"Адвокаттық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 3 маусымдағы N 425-II Заңы

      1-бап. "Адвокаттық қызмет туралы" 1997 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 22, 328-құжат; 2001 ж., N 15-16, 236-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) 5-бапта:
      1-тармақ:
      "келісімде" деген сөздің алдынан "жазбаша" деген сөзбен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Келісім жасасу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Адвокат көрсететін заң көмегіне ақы төлеудің және осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларда қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеудің мөлшері мен тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.";

      2) 7-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Адвокат - жоғары заң білімі бар, адвокаттық қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия алған, міндетті түрде адвокаттар алқасының мүшесі болып табылатын және осы Заңмен регламенттелетін адвокаттық қызмет шеңберінде кәсіптік негізде заң көмегін көрсететін Қазақстан Республикасының азаматы.";

      2-тармақтағы "сондай-ақ босатылған күнінен бастап бір жыл бойы - тәртіптік жағымсыз әрекет жасағаны үшін құқық қорғау органынан босатылған адам" деген сөздер "тәртіптік жағымсыз әрекет жасағаны үшін құқық қорғау органдарынан босатылған адам - босатылған күнінен бастап бір жыл бойы, сондай-ақ лицензиясының қолданылуы осы Заңда белгіленген тәртіппен тоқтатылған адам" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 8-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Жоғары заң білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары ғана адвокаттың тағылымдамадан өтушілері бола алады.
      Тағылымдамадан өтушілер адвокаттар алқасы төралқасы қаулысының негізінде кемінде бес жыл адвокаттық қызмет стажы бар адвокаттарда үш айдан бір жылға дейінгі мерзімге тағылымдамадан өтеді. Тағылымдамадан өту адвокаттар алқасы мен тағылымдамадан өтуші арасында жасалатын шарт негізінде жүзеге асырылады.
      Тағылымдамадан өтуші ретіндегі жұмыс кезеңі заң мамандығы бойынша жұмыс стажына есептеледі.";

      4) 9-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "9-бап. Адвокаттың лицензиясы

      1. Әділет аттестаттау комиссиясының шешімі негізінде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі берген адвокат лицензиясы лицензияда көрсетілген адамның адвокаттық қызметпен айналысуына рұқсат беру болып табылады.
      2. Лицензия адвокаттар алқасында үш айдан бір жылға дейінгі мерзімде тағылымдамадан өткен адамдарға олар аттестаттаудан өткен жағдайда беріледі. Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдардың аттестаттаудан өту ережесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
      Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бекітетін Адвокаттар лицензияларының мемлекеттік тізілімі туралы ережеге сәйкес Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі осы тізілімді  жүргізеді және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына тарайтын мерзімді баспа басылымдарында адвокаттар лицензияларын беру, лицензияларының қолданылуын тоқтата тұру, лицензияларын кері қайтарып алу және қолданылуын тоқтату туралы мәліметтерді жариялайды.
      3. Аттестаттаудан өтпестен адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия алуға:
      1) Қазақстан Республикасы Әділет біліктілік алқасына біліктілік емтиханын тапсырған адамдардың;
      2) тұрақты судьялардың және өз міндеттерін орындау кезінде атына кір келтіретін теріс қылықтары және заңды бұзғаны үшін судья қызметінен босатылған судьяларды қоспағанда, тұрақты судья болып жұмыс істеген адамдардың құқығы бар.
      Прокуратура, тергеу және анықтау органдарында кемінде он жыл жұмыс істеген прокурорлар, тергеушілер мен анықтаушылар, жағымсыз себептер бойынша босатылғандарды қоспағанда, адвокаттар алқасында тағылымдамадан өткеннен кейін емтихан тапсырудан босатылады.
      4. Адвокаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия беру туралы шешімді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі қабылдайды.
      5. Лицензия негізгі, тұрақты болып табылады және оның күші Қазақстан Республикасының барлық аумағында қолданылады.";

      5) 11-бап мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
      "Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы шешімді Қазақстан Республикасының Әділет министрі қабылдайды, ол бұйрық түрінде ресімделеді.
      Лицензиясының күші тоқтатылған адам, тиісті сот, құқық қорғау органдары және адвокаттар алқасы қабылданған шешім туралы хабардар етіледі.";

      6) 12-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "12-бап. Лицензияны кері қайтарып алу және оның
               қолданылуын тоқтату

      1. Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заң актілерінде көзделген жалпы негіздерден басқа, адвокаттың лицензиясын кері қайтарып алу Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің талап-арызы бойынша:
      1) адвокат өз кәсіби міндеттерін орындау кезінде Қазақстан Республикасы заңдарының талаптары мен нормаларын, адвокатураны ұйымдастыру және оның қызметі принциптерін өрескел не бірнеше рет бұзған;
      2) адвокаттың қасақана қылмыс жасағаны үшін ақтамайтын негіздемелер бойынша оған қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылған;
      3) адвокат қасақана қылмыс жасағаны үшін сотталған;
      4) адвокатқа медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы сот шешімі заңды күшіне енген;
      5) адвокат әрекет қабілеті жоқ немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған;
      6) адвокат хабар-ошарсыз кетті деп танылған немесе ол қайтыс болды деп жарияланған;
      7) адвокат Қазақстан Республикасының азаматтығынан айрылған;
      8) біліктілігінің жеткіліксіздігі салдарынан адвокаттың өз кәсіби міндеттерін орындауы мүмкін болмаған жағдайларда сот тәртібімен жүзеге асырылады.
      2. Аумақтық әділет органының ұсынымы осы баптың 1-тармағының 1)-7) тармақшаларында көзделген жағдайларда адвокаттың лицензиясын кері қайтарып алу туралы талап-арыз дайындау үшін негіз болып табылады.
      Тиісті адвокаттар алқасы төралқасының өтініші осы баптың 1-тармағының 1), 8) тармақшаларында көзделген жағдайларда адвокаттың лицензиясын кері қайтарып алу туралы талап-арыз дайындау үшін негіз болып табылады.
      Лицензияны кері қайтарып алу лицензияның қолданылуын тоқтатуға әкеп соғады. Қазақстан Республикасының Әділет министрі тиісті сот шешімінің негізінде лицензияның қолданылуын тоқтату туралы бұйрық шығарады.
      Лицензиясының қолданылуы тоқтатылған адам, тиісті сот, құқық қорғау органдары және адвокаттар алқасы қабылданған шешім туралы хабардар етіледі.
      Лицензияның қолданылуын тоқтату туралы шешімге сотқа шағым жасалуы мүмкін.";

      7) 13-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Адвокаттың нақты істі жүргізуге өкілеттігі ордермен куәландырылады. Ордердің нысанын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі  бекітеді. Ордерлердің берілуін бақылау мен есепке алуды адвокаттар алқасының төралқасы жүзеге асырады.
      Өзінің қызметін Қазақстан Республикасы бекіткен тиісті халықаралық шарт негізінде жүзеге асыратын шетелдік адвокаттың өкілеттігі жеке басын, адвокат мәртебесін және заң көмегін көрсету өкілеттігін белгілейтін құжатпен расталады.";

      8) 14-баптың 2-тармағы "келісім" деген сөздің алдынан "жазбаша" деген сөзбен толықтырылсын;

      9) 17-бапта:
      6-тармақтағы "жолығуға рұқсат беруден бас тартуға" деген сөздер "жолығудың құпиялылығын қамтамасыз ететін жағдайларда осылайша жолығуына рұқсат беруден бас тартуға, сондай-ақ олардың саны мен ұзақтығына шек қоюға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      9-тармақтағы "заңда белгіленген" деген сөздер "он күн" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10) 19-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Адвокат тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында құрылған және әрекет ететін адвокаттар алқасының мүшесі болуға тиіс.";

      11) 20-баптың 3-тармағының бірінші бөлігіндегі "мүмкін." деген сөз "мүмкін, оның басқа облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында өзінің құрылымдық бөлімшелерін (филиалдары мен өкілдіктерін) құруға құқығы жоқ." деген сөздермен ауыстырылсын;

      12) 24-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы "заң көмегін" деген сөздерден кейін ", соның ішінде Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда мемлекеттік бюджеттің қаражаты есебінен адвокаттар көрсететін заң көмегін" деген сөздермен толықтырылсын;

      13) 29-баптың бірінші бөлігінің 3) тармақшасындағы "төлеуге" деген сөзден кейін ";" белгісі қойылып, "міндетті" деген сөз алып тасталсын, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      "4) адвокаттар алқасының төралқасына өз жұмысы туралы есепті табыс етуге міндетті.";

      14) 31-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) адвокат өзінің кәсіби міндеттерін орындау кезінде Қазақстан Республикасы заңдарының талаптары мен нормаларын бірнеше рет бұзған;";

      15) мынадай мазмұндағы 33-1-баппен толықтырылсын:
      "33-1-бап. Адвокаттық қызметті жеке-дара жүзеге асыру

      1. Кәсіби қызметті жеке-дара жүзеге асыруға шешім қабылдаған адвокат бұл туралы адвокаттар алқасын хабардар етеді. Хабарламада адвокаттың тегі, аты, әкесінің аты, оның тұрақты тұратын жері көрсетіледі.
      2. Кәсіби қызметті заңды тұлға құрмай жеке-дара жүзеге асыратын адвокат банктерде есеп айырысу және өзге де шоттар, жеке мөр, мөртабандар, жеке бланкілер иеленуге құқылы.".

      2-бап. Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

О внесении изменений и дополнений в Закон Республики Казахстан "Об адвокатской деятельности"

Закон Республики Казахстан от 3 июня 2003 года N 425

      Статья 1. Внести изменения и дополнения в Закон Республики Казахстан от 5 декабря 1997 г. "Об адвокатской деятельности" (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 1997 г., N 22, ст. 328; 2001 г., N 15-16, ст. 236):

      1) в статье 5:
      пункт 1:
      после слова "устанавливается" дополнить словом "письменным";
 
        дополнить частью второй следующего содержания:
      "Заключение соглашения осуществляется в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан.";
 
        пункт 3 изложить в следующей редакции:
      "3. Размер и порядок оплаты юридической помощи, оказываемой адвокатом, и возмещения расходов, связанных с защитой и представительством, в случаях, предусмотренных пунктом 2 настоящей статьи, устанавливаются Правительством Республики Казахстан.";

      2) в статье 7:
      пункт 1 изложить в следующей редакции:
      "1. Адвокат - это гражданин Республики Казахстан, имеющий высшее юридическое образование, получивший лицензию на право осуществления адвокатской деятельности, обязательно являющийся членом коллегии адвокатов и оказывающий юридическую помощь на профессиональной основе в рамках адвокатской деятельности, регламентируемой настоящим Законом.";
 
        в пункте 2 слова "а также уволенное из правоохранительных органов за совершение дисциплинарного проступка, - в течение года со дня увольнения" заменить словами "уволенное из правоохранительных органов за совершение дисциплинарного проступка, - в течение одного года со дня увольнения, а также лицо, действие лицензии которого прекращено в порядке, установленном настоящим Законом";

      3) пункт 3 статьи 8 изложить в следующей редакции:
      "3. Стажерами адвоката могут быть только граждане Республики Казахстан, имеющие высшее юридическое образование.
      Стажеры проходят стажировку в сроки от трех месяцев до одного года на основании постановления президиума коллегии адвокатов у адвокатов, имеющих стаж адвокатской деятельности не менее пяти лет. Прохождение стажировки осуществляется на основании договора, заключаемого между коллегией адвокатов и стажером.
      Период работы в качестве стажера засчитывается в стаж работы по юридической специальности.";

      4) статью 9 изложить в следующей редакции:
      "Статья 9. Лицензия адвоката
 
        1. Лицензия адвоката, выданная Министерством юстиции Республики Казахстан на основе решения аттестационной комиссии юстиции, является разрешением заниматься адвокатской деятельностью для указанного в лицензии лица.
      2. Лицензия выдается при условии прохождения аттестации лицам, прошедшим стажировку сроком от трех месяцев до одного года в коллегии адвокатов. Правила прохождения аттестации лицами, претендующими на занятие адвокатской деятельностью, утверждаются Правительством Республики Казахстан.
      Министерство юстиции Республики Казахстан ведет Государственный реестр лицензий адвокатов в соответствии с положением о нем, утверждаемым Министерством юстиции Республики Казахстан, и публикует в периодических печатных изданиях, распространяемых на всей территории Республики Казахстан, сведения о выдаче лицензий, приостановлении действия лицензий, отзыве и прекращении действия лицензий адвокатов.
      3. Получить лицензию на занятие адвокатской деятельностью без прохождения аттестации имеют право:
      1) лица, сдавшие квалификационные экзамены в Квалификационной коллегии юстиции Республики Казахстан;
      2) постоянные судьи и лица, работавшие постоянными судьями, за исключением судей, освобожденных от должности судьи за порочащие проступки и нарушения законности при исполнении своих обязанностей.
      Прокуроры, следователи и дознаватели, проработавшие в органах прокуратуры, следствия и дознания не менее десяти лет, за исключением уволенных по отрицательным мотивам, освобождаются от сдачи экзаменов после прохождения стажировки в коллегиях адвокатов.
      4. Решение о выдаче лицензии на право занятия адвокатской деятельностью принимается Министерством юстиции Республики Казахстан.
      5. Лицензия является генеральной, постоянной, и ее действие распространяется на всю территорию Республики Казахстан.";

      5) статью 11 дополнить частями второй и третьей следующего содержания:
      "Решение о приостановлении действия лицензии принимается Министром юстиции Республики Казахстан, которое оформляется в виде приказа.
      О принятом решении уведомляются лицо, действие лицензии которого приостановлено, соответствующие судебные, правоохранительные органы и коллегия адвокатов.";

      6) статью 12 изложить в следующей редакции:
      "Статья 12. Отзыв и прекращение действия лицензии
 
        1. Помимо общих оснований, предусмотренных законодательными актами Республики Казахстан о лицензировании, отзыв лицензии адвоката осуществляется в судебном порядке по иску Министерства юстиции Республики Казахстан в случаях:
      1) грубого либо неоднократного нарушения адвокатом требований и норм законодательства Республики Казахстан при исполнении им своих профессиональных обязанностей, принципов организации и деятельности адвокатуры;
      2) прекращения по нереабилитирующим основаниям уголовного преследования в отношении адвоката за совершение им умышленного преступления;
      3) осуждения адвоката за совершение умышленного преступления;
      4) вступления в законную силу судебного решения о применении к адвокату принудительных мер медицинского характера;
      5) признания адвоката недееспособным или ограниченно дееспособным;
      6) признания адвоката безвестно отсутствующим или объявления его умершим;
      7) утраты адвокатом гражданства Республики Казахстан;
      8) невозможности исполнения адвокатом своих профессиональных обязанностей вследствие недостаточной квалификации.
      2. Основанием для подготовки искового заявления об отзыве лицензии адвоката в случаях, предусмотренных подпунктами 1)-7) пункта 1 настоящей статьи, является представление территориального органа юстиции.
      Основанием для подготовки искового заявления об отзыве лицензии адвоката в случаях, предусмотренных подпунктами 1), 8) пункта 1 настоящей статьи, является ходатайство президиума соответствующей коллегии адвокатов.
      Отзыв лицензии влечет прекращение действия лицензии. На основании соответствующего судебного решения Министр юстиции Республики Казахстан издает приказ о прекращении действия лицензии.
      О принятом решении уведомляются лицо, действие лицензии которого прекращено, соответствующие судебные, правоохранительные органы и коллегия адвокатов.
      Решение о прекращении действия лицензии может быть обжаловано в суд.";

      7) пункт 1 статьи 13 изложить в следующей редакции:
      "1. Полномочия адвоката на ведение конкретного дела удостоверяются ордером. Форма ордера утверждается Министерством юстиции Республики Казахстан. Контроль и учет выдачи ордеров осуществляются президиумом коллегии адвокатов.
      Полномочия иностранного адвоката, осуществляющего свою деятельность на основании соответствующего международного договора, ратифицированного Республикой Казахстан, подтверждаются документами, удостоверяющими личность, статус адвоката и его полномочия на оказание юридической помощи.";

      8) пункт 2 статьи 14 после слова "заключает" дополнить словом "письменное";

      9) в статье 17:
      пункт 6 дополнить словами "в условиях, обеспечивающих конфиденциальность таких свиданий, а также ограничение их количества и продолжительности";

      в пункте 9 слова "установленный законодательством" заменить словом "десятидневный";

      10) статью 19 дополнить частью второй следующего содержания:
      "Адвокат должен быть членом коллегии адвокатов, созданной и действующей на территории соответствующей административно-территориальной единицы.";

      11) часть первую пункта 3 статьи 20 дополнить словами ", которая не вправе создавать свои структурные подразделения (филиалы и представительства) на территории другой области, города республиканского значения, столицы";

      12) подпункт 1) пункта 2 статьи 24 дополнить словами ", в том числе юридической помощи, оказываемой адвокатами за счет средств государственного бюджета в случаях, предусмотренных законодательством Республики Казахстан";

      13) часть первую статьи 29 дополнить подпунктом 4) следующего содержания:
      "4) представлять в президиум коллегии адвокатов отчет о своей работе.";

      14) подпункт 2) пункта 1 статьи 31 изложить в следующей редакции:
      "2) неоднократного нарушения адвокатом требований и норм законодательства Республики Казахстан при исполнении им своих профессиональных обязанностей;";

      15) дополнить статьей 33-1 следующего содержания:
      "Статья 33-1. Осуществление адвокатской деятельности
                    индивидуально

      1. Адвокат, принявший решение осуществлять профессиональную деятельность индивидуально, уведомляет об этом коллегию адвокатов. В уведомлении указываются фамилия, имя, отчество адвоката, его постоянное место нахождения.
      2. Адвокат, осуществляющий профессиональную деятельность индивидуально без образования юридического лица, вправе иметь расчетный и иные счета в банках, личную печать, штампы, личные бланки.".

      Статья 2. Настоящий Закон вводится в действие со дня его официального опубликования.

      Президент
      Республики Казахстан