"Нотариат туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 мамырдағы N 408-II заңы

      "Нотариат туралы" 1997 жылғы 14 шілдедегi Қазақстан Республикасының Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 13-14, 206-құжат; 1998 ж., N 22, 307-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; 2001 ж., N 15-16, 236-құжат, N 24, 338-құжат) өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      1) 1-баптың 2-тармағының 3-1) тармақшасы алып тасталсын;

      2) 4-бапта:
      1-тармақ "Қазақстан" деген сөздiң алдынан "Қазақстан Республикасының архивтер мен құжаттаманы басқару жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттік органымен келiсу арқылы" деген сөздермен толықтырылсын;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Мемлекеттік нотариустардың құжаттары Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мiндеттi түрде мемлекеттік архивке тапсырылуға тиіс.
      Жекеше нотариустардың құжаттары Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртіппен міндетті түрде жеке нотариаттық архивке тапсырылуға тиiс.";

      3) 6-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Жоғары заң бiлiмi бар, әдiлет аттестаттау комиссиясында аттестаттаудан, нотариуста кемiнде бiр жыл тағылымдамадан өткен және нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия алған Қазақстан Республикасының азаматы нотариус бола алады.
      Өтелмеген немесе заңда белгіленген тәртіппен соттылығы алынбаған, белгiленген тәртіппен іс-әрекет жасауға қабiлетсіз не iс-әрекет жасауға қабілеттілігі шектеулi деп танылған адам нотариус бола алмайды.
      Өзiне қатысты ақталмайтын негiздер бойынша қылмыстық iс тоқтатылған, лицензиясы керi қайтарылып алынғандықтан не нотариаттық iс-әрекет жасау кезiнде Қазақстан Республикасы заңдарының бұзылуына жол бергенi үшiн мемлекеттiк нотариус қызметiнен босатылғандықтан нотариаттық қызметтi тоқтатқан адам да осындай оқиға болғаннан кейiн үш жыл бойы нотариус бола алмайды.";
      3-тармақтағы "және 3-1)" деген сөздер алып тасталсын; "заңдарға" деген сөз "Қазақстан Республикасының заңдарына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 7-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Жоғары заң бiлiмi бар және аттестаттау комиссиясында аттестаттаудан өткен Қазақстан Республикасының азаматтары нотариустың сынақтан өтушiлерi бола алады. Сынақтан өтушiлер сынақтан өту туралы шарт негiзiнде жеке практикамен айналысатын нотариустарда немесе мемлекеттiк нотариустарда сынақтан өтедi.
      Заң мамандығы бойынша кемiнде екi жыл жұмыс стажы бар адамдар үшiн аумақтық әдiлет органы мен нотариаттық палатаның бiрлескен шешiмiмен сынақтың мерзiмi қысқартылуы мүмкiн. Сынақтың ұзақтығы үш айдан кем болмауы керек.";

      5) 8-баптың 6-тармағы "iстеген адамдар" деген сөздерден кейiн ", сондай-ақ мемлекеттiк нотариустар" деген сөздермен толықтырылсын;

      6) 10-бапта:
      1-тармақ "әдiлет органдарының," деген сөздерден кейiн "нотариаттық палаталардың," деген сөздермен толықтырылсын;
      2-тармақта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензияны керi қайтарып алу жөнiндегi талап-арыз iсiн қозғағанда;";
      3) тармақшадағы "паспорт деректерi мен өзiнiң тұрғылықты жерiнiң өзгерiстерi туралы мәлiметтердi, олар өзгерген жағдайда" деген сөздер "өзiнiң тегiн, атын, әкесiнiң атын өзгерткенi, сондай-ақ оның үй-жайының орналасқан орны өзгергенi туралы мәлiметтердi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) тармақшадағы "тоқтатыла тұруы мүмкiн" деген сөздер алып тасталып, мынадай мазмұндағы 4) және 5) тармақшалармен толықтырылсын:
      "4) нотариус осы Заңға сәйкес өзiне белгiленген қызмет аумағын бұзғанда;
      5) нотариус нотариаттық iс-әрекеттердi жасаған кезде Қазақстан Республикасының заңдарын бұзғанда тоқтатыла тұруы мүмкiн.";
      3-тармақтың үшiншi сөйлемi мынадай редакцияда жазылсын:
      "Тоқтата тұруға себеп болған мән-жайлар жойылған жағдайда лицензиар лицензияның күшiн қалпына келтiру туралы шешiм шығарады.";
      4-тармақ "тыйым салуға" деген сөздерден кейiн "және нотариустың жеке мөрiн аумақтық әдiлет органына тапсыруына" деген сөздермен толықтырылсын;

      7) 11-бапта:
      1) тармақша алып тасталсын;
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) нотариус нотариаттық iс-әрекеттер жасаған кезде Қазақстан Республикасының заңдарын бiрнеше мәрте бұзғанда не мемлекеттiң, жеке және заңды тұлғалардың мүдделерiне зиян келтiрiп, заңдарды бұзғанда;";
      4) тармақшадағы "нотариус лицензиясы керi қайтарылып алынады" деген сөздер алып тасталып, мынадай мазмұндағы 5), 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:
      "5) лицензия беруге негiз болып табылатын құжаттарда нотариустың дәйектемесiз немесе қасақана бұрмаланған ақпарат беру фактiсi анықталғанда;
      6) лицензияның күшi үш мәрте тоқтатылғанда;
      7) аттестаттаудың нәтижесi терiс болғанда нотариус лицензиясы керi қайтарылып алынады.";

      8) 12-бапта:
      1-тармақта:
      2) тармақша "немесе Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерге тұрғылықты мекен-жайына кеткенде" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "4-1) нотариусқа қатысты ақталмайтын негiздер бойынша қылмыстық iстi тоқтату туралы қаулы шыққанда;";
      5) тармақша "қабiлетсiз" деген сөзден кейiн "не iс-әрекет жасауға қабiлеттiлiгi шектеулi" деген сөздермен толықтырылсын;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Аумақтық әдiлет органы мен нотариаттық палата лицензиясының күшi тоқтатылған нотариустың құжаттарын басқа нотариусқа немесе жеке нотариаттық архивке беру жөнiнде, сондай-ақ лицензияны лицензиарға беру үшiн алып қою және нотариустың жеке мөрiн жою жөнiнде шаралар қолдануға мiндеттi.";

      9) 15-бапта:
      1-тармақ "сақтандырған" деген сөзден кейiн ", нотариаттық палатаға мүше болған" деген сөздермен толықтырылсын;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Кәсiби қасиеттерiнiң деңгейiн айқындау мақсатында жеке практикамен айналысатын нотариус бес жылда бiр рет аттестаттаудан өтедi.
      Аттестаттаудан өту тәртiбiн Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi бекiтедi.";
      5 және 6-тармақтар алып тасталсын;

      10) 16-бапта:
      1-тармақтағы "34-бабындағы 1-тармақтың 1) (жылжымайтын мүлiк жөнiндегi мәмiлелердi куәландыру бөлiгiнде), 3), 4), 5), 6), 14), 15), 17) тармақшаларында көзделген iс-әрекеттерге қатысты" деген сөздер "34-бабының 1-тармағында көзделген" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақтағы "шарттарын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi" деген сөздер "шарттары Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен белгiленедi" деген сөздермен ауыстырылсын;

      11) 17-баптың 7) тармақшасы алып тасталсын;

      12) 19-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға;";

      13) 20-баптың екiншi сөйлемi алып тасталсын;

      14) 21-бапта:
      3-тармақта "54, 55-баптарында" деген сөздер "54-бапта" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақта "1-тармағында" деген сөздер "1 және 2-тармақтарында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      15) 27-бапта:
      1-тармақта:
      3) тармақша "нотариаттық iс-әрекеттер" деген сөздердiң алдынан "жекеше нотариустар" деген сөздермен толықтырылсын;
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) жекеше нотариустың лицензиясының күшiн тоқтата тұру, керi қайтарып алу және тоқтату туралы ұсыныс енгiзедi;";
      6) тармақша "нотариустарды" деген сөздiң алдынан "жекеше" деген сөзбен толықтырылсын;
      8) тармақша "нотариусты" деген сөздiң алдынан "жекеше" деген сөзбен толықтырылсын;
      9) тармақша "нотариустардың" деген сөздiң алдынан "жекеше" деген сөзбен толықтырылсын;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Нотариаттық палата жарты жылдың және жылдың қорытындылары бойынша Республикалық нотариаттық палата мен аумақтық әдiлет органына өзiнiң қызметi туралы ақпарат берiп отырады.";

      16) 28-баптың 1-тармағында:
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) мүше болу мүшелiктi тоқтата тұру және одан айрылу шарттары мен тәртiбi;";
      мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "3-1) мүшелердiң құқықтары, мiндеттерi мен жауапкершiлiгi;";

      17) мынадай мазмұндағы 29-1-баппен толықтырылсын:

      "29-1-бап. Жеке нотариаттық архив

      Жеке нотариаттық архив аумақтық нотариаттық палатаның филиалы болып табылады.
      Жеке нотариаттық архив ұлттық архивтық қор және архивтер туралы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес нотариаттық құжаттарды жинақтау, сақтау және пайдалану жөнiндегi функцияларды жүзеге асырады.";

      18) 30-бапта:
      2-тармақтағы "тараптардың келiсiмiмен белгiленген баға" деген сөздер "Қазақстан Республикасының салық заңдарында белгiленген мемлекеттiк баж мөлшерiне сәйкес келетiн ставкалар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3 және 7-тармақтар алып тасталсын;

      19) 31-бапта:
      2-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Бақылауды жүзеге асыру тәртiбiн Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Республикалық нотариаттық палатамен бiрлесiп белгiлейдi.";
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Нотариаттық қызметтi жүзеге асыруға кiрiскен жекеше нотариустың жұмысын тексеру ол нотариаттық iс-әрекеттi жүзеге асыра бастағаннан кейiн кем дегенде алты айдан кейiн және бiр жылдан кешiктiрiлмей жүргiзiледi және одан кейiн әрi кеткенде жылына бiр рет жүргiзiледi.";

      20) 32-бапта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) аумақтық әдiлет органдарының нотариустардың халыққа құқықтық қызмет көрсету саласындағы заңдылықты ұйымдастыру мен қамтамасыз ету жөнiндегi қызметiне басшылықты, оны үйлестiрудi және бақылауды жүзеге асырады;";
      3) тармақшада "нотариаттық" деген сөздiң алдынан "Қазақстан Республикасының архивтер және құжаттаманы басқарушы уәкiлеттi мемлекеттiк органымен келiсу арқылы" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "7-1) әрбiр нотариаттық округ бойынша нотариустардың санын бекiтедi;";
      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "8) нотариат мәселелерi бойынша әдiстемелiк, нұсқамалық және түсiндiрмелiк материалдар әзiрлейдi;";

      21) 33-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "33-бап. Аумақтық әдiлет органының нотариатты реттеу
               саласындағы құзыретi

      1. Аумақтық әдiлет органы:
      1) мемлекеттiк нотариаттық кеңселердi ашады және таратады;
      2) азаматтар мен заңды тұлғалардың мемлекеттiк нотариустардың қызметтiк iс-әрекеттерiне өтiнiштерiн қарайды;
      3) жергiлiктi атқару органдарының нотариаттық iс-әрекеттер жасайтын лауазымды адамдарына әдiстемелiк және практикалық көмек көрсетедi;
      4) мемлекеттiк нотариустар жасаған нотариаттық iс-әрекеттердiң заңдылығын және олардың iс жүргiзуiнiң жай-күйiн бақылауды жүзеге асырады;
      5) нотариус лицензиясының күшiн тоқтата тұру, керi қайтарып алу және тоқтату туралы ұсыныстар енгiзедi;
      6) жекеше нотариусты жауапқа тарту туралы нотариаттық палатаға ұсыныс енгiзедi;
      7) жекеше нотариустардың келу сипатындағы есептiлiк тiркеуiн жүргізеді;
      8) Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес нотариустардың жеке мөрлерiн жасауға тапсырысты жүзеге асырады және оларды бередi;
      9) осы Заңмен белгiленген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
      2. Аумақтық әдiлет органы нотариаттық палатамен бiрлесiп:
      1) нотариаттық округтегi жекеше нотариустардың қызмет аумағын белгiлейдi;
      2) Әдiлет министрлiгiне бекiтуге нотариаттық округтегi нотариустардың саны туралы ұсыныс енгiзедi;
      3) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия алған адамдардың резервiн қалыптастырады және жекеше нотариустың бос орнына орналасу үшiн конкурстық iрiктеудi жүргiзедi; резервтi қалыптастыруға арналған құжаттар нотариаттық палатаға ұсынылады және сонда сақталады;
      4) нотариаттық округте нотариустар уақытша болмаған жағдайда нотариаттық iс-әрекеттер жасауды ұйымдастырады;
      5) нотариустарға әдiстемелiк және практикалық көмек көрсетедi;
      6) нотариаттық практиканы қорытады;
      7) азаматтар мен заңды тұлғалардың жекеше нотариустардың iс-әрекеттерiне өтiнiштерiн қарайды;
      8) жеке практикамен айналысатын нотариус жасайтын нотариаттық iс-әрекеттердiң заңдылығына және оның iс жүргiзу ережелерiн сақтауына бақылау жасауды жүзеге асырады;
      9) нотариаттық қызметтi жүзеге асыратын жекеше нотариустарға аттестаттау жүргiзедi.";

      22) 34-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) мұраға сенiмгерлiк басқарушыны тағайындайды;";

      23) 35-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы алып тасталсын;

      24) 36-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы алып тасталсын;

      25) 37-бап мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Осы бапта көзделген өсиеттерге өсиетке ол да қол қоятын куәнiң қатысуымен өсиет қалдырушы қол қоюға тиiс.";

      26) 47-бапта:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "47-бап. Куәландыратын жазбалар жасау, куәлiктер беру және
               қаулылар шығару";

      1-тармақ "мәмiлелердi куәландыру" деген сөздерден кейiн "және нотариаттық куәландырылған құжаттардың дубликаттарын беру" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      "3. Мұраға сенiмгерлiк басқарушы тағайындалған кезде нотариус тиiстi қаулы шығарады";

      27) 48-баптың 1-тармағының 1) және 5) тармақшаларындағы "заңға", "заң" деген сөздер тиiсiнше "заңдарға", "заңдар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      28) 50-бап "нотариаттық куәлiктердi" деген сөздерден кейiн "және қаулыларды" деген сөздермен толықтырылсын;

      29) 54-баптың 2-тармағы "мүлiктi" деген сөздiң алдынан "жылжымайтын" деген сөзбен толықтырылсын;

      30) 55-бап алып тасталсын;

      31) 9-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9-тарау. Мұрагерлiк құқығы туралы куәлiк беру";

      32) 61-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "61-бап. Мұрадан бас тарту немесе оған құқық туралы куәлiк
               беру туралы өтiнiштердi қабылдау

      Нотариус мұра ашылған орын бойынша Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мұрагердiң мұрадан бac тартуы немесе оған құқық туралы куәлiк беру туралы өтiнiштi жазбаша нысанда қабылдайды.";

      33) 62-68-баптар алып тасталсын;

      34) 70-баптың 2-тармағы алып тасталсын;

      35) 79-баптың 1-тармағы "қайшы келмейтiн" деген сөздерден кейiн "және мәмiленi баяндауды бiлдiрмейтiн" деген сөздермен толықтырылсын;

      36) 101-бапта "мүлiктi қорғауға" деген сөздерден кейiнгi ", сондай-ақ осындай мүлiкке қатысты мұраға құқық туралы куәлiк беруге байланысты iс-әрекеттер" деген сөздер "байланысты iс-әрекеттер, сондай-ақ мұраны сенiмгерлiк басқарушыны тағайындау және осындай мүлiкке қатысты мұраға құқық туралы куәлiк бepу" деген сөздермен ауыстырылсын;

      37) 105-баптың 1 және 2-тармақтары алып тасталсын.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

     

О внесении изменений и дополнений в Закон Республики Казахстан "О нотариате"

Закон Республики Казахстан от 5 мая 2003 года N 408

      Внести изменения и дополнения в Закон  Республики Казахстан от 14 июля 1997 г. "О нотариате" (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 1997 г., N 13-14, ст. 206; 1998 г., N 22, ст. 307; 2000 г., N 3-4, ст. 66; 2001 г., N 15-16, ст. 236; N 24, ст. 338):

      1) подпункт 3-1) пункта 2 статьи 1 исключить;

      2) в статье 4:
      пункт 1 дополнить словами "по согласованию с уполномоченным государственным органом управления архивами и документацией Республики Казахстан";
      пункт 3 изложить в следующей редакции:
      "3. Документы государственных нотариусов подлежат обязательной сдаче в государственный архив в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан.
      Документы частных нотариусов подлежат обязательной сдаче в частный нотариальный архив в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан.";

      3) в статье 6:
      пункт 1 изложить в следующей редакции:
      "1. Нотариусом может быть гражданин Республики Казахстан, имеющий высшее юридическое образование, прошедший аттестацию в аттестационной комиссии юстиции, стажировку у нотариуса сроком не менее одного года и получивший лицензию на право занятия нотариальной деятельностью.
      Нотариусом не может быть лицо, имеющее не погашенную или не снятую в установленном законом порядке судимость, признанное в установленном порядке недееспособным либо ограниченно дееспособным.
      Нотариусом также не может быть лицо, в отношении которого прекращено уголовное дело по нереабилитирующим основаниям, прекратившее нотариальную деятельность ввиду отзыва лицензии либо увольнения с должности государственного нотариуса за допущенные им нарушения законодательства Республики Казахстан при совершении нотариального действия, в течение трех лет после наступления таких событий.";
      в пункте 3 слова "и 3-1)" исключить, слово "законодательством" заменить словами "законами Республики Казахстан";

      4) пункт 5 статьи 7 изложить в следующей редакции:
      "5. Стажерами нотариуса могут быть граждане Республики Казахстан, имеющие высшее юридическое образование и прошедшие аттестацию в аттестационной комиссии юстиции. Стажеры проходят стажировку у нотариусов, занимающихся частной практикой, или у государственных нотариусов на основании договора о стажировке.
      Для лиц, имеющих стаж работы по юридической специальности не менее двух лет, срок стажировки может быть сокращен совместным решением территориального органа юстиции и нотариальной палаты. Продолжительность стажировки не может быть менее трех месяцев.";

      5) пункт 6 статьи 8 после слов "своих обязанностей," дополнить словами "а также государственные нотариусы";

      6) в статье 10:
      пункт 1 после слов "органов юстиции," дополнить словами "нотариальных палат,";
      в пункте 2:
      подпункт 1) изложить в следующей редакции:
      "1) возбуждения искового производства по отзыву лицензии на право занятия нотариальной деятельностью;";
      в подпункте 3) слова "паспортных данных и сведений об изменении его места нахождения в случае их изменения" заменить словами "сведений об изменении им фамилии, имени, отчества, а также местонахождения его помещения;";
      дополнить подпунктами 4) и 5) следующего содержания:
      "4) нарушения нотариусом территории деятельности, определенной ему в соответствии с настоящим Законом;
      5) нарушения нотариусом законодательства Республики Казахстан при совершении нотариальных действий.";
      третье предложение пункта 3 изложить в следующей редакции:
      "При устранении обстоятельств, послуживших причиной приостановления, лицензиаром выносится решение о восстановлении действия лицензии.";
      пункт 4 после слов "нотариальных действий" дополнить словами "и сдачу нотариусом личной печати в территориальный орган юстиции";

      7) в статье 11:
      подпункт 1) исключить;
      подпункт 3) изложить в следующей редакции:
      "3) неоднократного нарушения нотариусом законодательства Республики Казахстан при совершении нотариальных действий либо нарушения законодательства, причинившего ущерб интересам государства, физических и юридических лиц;";
      дополнить подпунктами 5), 6) и 7) следующего содержания:
      "5) установления факта предоставления нотариусом недостоверной или умышленно искаженной информации в документах, явившихся основанием для выдачи лицензии;
      6) трехкратного приостановления действия лицензии;
      7) отрицательного результата аттестации.";

      8) в статье 12:
      в пункте 1:
      подпункт 2) дополнить словами "или выезда за пределы Республики Казахстан на постоянное место жительства";
      дополнить подпунктом 4-1) следующего содержания:
      "4-1) вынесения в отношении нотариуса постановления о прекращении уголовного дела по нереабилитирующим основаниям;";
      подпункт 5) после слова "недееспособным" дополнить словами "либо ограниченно дееспособным";
      пункт 3 изложить в следующей редакции:
      "3. Территориальный орган юстиции и нотариальная палата обязаны принять меры по передаче документов нотариуса, у которого прекращено действие лицензии нотариуса, другому нотариусу или в частный нотариальный архив, а также по изъятию лицензии для передачи ее лицензиару и уничтожению личной печати нотариуса.";

      9) в статье 15:
      пункт 1 после слов "нотариальных действий," дополнить словами "вступивший в члены нотариальной палаты";
      пункт 3 изложить в следующей редакции:
      "3. В целях определения уровня профессиональных качеств нотариус, занимающийся частной практикой, один раз в пять лет проходит аттестацию.
      Порядок прохождения аттестации утверждается Министром юстиции Республики Казахстан.";
      пункты 5 и 6 исключить;

      10) в статье 16:
      в пункте 1 слова "в отношении действий, предусмотренных подпунктами 1) (в части удостоверения сделок с недвижимым имуществом), 3), 4), 5), 6), 14), 15), 17) пункта" заменить словами "предусмотренных в пункте";
      в пункте 2 слова "Правительством Республики Казахстан" заменить словами "законодательными актами Республики Казахстан";

      11) подпункт 7) статьи 17 исключить;

      12) подпункт 1) пункта 1 статьи 19 изложить в следующей редакции:
      "1) заниматься предпринимательской деятельностью;";

      13) второе предложение статьи 20 исключить;

      14) в статье 21:
      в пункте 3 слова "статьями 54, 55" заменить словами "статьей 54";
      в пункте 4 слова "пунктом 1" заменить словами "пунктами 1 и 2";

      15) в статье 27:
      в пункте 1:
      подпункт 3) дополнить словами "частными нотариусами";
      подпункт 4) изложить в следующей редакции:
      "4) вносит представление о приостановлении, отзыве и прекращении действия лицензии частного нотариуса;";
      подпункт 6) после слова "обучение" дополнить словом "частных";
      подпункт 8) после слова "ответственности" дополнить словом "частного";
      подпункт 9) после слова "действия" дополнить словом "частных";
      пункт 3 изложить в следующей редакции:
      "3. Нотариальная палата по итогам полугодия и года предоставляет Республиканской нотариальной палате и территориальному органу юстиции информацию о своей деятельности.";

      16) в пункте 1 статьи 28:
      подпункт 3) изложить в следующей редакции:
      "3) условия и порядок приобретения, приостановления и утраты членства;";
      дополнить подпунктом 3-1) следующего содержания:
      "3-1) права, обязанности и ответственность членов;";

      17) дополнить статьей 29-1 следующего содержания:
      "Статья 29-1. Частный нотариальный архив
 
      Частный нотариальный архив является филиалом территориальной нотариальной палаты.
      Частный нотариальный архив осуществляет функции по накоплению, хранению и использованию нотариальных документов в соответствии с законодательством Республики Казахстан о Национальном архивном фонде и архивах.";

      18) в статье 30:
      в пункте 2 слова "ценам, установленным соглашением сторон" заменить словами "ставкам, соответствующим размерам государственной пошлины, установленной налоговым законодательством Республики Казахстан";
      пункты 3 и 7 исключить;

      19) в статье 31:
      пункт 2 дополнить частью второй следующего содержания:
      "Порядок осуществления контроля устанавливается Министерством юстиции Республики Казахстан совместно с Республиканской нотариальной палатой.";
      пункт 5 изложить в следующей редакции:
      "5. Проверка работы частного нотариуса, приступившего к осуществлению нотариальной деятельности, проводится не ранее чем через шесть месяцев и не позднее чем через год после начала осуществления им нотариальных действий и в дальнейшем проводится не чаще одного раза в год.";

      20) в статье 32:
      подпункт 1) изложить в следующей редакции:
      "1) осуществляет руководство, координацию и контроль за деятельностью территориальных органов юстиции по организации и обеспечению законности в сфере правового обслуживания населения нотариусами;";
      подпункт 3) дополнить словами "по согласованию с уполномоченным государственным органом управления архивами и документацией Республики Казахстан";
      дополнить подпунктом 7-1) следующего содержания:
      "7-1) утверждает число нотариусов по каждому нотариальному округу;";
      подпункт 8) изложить в следующей редакции:
      "8) разрабатывает методические, инструктивные и разъяснительные материалы по вопросам нотариата;";

      21) статью 33 изложить в следующей редакции:
      "Статья 33. Компетенция территориального органа юстиции в
                  области регулирования нотариата
 
      1. Территориальный орган юстиции:
      1) открывает и упраздняет государственные нотариальные конторы;
      2) рассматривает обращения граждан и юридических лиц на служебные действия государственных нотариусов;
      3) оказывает методическую и практическую помощь должностным лицам местных исполнительных органов, совершающим нотариальные действия;
      4) осуществляет контроль за законностью совершенных нотариальных действий государственными нотариусами и состоянием их делопроизводства;
      5) вносит представления о приостановлении, отзыве и прекращении действия лицензии нотариуса;
      6) вносит представление в нотариальную палату о привлечении частного нотариуса к ответственности;
      7) ведет учетную регистрацию частных нотариусов, которая носит явочный характер;
      8) осуществляет заказ на изготовление личных печатей нотариусов и производит их выдачу в соответствии с требованиями законодательства Республики Казахстан;
      9) осуществляет иные полномочия, установленные настоящим Законом.
      2. Территориальный орган юстиции совместно с нотариальной палатой:
      1) определяет территорию деятельности частных нотариусов в нотариальном округе;
      2) вносит представление в Министерство юстиции о численности нотариусов в нотариальном округе для утверждения;
      3) формирует резерв лиц, получивших лицензию на право занятия нотариальной деятельностью, и проводит конкурсный отбор для замещения вакантной должности частного нотариуса; документы для формирования резерва представляются в нотариальную палату и хранятся там же;
      4) организует совершение нотариальных действий при временном отсутствии нотариусов в нотариальном округе;
      5) оказывает методическую и практическую помощь нотариусам;
      6) обобщает нотариальную практику;
      7) рассматривает обращения граждан и юридических лиц на действия частных нотариусов;
      8) осуществляет контроль за законностью совершаемых нотариальных действий и соблюдением правил делопроизводства нотариусом, занимающимся частной практикой;
      9) проводит аттестацию частных нотариусов, осуществляющих нотариальную деятельность.";

      22) подпункт 3) пункта 1 статьи 34 изложить в следующей редакции:
      "3) назначает доверительного управляющего наследством;";

      23) подпункт 5) пункта 1 статьи 35 исключить;

      24) подпункт 2) пункта 1 статьи 36 исключить;

      25) статью 37 дополнить частью второй следующего содержания:
      "Завещания, предусмотренные настоящей статьей, должны быть подписаны завещателем в присутствии свидетеля, который также подписывает завещание.";

      26) в статье 47:
      заголовок изложить в следующей редакции:;
      "Статья 47. Совершение удостоверительных надписей, выдача
                  свидетельств и вынесение постановлений";
      пункт 1 после слов "при удостоверении сделок" дополнить словами "и выдаче дубликатов нотариально удостоверенных документов";
      дополнить пунктом 3 следующего содержания:
      "3. При назначении доверительного управляющего наследством нотариусом выносится соответствующее постановление.";

      27) в подпунктах 1) и 5) пункта 1 статьи 48 слова "закону", "закона" заменить соответственно словами "законодательству", "законодательства";

      28) статью 50 после слов "нотариальных свидетельств" дополнить словами "и постановлений";

      29) пункт 2 статьи 54 после слова "залоге" дополнить словом "недвижимого";

      30) статью 55 исключить;

      31) заголовок главы 9 изложить в следующей редакции:
      "Глава 9. Выдача свидетельства о праве на наследство";

      32) статью 61 изложить в следующей редакции:
      "Статья 61. Принятие заявлений об отказе от наследства или
                  выдаче свидетельства о праве на него
 
      Нотариус по месту открытия наследства в соответствии с законодательством Республики Казахстан принимает заявление об отказе наследника от наследства или выдаче свидетельства о праве на него в письменной форме.";

      33) статьи 62-68 исключить;

      34) пункт 2 статьи 70 исключить;

      35) пункт 1 статьи 79 дополнить словами ", и не представляет собой изложение сделки";

      36) в статье 101 слова "с выдачей" заменить словами "назначение доверительного управляющего наследством и выдача";

      37) пункты 1 и 2 статьи 105 исключить.

      Президент
      Республики Казахстан