Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Өзбекстан Республикасы арасындағы үш мемлекеттің мемлекеттік шекараларының түйісу нүктесі туралы келісімді бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шілдедегі N 458-ІІ Заңы

      Шанхайда 2001 жылғы 15 маусымда жасалған Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Өзбекстан Республикасы арасындағы үш мемлекеттің мемлекеттік шекараларының түйісу нүктесі туралы келісім бекітілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ, ҚЫРҒЫЗ РЕСПУБЛИКАСЫ ЖӘНЕ ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АРАСЫНДАҒЫ ҮШ МЕМЛЕКЕТТІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ШЕКАРАЛАРЫНЫҢ ТҮЙIСУ НҮКТЕСІ ТУРАЛЫ
КЕЛІСІМ

      Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Өзбекстан Республикасы,
      өзара құрмет тұту, егемен теңдiк және аумақтық тұтастық қағидаттарын басшылыққа ала отырып,
      үш мемлекеттiң мемлекеттiк шекараларының түйiсу нүктесiнің орналасқан орнын анықтау мақсатында
      төмендегiлер туралы келiстi:

1-бап

      Бұдан әрi үш мемлекеттің мемлекеттiк шекараларының түйiсу нүктесi деп аталатын Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының және Өзбекстан Республикасының мемлекеттiк шекараларының түйiсу нүктесi 4131.1 биiктiк белгiсiнде, Чатангат триангуляциялық пунктi бар Талас Алатауы жотасының су айрығында, оның Майдантал жотасымен тұтасатын ауданында орналасқан.
      Үш мемлекеттің мемлекеттiк шекараларының осы түйiсу нүктесi Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан 3789.7 белгiсi бар биiктiктен солтүстік-шығысқа қарай шамамен 3.99 километр, Қырғыз Республикасының аумағында орналасқан 4054.0 белгiсi бар биiктiктен оңтүстіккe қарай шамамен 2.61 километр және Өзбекстан Республикасының аумағында орналасқан 2850.5 белгiсi бар биiктiктен солтүстік-солтүстiк-батысқа қарай шамамен 4.63 километр қашықтықта орналасқан.
      Үш мемлекеттiң мемлекеттiк шекараларының түйiсу нүктесiнiң мынадай координаттары бар:
      Геодезиялық - В =42 0 15'48".6 солтүстiк ендiк,  L =70 0 56'42".0 шығыстық бойлық;
      Тiкбұрыштық - X =4 682 820.0, Y = 12 660 484.5.
      Үш мемлекеттiң мемлекеттік шекараларының түйiсу нүктесінің орналасқан орны осы Келiсiмге қоса берiлiп отырған және оның ажырамас бөлiгiн құрайтын 1:50 000 масштабтағы бiрлесiп жасалған картада қызыл шеңбермен көрсетiлген.
      Үш мемлекеттiң мемлекеттiк шекараларының түйiсу нүктесiнiң осы бапта көрсетiлген арақашықтығы мен биiктiктерiнiң белгiлерi, сондай-ақ геодезиялық және тiкбұрышты координаттары қоса берiлiп отырған карта бойынша белгiленген.
      Координаттары мен биiктіктерінің белгiлерi 1942 жылғы координаттар жүйесiнде және биiктiктердiң Балтық жүйесiнде келтiрiлген.

2-бап

      Үш мемлекеттің мемлекеттік шекараларының түйiсу нүктесiнен бастап мемлекеттiк шекара сызықтары iргелес мемлекеттер арасындағы мемлекеттiк шекара туралы тиiстi шарттарда қалай белгiленсе, солай өтетiн болады.

3-бап

      Осы Келiсiм оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетішілiк рәсiмдердi Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама жiберiлген күннен бастап күшiне енедi.

      Шанхай қаласында 2001 жылғы 15 маусымда әрқайсысы қазақ, қырғыз, өзбек және орыс тілдерінде үш дана болып жасалды.
      Топографиялық карта әрбiр мемлекет үшiн орыс тiлiнде үш балама болып әзiрленді.
      Осы Келiсiмнің ережелерiн түсiндіруде келiспеушілік туындаған жағдайда Тараптар орыс тiлiндегi мәтiндi ұстанатын болады.

      Қазақстан             Қырғыз          Өзбекстан
    Республикасы         Республикасы      Республикасы
        үшін                 үшін            үшін

     

О ратификации Соглашения между Республикой Казахстан, Кыргызской Республикой и Республикой Узбекистан о точке стыка государственных границ трех государств

Закон Республики Казахстан от 2 июля 2003 года N 458

      Ратифицировать Соглашение между Республикой Казахстан, Кыргызской Республикой и Республикой Узбекистан о точке стыка государственных границ трех государств, совершенное в Шанхае 15 июня 2001 года.

      Президент
      Республики Казахстан

Соглашение
между Республикой Казахстан, Кыргызской Республикой
и Республикой Узбекистан о точке стыка
государственных границ трех государств

      Республика Казахстан, Кыргызская Республика и Республика Узбекистан, далее именуемые Сторонами,
      руководствуясь принципами взаимного уважения, суверенного равенства и территориальной целостности,
      в целях определения местоположения точки стыка государственных границ трех государств,
      согласились о нижеследующем:

Статья 1

      Точка стыка государственных границ Республики Казахстан, Кыргызской Республики и Республики Узбекистан, далее именуемая точкой стыка государственных границ трех государств, находится на водоразделе хребта Таласский Алатау в районе его сочленения с Майдантальским хребтом на высоте с пунктом триангуляции Чатангат, имеющим отметку 4131.1.
      Данная точка стыка государственных границ трех государств расположена приблизительно в 3.99 километра к северо-востоку от находящейся на территории Республики Казахстан высоты с отметкой 3789.7, приблизительно в 2.61 километра к югу от находящейся на территории Кыргызской Республики высоты с отметкой 4054.0 и приблизительно в 4.63 километра к северо-северо-западу от находящейся на территории Республики Узбекистан высоты с отметкой 2850.5.
      Точка стыка государственных границ трех государств имеет следующие координаты:
      Геодезические - В = 42 о 15 , 48".6 северной широты, L = 70 о 56 , 42".0 восточной долготы;
      Прямоугольные - Х = 4 682 820.0, Y = 12 660 484.5.
      Местоположение точки стыка государственных границ трех государств показано красным кружком на совместно созданной карте масштаба 1:50 000, прилагаемой к настоящему Соглашению и составляющей его неотъемлемую часть.
      Указанные в настоящей статье расстояния и отметки высот, а также геодезические и прямоугольные координаторы точки стыка государственных границ трех государств определены по прилагаемой карте.
      Координаты и отметки высот приведения в системе координат 1942 года и Балтийской системе высот.

Статья 2

      От точки стыка государственных границ трех государств линии государственных границ будут проходить так, как они будут определены соответствующими договорами о государственной границе между сопредельными государствами.

Статья 3

      Настоящее Соглашение вступает в силу с даты направления последнего письменного уведомления о выполнении Сторонами внутригосударственных процедур, необходимых для его вступления в силу.

      Совершено в городе Шанхае 15 июня 2001 года, в трех экземплярах, каждый на казахском, кыргызском, узбекском и русском языках.
      Топографическая карта изготовлена в трех альтернатах для каждого государства на русском языке.
      В случае возникновения разногласий при толковании положений настоящего Соглашения Стороны будут обращаться к тексту на русском языке.

          За Республику      За Кыргызскую       За Республику
           Казахстан           Республику         Узбекистан