды және аулаққа шығаруды қоса алғанда, олардың шығарып тасталған орнына қарамастан, адамның денсаулығын және қоршаған ортаны қорғаумен сыйымды мемлекеттің қажеттi шаралар қабылдауға тиiстi eкендігіне сене отырып;
мемлекеттiң өндiрушiнiң қауiптi және басқа да қалдықтарға қатысты мiндеттемелерiн, шығарып тастау орнына қарамастан, қоршаған ортаға сыйымды әдiспен орындауды қамтамасыз eтуге тиiс екендiгiн атап көрсете отырып;
әрбiр мемлекеттің өз аумағында басқа мемлекеттiң қауiптi және басқа да қалдықтарын трансшекаралық тасуға немесе аулаққа шығаруға тыйым салуға егемендi құқығы бар екенiн толық тани отырып;
сондай-ақ, басқа мемлекеттердегi, әсiресе дамушы елдердегi қауiптi қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауға және оларды аулаққа шығаруға тыйым салуға ұмтылыстың өсе түскенiн тани отырып;
қауiптi және басқа да қалдықтардың осы қалдықтар өндiрiлген мемлекетте аулаққа шығару тиiстілігiнің оларды экологиялық негiзделген және тиiмдi пайдалануға қандай дәрежеде, қаншалықты сәйкес келетiнiне көз жеткiзе отырып;
сондай-ақ, осындай қалдықтарды оларды өндiрген мемлекеттен кез келген басқа мемлекетке трансшекаралық тасымалдауға Конвенция ережелерiне сәйкес адамның денсаулығы және қоршаған орта үшiн қауiп туғызбайтын жағдайда жүзеге асырылған кезде ғана рұқсат етілуге тиiс екенiн сезiне отырып;
қауiптi және басқа да қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауға бақылауды күшейту оларды экологиялық негiзделген пайдалануға және мұндай трансшекаралық тасымалдаудың көлемiн қысқартуға ынталандырады деп есептей отырып;
мемлекеттердiң қауiптi және басқа да қалдықтарды осы мемлекеттерден әкелу немесе олардан әкету және осындай тасымалды бақылау трансшекаралық тасымалдау туралы ақпараттармен тиiсiнше алмасуды қамтамасыз ету үшiн шаралар қабылдауға тиiс екендiгiне көз жеткiзе отырып;
бiрқатар халықаралық және аймақтық келiсiмдерде транзиттік қауiптi жүктерге байланысты қоршаған ортаны қорғау мен сақтау туралы мәселе қарастырылатынын атап көрсете отырып;
Бiрiккен Ұлттар Ұйымының қоршаған орта проблемасы бойынша Конференциясының Декларациясын (Стокгольм 1972), Бiрiккен Ұлттар Ұйымының қоршаған орта бойынша 1987 жылғы 17 маусымдағы Бағдарламаларды басқарушылар Кеңесiнің (ЮНЕП) қауiптi қалдықтарды экологиялық жағынан ақталған пайдалануға қатысты қабылданған 14/30 шешiмiндегi басшылыққа алатын Каир ережелерi мен принциптерiн, БҰҰ-ның қауiптi жүктердi тасымалдау жөнiндегi сарапшылар Комитетiнiң (1957 жылы құрылған және әр екi жылда жаңартылатын) ұсыныстарын, Бiрiккен Ұлттар Ұйымы жүйесiнiң шеңберiнде қабылданған ұсыныстарды, декларацияларды, құжаттарды және ережелердi, сондай-ақ басқа да халықаралық және аймақтық ұйымдарда жүргiзілген жұмыстарды және зерттеулердi назарға ала отырып;
Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының отыз жетiншi сессиясында қабылданған (1982 ж.) қоршаған ортаны қорғауға және табиғи ресурстарды сақтауға қатысты тәртiп ережелерi ретiнде Дүниежүзілік табиғат хартиясының рухын, принциптерiн, мақсаттары мен мiндеттерiн ескере отырып;
Мемлекеттердiң адам денсаулығын қорғауға және қоршаған ортаны қорғау мен сақтауға қатысты өздерiнiң халықаралық міндеттемелерiн орындау үшiн жауап беретінін және халықаралық құқыққа сәйкес жауапкершілікте болатынын растай отырып;
осы Конвенцияның ережелерi немесе оған кез келген хаттама елеулi дәрежеде бұзылған жағдайда халықаралық құқық шарттарының тиiсті ережелерi қолданылатынын тани отырып;
экологиялық негiзделген аз қалдықты технологияларды, әкiмшiлiк-шаруашылық қызметiнiң тиiмдi жүйесi мен қауiптi және басқа да қалдықтар өндiрудi ең төменгi шекке дейiн қысқарту мақсатында қалдықтарды пайдаланудың керi айналысы әдiстерiн әзiрлеу мен енгiзудi жалғастыру қажет екенiн ескере отырып;
сондай-ақ, қауiптi және басқа да қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауға бақылауды күшейту қажеттiгiне байланысты халықаралық қоғамдастықтың өсе түсiп отырған қаупiн, сондай-ақ, осындай тасымалды мүмкiндiгiнше ең төменгi шекке дейiн қысқарту қажеттiгiн ескере отырып;
қауiптi және басқа да қалдықтардың трансшекаралық заңсыз айналымының проблемаларына алаңдаушылық бiлдiре отырып,
сондай-ақ, дамушы елдердiң қауiптi және басқа да қалдықтарды ұтымды пайдаланудағы шектеулi мүмкiндiктерiн назарға ала отырып,
елдiң iшiнде өндiрiлген қауiптi және басқа да қалдықтарды негiзделген пайдалану мақсатында, әсiресе дамушы елдерге табиғат қорғау технологиясын берудi кеңейту туралы Каирдiң басшылыққа алатын ережелерi мен ЮНЕП Басқарушылар Кеңесiнiң 14/16 шешiмi рухындағы қажеттілiктi тани отырып;
сондай-ақ, қауiпті және басқа да қалдықтардың тиiстi халықаралық Конвенциялар мен ұсыныстарға сәйкес тасымалдануға тиiс екендiгiн тани отырып;
қауiптi және басқа да қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау мұндай қалдықтарды тасымалдау экологиялық негiзделген әдiспен және соңғы аулаққа шығару жүзеге асырылғанда ғана рұқсат етілуге тиiс екендігіне көз жеткiзе отырып; және
адам денсаулығын және қоршаған ортаны қауіпті және басқа да қалдықтарды өндiруден және пайдаланудан туындауы мүмкiн апатты әсерден қатаң бақылаудың көмегiмен шектеудi шешуге құлшыныс бiлдiре отырып;
МЫНА ТӨМЕНДЕГIЛЕР ТУРАЛЫ УАҒДАЛАСТЫ:
1-бап
Конвенцияның қолданылу аясы
1. Осы Конвенцияның мақсаттары үшiн трансшекаралық тасымалдау объектісi болып табылатын мынадай қалдықтар:
а) I қосымшада көрсетiлген, кез келген санатқа кiретiн қалдықтар, егер олар III қосымшада аталған қандай да бiр қасиеттердi иеленбесе, және
b) а) тармағында қамтылмаған қалдықтар, бiрақ Тараптар болып табылатын экспорт, импорт немесе транзит мемлекеттiң iшкi заңдарына сәйкес қауiптi деп белгiленсе немесе есептелсе, "қауiптi қалдықтар" деп есептеледi.
2. II қосымшада көрсетiлген кез келген санатқа кiретiн трансшекаралық тасымалдауға жататын қалдықтар осы Конвенция мақсаттары үшiн "басқа қалдықтар" болып есептеледi.
3. Олардың радиоактивтiк белсендiлiгiне байланысты басқа халықаралық бақылаудың жүйесiне, оның iшiнде радиоактивтiк материалдарға қатысты арнайы қолданылатын халықаралық келiсiмдерге енетiн қалдықтар осы Конвенцияның қолданылу аясынан шығарылады.
4. Теңiз кемелерiнiң қалыпты жұмысының нәтижесiнде пайда болатын, тасталымы басқа халықаралық құқық құжаттарында қамтылған қалдықтар осы Конвенцияның қолданылу аясынан шығарылады.
2-бап
Анықтамалар
Осы Конвенция мақсаттары үшiн:
1. "қалдықтар" - шығарып тасталатын, шығарып тастауға арналған немесе ұлттық заң ережелерiне сәйкес шығарып тастауға жататын заттарды немесе нәрселердi бiлдiредi;
2. "пайдалану" - қауiптi және басқа да қалдықтарды, шығарып тасталған орынға бақылауды қоса алғанда, жинауды, тасымалдауды және жоюды бiлдiредi;
3. "трансшекаралық тасымал" - бiр мемлекеттiң ұлттық юрисдикциясындағы ауданнан қауiптi және басқа да қалдықтарды басқа мемлекеттің ұлттық заңды юрисдикциясындағы ауданға не аудан арқылы, не қандай бiр мемлекеттiң ұлттық юрисдикциясында болмайтын аудан немесе аудан арқылы жасалатын кез келген алып өтудi бiлдiредi, мұндай тасымалдар ең жоқ дегенде екi мемлекетке қатысты болуы шарт;
4. "аулаққа шығару" - осы Конвенцияға IV қосымшада белгiленген кез келген операцияны бiлдiредi;
5. "санкция берiлген орындар немесе объектілер" - аумағында мұндай орындар немесе объектiлер орналасқан мемлекеттiң тиiстi органынан рұқсат немесе лицензия алынуға қатысты қауiптi және басқа да қалдықтарды аулаққа шығаруға арналған орындарды немесе объектiлердi бiлдiредi;
6. "құзыреттi орган" - Тараптаp қауiптi және басқа да қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау және оған байланысты кез келген ақпарат туралы хабар алуы үшiн және осындай хабарды 6-бапқа сәйкес қамтамасыз ету үшiн орынды деп тапқан географиялық осындай аудандар шегiнде Тарап тағайындаған мемлекеттік органды бiлдiредi;
7. "бөлiнген орталық" - 13 және 15-баптарда көзделгендей ақпарат алуға және ұсынуға жауап беретiн 5-бапта ескерiлген Тараптың заңды тұлғасын бiлдiредi;
8. "қауiптi және басқа да қалдықтарды экологиялық негiзделген пайдалану" - адам денсаулығы, қоршаған орта үшiн қауiптi және басқа да қалдықтарды пайдалану барысында осындай қалдықтардың мүмкiн болатын жағымсыз әсерiнен барлық практикалық мүмкiн болатын шараларды қабылдауды бiлдiредi;
9. "мемлекеттің ұлттық юрисдикциясындағы аудан" - мемлекет халықаралық құқыққа сәйкес адам денсаулығын қорғау мен қоршаған ортаның жай-күйіне әкiмшiлiк және нормативтiк жауапкершiлiкте болатын кез келген құрғақтағы және теңiздегi ауданды немесе әуе кеңiстiгiн білдiредi;
10. "экспорт мемлекетi" - қауiптi және басқа да қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау жоспарланған немесе басталған кез келген Тарапты бiлдiредi;
11. "импорт мемлекетi" - қандай бip мемлекеттің ұлттық юрисдикциясы қолданылмайтын қауiптi және басқа да қалдықтарды оларды аулаққа шығару мақсатымен немесе ауданда аулаққа шығарғанға дейiн тиеу мақсатымен тасымалдау жоспарланатын Тарапты бiлдiредi;
12. "транзит мемлекетi" - қауiптi және басқа да қалдықтарды солар арқылы тасымалдау жоспарланған немесе жүзеге асырылатын экспорт немесе импорт мемлекетi болып табылмайтын кез келген мемлекетті бiлдiредi;
13. "мүдделi мемлекеттеp" - олардың Тараптаp болып табылатынына немесе табылмайтынына қатыссыз, экспорт немесе импорт мемлекеттері немесе транзит мемлекеттерi болып табылатын Тараптарды бiлдiредi;
14. "тұлға" - кез келген жеке немесе заңды тұлғаны бiлдiредi;
15. "экспортшы" - экспорт мемлекетiнiң юрисдикциясындағы қауiптi және басқа да қалдықтардың экспортын ұйымдастыратын кез келген тұлғаны бiлдiреді;
16. "импортшы" - қауiптi және басқа да қалдықтардың импортын ұйымдастыратын импорт мемлекетiнің юрисдикциясындағы кез келген тұлғаны білдiредi;
17. "тасымалдаушы" - қауiптi және басқа да қалдықтарды тасымалдауды жүзеге асыратын кез келген тұлғаны бiлдiредi;
18. "өндiрушi" - қызметi қауiптi және басқа да қалдықтарды түзеуге әкеп соқтыратын кез келген тұлғаны, егер бұл тұлға белгiсiз болса, онда бұл қалдықтарға иелiк етуші және/немесе оларға бақылауды жүзеге асыратын кез-келген тұлғаны бiлдiредi;
19. "аулаққа шығаруға жауап берушi тұлға" - қауіпті және басқа да қалдықтарды тиеудi және осындай қалдықтарды аулаққа шығаруды жүзеге асыратын кез келген тұлғаны бiлдiредi;
20. "саяси және/немесе экономикалық интеграция жөнiндегi ұйымдар" - егемендi мемлекеттерден тұратын, оның мүше-мемлекеттеpi осы Конвенциямен реттелетiн мәселелерге өкiлеттік берген және өзінің iшкi ресiмдерiне сәйкес қол қоюға, бекiтуге, қабылдауға, мақұлдауға, ресми растауға немесе оған қосылуға тиiстi уәкілеттік берiлген ұйымдарды білдiредi;
21. "заңсыз айналым" - 9-бапқа сәйкес қауiптi және басқа да қалдықтарды кез келген трансшекаралық тасымалды білдiредi.
3-бап
Қауiптi қалдықтардың ұлттық анықтамалары
1. Тараптардың әрқайсысы осы Конвенцияның Тарапына айналғаннан кейiнгi алты ай iшiнде I және II қосымшаларда көрсетiлгеннен өзге, өзiнiң ұлттық заңдарына немесе осындай қалдықтарға қолданылатын трансшекаралық тасымалға қатысты кез келген талаптарға сәйкес қауіпті деп қарастырылатын немесе белгiленетiн қалдықтар туралы Конвенция xaтшылығын хабарландырады.
2. Әрбiр Тарап 1-тармақты орындау үшiн ұсынылған ақпараттағы кез келген елеулi өзгерiстер туралы Хатшылықты кейіннен хабарландырып отырады.
3. Хатшылық 1 және 2-тармақтарға сәйкес өздерi алған хабарламаны барлық Tapaптарға дереу жiбередi.
4. Тараптар 3-тармаққа сәйкес өздерiне Хатшылық жiберген хабарламаның өздерiнiң сарапшыларының назарына жеткізiлуi үшiн жауап бередi.
4-бап
Жалпы мiндеттемелер
1. а) Тараптар қауiптi және басқа да қалдықтардың импортына өздерiнiң тыйым салу құқығын жүзеге асыра отырып, аулаққа шығару мақсатында 13-бапқа сәйкес өздерiнiң шешiмi туралы басқа Тараптарды хабардар етедi;
b) Тараптар, егер олар бұл туралы жоғарыдағы а) тармақшасына сәйкес хабар алған болса, осындай қалдықтардың импортына тыйым салған Тараптар бағытына қауiптi және басқа да қалдықтардың экспортына тыйым салады немесе рұқсат бермейді;
с) қауiптi және басқа да қалдықтардың импортына тыйым салмаған импорт мемлекетiне қатысты Тараптар, егер импорт мемлекетi нақты импорттық түсiруге жазбаша нысанда келiсiм бермесе, қауiптi және басқа да қалдықтардың экспортына тыйым салады немесе рұқсат бермейдi.
2. Әрбiр Тарап:
а) әлеуметтiк, техникалық және экономикалық аспектілердi ескере отырып, өздерiнiң шегiнде қауiптi және басқа да қалдықтарды өндiрудi ең төмен шекке дейiн апаруды қамтамасыз етуге;
b) қауiптi және басқа да қалдықтарды, оларды аулаққа шығарған орнына қарамастан экологиялық негiзделген пайдалану үшiн аулаққа шығару жөнiндегi тиiстi объектiлердің болуын қамтамасыз етуге. Бұл объектілер, мүмкiндiгiне қарай, оның аумағында болуға тиiс;
с) қауiптi және басқа да қалдықтарды өзiнiң шектерiнде пайдалануға қатысушы тұлғаның осындай айналым нәтижесiнде қауіпті және басқа да қалдықтардың ластануын болдырмау үшiн және егер осындай ластану дегенмен де бола қалса, адам денсаулығы мен қоршаған ортаға оның зардаптарын ең төмен шекке дейiн апаруы үшiн қажетті шаралар қабылдауын қамтамасыз етуге;
d) қауiптi және басқа да қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауды осындай қалдықтарды экологиялық негiзделген және тиiмдi пайдалануға сәйкес келетiн ең төменгi шекке дейiн апаруды қамтамасыз етіп, адам денсаулығы мен қоршаған ортаның осындай тасымалдау әкеп соқтыратын терiс зардаптардан аулақ болуын осындай түрде жүзеге асыруға;
e) экономикалық және/немесе саяси интеграция жөнiндегi ұйымдарға қатысты Тараптар болып табылатын мемлекеттерге немесе мемлекеттiк топқа, атап айтқанда өздерiнiң заңдары шегiнде бүкiл импортқа тыйым салса, не егер оларда бұл қалдықтарды пайдалануға негiз бар деп санаса, Тараптар өздерiнiң алғашқы кеңесiнде белгiлеп алатын критерийлерге сәйкес экологиялық негiзделген түрде жүзеге асырылмайтын болса, дамушы елдерге қауіпті және басқа да қалдықтардың экспортына рұқсат бермеуге;
f) V А қосымшасына сәйкес, адам денсаулығы мен қоршаған орта үшін ұсынылатын тасымалдың зардаптарын айқын көрсететiн, қауiптi және басқа қалдықтарды ұсынылатын трансшекаралық тасымалдауға қатысты мүдделi мемлекеттерге хабарлама берудi талап етуге;
g) егер бұл қалдықтарды пайдалану экологиялық негiзделген түрде жүзеге асырылмайды деп санауға негiз болса, қауiптi және басқа да қалдықтар импортына жол бермеуге;
h) басқа Тараптармен және мүдделi ұйымдармен тiкелей немесе Хатшылық арқылы шаралар қабылдауда, оның iшiнде қауiптi және басқа да қалдықтарды тасымалдау туралы мұндай қалдықтарды экологиялық негiзделген пайдалануды жетiлдiру және олардың заңсыз айналымының алдын алу мақсатында хабарлама таратуда ынтымақтасуға тиiстi шараларды қабылдайды.
3. Тараптар қауiптi және басқа да қалдықтардың заңсыз айналымын қылмыстық әрекет деп есептейдi.
4. Әрбiр Тарап Конвенцияға қайшы тәртiптi болдырмау мақсатындағы және ол үшiн жазалауды қоса алғанда, осы Конвенцияның ережелерiн орындау және сақтау үшiн тиiстi құқықтық, әкiмшілiк және басқа да шараларды қолданады.
5. Тараптар Тараптар болып табылмайтын мемлекетке қауiптi немесе басқа да қалдықтардың экспортына немесе Тараптар болып табылмайтын мемлекеттен импортқа рұқсат бермейдi.
6. Тараптар қауiптi және басқа да қалдықтарды, мұндай қалдықтардың трансшекаралық тасымалдау объектiсi болып табылатынына немесе болмауына қарамастан, оңтүстiк ендiктен 60 градус оңтүстiк аудан шегiнде аулаққа шығару үшiн экспортқа жол бермеуге уағдаласады.
7. Сонымен бiрге, әрбiр Тарап:
а) өзiнiң ұлттық юрисдикциясындағы барлық тұлғаларға, егер бұл тұлғалар мұндай операцияларды жүргiзуге рұқсат немесе келiсiм алмаған болса, қауiптi және басқа да қалдықтарды тасымалдауға немесе аулаққа шығаруға тыйым салады;
b) байлап-тану таңбалау және тасымалдау саласындағы жалпыға бiрдей қабылданған және жалпыға бiрдей танылған халықаралық ережелер мен нормаларға сәйкес трансшекаралық тасымал объектiсi болып табылатын қауiптi немесе басқа да қалдықтарды байлап-таңуды, таңбалауды және тасымалдауды және халықаралық танылған практиканың ескерiлуiн талап eтеді;
с) трансшекаралық тасымалдау басталатын пункттен аулаққа шығаратын орынға дейiн қауiптi қалдықтарды тасымалдау туралы құжаттың қауiптi және басқа да қалдықтармен бiрге жүруiн талап етедi.
8. Әрбiр Тарап экспортталатын қауiптi және басқа да қалдықтардың импорт мемлекетiнде немесе басқа мемлекеттерде экологиялық негiзделген пайдаланылуын талап етедi. Осы Конвенцияға тура келетiн қалдықтарды экологиялық негiзделген пайдалануға қатысты техникалық сипаттағы жетекшілікке алатын принциптердi Тараптар өздерiнiң бiрiншi кеңесiнде белгілейтiн болады.
9. Тараптар қауiптi және басқа да қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауды шешудi қамтамасыз ету үшiн:
а) экспорт мемлекетiнiң экологиялық негiзделген және тиімді түрде мұндай қалдықтарды аулаққа шығару үшiн техникалық мүмкiндiктерi мен қажетті объектiлерi, қуаттары немесе ыңғайлы жерлерi болмаса; немесе
b) мұндай қалдықтар импорт мемлекетiне қайта ұсақтау немесе қайта пайдалану жөнiндегi кәсiпорындар үшiн шикiзат ретiнде қажет болса; немесе
с) мұндай трансшекаралық тасымал Тараптар белгiленген өзге критерийлерге, мұндай критерийлер осы Конвенцияның мақсаттарына қайшы келмейтiн жағдайда жауап беретiн болса, тиiстi шараларды қабылдайды.
10. Қауiптi және басқа да қалдықтар өндiрiлетiн мемлекеттердiң мiндеттемелерi осы қалдықтардың экологиялық негізделген түрде пайдаланылып, қандай бiр жағдайларда да импорт немесе транзит мемлекетiне өтiп кетпеуiн осы Конвенция шеңберiнде талап ету.
11. Осы Конвенция ережелерiне және адам денсаулығы мен қоршаған ортаны қорғауды жақсарту мақсатында халықаралық құқықтың нормаларына жауап беретiн қосымша талаптарды Тараптың белгiлеуiне осы Конвенцияда ешбiр кедергi келтiрiлмейдi.
12. Осы Конвенция мемлекеттің халықаралық құқыққа сәйкес белгiленген өзiнiң аумақтық теңiзiне егемендiгiне, халықаралық құқыққа сәйкес мемлекеттердiң өздерiнiң экономикалық аймақтары мен өздерiнiң континенттiк шельфiне ерекше иелiкте болуына eштеңе ешқандай түрде нұқсан келтiрмейдi, сондай-ақ барлық мемлекеттердің теңiз және әуе кемелерiнiң олар халықаралық құқықта көзделген және тиiстi халықаралық құжаттарда көрсетiлген түрдегi навигация құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруға кедергi келтiрмейдi.
13. Тараптар, басқа мемлекеттерге, атап айтқанда, дамушы елдерге экспортталатын қауiптi және басқа да қалдықтардың көлемiн және/немесе ластау қабiлетiн қысқартудың мүмкiндiктерiне оқтын-оқтын шолу жасап отыруға мiндетті.
5-бап
Құзыреттi органдарды және бөлiнген орталықты тағайындау
Осы Конвенцияны жүзеге асыруға жәрдемдесу үшiн Тараптаp:
1) бiр немесе бiрнеше құзыреттi органдарды және бiр бөлiнген орталықты тағайындайды немесе бекiтедi. Бiр құзыреттi орган транзит мемлекетi жағдайында хабар aлу үшiн тағайындалады;
2) осы Конвенция олар үшiн күшiне енгеннен кейiнгi үш ай iшiнде өздерi бөлiп тағайындаған орталықты құру және өздерiнiң құзыреттi органдары туралы хатшылықты хабарландырады;
3) өздері жоғарыдағы 2-тармаққа сәйкес жүргiзген тағайындауларға қатысты кез келген өзгерiстер туралы шешiм қабылдағаннан кейiнгi бiр ай iшiнде хатшылықты хабарландырады.
6-бап
Тараптар арасындағы трансшекаралық тасымал
1. Экспорт мемлекетi өндiрушiден немесе экспорттаушыдан экспорт мемлекеттiң құзыреттi органдары арқылы мүдделi мемлекеттердiң құзыреттi органдарын қауiптi және басқа да қалдықтардың кез келген көзделетiн трансшекаралық тасымалы туралы жазбаша түрде хабарлайды немесе хабарлауды талап етедi. Мұндай хабарларда импорт мемлекетi үшiн қолданылатын тiлде VA қосымшада көзделген өтiнiштер мен хабарлама болуға тиiс. Әрбiр мүдделi мемлекетке бiр хабарландыру жiберу жеткiлiктi.
2. Импорт мемлекетi хабарлаушыға белгiлi бiр жағдайда тасымалға келiсiмi немесе оларсыз, тасымалға рұқсат беруден бас тарту немесе қосымша хабарлама беруiне сұрау салу бар хабарландыру алғандығы туралы жазбаша нысанда жауап жолдайды.
3. Экспорт мемлекетi өндiрушiге немесе экспорттаушыға трансшекаралық тасымалдауды бастауға мыналарға:
а) хабарлаушы импорт мемлекетiне жазбаша түрде келiсiм алғанына;
b) хабарландырушы импорт мемлекетiнен экспорттаушы мен қалдықтарды аулаққа шығаруға жауапты тұлғаның apacында осы қалдықтарды экологиялық негiзделген пайдалану сөз болған келiсiм-шарттың бар екендiгiнiң фактiсiн растау алғанына жазбаша растау алғанға дейiн рұқсат бермейдi.
4. Тараптар болып табылатын әрбiр транзит мемлекетi хабарлаушыға хабарды алғанын дереу хабарлайды. Содан кейiн ол хабарлаушыға тасымалдауға бiрқатар шарттармен немесе онсыз келiсу, тасымалдауға рұқсат беруден бас тарту немесе қосымша ақпараттар ұсынуға сұрау салу мазмұндалған жазбаша жауапты 60 күннiң iшiнде жiбере алады. Экспорт мемлекетi транзит мемлекетiнiң жазбаша келiсiмiн алмайынша, трансшекаралық тасымалдауды бастауға рұқсат етпейдi. Алайда, егер Тараптар қауіпті немесе басқа қалдықтарды трансшекаралық транзиттiк тасымалдауға қатысты кез-келген уақытта толықтай немесе белгiлi бiр жағдайларда жазбаша нысандағы келiсудi алдын ала талап етпеуге шешiм қабылдаса, не осыған қатысты талабын өзгертсе, ол 13-бапқа сәйкес өзiнiң шешiмi туралы басқа Тараптарға дереу хабарлайды. Бұл соңғы жағдайда егер транзит мемлекетi осы хабарлауды алғаннан кейiн 60 күн iшiнде экспорт мемлекетi жауап алмаса, онда экспорт мемлекетi транзит мемлекетi арқылы экспортты бастауға рұқсат бере алады.
5. Қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау жағдайында, осы қалдықтар мынадай жағдайда ғана заң негiзiнде қауiптi қалдықтар peтінде айқындалады немесе қарастырылады:
а) экспорт мемлекетi, импорттаушыға немесе аулаққа шығаруға жауап берушi адамға осы баптың 9-тармағымен қолданатын талаптар, және импорт мемлекетiне тиiсiнше экспорттаушыға және экспорт мемлекеттерiне mutatis mutangis қолданылады;
b) Тараптар болып табылатын импорт мемлекетi немесе импорт және транзит мемлекеттерi, экспорттаушыға және экспорт мемлекетiне қолданатын осы баптың 1, 3, 4 және 6-тармақтарының талаптары, тиiсiнше импорттаушыға немесе аулаққа шығаруға жауапты адамға және мемлекетіне импорт мемлекетiне mutatis mutangis қолданылады; немесе
с) Тарап болып табылатын кез-келген транзит мемлекетiне 4-тармақтың ережесi ғана қолданылады.
6. Экспорт мемлекетi, мүдделi мемлекеттердiң жазбаша түрдегi келiсiм шартымен өндiрушiге немесе экспорттаушыға физикалық және химиялық ерекшелiктерi бiрдей қауiптi немесе басқа қалдықтарды аулаққа шығаруға жауап беретiн бiр тұлға экспорт мемлекетi аулаққа шығаратын бiр кедендiк пункттеp арқылы және импорт мемлекетi әкелетiн бiр кедендiк пункттеp арқылы, ал транзит жағдайында, транзит мемлекеттің немесе мемлекеттердiң әкелу және әкету пункттерi арқылы жүйелi түрде тиеу жағдайындағы жалпы хабарламаны пайдалануына рұқсат ете алады.
7. Мүдделi мемлекеттер тиеуге жататын қауiптi немесе басқа қалдықтардың дәл саны немесе кезеңдік тiзiмi тәрiздi белгiлi бiр ақпарат ұсыну жағдайында, 6-тармақта айтылғандай жалпы хабарлама ресiмiн пайдалануға жазбаша түрде келiсiм бepуi мүмкiн.
8. 6 және 7-тармақтарда айтылған жалпы хабарлама мен жазбаша түрдегi келiсiм қауiптi немесе басқа қалдықтардың 12 ай мерзiм ішіндегі көп еселенген тиелiмiн қамтуы мүмкiн.
9. Тараптар қауiптi немесе басқа қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауды мойнына алған әрбiр адамның тасымалдау туралы құжатқа, не оларды жеткiзген кезде, не осы қалдықтарды алған кезде қол қоюын талап етедi. Олар сондай-ақ қалдықтарды аулаққа шығаруға жауап беретiн адамның экспорттаушыны да, сонымен бiрге экспорт мемлекетiнің құзыреттi органын да өздерiнiң осындай қалдықтарды алғаны туралы және аулаққа шығаруды хабарламада көрсетілгендей дер кезiнде аяқтағаны туралы хабарлауын талап етедi. Егер экспорт мемлекетi мұндай ақпарат алмаса, экспорт мемлекетiнiң құзыретті органы немесе экспорттаушы бұл туралы импорт мемлекетiне хабарлайды.
10. Осы бапқа сәйкес талап етiлетiн хабарлама және оған берiлетiн жауап мүдделi Тараптардың құзыретті органдарына немесе Тараптар болып табылмайтын мемлекеттердiң тиiстi үкiмет органына жолданады.
11. Қауiптi немесе басқа қалдықтардың кез-келген трансшекаралық тасымалы Тарап болып табылатын импорт мемлекетiнiң немесе транзит мемлекетiнiң талабы бойынша кепiлмен немесе өзге кепiлдiкпен сақтандырылады.
7-бап
Тарап болып табылатын мемлекеттен
Тараптар болып табылмайтын мемлекеттер арқылы
трансшекаралық тасымалдау
Конвенцияның 6-бабының, 1-тармағы қауiптi немесе басқа қалдықтарды Тарап болып табылатын мемлекеттен Тараптар болып табылмайтын мемлекеттеp арқылы трансшекаралық тасымалдауға mutatis mutangis қолданылады.
8-бап
Қайта импорттауды жүзеге асыру мiндетi
Осы Конвенция ережелерiне сәйкес қауiптi басқа қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауға мүдделi мемлекеттер берген келiсiм келiсiм-шарттың талабына сәйкес аяқталмайтын болса, егер импорт мемлекетi экспорт мемлекетiне және хатшылыққа хабарлаған сәттен бастап 90 күн iшiнде экологиялық жағынан негiзделген қалдықтарды аулаққа шығару өзге мүмкiндiгi табылмаса, немесе осындай кезеңнiң iшiнде мүдделi мемлекеттер уағдаласа алмаса, экспорт мемлекетi бұл қалдықтарды экспорттаушының экспорт мемлекетiне қайтаруын қамтамасыз етедi. Транзит мемлекетi болып табылатын экспорт мемлекетi және кез-келген Тарап осы мақсатпен бұл қалдықтардың экспорт мемлекетiне қайта оралуына қарсылық бiлдiрмейдi, тосқауыл қоймайды немесе кедергi келтiрмейдi.
9-бап
Заңсыз айналым
1. Осы Конвенция мақсаттары үшiн қауiптi немесе басқа қалдықтарды:
а) осы Конвенция ережелерiне сәйкес барлық мүдделi мемлекеттердi хабардар етпей, немесе
b) осы Конвенция ережелерiне сәйкес мүдделi мемлекеттердiң келiсiмінсiз;
с) мүдделi мемлекеттерден бұрмалау, адастыру немесе алдау жолымен алынған келiсiмдер, немесе
d) құжаттарға едәуiр сай келмейтiн, немесе
e) қауiптi немесе басқа қалдықтарды аулаққа шығару (мәселен тастау) осы Конвенцияны және халықаралық құқықтың жалпы принциптерiн бұзуға әкеп соғатын кез-келген трансшекаралық тасымалдау заңсыз айналым деп есептеледi.
2. Заңсыз айналым санатына жататын қауiптi немесе басқа қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау жағдайында экспорттаушының немесе өндiрушiнiң тәртiбi негiзiнде экспорт мемлекетi бұл қалдықтардың:
а) экспорттаушының немесе өндiрушiнiң не қажет болса экспорт мемлекетiнiң өз аумағына керi қайтаруын немесе егер бұл практикалық тұрғыдан мақсатты болмаса керi қайтарылуын,
b) экспорт мемлекетi заңсыз айналым туралы хабардар етiлгеннен кейiн 30 күн iшiнде, не осындай өзге кезең iшiнде мүдделi мемлекеттердiң уағдаласу мүмкiндiгi туралы осы Конвенция ережелерiне сәйкес өзге тәсiлмен аулаққа шығаруды қамтамасыз етедi. Осы мақсатпен мүдделi Тараптар бұл қалдықтардың экспорт мемлекетiне қайта оралуына қарсы болмайды және тосқауыл қоймайды немесе кедергi келтiрмейдi.
3. Аулаққа шығаруға жауап берушi импортшының немесе орындаушының тәртiбi негiзiнде заңсыз айналым санатына жататын қауiптi немесе басқа қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау жағдайында импорт мемлекетi аулаққа шығаруға жауап берушi импортшы немесе тұлға арқылы бұл қалдықтардың аулаққа шығарылуын қамтамасыз етедi, не қажеттi жағдайда импорт мемлекетiнiң өзi заңсыз айналыс туралы ақпаратты импорт мемлекетi алғаннан кейiнгi 30 күннiң iшiнде, не осындай уақыт кезеңi iшiнде мүдделi мемлекеттер бұл туралы уағдаласуына болады. Мүдделi Тараптар осы мақсатпен қажет болған жағдайда экологиялық негiздемеде қалдықтарды аулаққа шығаруға ынтымақтасады.
4. Заңсыз айналыс үшiн жауапкершілік экспорттауға немесе өндiрушiге, не импортшыға немесе аулаққа шығару үшiн жауапты тұлғаға жүктелуi мүмкiн болмаған жағдайда мүдделi Тараптаp немесе қажетiне қарай басқа Тараптар бұл қалдықтарды экологиялық негiздемеде шұғыл аулақтатуға ынтымақтастық негiзiнде тиiсiнше экспорт мемлекетiнде, импорт мемлекетiнде, не өзге орында қамтамасыз етедi.
5. Тараптардың әрқайсысы заңсыз айналысты болдырмау мақсатында және ол үшiн жазалауға тиiстi ұлттың iшкi заңдарын қабылдайды, Тараптар осы баптың мақсатқа жетуi жолында өзара ынтымақтасады.
10-бап
Халықаралық ынтымақтастық
1. Тараптар қауiптi және басқа қалдықтарды экологиялық жағынан негiздеп пайдалануды жақсарту және табысқа жету мақсатында өзара ынтымақтасады.
2. Тараптар осы мақсаттар үшiн:
а) екi жақты немесе көп жақты негiздегi өтiнiштердiң түсуi барысында қолда бар ақпаратты, қауіпті және басқа да қалдықтарды экологиялық жағынан негiздеп пайдалануға жәрдемдесу ниетiмен бередi, сонымен қатар қауiптi және басқа қалдықтарды тиiсiнше пайдаланудың техникалық нормаларын және практикасын бiр iзге салады;
b) қауiптi қалдықтарды пайдаланудың адам денсаулығы мен қоршаған ортаға зардабының мониторингi саласына да ынтымақтасады;
с) қауiптi және басқа қалдықтардың өндiрiсiн мүмкiндiгiнше жою мақсатымен өзiнiң ұлттық заңдарына, ережелерiне және саясатына сәйкес қолданыстағы жаңа, экологиялық жағынан негiзделген, аз қалдықты технологияны әзiрлеу қолдануда, қолдағы технологияны жетiлдiруде және осы қалдықтарды пайдаланудың экологиялық жағынан негiзделген неғұрлым тиiмдi және пәрмендi әдiстерiн жасауда, оның iшiнде осындай жаңа немесе жетілдiрiлген технологияны енгiзудiң экономикалық, әлеуметтік және экологиялық салдарын зерттеуде ынтымақтасады;
d) қауiптi және басқа қалдықтарды экологиялық жағынан негiздеп пайдалануға байланысты технологиялар мен үрдiстердi берудегi өздерiнің ұлттық заңдарына, ережелерiне және саясатына сәйкес белсендi ынтымақтасады, сондай-ақ олар Тараптардың техникалық әлеуетiн кеңейтуге, олардың iшiнен осы саладағы техникалық көмектердi қажет ететiндерiне және ол туралы көмек сұрағандарға ынтымақтастық бiлдiредi;
e) тиiсті техникалық басшылық принциптермен және/немесе тәртiп кодекстермен ынтымақтасады.
3. Тараптар ынтымақтасу мақсатымен IV-баптың 2-тармағының а), b), с) және d)-тармақшаларының орындалуы үшiн дамушы елдерге көмек көрсетудiң қажеттi шараларын қабылдайды.
4. Дамушы елдердiң сұранымын ескере отырып жұртшылық проблемаларына inter alia көмек көрсету, қауiптi және басқа қалдықтарды экологиялық жағынан негiздеп пайдалануды кеңейту және аз қалдықты жаңа технологияны енгiзу мақсатымен Тараптардың және халықаралық құзыреттi ұйымдардың арасындағы ынтымақтасты көтермелейдi.
11-бап
Екi жақты, көп жақты және аймақтық келiсiмдер
1. 5-баптың 4-тармағының ережелерiне қарамастан Тараптар қауiптi немесе басқа қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауда Тараптар болып табылмайтын Тараптармен немесе мемлекеттермен мынадай жағдайларда, яғни мұндай келiсiмдер немесе уағдаласулар осы Конвенцияда көзделген қауiптi немесе басқа қалдықтарды экологиялық жағынан негiздеп пайдалану талабын қалыс қалдырмаса екi жақты, көп жақты немесе аймақтық келiсiмдердi жасай алады. Бұл келiсiмдердiң немесе уағдаласулар ережесi экологиялық жағынан негiздеп пайдалануға қатысты, атап айтқанда дамушы елдердiң мүдделерiн ескеру, осы Конвенцияда көзделген талаптардан кем болмауға тиiс.
2. Тараптар 1-тармақта айтылғандай, кез-келген екi жақты, көп жақты немесе аймақтық келiсiмдер немесе уағдаластықтар туралы және қауiптi және басқа қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауға бақылау жасау мақсатымен осы Конвенция олар үшiн күшiне енгенге дейiнгi жасасқандары туралы хатшылыққа хабарлайды, мұндай келiсiмдер тек қана Тараптар арасында жүзеге асырылады. Мұндай келiсiмдер осы Конвенцияда көзделген қауiптi немесе басқа қалдықтарды экологиялық жағынан негiздеп пайдалану талабына қайшы келмеген жағдайларда, осы Конвенцияның ережелерi осындай келiсiмге сәйкес жүзеге асырылатын трансшекаралық тасымалды қозғамайды.
12-бап
Жауапкершілiк туралы консультациялар
Тараптар қауiптi және басқа қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау нәтижесiнде келтiрiлген залал үшiн жауапкершiлiк пен өтем саласында тиiстi ережелер мен рәсiмдер қамтылған хаттаманы мүмкiн болғанынша тездетіп қабылдау мақсатында ынтымақтасады.
13-бап
Ақпарат беру
1. Басқа мемлекеттер адамдарының денсаулығына және қоршаған ортасына қауiп төндiруi мүмкiн қауiптi немесе басқа қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау не оларды аулаққа шығару кезiнде авария болған жағдайда мәлiмет алған Тараптар ол туралы мемлекеттерге дереу хабарлануын қамтамасыз етедi.
2. Тараптар бiр бiрiне хатшылық арқылы:
а) 5-бапқа сәйкес құзыреттi органдарды тағайындауға және/немесе бөлiнген орталықтарға қатысты өзгерiстер туралы;
b) 3-бапқа сәйкес қауiптi қалдықтарды өзінің ұлттық белгiлерiне өзгерiстер туралы хабарлайды;
және мүмкiндiгiнше неғұрлым қысқа мерзiмде:
с) өздерiнiң юрисдикциясында тұрған ұлттық аудандағы аулаққа шығарылуға тиiс қауiптi немесе басқа қалдықтардың импортымен толық немесе ішінара келiспейтiндiктерi туралы өздерi қабылдаған шешiмдер туралы;
d) қауіптi немесе басқа қалдықтардың экспортын шектеу және/немесе оған тыйым салу мақсатында өздерi қабылдаған шешiмдер туралы;
e) осы баптың 4-тармағына сәйкес қажеттi кез келген ақпарат туралы хабарлайды.
3. Тараптар ұлттық заңдарға және ережелерге сәйкес хатшылық арқылы 15-баптың негiзiнде құрылған Тараптар Конференциясына әрбiр күнтiзбелiк жылдың аяғына дейiн алдыңғы күнтiзбелiк жылдың баяндамасын, атап айтқанда:
а) 5-бапқа сәйкес өздерi тағайындаған құзыреттi органдар мен бөлiнген орталықтар туралы ақпаратты;
b) өздерi қатысқан қауiптi және басқа қалдықтарды кез келген трансшекаралық тасымал туралы ақпаратты, оның iшiнде:
i) хабарламаға жауапта көрсетiлген экспортталған қауіпті және басқа қалдықтардың көлемi, олардың санаттары, қасиеттерi, баратын жерi, транзит мемлекетi және аулаққа шығару әдiсi туралы;
іі) импортталған қауiптi және басқа қалдықтардың көлемi, олардың санаттары, қасиеттерi, шығу тегi және аулаққа шығapу әдiсi туралы;
ііі) жүзеге асырылуы күткендегiдей болмаған аулаққа шығару жөнiндегi операциялар туралы;
iv) трансшекаралық тасымалдауға жататын қауіпті және басқа қалдықтардың көлемiн қысқарту мақсатына күш салу туралы;
с) осы Конвенцияны орындау үшiн өздерi қабылдаған шаралар жөнiндегi ақпарат туралы;
d) қауiптi және басқа қалдықтарды өндiрудiң, тасымалдаудың және аулаққа шығарудың адам денсаулығы мен қоршаған ортаға тигiзетiн әсерi туралы өздерi жинаған сенiмдi статистикалық деректер жөнiндегi ақпарат туралы;
e) осы Конвенцияның 12-бабына сәйкес жасалған екi жақты, көп жақты және аймақтық келiсiмдер мен шарттарға қатысты ақпарат туралы;
f) қауiптi және басқа қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау мен аулаққа шығару кезiнде болған апаттар жөнiнде және олардың зардаптарын жою үшiн қабылданған шаралар жөнiндегi ақпарат туралы;
g) өздерiнiң ұлттық юрисдикциясында тұрған ауданда пайдаланылатын аулаққа шығарудың мүмкiн болатын жолдары жөнiндегi ақпарат туралы;
h) қауiптi және басқа қалдықтар өндiрiсiн азайтуға және/немесе жоюға арналған технологияларды әзiрлеу үшін қабылданған шаралар жөнiндегi ақпарат туралы, және
i) Тараптар Конференциясы орынды деп санайтын өзге де мәселелер туралы хабарлайды.
4. Тараптар ұлттық заңдар мен ережелерге сәйкес, қауiптi немесе басқа қалдықтарды осы трансшекаралық тасымалдаудың кез келген деректерiне қатысты әрбiр хабарламаның және оған берiлген жауаптың көшiрмесiн хатшылыққа жiберудi, егер бұл туралы мұндай трансшекаралық тасымалдау салдарынан қоршаған ортасы зардап шегетiн Тарап сұраса, қамтамасыз етедi.
14-бап
Қаржылық аспектiлер
1. Тараптар әртүрлi аймақтар мен iшкi аймақтардың нақты қажетiне қарай кадрлар даярлау мен қауiптi және басқа қалдықтарды ұтымды пайдалануға қатысты технологияларды және оларды барынша аз өндiру мәлiметтерiн беру жөнiнде аймақтық және аймақішілiк орталықтар құруға келiседi. Тараптар ерiктi негiзде қаржыландырудың тиiстi механизмдерiн құру туралы шешiм қабылдайды.
2. Тараптар қауiптi және басқа қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау немесе оларды аулаққа шығару нәтижесiнде болған апаттардан келген зиянды азайту мақсатында төтенше жағдайлар кезiнде уақытша негiзде көмек көpceту үшiн айналым қорын құру туралы мәселе қарайды.
15-бап
Тараптар Конференциясы
1. Осымен Тараптар Конференциясы құрылады. Тараптар Конференциясының бiрiншi кеңесiн ЮНЕП-тiң атқарушы директоры осы Конвенция күшiне енгеннен кейiн бiр жылдан кешiктiрiлмей шақырады. Бұдан әрi Тараптар Конференциясының кезектi кеңестерi Конференция өзiнiң бiрiншi кеңесiнде белгiлеген кезеңдiлiкпен шақырылады.
2. Тараптар Конференциясының кезектен тыс кеңесi Конференция мұны қажет деп санағанда, немесе Тараптардың бiреуiнiң жазбаша өтініші бойынша, өтiнiш олардың мекен-жайына хатшылық арқылы жiберiлгеннен кейiн алты ай iшiнде бұл өтiнiштi Тараптардың кем дегенде үштен бiрi қолдаған жағдайда шақырылады.
3. Тараптар Конференциясы өздерiнiң де, сол сияқты ол құра алатын кез келген қосалқы органдардың да рәсiм ережесiн, сондай-ақ осы Конвенция шеңберiнде Тараптардың қаржылық қатысуын айқындау мақсатында қаржы ережесiн консенсуспен келiседi және қабылдайды.
4. Тараптар өзiнiң бiрiншi кеңесiнде осы Конвенцияның контексiндегi теңiз ортасын қорғауға және сақтауға қатысты өздерiнiң мiндеттемелерiн орындауда өздерiне көмек болатын кез келген қосымша шараларды қарайды.
5. Тараптар Конференциясы осы Конвенцияның тиiмдi орындалуын тұрақты түрде қадағалап отырады, және бұдан басқа:
а) қауiптi және басқа қалдықтардың адамдардың денсаулығына және қоршаған ортаға келтiрген залалын барынша азайту мақсатындағы тиiстi саясатпен, стратегиямен және шаралармен келiсуге жәрдемдеседi;
b) қажет болған жағдайда, осы Конвенцияға және оның қосымшаларына, қолда бар inter аliа ғылыми, техникалық, экономикалық және экологиялық ақпаратты ескере отырып, түзету енгiзудi қарастырады;
с) осы Конвенцияның мақсаттарына қол жеткiзу үшiн талап етілуі мүмкiн кез келген қосымша шараларды, оны орындау барысында жинақталған тәжiрибе жүзiнде, сондай-ақ 11-бапта көзделген келiсiмдер мен шарттарды орындау кезiнде қарап, қабылдайды;
d) қажет болған жағдайда хаттамаларды қарап, қабылдайды; және
e) осы Конвенцияны орындауға қажеттi деп саналатын осындай қосалқы органдарды құрады.
6. Бiрiккен Ұлттар Ұйымы, оның мамандандырылған мекемелерi, осы Конвенцияның Тарабы болып табылмайтын кез келген мемлекет Тараптар Конференциясының кеңестерiне байқаушы ретiнде ұсынылуы мүмкiн. Қауiптi немесе басқа қалдықтарға қатысты салаларда құзыретке ие, Тараптар Конференциясының Кеңестерiне байқаушы ретiнде ұсынылсам деген өзiнiң ниетi туралы хатшылықты хабардар еткен кез келген басқа органдар, ұлттық немесе халықаралық, үкiметтiк немесе облыстарда құзыретке ие үкiметтiк емес мекемелер оған қатысуға, егер қатысушы Тараптардың кем дегенде үштен бiрi бұған қарсылық бiлдiрмесе, жiберiлуi мүмкiн. Байқаушылардың қатысуға жiберiлуi Тараптар Конференциясында қабылданатын рәсiмдердің ережелерiмен реттеледi.
7. Тараптар Конференциясы осы Конвенция күшiне енгеннен кейiн үш жылдан соң, одан кейiн алты жылда бiр реттен сиретпей оның тиімділігіне баға бередi, егер қажет деп санаса, қауiптi және басқа қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауға соңғы ғылыми, экологиялық және экономикалық ақпаратты ескере отырып, толық немесе iшiнара тыйым салуды белгiлеу мүмкiндiгiн қарайды.
16-бап
Хатшылық
1. Хатшылыққа мынадай міндеттеp жүктеледi:
а) кеңестердi, 15 және 17-баптарда көзделгендей ұйымдастыру мен оған қызмет көрсету;
b) 3, 4, 6, 11 және 13-баптарға сәйкес алынған ақпаратқа және 15-бапқа сәйкес құрылған қосалқы органдар кеңестерiнен алынған ақпаратқа, сондай-ақ, егер бұл қолданылса, тиiстi үкiметаралық және үкiметтік емес мекемелер ұсынған ақпаратқа негiзделген баяндамаларды әзiрлеу және беру;
с) осы Конвенцияға сәйкес өзiнiң мiндеттерiн орындау жөнiнде хатшылықтың қызметi туралы баяндамалар әзiрлеу және оларды Тараптар Конференциясына ұсыну;
d) тиiстi халықаралық органдармен қызметтi қажеттi түрде үйлестiрудi қамтамасыз ету, атап айтқанда, мiндеттерiн тиiмдi орындауға қажет болатын әкiмшiлiк және келiсiм шарттарын жасасу;
е) осы Конвенцияның 5-бабына сәйкес Тараптар құрған бөлiнген орталықтар мен құзыреттi органдарға байланысты қолдау көрсету;
f) қауiптi қалдықтарды, басқа қалдықтарды аулаққа шығару үшiн пайдаланылатын Тараптардың бекiтiлген ұлттық органдары мен объектілеріне қатысты ақпарат жинау және осы ақпаратты Тараптар арасында тарату;
g) Тараптардан ақпарат алу және оларға:
- техникалық жәрдемдесу және кадрлар даярлау көздерiне;
- қолда бар ғылыми-техникалық бiлiм және тәжiрибеге;
- консультациялық жәрдемдесу және сараптау көздерiне; және
- оларға өтiнiштерi бойынша жәрдемдесу мақсатында мынадай салаларда ресурстардың болуына;
- осы Конвенция шеңберiнде хабарлама жүйелерiн қолдануға;
- қауiптi және басқа қалдықтарды ұтымды пайдалануға;
- қауiптi және басқа қалдықтарға байланысты экологиялық жағынан негiзделген қалдығы аз, қалдықсыз технологиялар енгiзуге;
- мүмкiндiктердi бағалауға және аулаққа шығару орнына;
- қауiптi және басқа қалдықтардың мониторингiне; және
- төтенше жағдайларда шаралар қабылдауға қатысты ақпарат жiберу;
h) Тараптарды өздерiнiң өтiнiштерi бойынша осы салада қажетті техникалық құзыретке ие консультанттармен және консультативтiк фирмалармен қамтамасыз ету, олар Тараптарға трансшекаралық тасымалдау туралы хабарламаны және қауiптi немесе басқа қалдықтарды болжамды тиеудің алынған хабарламаға және/немесе қауiптi қалдықтар аулаққа шығарылатын болжамды объектiлердiң аталған қалдықтар экологиялық жағынан негiздi сипатқа ие деген фактiге сәйкестiгi туралы мәселенi қарауға жәрдем көрсете алады. Кез келген мұндай мәселелердi қарау хатшылықтың есебiнен тыс жүргiзiледi;
і) Тараптарға өздерiнiң өтiнiшi бойынша заңсыз айналым жағдайын анықтауға және мүдделi Тараптар арасында заңсыз айналымға қатысты хатшылық алған кез келген ақпараттың дереу таратылуына көмек көрсету;
j) Тараптармен, тиiсті және құзыреттi халықаралық ұйымдармен және мекемелермен төтенше жағдайлар пайда болған кезде мемлекеттерге жедел көмек көрсету мақсатында сарапшылар мен жабдықтар беру жөнiнде ынтымақтасу; және
k) Тараптар Конференциясы айқындауы мүмкiн, осы Конвенция мақсаттарына байланысты осындай басқа мiндеттердi орындау.
2. Хатшылық мiндетi Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Қоршаған орта жөнiндегi Бағдарламасы 15-бапты орындау үшiн шақырылған Тараптар Конференциясының бiрiншi кеңесi аяқталғанға дейiн уақытша орындайды.
3. Тараптар Конференциясы өзiнiң бiрiншi кеңесiнде хатшылықтың мiндетiн осы Конвенцияға сәйкес орындау әзiрлiгiн танытқан жұмыс iстеп тұрған құзыреттi үкiметаралық ұйымдардың қатарынан хатшылықты құрады. Осы кеңесте Тараптар Конференциясы, өздерiне жүктелген мiндеттердi, атап айтқанда, 1-тармақ шеңберiнде жүктелген мiндеттердi уақытшa хатшылықтың жүзеге асыруы барысына баға бередi және осы мiндеттердiң механизмдерiн орындауға қажеттi шешiм қабылдайды.
17-бап
Конвенцияны түзету
1. Тараптардың кез келгенi осы Конвенцияға түзетудi ұсына алады және қандай да бiр хаттаманың кез келген Тарабы осы xаттамаға түзету ұсына алады. Мұндай түзетулерде тиiстi ғылыми-техникалық ұғым inter аliа тиiстi дәрежеде ескерiледi.
2. Осы Конвенция түзетулерi Тарап Конференциясының кеңесiнде қабылданады. Кез келген хаттама түзетулерi тиiстi хаттама Тарабының кеңесiнде қабылданады. Осы Конвенцияға және кез келген хаттамаға, егер бұл хаттамада өзгедей нәрсе көзделмесе, ұсынылған кез келген түзетулер мәтінiн хатшылық Тараптарға оны қабылдау ұсынылған кеңес өткенге дейiн, алты айдан кешiктiрмей хабарлайды. Хатшылық, сондай-ақ ұсынылған түзетулер мәтiнiн олардың мәлiметi үшiн Конвенцияға қол қойған елдерге хабарлайды.
3. Тараптар осы Конвенцияға ұсынылған кез келген түзетулердi бәтуә жолымен қабылдауға қатысты келiсiмдерге қол жеткiзу үшiн барынша күш салады. Егер де бәтуә жолымен қол жеткiзудiң барлық мүмкiндiгi сарқылса, ал келiсiмге қол жетпесе, онда соңғы шара ретiнде түзету қатысушы және дауыс беруге келген Тараптардың төрттен үшінiң көпшiлiк дауысымен қабылданады, оны Депозитарий бекiту, мақұлдау, ресми растау немесе қабылдау үшiн барлық Тараптарға жiбередi.
4. Жоғарыдағы 3-тармақта айтылған рәсiм оларды қабылдау үшiн Тараптардың кеңесiне келушiлер мен осы хаттамаға дауыс беруге қатысушылардың үштен екiсінің көпшiлiк дауысының жеткiлiктi екенiн қоспағанда, кез келген хаттамаға енгiзiлген түзетулерге қолданылады.
5. Депозитарийдiң сақтауына тиiстi дәрежеде бекiтiлген грамоталар мен түзетулердi мақұлдау, ресми растау немесе қабылдау туралы құжаттар өткізiледi. Жоғарыдағы 3 немесе 4-тармақтарға сәйкес қабылданған түзетулер, Депозитарийден бекiтiлген грамоталарды немесе аз дегенде оларды қабылдаған Тараптардың төрттен үшінiң, немесе аз дегенде осы хаттамаға енгiзiлген түзетулердi, тек осы хаттамада өзгедей нәрсе көзделмесе, қабылдаған Тараптардың үштен екісінiң мақұлдауы, ресми растауы немесе қабылдауы туралы құжатты алғаннан кейiн тоқсаныншы күнi олармен келiсетiн Тараптар үшiн күшiне енедi. Кез келген басқа Тараптар үшiн түзетулер, осы Тарап бекiтiлген грамоталарды немесе осы түзетулердi мақұлдаған, ресми растаған немесе қабылдаған құжатты сақтауға өткiзгеннен кейiн тоқсан күннен соң күшiне енедi.
6. "Дауыс беруге қатысқан және болған Тараптар" деген термин осы баптың мақсаты үшiн "жақтап немесе қарсы дауыс беруге келген және дауыс берген Тараптар" деп ұғынылады.
18-бап
Қосымшаларды қабылдау және оларға түзетулер енгiзу
1. Осы Конвенцияның немесе кез келген хаттаманың қосымшалары егер тiкелей өзге нәрсе көзделмесе, осы Конвенция мен осы хаттаманың тиiсiнше ажырамас бөлiгiн құрайды, онда осы Конвенцияға немесе оған жасалған хаттамаға сiлтеме жасау оның кез келген қосымшаларына сiлтеме жасауды білдiредi. Мұндай қосымшалар ғылыми-техникалық және әкiмшілік мәселелермен шектеледi.
2. Егер қандай да бiр хаттама оның қосымшасына қатысты өзгедей ережелердi қарастырмаса, онда ұсыныстардың, осы Конвенцияға толықтыру қосымшаларының немесе хаттама қосымшаларының қабылдауы мен күшiне енуiне ұсыныстардың мынадай рәсiмi қолданылады:
а) осы Конвенцияның немесе хаттамалардың қосымшалары 17-баптың 2, 3 және 4-тармақтарында белгiленген рәсiмдерге сәйкес ұсынылады немесе қолданылады;
b) осы Конвенцияға толықтыру ережесiн немесе кез келген хаттамаға қосымшаны қабылдау мүмкiн емес деп саналатын, қатысушы болып табылатын кез келген Тарап оның қабылдануы туралы Депозитарий хабарлаған күннен бастап алты ай iшiнде бұл туралы Депозитарийдi жазбаша нысанда хабардар етедi. Кез келген Тарап кез келген уақытта қарсылық бiлдiру туралы бұрын жолдаған өтiнiшiн қабылдау туралы өтінішпен ауыстыра алады, қосымшалар бұдан кейiн осы Тарап үшiн күшiне енедi;
с) Депозитарий хабарды жiберген күннен бастап алты ай өтiсiмен осы Конвенцияның қосымшасы немесе жоғарыдағы b) тармақшасында келтiрiлген ережелерге сәйкес хабарландыру берiлмеген кез келген тиiстi хаттамалар қосымшасы барлық тараптар үшiн күшiне енедi.
3. Осы Конвенция немесе кез келген хаттама қосымшаларына түзетудi ұсыну, қабылдау және күшiне енгiзу Конвенция қосымшаларына немесе қандай да бiр хаттаманың қосымшаларына ұсыныстар енгiзу, қабылдау және күшiне енгiзу үшiн белгiленген осыған ұқсас рәсiммен реттеледi. Олардың қосымшаларында және түзетулерiнде тиiстi дәрежеде inter alia тиiстi ғылыми-техникалық ұғымдар ескерiледi.
4. Егер қосымшаға берiлген қосалқы қосымша немесе түзету осы Конвенцияға немесе кез келген хаттамаға түзету енгiзумен байланысты болса, мұндай қосалқы қосымша немесе оған түзетулер енгiзiлген қосымша осы Конвенцияға немесе тиiстi хаттамаға енгiзiлген түзетулер күшіне енгеннен кейiн ғана қоса күшiне енедi.
19-бап
Тексеру
Екiншi Тарап осы Конвенция бойынша өз мiндеттемелерiн бұзып iс-қимыл жасап отыр немесе жасады деп санауға негiзi бар кез келген Тарап бұл туралы хатшылыққа хабарлай алады, мұндай жағдайда ол тiкелей немесе хатшылық арқылы тәртiп бұзды деп күдiктенген Тарапқа дереу хабарлайды. Мұндай жағдайда хатшылық Тараптарға барлық қажетті ақпаратты бередi.
20-бап
Дауларды реттеу
1. Осы Конвенцияны немесе оған қоса берiлген кез келген хаттаманы түсiндiруге, қолдануға немесе сақтауға қатысты Тараптар apacында даулар туындаған жағдайда олар дауды келiссөз жолымен немесе өзiнiң қалауы бойынша кез келген бейбiт тәсiлмен реттеуге ұмтылады.
2. Егер мүдделi тараптар дауды алдыңғы тармақта көрсетiлген түрде реттей алмаса, дау өзара келiсiм бойынша Халықаралық сотқа немесе төрелiк сот туралы VI қосымшада белгiленген талаптарға сәйкес төрелiк сотқа берiледi. Дауды Халықаралық сотқа немесе төрелiк сотқа беру жөнiнде өзара келiсiмге қол жеткiзудiң мүмкiн болмауы Тараптарды 1-тармақта көрсетiлген түрде оны реттеу жолын одан әрi iздестiре беру мiндеттерiнен босатпайды.
3. Бекiту, қабылдау, мақұлдау, ресми растау немесе осы Конвенцияға қосылу сәтiнде немесе одан кейiнгi кез келген сәтте саяси және/немесе экономикалық интеграция жөнiндегi кез келген мемлекет немесе ұйым ipso facto және өздерiне мынадай мiндеттеме қабылдайтын кез келген Тарапқа қатысты арнаулы келiсiмсiз мiндеттi түрде мойындайтыны туралы мәлiмдей алады:
а) дауды Халықаралық сотқа беру; және/немесе
b) дауды VI қосымшада белгiленген рәсiмдерге сәйкес төрелiк сотқа беру.
Осындай өтiнiш туралы жазбаша түрдегi хабарландыру Тараптардың назарына жеткiзу үшiн хатшылыққа жолданады.
21-бап
Қол қою
Осы Конвенция Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Намибия жөнiндегi Кеңесi және саяси және/немесе экономикалық интеграция жөнiндегi ұйымдары ұсынған Намибия мемлекеттерiнiң Базельде 1989 жылғы 22 наурызда, Швейцария сыртқы iстерi Федералдық департаментiнiң Бернде 1989 жылғы 23 наурыздан 30 маусымға дейiн және Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Орталық мекемелерiнiң Нью-Йоркте 1989 жылғы 1 шiлдеден 1990 жылғы 22 наурызға дейін қол қоюы үшін ашық.
22-бап
Бекiту, қабылдау, ресми растау немесе мақұлдау
1. Осы Конвенция Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Намибия жөнiндегi Кеңесi ұсынған мемлекеттер мен Намибияның бекiтуiне, қабылдауын немесе мақұлдауына және саяси және/немесе экономикалық интеграция жөнiндегi ұйымдардың ресми растауына немесе мақұлдауына жатады. Бекiтiлген грамоталар мен қабылданғаны, ресми расталғаны немесе мақұлданғаны туралы құжаттар Депозитарийдiң сақтауына өткiзiледi.
2. Осы Конвенцияның Тарабы болатын жоғарыдағы 1-тармақта аталған кез келген ұйым, сонымен қатар оның бiр де бiр мүше-мемлекетi Конвенциядан туындайтын барлық мiндеттемелерге байланысты болатын Тарап болып табылмайды. Мұндай ұйымның бiр немесе бiрнеше мүше-мемлекетi Конвенция Тараптары болып табылған жағдайда, бұл ұйым және оның мүше-мемлекеттерi өз мiндеттемелерiн орындау жөнінде олардың тиiстi мiндеттерiне қатысты шешiмдер қабылдайды. Мұндай жағдайда бұл ұйым және оның мүше-мемлекеттерi Конвенциядан туындайтын құқықтарды қатар жүзеге асыра алмайды.
3. Ресми растау және мақұлдау туралы өздерiнiң құжаттарында жоғарыда 1-тармақта аталған ұйым Конвенция peттейтін мәселелердегi өз құзыретiнiң шегi туралы мәлiмдейдi. Бұл ұйымдар, сондай-ақ өз құзыретiнiң шегiне енгiзiлген кез келген елеулi өзгерiстер туралы Депозитарийге бұл туралы Тараптарға хабарлайтын хабарландыру жiбередi.
23-бап
Қосылу
1. Осы Конвенция Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Намибия жөнiндегi Кеңесi мен саяси және/немесе экономикалық интеграция жөнiндегi ұйым ұсынған Намибия мемлекеттерiнiң қосылуы үшiн Конвенцияға қол қою тоқтатылған күннен кейiнгi келесi күннен бастап ашық. Қосылу туралы құжаттар Депозитарийдiң сақтауына өткiзiледi.
2. Жоғарыда 1-тармақта аталған ұйым қосылу туралы өздерiнің құжаттарында Конвенция реттейтiн мәселелердегi өз құзыретiнiң шегi туралы мәлiмдейдi. Бұл ұйымдар да өз құзыретiнiң шегiне енгiзiлген кез келген елеулi өзгерiстер туралы Депозитарийдi хабардар етедi.
3. 22-баптың 2-тармағының ережелерi осы Конвенцияға қосылатын саяси және/немесе экономикалық интеграция жөнiндегi ұйымдарға қолданылады.
24-бап
Дауыс беру құқығы
1. Төмендегi 2-тармақта көзделген жағдайларды есептемегенде осы Конвенцияның әрбiр Тарабы бiр дауысқа ие.
2. Саяси және/немесе экономикалық интеграция жөнiндегi ұйым 22-баптың 3-тармағына және 23-баптың 2-тармағына сәйкес өз құзыретiне кiретiн мәселелерде, Конвенцияның немесе тиiстi хаттамалардың Тараптары болып табылатын мүше-мемлекеттер санына тең дауыс саны бола отырып, өзінің дауыс беру құқығын жүзеге асырады. Мұндай ұйымдар, егер ұйымдардың мүше-мемлекеттерi дауыс беру құқығын жүзеге асырса және керiсiнше болса, дауыс беру құқығынан айрылады.
25-бап
Күшіне ену
1. Осы Конвенция жиырмасыншы бекiтiлген грамота немесе қабылдау, ресми растау, мақұлдау немесе қосылу туралы құжат сақтауға өткiзiлген күннен бастап тоқсаныншы күнi күшіне енедi.
2. Осы Конвенцияны бекiтетiн, қабылдайтын, мақұлдайтын немесе ресми растайтын немесе оған қосылатын саяси және/немесе экономикалық интеграция жөнiндегi әрбiр мемлекет немесе ұйым үшiн жиырмасыншы бекiтiлген грамотаны немесе қабылдау, мақұлдау, ресми растау немесе қосылу туралы құжатты сақтауға өткiзген күннен кейiн, Конвенция саяси және/немесе экономикалық интеграция жөнiндегi мұндай мемлекеттердiң немесе ұйымдардың бекiтiлген грамоталарды немесе қабылдау, мақұлдау, ресми растау немесе қосылу туралы құжатты сақтауға өткiзген күннен кейiн тоқсаныншы күнi күшiне енедi.
3. Саяси және/немесе экономикалық интеграция жөнiндегi ұйымдар сақтауға өткiзген кез келген құжат жоғарыдағы 1 және 2-тармақтардың мақсаты үшiн мұндай ұйымның мүше-мемлекеттерi сақтауға өткiзген құжаттарға қосымша ретiнде қаралмайды.
26-бап
Ескертпе және мәлiмдеме
1. Осы Конвенцияға ешқандай ескерту жасалмайды.
2. Осы баптың 1-тармағы Конвенцияға қол қою, бекiту, қабылдау, мақұлдау, ресми растау немесе оған қосылу кезiнде саяси және/немесе экономикалық интеграция жөнiндегi бiр де бiр мемлекетке немесе ұйымдарға кез келген қисындағы және кез келген атаудағы декларациялармен немесе мәлiмдемелермен өздерiнiң заңдары мен ережелерiн осы Конвенцияның ережелерiне сәйкес келтiру жөнiндегi немесе қосылу туралы құжатты сақтауға өткiзген inter alia мақсатында сөз алу, мұндай декларациялар немесе мәлiмдемелер оларды осы мемлекетке қолдануда осы Конвенция ережелерiнiң заңды iс-қимылын алып тастауға немесе өзгертуге ұйғарым жасау негiзiнде кедергi келтiрмейдi.
27-бап
Конвенциядан шығу
1. Осы Конвенция күшiне енген күннен бастап үш жыл өткеннен кейiн кез келген уақытта кез келген Тарап үшiн осы Тарап Депозитарийдi жазбаша хабардар ете отырып, Конвенциядан шыға алады.
2. Конвенциядан шығу Депозитарий хабарландыру алғаннан кейiн бiр жылдан соң күшiне енедi немесе мұндай аса ұзақ мерзiм хабарландыруда көрсетілуі мүмкiн.
28-бап
Депозитарий
Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы осы Конвенцияның немесе кез келген оның хаттамасының Депозитарийi болып табылады.
29-бап
Түпнұсқалық мәтiндер
Осы Конвенцияның ағылшын, араб, испан, қытай, орыс және француз тілдерiндегi түпнұсқа мәтiндерi бiрдей түпнұсқалық болып табылады.
Осыны куәландыру үшiн тиiсті дәрежеде осыған уәкiлеттi төменде қол қойған өкiлдер осы Конвенцияға қол қояды.
Базельде 1989 жылғы 22 наурызда жасалды.
I-ҚОСЫМША
РЕТТЕУГЕ ЖАТАТЫН ЗАТТАРДЫҢ САНАТЫ
Қалдықтар тобы
У1 Ауруханалардағы, емханалар мен клиникалардағы емделушiлердi дәрiгерлiк күту нәтижесiнде алынған медициналық қалдықтар.
У2 Фармацевтикалық өнiмдердi өндiру және өңдеу қалдықтары.
У3 Қажетсiз фармацевтикалық тауарлар, дәрi-дәрмектер, препараттаp.
У4 Биосидтер мен питофармацевтикалық препараттарды өндiру, алу және қолдану қалдықтары.
У5 Ағаш консерванттарын өндiру, алу және қолдану қалдықтары.
У6 Шектеулi ерiтiндiлердi өндiру, алу және қолдану қалдықтары.
У7 Жылумен өңдеу және құрамында цианидтер бар материалдарды жақсарту қалдықтары.
У8 Қажетсiз, алғаш жоспарланған қолдануға жарамсыз минералдық май.
У9 Май/су, көмiрсутектep/cу қоспалары мен эмульсия жөнiндегі қалдықтар.
У10 Құрамында жартылай хлорланған биофенилдер (ЖХБ) және/немесе жартылай хлорланған терфенилдер (ЖХТ), және/немесе жартылай бромдалған биофенилдер (ЖББ) немесе олардың қоспалары бар қажетсiз заттар мен өнiмдер.
У11 Айырудың, тазартудың немесе кез келген пиротикалық өңдеудiң қажетсiз шайырлы қалдықтары.
У12 Сияны, бояғышты, пигменттердi, бояуларды, лактарды, олифтердi өндiру, алу және қолдану қалдықтары.
У13 Синтетикалық шайырды, латекстi, пластификаторларды, материалдарды жапсырғыш/желiмдердi өндiру, алу және қолдану қалдықтары.
У14 Ғылыми-зерттеу жұмыстарының немесе оқу процесiнiң барысында алынған қажетсiз химиялық заттар, әлi айқындалмаған және/немесе адамға, және/немесе қоршаған ортаға тигiзер әсерi әлi белгiсiз, жаңа деп саналатын заттар.
У15 Өзгедей заңға кiрмейтiн қауiптi жарылғыш сипаттағы қалдықтар.
У16 Фотоматериалдарды өңдеуге арналған фотохимикаттар материалдарды өндiру, алу және қолдану қалдықтары.
У17 Металдың және пластмассаның сыртын өңдеу қалдықтары.
У18 Өнеркәсiп қалдықтарын аулаққа шығару жөнiндегi операциядан қалғандары.
У19 Металл карбонилдері.
У20 Берилий, берилийдiң қосындысы.
У21 Алты валенттi хромның қосындысы.
У22 Мыстың қосындысы.
У23 Мырыштың қосындысы.
У24 Мышьяк, мышьяктiң қосындысы.
У25 Селен, селеннiң қосындысы.
У26 Кадмий, кадмийдiң қосындысы.
У27 Сурьма, сурьманың қосындысы.
У28 Теллур, теллурдың қосындысы.
У29 Сынап, сынаптың қосындысы.
У30 Талий, талийдiң қосындысы.
У31 Қорғасын, қорғасынның қосындысы.
У32 Фтористiк кальцийдi қоспағанда, фтордың шексiз қосындысы.
У33 Шексiз цианидтер.
У34 Қышқыл ерiтiндiсi немесе қатты түрдегi қышқылдар.
У35 Негiзгi қосындылар немесе қатты негiздер.
У36 Aсбec (ұнтақ және талшық).
У37 Фосфордың органикалық қосындысы.
У38 Органикалық цианидтер.
У39 Фенолдар, фенолды қосындылар, хлорлы фенолды қоса.
У40 Эфирлер.
У41 Галогендi органикалық ерiтiнділер.
У42 Галогендi органикалық ерiтiнділерден басқа органикалық ерітінділер.
У43 Жартылай хлорланған дибензофуран түрiндегi кез келген материалдар.
У44 Жартылай хлорланған дибензопидиоксин түрiндегi кез келген материалдар.
У45 Осы қосымшада көрсетiлген заттардан өзге органикалық галогенді қосындылар (Мысалы, У39, У41, У44).
II-ҚОСЫМША
АЙРЫҚША ҚАРАУДЫ ТАЛАП ЕТЕТІН ҚАЛДЫҚТАР СИПАТЫ
У46 Тұрғын үйлерден жиналған қалдықтар.
У47 Тұрмыстық қалдықтарды жағу нәтижесiндегi қалдықтар.
III-ҚОСЫМША
ҚАУIПТI ҚАСИЕТТЕРДIҢ ТIЗБЕСI
Топ Кодтың ерекшелігі
БҰҰ* нөмiрi:
-------------------------
* Қауiптi жүктердi тасымалдау жөнiндегi БҰҰ ұсынымдарында баяндалған қауiптi жүктердi жiктеу жүйесiне сәйкес келедi (ST/S6/AC. 10/1 Rеv.5, БҰҰ Нью-Йорк, 1988 ж.).
1. H1 Жарылғыш заттар
Жарылғыш заттаp немесе қалдықтаp - бұл қатты немесе сұйық заттаp немесе қалдықтар (не болмаса қоспа заттар немесе қалдықтар), олар өз бетiнше температура кезiнде газ бөле отырып, химиялық peакцияға және аса жылдамдықпен қысым жасауға қабiлеттi, қоршаған заттарға зақым келтiредi.
3. Н3 Тез тұтанғыш сұйықтықтар
"Тез тұтанғыш" терминi "оңай жанатын" терминiмен мәндес, құрамында қатты заттар немесе суспензиялар бар сұйықтықтар (мысалы: бояулар, политурлар, лактар, олардың қауiптi қасиеттерiне сәйкес жiктелген заттардан немесе қалдықтардан басқа) және т.б. 60,5 С градустан жоғары емес температурада жабық ыдыста немесе 65,6 С градустан жоғары емес температурада ашық ыдыста тұтанғыш булар бөлiп шығаратын сұйықтықтар, сұйықтық қоспалары немесе ерiтiндiлер тұтанғыштар болып табылады, (Демек, ашық және жабық ыдыстардан алынған нәтижелердi дәл салыстырылды деп айтуға болмайды және сондай бiр әдiспен алынған жекелеген нәтижелердiң бiр бipiнeн айырмашылығы бар екенi жиi кездеседi, онда жоғарыда келтiрiлгендерден сандардың айырмашылығы болу ережесi аталуға айқындаулар pухында қалады).
4.1 Н4.1 Тұтанғыш қатты заттар
Тасымалдау процесiнде кездесетiн жағдайларда, жарылғыш ретiнде жiктелгендерден басқа қатты заттар немесе қатты қалдықтар оңай тұтануға, не болмаса үйкелген кезде от шығаруға немесе қатты лап ете түсуге бейiм.
4.2 H4.2 Өздiгiнен жануға бейiм заттар немесе қалдықтар өздiгiнен жануға бейiм заттар мен қалдықтар қалыпты тасымал кезiнде қызып кетуге немесе желге шаққан кезде қызып кетуге бейiм, содан кейiн өз өзiнен жалын шығаруға бейiм.
4.3 Н4.3 Су тиген кезде тұтанғыш газ бөлетiн заттар немесе қалдықтар
Заттар мен қалдықтар су тиген кезде өз өзiнен жануға немесе қауiптi мөлшерде оңай тұтанатын газ бөлуге бейiм.
5.1 H5.1 Тотыққыш заттар
Заттар өз өзiнен жанбайды, ол, әдетте, тотық бөлудiң салдарынан басқа материалдардың тұтануына әкеп соғады немесе әсер етедi.
5.2 H5.2 Органикалық пероксидтер
(Термикалық тұрақсыз заттар болып табылатын құрамында - О-О-биваленттi топтар бар органикалық заттар өзiнен өзi экзотермикалық жылдам шiруге ұшырайды).
6.1 H6.1 Уытты (улы) заттар
Тыныс алу, ас қорыту органдары арқылы немесе терi арқылы организм iшiне түскен заттар немесе қалдықтар адамдардың өлуiне әкеп соғады немесе оған қатты керi әсерiн тигiзедi.
6.2 H6.2 Жұқтырғыш заттар
Құрамында тiрi микроорганизмдер немесе олардың уыты бар заттардың немесе қалдықтардың адамдарды ауруға шалдықтыратыны белгілi немесе түсiнiктi.
8. Н8 Коррозиялық заттар
Тiкелей қарым-қатынас кезiнде химиялық әсер ету жолымен ықпал ететiн заттар немесе қалдықтар тiрi тканьдi әжептәуiр зақымдайды немесе мұндай заттар мен қалдықтардың ағып шығуы немесе себiлуi басқа жүктердi немесе көлiк құралдарын зақымдайды және тiптi бүлiнуге дейiн әкеп соғады; сондай-ақ басқа да қауiп түрлерiн қамтуы мүмкiн.
9. H10 Ауаға шыққан немесе сумен ылғалданған кезде уыттыгаз бөлу
Ауаға шыққан немесе сумен ылғалданған заттар немесе қалдықтар қауiптi мөлшерде уытты газ бөледi.
9. H11 Уытты заттар (ұзаққа созылған немесе созылмалы ауруға шалдықтыратын)
Тыныс aлу, ас қорыту органдары арқылы немесе терi арқылы организм iшiне түскен заттар немесе қалдықтар ұзаққа созылған немесе созылмалы ауруларға, рак ауруын қоса, едәуiр шалдықтырады.
9. H12 Аса уытты заттар
Заттар немесе қалдықтар қоршаған ортаға тап болған жағдайда қоршаған ортаны биотоптау нәтижесiнде қоршаған ортаға бiрден қауіп төндiредi немесе бiртiндеп төндiредi және/немесе биотикалық жүйелерге уытты әсер eтедi.
9. H13 Заттар, аулаққа шығарылғаннан кейiн қандайда бiр түрде басқа материалдар түзуге бейiм, мысалы,
сiлтiсiздендiру жолымен, оның үстiне бұл материалдар жоғарыда аталғандардың iшiнен қандай да бiр қасиеттi иеленедi.
МӘТIНДЕР
Қалдықтардың жекелеген түрлерiнiң ауқымды қаупі әлi аяғына дейiн құжатталмаған; мұндай қауiптi сан жағынан бағалау үшiн тест әдiстемелерi әлi жоқ. Осы заттардың адамдары және қоршаған ортаға тигiзетiн ауқымды қаупiн көрсететiн әдiстерiн әзiрлеу үшін одан әрi зерттеу қажет. Стандартты зерттеу әдiстерi таза заттар мен материалдар үшiн жасалған болатын. Көптеген мүше-мемлекеттер ұлттық тесттер әдiсi әзiрлендi, ол 1-қосымшада көрсетiлген материалдарға, бұл материалдар қандай да бiр қасиеттi иелене ме, жоқ па, соны анықтау үшiн осы қосымшада аталған материалдарға қолданылады.
IV ҚОСЫМША
АУЛАҚҚА ШЫҒАРУ ЖӨНIНДЕГI ОПЕРАЦИЯ
А. Тiкелей қайталап немесе балама пайдалануда қайта куперациялауға, қайта циркуляциялауға, қайта өңдеуге болатын операциялар.
А бөлiмi тәжiрибеде кездесетiн аулаққа шығару жөнiндегi операция сияқтылардың барлығын қамтиды.
D1. Жерге көму немесе жерге тастау (мысалы, қоқыс тастайтын жерге және т.б.),
D2. Топырақты өңдеу (мысалы, сұйық немесе қоймалжың қалдықтарды топыраққа биохимиялық түрде жаймалау және т.б.),
D3. Yлкен тереңдiкке себу (мысалы, тиiстi консистенциядағы қалдықтарды скважиналарға, тұзды шұңқырларға немесе табиғи резервуарларға себу және т.б.),
D4. Суаттардың бетiне тастау (мысалы, сұйық немесе қоймалжың қалдықтарды шұңқырларға, тоғандарға немесе тұндырылған бассейндерге тастау және т.б.),
D5. Арнайы жабдықталған қоқыс тастайтын жерге тастау (мысалы, оларды бiр бiрiнен және қоршаған ортадан оқшаулауға кепiлдiк беретiн оқшаулайтын төсенiшпен және бетiн жауып жеке бөлiкпен тастау және т.б. ),
D6 Теңiздер/мұхиттардан басқа cуaттарға тастау,
D7 Теңiздер/мұхиттарға тастау, оның iшiнде теңiз түбiне көму,
D8 Осы қосымшаның басқа бөлiмдерiнде сөз болмаған биологиялық өңдеу түпкiлiктi қосындылар мен қоспалар түзуге әкеп соғады, содан кейiн А бөлiмiнде айтылған тәсiлдердiң бiрi қолданылып аулаққа шығарылады,
D9 Осы қосымшаның басқа бөлiмдерiнде сөз болмаған физико-химиялық өңдеу түпкіліктi қосындылар мен қоспалар түзуге әкеп соғады, содан кейiн А бөлiмiнде айтылған тәсiлдердiң бiрi қолданылып аулаққа шығарылады (мысалы, булау, кептiру, балқыту, нейтралдандыру, тұндыру және т.б.),
D10 Құрлықта өртеу,
D11 Теңiзде өртеу,
D12 Көму (мысалы, шахтадағы контейнерлердi көму және т.б.),
D13 А бөлiмiнде көрсетiлген операциялардың кез келгенi басталғанға дейiн қашықтатуға дайындау және қайталап пайдалану үшiн бiртектес немесе тектес емес қоспаларды алу,
D14 А бөлiмiнде көрсетiлген операциялардың кез келгенi басталғанға дейiн қайта орау,
D15 А бөлiмiнде көрсетiлген операциялардың кез келгенi жасалғанша сақтау.
В. Қайта куперациялауға, қайта циркуляциялауға, қайта өңдеуге, тiкелей қайталап немесе балама пайдалануға сәйкес келетiн операциялар.
В бөлiмi қауiптi қалдықтар ретiнде заңды түрде анықталған немесе олай болмаған жағдайда А бөлiмiнде көзделген операцияларға арналған деп саналған материалдармен жасалатын барлық операцияларды қамтиды.
R1 Энергия алу үшiн отын ретiнде (тiкелей өртеуден басқа) немесе өзге түрде пайдалану,
R2 Ерiтiндiлердi қайта өңдеу/қалпына келтiру,
R3 Ерiткiштер ретiнде пайдаланылмайтын органикалық заттарды қайта циркуляциялау/қайта өңдеу,
R4 Металдарды және оның қосындыларын қайта циркуляциялау/қайта өңдеу,
R5 Басқа да органикалық емес материалдарды қайта циркуляциялау/қайта өңдеу,
R6 Қышқылдар мен негiздердi қалпына келтiру,
R7 Ластаумен күрес жүргiзуге пайдаланылатын құрамдас бөлiктердiң қайта куперациясы,
R8 Катализаторлар құрамдас бөлiктерiнiң қайта куперациясы,
R9 Мұнай өнiмдерiн қайтарып айдау немесе мұнай өнiмдерiне бұрын пайдаланғанды тағы да қайталап қолдану,
R10 Егiн шаруашылығына пайдалы әсер ететiн немесе экологиялық жағдайды жақсартатын топырақты өңдеу,
R11 Қалдықтарды R1 - R10 нөмiрлерiндегi кез келген операцияларға пайдалану,
R12 Қалдықтарды R1 - R10 нөмірлеріндегі операциялар жолымен аулаққа шығару үшін айырбастау,
R13 В бөлімінде мазмұндалған кез келген операцияның көмегімен кейіннен аулаққа шығарылатын материалды жинақтау.
V.A ҚОСЫМША
ХАБАРЛАМА-ХАТ БАЯНДАЛҒАН АҚПАРАТ
1. Қалдықтарды экспорттау себебi
2. Қалдықтарды экспорттаушы 1
3. Қалдықтарды өндiрушi(лер) 1
4. Қалдықтарды аулаққа шығаруға жауапты адам 1
5. Қалдықтарды тасымалдауға, ұйғарылған тасымалдаушы немесе оның (олардың) агенттерi, егер белгiлi болса 1
6. Қалдықтарды экспорттаушы ел, құзыретті өкiмет 2
7. Транзит ұйғарылған ел, құзыретті өкiмет 2
8. Қалдықтарды импорттаушы ел, құзыретті өкiмет 2
9. Жалпы немесе бiржолғы хабарлама-хат
10. Қалдықтарды жүзеге асыру мерзiмi ішінде жеткiзiлiмнiң жоспарланған күнi(дерi) мен уақыт кезеңi және ұйғарылған маршрут (әкелу және әкету пункттерiн қоса) 3
11. Тасымалдаудың ұйғарылған түрлерi (автомобильмен, темiр жолмен, теңiз, әуе жолдарымен, iшкі су жолдарымен)
12. Сақтандыруға қатысты ақпарат 4
13. Қалдықтарды айқындау және нақты сипаты, У нөмiрлерi мен БҰҰ нөмiрлерiн қоса және олардың құрамы 5 және оның айналымын авария жағдайларына арналған төтенше ережелердi қоса, қойылатын қандай да бiр арнаулы талаптар туралы ақпарат
14. Ораудың ұйғарылған түрлерi (мысалы, бос тиеу, күбiмен, танкермен)
15. Салмағы/көлемi бойынша бағаланған мөлшерi 6
16. Нәтижесiнде қалдықтар алынған процесс 7
17. Конвенцияның II қосымшасына сәйкес 1-қосымшада аталған, қалдықтардың қауiптілік сыныптары; қауiп ерекшелiктерi, H нөмiрi; БҰҰ сыныбы
18. III қосымшаға сәйкес аулаққа шығару әдiсi
19. Ақпараттың растығы туралы өндiрушiлердiң және экспорттаушылардың мәлiмдемесi
20. Экспорттаушы немесе экологиялық жағынан негiзделген әдiспен және импортқа шығарушы елдердiң нормалары мен ережелерiне сәйкес жүзеге асырылуы мүмкiн ұйғарылған аулаққа шығару туралы соңғы қорытынды жасайтын негiзде аулаққа шығаруға жауапты өндiрушi адамға жiберiлетiн ақпарат (кәсiпорындардың техникалық сипатын қоса)
21. Экспорттаушы мен аулаққа шығаруға жауапты адам арасында жасалған контракт туралы.
Ескерту
1 Ұйымның толық атауы, мекен-жайы, телефоны мен телексiнiң немесе телефаксiнiң нөмiрi, сондай-ақ өтiнiшпен баратын адамның аты-жөнi, мекен-жайы, телефоны мен телексiнiң, телефаксiнiң нөмiрi,
2 Толық атауы, мекен-жайы, телефоны мен телексінің немесе телефаксiнiң нөмiрi,
3 Бiрнеше жеткiзілімдердi қамтитын жалпы хабарлама-хатқа әрбiр жеткiзілімнiң ұйғарылған күндерi туралы, не болмаса, ол белгілі болса, жеткiзiлiмдердiң ұйғарылған күндерi туралы ақпарат талап етiледi,
4 Сақтандыру талаптарына сәйкестiгi туралы және оны экспорттаушының, тасымалдаушының және аулаққа шығаруға жауапты адамның қалай қанағаттандырғаны туралы ақпарат берiлуге тиiс,
5 Қалдықтардың оны қолданған кезде, сондай-ақ аулаққа шығарудың ұйғарылған әдiсiне байланысты қарағанда, оның уыттылығы мен басқа қауiптi түрлерiнiң, оның барынша қауiптi құрамдас бөлiктерiнiң сипаты мен концентрациясы,
6 Бiрнеше жеткiзілімдердi қамтитын жалпы хабарлама-хатқа жеткiзілімнiң бағаланған жалпы көлемi туралы қалай болса, әрбiр жекелеген жеткiзiлiмдердiң бағаланған көлемi туралы да сондай ақпарат талап етiледi,
7 Демек, мұның аулаққа шығару жөнiнде ұсынылған операциялардың қауiптiлiгi мен айқындаудың орындылығын бағалау үшiн қаншалықты қажеттігі.
V.В ҚОСЫМША
ТАСЫМАЛДАУ ТУРАЛЫ ҚҰЖАТ МАЗМҰНДАЛҒАН АҚПАРАТ
1. Қалдықтарды экспорттаушылар 1
2. Қалдықтарды өндiрушi(лер) және өндiрiстің орналасқан жерi 1
3. Қалдықтарды аулаққа шығаруға жауапты адам, аулаққа шығаруы арналған орынның нақты орналасқан жерi 1
4. Қалдықтарды тасымалдаушы(лар) 1 немесе оның (олардың) агентi(терi)
5. Жалпы немесе бiржолғы хабарлама-xaттың мәні
6. Шекарааралық тасымалдаудың басталған күнi мен қалдықтарға жауапты әрбiр адамның түбiршектегi қойылған қолы және түбiршектегi күн(дер)
7. Тасымалдаудың түрлерi (автомобильмен, темiр жолмен, iшкi су жолдарымен, теңiз, әуе жолдарымен), оның iшiнде экспорт, транзит және импорт елдерiнде, сондай-ақ әкелу мен әкету пункттерiндегi, егер соңғысы айқын болса.
8. Қалдықтардың жалпы сипаты (қажеттiгiне қарай, нақты жағдайы, БҰҰ-да дәл қабылданған жүк атауы және сыныбы, БҰҰ нөмiрi, У және H кодтары)
9. Айналым негiзiндегi арнаулы талаптар туралы, оның iшiнде апаттар кезiндегi шаралар туралы ақпарат
10. Орау түрлерi мен жүк орнының саны
11. Салмағы/көлемi бойынша саны
12. Ақпараттың растығы туралы өндiрушілердiң және экспорттаушылардың мәлiмдемесi
13. Тараптар болып табылатын барлық мүдделi мемлекеттердiң құзыреттi органдары тарапынан қарсылық болмағанын көрсететiн өндiрушiнiң немесе экспортшының мәлiмдемесi
14. Қалдықтарды аулаққа шығаруға жауапты адамның аулаққа шығару жөнiнде бөлiнген объектілерден қалдықтар алуы жөнiндегi куәлiгi және аулаққа шығарудың шамамен алынған күні
Ескерту
Тасымалдау туралы құжатта талап етiлген ақпарат тасымалдау ережелерi бойынша талап етiлетiн ақпаратпен бiрге мүмкiндiгiнше осы құжатқа жинақталуға тиiс. Егер мүмкiн болмаған жағдайда, тасымалдау ережелерi бойынша талап етiлетiн ақпаратты қайталанғанша, бұл ақпаратты тездеп толықтыру қажет. Тасымалдау туралы құжатта ақпаратты кiм бергенi және кез келген формулярды кiм толтырғаны жөнiнде нұсқау болуға тиiс.
Ұйымның толық атауы мекен-жайы, телефоны мен телексiнің немесе телефаксiнiң нөмiрi, сондай-ақ өтiнiшпен баратын адамның аты-жөнi, мекен-жайы, телефоны мен телексiнiң, телефаксiнiң нөмiрi.
VI ҚОСЫМША
ТӨРЕЛIК СОТ
1-бап
Егер Конвенцияның 20-бабында айтылған келiсiм өзгедей нәрсе көздемесе, төрелiк соттың iс қарауы төмендегi 2-10-баптарда жазылғандарға сәйкес жүргiзiледi.
2-бап
Талапкер-тарап 20-баптың 2-тармағына немесе 3-тармағына сәйкес, туындаған дауды түсiндiру немесе қолдану жөнiндегi Конвенция бабын қоса, тараптардың дауды төрелiк соттың қарауына беруге келiскенi туралы хатшылықты хабардар етедi. Хатшылық алынған мұндай түрдегi ақпаратты Конвенцияның барлық тараптарына жiбередi.
3-бап
Төрелiк сот үш мүшеден тұрады. Дауласушы әрбiр тараптан арбитр тағайындалады және осылай тағайындалған екi арбитр өзара келiсе отырып сот төрағасы мiндетiн атқаратын үшiнші арбитрдi тағайындайды. Соңғысы дауласушы тараптардың бiрінің азаматы болуға тиiс емес және оның мекен-жайы осы тараптардың бiрінің тұратын жерiнде болуға тиiс емес, оларда қызмет бабымен болуға да тиiс емес немесе қандай да бiр өзгедей себеппен бұл iске қатысының болуы тиiс емес.
4-бап
1. Егер екiншi арбитр тағайындалғаннан кейiн екi ай өткенше төрелiк соттың төрағасы тағайындалмаса, онда тараптардың бiрiнiң өтінішi бойынша Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы оны келесi екi ай iшiнде тағайындайды.
2. Егер дауласушы тараптың бipeуi өтiнiш алғаннан кейiнгi екi ай iшiнде арбитр тағайындалмаса, екiншi тарап келесi екi ай iшiнде төрелiк соттың төрағасын тағайындайтын Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына бұл туралы хабарлауға құқылы. Өзi тағайындалғаннан кейiн төрелiк соттың төрағасы әлi арбитрiн тағайындамаған тараптан мұны екі айдың iшiнде iстеу қажеттiгiн өтiнедi. Бұл кезең өтiсiмен ол тиiсiнше Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына хабарлайды, бұл арбитрдi келесi екi ай iшiнде өзi тағайындайды.
5-бап
1. Төрелiк сот халықаралық құқыққа сәйкес осы Конвенцияның ережелерiне сай өз шешiмiн шығарады.
2. Осы қосымшалардың ережелерiне сәйкес құрылған кез келген төрелiк сот өзiнiң жеке процедура ережесiн әзiрлейдi.
6-бап
1. Төрелiк соттың процедуралық мәселелер мен тiршiлiк мәселелерi жөнiндегi шешiмдерi оның мүшелерiнiң көпшiлiк дауысымен қабылданады.
2. Сот фактiлердi белгiлеу үшiн барлық тиiстi шараларды қабылдай алады. Ол тараптардың бiрiнiң өтiнiшi бойынша қорғаудың қажеттi уақытша шарасын қабылдауды ұсына алады.
3. Дауласушы тараптар iс қарауды тиiмдi жүргiзу үшін барлық қажетті жағдайларды қамтамасыз етедi.
4. Сотқа дауласушы тараптың бiрiнiң болмауы немесе келмей қалуы істі қарауға кедергi болмайды.
7-бап
Сот тiкелей дау-дамайдың болуынан туындаған қарсы тарапты тыңдай алады және олар бойынша шешiм шығарады.
8-бап
Егер тек төрелiк сот iстiң нақты жағдайына сүйене отырып өзгедей шешiм қабылдамаса, сот шығасысын, сот мүшелерінің қызмет төлемiн қоса, тараптар өзара теңдей бөледi. Сот өзiнiң барлық шығыстарын тiркеп отыр және тараптарға осы шығыстар жөнiнде түпкілікті есеп бередi.
9-бап
Құқықтық сипаттағы мүддесiне iс қарау жөнiндегi шешiммен қысым жасалған дау объектiсiндегi кез келген Тарап соттың келiсiмiмен сотта сөз сөйлеуге құқылы.
10-бап
1. Сот өзi құрылған күннен бастап бес ай iшiнде, егер бұл мерзiмдi бес айдан аспайтын кезеңге ұзарту қажет деп санамаса, өз шешiмiн шығарады.
2. Төрелiк соттың шешiмi iстiң себебiн қоса түсiндiредi. Оның шешiмi дауласушы тараптар үшін түпкiлiктi болып табылады.
Сот шешiмiн түсiндiру немесе орындау жөнiнде тараптар арасында туындауы мүмкiн кез келген дауды кез келген тараптың шешiм шығарған төрелiк сотқа беруi мүмкiн, немесе, егер соңғысымен байланыс жасасу мүмкiн болмаса, бiрiншi сияқты осы мақсатта сол түрде құрылған басқа сотқа беруi мүмкiн.
Вице-Министр
Сарапшылық кеңес отырысының N 4
Хаттамасынан үзінді
Алматы қаласы 1997 ж. 24 қыркүйек
Күн тәртібі
1. Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдарға берешегін өтеуі туралы;
2. Қазақстан Республикасының халықаралық конвенцияларға және келісімдерге қосылуы, сондай-ақ ХҰ (халықаралық ұйымдарға) кіруі туралы;
3. Сарапшылық кеңестің бұрынғы отырыстарында қабылданған шешімдерінің атқарылу барысы туралы.
Бірінші сұрақ бойынша:
Тыңдалды : Қазақстанның халықаралық ұйымдарға берешектерінің ахуалы туралы.
Шешілді: Мына ХҰ берешектер өтелсін:
1. Біріккен Ұлттар ұйымы - (ООН);
2. Мәдениет, ғылым және білім жөніндегі БҰҰ - (ЮНЕСКО);
3. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйым - (ОБСЕ);
4. Дүниежүзілік Метеорологиялық Ұйым - (ВМО);
5. Ислам Конференциясы Ұйымы - (ОИК);
6. Энергетикалық Хартия - (ЭХ);
7. Дүниежүзілік Кедендік Ұйым - (ВТО);
8. (БҰҰ) Өнеркәсіптік даму жөніндегі ұйымы - (ЮНИДО);
9. Инвестицияларды тарату жөніндегі Дүниежүзілік Агенттіктер Ассоциациясы - (ВАЙПА);
10. Еуропадағы дағдылы қарулы күштер жөніндегі бірлескен Келісімшарттық консультативтік тобы (СКГДОВСЕ);
11. Биологиялық әралуандылық туралы конвенция (жарым-жартылай).
Мына ХҰ берешектердің қаралуы мәселесі келесі жолдарға ауыстырылсын:
1. Ядролық сынақтарға біржола тыйым салу туралы Шартын дайындау комиссиясы - (ДВЗЯИ);
2. Дүниежүзілік Туристік Ұйым - (ВТО);
3. Халықаралық Метрологиялық Заңшығару Ұйымы - (МОЗМ);
4. Халықаралық Еңбек Ұйымы - (МОТ);
5. Халықаралық Эпизоотиялық Бюро - (МЭБ);
6. Халықаралық Азаматтық Қорған Ұйымы - (МОГО).
Қаржы министрлігі мына ХҰ бойынша жарналар сомаларын 1998 жылға арналған бюджет жобасына енгізсін деген ұсыным жасалсын:
1. БҰҰ Өнеркәсіптік даму Ұйымы - (ЮНИДО);
2. Халықаралық Атом Энергиясы жөніндегі Агенттігі (МАГАТЭ);
3. Халықаралық Еңбек Ұйымы (МОТ).
Мына ХҰ басымды ұйымдар тізбесіне енгізілсін:
1. БҰҰ өнеркәсіптік даму ұйымы (ЮНИДО);
2. Ядролық сынақтарға біржола тыйым салу туралы Шарт (ДВЗЯИ).
Екінші сұрақ бойынша:
Тыңдалды : Қазақстан Республикасының мынадай көпжақты конвенциялармен келісімдерге қосылуы туралы.
Шешім қабылданды : СІМ мүдделі ведомстволармен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасының мынадай көпжақты конвенциялар мен келісімдерге қосылуы жөніндегі жұмыстарды бастасын:
1. Босқындар мәртебесіне қатысты Конвенция және Хартия;
2. ОБСЕ бітістіру және төрелік соты жөніндегі Конвенция;
3. Африка-Еуразиялық жылыстаушы шалшық-батпақ құстарын қорғау жөніндегі Келісім;
4. Трансшекаралық түсініктегі қоршаған ортаға әсерді бағалау туралы Конвенция;
5. Трансшекаралық су ағыстары мен халықаралық көлдерді қорғау және пайдалану жөніндегі Конвенция;
6. Өнеркәсіптік апаттардың трансшекаралық әсері туралы Конвенция;
7. Ауаның алыс қашықтықтарға трансшекаралық ластануы туралы Конвенция;
8. Қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауын және әкетілуін бақылау туралы Базель Конвенциясы;
9. Тауарларды сипаттау мен кодтаудың үйлестірілген жүйесі туралы Конвенция;
10. Коммерциялық мақсатқа қызмет ететін автокөлік құралдарын уақытша шеттен келтіруге байланысты Конвенция;
11. Контейнерлерге байланысты Конвенция;
12. Шекарадағы жүктердің бақылауын жүргізу шарттарын келісу туралы Конвенция.
Сыртқы істер министрлігі және Қаржы министрлігі бірлесе отырып Қазақстан Республикасының Халықаралық Бухгалтерлер Федерациясына кіруі жөніндегі жұмыстарды бастасын.
Үшінші сұрақ бойынша:
Шешім қабылданды : СК-тің бұрынғы отырыстарында қабылданған шешімдердің орындалу барысы туралы хабарлама еске алынсын.
Министр,
Сараптамалық Кеңестің Төрағасы