Стамбулда 1999 жылғы 19 қарашада жасалған Еуропадағы кәдімгі қарулы күштер туралы шартты бейімдеу жөніндегі келісім бекітілсін.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Еуропадағы кәдімгі қарулы күштер туралы
шартты бейімдеу жөніндегі
Келісім
Төмендегi Қатысушы мемлекеттер деп аталатын Әзербайжан Республикасы, Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Бельгия Корольдiгi, Болгария Республикасы, Венгрия Республикасы, Германия Федерациялық Республикасы, Грек Республикасы, Грузия, Дания Корольдiгi, Исландия Республикасы, Испания Корольдiгi, Италия Республикасы, Қазақстан Республикасы, Канада, Люксембург Ұлы Герцогтiгi, Молдова Республикасы, Нидерланд Корольдiгi, Норвегия Корольдігі, Польша Республикасы, Португалия Республикасы, Ресей Федерациясы, Румыния, Словак Республикасы, Ұлыбритания және Солтүстiк Ирландия Бiрiккен Корольдiгi, Америка Құрама Штаттары, Түрiк Республикасы, Украина, Француз Республикасы және Чех Республикасы,
1990 жылғы 19 қарашада Парижде төменде Шарт деп аталатын Еуропадағы кәдімгі қарулы күштер туралы шартқа қол қойылған уақыттан бастап Еуропада болған түбегейлi өзгерiстердi сезiне отырып,
Еуропалық қауiпсiздiктiң өзектi мәселесi ретiнде Шарттың шешуші маңызын сақтауға бекем бел буа отырып,
Шарттың бастапқы мақсаттары - Шартты қолдану ауданы шегінде Шартпен шектелетін кәдімгі қару-жарақ пен техника саны 40 000 жауынгерлік танкiсінен, 60 000 броньды жауынгерлік машинасынан, 40 000 артиллерия бiрлiгiнен, 13 600 жауынгерлік ұшақтан және 4000 соққы беруші тiкұшақтан аспауын қамтамасыз етуге қол жеткiзудi атап көрсете отырып,
төмендегiлер туралы уағдаласты:
Шарттың кiрiспесi алынып тасталады және мыналармен ауыстырылады:
"Төмендегi Қатысушы мемлекеттер деп аталатын Әзербайжан Республикасы, Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Бельгия Корольдiгi, Болгария Республикасы, Венгрия Республикасы, Германия Федерациялық Республикасы, Грек Республикасы, Грузия, Дания Корольдiгi, Исландия Республикасы, Испания Корольдiгi, Италия Республикасы, Қазақстан Республикасы, Канада, Люксембург Ұлы Герцогтiгi, Молдова Республикасы, Нидерланд Корольдiгi, Норвегия Корольдігі, Польша Республикасы, Португалия Республикасы, Ресей Федерациясы, Румыния, Словак Республикасы, Ұлыбритания және Солтүстiк Ирландия Бiрiккен Корольдiгi, Америка Құрама Штаттары, Түрiк Республикасы, Украина, Француз Республикасы және Чех Республикасы,
1998 жылғы 10 қаңтардағы Еуропадағы кәдімгі қарулы күштер жөніндегі келiссөздер мандатын басшылыққа ала отырып,
осы Шарт бойынша Венада келiссөздер жүргiзiлген, Еуропадағы қауiпсiздiк және ынтымақтастық жөніндегі Ұйымның (бұрын - Кеңестер) мақсаттары мен мiндеттерiн басшылыққа ала отырып,
Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының мақсаттары мен қағидаттарына сәйкес келмейтiн қандай да бiр жолмен кез-келген мемлекеттiң аумақтық тұтастығына немесе саяси тәуелсiздiгiне қарсы ретінде олардың өзара және жалпы халықаралық қатынастарына күш қолданудан немесе қоқан-лоққы көрсетуден тартыну туралы өз мiндеттемелерiн ескере отырып,
Еуропада кез-келген әскери қақтығысты болдырмау қажеттiлiгiн мойындай отырып,
Еуропада үлкен тұрақтылық пен қауiпсiздiкке қол жеткiзу үшiн, және олардың одақтық шарттарға қатысу немесе қатыспау құқығын ескере отырып, олардың барлығының бiрлескен жауапкершiлiгiн сезiне отырып,
бейбiт ынтымақтастық негiзiнде барлық Қатысушы мемлекеттер арасында қауiпсiздiк қатынастарының жаңа сипатын бұдан әрi дамытуға және нығайтуға және сөйтiп Еуропада қауiпсiздiктiң ортақ және бөлiнбейтiн кеңiстiгiн құруға үлес қосуға ұмтыла отырып,
келешекте, осыған дейiнгi, Еуропадағы кәдімгі қарулы күштер қауiпсiздiгiнiң, тұрақтылығының және тепе-теңдiгiнiң жалпы деңгейiн бұдан да төмендетудi, тұрақтылық пен қауiпсiздiкке нұқсан келтiретiн теңсiздiктердi жоюды және кенеттен шабуыл жасауды жүзеге асыру және Еуропада iрi ауқымды шабуыл әрекеттерiн бастау әлеуетiн жоюды қолдау мақсатын ұстана отырып,
осы Шарт кез-келген мемлекеттің қауiпсiздiк мүддесiне керi ықпал жасауды мақсат етпейтiндiгiн растай отырып,
1999 жылғы 17-19 қарашада Стамбулда болған Еуропаның кәдімгі қарулы күштерi туралы шартқа Қатысушы мемлекеттер конференциясының қорытынды актiсiн, сондай-ақ онда келтiрiлген кейбiр Қатысушы мемлекеттердiң саяси мiндеттемелерiне қатысты мәлiмдемелердi назарға ала отырып,
Атлант мұхитынан Орал тауларына дейiнгi ауданда географиялық аумағы бар Еуропадағы қауiпсiздiк пен ынтымақтастық жөнiндегi ұйымға басқа да қатысушы мемлекеттердiң қосылуы үшiн Шарттың ашықтығын назарға ала отырып, келіссөздерді қоса алғанда, кәдімгі қару-жарақты бақылау процестерiн жалғастыруда өздерінің адалдықтарын, сондай-ақ Еуропадағы саяси жағдайды дамыту тұрғысында еуропалық тұрақтылық пен қауiпсiздiкке қатысты болашақ талаптарды растай отырып,
төмендегiлер туралы келiстi:".
Шарттың 1-бабы алынып тасталады және мыналармен ауыстырылады:
"1-бап
1. Әрбір Қатысушы мемлекеттер осы Шарттың ережелеріне сәйкес кәдімгі қарулы күштердің мынадай бес санатына: жауынгерлік танктерге, жауынгерлік броньды машиналарға, артиллерияға, жауынгерлiк ұшақтарға және жауынгерлiк тiкұшақтарға қатысты мiндеттемелердi қоса онда белгiленген мiндеттемелердi орындайды.
2. Әрбір Қатысушы мемлекеттер, сондай-ақ осы Шартта белгiленген, қауiпсiздiктi және тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған басқа шараларды жүзеге асырады.
3. Қатысушы мемлекеттiң Шартпен шектейтін санаттағы кәдімгі қару-жарағы мен техникасы басқа Қатысушы мемлекеттiң аумағында тек халықаралық құқыққа, қабылдайтын Қатысушы мемлекеттiң айқын көрсетiлген келiсiмiне немесе Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Қауiпсiздiк Кеңесiнiң тиiстi қарарына сәйкес қана бола болады. Айқын көрсетiлген келiсiм алдын ала берiлуi тиiс және ол ХIII-баптың 1-бис тармағында көрсетiлгенiндей қолданылуын жалғастыруы қажет.
4. Осы Шартқа төмендегі қосымшасымен, Қолда бар тұрпаттар туралы хаттама деп аталатын Кәдімгі қару-жарақ пен техниканың қолда бар типтері туралы хаттама; төменде Ұлттық шектi деңгейлер туралы хаттама деп аталатын Еуропадағы кәдімгі қарулы күштер туралы шартпен шектелетiн Кәдімгі қару-жарақ пен техниканың ұлттық шектi деңгейлерi туралы хаттама; төменде аумақтық шектi деңгейлер туралы хаттама деп аталатын Еуропадағы әдеттегi қарулы күштер туралы шартпен шектелетiн Кәдімгі қару-жарақ пен техниканың аумақтық шектi деңгейлерi туралы хаттама; төменде Ұшақтарды қайта топтастыру туралы хаттама деп аталатын Жауынгерлiк оқу-жаттығу ұшақтардың нақтылы модельдерiн немесе түрлерiн қарусыз оқу-жаттығу ұшақтарына қайта топтастыруды реттейтiн рәсiмдер туралы хаттама; төменде Қысқартулар туралы хаттама деп аталатын Еуропадағы кәдімгі қарулы күштер туралы шартпен шектелетiн Кәдімгі қару-жарақ пен техниканы қысқартуды реттейтiн рәсiмдер туралы хаттама; төменде Тiкұшақтарды қайта топтастыру туралы хаттама деп аталатын Жауынгерлiк тiкұшақтарды топтастырудың және көп мақсатты беруші тікұшақтардың қайта топтастырылуын реттейтiн рәсiмдер туралы хаттама; төменде Ақпарат алмасу туралы хаттама деп аталатын Хабарламалар мен ақпарат алмасу туралы хаттама, төменде Көлем туралы қосымша деп аталатын Ақпарат алмасу үшін көлем туралы қосымшасымен қоса; Инспекциялар туралы хаттама; және Бiрлескен консультациялық топ туралы хаттама қосылады.
Бұл құжаттардың әрқайсысы осы Шарттың ажырамас бөлiгi болып табылады".
1. Шарттың II-бабы 1-тармағының (А) және (G) тармақшалары алынып тасталады.
2. Шарттың II-бабы 1-тармағының (В) тармақшасы алынып тасталады және мыналармен ауыстырылады:
"(В) "Қолданыс ауданы" деген термин Дания Корольдiгiнiң Фарер, Свальбард (Шпицберген) аралдарын, Аюлы аралын, Норвегия Корольдiгiн, Португалия Республикасының Азор және Мадейра аралдарын, Испания Корольдiгiнiң Канар аралдарын және Ресей Федерациясының Франц-Иосиф жерi мен Жаңа жерiн қоса, Қатысушы мемлекеттердiң барлық еуропалық аралдық аумақтарын қамтитын Атлант мұхитынан Орал тауына дейiнгi барлық құрылықтық аумақты бiлдiредi.
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының жағдайында қолданыс ауданына Жайық өзені мен Каспий теңiзiнің батысындағы барлық аумақ қосылады.
Түрiк Республикасының жағдайында қолданыс ауданына түрiк шекарасының 39-параллельмен қиылысар нүктесiнен өтетiн сызық бойымен солтүстiкке және батысқа қарай Мурадиеге, Патносқа, Қараязиге, Текманға, Кемалиеге, Фекеге, Жейханға, Доғанкентке, Гезнеге және одан әрi теңiзге дейiнгi Түрiк Республикасының аумағы қосылады".
3. Шарттың II-бабы 1-тармағының (Н) тармақшасы алынып тасталады және мыналармен ауыстырылады:
"(Н) "Тұрақты қоймалық сақтаудың белгiленген орыны" деген термин табиғи шекарасы анық айқындалған, Шартпен шектелетiн, ұлттық шектi деңгейдiң есебiне кiретiн, әдеттегi қару-жарағы мен техникасы бар, бiрақ тұрақты бөлiмдерде Шартпен шектелетiн кәдімгi қару-жарағы мен техникасы бар, бірақ тұрақты бөлімдерде Шартпен шектелетін кәдімгі қару-жарағы мен техникасы шектелудің аясына кiрмейтiн жердi бiлдiреді".
4. Шарттың II-бабы 1-тармағының (J) тармақшасы алынып тасталады және мыналармен ауыстырылады:
"(J) "Шартпен шектелетiн кәдімгі қару-жарақ пен техника" деген термин IV, V, VII баптарда, Ұлттық шектi деңгейлер туралы хаттама мен Аумақтық шектi деңгейлер туралы хаттамада белгіленген сандық шектелуге жататын жауынгерлiк танктердi, жауынгерлiк броньды машиналарды, артиллерияны, жауынгерлiк ұшақтар мен соққы беруші тiкұшақтарды бiлдiреді".
5. Шарттың II-бабы 1-тармағының (U) тармақшасы алынып тасталады және мыналармен ауыстырылады:
"(U) "қысқарту нормасы" деген термин IV бапты сақтауды қамтамасыз ету мақсатында Шарттың ережелерiне сәйкес қысқартуға мiндеттенген Қатысушы мемлекеттiң Шартпен шектелетiн кәдімгі қару-жарағы мен техникасының әр санатының санын бiлдiредi".
Шарттың III-бабының 1-тармағы алынып тасталады және мыналармен ауыстырылады:
"1. Осы Шарттың мақсаты үшiн Қатысушы мемлекеттер мынадай есептеу ережесiн қолданады:
Барлық жауынгерлiк танктер, жауынгерлiк броньды машиналар, артиллерия, жауынгерлiк ұшақтар мен соққы беруші тiкұшақтар, олар II бапта айқындалғандай, қолданыс ауданы шегінде сандық шектелуге жатады және оларға IV, V және VII баптарда, Ұлттық шектi деңгейлер туралы хаттамада және Аумақтық шектi деңгейлер туралы хаттамада көрсетілген басқа да ережелер қолданылады, бұған Қатысушы мемлекеттің кәдімгі тәжірибесіне сәйкес:
(А) сынақ өндiрiсiмен байланысты өндiру процесiнде тұрған;
(В) тек зерттеу және жасап шығару мақсаты үшін пайдаланылатындар;
(С) тарихи жәдiгерлерге жататындар;
(D) IХ баптың ережелерiне сәйкес қару-жарақты есептен шығарғаннан кейiн пайдаға асыруды күтетіндер;
(Е) экспортты немесе керi экспортты күтетін немесе экспорты немесе керi экспорт үшiн қайта жабдықталатындар және қолданыс ауданы шегiнде уақытша қалатындар қосылмайды. Мұндай жауынгерлiк танктер, жауынгерлiк броньды машиналар, артиллерия, жауынгерлiк ұшақтар және соққы беруші тiкұшақтар Ақпараттар алмасу туралы хаттаманың V бөлiмiнiң ережелерiне сәйкес жарияланған жерлерден гөрi басқа орындарда, немесе былтырғы жыл сайынғы ақпараттар алмасу кезiнде хабарланған, оннан аспайтын осындай жарияланған орындарда орналастырылады. Соңғы жағдайда олар Шартпен шектелетiн кәдімгі қару-жарақ пен техникадан бөлек ерекшеленуi тиiстi.
(F) имеются, в случае бронетранспортеров, боевых машин пехоты (БМП), боевых машин с тяжелым вооружением (БМТВ) или многоцелевых ударных вертолетов, в наличии у организаций, созданных и структурно организованных для осуществления в мирное время функций обеспечения внутренней безопасности; или
(G) следуют транзитом через район применения из пункта, лежащего за пределами района применения, в конечный пункт, лежащий за пределами района применения, и находятся в районе применения в обшей сложности не более семи дней".
Статья IV Договора изымается и заменяется следующим:
"Статья IV
1. В пределах района применения каждое Государство-участник ограничивает и, при необходимости, сокращает свои боевые танки, боевые бронированные машины, артиллерию, боевые самолеты и ударные вертолеты таким образом, чтобы их количества не превышали национальный предельный уровень, предельный подуровень для регулярных частей и предельный подуровень для подкатегорий, установленные для данного Государства-участника в соответствии с настоящей статьей и Протоколом о национальных предельных уровнях. Предельный подуровень для регулярных частей устанавливает максимальное количество боевых танков, боевых бронированных машин и артиллерийских единиц, которое Государство-участник может иметь в наличии в регулярных частях в пределах района применения. Предельный подуровень для регулярных частей равен национальному предельному уровню, если иное не указано в Протоколе о национальных предельных уровнях. Любые боевые танки, боевые бронированные машины и артиллерийские единицы в рамках национального предельного уровня в любой категории сверх соответствующего предельного подуровня для регулярных частей располагаются в обозначенных местах постоянного складского хранения. Предельный подуровень для подкатегорий устанавливает максимальное суммарное количество боевых машин пехоты и боевых машин с тяжелым вооружением, а также максимальное количество боевых машин с тяжелым вооружением, которые Государству-участнику разрешается иметь в наличии в пределах района применения в категории боевых бронированных машин.
2. В пределах района применения все обычные вооружения и техника в категориях, ограничиваемых Договором: учитываются и контролируются Государством-участником; засчитываются в соответствии с положениями статьи III в национальный предельный уровень Государства-участника; переводятся в районе применения только в другие Государства-участники, как это предусмотрено в настоящем Договоре; и подпадают под действие положений Протокола об обмене информацией. В случае если Государство-участник не способно осуществлять свои полномочия в этом отношении, любое Государство-участник может поднять вопрос в соответствии с положениями статьи XVI и статьи XXI с целью рассмотрения ситуации и обеспечения полного соблюдения положений Договора в отношении таких обычных вооружений и техники в категориях, ограничиваемых Договором. Неспособность Государства-участника осуществлять свои полномочия в отношении вышеуказанных обычных вооружений и техники в категориях, ограничиваемых Договором, сама по себе не освобождает Государство-участник от каких бы то ни было обязательств по Договору.
3. Каждое Государство-участник имеет право изменять свой национальный предельный уровень, свой предельный подуровень для регулярных частей и свой предельный подуровень для подкатегорий следующим образом:
(А) Каждое Государство-участник имеет право в соответствии с пунктами 4 и 6 настоящей статьи повышать свой национальный предельный уровень, свой предельный подуровень для регулярных частей и свой предельный подуровень для подкатегорий в любой категории или подкатегории обычных вооружений и техники, ограничиваемых Договором. Любое такое повышение предваряется или сопровождается соответствующим снижением национального предельного уровня, предельного подуровня для регулярных частей или предельного подуровня для подкатегорий одного или нескольких других Государств-участников в той же категории или подкатегории, за исключением случаев, предусмотренных в пункте 6 настоящей статьи. Государство-участник или Государства-участники, которые осуществляют соответствующее снижение своего национального предельного уровня, предельного подуровня для регулярных частей или предельного подуровня для подкатегорий, уведомляют все Государства-участники о своем согласии на соответствующее повышение национального предельного уровня, предельного подуровня для регулярных частей или предельного подуровня для подкатегорий другого Государства-участника. Ни один национальный предельный уровень Государства-участника, имеющего территорию в районе применения, не должен превышать территориальный предельный уровень этого Государства-участника в той же категории обычных вооружений и техники, ограничиваемых Договором.
(В) Каждое Государство-участник имеет право в одностороннем порядке снижать свой национальный предельный уровень, предельный подуровень для регулярных частей или предельный подуровень для подкатегорий в любой категории или подкатегории обычных вооружений и техники, ограничиваемых Договором. Одностороннее снижение национального предельного уровня, предельного подуровня для регулярных частей или предельного подуровня для подкатегорий Государства-участника как таковое не дает никакому другому Государству-участнику права повысить свой национальный предельный уровень, предельный подуровень для регулярных частей или предельный подуровень для подкатегорий.
РҚАО-ның ескертуі: қазақша аудармасы жоқ (10-11 бет)
4. XXI баптың 1-тармағына сәйкес өткiзiлетiн Қатысушы мемлекеттердiң конференциялары аралығындағы әрбiр бесжылдық кезең ішінде әрбiр Қатысушы мемлекет өзiнің ұлттық шектi деңгейiн немесе тұрақты бөлімдер үшін шекті кіші деңгейiн:
(А) жауынгерлік танктер, жауынгерлiк броньды машиналар мен артиллерия санаттарында - кемiнде 40 жауынгерлiк танктен, 60 жауынгерлiк броньды машинадан және 20 артиллериялық бiрліктен, Ұлттық шектi деңгейлер туралы хаттамадағы осы Қатысушы мемлекет үшiн белгiленген жауынгерлiк танктер, жауынгерлiк броньды машиналар және артиллерия үшiн ұлттық шектi деңгейдiң 20%-нен аспайтын мөлшерде, қайсысы көп, соған байланысты, бiрақ қандай жағдайда болсын 150 жауынгерлiк танктен, 250 жауынгерлiк броньды машинадан және 100 артиллерия бiрлiгінен аспайтын не;
(В) жауынгерлiк ұшақтар мен соққы берушi тiкұшақтар санаттарында - кемi 30 жауынгерлiк ұшақ пен 25 соққы берушi тiкұшақтан асырмай көтеруге құқылы.
Әрбiр Қатысушы мемлекет барлық басқа Қатысушы мемлекеттер келiскен жағдайда, жоғарыда, 4-тармақтың (А) және (В) тармақшаларында көрсетiлген деңгейден тыс өзiнiң ұлттық шектi деңгейiн немесе тұрақты бөлiмдер үшiн шектi кіші деңгейiн көтеруге құқылы.
5. Өзiнiң ұлттық шектi деңгейiн, тұрақты бөлiмдер үшiн шектi кішi деңгейiн немесе кiшi санат үшiн шектi кiшi деңгейiн өзгертуге тiлек бiлдiрген Қатысушы мемлекет сол хабарламада көрсетiлген сондай өзгертудің iске қосылатын күнiне дейiн кемiнде 90 күн бұрын барлық басқа Қатысушы мемлекеттердi хабардар етедi. Көтеру үшiн барлық басқа Қатысушы мемлекеттердiң келiсiмi талап етiлген жағдайда бiрде бiр Қатысушы мемлекет хабарламадан кейiн 60 күн iшiнде осы өзгертуге қарсылық бiлдiрмесе және басқа Қатысушы мемлекеттер өзiнiң қарсылығы туралы хабарламаған жағдайда ғана хабарламада көрсетiлген күннен бастап өзгерту қолданысқа енедi. Ұлттық шектi деңгей, тұрақты бөлiмдер үшiн шектi кiшi деңгей немесе кiшi санат үшiн шектi кiшi деңгей сол шектi деңгейге немесе шектi кішi деңгейге өзгерту iске қосылғанға дейiн өз күшінде қалады.
6. 4-тармақтың ережелерiне қосымша, кез келген Қатысушы мемлекеттің тұрақты бөлiмдер үшiн шектi кіші деңгейi оның жауынгерлiк танктер, жауынгерлiк броньды машиналар және артиллерия санаттарындағы ұлттық шектi деңгейiнен төмен болса, осы шектеулi кiшi деңгейдi:
(А) тұрақты бөлiмдер үшін шектi кiшi деңгейдi көтеру, Шартпен шектелетін сол санаттағы кәдімгі қару-жарақ пен техниканың ұлттық шектi деңгейінің төмендеуiмен қатар жүретiн;
(В) Қатысушы мемлекет тұрақты бөлiмдер үшiн өздерінің шектi кіші деңгейiн көтеретiн әрбiр жауынгерлiк танкке, жауынгерлiк броньды машинаға немесе артиллерия бiрлiгiне, осы Қатысушы мемлекет Шартпен шектелетiн өзiнiң сол санаттағы кәдiмгi қару-жарағы мен техникасының ұлттық шектi деңгейiн төрт бiрлiкке төмендеткен;
(С) соның нәтижесiнде тұрақты бөлiмдер үшiн шектi кішi деңгей, жоғарыда, (В) тармақшасында ұйғарылған, азайту есебiнен қол жеткiзiлген, жаңа ұлттық кіші деңгейден аспаған жағдайда көтеруге құқылы.".
Шарттың V бабы алынып тасталады және мыналармен ауыстырылады:
"V бап
1. II бапта айқындалғанындай, қолданыс ауданы шегiнде, әрбiр Қатысушы мемлекет өздерiнің жауынгерлiк танктерiн, жауынгерлiк броньды машиналарын және артиллерияларын өз аумағында, сондай-ақ оның аумағында болуына рұқсат ететiн басқа Қатысушы мемлекеттердiң жауынгерлiк танктерінің, жауынгерлiк броньды машиналарының және артиллерияларының жалпы санын шектейдi, және әрбiр Қатысушы мемлекет басқа Қатысушы мемлекеттердің аумағында тұрған өздерiнiң жауынгерлiк танктерiн, жауынгерлiк броньды машиналарын және артиллерия бiрлiктерiн шектейдi сөйтіп, олардың жалпы саны, егер VII бапта өзге көзделмесе, осы бапқа және Аумақтық шектi деңгейлер туралы хаттамаға сәйкес белгiленген аумақтық шектi деңгейлерден және аумақтық шектi кiшi деңгейлерден аспайтын болады.
2. Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауiпсiздiк Кеңесi немесе Еуропадағы қауіпсiздiк және ынтымақтастық жөнiндегi Ұйымы бұрыштамасының немесе шешiмiнiң негiзiнде және соған сәйкес өткiзiлетiн бiтiмгершiлiк операциялары үшiн Қатысушы мемлекеттiң аумағында тұрған жауынгерлiк танктер, жауынгерлiк броньды машиналар және артиллерия аумақтық шектi деңгейдің немесе сол Қатысушы мемлекеттiң аумақтық шектi кiшi деңгейінің есебiне кiрмейдi. Қатысушы мемлекеттің аумағындағы осы жауынгерлiк танктердiң, жауынгерлiк броньды машиналардың және артиллерияның болу ұзақтығы сондай бұрыштамаға немесе шешiмге сәйкес келедi.
Осы тармаққа сәйкес өткiзiлетiн бiтiмгершiлiк операциясы үшiн Қатысушы мемлекеттің аумағында тұрған жауынгерлiк танктер, жауынгерлiк броньды машиналар және артиллерия туралы Ақпараттар алмасу туралы хаттамаға сәйкес хабарлама берiледi.
3. Транзитпен келетiн жауынгерлiк танктер, жауынгерлiк броньды машиналар және артиллерия, транзит арқылы жүзеге асырылатын Қатысушы мемлекеттердің аумақтық шектi деңгейінің және III баптың 1-тармағындағы (G) тармақшасында көзделген, есеп ережесiнен алып тастау үшiн нұқсан келмейтiн аумақтық шектi кішi деңгейiнiң есебiне:
(А) қолданыс ауданы шегiнде жатқан пунктке транзитпен келетiн жауынгерлiк танктер, жауынгерлiк броньды машиналар және артиллерия, егер VII бапта өзге көзделмесе, соңғы мақсаттағы Қатысушы мемлекеттiң аумақтық шектi деңгейiн көтерудi көздемейдi. Қолданыс ауданының шегiнен тысқары жатқан пунктке, транзитпен келетiн жауынгерлiк танктер, жауынгерлiк броньды машиналар және артиллерия үшiн сандық шектеу белгiленбеген;
(В) транзитпен келетiн жауынгерлiк танктер, жауынгерлiк броньды машиналар және артиллерия қолданыс ауданындағы транзит арқылы жүзеге асыратын Қатысушы мемлекеттердiң аумақтарында, жалпы алғанда 42 күннен аспайтын уақытқа қалған; және
(С) транзитпен келетiн жауынгерлiк танктер, жауынгерлiк броньды машиналар және артиллерия транзит арқылы жүзеге асыратын кез келген дербес Қатысушы мемлекеттiң аумағында немесе қолданыс ауданындағы аумақтық шектi кiшi деңгейi бар аумақта 21 күннен аспайтын уақытқа қалған жағдайда алынбайды.
Осы тармаққа сәйкес транзитпен келетiн жауынгерлiк танктерге, жауынгерлiк броньды машиналарға және артиллерияға Ақпараттар алмасу туралы хаттаманың XII бөлiмiне сәйкес хабарлама берiледi. Кез келген Қатысушы мемлекет ол туралы хабарлама берiлгеннен кейiн транзитке байланысты Бiрлескен консультациялық топтан түсiнiк сұрата алады. Оған қатысы бap Қатысушы мемлекеттер сұрау жасаған күннен бастап жетi күн ішіндe жауап бередi.
4. Әрбiр Қатысушы мемлекет мынадай жағдайда өзiнiң аумақтық шектi деңгейiн немесе аумақтық шектi кiшi деңгейiн өзгертуге құқылы:
(А) Әрбiр Қатысушы мемлекет осы баптың 5-тармағына сәйкес кез келген санаттағы жауынгерлiк танктер, жауынгерлiк броньды машиналар және артиллерия үшiн өздерiнiң аумақтық шектi деңгейiн немесе аумақтық шектi кiшi деңгейiн арттыруға құқылы. Кез келген осындай арттыру - аумақтық шектi деңгейге немесе аумақтық шектi кiшi деңгейге сәйкес келетiн Аумақтық шектi деңгейлер туралы хаттаманың ережелерiн сақтай отырып, сол санаттағы бiр немесе бiрнеше басқа Қатысушы мемлекеттің аумақтық шектi деңгейiн немесе аумақтық шектi кiшi деңгейiн тиiсiнше төмендетумен алдын ала хабардар етiледi немесе қатар жүредi. Өздерiнің аумақтық шектi деңгейiн немесе аумақтық шектi кiшi деңгейiн тиiсiнше төмендетудi жүзеге асыратын Қатысушы мемлекет немесе Қатысушы мемлекеттер басқа Қатысушы мемлекеттiң аумақтық шектi деңгейiн немесе аумақтық шектi кiшi деңгейiн тиiсiнше арттыруға өздерiнiң келiсiмi туралы барлық Қатысушы мемлекеттердi хабардар етедi.
(В) Әрбiр Қатысушы мемлекеттiң кез келген санаттағы жауынгерлiк танктерi, жауынгерлiк броньды машиналары және артиллериясы үшiн өздерінің аумақтық шектi деңгейiн немесе аумақтық шектi кiшi деңгейiн бiржақты тәртiппен төмендетуге құқылы; алайда санаттардың бiрде бiрiндегi бiрде-бiр аумақтық шектi деңгей қандай мезетте болсын тиiстi ұлттық шектi деңгейден төмен болуға тиiстi емес. Қатысушы мемлекеттiң аумақтық шектi деңгейiн немесе аумақтық шектi кiшi деңгейiн бiржақты төмендетуi басқа Қатысушы мемлекетке өздерiнiң аумақтық шектi деңгейiн немесе аумақтық шектi кiшi деңгейiн арттыру құқығына сылтау бола алмайды. IV баптың 6-тармағының ережелерiне сәйкес ұлттық шектi деңгейдi кез келген төмендету - ұлттық шектi деңгейдiң төмендеуiне тең мөлшердегi тиiсiнше аумақтық шектi деңгейдiң азаюына әкелiп соқтырады.
5. Жоғарыда баяндалған ережелердi сақтай отырып, XXI баптың 1-тармағына сәйкес өткiзiлетiн Қатысушы мемлекеттердiң конференциялары аралығындағы әрбiр бесжылдық кезең iшiнде әрбiр Қатысушы мемлекет өзiнің аумақтық шектi деңгейiн немесе аумақтық шектi кiшi деңгейiн 40 жауынгерлiк танктен, 60 жауынгерлiк броньды машинадан және 20 артиллерия бiрлiгiнен аспайтын мөлшерде, Аумақтық шектi деңгейлер туралы хаттамада осы Қатысушы мемлекет үшiн белгiленген жауынгерлiк танктерге, жауынгерлiк броньды машиналар мен артиллерияға арналған аумақтық шектi деңгейден немесе аумақтық шектi кішi деңгейден 20 %-ке, қайсысы көп болса, соған байланысты арттыруға құқылы, бiрақ кез келген жағдайда 150 жауынгерлiк танктен, 250 жауынгерлiк броньды машинадан және 100 артиллерия бiрлiгiнен аспауға тиiс.
Әрбiр Қатысушы мемлекет басқа барлық Қатысушы мемлекеттер келiсiмiн берген жағдайда, осы тармақта көрсетiлген деңгейлерден тыс өздерiнің аумақтық шектi деңгейiн немесе аумақтық шектi кіші деңгейiн арттыруға құқылы.
6. Кез келген санаттағы өздерiнiң аумақтық шектi деңгейiн немесе аумақтық шектi кiшi деңгейiн өзгертуге тiлек бiлдiрген Қатысушы мемлекет осы хабарламада көрсетiлген сондай өзгерту iске қосылатын күннен кемiнде 90 күн бұрын барлық басқа Қатысушы мемлекеттердi хабардар етедi. Арттыруға барлық басқа Қатысушы мемлекеттердiң келiсiмi талап етiлетiн жағдайда, хабарлама берiлгеннен кейiн 60 күн iшінде бiрде-бiр Қатысушы мемлекет қарсылық бiлдiрмеген және барлық басқа Қатысушы мемлекеттер өздерiнiң қарсылығы туралы хабарламаған жағдайда, хабарламада көрсетiлген күннен бастап өзгерту күшiне енедi. Аумақтық шектi деңгей немесе аумақтық шектi кiшi деңгей осы шектi деңгейдiң немесе шектi кiшi деңгейдiң өзгерiсi қолданысқа енгенге дейiн сол қалпында қалады".
Шарттың VI бабы алынып тасталады.
8-бап
Шарттың VII бабы алынып тасталады және мыналармен ауыстырылады:
"VII бап
1. Әрбiр Қатысушы мемлекет осы баптың ережелерiн сақтай отырып, Аумақтық шектi деңгейлер туралы хаттамада белгiленген, аумақтық шектi деңгейi мен аумақтық шектi кiшi деңгейiн уақытша негiзде әскери оқу-жаттығу және уақытша өрiстету мақсатында арттыруға құқылы.
(А) Әскери оқу-жаттығулар:
(1) Әрбiр Қатысушы мемлекеттің, оның аумақтық шектi деңгейiн арттыруға мәжбүр ететiн, әскери оқу-жаттығуды өз аумағында қабылдауға және аумақтық шектi кiшi деңгейi бар Қатысушы мемлекеттер Аумақтық шектi деңгейлер туралы хаттамаға сәйкес, олардың аумақтық шектi кiшi деңгейiн арттыруға мәжбүр ететiн оқу-жаттығуларды өткiзуге немесе қабылдауға құқылы.
(2) Әскери оқу-жаттығулардың мақсаты үшiн Қатысушы мемлекеттің аумағында оның аумақтық шектi деңгейiнен және аумақтық шектi кiшi деңгейінен тыс тұрған жауынгерлiк танктер, жауынгерлік броньды машиналар және артиллерия бiрлiктерінің саны - жеке алғанда немесе осы аумақтағы кез келген әскери оқу-жаттығуды немесе кез келген уақытша өрiстетудi қатар алғанда, әрбiр Қатысушы мемлекет үшiн осы тармақтың (В) тармақшасындағы (1) тармақшасында және Аумақтық шектi деңгейлер туралы хаттамада көрсетiлген жауынгерлiк танктердiң, жауынгерлiк броньды машиналардың және артиллерия бiрлiктерiнiң санынан аспайды.
(3) 42 күннен астам мерзiм iшiнде аумақтық шектi деңгейдi немесе аумақтық шектi кiшi деңгейдi арттыруға мәжбүр ететiн, Ақпарат алмасу туралы хаттамаға сәйкес хабарламада ұсынылған әскери оқу-жаттығулар немесе бiрқатар тiзбектi әскери оқу-жаттығулар осы мерзiмнен кейiн, аумақтық шектi деңгейiнің немесе аумақтық шектi кiшi деңгейiнiң артып кетуi жалғасатын уақытқа дейiн уақытша өрiстету ретiнде қарастырылады.
(В) Уақытша өрiстетулер:
(1) Әрбiр Қатысушы мемлекет өзiнiң аумақтық шектi деңгейiнен тыс уақытша өрiстетудi өз аумағында қабылдауға және аумақтық шектi кiшi деңгейi бар Қатысушы мемлекеттер өздерiнiң аумақтық шектi кiшi деңгейiнен тыс уақытша өрiстетудi өткiзуге немесе қабылдауға құқылы. Осы мақсат үшiн егер Аумақтық шектi деңгейлер туралы хаттаманың тиiстi ережелерiнде өзгеше көзделмесе, аумақтық шектi деңгейлердi немесе аумақтық шектi кiшi деңгейлердi уақытша негiзде 153 жауынгерлiк танктен, 241 жауынгерлiк броньды машинадан және 140 артиллерия бiрлiгiнен аспайтындай етiп арттыруға болады. Ерекше жағдайда және Аумақтық шектi деңгейлер туралы хаттаманың тиiстi ережелерiнде өзгеше көзделмесе, аумақтық шектi деңгейдi уақытша негiзде 459 жауынгерлiк танктен, 723 жауынгерлiк броньды машинадан және 420 артиллерия бiрлiгiнен аспайтындай етіп арттыруға болады.
(2) Аумақтық шектi деңгейдi 153 жауынгерлiк танктен, 241 жауынгерлiк броньды машинадан және 140 артиллерия бiрлiгiнен асырып арттыруға байланысты уақытша өрiстету туралы хабарламаны алысымен депозитарий XXI баптың 1-бис тармағына сәйкес Қатысушы мемлекеттердiң конференциясын шақырады.
2. Аумақтық шектi деңгейiн 153 жауынгерлiк танктен, 241 жауынгерлiк броньды машинадан немесе 140 артиллерия бiрлiгiнен асырып арттыруға әкеп соқтыратын әскери оқу-жаттығулар уақытша өрiстетудiң жиынтығымен сол Қатысушы мемлекеттің аумағында бiр уақытта өткiзiлетiн жағдайда, кез келген Қатысушы мемлекет XXI баптың 1-бис тармағына сәйкес Қатысушы мемлекеттердiң конференциясын шақыру туралы тiлекпен депозитарийге өтiнiш жасауға құқылы.
Осы баптың 1-тармағының (А) және (В) тармақшаларына сәйкес өткiзiлетiн оқу-жаттығулар мен уақытша өрiстеуге қатысты оған тартылған Қатысушы мемлекеттер Бiрлескен консультациялық топқа түсiнiктеме баяндама бередi. Уақытша өрiстетiлген жағдайда баяндама қысқа мерзiмде және Ақпараттар алмасу туралы хаттаманың ХVIII бөлiмiнің 4-тармағының (А) тармақшасының (2) кiшi тармақшасында және (В) тармақшасының (2) кiшi тармақшасында көрсетiлген хабарламадан ешбiр жағдайда кешiктiрместен ұсынылады. Кейiнiрек баяндама бойынша жаңартылған ақпараттар аумақтық шектi деңгейдiң немесе аумақтық шектi кiшi деңгейдiң көтерiлуi жалғасатын уақытқа дейiн әрбiр екi айда берiлiп тұрады.
Шарттың VIII бабы алынып тасталады және мыналармен ауыстырылады:
"VIII бап
1. IV бапта және Ұлттық шектi деңгейлер туралы хаттамада көзделген сандық шектеуден тыс кез келген жауынгерлiк танктер, жауынгерлiк броньды машиналар, артиллерия, жауынгерлiк ұшақтар және соққы берушi тiкұшақтар Қысқарту туралы хаттамаға, Тiкұшақтарды қайта топтастыру туралы хаттамаға, Ұшақтарды қайта топтастыру туралы хаттамаға, Қолда бар түрлерi туралы хаттаманың 1-бөлiмiнiң 2-тармағындағы (А) тармақшасының ескертпесiне және Инспекциялар туралы хаттамаға сәйкес тек қысқарту жолымен таратылады. Қосылу жағдайында қосылатын мемлекет үшiн көзделген кез келген қысқартулар, сондай-ақ оларды жүзеге асыру мерзiмдерi қосылу туралы келiсiмнің ережелерiне сәйкес айқындалады.
2. Қысқарту аясына кiретiн кәдiмгi қару-жарақ пен техниканың санаттары жауынгерлiк танктер, жауынгерлiк броньды машиналар, артиллерия, жауынгерлiк ұшақтар және соққы берушi тiкұшақтар болып табылады. Нақты түрлерi Қолда бар түрлерi туралы хаттамада аталған.
(А) Жауынгерлiк танктер мен жауынгерлiк броньды машиналар жою, әскери емес мақсаттар үшiн қайта жабдықтау, тұрақты экспозицияға орналастыру, жерүстiндегi нысаналар ретiнде пайдалану жолымен немесе бронетранспортерлерге қатысты Қолда бар түрлерi туралы хаттаманың 1-бөлiмi 2-тармағының (А) тармақшасындағы ескертуге сәйкес жетiлдiру жолымен қысқартылады.
(В) Артиллерия жою немесе тұрақты экспозицияға орналастыру жолымен немесе өздiгiнен жүретiн артиллерияға қатысты жер үстiндегi нысаналар ретiнде пайдалану жолымен қысқартылады.
(С) Жауынгерлiк ұшақтар жою, тұрақты экспозицияға орналастыру, жер үстiндегi оқу-жаттығудың материалдық бөлiгi ретiнде пайдалану жолымен немесе оқу-жауынгерлiк ұшақтардың үлгiлерi мен нұсқаларына қатысты қару-жарақты емес оқу-жаттығу ұшақтарын қайта топтастыру жолымен қысқартылады.
(D) Арнайы жабдықталған соққы берушi тiкұшақтар жою, тұрақты экспозицияға орналастыру жолымен немесе жер үстiндегi оқу-жаттығудың материалдық бөлiгi ретiнде пайдалану жолымен қысқартылады.
(Е) Көп мақсатты соққы берушi тiкұшақтар жою, тұрақты экспозицияға орналастыру, жер үстiндегi оқу-жаттығудың материалдық бөлiгi ретiнде немесе қайта топтастыру жолымен қысқартылады.
3. Шартпен шектелетiн кәдiмгi қару-жарақ пен техника осы баптың 1-тармағында аталған Хаттамада белгiленген және осы Хаттамалардың талаптарына сәйкес хабарлама ұсыну бойынша рәсiмдер жүзеге асырылғаннан кейiн қысқартылды деп саналады. Осылай қысқартылған қару-жарақ пен техника Ұлттық шектi деңгейлер туралы хаттама мен Аумақтық шектi деңгейлер туралы хаттаманың IV, V баптарында белгiленген сандық деңгейде есепке алынбайды.
4. Егер Хаттамаларда осы баптың 1-тармағында аталғаннан өзгеше айқындалмаса, Шартпен шектелетiн кәдiмгi қару-жарақ пен техниканы қысқарту қолданыс ауданы шегiндегi қысқарту орнында жүзеге асырылады. Әрбiр Қатысушы мемлекет қанша қаласа, сонша қысқарту орынын белгілеуге, олардың сондай орындарын белгiлеудi шектеусiз өзгертуге және бiр мезгiлде қысқарту мен соңғы қайта жабдықтауды ең көп дегенде 20 орында жүзеге асыруға құқылы. Қатысушы мемлекеттер қысқарту орындарын бiрлесiп пайдалануға немесе оларды өзара келiсiм бойынша орналастыруға құқылы.
5. Кез келген қысқартулар, Шартпен шектелетiн кәдiмгi қару-жарақ пен техниканы қайта жабдықтау нәтижесiн қоса алғанда, әскери емес мақсаттар үшін Инспекция туралы хаттамаға сәйкес бас тарту құқығынсыз инспекцияға жатады.
Шарттың IX бабы алынып тасталады және мыналармен ауыстырылады:
"ІХ бап
1. Қолданыс ауданы шегiнде жауынгерлiк танктердi, жауынгерлiк броньды машиналарды, артиллерияны, жауынгерлiк ұшақтар мен соққы берушi тiкұшақтарды есептен шығару жолымен қару-жарақтан алып тасталған жағдайда:
(А) Шартпен шектелетiн осындай кәдiмгi қару-жарақ пен техника есептен шығарылады және Ақпарат алмасу туралы хаттамаға сәйкес жарияланған орын ретiнде хабарланатын және Шартпен шектелетiн есептен шығарылған кәдiмгi қару-жарақ пен техникасы бар аудан ретiнде осындай хабарламада белгiленетiн сегiзден аспайтын орында пайдаға асырылады. Егер Шартпен шектелетiн қару-жарақ есебiнен шығарылған кәдiмгi қару-жарақ пен техникасы бар орындар Шарттың қолданыс аясына жататын, сондай-ақ кез келген басқа кәдiмгi қару-жарақ пен техникадан тұрса, Шартпен шектелетiн, есептен шығарылған кәдiмгi қару-жарақ пен техника бөлек ерекшеленетiн болып табылады; және
(В) Шартпен шектелетiн есептен шығарылған осындай кәдiмгi қару-жарақ пен техника саны, кез келген жеке Қатысушы мемлекетке қатысты оның Шартпен шектелетiн хабарландырылған қолда бар кәдiмгi қару-жарағы мен техникасының бiр пайызынан немесе қайсысы көп болуына байланысты жалпы санның 250 бiрлiгiнен аспайды, мұның 200 бiрлігінен артық емесiн жауынгерлiк танктер, жауынгерлiк броньды машиналар және артиллерия және 50 бiрлiгiнен артық емесiн соққы берушi тiкұшақтар мен жауынгерлiк ұшақтар құрайды.
2. Есептен шығару туралы хабарламада Шартпен шектелетiн есептен шығарылған кәдiмгi қару-жарақ пен техниканың саны мен түрi, есептен шығару орны қамтылады және Ақпарат алмасу туралы хаттаманың X бөлiмi 1-тармағының (В) тармақшасына сәйкес басқа барлық Қатысушы мемлекеттерге бередi".
1. Шарттың Х бабының 4-тармағы алынып тасталады және мыналармен ауыстырылады:
"4. Шартпен шектелетiн тұрақты қоймалық сақтаудың белгіленген орны шегiнде тұрған кәдiмгi қару-жарақ пен техника, осы баптың 7, 8 және 10-тармақтарына сәйкес оларды уақытша алған жағдайды қоса, тұрақты бөлімдерде болмайтын, Шартпен шектелетін кәдiмгi қару-жарақ пен техника ретiнде есепке алынады.
Тұрақты қоймалық сақтаудың белгiленбеген орнында қоймалық сақтауда тұрған, Шартпен шектелетiн кәдiмгi қару-жарақ пен техника тұрақты бөлiмдерде Шартпен шектелетiн кәдiмгi қару-жарақ пен техника peтіндe есепке алынады".
2. Шарттың X бабының 9-тармағы алынып тасталады.
3. Шарттың Х бабының 10-тармағы алынып тасталады және мыналармен ауыстырылады:
"10. Осы баптың 8-тармағына сәйкес тұрақты қоймалық сақтаудың белгіленген орнынан алынған Шартпен шектелетiн кәдiмгi қару-жарақ пен техника, өндiрiстiк жағдайда жөндеу үшiн Шартпен шектелетiн кәдiмгi қару-жарақ пен техника бiрлiгiн қоспағанда, оларды алғаннан кейiн 42 күннен кешіктiрмей тұрақты қоймалық сақтаудың белгiленген орнына қайтырылады.
Осындай бiрлiктер жөндеу аяқталғаннан кейiн дереу тұрақты қоймалық сақтаудың белгiленген орнына қайтарылады".
Шарттың XI бабы алынып тасталады.
Шарттың XII бабы алынып тасталады және мыналармен ауыстырылады:
"XII бап
1. Бейбiт уақытта iшкi қауiпсiздiктi қамтамасыз ету қызметiн жүзеге асыру үшiн құрылған және құрылымдық ұйымдастырылған Қатысушы мемлекет ұйымдарында қолда бар жаяу әскерлердiң жауынгерлiк машиналары осы Шартпен шектелмейдi.
2. Жоғарыда баяндалғандардан тәуелсiз, осы Шартты жүзеге асыруға жәрдемдесу және Қатысушы мемлекеттiң осындай ұйымында қолда бар сондай қару-жарақтың саны осы Шарттың ережелерiн айналып өтуге пайдаланылмау кепiлдiгiн қамтамасыз ету мақсатында қайсысы көп болуына байланысты осы тармақтың (А), (В) немесе (С) тармақшаларында белгiленген деңгейден аспайтын кез келген сондай қару-жарақ Ұлттық шектi деңгейлер туралы хаттаманың IV және V баптары мен Аумақтық шектi деңгейлер туралы хаттаманың IV және V баптарына сәйкес көзделген жауынгерлiк броньды машиналардың санаттары үшін рұқсат етілген деңгейдiң үлесiн құрайды:
(А) 1990 жылғы 19 қарашада жай-күйi бойынша ақпарат алмасу шеңберiнде берiлген хабарламаға сәйкес қолданыс ауданы шегiндегi қолда бар, сол Қатысушы мемлекеттің аумағында тұрған, бейбiт уақытта iшкi қауіпсiздiктi қамтамасыз ету қызметiн жүзеге асыру үшiн құрылған және құрылымдық ұйымдастырылған ұйымның жаяу әскерлерінің жауынгерлiк броньды машиналарының саны; немесе
(В) IV бапқа сәйкес өзгерiстермен жауынгерлiк броньды машиналар санатындағы Ұлттық шектi деңгейлер туралы хаттамада осы Қатысушы мемлекет үшiн белгiленген ұлттық шектi деңгейден бес процент; немесе
(С) жаяу әскерлердiң сондай 100 жауынгерлiк машинасы.
Қосылатын мемлекеттерге қатысты сандар қосылу туралы келiсiмде көрсетiледi.
3. Әр Қатысушы мемлекет, сондай-ақ бейбiт уақытта iшкi қауiпсiздiктi қамтамасыз ету қызметiн жүзеге асыру үшiн құрылған және құрылымдық ұйымдастырылған ұйымдар iшкi қауiпсiздiк қажеттiлiгiн қамтамасыз ету үшiн қажеттi жауынгерлiк қабылеттіліктi жасаудан бас тартуды қамтамасыз етедi.
4. Сол Қатысушы мемлекеттiң кез келген ұйымындағы, оның кәдiмгi қарулы күштерінің бөлiгi болып табылмайтын, оның кәдiмгi қарулы күштерi қаруланған жауынгерлiк танктерiн, артиллериясын, жаяу әскерлерiнiң жауынгерлiк машиналарын, жауынгерлiк ұшақтары мен соққы берушi тiкұшақтарын қайта бағындыруға тiлек бiлдiрген Қатысушы мемлекет, сондай қайта бағындыру күшiне енген күннен кешiктiрмей барлық басқа Қатысушы мемлекеттерге хабарлайды.
Мұндай хабарламада сондай қайта бағындырудың айқын болған күнi, сондай техникалардың нақтылы берiлген күнi, сондай-ақ Шартпен шектелетiн қайта бағындырылған әдеттегi қару-жарақ пен техника түрлерi бойынша саны көрсетiледi".
1. Шарттың XIII бабының 1-тармағы алынып тасталады және мыналармен ауыстырылады:
"1. Осы Шарт ережелерiнің сақталуын бақылауды қамтамасыз ету мақсатында әрбiр Қатысушы мемлекет өзiнің кәдiмгi қару-жарағы мен техникасына және Ақпарат алмасу туралы хаттамаға сәйкес ол өз аумағында болуға рұқсат ететiн басқа Қатысушы мемлекеттердiң кәдiмгi қару-жарағына қатысты хабарлама ұсынады және ақпараттармен алмасады".
2. Шарттың XIII бабына мынадай мазмұндағы 1-бис тармағы қосылады:
"1-бис. V баптың 1-тармағында белгiленгенiндей, Қатысушы мемлекеттің кәдiмгi қару-жарағы мен техникасының басқа Қатысушы мемлекеттің аумағында болуы, V баптың 3-тармағында белгiленгенiндей, транзит мақсаттары үшiн, VII баптың 1-тармағындағы (А) тармақшасында белгiленгенiндей, әскери оқу-жаттығулар мақсаттары үшiн және VII баптың 1-тармағындағы (В) тармақшасында белгiленгенiндей уақытша өрiстету мақсаттары үшiн 1-баптың 3-тармағы сәйкес келедi. Қабылдайтын Қатысушы мемлекеттің келiсiмi Ақпараттар алмасу туралы хаттамаға сәйкес тиiстi хабарлама арқылы көрсетiледi".
Шарттың XIV бабы алынып тасталады және мыналармен ауыстырылады:
"XIV бап
1. Осы Шарт ережелерiнiң сақталуын бақылауды қамтамасыз ету мақсатында әрбiр Қатысушы мемлекет Инспекциялар туралы хаттаманың ережелерiне сәйкес қолданыс ауданы шегiнде инспекция өткiзуге және мiндеттеме қабылдауға құқылы.
2. Мұндай инспекцияның мақсаттары:
(А) Ақпараттар алмасу туралы хаттамаға сәйкес ұсынылған ақпарат негiзiнде Ұлттық шектi деңгейлер туралы хаттаманың IV, V, VII баптарында және Аумақтық шектi деңгейлер туралы хаттамада белгiленген Қатысушы мемлекеттердiң сандық шектеулерiн сақтауды бақылау;
(В) VIII бапта және Қысқартулар туралы хаттамаға сәйкес қысқарту орындарында жүзеге асырылатын кез келген жауынгерлiк танктердiң, жауынгерлiк броньды машиналардың, артиллерияның, жауынгерлiк ұшақтар мен соққы берушi тiкұшақтардың қысқартылуын қадағалау;
(С) Тиiсiнше Тiкұшақтарды қайта топтастыру туралы хаттамаға және Ұшақтарды қайта топтастыру туралы хаттамаға сәйкес жүзеге асырылатын қайта топтастырылған көп мақсатты соққы берушi тiкұшақтар мен қайта топтастырылған жауынгерлiк оқу-жаттығу ұшақтарын сертификаттауды қадағалау болып табылады.
3. Бiрде-бiр Қатысушы мемлекет бақылау режимiне қол жеткiзу мақсатынан ауытқымау үшiн осы баптың 1 және 2-тармақтарында баяндалған құқықтарды жүзеге асырмайды.
4. Бiреуден көп Қатысушы мемлекеттер бiрлесiп өткiзетiн инспекция жағдайында, олардың бiреуi осы Шарт ережелерiнiң жүзеге асырылуы үшiн жауапты болады.
5. Көрсетiлген әрбiр уақыт кезеңi iшiнде өткiзуге және мiндеттеме қабылдауға құқылы әрбiр Қатысушы мемлекет Инспекциялар туралы хаттаманың VII және VIII бөлiмдерiне сәйкес инспекциялар санын осы Хаттаманың II бөлiмiнің ережесiне сәйкес айқындайды.
6. Өткiзуге құқылы әрбiр Қатысушы мемлекет Инспекциялар туралы хаттаманың IX бөлiмiне сәйкес инспекциялар санын, ал аумақтық шектi деңгейi немесе аумақтық шектi кiшi деңгейi уақытша артық болатын, мiндеттеме қабылдауға жауапты Қатысушы мемлекет көрсетiлген бөлiмнің ережелерiне сәйкес айқындайды.
7. Қысқарту нормасынан тыс Шартпен шектелетiн кәдiмгi қару-жарақ пен техниканы пайдаға асыруды жүзеге асыратын әрбiр Қатысушы мемлекет Инспекциялар туралы хаттаманың ХII бөлiмiнiң ережелерiне сәйкес пайдаға асырудың нәтижелерiн не бақылаушы топты шақыру жолымен, не ынтымақтастық негiзiнде шаралар қолдану жолымен растауды қамтамасыз етедi".
Шарттың ХVI бабының 2-тармағы алынып тасталады және мыналармен ауыстырылады:
"2. Қатысушы мемлекеттер Бiрлескен консультациялық топтың шеңберiнде:
(А) осы Шарт ережелерінің сақталуына немесе оларды айналып өту мүмкіндігiне байланысты мәселелердi қарайды;
(В) осы Шарттың орындалуымен байланысты туындауы мүмкiн түсiнiксiз жайлар мен келiспеушiлiктердi реттеуге тырысады;
(С) осы Шарттың тiршiлiк әрекетi мен тиiмдiлiгiн арттыру жөнiндегi шараларды қарайды және мүмкіндiгiнше келiседi;
(D) кез келген Қатысушы мемлекеттің өтiнiшi бойынша IV баптың 4-тармағына сәйкес өзiнiң ұлттық шектi деңгейiн немесе V баптың 5-тармағына сәйкес өзiнiң аумақтық шектi деңгейiн арттыру жағына әрбiр Қатысушы мемлекеттің тiлегiн қайта қарауға қатысты мәселелердi қарайды;
(Е) VII баптың 2-тармағына сәйкес ұсынылатын түсiндiрме баяндаманы және бұдан әрi сол бойынша кез келген жаңартылған ақпаратты қабылдайды және қарайды;
(F) II баптың 2-тармағының талаптарына сәйкес Қолда бар түрлерi туралы хаттамадағы тiзбелердi жаңартады;
(G) Шарттың сақталуын бақылау режимiн нығайту мақсатындағы ынтымақтастық шараларын, соның iшiнде әуе инспекцияларының нәтижелерiн оңтайлы пайдалану жолын қарастырады;
(Н) Осы Шартты орындаудың Қатысушы мемлекеттер үшiн ортақ практикалық әдiстерiн табу мақсатында техникалық мәселелердi шешедi;
(I) Қажеттiлiгiне қарай осы Шарт бойынша шақырылатын, Бiрлескен консультациялық топтар мен конференциялардың рәсімдік ережелерiн, жұмыс әдiстерiн, шығындарды бөлу шкаласын жасайды немесе қайта қарайды және Қатысушы мемлекеттер арасында инспекция шығындарын бөледi.
(J) Қатысушы мемлекеттер арасында ақпараттар алмасу арқылы немесе осы Шартқа сәйкес өткiзiлетiн инспекцияның нәтижесiнде алынған ақпаратты, сондай Қатысушы мемлекеттiң елеулi болып табылатындығына сiлтеген ақпараттарды қорғауға қатысты әрбiр Қатысушы мемлекеттiң нақтылы талаптарын ескере отырып, тек қана осы Шарттың мақсаттары үшiн пайдалануды қамтамасыз етудегi тиiстi шараларды қарайды және жасайды;
(К) кез келген Қатысушы мемлекеттің сұрау салуы бойынша XXI бапқа сәйкес шақырылатын кез келген конференцияның қарауына ұсынуға тiлек бiлдiрген Қатысушы мемлекеттiң кез келген мәселесiн қарайды; мұндай қарау кез келген Қатысушы мемлекеттің XXI бапта баяндалған рәсiмдерге жүгiну құқығына залал келтiрмейдi;
(L) Тиiсiнше өтiнiш жасаған мемлекеттің Шартқа қосылу жағдайларын анықтай алатын Қатысушы мемлекеттер шеңберiнде орган ретiнде әрекет ететiн, ХVIII бапқа сәйкес осы Шартқа қосылу туралы кез келген мүмкiн болатын өтiнiштерiн қарайды және олардың қабылдануына кепiлдiк бередi;
(М) Қатысушы мемлекеттердiң шешiмi бойынша мүмкін болатын кез келген келiссөздердi бұдан әрi өткiзедi; және
(N) Осы Шарттың орындалуына байланысты туындаған даулы мәселелердi қарайды".
Шарттың ХVII бабы алынып тасталады және мыналармен ауыстырылады:
"ХVII бап
Қатысушы мемлекеттер осы Шартқа сәйкес талап етiлетiн ақпараттар мен хабарламаларды жазбаша түрде бередi.
Олар дипломатиялық арналарды немесе олар көрсеткен басқа да ресми арналарды және әсiресе, ЕҚЫҰ байланыс торабын пайдаланады".
Шарттың XVIII бабы алынып тасталады және мыналармен ауыстырылады:
"ХVIII бап
1. Құрлықтық аумағы Атлант мұхитынан Орал тауына дейiнгi географиялық аудан шегiндегi Еуропада орналасқан, Еуропадағы қауiпсiздiк пен ынтымақтастық жөнiндегi ұйымның кез келген Қатысушы мемлекетi осы Шартқа қосылу туралы депозитарийге жазбаша өтiнiш жiбере алады.
2. Өтiнiш бiлдiрушi Мемлекет өз өтiнiшiне мынадай ақпараттарды:
(А) өзінің қолында бар кәдiмгi қару-жарағы мен техникасының түрлерiн белгiлейдi;
(В) өздерiнің белгiленетiн ұлттық және аумақтық деңгейлерiн және Шартпен шектелетiн қару-жарақ пен техниканың әрбiр санаты үшiн соларға байланысты шектi кiшi деңгейлерiн; және
(С) өтiнiш бiлдiрушi мемлекет орынды деп есептеген кез келген басқа ақпаратты қамтиды.
3. Депозитарий осындай өтiнiш бiлдiрушi мемлекеттiң ұсынған өтiнiшi мен ақпаратының келiп түскендiгi туралы барлық басқа Қатысушы мемлекеттердi хабардар етедi.
4. Өтiнiш бiлдiрген мемлекет көрсетiлген ақпаратты өзгерте немесе толықтыра алады. Кез келген Қатысушы мемлекет қосымша ақпарат сұрата алады.
5. Қатысушы мемлекеттер осы баптың 3-тармағына сәйкес хабарланғаннан кейiн 21 күннен кешiктiрмей бастайтын, сонда Қатысушы мемлекеттердің өтiнiштерi қаралатын, келiссөздер жүргiзетiн және қосылудың шарттарын белгiлейтiн Бiрлескен консультациялық топтың мәжiлiсiн өткiзедi. Қатысушы мемлекеттердің шешiмi бойынша өтiнiш білдiрген мемлекет Бiрлескен консультациялық топтың мәжiлiсiне шақырылатын болады.
6. Қатысушы мемлекеттер әрбiр өтiнiштi жедел жағдайда жеке негiзде қарайды. Кез келген шешiм өзара бәтуамен қабылданады.
7. Депозитарий барлық Қатысушы мемлекеттерге және өтiнiш білдiрген мемлекетке жiберiлетiн және депозитарийдiң мұрағатына сақтауға тапсырылатын Қатысушы мемлекеттер мен өтiнiш бiлдiрген мемлекет арасындағы қосылу туралы шартта қосылудың келiсiлген шарттары бекiтiледi.
8. Қосылу туралы келiсiмдi барлық Қатысушы мемлекеттердiң бекiткендiгi расталғанын алған соң депозитарий бұл туралы барлық Қатысушы мемлекеттерге және өтiнiш бiлдiрген мемлекетке хабарлайды. Бұдан кейiн өтiнiш бiлдiрген мемлекет оның кеңес беру рәсiмдерiне сәйкес бекiткен жағдайда Қосылу туралы келiсiмнiң ережелерi мен шарттарын мойындайтыны туралы құжатты ұсына алады.
9. Осы Шарт өтiнiш бiлдiрген мемлекет үшiн олардың Шартқа қосылу туралы өздерiнің құжаттарын депозитарийдiң сақтауына тапсырған соң он күннен кейiн күшiне енедi; осы сәттен бастап өтiнiш бiлдiрген мемлекет Шарттың Қатысушы мемлекетi болады".
Шарттың XXI бабының 1 және 2-тармақтары алынып тасталады және мыналармен ауыстырылады:
"1. Осы Шарт күшiне енгеннен кейiн қырық алты айдан кейiн және бұдан әрi әрбiр бес жылдан кейiн ұлттық шектi деңгейлердің, аумақтық шектi деңгейлердiң және аумақтық шектi кiшi деңгейлердiң iс-қимылы мен маңыздылығын, inter alia қоса отырып, сондай-ақ бiрде-бiр Қатысушы мемлекеттердің қауiпсiздiгiне залал келтiрмеудi қамтамасыз етудің қажеттiлiгiн ескере отырып, солармен байланысты мiндеттемелермен бiрге басқа да шарттық элементтердi қарауды, осы шарттың iс-қимылын қарауды өткiзу үшiн депозитарий Қатысушы мемлекеттердің конференциясын шақырады.
1-бис. Аумақтық шектi деңгейiн 153 жауынгерлiк танктен, 241 жауынгерлiк броньды машинадан және 140 артиллерия бiрлiгiнен асыра арттыруға байланысты уақытша өрiстету туралы хабарлама алуына кейiн немесе VII баптың 2-тармағына сәйкес Қатысушы мемлекеттiң өтiнiшi бойынша депозитарий Қатысушы мемлекеттердің конференциясын шақырады, онда өрiстетудi қабылдаушы және жүзеге асырушы Қатысушы мемлекет уақытша өрiстетуге әкелiп соқтырған жағдайдың сипатын түсiндiредi. Егер барлық Қатысушы мемлекеттер өзгелер туралы келiспесе, конференция кiдiрiссiз, бiрақ хабарламадан кейiн жетi күннен кешiктiрмей шақырылады және 48 сағатқа дейiн созылады. Бiрлескен консультациялық топтың төрағасы Еуропадағы қауiпсiздiк пен ынтымақтастық жөнiндегi Ұйымның Қауiпсiздiк саласындағы ынтымақтастық жөніндегi Тұрақты кеңесi мен Форумға қалыптасқан жағдай туралы баяндайды.
2. Осы Шартқа қатысты ерекше жағдай туындады деп санайтын кез келген Қатысушы мемлекет тарапынан бұл туралы өтiнiш жасалған жағдайда депозитарий Қатысушы мемлекеттердiң төтенше конференциясын шақырады. Осындай конференцияға дайындалу үшiн басқа Қатысушы мемлекеттерге мүмкiндiк беру мақсатында өтiнiште Қатысушы мемлекет төтенше конференцияны шақыру қажет деп санайтын себептерi баяндалады. Конференция өтiнiште баяндалған жағдайларды және олардың осы Шартқа ықпалын қарастырады. Конференция өтiнiштi алғаннан кейiн 15 күннен кешiктiрмей ашылады және егер конференция өзге шешiм қабылдамаса үш аптаға дейiн созылады".
1. Шарттың XXII бабының 1-тармағы алынып тасталады және мыналармен ауыстырылады:
"1. Осы Шартты әрбiр Қатысушы мемлекет өздерiнiң консультациялық рәсiмдерiне сәйкес бекiтуге тиiс; ол ХVIII бапқа сәйкес мемлекеттердiң қосылуы үшiн ашық. Бекiту грамоталары және қосылған жағдайда қосылу туралы құжаты, осы шартпен депозитарий ретiнде тағайындалған Нидерланд Корольдiгiнің үкiметiне сақтауға тапсырылады".
2. XXII баптың 3-тармағы алынып тасталады және мыналармен ауыстырылады:
"3. Депозитарий дереу барлық Қатысушы мемлекеттерге:
(А) әрбiр бекiту грамотасын немесе қосылу туралы құжатын сақтауға тапсыру;
(В) осы Шарттың күшiне енуi;
(С) XIX бапқа сәйкес кез келген шығу және оның күшiне енген күні;
(D) XX бапқа сәйкес ұсынылған кез келген түзетудiң мәтiнi;
(Е) осы Шартқа кез келген түзетудiң күшiне енуi;
(F) ХVIII бапқа сәйкес Шартқа қосылу туралы кез келген өтiнiшi;
(G) XXI бапқа сәйкес конференция шақыру туралы кез келген өтініші;
(Н) XXI бапқа сәйкес конференцияны шақыру; және
(І) осы Шартқа сәйкес депозитарийден Қатысушы мемлекеттерге хабарлау талап етiлетiн кез келген басқа мәселе туралы хабарлайды".
Еуропадағы кәдiмгi Қарулы күштер туралы шартпен шектелетiн, кәдiмгi қару-жарақ пен техниканың ұлттық шектi деңгейлерi туралы мынадай хаттама қосылады:
Еуропадағы кәдімгі қарулы күштер туралы шартпен
шектелетін Кәдімгі қару-жарақ пен техниканың
ұлттық шекті деңгейлері туралы хаттама
Осымен Қатысушы мемлекеттер тұрақты бөлімдер үшін ұлттық шекті деңгейлер, шекті кіші деңгейлер және Шарттың ІV-бабына сәйкес кіші санаттар үшін шекті кіші деңгейлер туралы келіседі.
__________________________________________________________________
Қатысушы !Жауынгер.!Жауынгерлік броньды! Арти.! Жау.!Соққы
мемлекеттер ! лік ! машиналар ! ллер.! ын. !беруші
! танктер !___________________! ия ! гер !тік.
! !Жиын.! Соның!Соның ! бір. ! лік !ұшақтар
! !тығы !ішінде!ішінде! лік. !ұшақ.!
! ! ! ЖӘРМ ! АҚБМ ! тері ! тар !
! ! ! және ! ! ! !
! ! ! АҚБМ ! ! ! !
__________________________________________________________________
Әзербайжан 220 220 135 11 285 100 50
Республикасы
Армения 220 220 135 11 285 100 50
Республикасы
Беларусь 1800 2600 1590 130 1615 294 80
Республикасы (1)
Бельгия 300 989 600 237 288 209 46
Корольдігі
Болгария 1475 2000 1100 100 1750 235 67
Республикасы
Венгрия 835 1700 1020 85 840 180 108
Республикасы (3)
Германия 3444 3281 3281 80 2255 765 280
Федерациялық
Республикасы
Грек 1735 2498 1599 70 1920 650 65
Республикасы
Грузия 220 220 135 11 285 100 50
Дания 335 336 210 17 446 82 18
Корольдігі
Исландия 0 0 0 0 0 0 0
Республикасы
Испания 750 1588 1298 191 1276 310 80
Корольдігі
Италия 1267 3172 1970 0 1818 618 142
Республикасы
Қазақстан 50 200 0 0 100 15 20
Республикасы
Канада 77 263 263 0 32 90 13
Ұлы 0 0 0 0 0 0 0
Люксембург
Герцогтігі
Молдова 210 210 130 10 250 50 50
Республикасы
Нидерланд 520 864 718 0 485 230 50
Корольдігі
Норвегия 170 275 181 0 491 100 24
Корольдігі
Польша 1730 2150 1700 107 1610 460 130
Республикасы (4)
Португалия 300 430 267 77 450 160 26
Республикасы
Ресей 6350 11280 7030 574 6315 3416 855
Федерациясы (5)
Румыния 1375 2100 552 72 1475 430 120
Словак 478 683 476 34 383 100 40
Республикасы (6)
Ұлыбритания 843 3017 1365 200 583 855 350
және Солтүстік
Ирландия
Біріккен
Корольдігі
Америка 1812 3037 2372 0 1553 784 396
Құрама Штаттары
Түрік 2795 3120 1993 93 3523 750 130
Республикасы
Украина (7) 4080 5050 3095 253 4040 1090 330
Француз 1226 3700 1983 535 1192 800 374
Республикасы
Чех 957 1367 954 69 767 230 50
Республикасы (2)
__________________________________________________________________
(1) Соның ішінде тұрақты бөлімдерде 1525 жауынгерлік танктен, 2175 жауынгерлік броньды машинадан және 1375 артиллерия бірлігінен артық емес.
(2) Соның ішiнде тұрақты бөлiмдерде 754 жауынгерлiк танктен, 1223 жауынгерлiк броньды машинадан және 629 артиллерия бiрлiгінен артық емес.
(3) Соның iшiнде тұрақты бөлiмдерде 658 жауынгерлiк танктен, 1522 жауынгерлiк броньды машинадан және 688 артиллерия бiрлiгінен артық емес.
(4) Соның ішiнде тұрақты бөлiмдерде 1362 жауынгерлiк танктен, 1924 жауынгерлiк броньды машинадан және 1319 артиллерия бiрлiгінен артық емес.
(5) Соның iшiнде тұрақты бөлiмдерде 5575 жауынгерлiк танктен және 5505 артиллерия бiрлiгінен артық емес.
(6) Соның iшiнде тұрақты бөлiмдерде 376 жауынгерлiк танктен, 611 жауынгерлiк броньды машинадан және 314 артиллерия бiрлiгінен артық емес.
(7) Соның iшiнде тұрақты бөлiмдерде 3130 жауынгерлiк танктен, 4350 жауынгерлiк броньды машинадан және 3240 артиллерия бiрлiгінен артық емес".
Еуропадағы кәдімгі қарулы күштер туралы шартпен шектелетiн, кәдімгі қару-жарақ пен техниканың аумақтық шектi деңгейлерi туралы мынадай хаттама қосылады:
Еуропадағы кәдімгі қарулы күштер туралы шартпен
шектелетін, кәдімгі қару-жарақ пен техниканың
аумақтық шекті деңгейлерi туралы хаттама
Осымен Қатысушы мемлекеттер Шарттың V бабына сәйкес мынадай аумақтық шектi деңгейлер мен аумақтық шектi кіші деңгейлер туралы келiседi.
__________________________________________________________________
Қатысушы мемлекеттер !Жауынгерлік !Жауынгерлік!Артилле.
! танктер ! броньды !рия
! ! машина !бірліктері
__________________________________________________________________
Әзербайжан Республикасы (3)(4) 220 220 285
Армения Республикасы (3)(4) 220 220 285
Беларусь Республикасы (5) 1800 2600 1615
Бельгия Корольдігі (5) 544 1505 497
Болгария Республикасы (3)(4) 1475 2000 1750
Венгрия Республикасы (5) 835 1700 840
Германия Федерациялық 4704 6772 3407
Республикасы (5)
Грек Республикасы (3)(4) 1735 2498 1920
Грузия (3)(4) 220 220 285
Дания Корольдігі 335 336 446
Исландия Республикасы (3)(4) 0 0 0
Испания Корольдігі (5) 891 2047 1370
Италия Республикасы (5) 1642 3805 2062
Қазақстан Республикасы (5) 50 200 100
Ұлы Люксембург Герцогтігі (5) 143 174 47
Молдова Республикасы (3)(4) 210 210 250
Нидерланд Корольдігі (5) 809 1220 651
Норвегия Корольдігі (3)(4) 170 282 557
Польша Республикасы (5) 1730 2150 1610
Португалия Республикасы (5) 300 430 450
Ресей Федерациясы (5) - соның 6350 11280 6315
ішінде (1) (3)(4) 1300 2140 1680
Румыния (3)(4) 1375 2100 1475
Словак Республикасы (5) 478 683 383
Ұлыбритания және Солтүстік 843 3029 583
Ирландия Біріккен Корольдігі (5)
Түрік Республикасы (3)(4) 2795 3120 3523
Украина (5) - соның ішінде 4080 5050 4040
(2)(3)(4) 400 400 350
Француз Республикасы (5) 1306 3820 1292
Чех Республикасы (5) 957 1367 767
__________________________________________________________________
(1) Псков облысын қоспағанда Ленинград әскери округiнде, және, Волгоград облысын, Астрахань облысын қоспағанда Солтүстiк Кавказ әскери округiнде; Волгодонскiнi, сондай-ақ Кущевскаяны және Краснодар аймағындағы Кущевскаяға апаратын тар дәлiздi қоса алғанда Кущевская - Волгодонск - Волгоград облысының шекарасы желісінен шығысқа қарай Ростов облысының бөлiгi. Бұл аумақтық шекті кіші деңгейі жауынгерлiк әскери оқу-жаттығу және броньды машиналар санатындағы уақытша өрістету мақсатында VII бапқа сәйкес арттырылмайды.
(2) Одесса облысында.
(3) Қатысушы мемлекеттер V баптың 5-тармағына сәйкес өздерiнің аумақтық шектi деңгейлерiн немесе аумақтық шектi кiшi деңгейлерiн тек осы ескертуге қатысты басқа Қатысушы мемлекеттердiң аумақтық шектi деңгейлерiн немесе аумақтық шектi кiшi деңгейлерiн V баптың 4-тармағындағы (А) тармақшасына сәйкес тиiсiнше төмендетуге байланысты арттырады.
(4) Өзінің аумақтық шектi деңгейлерiн немесе аумақтық шектi кiшi деңгейлерiн VII бапқа сәйкес 153 жауынгерлiк танктен, 241 жауынгерлiк броньды машинадан және 140 артиллерия бiрлiгiнен арттырмайтын Қатысушы мемлекеттер.
(5) Өзінің аумақтық шектi деңгейлерiн немесе аумақтық шектi кiшi деңгейлерiн VII бапқа сәйкес 459 жауынгерлiк танктен, 723 жауынгерлiк броньды машина мен 420 артиллерия бiрлiгiнен арттырмайтын Қатысушы мемлекеттер".
Жауынгерлiк оқу-жаттығу ұшақтарының нақтылы үлгiлерi мен түрлерiн қару-жарақсыз оқу-жаттығу ұшақтарына қайта топтастыруды реттейтiн рәсiмдер туралы хаттамада:
1. I бөлiмнің 1 және 2-тармақтары алынып тасталады және мыналармен ауыстырылады:
"Әрбiр Қатысушы мемлекет Шарттың IV бабындағы және Ұлттық шектi деңгейлер туралы хаттамада жауынгерлiк ұшақтарға белгiленген сандық шектеуден осы Хаттамада көрсетiлген рәсiмдерге сәйкес осы Хаттаманың II бөлiмiнiң 1-тармағында аталған жауынгерлiк оқу-жаттығу ұшақтарының нақтылы үлгiлерi мен түрлерiн ғана шығаруға құқылы.
(А) Әрбiр Қатысушы мемлекет Шарттың IV бабында және Ұлттық шектi деңгейлер туралы хаттамада жауынгерлiк ұшақтарға белгiленген сандық шектеуден осы Хаттаманың II бөлiмiнiң 1-тармағында аталған осы Хаттаманың III бөлiмi 1 және 2-тармақтарында көрсетiлген, оның кез келген құрамдас бөлiгi бар жекелеген ұшақтардың нақтылы үлгiлерi мен түрлерiн тек толық қарусыздандыру және сертификаттау жолымен шығаруға құқылы.
(В) Әрбiр Қатысушы мемлекет Шарттың IV бабында және Ұлттық шектi деңгейлер туралы хаттамада жауынгерлiк ұшақтарға белгiленген сандық шектеуден осы Хаттаманың II бөлiмi 1-тармағында аталған, осы Хаттаманың III бөлiмi 1 және 2-тармақтарында көрсетiлген құрамдас бөлiктердiң бiрде-бiрi жоқ, жекелеген ұшақтардың нақтылы үлгiлерi мен түрлерiн тек сертификаттау жолымен шығаруға құқылы.
2. Осы Хаттаманың II тарауының 1-тармағында аталған жауынгерлiк оқу-жаттығу ұшақтарының үлгiлерi мен түрлерi Шарт күшiне енгеннен кейiн 40 айдың iшiнде қарусыздандырылады және сертификатталады немесе тек қана сертификатталады. Әзiрге мұндай ұшақтар осы Хаттаманың IV тарауында көрсетiлген рәсiмдерге сәйкес қарусызданған ретiнде сертификатталмаған болса, Шарттың IV бабында және Ұлттық шектi деңгейлер туралы хаттамада жауынгерлiк, ұшақтарға белгiленген сандық шектеуге есептеледi. Әрбiр Қатысушы мемлекеттiң Шарттың IV бабында және Ұлттық шектi деңгейлер туралы хаттамада жауынгерлiк ұшақтарға белгiленген сандық шектеуден 550 осындай ұшақтан аспайтын, оның iшiнде 130-дан аспайтыны үлгi немесе МИГ-25у нұсқасы болып табылатын ұшақтарды шығаруға құқылы".
2. II бөлiмнiң 1-тармағы алынып тасталады және мыналармен ауыстырылады:
"1. Әрбiр Қатысушы мемлекет тек мынадай жауынгерлiк оқу-жаттығу ұшақтарының нақтылы үлгiлерiн немесе нұсқаларын осы Хаттаманың ережелерiне сәйкес Шарттың IV бабында және Ұлттық шектi деңгей туралы хаттамада жауынгерлiк ұшақтарға белгiленген сандық шектеуден шығаруға құқылы:
СУ-15у
СУ-17у
МиГ-15у
МиГ-21у
МиГ-23у
МиГ-25у
МиГ-28".
3. IV бөлiм алынып тасталады және мыналармен ауыстырылады:
"IV бөлiм. Сертификаттау рәсімдері
1. Әрбiр Қатысушы мемлекет жауынгерлiк оқу-жаттығу ұшақтарының үлгілерін немесе түрлерін қарусыздандыруға және сертификаттауға немесе тек сертификаттауға ғана ниет бiлдiрсе, осы Шарттың III бөлiмiнiң 1 және 2-тармақтарында аталған мұндай ұшақтардың ешқандай сыңарының болмауын қамтамасыз ету үшiн осындай сертификаттау рәсiмiн ұстанады.
2. Әрбiр Қатысушы мемлекет әрбiр сертификаттау туралы Инспекциялар туралы хаттаманың X бөлiмiнiң 3-тармағына сәйкес барлық басқа Қатысушы мемлекеттердi хабардар етедi. Сертификаттауды өткiзуге ниет бiлдiрген Қатысушы мемлекет толық қарусыздандыру талап етiлмейтiн ұшақтар үшiн алғаш сертификатталатын жағдайда ұшақтың сол қару-жарақ үлгiлерi мен нұсқалары үшiн осы Шарттың III бөлiмiнің 3-тармағының (А), (В) және (С) тармақшаларында талап етілген ақпараттарды барлық басқа Қатысушы мемлекеттерге бередi.
3. Әрбiр Қатысушы мемлекет Инспекциялар туралы хаттаманың X бөлімiне сәйкес жауынгерлiк оқу-жаттығу ұшақтарын сертификаттауға инспекция өткiзуге құқылы.
4. Мынадай Шарт бойынша, бiрде-бiр Қатысушы мемлекет сертификаттау және қайта сертификаттау процесiне байланысты түсiнбестiк бар деп санаса, ол туралы барлық басқа Қатысушы мемлекеттерге хабарламаса, осы бөлiмнiң 5-тармағына сәйкес көрсетiлген сертификаттаудың және қайта топтастырудың аяқталғандығы туралы хабарлама алған сәттен бастап 30 күн iшiнде, осы бөлiмнің 3-тармағы мен Инспекциялар туралы хаттаманың Х бөлiмiнде баяндалған қандайда бiр Қатысушы мемлекет сертификаттауды инспекциялау жөнiндегi құқығын пайдаланғанына байланысты емес, осы бөлiмде көзделген сертификаттау рәсiмi аяқталғанда ғана толық қарусыздандыру және сертификаттау немесе тек сертификаттау процесi аяқталды деп саналады. Егер осындай түсiнiксiздiк туындаған жағдайда ол түсiнiксiздiкке жататын осындай қайта топтастыру мәселе шешiлгенге дейiн аяқталды деп саналмайды.
5. Сертификаттауды өткiзетiн Қатысушы мемлекет, сертификаттаудың аяқталғандығы туралы Инспекциялар туралы хаттаманың Х бөлiмiне сәйкес барлық басқа Қатысушы мемлекеттердi хабардар етедi.
6. Сертификаттау қолданыс ауданында өткiзiледi. Қатысушы мемлекеттер сертификаттау орындарын бiрлесiп пайдалануға құқылы.
Еуропадағы кәдiмгi қарулы күштер туралы шартпен шектелетiн кәдiмгi қару-жарақ пен техниканың қысқартылуын реттейтiн Рәсiмдер туралы хаттамада:
1. VIII бөлiмнiң 2 және 10-тармақтары алынып тасталады және мыналармен ауыстырылады:
"2. Әрбiр Қатысушы мемлекет қайта жабдықталатын жауынгерлiк танктер мен жауынгерлiк броньды машиналардың санын анықтайды. Бұл сан:
(А) жауынгерлiк танктер үшiн - Ұлттық шектi деңгейлер туралы хаттамада осы Қатысушы мемлекет үшiн белгiленген Ұлттық шектi деңгейден 5,7 пайыздан (750 жауынгерлiк танктен артық емес) немесе несi көп, Соған байланысты 150 бiрлiктен; және
(В) жауынгерлiк броньды машиналар үшiн - Ұлттық шектi деңгейлер туралы хаттамада осы Қатысушы мемлекет үшiн белгiленген Ұлттық шектi деңгейден 15 пайыздан (3000 жауынгерлiк броньды машиналардан артық емес) немесе несi көп соған байланысты 150 бiрлiктен аспайды".
"10. Егер белгілi бiр машинаға осы бөлiмнің 6-тармағында көрсетiлген рәсiмнiң аяқталуы бойынша түпкiлiктi қайта жабдықтауды жүзеге асырмауға шешiм қабылданса, осы Хаттаманың басқа тұстарында баяндалған тиiстi рәсiмдерге сәйкес бұл машиналар жойылады".
2. IX тараудың 1-тармағы алынып тасталады және мыналармен ауыстырылады:
"1. Әрбiр Қатысушы мемлекет Шартпен шектелетiн кәдiмгi қару-жарақ пен техниканың әр санаты үшiн өзiнiң қысқарту нормасын, апат нәтижесiнде жойылған жағдайда, Ұлттық шектi деңгейлер туралы хаттамада осы Қатысушы мемлекет үшiн белгiленген Шартпен шектелетiн кәдiмгi қару-жарақ пен техниканың осы санатындағы Ұлттық шектi деңгейдiң 1,5 пайызынан аспайтын мөлшерде қысқартуға құқылы".
3. Х тараудың 2-тармағы алынып тасталады және мыналармен ауыстырылады:
"2. Бiрде-бiр Қатысушы мемлекет Шартпен шектелетiн, әр санаттағы кәдiмгi қару-жарақ пен техниканың Ұлттық шектi деңгейлерi туралы хаттамада сол Қатысушы мемлекет үшiн белгiленген Ұлттық шектi деңгейдің бiр пайызынан артық емес немесе қай саны көп, соған байланысты сегiз бiрлiктi қысқарту үшiн тұрақты экспозицияны пайдалана алмайды".
4. XI бөлiмнiң 2-тармағы алынып тасталады және мыналармен ауыстырылады:
"2. Бiрде-бiр Қатысушы мемлекет Шартпен шектелетiн, осы екi санаттағы әдеттегi қару-жарақ пен техниканың Ұлттық шектi деңгейлерi туралы хаттамада осы Қатысушы мемлекет үшiн көзделген Ұлттық шектi деңгейдiң 2,5 пайызынан асатын жауынгерлiк танктер мен жауынгерлiк броньды машиналар санын жер үстiндегi мақсаттар үшiн пайдалану жолымен қысқартпайды. Бұдан басқа, бiрде-бiр Қатысушы мемлекет өздiгiнен жүретiн артиллерияны жер үстiндегi нысана ретiнде пайдалану жолымен 50 бiрлiктен артық қысқартуға құқығы жоқ".
5. XII бөлiмнің 2-тармағы алынып тасталады және мыналармен ауыстырылады:
"2. Қатысушы мемлекет Шартпен шектелетiн, әр осы екi санаттағы кәдiмгi қару-жарақ пен техниканың Ұлттық шектi деңгейлер туралы хаттамада осы Қатысушы мемлекет үшiн белгiленген Ұлттық шектi деңгейiнiң бес пайызынан асатын жауынгерлiк ұшақтар мен соққы берушi тiкұшақтардың санын жер үстiндегi оқу-жаттығудың материалдық бөлiгi ретiнде пайдалану жолымен қысқартпайды.
Жауынгерлік тiкұшақтарды топтастыруды және көп мақсатты соққы берушi тiкұшақтарды қайта топтастыруды реттейтiн рәсiмдер туралы хаттамада:
1. І бөлiмнің 3-тармағы алынып тасталады және мыналармен ауыстырылады:
"3. Осы бөлiмнiң 2-тармағының ережелерiнен тәуелсiз және осы тармаққа ерекше өзгешелiк ретiнде Әзербайжан Республикасы, Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Грузия, Қазақстан Республикасы, Молдова Республикасы, Ресей Федерациясы және Украина Шарттың IV бабында және Ұлттық шектi деңгейлер туралы хаттамада шектеуге жатпайтын тiкұшақтар, барлауды, бағыттауды немесе химиялық биологиялық радиологиялық сынақ алуды iрiктеу үшiн қайта жабдықталған Ми-24p және Ми-24к тiкұшақтарының 100 бiрлiгiнен аспайтын жалпы сандық жиынтығын ұстауға құқылы. Мұндай тiкұшақтар Ақпараттар алмасу туралы хаттамаға сәйкес ақпарат алмасуға және Ақпараттар алмасу туралы хаттамадағы VI бөлiмiнiң 33-тармағына сәйкес іштей инспекциялауға жатады".
Ми-24p және Ми-24к тiкұшақтары мынадай шектен тыс:
Әзербайжан Республикасы - 4;
Армения Республикасы - 4;
Беларусь Республикасы - 16;
Грузия - 4;
Қазақстан Республикасы - 0;
Молдова Республикасы - 4;
Ресей Федерациясы - 50;
Украина - 18
олардың қалай жабдықталғанына қарамастан арнайы жабдықталған соққы берушi тiкұшақтар ретiнде топтастырылады және Шарттың IV бабында және Ұлттық шектi деңгейлер туралы хаттамада соққы берушi тiкұшақтарға арналған шектелуге жатқызылады. Жоғарыда келтiрiлген шектеулердің кез келген өзгерiстерiне қатысты Шарттың IV бабының 3-тармағы мен IV бабының 5-тармағындағы mutatis mutanolis ережелерi қолданылады.
2. IV бөлiм алынып тасталады және мыналармен ауыстырылады:
"IV бөлiм. Сертификаттау рәсімдері
1. Көп мақсатты соққы берушi тiкұшақтарды қайта топтастыратын әрбiр Қатысушы мемлекет мұндай тiкұшақтарды осы Хаттаманың III тарауының 1-тармағында аталған ешбiр айрықша белгiлер жоқ екендiгiн қамтамасыз ету үшiн сертификаттаудың мынадай рәсiмдерiн ұстанады.
2. Әрбiр Қатысушы мемлекет әрбiр сертификаттау туралы Инспекциялар туралы хаттаманың X тарауының 3-тармағына сәйкес барлық басқа Қатысушы мемлекеттердi хабардар етедi.
3. Әрбiр Қатысушы мемлекет Инспекциялар туралы хаттаманың Х бөлiмiне сәйкес тiкұшақтарды сертификаттауға инспекция өткiзуге құқылы.
4. Осы бөлiмнің 5-тармағына сәйкес берiлген сертификаттаудың және қайта топтастырудың аяқталғандығы туралы хабарламаны алған сәттен бастап 30 күн iшiнде бiрде-бiр Қатысушы мемлекет сертификаттау және қайта топтастыру процесiне байланысты түсiнбестiк бар деп есептейтiнi туралы барлық басқа Қатысушы мемлекеттердi хабардар етпесе, қандайда бiр Қатысушы мемлекет осы бөлiмнiң 3-тармағында және Инспекциялар туралы хаттаманың X бөлiмiнде баяндалған сертификаттауды инспекциялау бойынша құқығын пайдаланғанына қарамастан, осы бөлiмде көзделген сертификаттау рәсiмi аяқталғанда ғана қайта топтастыру рәсiмi аяқталды деп саналады.
5. Сертификаттауды өткiзетiн Қатысушы мемлекет сертификаттаудың және қайта топтастырудың аяқталғандығы туралы Инспекциялар туралы хаттаманың X бөлiмiне сәйкес барлық басқа Қатысушы мемлекеттерге хабарлайды.
6. Сертификаттау қолданыс ауданында өткiзiледi. Қатысушы мемлекеттер сертификаттау орындарын бiрлесiп пайдалануға құқылы.
Ақпараттар алмасу көлемi жөнiндегi Қосымшасымен қоса Хабарламалар және ақпарат алмасу туралы хаттама алынып тасталады және мыналармен ауыстырылады:
"Хабарламалар және ақпарат алмасу туралы хаттама
Қатысушы мемлекеттер осы арқылы Еуропадағы кәдiмгi қарулы күштер туралы шарттың XIII бабына сәйкес хабарламалар және ақпарат алмасуға қатысты рәсiмдер мен ережелер туралы келiседi.
I бөлiм. Қолданыс ауданы шегіндегі әрбір қатысушы
мемлекеттің құрлықтағы әскерлерінің және
әскери-әуе күштері мен әуе шабуылынан қорғаныс
әскерлері авиациясының құрылымы туралы ақпарат
1. Әрбiр Қатысушы мемлекет барлық басқа Қатысушы мемлекеттерге қолданыс ауданы шегiндегi өзiнiң құрлықтағы әскерлерiнің және әскери-әуе күштерi мен әуе шабуылынан қорғаныс әскерлерi авиациясының құрылымы туралы мынадай ақпарат бередi:
(А) өзiнiң құрлық әскерлерiнiң атауын және қолбасшылықтың әр деңгейiндегi барлық жауынгерлiк құрамалар мен бөлiмдердiң және жауынгерлiк, тылдық және техникалық қамтамасыз ету құрамалары мен бөлiмдердiң бағыныстылығын көрсете отырып, әскери округке немесе төменгi деңгейге, не баламалық деңгейге бағыныстылығын, әуе шабуылынан қорғаныс құрамалары мен бөлiмдерiне қоса, бригада/полк деңгейiне дейiн қолбасшылықты ұйымдастыру. Бригада/полк деңгейiнен жоғары құралымдарға тiкелей бағынысты бригада/полк деңгейiнен төмен қолбасшылықтың келесi кезектегi деңгейiнiң жекелеген бөлiмдерi (яғни жекелеген батальондары), оларға осындай бөлiмдер бағындырылған құралымдарды немесе бөлiмдердi көрсететiн ақпараттармен сәйкестендiрiледi;
(В) авиақанат/әуе полкi деңгейiне немесе баламалық деңгейге дейiнгi қолбасшылықтың әр деңгейiндегi құралымдар мен бөлiмдердің атаулары мен бағыныстылығын көрсете отырып, оның әскери-әуе күштерi мен әуе шабуылынан қорғаныс әскерлерi авиациясының қолбасшылығын ұйымдастыру. Авиақанат/әуе полкi (яғни жекелеген эскадрильялары) деңгейiнен жоғары құралымдарға тiкелей бағынысты, авиақанат/әуе полкi деңгейiнен төмен қолбасшылықтың келесi деңгейiндегi жекелеген бөлiмдер, оларға осындай бағынысты құралымдарды немесе бөлiмдердi көрсететiн ақпараттармен сәйкестендiрiледi; және
(С) осы Хаттаманың III бөлiмi 3-тармағының (А) және (В) тармақшаларында көрсетiлгенiндей әскери объектiлердiң атаулары мен бағыныстылығы.
II бөлiм. Шартпен шектелетін, әр санаттағы кәдімгі
қару-жарақ пен техниканың жалпы саны туралы
және шарттың күші қолданылатын кәдімгі
қару-жарақ пен техниканың белгілі бір
түрлерінің жалпы саны туралы ақпарат
1. Әрбiр Қатысушы мемлекет барлық басқа Қатысушы мемлекеттерге:
(А) Шартпен шектелетiн және Ұлттық шектi деңгейлер туралы хаттамада белгiленген сандық шектеуге жататын кәдiмгi қару-жарақ пен техниканың әрбiр санатының өзiнде бар жалпы саны мен түрi бойынша саны;
(В) Ұлттық шектi деңгейлер туралы хаттамада белгiленген сандық шектеуге жататын Қатысушы мемлекеттердiң аумағын және шектi төменгi деңгейлi аумақты көрсете отырып, өзiнiң жауынгерлiк танктерiнiң, жауынгерлiк броньды машиналары мен артиллериясының жалпы саны мен қолда бар түрi бойынша саны;
(С) Ұлттық шектi деңгейлер туралы хаттамада белгiленген сандық шектеуге жататын Қатысушы мемлекеттердiң аумағын көрсете отырып, өзiнiң жауынгерлiк ұшақтары мен соққы берушi тiкұшақтарының жалпы саны мен қолда бар түрi бойынша саны; және
(D) Шарттың күшi қолданылатын өзiнiң кәдiмгi қару-жарақтары мен техникаларының жалпы саны мен қолда бар түрi бойынша саны;
(1) танктiк көпiр қоюшылар;
(2) бейбiт уақытта iшкi қауiпсiздiк функциясын қамтамасыз етудi жүзеге асыру үшiн құрылған және құрылымдық ұйымдастырылған ұйымның қолда бар жаяу әскерлердiң жауынгерлiк машиналары;
(3) есептен шығарылған және пайдаға асырылуға тиiстi жауынгерлiк танктер, жауынгерлiк броньды машиналар, артиллериялар, жауынгерлiк ұшақтар және соққы берушi тікұшақтар; және
(4) Ми-24p және Ми-24к тiкұшақтары туралы ақпараттар бередi.
III бөлiм. Қатысушы мемлекеттердің кәдімгі қарулы
күштері қаруланған кәдімгі қару-жарақ пен
техниканың орналасқан орындары, саны және
түрлері туралы ақпарат
1. Осы Хаттаманың 1-бөлiмiнің 1-тармағы (А) және (В) тармақшаларына сәйкес хабарланған өзiнiң әрбiр құралымдары мен бөлiмдерi, сондай-ақ сол құралымдар мен бөлiмдерге бағынысты жеке орналасқан батальондар/эскадрильялар немесе олардың баламалары үшiн әрбiр Қатысушы мемлекет барлық басқа Қатысушы мемлекеттерге мынадай ақпараттар бередi:
(А) бейбiт уақытта мынадай санаттағы Шартпен шектелетiн кәдiмгi қару-жарақ пен техника:
(1) жауынгерлiк танктер;
(2) жауынгерлiк броньды машиналар;
(3) артиллерия;
(4) жауынгерлiк ұшақтар;
(5) соққы берушi тікұшақтар бар құралымдары мен бөлiмдерiнің атауы және орналасқан орындары, соның ішінде географиялық атауы мен координаты көрсетiлген штабтар;
(В) осы тармақтың (А) тармақшасына сәйкес хабарламада көрсетiлген өзiнiң құралымдары мен бөлiмдерiндегi осы тармақтың (А) тармақшасында аталған кәдiмгi қару-жарақ пен техниканың (дивизия немесе оның баламасы және төмен деңгейiндегi құралымдар мен бөлiмдерге қатысты түрi бойынша) санын көрсете отырып, және мыналардың бар-жоғы:
(1) жауынгерлiк қамтамасыз ету тiкұшақтары;
(2) қаруланбаған көлiк тiкұшақтары;
(3) танкiлiк көпiр салушылар;
(4) ұқсас - жаяу әскерлердің жауынгерлiк машиналары;
(5) ұқсас - броньды транспортерлер;
(6) оқу-жаттығу ұшақтары;
(7) қайта топтастырылған жауынгерлiк-жаттығу ұшақтары; және
(8) Ұлттық шектi деңгейлер туралы хаттамада белгiленген сандық шектеуге жатпайтын Ми-24р және Ми-24к тiкұшақтары
1
;
(С) осы тармақтың (А) тармақшасына сәйкес хабарламада көрсетiлгендер болып табылмайтын Қолданыстағы түрлер туралы хаттамада көрсетiлген немесе Ұшақтарды қайта топтастыру туралы хаттамада аталған географиялық атауы мен тұрған орындары көрсетiлген штабтары қоса, Шарттың II бабында айқындалғанындай, қолдарында мынадай санаттағы кәдiмгi қару-жарақ пен техникасы:
(1) жауынгерлiк қамтамасыз ету тiкұшақтары;
(2) қаруланбаған көлiк тiкұшақтары;
(3) танкiлiк көпiр салушылар;
(4) ұқсас - жаяу әскерлердің жауынгерлiк машиналары;
(5) ұқсас - броньды транспортерлерге;
(6) оқу-жаттығу ұшақтары;
(7) қайта топтастырылған жауынгерлiк жаттығу ұшақтары; және
(8) Ұлттық шектi деңгейлер туралы хаттамада белгiленген, сандық шектеуге жатпайтын Ми-24p және Ми-24к тiкұшақтары
2
бар, өзiнiң құрамалары мен бөлiмдерiнiң атауы және бейбiт уақытта орналасқан орны;
(Д) осы тармақтың (С) тармақшасына сәйкес хабарланған өзiнiң құралымдары мен бөлiмдерiндегi жоғарыда аталған әр санаттағы (дивизия немесе оның баламасы және төмен деңгейiндегi құралымдар мен бөлiмдерге қатысты түрi бойынша) сандарды көрсете отырып, ақпарат бередi.
2. Әрбiр Қатысушы мемлекет барлық Қатысушы мемлекеттерге өзiнiң кәдiмгi қарулы күштерi қаруланған, өзiнiң құрлықтағы әскерлерiнiң немесе әскери-әуе күштерiнің не әуе шабуылынан қорғаныс әскерi авиациясының қолданысында жоқ, кәдiмгi қару-жарақ пен техника туралы мыналарды көрсете отырып, ақпарат бередi:
(А) географиялық атаулары мен координатын көрсете отырып, штабтарын қоса, бригадалар/полктер, авиақанат/әуе полкi немесе оның баламасы деңгейiне дейiнгi өзiнiң құралымдары мен бөлiмдерiнiң, сондай-ақ қолбасшылықтың келесi деңгейiндегi бөлек орналасқан немесе жеке болып табылатын (яғни батальондар/эскадрильялар немесе олардың баламалары), мынадай санаттағы шартпен шектелетiн кәдiмгi қару-жарақ пен техникасы бар бригадалар/полктер, авиақанат/әуе полкi деңгейiнен төмен бөлiмдердiң атаулары мен бейбiт уақытта орналасқан орны:
(1) жауынгерлiк танктер;
(2) жауынгерлiк броньды машиналар;
______________________
1
Тiкұшақтарды қайта топтастыру туралы хаттаманың I бөлiмiнiң 3-тармағына сәйкес.
2
Тiкұшақтарды қайта топтастыру туралы хаттаманың I бөлiмiнiң 3-тармағына сәйкес.
(3) артиллерия;
(4) жауынгерлiк ұшақтар; және
(5) соққы берушi ұшақтар; және
(В) осы тармақтың (А) тармақшасына сәйкес хабарламада көрсетiлген өзiнiң құралымдары мен бөлiмдерiндегi осы тармақтың (А) тармақшасында аталған кәдiмгi қару-жарақ пен техниканың (дивизия немесе оның баламасы және төмен деңгейіндегi құралымдар мен бөлiмдерге қатысты түрi бойынша) санын көрсете отырып, және мыналардың бар-жоғы:
(1) жауынгерлiк қамтамасыз ету тiкұшақтары;
(2) қаруланбаған көлiк тiкұшақтары;
(3) танкiлiк көпiр салушылар;
(4) ұқсас - жаяу әскерлердің жауынгерлiк машиналары;
(5) ұқсас - броньды транспортерлер;
(6) оқу-жаттығу ұшақтары;
(7) қайта топтастырылған жауынгерлiк-жаттығу ұшақтары; және
(8) Ұлттық шектi деңгейлер туралы хаттамада белгiленген сандық шектеуге жатпайтын Ми-24p және Ми-24к тiкұшақтары
1
;
3. Әрбiр Қатысушы мемлекет барлық басқа Қатысушы мемлекеттерге мынадай ақпарат бередi:
(А) географиялық атауы мен координатын көрсете отырып, бақылау объектiлерi, жөндеу және қызмет көрсету жөнiндегi жеке бөлiмдер, әскери оқу мекемелерi мен әскери әуеайлақ ретiнде сәйкестендiрiлген құралымдар мен бөлiмдер үшiн штаттық болып табылмайтын, оның қоймалық сақтауының әскери тұрағының жерi мұнда санаттағы кәдiмгi қару-жарақ пен техниканың саны мен түрi;
(В) географиялық атауы мен координатын көрсете отырып, бақылау объектiлерi, жөндеу және қызмет көрсету жөнiндегi жеке бөлiмдер, әскери оқу мекемелерi мен әскери әуеайлақ ретiнде сәйкестендiрiлген құралымдар мен бөлiмдер үшiн штаттық болып табылмайтын, оның қоймалық сақтауының әскери тұрағының жерi мұнда санаттағы кәдiмгi қару-жарақ пен техниканың, осы бөлiмнiң 1-тармағының (А) және (В) тармақшаларында аталған қолда немесе кәдiмгi қолданыста бар, осындай жерлерде орналасқан әр санаттағы түрi бойынша бар-жоғы атап көрсетiледi; және
(С) Шартпен шектелетiн осындай орналасу орындарында қысқартылуға тиiстi, және бұл қысқарту орны екендiгiн көрсете отырып, кәдiмгi қару-жарақ пен техниканың әрбiр санатының түрi бойынша қолда барын, географиялық атауы мен координаты бойынша орналасқан орнын көрсете отырып, Қысқарту туралы хаттамаға сәйкес, Шартпен шектелетін кәдiмгi қару-жарақ пен техниканы қысқарту жүргiзiлетiн оның орнының орналасуы.
________________________
1
тікұшақтарды қайта топтастыру туралы хаттаманың I бөлiмiнiң 3-тармағына сәйкес
IV бөлiм. Қолданыс ауданы шегінде, бірақ қарулы
күштердің қару-жарағында жоқ, жауынгерлік
танктердің, жауынгерлік броньды машиналардың,
артиллерияның, жауынгерлік ұшақтар мен соққы
беруші тікұшақтардың орналасқан жері мен
саны туралы ақпарат
1. Әрбiр Қатысушы мемлекет, барлық басқа Қатысушы мемлекеттерге өзінің кәдiмгi қарулы күштерінің қаруланған бiрақ әлеуеттiк әскери маңызы бар, қолданыс ауданы шегiнде өзiнiң жауынгерлiк танктерінің, жауынгерлiк броньды машиналарының, артиллериясының, жауынгерлiк ұшақтар мен соққы берушi тiкұшақтардың орналасқан жерi мен саны туралы ақпарат бередi:
(А) Тиiсiнше, әрбiр қатысушы мемлекет мынадай ақпарат бередi:
(1) бөлек немесе жеке орналасқан батальон деңгейiне немесе бейбiт уақытта iшкi қауіпсiздiктi қамтамасыз ету функциясын жүзеге асыру үшiн құрылған және құрылымдық ұйымдастырылған баламалық деңгейге дейiнгi ұйымда бар өзiнiң Шарттың XII бабында көрсетiлгендей жауынгерлiк танктерiне, артиллериясына, жауынгерлiк ұшақтарына және арнайы жабдықталған соққы берушi тiкұшақтарына, сондай-ақ жаяу әскерлердің жауынгерлiк машиналарына қатысты, - сондай қару-жарақ пен техникасы бар орындардың географиялық атауы мен координатын қоса алғанда орналасқан жерi және әрбiр сондай ұйымның қолында бар сол санаттағы кәдiмгi қару-жарақ пен техниканың түрi;
(2) бейбiт уақытта iшкi қауiпсiздiктi қамтамасыз ету функциясын жүзеге асыру үшiн құрылған және құрылымдық ұйымдастырылған ұйымның қолында бар броньды транспортерлерiне, ауыр қару-жарақты жауынгерлiк машиналарына және көп мақсатты соққы берушi тiкұшақтарына қатысты-әрбiр әкiмшiлiк аймақта немесе бөлiк бiрлiктерiнде әр санаттың сондай қару-жарағы мен техникасының жиынтық саны;
(3) Шарттың IX бабының ережелерiне сәйкес есептен шығарылғаннан кейiн пайдаға асырылуы тиiс жауынгерлiк танктерiне, жауынгерлiк броньды машиналарына, артиллериясына, жауынгерлiк ұшақтары мен соққы берушi тiкұшақтарына қатысты - сондай қару-жарақ пен техника бар орынның географиялық атауы мен координатын қоса, орналасқан жерi және әр жердегi саны мен түрі;
(4) экспортты немесе керi экспортты күтетiн не экспорт немесе керi экспорт үшiн қайта жабдықталған және қолданыс ауданында уақытша сақталатын жауынгерлiк танктерiне, жауынгерлiк броньды машиналарына, артиллериясына, жауынгерлiк ұшақтар мен соққы берушi тiкұшақтарына қатысты әрбiр Қатысушы мемлекет барлық басқа Қатысушы мемлекеттерге Шарт күшiне енгеннен кейiн және бiр мезгiлде әрбiр орынның орналасуымен сәйкестендiрiлген осы Хаттаманың VII бөлiмi 1-тармағына сәйкес онда әдеттегiдей жалпы алғанда 15-тен астам жауынгерлiк танктер, жауынгерлiк броньды машиналар және артиллериялық бiрлiктер немесе Шарттың III бабының 1-тармағындағы (E) тармақшасына сәйкес экспортты немесе керi экспортты күтетiн не экспорт немесе керi экспорт үшiн қайта жабдықталатын және қолданыс ауданында уақытша сақталатын бестен артық жауынгерлiк ұшақтардан немесе оннан аса соққы берушi тiкұшақтардан тұратын әр жыл сайынғы ақпараттар алмасуды ұсынады.
Әрбiр Қатысушы мемлекет барлық басқа Қатысушы мемлекеттерге Шарт күшiне енгеннен кейiн және осы Хаттаманың VII бөлiмiнің 1-тармағына сәйкес жыл сайынғы ақпарат алмасумен бiр мезгiлде мыналарды ұсынады:
(а) келесi жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша сондай жауынгерлiк танктердің, жауынгерлiк броньды машиналардың, артиллерияның, жауынгерлiк ұшақтардың және соққы берушi тiкұшақтардың саны; және
(в) соңғы 12 айдың iшiнде "Экспортты күту" санатынан шығарылған, белгiленуi бойынша оларды бөле отырып: кәдiмгi қарулы күштерге немесе ішкі қауiпсiздік күштерiне қайта бағындырылған, "Есептен шығарылған және пайдаға асыруды күту" санатына ауыстырылған, пайдаға асыруға тартылған немесе қолданыс ауданының шегiнен шығарылған жауынгерлiк танктердiң, жауынгерлiк броньды машиналардың, артиллерияның, жауынгерлiк ұшақтар мен соққы берушi тiкұшақтардың түрi бойынша жалпы саны.
Қатысушы мемлекеттер Бiрлескен кеңес берушi топтың шеңберiнде осы ережелерге сәйкес саны туралы ақпараттар беру түрлерiн келiседi.
(5) қысқартылған және Қысқарту туралы хаттаманың VIII бөлiмiне сәйкес қайта жабдықтауды күтетiн жауынгерлiк танктерiне және жауынгерлiк броньды машиналарына қатысты - қолда бар сондай қару-жарақ пен техниканың әрбiр орнының географиялық атауы мен координатын қоса орналасуы және әр орындағы саны мен түрлерi; және
(6) Шарттың III бабы 1-тармағының (В) тармақшасына сәйкес тек қана зерттеу және әзiрлеу мақсаттары үшiн пайдаланылатын жауынгерлiк танктерiне, жауынгерлiк броньды машиналарына, артиллериясына, жауынгерлiк ұшақтар мен соққы берушi тiкұшақтарына қатысты - әрбiр Қатысушы мемлекет барлық басқа Қатысушы мемлекеттерге Шарт күшiне енгеннен кейiн және сонымен қатар әр санаттағы осындай кәдiмгi қару-жарақ пен техниканың жиынтық санын осы Хаттаманың VII-бөлiмiнің 1-тармағына сәйкес жыл сайынғы ақпарат алмасумен бiр мезгiлде ұсынады.
V бөлiм. Бақылау объектілері және жарияланған орындар
туралы ақпарат
1. Әрбiр Қатысушы мемлекет барлық басқа Қатысушы мемлекеттерге өзiнiң бақылау объектiлерiн көрсете отырып, әрбiр бақылау объектiсiнiң жалпы саны мен атауларын қоса, Инспекциялар туралы хаттаманың I бөлiмiнде олар айқындалғанындай жарияланған орындарын атап көрсете отырып, әр орын туралы мынадай ақпараттар ұсынады:
(А) географиялық атауы мен координатын қоса, атаулары мен орналасқан жерi;
(В) Инспекциялар туралы хаттаманың I бөлiмi 1-тармағының (І) тармақшасында көрсетiлгенiндей барлық бақылау объектiлерiнің атаулары, осы жерде қолбасшылықтың келесi деңгейiндегi бағыныстағы элементтер: бригадалар/полктер немесе авиақанат/әуе полкi деңгейiнен төмен, бiр-бiрiне немесе штабтары жақын орналасқан, осындай элементтерге қарағанда тiкелей жоғары басшылық болып табылатын, егер осындай жеке орналасқан батальондардың/эскадрильялардың немесе олардың баламаларының арасы, не олардың штабына дейiнгi қашықтық 15 шақырымнан аспаса, жеке орналаспаған болып есептеледi.
(С) сол жерде және әр бақылау объектiсi бойынша қолда бар, сондай-ақ басқа жарияланған орындарда орналасқан, кез келген бақылау объектiсiне жататын, әрбiр сондай бақылау объектiлерiнiң атауларын атап, осы Хаттаманың III бөлiмiнде көрсетiлген әрбiр санаттағы түрi бойынша кәдiмгi қару-жарақ пен техниканың жалпы саны;
(Д) бұдан басқа, әрбiр осындай жарияланған орын үшiн, өзiнiң қарулы күштерінің қару-жарағында жоқ, мынадай:
(1) Шарттың IX бабының ережелерiне сәйкес есептен шығарылғаннан кейiн пайдаға асыруды күтетiн немесе Қысқарту туралы хаттамаға сәйкес қысқартылған және қайта жабдықтауды күтетiн жауынгерлiк танктердi, жауынгерлiк броньды машиналардың, артиллерияны, жауынгерлiк ұшақтарды және соққы берушi тiкұшақтарды; және
(2) бейбiт уақытта iшкi қауiпсiздiктi қамтамасыз ету функциясын жүзеге асыру үшiн құрылған және құрылымды ұйымдастырылған ұйымның қолында бар жауынгерлiк танктердi, жауынгерлiк броньды машиналарды, артиллерияны, жауынгерлiк ұшақтарды және соққы берушi тікұшақтарды көрсете отырып, кәдiмгi қару-жарақ пен техниканың саны;
(Е) экспортты немесе керi экспортты күтетiн не экспорт немесе керi экспорт үшiн қайта жабдықталатын және қолданыс ауданы шегiнде уақытша сақталатын не солар сияқты сәйкестендiрiлген, тек қана зерттеу және әзiрлеу үшiн пайдаланылатын қолда бар жауынгерлiк танктердiң, жауынгерлiк броньды машиналардың, артиллерияның, жауынгерлiк ұшақтардың немесе соққы берушi тiкұшақтардың жарияланған орындары және сол орындағы әр санаттың жиынтық саны берiледi; және
(F) географиялық атауы мен координатын көрсете отырып, егер бұл мүмкiн болса, халықаралық рейске қызмет көрсететiн бiр коммерциялық әуежайды қоса әр жарияланған орын(дар)ға байланысты кiру/шығу пунктi(терi).
2. Әрбiр Қатысушы мемлекет барлық басқа Қатысушы мемлекеттерге Инспекциялар туралы хаттаманың II бөлiмiнiң 10-тармағына сәйкес есептелген, жарияланған орындарға өзiнің пассивтi үлесiнің инспекциясы туралы хабарлайды.
VI бөлiм. Кәдімгі қару-жарақ пен техника әкетілген
жерлердің орналасуы туралы ақпарат
Әрбiр Қатысушы мемлекет жыл сайын барлық басқа Қатысушы мемлекеттерге Хаттаманың VII бөлiмi 1-тармағының (В) тармақшасына сәйкес бiр мезгiлде жыл сайынғы ақпарат алмасу арқылы осы жарияланған орын ретiнде хабарламада бұдан бұрын көрсетiлген, осы Хаттаманың III бөлiмінің 1-тармағына сәйкес аталған санаттағы барлық кәдiмгі қару-жарақ пен техника Шартқа қол қою мерзiмiнен бастап әкетiлгендiгiн, егер ондай жерлер сол Қатысушы мемлекеттің кәдiмгi қарулы күштерi пайдалануды жалғастырған жағдайда жерге орналасу туралы ақпарат бередi. Ондай орындардың орналасуы осындай қорытынды шығарылғаннан кейiн үш жылдың iшiндегi хабарламада көрсетiледi.
VII бөлiм. Осы хаттаманың І-V бөлімдеріне сәйкес
ақпараттар беру кестесі
1. Әрбiр Қатысушы мемлекет осы Хаттаманың I-V бөлiмдерiне сәйкес барлық басқа Қатысушы мемлекеттерге төменде көрсетiлгенiндей ақпараттар:
(А) Еуропадағы кәдiмгi қарулы күштер туралы шартты бейiмдеу туралы келiсiм қолданысқа енгеннен кейiн 30 күн iшiнде, егер қолданысқа енуi 60 күннің iшiнде 15 желтоқсанға дейiн немесе кейiн болса қолданысқа ену күнiнiң жағдайы бойынша нақты ақпарат; мұндай жағдайда:
(1) егер қолданысқа енгiзу 15 желтоқсаннан кейiн болса, онда 1-тармақтың (А) тармақшасына сәйкес ақпараттар алмасу, жоғары, 15 желтоқсанда орын алған жыл сайынғы алмасу есепке алынады және ол осы Хаттаманың ережелерiне сәйкес Қатысушы мемлекеттердiң келiскенiндей толықтырылатын болады.
(2) егер қолданысқа енгiзу 15 желтоқсанға дейiн болса, онда 15 желтоқсанда жоспарланған ақпарат алмасу, егер Қатысушы мемлекеттер осы Хаттаманың ережелерiне сәйкес басқаша келiспесе ғана Бейiмделу туралы келiсiм қолданысқа енгеннен кейiн 30 күн iшiнде болады; және
(В) одан кейiнгi әр жылдың 15 желтоқсанында - алдағы жылдың 1 қаңтарының жағдайы бойынша нақты ақпарат бередi.
2. Әр жылдың 1 шiлдесiнен кешiктiрмей Ресей Федерациясы жыл сайынғы ақпарат алмасу шеңберiнде 1999 жылғы 1 шiлдедегi жағдай бойынша Ресей Федерациясы берген қосымша ақпаратпен қамтылған географиялық аудандағы оның күштерi туралы хабарлайды, ақпараттар бередi.
VIII бөлiм. Ұйымдық құрылымдардағы өзгерістер немесе
шартпен шектелетін кәдімгі қару-жарақ пен
техниканың қолда бары туралы ақпарат
1. Әрбiр Қатысушы мемлекет барлық басқа Қатысушы мемлекеттерге:
(А) осы Хаттаманың 1-бөлiмiне сәйкес хабарланғанындай, бақылау объектiлерi ретiнде сәйкестендiрiлген жеке орналасқан бөлiмдердi қоса, қолданыс ауданы шегiндегi оның кәдiмгi қарулы күштерінің ұйымдық құрылымындағы кез келген тұрақты өзгерiстер; осы Хаттаманың I және III бөлiмдерiне сәйкес хабарланғанындай, құралымдар мен бөлiмдердің кез келген атауының өзгеруi немесе орналасқан жерiнің кез келген өзгеруi; кез келген бақылау объектiсінің немесе жарияланған орындардың құрылуы; сондай-ақ осы Хаттаманың V бөлiмiне сәйкес бұл туралы хабарланған кез келген атауды қайта өзгерту немесе бақылау объектiлерiн басқа орынға қайта ауыстыру туралы хабарлайды. Мұндай хабарлама 42 күннен кешiктiрмей берiледi; және
(В) жыл сайынғы ақпарат алмасу барысында берiлген ең соңғы жаңартылған мәлiметтер негiзiнде есептелген 10 немесе одан көп пайыз қолда бар санды өзгерту жөнiндегi ең соңғы тиiстi хабарламаны қоса, 1-тармақтың (А) және (В) тармақшаларында және осы Хаттаманың III бөлiмi 2-тармағының (А) және (В) тармақшаларында хабарланғанындай, бригадалар/полктер, авиақанат/әуе полкi, бөлек немесе жеке орналасқан батальондар/эскадрильялар немесе баламалық деңгейiне дейiн түгел, кез келген оның жауынгерлiк құралымдары мен бөлiмдерiне және жауынгерлiк, тылдық және техникалық қамтамасыз ету құралымдары мен бөлімдерiне қосып жазылған, не тұрақты қоныс тапқан немесе бақылау объектiлерi ретiнде сәйкестендiрiлген, III бөлiмнiң 3-тармағының (А) және (В) тармақшаларына сәйкес хабарланған кез келген объектiлерiне қоса жазылған, Шартпен шектелетiн санаттағы кез келген кәдiмгi қару-жарақ пен техниканың 10 немесе одан да көп пайызы өзгергенi туралы хабарлайды.
Мұндай хабарлама бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей, хабарланған өзгерiстен кейiн нақтылы қолда барлары көрсетiле отырып, сондай өзгерiстiң болуына орай берiледi. Бақылау объектiсiнiң жабылу фактiсi атап көрсетiледi. Хабарламаға қосылған қару-жарақ пен техниканың пайда болуы туралы ақпарат енгiзiледi, оған кәдiмгi қарулы күштер болып табылмайтын жаңа өндiрiс, импорт, кәдiмгi қарулы күштерден ауыстыру, күштерден ауыстыру, немесе қолданыс ауданы шегiнен тыс, бiрақ онымен шектелмейтiн қайта ауыстыру қосылады. Егер қару-жарақ пен техника қолданыс ауданы шегiнде бақылау объектiсi ретiнде сәйкестендiрiлiп басқа бөлiмнен немесе басқа объектiден көшiрiлсе, хабарламада бақылау объектiсi ретiнде сәйкестендiрiлген, егер бақылау объектiсi ретiнде сәйкестендiрiлген осы бөлiмде немесе осы объектiде қайтадан олардың алынатыны он немесе одан көп процентке өзгеруi орын алған жағдайда бөлiмнің атауы, тiркелген нөмiрi және бөлiмнің немесе объектiнiң орналасқан жерi көрсетiледi. Хабарламаға сонымен бiрге, есептен шығаруды, пайдаға асыруды, қолдану ауданынан шығаруды, кәдiмгi қарулы күштерге көшiрудi, кәдiмгi қарулы күштер болып саналмайтын күштерге көшiрудi немесе экспорттық күтудi қоса алғанда, алынатын қару-жарақ пен техниканың тағайындалуы туралы, бiрақ мұнымен шектелмейтiн ақпараттар енедi. Егер қару-жарақ пен техника қолданыс ауданы шегiнде бақылау объектiсi ретiнде сәйкестендiрiлген басқа бөлiмге немесе басқа объектiге көшiрiлсе, хабарламаға бақылау объектiсi ретiнде сәйкестендiрiлген, олардың қай жерге түсетiнi, егер бақылау объектiсi ретiнде сәйкестендiрiлген осы бөлiмге немесе осы объектiге олардың қай жерден түсетiнi он немесе одан көп пайызға өзгеруi орын алған жағдайда бөлiмнiң атауы, тiркелу нөмiрi және бөлiмнiң немесе объектiнiң орналасқан жерi жазылады. Қолданыс ауданы шегiнен тыс бастапқы жерге немесе бағдарлы жерiне қатысты фактінің өзi белгiленедi.
2. Украина кез келген санаттағы Шартпен шектелетiн кәдiмгi қару-жарақ пен техниканың, I-тармақтың (А) және (В) тармақшаларында және осы Хаттаманың III бөлiмiнiң (А) және (В) тармақшаларында хабарланғанындай бригадалар/полктер, авиақанат/әуе полкi, бөлек немесе жеке орналасқан батальондар/эскадрильялар деңгейiне немесе баламалы деңгейiне дейiнгi оның кез келген жауынгерлiк құрамасы мен бөлiмдерiне немесе жауынгерлiк, тылдық және техникалық қамтамасыз ету құрамалары мен бөлiмдерiне қоса жазылған жыл сайынғы ақпараттар алмасу кезiнде хабарланған, Одесса облысындағы қолда барын қосып жазылғанына қатысты 5 немесе одан да көп пайызына өзгерiстер туралы ақпараттар бередi. Мұндай хабарлама сондай өзгерiс болғаннан кейiн және хабарламада айтылғандай, өзгерiстен кейiн нақтылы өзгерiс көрсетiле отырып бес жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей берiледi.
IX бөлiм. Қатысушы мемлекет аумағында болмайтын,
шартпен шектелетін жауынгерлік танктердің,
жауынгерлік броньды машиналардың және
артиллерияның 1 қаңтардағы жағдай бойынша
олардың бейбіт уақытта орналасатын жері
ретінде мәлімделген орналасқан жері туралы
ақпарат
1. Әрбiр Қатысушы мемлекет әр жылдың 21 қаңтарында барлық басқа Қатысушы мемлекеттерге хабарламада 1 қаңтардағы жағдай бойынша олардың бейбiт уақытта орналасатын жерi ретiнде мәлiмденген, аталған Қатысушы мемлекеттің аумағында немесе шектi төменгi деңгейлi аумақта тұрмайтын өзінің жауынгерлiк танктерi, жауынгерлiк броньды машиналары мен артиллериясы туралы 1 қаңтардағы жағдай бойынша, жыл сайынғы ақпарат алмасу шеңберiнде хабарланған мынадай нақты ақпараттар хабарлайды:
(А) Қатысушы мемлекет және шектi төменгi деңгейлi аумақ атап көрсетілiп, хабарланған бейбiт уақытта орналасқан жерi, құралымның немесе бөлiмнiң атауы, бөлiмнің тiркелген нөмiрi, егер бұл қолданылса және түрлерi бойынша оның қолда жоқ жауынгерлiк танктерiнiң, жауынгерлiк броньды машиналарының және артиллериясының саны; және
(В) 1 қаңтардағы жағдай бойынша сондай қару-жарақ пен техниканың нақтылы орналасқан жерi, егер олар тек тiркелген бөлiмнiң құрамына орналаспаса, соңғы жағдайда Қатысушы мемлекеттi және шектi төменгi деңгейлi аумақты атап көрсетiп, географиялық тұрған жерi белгiленген, тиiстi бөлiмнің нақтылы орналасқан жерi хабарланады немесе егер тек нақтылы орналасқан жерi жарияланған орын болып табылмаса, соңғы жағдайда жарияланған орынның тұрағы, оның тiркелген нөмiрi мен атауы хабарланады.
2. Әрбiр Қатысушы мемлекет әр жылдың 21 қаңтарында барлық басқа Қатысушы мемлекеттерге хабарламада қолданыс ауданы шегiнен тыс қолданыс ауданындағы Қатысушы мемлекеттің аумағына немесе шектеулi төменгi деңгейлi аумаққа көшiрiлген өзiнің жауынгерлiк танктерi, жауынгерлiк броньды машиналары және артиллериясы туралы және жыл сайынғы ақпараттар алмасу шеңберiнде хабарланған нақтылы орналасқан жерi туралы 1 қаңтардағы жағдай бойынша нақты ақпараттарды хабарлайды. Хабарламаға түрi бойынша оның жауынгерлiк танктерi, жауынгерлiк броньды машиналары және артиллериясы енедi; сондай-ақ 1 қаңтардағы жағдай бойынша сондай қару-жарақ пен техниканың, егер олар тек тiркелген бөлiмнiң құрамында орналаспаса, нақтылы орналасқан жерi, соңғы жағдайда Қатысушы мемлекеттi және шектi төменгi деңгейлi аумақты көрсете отырып, географиялық тұрған жерi белгiленген бөлiмнің нақтылы орналасқан жерi, немесе, егер нақтылы орналасқан жерi жарияланған орын болып табылмаса, соңғы жағдайда жарияланған орынның орналасқан жерi, оның тiркелген нөмiрi және атауы хабарланады.
X бөлiм. Шартпен шектелетін кәдімгі қару-жарақ пен
техниканың қатысушы мемлекеттің кәдімгі қарулы
күштерінің қару-жарағына түскендігі және
қару-жарағынан алынғандығы туралы ақпарат
1. Әрбiр Қатысушы мемлекет барлық басқа Қатысушы мемлекеттерге Шарт қолданысқа енгеннен кейiн және осы Хаттаманың VII бөлiмінің 1-тармағының (В) тармақшасына сәйкес берiлетiн жыл сайынғы ақпарат алмасумен бiр мезгілдe мыналарды ұсынады:
(А) өткен 12 ай iшiнде қолданыс ауданы шегiндегi оның кәдiмгi қарулы күштерiнің қару-жарағына келіп түскен, Шартпен шектелетiн кәдiмгi қару-жарақ пен техниканың саны мен түрi, оларды шығу тегi бойынша бөлшектеп, қолданыс ауданы шегiнен тыс жаңа өндiрiстi, импортты немесе көшiрудi қоса, iшкi қауiпсiздiк күштерiнен қайта бағынысқа алу туралы, бiрақ мұнымен шектелмейтiн жиынтық ақпарат; және
(В) Шартпен шектелетiн, кәдiмгi қару-жарақ пен техниканың саны мен түрi туралы жиынтық ақпарат, мұнда:
(1) өткен 12 ай iшiнде қолданыс ауданы шегiнде, олардың соңғы хабарланған орналасқан жерi мен тағайындалуы бойынша бөлiнгенiн атап көрсетiп, есептен шығаруды, iшкi қауiпсiздiк күштерiнің қайта бағынысын, экспортты күтудi, жою/қайта жабдықтау жолымен пайдаға асыруды, қолданыс ауданынан шығаруды қоса, бiрақ мұнымен шектелмей оның кәдiмгi қарулы күштерінің қару-жарағынан алынған; және
(2) Соңғы 12 айда "Есептен шығаруды және кәдеге жаратуды күтушi" санаттан шығарылған болатын, бiрақ мұнымен шектелмей оларды тағайындалуы бойынша бөлектеп, iшкi қауiпсiздiк күштерiнiң қайта бағынысын қоса, "Экспортты күтушi" санатына тiркеу, қайта қару-жарағына қабылдау, жою/қайта жабдықтау жолымен пайдаға асыру, қолданыс ауданынан шығару.
XI бөлім. Қатысушы мемлекеттердің кәдімгі қарулы
күштерінің қару-жарағындағы шартпен
шектелетін кәдімгі қару-жарақ пен
техниканы қолданыс ауданына енгізу және
одан шығару туралы ақпарат
1. Әрбiр Қатысушы мемлекет барлық басқа Қатысушы мемлекеттерге Шарт қолданысқа енгеннен кейiн және осы Хаттаманың VII бөлiмiнің 1-тармағындағы (В) тармақшасына сәйкес ұсынылатын, жыл сайынғы ақпараттар алмасумен бiр мезгiлде мыналарды бередi:
(А) соңғы 12 ай iшiнде қолданыс ауданына енгiзiлген кәдiмгi қарулы күштерiнің қару-жарағындағы Шартпен шектелетiн, кәдімгi қару-жарақ пен техниканың әрбiр санатының саны мен түрi туралы және осы қару-жарақ пен техниканың кез келгенi құралымға немесе бөлімдерге жеткiзiлгендігi туралы жиынтық ақпарат;
(В) соңғы 12 ай iшiнде қолданыс ауданынан шығарылған және оның шегiнен тыс қалдырылған, оның кәдiмгi қарулы күштерiнің қару-жарағындағы Шартпен шектелетiн, кәдiмгi қару-жарақ пен техниканың әрбiр санатының саны мен түрi және соңғы хабарланған қолданыс ауданының шегiнде сондай кәдiмгi қару-жарақ пен техниканың орналасқан жерi туралы жиынтық ақпарат; және
(С) қолданыс ауданы шегiндегi оның кәдiмгi қарулы күштерiнің қару-жарағындағы Шартпен шектелетiн кәдiмгi қару-жарақ пен техника жетi күн мерзiмi iшiнде қолданыс ауданынан шығарылады және оған қайта енгiзiледi, соның iшiнде жаттығу немесе әскери қызмет peтіндегi мақсаттар үшiн осы бөлiмдегi есеп беру туралы ереженің ықпалына түспейдi.
XII бөлiм. Қолданыс ауданы арқылы немесе оның шегінде
транзитпен келе жатқан кәдімгі қару-жарақ
пен техника
1. Транзитпен келе жатқанда қолданыс ауданына енгiзiлген, осы Хаттаманың III бөлiмiнде көрсетiлген санаттағы кәдiмгi қару-жарақ пен техника туралы eгep олар қолданыс ауданы шегiнде жеті күннен астам мерзiмге қалатын болса ғана осы Хаттамаға сәйкес хабарланады.
2. Шарттың V-бабына сәйкес жауынгерлiк танктердiң, жауынгерлiк броньды машиналар мен артиллерияның транзитiне қатысты осындай транзиттi жүзеге асыратын әрбiр Қатысушы мемлекет транзитпен келе жатқан кәдiмгi қару-жарақ пен техника бiрiншi Қатысушы мемлекеттiң аумағына немесе транзит жүзеге асырылатын шектi төменгi деңгейлi аумаққа енгiзілетін күннен кешіктiрмей барлық басқа Қатысушы мемлекеттерге мынадай ақпараттар бередi:
(А) транзиттiң басталған күнi;
(В) тасымалдау әдiсi;
(С) транзит жүзеге асырылатын бiрiншi Қатысушы мемлекет;
(Д) транзитпен келе жатқан қару-жарақ пен техниканың санаттары; және
(Е) транзитпен келе жатқан кәдiмгi қару-жарақ пен техника қолданыс ауданы арқылы енгiзiлген Қатысушы мемлекет немесе қолданыс ауданындағы шектi төменгі деңгейлi аумақ, немесе
(F) транзитпен келе жатқан қару-жарақ пен техника қай жерде қолдануға болатындығына қарай, бастапқыда келiп түскен Қатысушы мемлекет немесе шектеулi төменгi деңгейлi аумақ.
3. Осындай транзиттi жүзеге асыратын әрбiр Қатысушы мемлекет барлық басқа Қатысушы мемлекеттерге мүмкiндiгiнше қысқа мерзiмде, бiрақ транзитпен келе жатқан кәдiмгi қару-жарақ мен техниканы, транзит жүзеге асырылатын бiрiншi мемлекеттiң аумағы немесе шектi төменгi деңгейлi аумақ арқылы енгiзгеннен кейiн бес күннен кешiктiрмей мынадай ақпараттар бередi:
(А) транзиттің басталған күнi;
(В) тасымалдау әдiсi;
(С) транзит жүзеге асырылатын Қатысушы мемлекеттер немесе шектi төменгi деңгейлi аймақтар;
(Д) егер қолдануға болатын болса, соңғы тағайындалған Қатысушы мемлекет;
(Е) аумағы арқылы транзиттi жүзеге асыратын әрбiр Қатысушы мемлекеттiң аумағындағы немесе шектi төменгi деңгейлi аумақтағы транзиттiң күтiлетiн ұзақтығы;
(F) транзитпен өтетiн жауынгерлiк танктердің, жауынгерлiк броньды машиналардың және артиллериялық бiрлiктердiң жалпы саны; және
(D) қосымша ақпараттар, соған байланысты хабарламаларды қоса.
4. Транзиттi жүзеге асыратын әрбiр Қатысушы мемлекет транзитпен келе жатқан жауынгерлiк танктер, жауынгерлiк броньды машиналар және артиллерия оның аумағына енгеннен кейiн бес күннен кешiктiрмей барлық басқа Қатысушы мемлекеттерге мынадай ақпараттар бередi:
(А) iске тартылған жауынгерлiк танктердiң, жауынгерлiк броньды машиналардың немесе артиллериялық бiрлiктердiң жалпы саны;
(В) оның аумағы арқылы өтетiн транзиттiң күтiлетiн ұзақтығы; және
(С) қосымша ақпараттар, соған байланысты хабарламаларды қоса.
5. Егер соңғы пункт қолданыс ауданы шегiнде болса, соңғы тағайындалған Қатысушы мемлекет оның аумағына тиiстi кәдiмгi қару-жарақ пен техника келгеннен кейiн бес күннен кешiктiрмей транзиттiң аяқталғандығы туралы барлық басқа Қатысушы мемлекеттерге хабарлайды.
6. Жауынгерлiк танктердi, жауынгерлiк броньды машиналар мен артиллерияны транзитпен өткiзудi жүзеге асыратын әрбiр Қатысушы мемлекет барлық басқа Қатысушы мемлекеттердiң хабарламасында транзитпен өтетiн кәдiмгi қару-жарақ пен техника ретiнде соңғы пункт тұрған жерден немесе қолданыс ауданынан Қатысушы мемлекеттiң аумағына немесе шектi төменгi деңгейлi аумаққа енгiзiлгеннен кейiн бес күннен кешіктiрмей мынадай ақпараттарды бередi:
(А) осы бөлiмнiң 2 және 3-тармақшаларына сәйкес жолданған хабарламаларға сiлтеме;
(В) транзиттiң басталу және аяқталу күнi;
(С) транзит басталған Қатысушы мемлекет немесе шектi төменгi деңгейлi аумақ;
(Д) iске тартылған жауынгерлiк танктердің, жауынгерлiк броньды машиналардың және артиллерияның жалпы саны;
(Е) транзит жүзеге асырылған Қатысушы мемлекеттер немесе шектi төменгi деңгейлi аумақтар;
(F) соңғы пункт тұрған Қатысушы мемлекеттiң аумағы немесе шектi төменгi деңгейлi аумақ не қолданыс ауданынан шығарар алдында транзит жүзеге асырылған Қатысушы мемлекеттiң аумағы немесе төменгi деңгейлi шектi аумақ, егер бұл қолданылатын болса; және
(G) кәдiмгi қару-жарақ пен техниканың егер ол қолданыс ауданының шегiнде тұрса, келесi транзитпен соңғы пунктке келуi нәтижесiнде берiлетiн хабарламаны қоса алғандағы қосымша ақпарат.
XIII бөлiм. Қолданыс ауданында және қатысушы мемлекет
аумағында нақты тұрған жауынгерлік танктер,
жауынгерлік броньды машиналар мен
артиллериялар туралы тоқсан сайынғы ақпарат
1. Әрбiр Қатысушы мемлекет барлық басқа Қатысушы мемлекеттерге Қатысушы мемлекеттің аумағын және төменгi деңгейлi шектi аумақты көрсете отырып қолданыс ауданында нақтылы тұрған, және Аумақтық шектi деңгей туралы хаттамада белгiленген сандық шектеу есебiнен алынған оның жауынгерлiк танктерiнiң, жауынгерлiк броньды машиналарының және артиллериялық бiрлiктерiнiң жалпы саны туралы хабарлайды.
2. Қолданыс ауданы шегiнде аумағы бар әрбiр Қатысушы мемлекет барлық басқа Қатысушы мемлекеттерге хабарламада жауынгерлiк танктердiң, жауынгерлiк броньды машиналары мен артиллериясының жалпы санын және кез келген Қатысушы мемлекеттiң оның аумағы мен төменгi деңгейлi шектi аумағында нақты тұрған және Аумақтық шектi деңгейлер туралы хаттамада сол үшiн белгiленген сандық шектеу есебiне алынған жауынгерлiк танктердiң, жауынгерлiк броньды машиналар мен артиллерияның жалпы санын хабарлайды.
3. Ақпараттар осы бөлiмнiң 1 және 2-тармақтарына сәйкес:
әр жылдың 31 қаңтарында берiледi және 1 қаңтардағы жағдай бойынша жарамды деп табылады;
әр жылдың 30 сәуiрінде берiледi және 1 сәуiрдегi жағдай бойынша жарамды деп табылады;
әр жылдың 31 шiлдесiнде берiледi және 1 шiлдедегi жағдай бойынша жарамды деп табылады; және
әр жылдың 31 қазанында берiледi және 1 қазандағы жағдай бойынша жарамды деп табылады.
XIV бөлiм. Қатысушы мемлекет аумағының шегіндегі
қолданыс ауданында нақты тұрған жауынгерлік
ұшақтар мен соққы беруші тікұшақтар туралы
тоқсан сайынғы ақпарат
1. Әрбiр Қатысушы мемлекет барлық басқа Қатысушы мемлекеттерге қолданыс ауданында нақты тұрған және Ұлттық шектi деңгейлер туралы хаттамада сол үшiн белгiленген сандық шектеудiң есебiне алынған Қатысушы мемлекеттің тiркелген аумағын көрсете отырып, санын қоса алғанда, оның жауынгерлiк ұшақтары мен соққы берушi тiкұшақтарының жалпы саны туралы хабарлайды.
Бұл ақпарат әр жылдың 31 қаңтарында берiледi және 1 қаңтардағы жағдай бойынша жарамды деп табылады; әр жылдың 30 сәуiрiнде берiледi және 1 сәуiрдегi жағдай бойынша жарамды деп табылады; әр жылдың 31 шiлдесiнде берiледi және 1 шiлдедегi жағдай бойынша жарамды деп табылады; әр жылдың 31 қазанында берiледi және 1 қазандағы жағдай бойынша жарамды деп табылады.
ХV бөлiм. Қатысушы мемлекет аумағында немесе төменгі
деңгейлі шекті аумақта тұрған жауынгерлік
танктер, жауынгерлік броньды машиналар немесе
артиллерия санының өзгеруі туралы ақпарат
1. Осы Хаттаманың XI бөлiмiнiң 1-тармағының (С) тармақшасының ережелерiн сақтай отырып және осы Хаттаманың XII бөлiмiне, XVIII бөлiмiне және XX бөлiмiне сәйкес хабарлама берiлген қару-жарақ пен техниканы қоспағанда әрбiр Қатысушы мемлекет осы Хаттаманың XIII бөлiмiне сәйкес берiлген ең соңғы хабарламада, осы тармаққа сәйкес берiлген бұдан кейiнгi хабарламаларда, өзгерiс аумағы 30 жауынгерлiк танкке немесе 30 жауынгерлiк броньды машинаға не 10 артиллериялық бiрлiкке тең немесе асатын әрбiр жағдайда көрсетiлген деңгейлермен салыстырғанда кез-келген аумақта немесе төменгi деңгейлi шектi аумақта болған өзгерiстер туралы барлық басқа Қатысушы мемлекеттердi хабардар етедi. Хабарлама мынадай ақпараттардан тұрады:
(А) Қатысушы мемлекеттiң аумағын немесе төменгi деңгейлi шектi аумағын көрсете отырып хабарламада бұдан бұрын хабарланғаны туралы қолда бар деңгейлер;
(В) бұдан бұрын хабарланған деңгейлердiң сандық өзгеруi;
(С) Қатысушы мемлекеттің аумағын немесе төменгi деңгейлi шектi аумағын көрсете отырып қолда бар жаңа деңгейлер; және
(Д) өзгерiс жарамды деп танылған күн.
2. Хабарлама осы бөлiмге сәйкес бұдан бұрынғы хабарламада көрсетiлген, деңгейлер жоғарылатылғаннан кейiн бec жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей берiледi.
ХVI бөлiм. Жауынгерлік ұшақтар мен соққы беруші
тікұшақтар іс-қимылдарға тартылған белгілі
бір оқиғаларға қатысты ақпарат
1. Қолданыс ауданында аумағы бар әрбiр Қатысушы мемлекет осы Хаттаманың XI бөлiмi 1-тармағының (С) тармақшасының ережелерiн сақтай отырып, Ұлттық шектi деңгейлер туралы хаттамада белгiленген сандық шектеуде есепке алынған, өзгеру мөлшерi:
(А) осы Хаттаманың II бөлiмi 1-тармағының (А) тармақшасына, және осы тармаққа сәйкес бұдан кейiнгi хабарламаға; немесе
(В) осы Хаттаманың ХIV бөлiмiне және егер бұл деңгейлер жоғарыдағы (А) тармақшасына сәйкес хабарламада хабарланған деңгейден аспаса, осы тармаққа сәйкес берiлген бұдан кейiнгi хабарламаларға сәйкес ең соңғы хабарламада көрсетiлген деңгейлерден тыс 18 жауынгерлiк ұшақтан немесе 18 соққы берушi тiкұшаққа тең немесе асатын, әр жағдайда оның жауынгерлiк ұшақтарының және оның соққы берушi тiкұшақтарының жалпы санының өзгеруi туралы барлық басқа Қатысушы мемлекеттерге хабарлама бередi.
2. Қолданыс ауданында аумағы жоқ әрбiр Қатысушы мемлекет осы Хаттаманың XI бөлiмi 1-тармағының (С) тармақшасының ережелерiн сақтай отырып Ұлттық шектi деңгейлер туралы хаттамада белгiленген сандық шектеуде есепке алынған, өзгеру мөлшерi 18 жауынгерлiк ұшақтан немесе 18 соққы берушi тiкұшаққа тең немесе аспайтын, берiлуiне сәйкес ең соңғы хабарламада көрсетiлген деңгейлерден жоғары немесе төмен әр жағдайда оның жауынгерлiк ұшақтарының және оның соққы берушi тiкұшақтарының жалпы санының өзгеруi туралы барлық басқа Қатысушы мемлекеттерге мыналарға:
(А) осы Хаттаманың II бөлiмiнің 1-тармағының (А) тармақшасына және осы тармаққа сәйкес берiлген бұдан кейiнгi хабарламаларға;
немесе
(В) осы Хаттаманың ХIV бөлiмiне және осы тармаққа сәйкес берiлген бұдан кейiнгi хабарламаға сәйкес хабарлама бередi.
3. Осы бөлiмге сәйкес хабарлама әрбiр осындай өзгерiстен кейiн бес жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей берiледi және оған мыналар:
(А) бұдан бұрын хабарланған қолда бар деңгейлер;
(В) бұдан бұрын хабарланған деңгейлердiң сандық өзгеруi;
(С) қолда бар жаңа деңгейлер; және
(Д) өзгерiс жарамды деп танылған күн туралы ақпараттар кiредi.
ХVII бөлiм. Қатысушы мемлекетте бар айырманы пайдалануға
рұқсат ету туралы ақпарат
1. Қолданыс ауданында аумағы бар әрбiр Қатысушы мемлекет оның аумағындағы және сол санаттардағы оның аумақтық шектi деңгейлерiндегi ұлттық қолда бар жауынгерлiк танктерiнің, жауынгерлiк броньды машиналары мен артиллериясының арасындағы айырма есебiнен басқа Қатысушы мемлекеттің пайдалануы үшiн рұқсат етiлген саны туралы барлық басқа Қатысушы мемлекеттерге хабарлайды. Мұндай хабарлама рұқсат етудiң қолданысқа енетiн күнiнен кешiктiрмей берiледi және Қатысушы мемлекетке пайдалануға рұқсат берiлген саңылау есебiнен барынша жоғары санды нұсқауы, рұқсат етудiң басталған күнi мен қолданыс мерзiмi көрсетiледi. Егер хабарлаған Қатысушы мемлекет рұқсаттамаға өзгерiс енгiзсе, ол өзiнiң хабарламасын жаңартады.
2. Рұқсаттамада белгiленген жауынгерлiк танктердiң, жауынгерлiк машиналардың немесе артиллерияның жалпы саны барлық қолданыстағы рұқсат етудi ескере отырып толтырылмай қалған бiрде бiр осындай санатта еш уақытта саңылаудың сол бөлiгiнен арттырылмайды.
ХVIII бөлiм. Аумақтық шекті деңгейді немесе аумақтық
шекті төменгі деңгейді уақытша арттыру
кезінде берілетін ақпарат
1. Қолданыс ауданында аумағы бар әрбiр Қатысушы мемлекет осы Шарттың VII бабына сәйкес оның аумақтық шектi деңгейi немесе аумақтық шектi төменгi деңгейi уақытша арттырылған барлық жағдайлар туралы барлық басқа Қатысушы мемлекеттерге хабарлайды.
2. Өзiнің жауынгерлiк танктерімен, жауынгерлiк броньды машиналарымен немесе артиллериясымен басқа Қатысушы мемлекеттiң аумақтық шектi деңгейiн немесе аумақтық шектi төменгi деңгейiнiң, не оның меншiктi аумақтық шектi төменгi деңгейiнiң арттырылуын туғызатын iс-қимылға қатысатын әрбiр Қатысушы мемлекет ол туралы барлық басқа Қатысушы мемлекеттерге хабарлайды.
3. Әскери жаттығулар нәтижесiнде аумақтық шектi деңгейi немесе аумақтық шектi төменгi деңгейi арттырылған жағдайда:
(А) аумағында әскери жаттығулар өткiзiлетiн Қатысушы мемлекет хабарламада аумақтық шектi деңгейi немесе аумақтық шектi төменгi деңгейi арттырылатын күнге дейiнгi 42 күннен кешiктiрмей барлық басқа Қатысушы мемлекеттерге мыналарды хабарлайды: жаттығулардың атаулары мен жалпы мақсаты; қатысатын Қатысушы мемлекеттер; жаттығулардың басталатын күнi және олардың есептелген ұзақтығы; жаттығуларға тартылатын жауынгерлiк танктердiң, жауынгерлiк броньды машиналар мен артиллерияның жалпы саны, және аумақтық шектi деңгейден немесе аумақтық шектi төменгi деңгейден тыс жауынгерлiк танктердiң, жауынгерлік броньды машиналардың немесе артиллерияның жалпы саны; жаттығулардың аумақтық шектi деңгейдiң немесе аумақтық шектi төменгi деңгейдiң арттырылуы жалғасатын кезеңiнiң басталатын және аяқталатын күнi; сондай-ақ географиялық координаттары белгiленген, жаттығу өткiзiлетiн аудан;
(В) өзiнiң жауынгерлiк танктерiмен, жауынгерлiк броньды машиналарымен немесе артиллериясымен жаттығуларға қатысатын әрбiр Қатысушы мемлекет хабарламада аумақтық шектi деңгейi немесе аумақтық шектi төменгi деңгейi арттырылатын күнге дейiнгi 42 күннен кешiктiрмей барлық басқа Қатысушы мемлекеттерге осы әскери жаттығуларға қатыстырылатын өзiнiң жауынгерлiк танктерiнiң, жауынгерлiк броньды машиналарының және артиллериясының жалпы санын, оларды қай жерлерде қолдануға болатынын, бастапқы бақылау объектiлерінің орналасқан жерiн, бастапқы командалық элементi, құралымдар мен бөлiмдердiң атауларын және бөлiмдердiң тiркелген нөмiрлерiн; географиялық координаты белгiленген өрiстету ауданын және өзiнiң жауынгерлiк танктерiнiң, жауынгерлiк броньды машиналарының немесе артиллериясының келуi мен кетуiнің есептi күндерiн; сондай-ақ қосымша түсiндiрме ақпараттарды хабарлайды;
(С) осы күнге дейiнгi 42 күн iшiнде хабарламада көрсетiлген деректерде қандай да бiр өзгерiстер болған жағдайда осы тармақтың (А) және (В) тармақшаларына сәйкес берiлген хабарламадағы аумақтық шектi деңгей немесе аумақтық шектi төменгi деңгей арттырылатын күннен кешiктiрмей жаңартылады;
(Д) Қатысушы мемлекет өзінің меншiктi аумақтық шектi төменгi деңгейiн арттырған жағдайда осы тармаққа сәйкес барлық хабарламалар сол Қатысушы мемлекеттерге берiледi;
(Е) егер аумақтық шектi деңгейiнiң немесе аумақтық шектi төменгi деңгейiнiң арттырылуы 42 күннен артық жалғасса, мүмкіндігінше оның жедел, бiрақ аумақтың шектi деңгейi немесе аумақтық шектi төменгi деңгейi арттырылғаннан кейiнгi 43 күннен кешiктiрмей:
(1) аумақтық шектi деңгейi немесе аумақтық шектi төменгi деңгейi арттырылатын Қатысушы мемлекет хабарламада арттырудың мақсатын және есептi ұзақтығын, арттыруға Қатысушы мемлекеттi, аумақтық шектi деңгейден немесе аумақтық шектi төменгi деңгейден тыс жауынгерлiк танктердің, жауынгерлiк броньды машиналардың немесе артиллерияның жалпы санын, сондай-ақ географиялық координаты белгiленген өрiстету ауданын хабарлайды; және
(2) өзiнің жауынгерлiк танктерiмен, жауынгерлiк броньды машиналарымен немесе артиллериясымен уақытша өрiстетуге қатысатын әрбiр Қатысушы мемлекет хабарламада өздерiнiң жауынгерлiк танктерiнiң, жауынгерлiк броньды машиналарының және артиллериясының жалпы санын, сондай-ақ географиялық координаты белгiленген өрiстету ауданын хабарлайды.
(Е) әрбiр Қатысушы мемлекет осы тармақтың (А) немесе (В) тармақшасына сәйкес бұдан бұрынғы хабарламада көрсетiлген сандардың жиынтығы 30 жауынгерлiк танкке, 30 жауынгерлiк броньды машинаға немесе 10 артиллериялық бiрлiкке арттырылған әр жағдайда хабарлама жасайды. Ондай хабарлама осындай арттыру болғаннан кейiн бес күннен кешiктiрмей берiледi.
4. Уақытша өрiстету нәтижесiнде аумақтық шектi деңгей немесе аумақтық шектi төменгi деңгей арттырылған жағдайда:
(А) аумақтық шектi деңгейi немесе аумақтық шектi төменгi деңгейi арттырылатын Қатысушы мемлекет барлық басқа Қатысушы мемлекеттерге мыналарды хабарлайды:
(1) аумақтық шектi деңгейi немесе аумақтық шектi төменгi деңгейi арттырылатын күннен кешiктiрмей - арттыру күнiн; операцияның атауын, оның мақсаттары мен есептi ұзақтығын; қатысатын Қатысушы мемлекеттердi, аумақтық шектi деңгейден немесе аумақтық шектi төменгi деңгейден тыс жауынгерлiк танктердiң, жауынгерлiк броньды машиналардың немесе артиллерияның жалпы санын, сондай-ақ өрiстету ауданын;
(2) аумақтық шектi деңгейi немесе аумақтық шектi төменгi деңгейi арттырылғаннан кейiнгi 21 күннен кешiктiрмей географиялық координаты белгiленген өрiстету ауданын қоса, осы тармақтың (1) тармақшасына сәйкес жаңартылған ақпаратымен хабарлама жасайды; және
(3) тиiстi аумақтық шектi деңгейден тыс уақытша өрiстетілген жауынгерлiк танктердiң, жауынгерлiк броньды машиналардың немесе артиллерияның саны 153 жауынгерлiк танк немесе 241 жауынгерлiк броньды машина немесе 140 артиллериялық бiрлiк деңгейiнен асқан әрбiр жағдайда;
(В) аумақтық шектi деңгейден немесе аумақтық шектi төменгi деңгейден тыс жауынгерлiк танктерiн, жауынгерлiк броньды машиналарын немесе артиллериясын өрiстетушi Қатысушы мемлекет барлық басқа Қатысушы мемлекеттерге хабарламасында мыналарды хабарлайды:
(1) аумақтық шектi деңгейi немесе аумақтық шектi төменгi деңгейi арттырылатын күннен кешiктiрмей - аумақтық шектi деңгейден немесе аумақтық шектi төменгi деңгейден тыс өздерінің жауынгерлiк танктерiнің, жауынгерлiк броньды машиналарының және артиллериясының жалпы саны және өрiстету ауданы; және
(2) аумақтық шектi деңгейi немесе аумақтық шектi төменгi деңгейi арттырылғаннан кейiнгi 21 күннен кешiктiрмей уақытша өрiстетудің мақсаты мен болжамды ұзақтығы, өздерiнің iске тартылған жауынгерлiк танктерiнiң, жауынгерлiк броньды машиналарының және артиллериясының жалпы саны, географиялық координаты белгiленген өрiстету ауданы және оның қай жерде қолданылатыны, бақылау объектiлерi, олардың бастапқы орналасқан жерi және командалық элементi, сондай-ақ құралымдар мен бөлiмдердiң атауы және бөлiмнiң тiркелген нөмiрi.
(С) бұдан кейiнгi жаңартылған ақпараттар аумақтық шектi деңгейдiң немесе аумақтың шектi төменгi деңгейдiң арттырылуы жүрiп жатқанда, әр 90 күнде беріліп тұрады;
(Д) әрбiр Қатысушы мемлекет осы тармақтың (А), (В) немесе (С) тармақшаларына сәйкес сол Қатысушы мемлекеттің бұдан бұрынғы хабарламасында көрсетiлген жиынтық саны 30 жауынгерлiк танкке, 30 жауынгерлiк броньды машинаға немесе 10 артиллериялық бiрлiкке арттырылатын әрбiр жағдайда хабарлама бередi. Мұндай хабарлама осындай арттыру болғаннан кейiнгi бес күннен кешіктiрмей берiледi;
(E) Қатысушы мемлекет өзiнiң меншiктi аумақтық шектi төменгi деңгейi арттырылған жағдайларда осы тармаққа сәйкес барлық хабарламалар сол Қатысушы мемлекеттерге берiледi.
5. Әскери жаттығулардың нәтижесiнде немесе уақытша өрiстетудiң нәтижесiнде аумақтық шектi деңгейi немесе аумақтық шектi төменгi деңгейi арттырылған Қатысушы мемлекет оның аумағында тұрған, жауынгерлiк танктердiң, жауынгерлiк броньды машиналардың және артиллерияның саны бұдан былай оның аумақтың шектi деңгейiнен немесе аумақтық шектi төменгi деңгейiнен аспайтын әрбiр жағдайда барлық басқа Қатысушы мемлекеттердi хабарландырады.
6. Егер аумақтық шектi деңгей 153 жауынгерлiк танктен, 241 жауынгерлiк броньды машинадан немесе 145 артиллериялық бiрлiктен аспайтын санға арттырылса, онда мұндай қару-жарақ пен техника осы бөлiмнiң 4-тармағы (2) тармақшасының (А) тармақшасына және 4-тармақтың (С) тармақшасына сәйкес, егер барлық осы қару-жарақ пен техника осы Хаттаманың VII бөлiмi 1-тармағының (А) тармақшасына сәйкес ақпараттар алмасу кезiнде және бұдан кейiнгi әр жыл сайынғы ақпараттар алмасу кезiнде басқа Қатысушы мемлекеттiң аумағында нақтылы уақытша тұрған жерi хабарланса, онда ақпарат алмасуға енгiзуге жатпайды.
XIX бөлiм. Броньды транспортер-санитарлық машиналар
туралы ақпарат
Әрбiр Қатысушы мемлекет броньды санитарлық машиналар Шартта көрсетiлген шектеулерге жатпайтын қағидаттарға нұқсан келтiрмей, жыл сайын 15 желтоқсанда барлық басқа Қатысушы мемлекеттерге броньды транспортер-санитарлық машиналардың жалпы қолда бары және 18-ден астам броньды транспортер-санитарлық машиналар тұрған жерлер туралы ақпарат бередi.
XX бөлiм. Бітімгершілік операциясын өткізу жағдайындағы
ақпарат
1. Шарттың V бабының 2-тармағына сәйкес бiтiмгершiлiк операциясын өткiзу үшiн басқа Қатысушы мемлекеттiң аумағында жауынгерлiк танктердің, жауынгерлiк броньды машиналардың немесе артиллерияның өрiстетiлуiн жүзеге асырушы әрбiр Қатысушы мемлекет өзінің жауынгерлiк танктерінің, жауынгерлiк броньды машиналарының немесе артиллериясының өрiстетілуi басталғаннан кейiнгi бес күннен кешiктiрмей мандаты, операцияның болжамды ұзақтығы мен атауы туралы мұндай операцияға тартылған өзінің жауынгерлiк танктерінің, жауынгерлiк броньды машиналарының және артиллериясының жалпы саны және өздерi бағынысында тұратын командалық сатысы, бастапқы бақылау объектiлерi мен командалық құрамдары туралы, олардың қай жерде қолданылатыны және қолданыс ауданының шегiнде аталған қару-жарақ пен техниканың болжамдық бағдарлы аумағы туралы ақпараттар бередi.
2. Осы бөлiмнiң I тармағына сәйкес хабарлама жiберетiн әрбiр Қатысушы мемлекет бұдан кейiн операция аяқталғанша және iске тартылған қару-жарақ пен техника толық шығарылғанша, әр 90 күнде жаңартылған мәлiметтер берiп тұрады.
XXI бөлiм. Ақпараттар беру көлемі
Әрбiр Қатысушы мемлекет Шарттың ХVI бабында және Көлем жөнiндегi қосымшада белгiленген рәсiмдерге сәйкес барлық басқа Қатысушы мемлекеттерге осы Хаттамада көрсетiлген ақпаратты бередi. Шарттың ХVI бабының 5-тармағына сәйкес көлемi бойынша қосымшаға өзгерiс тек техникалық сипаттағы аз мәселелерге қатысы бар, Шарттың тiршiлiк қабiлеттiлiгi мен тиiмдiлiгiн арттыру жөнiндегi iс-шаралар болып саналады.
XXII бөлiм. Шартқа сәйкес басқа да хабарламалар
Бiрлескен кеңес берушi топ Шарт талап ететiн хабарламаларға қатысты құжатты әзiрлейдi. Мұндай құжатта Шарттың ХVII бабына сәйкес берiлетiн және қажет болған жағдайда сондай хабарламаның тиiстi көлемi бар барлық сондай хабарламалар есепке алынады. Шарттың XVI бабының 5-тармағына сәйкес осы құжатқа өзгерiс, соның iшiнде кез келген көлемдер тек техникалық сипаттағы аз мәселелерге қатысты Шарттың тiршiлiк қабiлеттiлiгi мен тиiмдiлiгiн арттыру жөнiндегi iс-шаралар болып саналады.
Ақпарат алмасу көлемі бойынша қосымша
1. Әрбiр Қатысушы мемлекет төмендегi Хаттамада аталатын Ақпарат алмасу туралы хаттамаға сәйкес, осы Қосымшада көрсетiлген көлемдерге сәйкес барлық басқа Қатысушы мемлекеттерге ақпарат бередi. Ақпараттың әр деректер тiзбесi келiсiлген көлемде жазбаша түрде және қосымша электронды үлгiде дискетпен берiледi. Еуропадағы қауiпсiздiк пен ынтымақтастық жөнiндегi Ұйымның алты ресми тiлiнiң бiрiндегi жазбаша мәтiн ресми болып табылады. Әрбiр деректер жазбасының әр кестесiне (бағанына) жолма-жол сызбалы реттiк нөмiр берiледi.
2. Әрбiр тiзбе жиынтығы, тiзбенi ұсынатын Қатысушы мемлекеттің атауы, ұсынылатын тiзбе тiлi, тiзбе алмасу жүргiзiлетiн күнi және жағдай бойынша тiзбеде баяндалған нақты ақпарат күнi көрсетiлген мұқабалық парақпен басталады. Мұқабалық парақтан кейiн мазмұны, пайдаланылатын қысқартулардың тiзiмнiң, бөлiмнiң тiркелiм нөмiрiнің ара қатынасын белгiлеуге мүмкіндік беретiн көрсеткiшi осы Қосымшада көрсетiлген тиiстi кестелер мен беттер, I-VI дейiнгi кестелер, жыл сайынғы хабарламалардың тiзбесi, дипломатиялық шешiмдердің тұрақты нөмiрлерінің тiзiмi, инспекторлардың және көлiк құралдары экипаждары мүшелерiнiң толық жаңартылған тiзiмi және ресми мерекелiк күндер тiзiмiн қоса, осыған байланысты қосымша ақпараттар жалғасады.
І бөлiм. Қолданыс ауданы шегіндегі құрлық әскерлерінің,
әскери-әуе күштері мен әуе шабуылынан қорғаныс
әскерлері авиациясының құрылымы туралы
ақпараттар
1. Хаттаманың I бөлiмiне сәйкес әрбiр Қатысушы мемлекет әскери округ деңгейiне немесе төмен не баламалық деңгейге бағынысты, әуе шабуылынан қорғаныс құралымдары мен бөлiмдерiн қоса, оның құрлық әскерлерінің және 1-кестеде баяндалғанындай, жасалған деректер тiзбесiнің төменнен жоғарыға бағындырылған екi жекелеген түрiнде әскери әуе күштерінің және әуе шабуылынан қорғаныс әскерлерi авиациясының қолбасшылығын ұйымдастыру туралы ақпараттар бередi.
2. Деректер тiзбесi ең жоғарғы деңгейден бастап, одан әрi қолбасшылықтың әр эшелоны бойынша бригадалар/полктер, жекелеген батальон және авиақанат/әуе полкi, жекелеген эскадрильялар немесе олардың баламалары деңгейiне дейiн берiледi. Тұрақты қоймалық сақталудың барлық белгiленген орындары, қоймалық сақталудың әскери орындары, жөндеу және қызмет көрсету жөнiндегi жекелеген бөлiмдер, әскери оқу мекемелерi, әскери әуе айлақтар көрсетiледi. Мысалы, әскери округтен/армиядан/корпустан кейiн кез келген бағынысты жекелеген полктер, жекелеген батальондар, қоймалар, оқу мекемелерi, ал одан кейiн әр бағынысты дивизия өзiнің полктарымен/жекелеген батальондарымен жалғасатын болады. Барлық бағынысты ұйымдарды атағаннан кейiн келесi әскери округтiң/армияның/корпустың тiзiмi жазылады. Әскери-әуе күштерi және әуе шабуылынан қорғаныс әскерлерi авиациясы үшiн осы тектес рәсiм қолданылады.
(А) Әрбiр ұйым, осы ұйым үшiн бұдан кейiнгi тiзбелерде және бұдан кейiнгi барлық ақпараттар алмасуда пайдаланылатын жеке белгiмен (яғни құралымның немесе бөлiмнің тiркелу нөмiрiмен) (в бағаны), оның ұлттық (яғни атауы - с бағаны) белгiленуiмен және дивизияларға, бригадаларға/полктарға, жекелеген батальондар мен авиақанаттар/әуе полктерiне, жекелеген эскадрильяларға немесе баламалық ұйымдарға, ол қай жерде ыңғайлы болса - құралымдарға немесе бөлiмдерге (мәселен жаяу әскерлер, танктер, артиллерия, жойғыш және бомбалаушы ұшақтар, жабдықтау) қатысты сәйкестендiрiледi; және
(В) әрбiр ұйым үшiн қолданыс ауданы шегiндегi осы ұйымға қатысы бойынша тiкелей жоғары сатылы қолбасшылықтың екi деңгейi белгiленедi (d және e бағандары).
I кесте. (Қатысушы мемлекеттiң) Құрлық әскерлерінің, әскери
әуе күштері мен әуе шабуылынан қорғаныс әскерлері
авиациясының қолбасшылығын ұйымдастыру. (күнi)
Жағдай бойынша жарамды.
II бөлiм. Шартпен шектелетін кәдімгі қару-жарақ пен
техниканың әр санаттағы жалпы саны туралы және
кәдімгі қару-жарақ пен техниканың шарттың
қолданысына түсетін белгілі бір түрлерінің
жалпы саны туралы ақпарат
1. Хаттаманың II бөлiмi 1-тармағының (А) және (В) тармақшаларына сәйкес Ұлттық шектi деңгейлер туралы хаттамада кез келген, сандық шектелуге жатпайтын, оның түрлерi бойынша жауынгерлiк танктерiнің, жауынгерлiк броньды машиналарының және артиллериясының (II А кестесi) жалпы саны туралы, Аумақтық шектi деңгейлер туралы (d бағаны) хаттамада көзделген кез келген шектеулерде есепке алынатын, осы жалпы санның iшiнен түрi бойынша саны туралы, Ұлттық шектi деңгейлер туралы (d бағаны) хаттамада көзделген, сандық шектеуге жататын, оның түрлерi бойынша жауынгерлiк ұшақтары мен соққы берушi тiкұшақтарының (II В кестесi) жалпы саны туралы, сондай-ақ, II тармақтың 1-бөлiмiнің (С) тармақшасына сәйкес, осы сандардың қандай мөлшерi әрбiр Қатысушы мемлекеттің аумағында тұрғандығы туралы деректер бередi.
2. Жауынгерлiк броньды машиналар бойынша деректерге ауыр қару-жарағы бар жауынгерлiк машиналардың, жаяу әскерлердiң жауынгерлiк машиналары мен броньды транспортерлердің жалпы саны, және әрбiр осы төменгi санаттағы (d/c бағаны) олардың сандары (f/c бағаны) мен түрi (e/d бағаны) қосылады.
3. Шарттың Х бабына сәйкес қоймаға қойылатын жауынгерлiк танктерге, жауынгерлiк броньды машиналарға және артиллерияға сәйкес тұрақты қоймалық сақтаудың (g бағаны) белгiленген орындарындағы осындай қару-жарақ пен техниканың жалпы саны көрсетiледi.
4. Осы Хаттаманың II бөлiмi 1-тармағының (D) тармақшасына сәйкес әрбiр Қатысушы мемлекет мынадай түрлер бойынша оның жалпы саны туралы деректер (II С кестесi) бередi:
(А) танкiлiк көпiр салушылар (а-дан d дейiнгi бағандар);
(В) бейбiт уақытта iшкi қауiпсiздiк қызметiн қамтамасыз етудi жүзеге асыру үшiн құрылған және құрылымдық ұйымдастырылған (а-дан d-ға дейiнгi бағандар) ұйымның қолда бар жаяу әскерлерi, жауынгерлiк машиналары;
(С) есептен шығарылған және пайдаға асыруды күтетiн жауынгерлiк танктер, жауынгерлiк броньды машиналар, артиллерия, жауынгерлiк ұшақтар мен соққы берушi тiкұшақтар (а-дан d-ға дейiнгi бағандар); және
(D) Ми-24p және Ми-24к тiкұшақтары (а-дан d-ға дейiнгi бағандар).
ІІА кестесi. (Қатысушы мемлекеттің) Сандық шектеуге жататын жауынгерлік танктердің, жауынгерлік броньды машиналар мен артиллерияның жалпы саны. (күнi) Жағдай бойынша жарамды.
IIВ кестесi. (Қатысушы мемлекеттің) Сандық шектеуге жататын ұшақтар мен соққы беруші тікұшақтардың жалпы саны. (күнi) Жағдай бойынша жарамды.
ІІС кестесi. (Қатысушы мемлекеттiң) Шарттың қолданысына жататын кәдімгі қару-жарақ пен техниканың белгілі бір түрінің жалпы саны. (күнi) Жағдай бойынша жарамды.
IID кестесi. (Қатысушы мемлекеттің) Еуропадағы қарулы күштер жеке құрамының саны туралы келіссөздердің қорытынды актісінің IV бөлімінің 1-тармағына сәйкес берілген жеке құрамның жиынтық саны туралы ақпарат. (күнi) Жағдай бойынша жарамды.
III бөлiм. Кәдімгі қарулы күштер қаруланған кәдімгі
қару-жарақ пен техниканың орналасқан жері,
саны және түрі туралы ақпарат
1. Әрбiр Қатысушы мемлекет Хаттаманың III бөлiмiнiң 1-тармағына сәйкес хабарланған оның барлық құрлық әскерлерi мен әскери әуе күштерiнiң және әуе шабуылынан қорғаныс әскерлерi авиациясының ұйымдары, Хаттаманың III бөлiмiнiң 2-тармағына сәйкес хабарланған құралымдары мен бөлiмдерi және Хаттаманың III бөлiмiнiң 3-тармағында көрсетiлгенiндей, қолдарында кәдiмгi қару-жарақ пен техника бар объектiлер туралы төменнен жоғарыға бағындырылып жасалған деректер тiзбесiн ұсынады.
2. Әрбiр ұйым мен объект үшiн ақпаратта мыналар көрсетiледi:
(А) I кестеде хабарланатын құралымның немесе бөлiмнiң тiркелiм нөмiрi (в бағаны) және ұйымның атауы. Осы бөлiмнiң 1-тармағына сәйкес көрсетiлген, жеке орналасқан батальондарға/эскадрильяларға, Хаттаманың III бөлiмiнiң 2-тармағына сәйкес хабарланатын құралымдар мен бөлiмдерге, және Хаттаманың III бөлiмнің 3-тармағына сәйкес аталған объектiлерге, сонымен бiрге құралымдарға немесе бөлiмдерге (в бағаны) жеке тiркелiм нөмiрi берiледi және олардың ұлттық атауы (яғни аты - с бағаны) ұсынылады. Тiзбенiң соңында бiрлесiп көрсетiлген, Хаттаманың III бөлiмi 2-тармағына сәйкес хабарланатын тiзбеде олардың орны, олардың бағыныстылығы көрсетiледi. Тiзбенiң соңында бiрлесiп мыналар көрсетiледi:
(1) тұрақты қоймалық сақтаудың белгiленген орны ұлттық атаудан кейiн "ТҚСБО" белгiсiмен айқындалады; және
(2) қысқарту орыны Ұлттық атаудан кейiн "Қысқарту" белгiсiмен көрсетіледi.
(В) Қатысушы мемлекеттiң нұсқамасы мен шектi төменгi деңгейiнің аумағы, географиялық атауы мен 10 ceкунд жақындыққа дейiнгi дәлдiкпен тұрған жерiн қоса орналасқан орны (d бағаны);
(С) жоғарыдан бастап дивизия/авиадивизия деңгейiне дейiнгi қолбасшылықтың әр деңгейi үшiн - әр санаттағы кәдiмгi қару-жарақ пен техниканың жалпы саны (f-тeн m/i дейiнгi бағандары). Мәселен, дивизияның қолда бар жалпы саны оған бағынысты барлық ұйымдардың қолда бар қаражат сомасына тең болса; және
(Д) осы бөлiмнің 1-тармағында көрсетiлгенiндей, дивизия деңгейiндегi және төменгi қолбасшылықтың әр деңгейi үшiн, - III А және III В (f-тен m/n бағандарына дейiнгi) кестелерiнде көзделген, түрi бойынша тақырып қойылған кәдiмгi қару-жарақ пен техниканың саны. III А кестесiндегi (д бағаны) жауынгерлiк броньды машиналары үшiн баған төменгi санаттарға (яғни броньды транспортерлерге, жаяу әскерлердiң жауынгерлiк машиналарына, ауыр қаруланған жауынгерлiк машиналарға) жеке берiледi. Соққы берушi тiкұшақтар үшiн төменгi баған (k/i бағаны) төменгi санаттарға (яғни мамандандырылған соққы берушi, көп мақсатты соққы берушi) жеке берiледi. "Қалғандары" аталатын III в кестесiнiң 1-бағанына егер әскери әуе күштерiнің және әуе шабуылынан қорғаныс әскерлерi авиациясының қару-жарағында мұндайлар бар болса жауынгерлiк танктер, жауынгерлiк броньды машиналар, артиллерия, броньды транспортерлер тәрiздi, жаяу әскерлердің жауынгерлiк машиналары тәрiздi және танкiлiк көпiр салушылар енедi.
III А кестесi. (Қатысушы мемлекеттің) Ақпараттар алмасу туралы хаттаманың ІІІ бөліміне сәйкес берілген кәдімгі қару-жарақ пен техниканың орналасқан жері, саны және түрі туралы ақпараттар. (күнi) Жағдай бойынша жарамды.
III В кестесi. (Қатысушы мемлекеттiң) Ақпараттар алмасу туралы хаттаманың ІІІ бөліміне сәйкес берілген кәдімгі қару-жарақ пен техниканың орналасқан жері, саны және түрі туралы ақпараттар. (күнi) Жағдай бойынша жарамды.
IV бөлiм. Ақпараттар алмасу туралы хаттаманың IV
бөліміне сәйкес берілген кәдімгі қарулы
күштердің қарулануында жоқ кәдімгі қару-жарақ
пен техника туралы ақпараттар
1. Хаттаманың IV бөлiмiне сәйкес әрбiр Қатысушы мемлекет қолданыс ауданы шегiнде, бiрақ оның кәдiмгi қарулы күштерінің қару-жарағында жоқ, оның жауынгерлiк танктерiнің, жауынгерлiк броньды машиналарының, артиллериясының, жауынгерлiк ұшақтары мен соққы берушi тiкұшақтардың орналасқан жерi, саны және түрi туралы ақпарат бередi.
2. Әрбiр орналасқан жер үшiн ақпарат мыналарды қамтиды:
(А) Хаттаманың IV бөлiмiндегi ережеге сәйкес берiлетiн ақпараттар (в бағаны);
(В) орналасқан жерi (с бағаны):
(1) Хаттаманың IV бөлiмi 1-тармағының (А) тармақшасы (1), (3) және (5) төменгi тармақшаларына сәйкес хабарланатын кәдiмгi қару-жарақ пен техникаға қатысты - географиялық атауы және тұрған жерi, 10 ceкунд жақындыққа дейiн дәлдiкпен, сондай қару-жарақ мен техника ұсталатын орны; және
(2) Хаттаманың IV бөлiмiнің 1-тармағы (А) тармақшасының (2) төменгi тармақшасына сәйкес хабарланған кәдiмгi қару-жарақ пен техникаға қатысты, сондай қару-жарақ пен техниканы ұстаған әкiмшiлік аймақтың ұлттық атауы немесе өлшем бiрлiгi.
(С) Хаттаманың IV бөлiмi 1-тармағының (А) тармақшасына (1) және (2) төменгi тармақшасына сәйкес хабарланған кәдiмгi қару-жарақ пен техникаға қатысты аталған қару-жарақ пен техникасы қолда бар ұйымның ұлттық деңгейдегi атауы (с бағаны); және
(С) әрбiр орналасқан жерi үшiн - IV кестесiнде көрсетiлген (d-дан i бағанына дейiнгi), түрi бойынша тақырып қойылған мөлшерi, тек мыналардан басқасы: Хаттаманың IV бөлiмiнiң 1-тармағы (А) тармақшасының (2) төменгi тармақшасына сәйкес хабарланған кәдiмгi қару-жарақ пен техникаға қатысты тек аталған әкiмшiлiк аймақ немесе өлшем бiрлiгi үшiн әр санаттағы сандар ғана берiледi (с бағаны).
IV кесте. (Қатысушы мемлекеттің) Ақпарат алмасу туралы хаттаманың IV бөліміне сәйкес берілген кәдімгі қару-жарақ пен техниканың орналасқан жер туралы ақпарат. (күнi) Жағдай бойынша жарамды.
V бөлiм. Бақылау объектілері және жарияланған орындары
туралы ақпарат
1. Хаттаманың V бөлiмiне сәйкес әрбiр Қатысушы мемлекет Инспекция туралы хаттаманың I бөлiмiнде белгiленгенiндей, өздерiнiң бақылау объектiлерi мен жарияланған орындары туралы тiзбе ұсынады. Жарияланған орындар алфавиттiк ретпен және Қатысушы мемлекеттiң нұсқамасымен және қашан қолданылатыны шектi төменгi деңгейiнiң аумағымен аталады.
2. Әрбiр жарияланған орын туралы ақпаратқа мыналар енедi:
(А) осы орын үшiн бұдан кейiнгi барлық ақпарат алмасуда пайдаланылатын жеке белгi (яғни жарияланған орынның тiркелген нөмiрi - в бағаны);
(В) географиялық атауы көрсетiлген атауы мен орналасқан жерi және 10 секундтық жақындыққа дейiнгi дәлдiкпен тұрған жерi (с бағаны);
(С) жарияланған орынға байланысты кiру/шығу пунктi(-терi) (d бағаны);
(D) осы Қосымшаның III бөлiмiнде көрсетiлгенiндей, жарияланған жерде орналасқан барлық бақылау объектiлерi құралымдарының немесе бөлiмдерiнiң жеке реттiк нөмiрi, атауы және тiркелiм нөмiрi, (e бағаны) жеке нөмiр былайша тағайындалады: тiзбеде жазылған, соңғы бақылау объектiсiнде берiлген нөмiр Қатысушы мемлекеттің бақылау объектiлерiнiң жалпы санына тең болуы керек;
(Е) жарияланған орында және әрбiр бақылау объектiсi бойынша қолдарында бар, Хаттаманың III бөлiмiнде көрсетiлген әр санаттағы кәдiмгi қару-жарақ пен техниканың жалпы саны (f-тен р бағанына дейiнгi) мыналарды қосымша көрсете отырып;
(1) жарияланған орынның әр санатындағы, бақылау объектiсiне жататын әрбiр осындай бақылау объектiсi құралымдардың немесе бөлiмдердiң атаулары мен тiркелiм нөмiрлерiн көрсете отырып (e бағаны), кәдiмгi қару-жарақ пен техника; және
(2) бақылау объектiсiне жатпайтын кәдiмгi қару-жарақ пен техника (f-тан р бағандарына дейiнгi) әр жазбаның жоғары/төменiмен тiкелей жалғасатын мынадай белгілермен келтiрiледi:
(а) бейбiт уақытта iшкi қауіпсiздiктi қамтамасыз ету қызметiн жүзеге асыру үшiн құрылған және құрылымдық ұйымдастырылған ұйымның қолда бар қару-жарағы мен техникасы - "Қауiпсiздiк" белгiсiмен;
(в) есептен шығарылған қару-жарақ пен техника - "Есептен шығарылды" белгiсiмен;
(с) экспортты немесе керi экспортты не экспорт немесе керi экспорт үшiн қайта жабдықтауды күткен қару-жарақ пен техника - "Экспорт" белгiсiмен;
(d) қайта жабдықтауды күткен, қысқартылған қару-жарақ пен техника - "Қысқартылған" белгiсiмен; және
(с) тек зерттеу және әзiрлеу мақсаттары үшiн пайдаланылатын қару-жарақ пен техника - "Зерттеу" белгiсiмен.
3. V кестенің соңғы жазбасында Қатысушы мемлекеттiң келесi шартты жылға жарияланған орны инспекциясының пассивтi үлесi көрсетiледi.
V кесте. (Қатысушы мемлекеттің) Бақылау объектілері және
жарияланған орындары туралы ақпарат. (күнi)
Жағдай бойынша жарамды.
4. Әрбiр Қатысушы мемлекет пунктке кiру/шығу тiзбесiн (VI кесте) ұсынады. Тiзбеде осы бөлімнiң 2-тармағының (с) тармақшасына сәйкес хабарланған, әрбiр орынның кiру/шығу пунктiн(-терiн) көрсету үшiн пайдаланылатын, жеке реттiк нөмiр белгiсi (в бағаны) тағайындалады. Орналасқан жерге географиялық атауы (с бағаны) және 10 ceкундтық жақындыққа дейiнгi (d бағаны) тұрған орны қосылады. Сонымен бiрге, әрбiр кiру/шығу (e бағаны) пунктi үшiн - "Әуе", "Теңiз", "Құрлық" сияқты көлiк құралдарының оңтайлы түрлерi көрсетiледi.
VI кесте. (Қатысушы мемлекеттiң) Кіру/шығу пункттері (КШП).
(күнi) Жағдай бойынша жарамды.
І кесте. (Қатысушы мемлекеттің) Құрлық әскерлерінің,
әскери-әуе күштерінің және әуе шабуылынан қорғаныс
әскерлері авиациясының қолбасшылығын ұйымдастыру.
(күні) Жағдай бойынша жарамды.
__________________________________________________________________
Реттік!Құралымның!Құралымның ! Бағыныстылығы ! Бейбіт !Жеке
нөмірі!немесе !немесе !----------------!уақыттағы !құрамның
!бөлімнің !бөлімнің !1-ші ! 2-ші !орналасқан!саны
!тіркелім !белгіленуі !жоғары !жоғары !жері* !
!нөмірі ! !саты. !саты. ! !
! ! !дағы !дағы ! !
! ! !деңгей !деңгей ! !
__________________________________________________________________
(а) ! (b) ! (c) ! (d) ! (e) ! (f) ! (g)
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
* Еуропадағы кәдімгі қарулы күштердің жеке құрамының саны туралы келіссөздердің қорытынды актісінің ІV-бөлімінің 1-тармағына сәйкес.
ІІА-кестесі. (Қатысушы мемлекеттің) Сандық шектеуге жататын
жауынгерлік танктерінің, жауынгерлік броньды
машиналары мен артиллериясының жалпы саны.
(күні) Жағдай бойынша жарамды.
__________________________________________________________________
Реттік !Егер бұл ! Санаты !Төменгі! Түрі ! Жалпы саны ! ТҚСБО
нөмірі !қолданыла. ! !санаты ! !(ТҚСБО қоса) ! саны
!тын болса, ! ! ! ! !
!Қатысушы ! ! ! ! !
!мемлекеттің! ! ! ! !
!аумағы және! ! ! ! !
!шекті тө. ! ! ! ! !
!менгі дең. ! ! ! ! !
!гейлі аумақ! ! ! ! !
__________________________________________________________________
(а) ! (b) ! (c) ! (d) ! (e) ! (f) ! (g)
__________________________________________________________________
IIВ кесте. (Қатысушы мемлекеттiң) Сандық шектеуге жататын
жауынгерлік ұшақтарының және соққы беруші
тікұшақтарының жалпы саны. (күнi)
Жағдай бойынша жарамды.
__________________________________________________________________
Реттік ! Аумағы ! Санаты ! Төменгі санаты ! Түрі ! Жалпы саны
нөмірі !
__________________________________________________________________
(а) ! ! (b) ! (c) ! (d) ! (е)
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
IIС кесте. (Қатысушы мемлекеттiң) Шарттың қолданысына
жататын кәдімгі қару-жарақ пен техникасының
белгіленген түрлерінің жалпы саны. (күнi)
Жағдай бойынша жарамды.
__________________________________________
Реттік ! Санаты ! Түрі ! Жалпы саны
нөмірі ! ! !
__________________________________________
(а) ! (b) ! (c) ! (d)
__________________________________________
__________________________________________
IID кесте. (Қатысушы мемлекеттiң) Еуропадағы кәдімгі қарулы
күштердің жеке құрамының саны туралы келіссөздің
қорытынды актісінің IV бөлімінің 1-тармағына сәйкес
берілген жеке құрамның жиынтық саны туралы ақпарат.
(күнi) Жағдайы бойынша жарамды.
__________________________________________
Реттік ! Санаты ! Төменгі ! Жалпы саны
нөмірі ! ! санаты !
__________________________________________
(а) ! (b) ! (c) ! (d)
__________________________________________
__________________________________________
ІІІА кесте. (Қатысушы мемлекеттің) Ақпарат алмасу туралы
хаттаманың ІІІ бөліміне сәйкес берілген кәдімгі
қару-жарақ пен техниканың орналасқан жері, саны
және түрі туралы ақпарат. (күні) Жағдай бойынша
жарамды.
__________________________________________________________________
Рет.!Құрал.!Құрал.!Бейбіт!Жеке !Жауын.!Жауын.!БТР !Арти.!ТМУ!Соққы
тік !ымның !ымның !уақыт.!құрам.!герлік!герлік!және!лле. ! !беруші
нө. !немесе!немесе!тағы !ның !танк. !бронь.!ЖӘЖМ!рия ! !тікұш.
мірі!бөлім.!бөлім.!орна. !саны* !тер !ды !тә. ! ! !ақтар
!нің !нің !ласқан! ! !маши. !різ.! ! !
!тірке.!атауы !жері ! ! !налар !ді ! ! !
!лім ! ! ! ! ! ! ! ! !
!нөмірі! ! ! ! ! ! ! ! !
____!______!______!______!______!______!______!____!_____!___!_____
(a) ! (b) ! (c) ! (d) ! (e) ! (f) ! (g) ! (h)! (i) !(j)! (k)
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
таблицаның жалғасы:
_______________________
Жауын.!Қару. !Техни. !
герлік!ланба. !каның !
қамта.!ған !түрі !
масыз !көлік. ! !
ету !тік ! !
тікұш.!тікұш. ! !
ақтары!ақтар ! !
______________________!
(l) ! (m) ! (n) !
_______________________
_______________________
* Еуропадағы кәдімгі қарулы күштер жеке құрамының саны туралы келіссөздердің қорытынды актісінің ІV-бөлімінің І-тармағына сәйкес.
ІІІВ кесте. (Қатысушы мемлекеттің) Ақпарат алмасу туралы
хаттаманың ІІІ бөліміне сәйкес берілген кәдімгі
қару-жарақ пен техниканың орналасқан жері, саны
және түрі туралы ақпарат. (күні) Жағдай бойынша
жарамды.
__________________________________________________________________
Рет.!Құрал.!Құрал.!Бейбіт!Жеке !Жауын.!Қайта !Оқу- !Соққы
тік !ымның !ымның !уақыт.!құрам.!герлік!топтас.!жаттығу !беруші
нө. !немесе!немесе!тағы !ның !ұшақ. !тырыл. !ұшақтары!тікұшақ.
мірі!бөлім.!бөлім.!орна. !саны* !тар !ған оқу! !тар
!нің !нің !ласқан! ! !-жат. ! !
!тірке.!атауы !жері ! ! !тығу ! !
!лім ! ! ! ! !ұшақ. ! !
!нөмірі! ! ! ! !тары ! !
____!______!______!______!______!______!_______!________!_________
(a) ! (b) ! (c) ! (d) ! (e) ! (f) ! (g) ! (h) ! (i)
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
таблицаның жалғасы:
______________________________
Жауын.!Қару. !Басқа.!Техни. !
герлік!ланба. !лар !калар !
қамта.!ған ! !түрі !
масыз !көлік. ! ! !
ету !тік ! ! !
тікұш.!тікұш. ! ! !
ақтары!ақтар ! ! !
_____________________________!
(j ! (k) ! (l) ! (m) !
_____________________________!
______________________________
* Еуропадағы кәдімгі қарулы күштер жеке құрамының саны туралы келіссөздің қорытынды актілерінің ІV-бөлімінің І-тармағына сәйкес.
ІV кесте. (Қатысушы мемлекеттің) Ақпарат алмасу туралы
хаттаманың IV бөліміне сәйкес берілген кәдімгі
қару-жарақ пен техниканың орналасқан жері туралы
ақпарат. (күні) Жағдай бойынша жарамды.
__________________________________________________________________
Рет.!Хатта. !Орна.!Жауын.!Жауын.!Артил.!Соққы !Жауын.!Техника!Жеке
тік !маға !лас. !герлік!герлік!лерия !беруші!герлік! түрі !құрам.
нө. !сілтеме!қан !танк. !бронь.! !тік. !ұшақ. ! !ның
мір ! !жері !тер !ды ма.! !ұшақ. ! тар ! !саны*
! ! ! !шина. ! ! тар ! ! !
! ! ! !лар ! ! ! ! !
____!_______!_____!______!______!______!______!______!_______!____
(a) ! (b) ! (c) ! (d) ! (e) ! (f) ! (g) ! (h) ! (i) ! (j)
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
* Еуропадағы кәдімгі қарулы күштердің жеке құрамының саны туралы келіссөздің қорытынды актісінің ІV-бөлімінің І-тармағына сәйкес.
V-кесте. Бақылау объектілері және жарияланған орындар
туралы ақпарат. (күні) Жағдай бойынша жарамды.
__________________________________________________________________
Рет.! Тір.!Жария. !Кіру/ !Бақы. !Жауын.!Жауын. !БТР !Арти.!ТМУ!Соқ.
тік ! ке. !ланған !шығу !лау !герлік!герлік !мен !лле. ! !қы
нө. ! лім !жердің !пунк. !объек.!танк. !бронь. !ЖМБ !рия ! !беру.
мірі! нө. !орна. !ті !тісі !тер !ды ма. !тә. ! ! !ші
! мірі!ласқан ! ! ! !шина. !різ.! ! !тік.
! !тұрағы ! ! ! !лар !дес.! ! !ұшақ.
! ! ! ! ! ! !тер ! ! !тар
____!_____!_______!______!______!______!_______!____!_____!___!___
(a) (b) (c) (d) (e) (f) (g) (h) (i) (j) (k)
__________________________________________________________________
таблицаның жалғасы:
___________________________________________
Жауын.!Қару- !Жауын.!Қайта !Оқу- !Техни.!
герлік!жарақ. !герлік!топтал.!жатты.!калар !
қамта.!танба. ! ұшақ.! ған ! ғу !түрі !
масыз !ған кө.! тар !оқу- !ұшақ. ! !
ету !лік ! !жатты. !тары ! !
тік. !тікұш. ! ! ғу ! ! !
ұшақ. !ақтар ! !ұшақ. ! ! !
тары ! ! !тары ! ! !
______!_______!______!_______!______!______!
(l) (m) (n) (o) (p) (q)
____________________________________________
____________________________________________
VI-кесте. (Қатысушы мемлекеттің) Кіру/шығу пункттері (КШП).
(күні) Жағдай бойынша жарамды.
____________________________________________________________
Реттік нөмірі ! КШП тіркеу ! КШП атауы ! Орналасқан ! Түрі
! нөмірі ! ! жері !(лері)
____________________________________________________________
(a) (b) (c) (d) (e)
____________________________________________________________
____________________________________________________________
Инспекция туралы хаттама алынып тасталады және мынадай мазмұнмен ауыстырылады:
Қатысушы мемлекеттер осы Еуропадағы кәдiмгi қарулы күштер туралы шарттың XIV бабында көзделгенiндей, инспекцияны өткiзудi ретке келтiретiн рәсiмдер және басқа да ережелер туралы келiседi.
I бөлiм. Анықтаулар
1. Шарттың мақсаттары үшiн:
(А) "Инспекциялаушы Қатысушы мемлекет" терминi Шарттың XIV бабына сәйкес инспекция өткiзетiн аумақтағы Қатысушы мемлекеттi бiлдiредi:
(1) инспекция жерлерiне қарай Шартпен шектелетiн кәдiмгi қару-жарақ пен техника тұратын тек бiр Қатысушы мемлекет, бұл Қатысушы мемлекет осы Хаттама ережелерiне сәйкес инспекция жүргiзу кезiнде оның Шартпен шектелетiн кәдiмгi қару-жарағы мен техникасы орналасқан инспекция жерiнің шегiнде осы Хаттамада олар белгiленгенiндей инспекциялаушы Қатысушы мемлекеттiң құқықтары мен мiндеттерiн жүзеге асырады; және
(2) инспекция жерiне қарай, Шартпен шектелетiн кәдiмгi қару-жарақ пен техниканы ұстайтын, бiр Қатысушы мемлекет, осы Хаттаманың ережелерiне сәйкес осындай әр Қатысушы мемлекет Шартпен шектелетiн, өздерiнiң кәдiмгi қару-жарағы мен техникасына қатысты әрқайсысы Қатысушы мемлекеттiң құқы мен мiндеттерiн, олардың осы хаттамада көрсетiлгенiндей Шартпен шектелетiн оның кәдiмгi қару-жарағы мен техникасы орналасқан, инспекция сол жерiнiң шегiндегi инспекция өтiп болғанша жүзеге асырады; және
(В) "Қабылдаушы Қатысушы мемлекет" терминi басқа Қатысушы мемлекеттiң кәдiмгi қарулы күштерiнiң қару-жарағында бар, қолданыс ауданының шегіндe кәдімгi қару-жарақ пен техниканы өз аумағында қабылдайтын Қатысушы мемлекеттi бiлдiредi.
(С) "Инспекция жасаушы Қатысушы мемлекет" терминi сұрау салатын және сөйтіп инспекция өткiзуге жауап беретiн Қатысушы мемлекеттi бiлдiредi.
(D) "Инспектор" терминi инспекция өткiзу үшiн Қатысушы мемлекеттің бiрi тағайындаған және осы Хаттаманың III бөлiмiнің ережелерiне сәйкес аталған Қатысушы мемлекеттiң қабылданған инспекторлар тiзiмiне қосылған тұлғаны бiлдiредi.
(Е) "Көлiк құралы экипажының мүшесi" терминi көлiк құралын пайдалануға байланысты мiндеттердi орындайтын және осы Хаттаманың III бөлiмiнің ережелерiне сәйкес Қатысушы мемлекеттің көлiк құралы экипажының қабылданған мүшелер тiзiмiне, қосылған тұлғаны білдiредi.
(F) "Инспекциялық топ" терминi нақты инспекцияны өткiзу үшiн инспекция жасайтын Қатысушы мемлекеттiң өкілдерiне басшылық жасайтын бiр немесе одан да көп Қатысушы мемлекеттердің инспекторлар тобын бiлдiредi.
(G) "Еріп жүру" терминi нақтылы инспекция өткiзетiн инспекторларға ерiп жүру және жәрдемдесу үшiн, сондай-ақ Шартпен шектелетiн кәдiмгi қару-жарақ пен техниканы инспекциядан өткiзудің жағдайына қарай бiр Қатысушы мемлекет басқа Қатысушы мемлекеттiң аумағында тұрса, осы екi Қатысушы мемлекеттiң әрқайсысы егер тек олар өзгеше келiспесе, ерiп жүретiн топқа қосылатын тұлғаларды тағайындайды және басқа да мiндеттердi орындау үшiн инспекция жасайтын Қатысушы мемлекет бөлген топты бiлдiредi.
(Н) "Инспекция орны" терминi инспекция өткiзетiн ауданды, жердi немесе объектiнi бiлдiредi.
(I) "Бақылау объектiсi" терминi:
(1) ұйымдастырушылық деңгейдегi бригадалар/полктер, авиақанат/әуе полкi, жеке батальон/артиллерия дивизионы, жеке эскадрилья немесе балама деңгейдегi кез келген құралымдар немесе бөлiмдер, сондай-ақ Ақпарат алмасу туралы хаттаманың III бөлiмi I-тармағының (А) тармақшасына сәйкес хабарланған, орналасқан жерiнде Шартпен шектелетiн, қолында кәдiмгi қару-жарағы мен техникасы бар бригадалар/полктер, авиақанат/әуе полкi деңгейiнен төмен қолбасшылықтың келесi деңгейiндегi кез келген жеке орналасқан батальон/эскадрильяны немесе соған балама бөлiмдердi;
(2) осы тармақшаның (1) төменгi тармақшасында ескертiлгенiндей құралымдар мен бөлiмдердің штаттық құрамында тұрмайтын, кез келген тұрақты қоймалық сақтаудың белгіленген орнын, қоймалық сақтаудың әскери орнын, жөндеу немесе қызмет көрсету жөнiндегi жеке бөлiмдi, Ақпарат алмасу туралы хаттаманың III бөлiмi 3-тармағының (А) және (В) тармақшасына сәйкес Шартпен шектелетiн кәдiмгi қару-жарақ пен техниканың тұрақты немесе әдеттегi орналасқан жерi ретiнде хабарланатын әскери оқу мекемелерiн немесе әскери әуеайлақты;
(3) Ақпарат алмасу туралы хаттаманың III бөлiмi 3-тармағының (С) тармақшасына сәйкес хабарланғандай Шартпен шектелетiн кәдiмгi қару-жарақ пен техниканың қысқару орнын;
(4) бригадалар/полктер немесе соның балама деңгейiнен жоғары бөлiмдерге немесе құралымдарға тiкелей бағындырылған, Шартпен шектелетiн, қолдарында кәдiмгi қару-жарағы мен техникасы бар, батальон деңгейiнен төмен бөлiмдердiң жағдайына қарай батальон деңгейiнен төмен бөлiмдерге тiкелей бағындырылған бөлiмдер немесе құралымдар, егер оларда бригадалар/полктер немесе сондай балама деңгейiндегi бағынысты бөлiмдер немесе құралымдар болмаса, бақылау объектiсi болып есептеледi; және
(5) Шарттың қолданыс күшiне жататын, қолдарында кәдiмгi қару-жарағы мен техникасы бар, бiрақ Қатысушы мемлекеттiң кәдiмгi қарулы күштерiнiң қару-жарағында тұрмайтын құрылым немесе бөлiм бақылау объектiсi болып саналмайтынын бiлдiредi.
(J) "Әскери әуеайлақ" терминi Шартпен шектелетiн немесе iшкi инспекциялауға жататын операцияларды жиi орындайтын яғни, басқаша кем дегенде алты жауынгерлiк ұшақты немесе жауынгерлiк тiкұшақты кәдiмгi ұшыру мен қондыруға бақылау объектiсiн ұстамайтын тұрақты әскери кешендi бiлдiредi.
(K) "Әскери оқу орны" терминi әскери бөлiм немесе бөлiмшеде Шартпен шектелетiн кәдiмгi қару-жарақ пен техниканың кем дегенде 30 бiрлiгiн немесе Шартпен шектелетiн кез келген санаттағы кәдiмгi қару-жарақ пен техниканың 12 бiрлiгiнен астамын пайдаланатын әскери персоналды дайындау үшiн ұйымдастырылған, өзге бақылау объектiсiн ұстамайтын объектiнi бiлдiредi.
(L) Бақылау объектiсi ретiнде сәйкестендiрiлген құралымдар мен бөлiмдердің штат құрамында тұрмайтын "Қоймалық сақтау әскери орны" терминi ұйымдастырушылық немесе жедел мәртебесiне қатыссыз, Шартпен шектелетiн кәдiмгi қару-жарағы мен техникасы қолдарында бар, iшкi қауiпсiздiгiн жиi қамтамасыз ету мақсаттары үшін құрылған және құрылымдық ұйымдастырылған, тұрақты қоймалық сақтаудың белгiленген орнынан немесе ұйымдарға бағынысты орындардан өзге, кез келген қоймалық сақтау орнын бiлдiредi. Сондай орындарда ұсталатын, Шартпен шектелетiн кәдiмгi қару-жарақ пен техника, Ұлттық шектi деңгейлер туралы хаттамаға сәйкес тұрақты бөлiмдерде есепке алынатын, рұқсат берiлген қолдағы санның бөлiгiн құрайды.
(M) "Жарияланған орын" терминi объектiнi немесе бiр немесе одан да көп бақылау объектiлерiн ұстайтын дәл сұлбасы сызылған географиялық орынды бiлдiредi. Жарияланған орын оның жасанды немесе табиғи сыртқы шекарасының немесе шекаралары шегiндегi барлық аумақтан, сондай-ақ онымен байланысты атыс орындары, жаттығу ауданы, қызмет көрсету және сақтау орындары, тұрақты немесе әдеттегiдей жауынгерлiк танктер, жауынгерлiк броньды машиналар, артиллерия, жауынгерлiк тiкұшақтар, жауынгерлiк ұшақтар, қайта топтастырылған оқу-жаттығу ұшақтары, броньды транспортерлер тәрiздi, жаяу әскерлердiң жауынгерлiк машиналары тәрiздi немесе танкiлiк көпiр салушылар тұратын тiкұшақ алаңдары мен темiр жолдағы тиеу-түсiру алаңдары енген аумақтан тұрады.
(N) "Аталған аудан" терминi осы Хаттаманың VII, X немесе XI бөлiмдерiне сәйкес инспекцияланатын орын болып табылмайтын, оның шегiнде осы Хаттаманың VIII бөлiмiнiң талабы бойынша инспекция жүргiзiлетiн, қолданыс ауданы шегiнде Қатысушы мемлекет аумағының кез келген жерiндегi ауданды бiлдiредi. Осы аудандағы кез келген екi нүкте арасындағы бiрде-бiр түзу сызық 16 шақырымнан аспайды.
(O) "Белгiленген аудан" терминi осы Хаттаманың IX бөлiмiне сәйкес инспекция өткiзетiн, қолданыс ауданы шегiнде Қатысушы мемлекет аумағының жеке ауданын бiлдiредi.
Осы Хаттаманың IX бөлiмнің 3-тармағына сәйкес өткiзiлетiн инспекцияның жағдайына қарай белгiленген ауданның көлемi Ақпарат алмасу туралы хаттаманың ХVIII бөлiмiнiң 3-тармағына сәйкес хабарламада көрсетiлген аудан көлемiнен екi еседен артық емес немесе несi көп, соған байланысты 10 000 шаршы шақырымнан аспайды, бiрақ кемiнде 1 000 шаршы шақырымды құрайды. Егер хабарламада көрсетiлген аудан көлемi аз немесе 5 000 шаршы шақырымға тең болса, онда белгiленген аудан хабарламада көрсетiлген барлық ауданды қосып алады. Егер жазбаша ескертпеде көрсетiлген аудан көлемi 5 000 шаршы шақырымнан acca, ең болмағанда белгіленген ауданның жартысы хабарламада көрсетiлген ауданмен дәл келедi. Белгiленген ауданға, осы ауданның шегiндегi кез келген екi нүкте арасындағы бiрде-бiр түзу сызық 350 шақырымнан аспаса, осындай пiшiн берiледi, егер тек, Ақпарат алмасу туралы Хаттаманың ХVIII бөлiмiнің 3-тармағына сәйкес хабарламада көрсетiлген аудан пiшiнi хабарламада көрсетiлген аудан шегiнде кез келген екi нүкте арасында барынша ұзын түзу сызықты 350-ден артық шақырымға жүргiзуге жол берiлмесе, соңғы жағдайда белгiленген ауданға, хабарламада көрсетiлген ауданды көктей өтетiн барынша ұзын түзу сызық және одан ұзындығы бойынша артық емес түзу сызықты қосқаны үшiн осындай пішін берiлуi мүмкiн.
Осы Хаттаманың IX бөлiмiнiң 4 және 5 тармақтарына сәйкес жүргiзiлетiн инспекцияның қолданылуына қарай белгiленген аудан алаңы 10 000 шаршы шақырымнан аспайды. Белгiленген аудан хабарламада көрсетiлген ауданмен тым болмаса 25 пайызға сәйкес келедi. Белгiленген ауданға, осы ауданның шегiндегi кез келген екi нүкте арасындағы бiрде-бiр түзу сызық 350 шақырымнан аспаса, осындай пiшiн берiледi, егер тек, Ақпарат алмасу туралы Хаттаманың ХVIII бөлiмiнiң 3-тармағына сәйкес хабарламада көрсетiлген аудан пiшiнi хабарламада көрсетiлген аудан шегiнде кез келген екi нүкте арасында барынша ұзын түзу сызықты 350-ден артық шақырымға жүргiзуге жол берiлмесе, соңғы жағдайда белгіленген ауданға, хабарламада көрсетiлген ауданды көктей өтетiн барынша ұзын түзу сызық және одан ұзындығы бойынша артық емес түзу сызықты қосқаны үшiн осындай пiшiн берiлуi мүмкiн.
(Р) "Сезiмтал пункт" терминi инспекциялаушы Қатысушы мемлекеттің немесе инспекцияланатын Қатысушы мемлекеттің құқығы мен мiндеттемелерiн жүзеге асырушы Қатысушы мемлекеттiң ерiп жүру тобы арқылы және өтуге рұқсат етуге қатысты немесе айналып ұшу кезiнде кiдiртуi, шектеуi немесе қабылдауы мүмкін болатын сезiмталдық peтіндe белгiленген кез келген техникасын, құрылысын немесе орнын бiлдiредi.
(Q) "Кiру/шығу пунктi" терминi инспекция өткiзетiн аумақта Қатысушы мемлекет көрсеткен, Қатысушы мемлекеттiң аумағына инспекциялық топтар мен көлiк құралдары экипаждарының келетiн және сол Қатысушы мемлекеттің аумағынан олардың кететiн пунктiн бiлдiредi.
(R) "Елде болу мерзiмi" терминi осы Хаттаманың VII және VIII бөлiмдерiне сәйкес инспекция өткiзу үшiн кiру/шығу пунктiне инспекциялық топтардың келу сәтiнен бастап, сол инспекцияның соңғы инспекциясы аяқталғаннан кейiн кiру/шығу пунктiнен инспекциялық топтардың кету сәтiне дейiн Қатысушы мемлекеттiң аумағында инспекция өткiзген инспекциялық топтың үздiксiз болған жалпы уақытын бiлдiредi.
(S) "Жарияланған жердің пассивтiк үлесi" терминi осы Хаттаманың VII бөлiмiне сәйкес бақылау объектiлерiндей инспекцияның жалпы санын бiлдiредi, онда әрбiр Қатысушы мемлекет Шарт жасасқан жыл iшiнде оның бақылау объектiлерi орналасқан, инспекция өткiзiлген жерде қатысуға мiндеттi.
(Т) "Талап бойынша инспекцияның пассивтiк үлесi" терминi осы Хаттаманың VIII бөлiмiне сәйкес көрсетiлген ауданның шегiнде талап бойынша инспекцияның барынша жоғары санын бiлдiредi, онда әрбiр Қатысушы мемлекет қолданыс ауданының аумағымен шарт жасасқан жыл iшiнде қабылдауға мiндеттi.
(U) "Инспекцияның белсендi үлесi" осы Хаттаманың VII және VIII бөлiмдерiне сәйкес инспекцияның жалпы санын бiлдiредi, онда әрбiр Қатысушы мемлекет шарт жасасқан жыл iшiнде инспекция өткiзуге құқылы.
(V) "Сертификаттау орны" терминi Тiкұшақтарды қайта топтастыру хаттамасы мен Ұшақтарды қайта топтастыру хаттамасына сәйкес көп мақсатты соққы берушi тiкұшақтарды қайта топтастыруды және жаттығу ұшақтарын қайта топтастыруды сертификаттау өткiзiлетiн дәл белгiленген жердi бiлдiредi.
(W) "Есеп берудiң күнтiзбелiк кезеңi" терминi күндерi көрсетiлген уақыт кезеңiн бiлдiредi, соның iшiнде Шарттың VIII бабына сәйкес белгiленген Шартпен шектелетiн әдеттегi қару-жарақ пен техника бiрлiгiнің жоспарланған санын белгiленген қысқартуды жүзеге асыруға жатады.
II бөлiм. Жалпы міндеттер
1. Шарттың ережелерiн сақтау үшiн бақылауды қамтамасыз ету мақсатында әрбiр Қатысушы мемлекет осы Хаттамаға сәйкес инспекция өткiзуге жәрдемдеседi.
2. Басқа Қатысушы мемлекеттің аумағының қолданыс ауданындағы Қатысушы мемлекеттiң кәдiмгi қарулы күштерiнің қару-жарағында тұрған кәдiмгi қару-жарақ пен техниканың жағдайына қарай сол Қатысушы мемлекеттер ынтымақтастықтың өздерiне тиiстi мiндеттерiн орындауда осы Хаттама ережелерiнің сақталуын қамтамасыз етедi. Әрбiр Қатысушы мемлекет басқа Қатысушы мемлекеттiң аумағында оның кәдiмгi қарулы күштерінің қару-жарағында тұрған, оның кәдiмгi қару-жарағы мен техникасына қатысты шарт мiндеттемелерiнiң сақталуына толық жауап бередi.
3. Iлесiп жүретiн топ инспекциялайтын Қатысушы мемлекетке былай есеп бередi:
(А) Шартпен шектелетiн, кәдiмгi қару-жарақ пен техника тұрған, инспекция өткiзiлетiн жердiң жағдайына қарай, тек сол Қатысушы мемлекеттiң қолбасшылығында тұрған, инспекция өткiзiлетiн аумақтың Қатысушы мемлекетi болып табылмайтын тек Қатысушы мемлекеттiң еріп жүретiн тобы сол Қатысушы мемлекеттiң, Шартпен шектелетiн кәдiмгi қару-жарағы мен техникасы бар инспекцияның сол жерiнiң шегiнде инспекция болған күндерiнде сол Қатысушы мемлекетке бередi.
(В) Шартпен шектелетiн кәдiмгi қару-жарағы мен техникасы бар инспекция өтетiн жердің жағдайына қарай инспекция өткiзетiн аумақтың Қатысушы мемлекет сияқты басқа да Қатысушы мемлекеттің ерiп жүретiн тобы басқа Қатысушы мемлекеттiң иелiгiндегi Шартпен шектелетiн кәдiмгi қару-жарағы мен техникасы шын мәнiнде инспекцияланатын екi Қатысушы мемлекеттiң өкiлдерiнен тұрады. Инспекцияның сол жерiнiң шегiнде инспекция өткiзу кезiнде осы инспекция өткiзiлетiн аумақта Қатысушы мемлекет сол Қатысушы мемлекет жүзеге асыратын басқа Қатысушы мемлекеттiң иелiгiндегi шартпен шектелетiн кәдiмгi қару-жарақ пен техниканы инспекциялаумен байланысты құқығы мен мiндеттерiнен басқа инспекциялайтын Қатысушы мемлекеттің құқығы мен мiндеттерiн жүзеге асырады.
(С) басқа Қатысушы мемлекетке жататын, Шартпен шектелетiн кәдiмгi қару-жарақ пен техникаға инспекция өткiзiлетiн аумақта Қатысушы мемлекеттің келiсiмiмен сол Қатысушы мемлекет қабылдайтын Қатысушы мемлекетке инспекция өтетiн барлық мерзiм ішіндe инспекциялайтын және ерiп жүретiн топтардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге көмек көрсетедi.
4. Егер инспекциялық топ инспекциялайтын Қатысушы мемлекеттің келiсiмi бойынша басқа Қатысушы мемлекет пайдаланған құрылысқа немесе объектiге рұқсат сұраса, сондай басқа Қатысушы мемлекет инспекциялайтын Қатысушы мемлекетпен ынтымақтаса отырып оның пайдалану туралы келiсiмiне сәйкес көлемде сол құрылысты немесе объектiлердi пайдаланған Қатысушы мемлекеттiң техникасына немесе материалдық бөлiмiне байланысты инспекцияға қатысты осы Хаттамада баяндалған құқығы мен мiндеттерiн жүзеге асырады.
5. Инспекциялайтын Қатысушы мемлекеттiң келiсiмi бойынша басқа Қатысушы мемлекет пайдаланатын құрылыс немесе объектiлер сол басқа Қатысушы мемлекеттің өкiлi ерiп жүретiн топтың құрамына енген жағдайда ғана инспекция жасауға жатады.
6. Инспекциялық топтар мен кiшi топтар инспекциялайтын Қатысушы мемлекетке бағынысты және оған есеп бередi.
7. VII немесе VIII бөлiмдерiне сәйкес инспекция өткiзетiн кез келген бiр жердегi инспекцияда бiр мезгiлде бiреуден артық инспекциялық топ болмайды.
8. Осы Хаттаманың басқа ережелерiн сақтай отырып, инспекциялайтын Қатысушы мемлекет әр инспекциялау тобының инспекция өткiзiлетiн Қатысушы мемлекеттiң аумағында қанша мерзiмдiк кезеңге қалатынын, сондай-ақ оның елде болған кезеңi iшiнде қанша инспекция және қай жерде инспекция өткiзетiнін айқындайды.
9. Инспекция өткiзгенге дейiн кiру/шығу пунктiне инспекциялық топты әкелу және соңғы инспекцияның аяқталуынан кейiн кiру/шығу пунктiнен әкету шығынын инспекциялайтын Қатысушы мемлекет көтередi.
10. Әр шартты жылда әрбiр Қатысушы мемлекет осы Хаттаманың VII немесе VIII бөлiмдерiне сәйкес оның жарияланған орны инспекциясының пассивтiк үлесiнен аспайтын инспекция санын қабылдауға мiндеттi. Жарияланған орны инспекциясының пассивтiк үлесi Ақпарат алмасу туралы хаттаманың V бөлiмiне сәйкес жазбаша ескертiлген, осы Қатысушы мемлекеттiң бақылау объектiлерiнiң (ең жақын бүтiн санға дейiн) 20 пайызын құрайды.
11. Қолданыс ауданы шегiнде аумағы бар әрбiр Қатысушы мемлекет жарияланған орын инспекциясы санынан (ең жақын бүтiн санға дейiн жинақтап) 23 пайызға дейiн құрайтын талап бойынша инспекция санын қабылдауға мiндеттi, онда осы Қатысушы мемлекет өзінің бақылау объектiлерiн және басқа Қатысушы мемлекеттерге жататын бақылау объектiлерiн өз аумағында қабылдауға мiндеттi.
12. Осы бөлімдегі кез келген басқа шектеулерге қатысы жоқ әрбiр Қатысушы мемлекет осы Хаттаманың VII бөлiмiне сәйкес әр шартты жылда өздерiнiң бақылау объектiлерiнiң кемiнде бiр инспекциясын қабылдауға мiндеттi және қолданыс ауданында аумағы бар әрбiр Қатысушы мемлекет осы Хаттаманың VIII бөлiмiне сәйкес аталған аудан шегiнде әр шартты жылда кемi бiр инспекция қабылдауға мiндеттi.
13. Осы Хаттаманың VII және VIII бөлiмдерiне сәйкес өткiзiлетiн инспекциялармен байланысты шығындар былайша төленедi:
(А) ең жақын бүтiн санға дейiн жинақталған жарияланған орын инспекциясының пассивтiк үлесінің 75 пайызын құрайтын инспекция саны, бiрақ осы Хаттаманың VIII бөлiмiне сәйкес кемi бiр инспекцияны және VIII бөліміне сәйкес бiр инспекцияны инспекциялайтын Қатысушы мемлекет есебiнен өткiзедi; және
(В) ең жақын бүтiн санға дейiн жинақталған жарияланған орын инспекциясының пассивтiк үлесiнің 25 пайызын құрайтын инспекциялар саны инспекциялайтын Қатысушы мемлекет есебiнен жүргiзiледi. Осындай төлемдi жүзеге асыру тәртiбiн Бiрлескен кеңес берушi топтың шешiмi айқындайды.
14. IX бөлiмге сәйкес инспекция инспекциялайтын Қатысушы мемлекет есебiнен жүргiзiледi.
15. Әр шартты жылда Ресей Федерациясы осы бөлiмнiң 10-тармағына сәйкес есептелген, өзiнiң жарияланған орын инспекциясының пассивтiк үлесiне қосымша инспекциялайтын Қатысушы мемлекет есебiнен өткiзiлетiн, жалпы алғанда онға дейiн қосымша жарияланған орын инспекциясын қабылдайды және былай бөледi:
(А) құрамына Псков облысы; Волгоград облысы; Астрахань облысы; "Кущевская - Волгодонск - Волгоград облысының шекарасы" линиясынан шығысқа қарай Ростов облысының бөлiгi; Волгодонскiнi қоса; сондай-ақ Кущевская және Кущевскаяға апаратын Краснодар аймағындағы тар дәлiз енетiн ауданға төрт инспекцияға дейiн;
(В) құрамына осы тармақтың (А) тармақшасында көрсетiлген аудандардан басқа Ленинград әскери округi мен Солтүстiк Кавказ округi енетiн ауданға алты инспекцияға дейiн.
16. Әр шартты жылда Украина осы бөлiмнің 10-тармағына сәйкес есептелген, өзiнің жарияланған орын инспекциясының пассивтiк үлесiнiң қосымшасында инспекциялайтын Қатысушы мемлекет есебiнен өткiзiлетiн Одесса облысында бiр жарияланған орын инспекциясын қабылдайды.
17. Осы бөлiмнің 15 немесе 16-тармақтарына сәйкес жарияланған орындарда өткізiлетiн жарияланған орынның қосымша инспекция саны онда сол шартты жылда осы бөлiмнiң 15 және 16-тармақтарында көрсетiлген аудандарда орналасқан жарияланған орында өткiзiлетiн жарияланған орын инспекциясының пассивтiк үлесi есебiндегi инспекция санынан аспайды.
18. Осы Хаттаманың VII бөлiмiне сәйкес инспекция бiр бақылау объектiсi инспекциясының орнына қай бақылау объектiсi инспекцияланатын болса, сол Қатысушы мемлекеттiң жарияланған орын инспекциясының пассивтi үлесінің бiр инспекциясы ретiнде есептеледi.
19. Осы Хаттаманың VII бөлiмiне сәйкес Қатысушы мемлекет аумағында басқа Қатысушы мемлекетке жататын бақылау объектiлерiн инспекциялау үшiн пайдаланылатын инспекция үлесi аталған қабылдаушы Қатысушы мемлекет аумағында тұрған бақылау объектiлерінің жалпы санын құрайтын сол Қатысушы мемлекеттiң сондай үлесiнен аспайды.
20. Осы Хаттаманың VII бөлiмiне сәйкес кез келген Қатысушы мемлекет аумағындағы бақылау объектiлерiнің инспекция саны сол Қатысушы мемлекет аумағында орналасқан бақылау объектiлерiнiң жалпы санынан пайыздық ретпен есептеледi.
21. Осы Хаттаманың VIII бөлiмiне сәйкес аталған бiр аудан шегiндегi инспекция талап бойынша инспекцияның пассивтiк үлесiнiң бiр инспекциясы және инспекция қай аумақта өткiзiлсе, Қатысушы мемлекеттiң жарияланған орын инспекциясы пассивтiк үлесiнiң бiр инспекциясы ретiнде есепке алынады.
22. Егер тек ерiп жүретiн топ пен инспекциялық топ басқаша келiспесе, инспекциялық топтың елде болған кезеңiнде жалпы санның 10 күнiне дейiн мынадай формулаға сәйкес есептелген сағаттардың жалпы санынан аспайды,:
(А) бақылау объектiсiнің бiрiншi инспекциясы үшiн немесе аталған аудан шегіндe 48 сағат; қосымша
(В) бақылау объектiсiнің әрбiр кезектегi инспекциясы үшiн немесе аталған аудан шегiнде 36 сағат.
23. Осы бөлiмнің 22-тармағындағы шектеулердi сақтай отырып, осы Хаттаманың VII немесе VIII бөлiмiне сәйкес инспекция өткiзетiн инспекциялық топ жарияланған орында 48 сағаттан және аталған аудан шегiндегi инспекция кезiнде 24 сағаттан артық бола алмайды.
24. Инспекциялайтын Қатысушы мемлекет инспекциялық топтың кезектi инспекция орнына ең жедел қолайлы құралдардың көмегiмен жетуiн қамтамасыз етедi. Егер бiр инспекцияның аяқталу сәтi мен инспекциялық топтың кезектi инспекция орнына келу сәтiнің арасындағы уақыт тоғыз сағаттан acca немесе Қатысушы мемлекеттiң аумағында инспекциялық топтың өткiзген соңғы инспекциясының аяқталу сәтiнің, инспекция өткiзетiн жерге және сол инспекциялық топтың кiру/шығу пунктiне келу сәтi арасындағы уақыт тоғыз сағаттан асса, сондай артық уақыт сол инспекциялық топтың елде болған кезеңiнде есепке алынбайды.
25. Әрбiр Қатысушы мемлекет қолданыс ауданы шегiнде өз аумағында осы Хаттаманың VII, VIII және IX бөлiмдерiне сәйкес инспекция өткiзетiн екеуден аспайтын инспекциялық топты бiр мезгiлде қабылдауға мiндеттi.
26. Әрбiр Қатысушы мемлекет осы Хаттаманың VII, VIII және IX бөлiмдерiне сәйкес оның кәдiмгi қарулы күштерiнде инспекция өткiзетiн екеуден аспайтын инспекциялық топты бiр мезгiлде қабылдауға мiндеттi.
27. Бiрде-бiр Қатысушы мемлекет осы Хаттаманың VII және VIII бөлiмдерiне сәйкес бiр және сол Қатысушы мемлекеттің шарт жасасқан жыл ішіндегi оның жарияланған орын инспекциясының пассивтiк үлесiнен 50 пайыздан астамын қабылдауға мiндеттi емес.
28. Әрбiр Қатысушы мемлекет басқа Қатысушы мемлекет аумағының қолданыс ауданы шегiнде инспекция өткiзуге құқылы. Әрбiр Қатысушы мемлекет әр шартты жылда өз инспекциясының активтi үлесiн 15 қаңтардан кешiктiрмей басқа Қатысушы мемлекетке хабарлайды.
29. Инспекция мен қағидатты өткiзу құқына залалсыз бақылаудың сақталуына сәйкес ұлттық төтенше құзыры болып табылатын инспекцияның жалпы практикасы ретiнде көпұлтты сипат алуы мүмкiн. Қатысушы мемлекеттер өздерiнiң инспекциялық қызметiн қалайша орынды деп санаса, солай үйлестiруi мүмкiн. Қатысушы мемлекеттер инспекторларға, олардың азаматтығы мен жынысына қатысы жоқ бiркелкi қарым-қатынасты қамтамасыз етедi.
30. Әрбiр Қатысушы мемлекет әр жылдың 15 желтоқсанынан кешiктiрмей келесi күнтiзбелiк жылға өзiнің ресми мерекелiк күндерiнiң тiзiмiн барлық басқа Қатысушы мемлекеттерге ұсынады.
III бөлiм. Инспекция жасау алдындағы талаптар
1. Шартқа сәйкес өткiзiлетiн инспекция осы бөлiмнiң 3-7-тармақтарына сәйкес тағайындалған инспекторлар өткiзедi.
2. Инспекторлар инспекциялайтын Қатысушы мемлекеттiң немесе басқа Қатысушы мемлекеттiң азаматтары болып табылады.
3. Шартқа қол қойылғаннан кейiн 90 күн iшiнде әрбiр Қатысушы мемлекет оның ұсынған инспекторларының және оның ұсынған көлiк құралдары экипаждары мүшелерiнің, инспекторлары мен көлiк құралдары экипаждары мүшелерiнiң аты-жөндерi, олардың жынысы, туған күндерi, туған жерлерi мен төлқұжат нөмiрлерi толық жазылған тiзiмдерiн барлық басқа Қатысушы мемлекеттерге бередi. Қатысушы мемлекет ұсынған инспекторлардың бiрде-бiр тiзiмiнде бiр мезгілде 400-ден астам адам жазылмайды, Қатысушы мемлекет ұсынған көлiк құралдары экипажы мүшелерiнің бiрде-бiр тiзiмiнде бiр мезгiлде 600-ден астам адам жазылмайды.
4. Әрбiр Қатысушы мемлекет басқа Қатысушы мемлекеттiң оған берген инспекторлары мен көлiк құралдары экипаждары мүшелерiнiң тiзiмiн қарайды және әр тiзiмдi алғаннан кейiн 30 күн iшiнде осы тiзiмнен алып тастағысы келетiн кез-келген адамның есiмiн сол тiзiмдi берген Қатысушы мемлекетке хабарлайды.
5. Осы бөлiмнiң 7-тармағын сақтай отырып, инспекторлар мен көлiк құралдары экипажының мүшелерi осы бөлiмнің 4-тармағында көрсетiлген уақыт мерзiмi iшiнде тыйым салынбағанын қоспағанда, осы бөлiмнiң 8-тармағына сәйкес виза және кез-келген басқа құжаттарды беру мақсаты үшiн қабылданды деп есептеледi.
6. Әрбiр Қатысушы мемлекет Шарт қолданысқа енгеннен кейiн бiр айдың iшiнде өз тiзiмдерiне өзгерiс енгiзуге құқылы. Бұдан әрi әрбiр Қатысушы мемлекет жыл iшiнде екi рет, мүмкiндiгiнше бiрiншi сәуiрде және бiрiншi қазанда оның тiзiмдерiне қосымша инспекторлар мен көлiк құралдары экипажының мүшелерiн немесе мұндай өзгерген тiзiмдегi осы бөлiмнің 3-тармағында көрсетiлген саны аспайтын жағдайда одан шығарып тастауды ұсынады. Ұсынып отырған қосымшалар осы бөлiмнiң 4 және 5-тармақтарына сәйкес қаралады. Әрбiр Қатысушы мемлекет жыл сайын 15 желтоқсаннан кешiктiрмей бұдан бұрынғы жиынтық тiзiм берiлген сәттегi уақыт iшiнде хабарланған және қабылданған барлық өзгерiстер енгiзiлген және айрықша бөлiп көрсетiлген инспекторлар мен көлiк құралдары экипажы мүшелерiнiң жиынтық тiзiмiн барлық басқа Қатысушы мемлекеттерге ұсынады. Қате басылғандарды түзету мақсатындағы хабарлама кез келген уақытта берiледi.
7. Қатысушы мемлекет кез келген басқа Қатысушы мемлекет ұсынған инспекторлар мен көлiк құралдары экипажының мүшелерiн, ол кімді қаласа, кез келген адамды тiзiмдерден алып тастаудан бас тарту құқығысыз талап ете алады.
8. Инспекция өткiзiлетiн аумақта Қатысушы мемлекет осы бөлімнің 5-тармағына сәйкес қабылданған инспекторлар мен көлiк құралдары экипажы мүшелерiнің кiруi үшiн талап етiлетiн және осы Хаттаманың ережелерiне сәйкес инспекциялық қызметтi жүзеге асыру мақсатында олардың сол жерде болуына мүмкіндiк беретiн визалар мен кез келген басқа да құжаттарды бередi. Осындай визалар мен кез келген басқа да қажеттi құжаттар былай берiледi не:
(А) тiзiм қабылданғаннан кейiн 30 күн iшiнде немесе сондай тiзімдердің бұдан кейiнгi өзгерiстерiнен; мұндай жағдайда визаның мерзiмi 24 сағаттан кем емес қолданылады; немесе
(В) инспекциялық топпен көлiк құралдары экипажы мүшелерiнiң кiру/шығу пунктiне келгеннен кейiн бiр сағат iшiнде; мұндай жағдайда виза олардың инспекциялық қызметтi жүзеге асыру мерзiмi ішінде қолданылады.
9. Жыл сайын 15 желтоқсаннан кешiктiрмей әрбiр Қатысушы мемлекет сондай инспекция өткiзiлетiн Қатысушы мемлекеттiң аумағына және аумақтан инспекция өткiзу үшiн қажеттi инспекторлар мен аппаратураларды жеткiзетiн олардың көлiк құралдары үшiн дипломатиялық рұқсат етудiң тұрақты нөмiрiн барлық басқа Қатысушы мемлекеттерге хабарлайды. Белгiленген кiру және одан (олардан) шығу пунктінің(-терiнің) жолсызбасы сондай дипломатиялық рұқсат етудi беру үшiн негiз ретiнде мүдделi Қатысушы мемлекеттермен келiсiлген белгiленген халықаралық әуе күре жолдарының немесе басқа жолсызбаларға сәйкес келедi. Инспекторлар сол кiру/шығу пунктерiне келу үшiн авиа жолдарымен қызмет көрсетiлетiн коммерциялық рейстердi пайдалана алды. Дипломатиялық рұқсат етудiң нөмiрлерiне қатысты осы тармақтың ережесi мұндай рейстерге қолданылмайды.
10. Әрбiр Қатысушы мемлекет Ақпарат алмасу туралы хаттаманың V бөлiмiне сәйкес берiлетiн хабарламада оның бақылау объектiлерiмен әрбiр жарияланған орынға қатысты пунктiн немесе кiру/шығу пунктерiн көрсетедi. Мұндай кіру/шығу пункттерi инспекциялайтын Қатысушы мемлекеттің көлiк құралдарын қабылдауға қабiлетi болуы тиiс құрылықтағы шекаралардың, әуежайлардың немесе теңiз порттарының қиылысқан пункттерi болуы мүмкiн. Халықаралық рейстерге мүмкiндiгiнше қызмет көрсететiн кем дегенде бiр коммерциялық әуежай, әрбiр жарияланған орынға байланысты, кiру/шығу пунктi ретiнде хабарламада көрсетiледi. Жарияланған орынға байланысты peтіндe хабарламада көрсетiлген кез келген кiру/шығу пунктi орналасқан орын осы Хаттаманың VII бөлiмiнiң 8-тармағында көрсетiлген уақыт ішінде сол жарияланған орынға рұқсатты қамтамасыз ету болып табылады. Әрбiр Қатысушы мемлекет инспекция өткiзудi жеңiлдету үшiн қосымша кiру/шығу пунктерiн көрсете алады.
11. Әрбiр Қатысушы мемлекет барлық басқа Қатысушы мемлекеттердi хабарландыра отырып өз аумағындағы пункттi немесе кiру/шығу пункттерiн өзгертуге, сондай өзгерту қолданысқа енгенге дейiн кемi 90 күнде құқылы.
12. Шартқа қол қойылғаннан кейiн 90 күн iшiнде әpбip Қатысушы мемлекет оның кәдiмгi қарулы күштерiне инспекция өткiзу кезiнде инспекциялық топтардың қолданатын ресми тiлi немесе Еуропадағы қауiпсiздiк және ынтымақтастық жөнiндегi ұйымның тiлдерi туралы барлық басқа Қатысушы мемлекеттерге хабарлайды.
IV бөлiм. Инспекция өткізу ниеті туралы хабарлама
1. Инспекция жасайтын Қатысушы мемлекет Шарттың ХIV бабында көзделген өзiнің инспекция өткiзу ниетi туралы инспекцияланатын Қатысушы мемлекетке хабарлайды.
Осы Хаттаманың VII бөлiмiне сәйкес инспекция өткiзетiн аумақта Қатысушы мемлекет болып табылмайтын Қатысушы мемлекеттiң кәдiмгi қарулы күштерiне өткiзiлетiн инспекцияға қарай және бұл бiрiншi немесе одан кейiнгі инспекция бола ма оған қарамастан сол Қатысушы мемлекетті де хабардар етедi.
Осы Хаттаманың IX бөлiмiне сәйкес өткiзiлетiн инспекцияға қарай инспекциялайтын Қатысушы мемлекет қабылдайтын Қатысушы мемлекеттi хабардар етедi.
Басқа Қатысушы мемлекеттiң аумағында Қатысушы мемлекет өткiзетiн сертификациялау немесе қысқарту рәсiмдерiнiң инспекциясына қарай, инспекциялайтын Қатысушы мемлекет бiр уақытта қабылдайтын Қатысушы мемлекеттi және басқа да Қатысушы мемлекеттi хабардар етедi.
2. Осы Хаттаманың VII және VIII бөлiмдерiне сәйкес өткiзiлетiн инспекцияға қатысты мұндай хабарландырулар инспекция өткiзiлетiн Қатысушы мемлекет аумағындағы кiру/шығу пунктiне инспекциялық топтың келетiн есептi уақытына дейiн кемi 36 сағат ішіндe Шарттың ХVII бабына сәйкес берiледi; және онда:
(А) пайдаланылатын кiру/шығу пунктi;
(В) кiру/шығу пунктiне келудің есептi уақыты;
(С) кiру/шығу пунктiне жеткiзу құралдары;
(D) бiрiншi инспекция осы Хаттаманың VII немесе VIII бөлiмiне сәйкес өткiзiле ме және инспекция жаяу, жүру қабілетi күшейтiлген көлiк құралымен, тiкұшақпен немесе сол әдiстердiң кез келген үйлесiмдi жолымен жүргiзiле ме сол туралы өтiнiшi;
(Е) кiру/шығу пунктiне келу және инспекцияның бiрiншi орнының көрсетiлуi аралығындағы уақыт аралығы;
(F) инспекциялық топ қолданатын тiл және осы Хаттаманың III бөлiмінің 12-тармағына сәйкес көрсетiлген тілдер болып табылатын тiлдерi;
(G) Осы Хаттаманың ХIV бөлiмiне сәйкес жасалатын инспекциялар туралы есеп беруде пайдаланылатын тiлi;
(Н) инспекторлар мен көлiк құралдары экипажы мүшелерiнiң толық аты-жөндерi, олардың жынысы, туған күнi, туған жерi, азаматтығы мен төлқұжатының нөмiрi;
(I) бұдан кейiнгi инспекциялардың мүмкiн болатын саны; және
(j) инспекция инспекциялайтын Қатысушы мемлекет есебiнен өткiзiлдi ме, солар көрсетiледi.
3. Осы Хаттаманың IX бөлiмiне сәйкес өткiзiлетiн инспекцияға қатысты мұндай хабарламалар инспекция өткiзiлетiн Қатысушы мемлекет аумағындағы кiру/шығу пунктiне инспекциялық топтың келетiн есептi уақытына дейiн кемi 36 сағаттың iшiнде Шарттың ХVII бабына сәйкес берiледi, және онда:
(А) қолданыс ауданына жақын немесе оның шегiнде және инспекциялайтын Қатысушы мемлекеттiң таңдап алған көлiк құралдарын қабылдауға қабілеттi белгiленген кiру/шығу пункті;
(В) кiру/шығу пунктiне келудiң есептi уақыты;
(С) кiру/шығу пунктiне жеткiзу құралдары;
(D) инспекцияның жаяу, жүру қабiлетi күшейтiлген көлiк құралымен немесе сол әдiстерiнiң кез келген үйлесiмдi жолымен өткiзiледi ме, сол туралы өтiнiшi;
(Е) кiру/шығу пунктiне келу және белгiленген ауданның көрсетiлуi арасындағы уақыт аралығы;
(F) инспекциялық топ пайдаланылатын тiл және осы Хаттаманың III бөлiмнің 12-тармағына сәйкес айқындалған тiлi;
(Q) осы Хаттаманың ХIV бөлiмiне сәйкес жасалатын инспекция туралы есеп беруде пайдаланылатын тiлi;
(Н) инспекторлар мен көлiк құралдары экипажы мүшелерiнiң толық аты-жөндерi, олардың жыныстары, туған күндерi, туған жерлерi, азаматтығы және төлқұжаттарының нөмiрi қамтылады.
4. Осы Хаттаманың Х және XI бөлiмдерiне сәйкес өткiзiлетiн инспекцияларға қатысты ондай хабарламалар Шарттың ХVII бабына сәйкес инспекциялық топ инспекция өткiзiлетiн Қатысушы мемлекеттің аумағындағы белгіленген кiру/шығу пунктiне келетiн есептi уақытқа дейiн кемi 96 сағат бұрын берiледi, және онда:
(А) пайдаланылатын кiру/шығу пунктi;
(В) кiру/шығу пунктiне келетiн есептi уақыты;
(С) кiру/шығу пунктiне жеткiзу құралы;
(D) қысқарту немесе сертификациялау орнына әрбiр инспекция үшiн осы Хаттаманың Х бөлiмiнiң 3-тармағына немесе XI бөлiмiнiң 5-тармағына сәйкес берiлген хабарламаға сiлтемесi;
(Е) инспекциялық топ қолданатын және осы Хаттаманың III бөлiмiнiң 12-тармағына сәйкес анықталған болып табылатын тілі;
(F) осы Хаттаманың ХIV бөлiмiне сәйкес жасалатын инспекция туралы есеп беруде пайдаланылатын тiлi, және
(G) инспекторлар мен көлiк құралы экипажы мүшелерiнің толық аты-жөнi, олардың жыныстары, туған күндерi, туған жерлерi, азаматтығы және төлқұжаттарының нөмiрi қамтылады.
5. Осы бөлiмнiң 1-тармағына сәйкес хабарландырылған Қатысушы мемлекеттер үш сағат iшiнде хабарлама алғандығын Шарттың ХVII бабына сәйкес растайды. Осы бөлiмде баяндалған ережелердi сақтай отырып, инспекциялық топқа осы бөлiмнің 2-тармағының (В) тармақшасына немесе 3-тармағының (В) тармақшасына сәйкес хабарламада көрсетiлген есептi уақытта кiрiп/шығу пунктiне келуге рұқсат етiледi.
6. Инспекция өткiзу ниетi туралы хабарлама алған, инспекцияланатын Қатысушы мемлекет оны алғаннан кейiн шұғыл сұратқан инспекцияның түрi және инспекциялық топтың кiру/шығу пунктiне келетiн есептi уақыты туралы Шарттың ХVII бабына сәйкес барлық басқа Қатысушы мемлекеттердi хабардар етедi. Осы Хаттаманың VII немесе VIII бөлiмдерiне сәйкес өткiзiлетiн инспекцияға қарай хабарламада жарияланған орын инспекциясының пассивтiк үлесi бар, мүмкiн болатын бұдан кейiнгi инспекция саны және әрбiр инспекцияға байланысты шығындарды төлейтiн Қатысушы мемлекет қамтылады.
7. Егер аумағында инспекция өткiзiлетiн Қатысушы мемлекет есептi уақытта келетiн инспекциялық топқа кiруге рұқсат ете алмаған жағдайда хабарламада көрсетiлген келудiң есептi уақытына дейiн немесе кейiн екi сағат iшiнде инспекциялық топқа сол Қатысушы мемлекеттiң аумағына кiруге рұқсат етiледi. Мұндай жағдайда аумағында инспекция өткiзiлетiн Қатысушы мемлекет алғашқы хабарламадан кейiн 24 сағаттан кешiктiрмей келудің жаңа уақыты туралы инспекциялайтын Қатысушы мемлекетке хабарлайды.
8. Егер инспекциялық топ хабарламада көрсетiлген келудiң есептi уақытынан кейiн екi сағаттан аса немесе осы бөлiмнiң 6-тармағына сәйкес хабарланған келудiң жаңа уақытынан кейiн кешiккен жағдайда, инспекциялайтын Қатысушы мемлекет осы бөлiмнiң 1-тармағына сәйкес хабарланған Қатысушы мемлекеттi:
(А) келудің алғашқы есептi уақытынан кейiн қандай жағдайда болмасын алты сағаттан аспайтын келудің жаңа есептiк уақыты немесе осы бөлiмнің 6-тармағына сәйкес хабарланғаннан кейiн келудiң жаңа уақыты туралы; және
(B) инспекциялайтын Қатысушы мемлекеттiң тiлегi бойынша кiру/шығу пунктiне келу және инспекция орнын көрсету арасындағы жаңа уақыт аралығы туралы хабарлайды.
9. Инспекциялық топты кiру/шығу пунктiне жеткiзу yшiн коммерциялық емес рейстердi пайдаланған жағдайда аумағында инспекция өткiзетiн Қатысушы мемлекеттің әуе кеңiстiгiне енген жоспарланған уақытқа дейiн кемi 10 сағат ішінде инспекциялайтын Қатысушы мемлекеттің Шарттың XVII бабына сәйкес сол Қатысушы мемлекетке ұшу жоспарын ұсынады. Ұшу жоспарын ұсынудың ресми арналарының бiрi Азаматтық авиация халықаралық ұйымы реттейтiн тiркелген авиациялық электр байланысының желiлерi болып саналады. Ұшу жоспары азаматтық ұшу аппараттары үшiн Азаматтық авиация халықаралық ұйымының рәсiмдерiне сәйкес ресiмделедi. Инспекциялайтын Қатысушы мемлекет әрбiр ұшу жоспарының ескерту бөлiмiне дипломатиялық рұқсат етудiң тұрақты нөмiрiн және мынадай жазу енгiзедi: ЕКҚК инспекциялық ұшу аппараты. Бiрiншi кезекте рұқсат етудi ресiмдеудi талап етедi".
10. Аумағында инспекция өткiзiлетiн Қатысушы мемлекет осы бөлiмнің 9-тармағына сәйкес ресiмделген ұшу жоспарын алғаннан кейiн ұшу жоспарын бекiтудi инспекциялық топтың үш сағаттан кешіктiрмей кiру/шығу пунктiне есептi уақытта келетiндей қамтамасыз етедi.
11. Егер жерүстiндегi көлiк құралдарымен жеткiзiлетiн инспекциялық топ инспекциялайтын Қатысушы мемлекеттің аумағына бет алған сапарында немесе одан басқа Қатысушы мемлекеттің аумағы арқылы транзитпен өтуге ниет бiлдiрсе, транзиттi жүзеге асыратын сол Қатысушы мемлекетке осы Хаттаманың ХV бөлiмi 5-тармағының (А) тармақшасына сәйкес оның мiндеттемелерiне қатысты ақпаратты алдын ала бередi. Мұндай ақпаратқа кем дегенде шекараларды кесiп өту пункттерi, әрбiр шекараны кесіп өтудiң есептi уақыты, инспекциялық топ пайдаланатын көлiк құралдары, инспекторлар мен жүргiзушiлердiң аты-жөндерi, олардың азаматтығы және төлқұжаттарының нөмiрi қамтиды.
V бөлiм. Кіру/шығу пунктіне келгеннен кейін рәсімдер
1. Iлесiп жүретiн топ инспекциялық топ пен көлiк құралдары экипажының мүшелерiн кiру/шығу пунктiне олардың келуi бойынша қарсы алады.
2. Инспекциялайтын Қатысушы мемлекеттің келiсiмi бойынша ғимаратты немесе объектiлердi пайдаланатын Қатысушы мемлекет iлесiп жүретiн топпен келiсiлгенiндей, кез келген уақытта инспекциялық топпен iлесiп жүру үшiн қажет болған жағдайда кiру/шығу пунктiнде оның өкiмiнде болатын iлесiп жүретiн топпен байланысқа жауапты адамды тағайындайды.
3. Kipу/шығу пунктiне келу және шығу уақытын инспекциялау тобы да, сонымен қатар ерiп жүретiн топпен де келiсiледi және тiркеледi.
4. Аумағында инспекция өткiзiлетiн Қатысушы мемлекет инспекциялау тобының жүгi, аппаратуралары мен материалдары барлық кедендiк алымдардан босатуды және кiру/шығу пунктiнде жедел тәртiппен ресiмдеудi қамтамасыз етедi.
5. Инспекция өткiзiлетiн Қатысушы мемлекеттiң аумағына инспекция жасайтын Қатысушы мемлекеттің әкелетiн аппаратуралары мен материалдары осы аумаққа әрбiр әкелiнген кезде тексерiлуге жатады. Мұндай тексеру инспекциялық топтың кiру/шығу пунктiне инспекция өтетiн жерге аттанғанға дейiн аяқталады. Мұндай аппаратура мен материалдарды инспекциялық топ мүшелерінің қатысуымен iлесiп жүретiн топ қарайды.
6. Егер тексеруден кейiн iлесiп жүретiн топ инспекторлар енгiзген әлде бiр аппаратура немесе материалдар осы Хаттамаға ойынша инспекция топтарына сыйымсыз функцияларды орындауға қабiлеттi немесе осы Хаттаманың VI бөлiмiнiң 18-тармағында белгiленген талаптарға жауап бермейтiнiн анықтаса, онда iлесiп жүретiн топ осы аппаратураны пайдалануға рұқсат етуден бас тартуға және кiру/шығу пунктiнде оны ұстауға құқылы. Инспекция өткiзiлетiн Қатысушы мемлекеттiң аумағынан осындай ұсталған аппаратураларды немесе материалдарды өз жағдайына қарай бiрiншi мүмкіндiктi пайдаланып, бiрақ осы ұсталған аппаратураны немесе материалдарды әкелген инспекциялық топтың елден кетуiнен кешiктiрмей алып шығады.
7. Егер Қатысушы мемлекет кiру/шығу пунктiнде инспекциялық топтың аппаратурасын қарауға қатыспаған болса, ол Қатысушы мемлекет осы бөлiмнің 5 және 6-тармақтарына сәйкес оның кәдiмгi қарулы күштерi, не ол инспекциялаушы Қатысушы мемлекеттiң келiсiмi бойынша пайдаланылатын ғимараттар немесе объектiлер қатысатын iлесiп жүретiн топтың құқықтарын жарияланған жерде инспекция өткiзiлгенге дейiн жүзеге асыруға құқылы.
8. Инспекциялық топ пен көлiк құралдарының экипажы инспекция орналасқан жердегi Қатысушы мемлекет аумағында болған мерзiмi iшiнде инспекциялайтын Қатысушы мемлекет оларды тамақтандыруды, пәтер және жұмыс орындарымен, көлiкпен және қажет болған жағдайда медициналық немесе өзге де жедел көмекпен қамтамасыз етедi немесе ұйымдастырады.
9. Аумағында инспекция өткiзілетiн Қатысушы мемлекет кiру/шығу пунктiнде инспекциялайтын Қатысушы мемлекеттiң көлiк құралдарын орналастыруды, күзетудi, қызмет көрсету мен жағармай құюды қамтамасыз етедi.
VI бөлiм. Инспекция өткізудің жалпы ережелері
1. Кездейсоқ жағдайларда инспекция тоқтатылуы мүмкiн. Егер инспекциялайтын Қатысушы мемлекет немесе инспекциялайтын Қатысушы мемлекеттің құқығы мен мiндеттемелерiн жүзеге асырушы Қатысушы мемлекет кездейсоқ жағдайлардың себебiнен инспекция өткiзу кейiнге қалдырылса, онда сол тоқтатудың себебi жазбаша түрде толық түсiндiредi, сондай-ақ шамамен тоқтатудың ұзақтығы төмендегідей көрсетiледi:
(А) егер кездейсоқ жағдай инспекция өткiзу ниетi туралы тиiстi хабарламаға жауап ретiнде инспекциялық топ келгенге дейiн жарияланса;
(B) егер кездейсоқ жағдай инспекциялық топтың кiру/шығу пунктiне келгеннен кейiн жарияланса, инспекциялық топқа және мүмкіндігінше тез дипломатиялық немесе өзге де ресми арналар бойынша барлық Қатысушы мемлекеттерге түсiнiк берiледi.
2. Кездейсоқ жағдайдың себебiнен тоқтатылған жағдайда осы Хаттаманың XIII бөлiмi 2-тармақшасының ережесi қолданылады.
3. Инспекциялық топ құрамына инспекциялайтын Қатысушы мемлекет болып табылмайтын Қатысушы мемлекеттерден инспекторлар енгiзуi мүмкiн.
4. Осы Хаттаманың VII, VIII, Х және XI бөлімдерiне сәйкес өткiзiлетiн инспекцияға қатысты инспекциялық топ тоғыз инспектордан аспайтын және үштен аспайтын кiшi топтарға бөлiнген құрамнан тұрады.
5. Осы Хаттаманың IX бөлiмiне сәйкес өткiзiлетiн инспекцияға қатысты инспекциялық топ 20 инспектордан аспайтын немесе инспекциялайтын Қатысушы мемлекеттің 5 инспекторынан оған қоса несi көп соған байланысты, осындай инспекцияға қатысуға мүдделi Қатысушы мемлекеттердің әрқайсысынан бiр-бiр инспектордан тұрады. Бiрде-бiр Қатысушы мемлекет инспекциялық топта тоғыздан артық инспекторы болмауы тиiс. Инспекциялық топ 4-тен аспайтын кiшi топтарға бөлiнуi мүмкін.
6. Инспекторлар мен iлесiп жүретiн топтың мүшелерi, оларды тиiсiнше инспекторлар мен iлесiп жүретiн топтың мүшелерi ретiнде ұқсас нақты белгi тағады.
7. Инспектор инспекция өткiзiлетiн Қатысушы мемлекет аумағындағы кiру/шығу пунктiне келгеннен кейiн өз мiндеттерiне кiрiскен және сол Қатысушы мемлекет аумағынан кiру/шығу пунктi арқылы шыққаннан кейiн сол мiндеттерiн орындауды тоқтатты деп танылады.
8. Көлiк құралдары экипажы мүшелерінің саны 10 адамнан аспайды.
9. Олардың басымдылығы мен иммунитетi үшiн залалсыз инспекторлар мен көлiк құралдары экипажының мүшелерi инспекция өткiзiлетiн аумақтағы Қатысушы мемлекеттiң заңдары мен қаулыларын сыйлайды және сол Қатысушы мемлекеттiң iшкi iстерiне араласпайды. Инспекторлар мен көлiк құралдары экипажының мүшелерi, сондай-ақ техника қауіпсiздiгiнің ережесi мен әкiмшiлiк рәсiмдерiн қоса, инспекция жерiндегi қаулыны да сыйлайды. Егер инспекцияланатын Қатысушы мемлекет инспектордың немесе көлiк құралы экипажы мүшесiнiң осы Хаттамада белгiленген инспекциялық қызметтi реттейтiн сондай заңдарды және қаулыларды немесе басқа да шарттарды бұзған жағдайда, ол бұл туралы инспекциялайтын Қатысушы мемлекеттi хабардар етедi, инспекцияланатын Қатысушы мемлекеттiң талабы бойынша инспекторлардың немесе көлiк құралдары экипажы мүшелерінің тiзiмiнен тиiстi адамдар дереу шығарылады. Егер сол адам инспекция өткiзiлетiн Қатысушы мемлекет аумағында болса, онда инспекциялайтын Қатысушы мемлекет осы адамды сол елден шұғыл шақыртып алады.
10. Инспекцияланатын Қатысушы мемлекет инспекциялық топ пен көлiк құралдары экипажы мүшелерінің кiру/шығу пунктiне келу сәтiнен олардың Қатысушы мемлекет аумағынан шығу мақсатында олардың кiру/шығу пунктiнен шығу сәтiне дейiн қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге жауапты болады.
11. Iлесiп жүретiн топ инспекциялық топқа оның функциясын жүзеге асыруға жәрдемдеседi. Өз мүмкіндігiне қарай iлесiп жүретiн топ инспекция өткiзiлетiн Қатысушы мемлекет аумағына оның келген уақытынан бастап сол аумақтан оның шығу уақытына дейiн өз құқығын инспекциялық топқа iлесiп жүрудi жүзеге асыра алады.
12. Инспекциялайтын Қатысушы мемлекет инспекциялық топтың және әрбiр кiшi топтың осы Хаттаманың IV бөлiмi 2-тармағының (F) тармақшасына, 3-тармағының (Ғ) тармақшасына және 4-тармағының (Е) тармақшасына сәйкес хабарламада көрсетiлген тiлде iлесiп жүретiн топпен еркiн қарым-қатынас жасау үшiн қажеттi лингвистикалық дағдыларды игерудi қамтамасыз етедi. Инспекцияланатын Қатысушы мемлекет iлесiп жүретiн топтың инспекциялық топпен және әрбiр кiшi топпен еркiн қарым-қатынас жасауы үшiн қажеттi лингвистикалық дағдыларды игерудi қамтамасыз етедi. Инспекторлар мен iлесiп жүретiн топ мүшелерi, сондай-ақ басқа тiлдерде де қарым-қатынас жасауы мүмкiн.
13. Инспекция барысында алынған бiрде-бiр ақпарат инспекциялайтын Қатысушы мемлекеттiң айқын бiлдiрген келiсiмiнсiз жұртшылыққа жарияланбайды.
14. Инспекция өткiзiлетiн Қатысушы мемлекет аумағында болған уақыт iшiнде инспекторлар инспекцияланатын Қатысушы мемлекеттiң ұсынатын тиiстi байланыс құралдарын пайдалана отырып, сол аумақта орналасқан инспекциялайтын Қатысушы мемлекеттің елшiлiгiмен немесе консульдiгімен байланыс жасауға құқылы. Инспекцияланатын Қатысушы мемлекет, сондай-ақ инспекциялық топтың кiшi топтары арасындағы байланыс құралдарын ұсынады.
15. Инспекцияланатын Қатысушы мемлекет инспекциялайтын Қатысушы мемлекеттiң таңдап алған әдiсiмен және жолсызбасымен инспекциялық топты инспекция орнына, инспекция орнынан және инспекция орындары аралығына жеткiзедi. Инспекциялайтын Қатысушы мемлекеттiң таңдап алған жолсызбасын өзгертуiн сұрауына болады. Инспекцияланатын Қатысушы мемлекет мұндай сұрауды мүмкіндiгiнше орындайды. Өзара келiсiм бойынша инспекциялайтын Қатысушы мемлекетке өзiнің меншiктi жерүстi көлiк құралдарын пайдалануына рұқсат етiледi.
16. Егер инспекция өткiзiлетiн Қатысушы мемлекет аумағындағы инспекциялайтын Қатысушы мемлекеттің инспекторларына инспекция жерiнен кiру/шығу пунктiне не елшiлiкке немесе консульдiкке жол жүретiн төтенше жағдай туындаса, инспекциялық топ бұл туралы мұндай сапарды кідірiссiз ұйымдастыратын және қажет болған жағдайда тиiстi көлiк құралдарын беретiн iлесiп жүретiн топқа хабарлайды.
16. Инспекцияланатын Қатысушы мемлекет аппаратура мен материалдарды сақтау, есеп берудi жазу, демалу және тамақтану үшiн инспекция жерiнен тек инспекциялық топ пайдаланатын әкiмшiлiк аймағын бередi.
18. Инспекциялық топқа инспекция өткiзу үшiн қажеттi құжаттар, атап айтқанда, жеке карталары мен схемаларын әкелуге рұқсат етiледi. Инспекторларға түнде көрудiң ықшамды әрекеттi құралдарын, дүрбiлер, бейне түсiру камералары мен фотоаппараттар, диктофондар, рулеткалар, электр шамдарын, магниттi компастар мен ықшам компьютерлер әкелуге және пайдалануға рұқсат етiледi. Инспекторларға инспекцияланатын Қатысушы мемлекеттiң мақұлдауына жататын басқа жабдықтарды пайдалануына рұқсат етiледi. Елде болған барлық кезең ішіндe iлесiп жүретiн топ инспекторлар әкелген аппаратураны қадағалауға құқылы, бiрақ осы Хаттаманың V бөлiмiнiң 5-7-тармақтарына сәйкес iлесiп жүретiн топтың мақұлдауына жататын аппаратураны пайдалануға кедергi жасамайды.
19. Осы Хаттаманың VII, VIII немесе IX бөлiмдерiне сәйкес өткiзiлетiн инспекцияға қатысты инспекциялық топ, ол инспекция орнын тағайындаған, инспекция қай жерде өткiзiледi, инспекция жаяу, өтiмдiлiгi жоғары көлiк құралдарымен, тiкұшақпен немесе осы тәсiлдердің кез келген үйлесiмдi жолымен өткiзiле ме, әрбiр жағдайды көрсетедi. Егер тек өзге де келiсiмге қол жеткiзiлмесе, инспекцияланатын Қатысушы мемлекет әрбiр кiшi топ үшiн инспекция жерiнде өтiмділігi жоғары тиiстi көлiк құралдарын бередi және пайдаланады.
20. Бұл қашан мүмкiн болғанда, инспекцияланатын Қатысушы мемлекеттiң ұшу қауiпсiздiгi мен ережелерiн және осы бөлiмнiң 18-21-тармақтарының ережелерiн сақтай отырып, инспекциялық топ Хаттаманың VII, VIII немесе IX бөлiмдерiне сәйкес өткiзiлетiн инспекция кезінде инспекцияланатын Қатысушы мемлекет беретiн және iске қосылатын тiкұшақты пайдаланып, инспекция орнын тiкұшақпен айнала ұшуды жүзеге асыруға құқылы.
21. Инспекцияланатын Қатысушы мемлекет 20 шақырымнан аз алаңы бар кез келген инспекция орнында тiкұшақ беруге мiндеттi емес.
22. Инспекцияланатын Қатысушы мемлекет әлсiз пункттердiң үстiмен тiкұшақпен ұшуына қатысты кiдiртуге, шектеуге немесе бас тартуға құқылы, бiрақ әлсiз пункттердiң болуы инспекция жерiнiң қалған аудандарын тiкұшақпен айнала ұшуына кедергi болмайды. Әлсiз пункттердi немесе солардың үстiнен тiкұшақпен айнала ұшқан уақытта фотосуретке түсiруге тек iлесiп жүрушi топтың мақұлдауымен рұқсат eтiледi.
23. Инспекция орнын тiкұшақпен осылай айнала ұшу ұзақтығы, егер тек инспекциялық топ пен iлесiп жүретiн топ өзге туралы келiспесе осы Хаттаманың VII немесе VIII бөлiмдерiне сәйкес өткiзiлетiн инспекцияға қатысты бiр сағаттың және IX бөлiмге сәйкес өткiзiлетiн инспекцияға қатысты 7 сағаттың жиынтығынан аспайды.
24. Инспекцияланатын Қатысушы мемлекет ұсынатын кез келген тiкұшақ инспекциялық топтың кем дегенде екi мүшесiн және iлесiп жүретiн топтың кем дегенде бiр мүшесiн тасымалдау үшiн жеткiлiктi iрi көлемдi тiкұшақ болып табылады. Инспекторларға инспекция жерiн айнала ұшу кезiнде осы бөлiмнiң 18-тармағында көрсетiлген кез келген аппаратураны өзiмен бiрге алуына және пайдалануына рұқсат етiледi. Инспекциялық ұшу уақытында инспекциялық топ фотосуретке түсiрудi жүзеге асырғысы келсе, бұл туралы олар iлесiп жүретiн топқа хабарлайды. Тiкұшақ инспекторлардың үздiксiз және ешбiр кедергiсiз жер шолуын қамтамасыз етедi.
25. Инспекторлар өз функцияларын жүзеге асыру кезiнде инспекция жерiнде өткiзiлетiн қызметке тiкелей араласпайды және инспекция жерiндегi қызметтер үшiн немесе оның қауіпсiз жұмыс жасауына қатысты iс-қимылға ешбiр қажетсiз кедергi жасаудан немесе тоқтатудан бас тартады.
26. Осы бөлiмнің 27-32-тармақтарында көзделгенiн қоспағанда инспекторларға бақылау объектiсінің инспекциясы барысында не көрсетiлген аудан шегiнде немесе белгiленген аудан шегiне баруға, кiруге және кедергiсiз инспекция жасауға рұқсат етiледi:
(А) көрсетiлген ауданға қатысты - жарияланған орындарды қоспағанда, барлық аудан шегiнде, егер мұндайлар бар болса осы ауданның шекарасында; немесе
(В) белгiленген ауданға қатысты - осы ауданның шекарасындағы жарияланған орынды қоса, барлық аудан шегiнде; немесе
(С) бақылау объектiсiне қатысты - тек қана басқа бақылау объектiсiне жататын жер ретінде схемада бөлектелген, оны инспекциялау үшiн инспекциялық топ белгiлемеген жарияланған орынның барлық аумағы шегiнде.
27. Осы Хаттаманың VII, VIII немесе IX бөлiмдерiне сәйкес бақылау объектiсiндегi немесе аталған аудан шегiнде не белгiленген аудан шегiнде инспекция уақытында және осы бөлiмнiң 28-тармағының ережесiн сақтай отырып инспекторлар осы бөлiмнің 26-тармағында аталған аудандар шегiнде тұрақты немесе әдетте жауынгерлiк танктер, жауынгерлiк броньды машиналар, артиллерия, жауынгерлiк тiкұшақтар, жауынгерлiк ұшақтар, қайта топтастырылған оқу-жаттығу жауынгерлiк ұшақтар, бронетранспортерлер тәрiздестер, жаяу әскерлердiң жауынгерлiк машиналары тәрiздестер немесе танкілік көпiр салушылар тұратын кез келген жерге, ғимаратқа немесе ғимарат шегiндегi ауданға кiруге құқылы. Инспекторлардың басқа ғимаратқа немесе қызметкерлер үшiн көлденеңi екi метрден аспайтын есiк арқылы ғана өтуге рұқсат етiлетiн және iлесіп жүретiн топ рұқсат етуден бас тартқан жағдайда, ғимарат шегiнің аудандарына, пункттерге кiруге құқығы жоқ.
28. Осы Хаттаманың VII, VIII немесе IX бөлiмдерiне сәйкес бақылау объектiсiндегi немесе аталған аудан шегiндегi не белгiленген аудандағы инспекция уақытында инспекторлар ұшақтар тұратын жоғары қорғалған бойтаса iшiнде қандай да бiр жауынгерлiк танктер, жауынгерлiк броньды машиналар, артиллерия, жауынгерлiк тiкұшақтар, жауынгерлiк ұшақтар, қайта топтастырылған оқу-жаттығу жауынгерлiк ұшақтары, бронетранспортерлер тәрiздестер, жаяу әскерлердiң жауынгерлiк машиналары тәрiздестер немесе танктiк көпiр салушылар бap ма, және егер бар болса, онда олардың санын және түрiн, үлгiсiн немесе нұсқасын ең болмаса шола қарап көз жеткiзуге құқылы. Осы бөлiмнің 27-тармағының ережесiнен тәуелсiз инспекторлар тек iлесiп жүретiн топтың мақұлдауымен ұшақтар тұрпатын, сондай биiк қорғалған бойтаса iшiне кiредi. Егер мұндай мақұлдаудан бас тартса, онда инспекторлардың өтiнiшi бойынша ұшақтар үшiн сондай жоғары қорғалған бойтаса iшiндегi кез келген жауынгерлiк танктер, жауынгерлiк броньды машиналар, артиллерия, жауынгерлiк тiкұшақтар, жауынгерлiк ұшақтар, қайта топтастырылған оқу-жаттығу жауынгерлiк ұшақтары, бронетранспортерлер тәрiздестер, жаяу әскерлердiң жауынгерлiк машиналары тәрiздестер немесе танктiк көпiр салушылар сыртқа шығарылып қойылады.
29. Осы Хаттаманың VII, VIII немесе IX бөлiмдерiне сәйкес бақылау объектiсiндегi немесе аталған аудан шегiндегi не белгiленген ауданын инспекциялау уақытында, осы бөлiмнiң 30-36-тармақтарында көзделгендердi қоспағанда, инспекторлар кәдiмгi қару-жарақ пен техниканы сырттай шолып, олардың санына, түрiне, үлгiсiне немесе нұсқасына көз жеткiзу үшін рұқсат алуға құқылы.
30. Инспекциялайтын Қатысушы мемлекет жекелеген сезiктi техника бiрлiктерiне қаратпауға құқылы.
31. Iлесiп жүретiн топ саны мен көлемi соншалықты шектелген сезiктi пункттерге, мүмкіндiгiнше қаптаулы объектiлерге және екi метрден кем кез келген көлемдi (енi, биiктiгi, ұзындығы немесе диаметрi) контейнерлерге жiберуден бас тартуға құқылы. Сезiктi пункт белгiленген немесе қаптаулы объектiлер немесе контейнерлер болған жағдайда iлесiп жүретiн топ осы сезiктi пункттe қаптаулы объектіде немесе контейнерде қандай да бiр жауынгерлiк танктер, жауынгерлiк броньды машиналар, артиллерия, жауынгерлiк тiкұшақтар, жауынгерлiк ұшақтар, қайта топтастырылған оқу-жаттығу жауынгерлiк ұшақтар, бронетранспортерлер тәрiздестер, жаяу әскерлердiң жауынгерлiк машиналары тәрiздестер немесе танктiк көпiр салушылар бар ма, егер бар болса, онда олардың санын, түрiн, үлгiсiн немесе нұсқасын жариялайды.
32. Eгep iлесiп жүретiн топ сезiктi пункт қаптаулы объектіде немесе контейнерде осы бөлiмнiң 31-тармағында көрсетiлген кез келген кәдiмгi қару-жарақ пен техника шын мәнiнде бар деп хабарласа, онда iлесiп жүретiн топ сондай кәдiмгi қару-жарақ пен техниканы инспекциялық топ алдына шығарып қояды немесе хабарлайды және жарияланған саннан көп емес сондай кәдiмгi қару-жарақ пен техниканың бар екендiгіне инспекциялық топты сендiру үшiн шара қабылдайды.
33. Егер осы Хаттаманың VII немесе VIII бөлiмiне сәйкес бақылау объектiсiн немесе аталған аудан шегiндегi инспекция уақытында Қолда бар түрлерi туралы хаттамадағы көпмақсатты соққы берушi тiкұшақтардың тiзбесiне енгiзiлген немесе бұрын енгiзiлген тiкұшақтар түрi инспекция жерiнде тұрса және iлесiп жүретiн топ жауынгерлiк қамтамасыз ететiн тiкұшақ деп жарияласа немесе егер Ми-24p немесе Ми-24к тiкұшақтары инспекция жерiнде тұрса және Қайта топтастырылған тiкұшақтар туралы хаттаманың 1-бөлiмiнiң 3-тармақшасына сәйкес шектелетiн деп жарияласа, мұндай тiкұшақ осы Хаттаманың Х бөлiмiнiң 4-6-тармақтарына сәйкес iшкi инспекцияға жатады.
34. Егер осы Хаттаманың VII немесе VIII бөлiмiне сәйкес бақылау объектiсiндегi немесе аталған аудан шегiндегi инспекция уақытында ұшақтарды Қайта топтастыру туралы хаттаманың II бөлiмiндегi тiзбесiне енгiзілген нақты үлгiдегi ұшақ немесе оқу-жаттығу жауынгерлiк ұшағының нұсқасы инспекция жерiнде тұрса және iлесiп жүретiн топ Ұшақтарды қайта топтастыру туралы хаттамаға сәйкес қарусыз ретiнде сертификатталған деп жарияласа, ондай ұшақ осы Хаттаманың Х бөлiмiнiң 4 және 5-тармақтарына сәйкес iшкi инспекцияға жатады.
35. Егер осы Хаттаманың VII, VIII немесе IX бөлiмiне сәйкес бақылау объектiсiндегi немесе аталған аудан шегiндегi инспекция уақытында бронетранспортерлер тәрiздестердi немесе жаяу әскерлердiң жауынгерлiк машиналары тәрiздестердi инспекция жерiнде тұрса, iлесiп жүретiн топ броньды машина деп жарияласа, инспекциялық топ ондай машиналар жаяу әскерлердің жауынгерлiк бөлiмшесiн тасымалдауға мүмкіндігі жоқтығын айқындауға құқылы. Инспекторлар машинаның сыртынан iшкi бөлiгiне шолу жасау үшiн оның есiктерінің және/немесе люктарының ашық болуын талап етуге құқылы. Машиналар немесе ондағы сезiктi жабдықтар қапталынуы мүмкiн.
36. Егер осы Хаттаманың VII немесе VIII бөлiмiне сәйкес бақылау объектiсiндегi немесе аталған аудан шегiндегi инспекция уақытында iлесіп жүретiн топ Қысқарту туралы хаттама ережелерiне сәйкес қысқартылған деп жарияланған, қару-жарақ пен техника инспекция жерiнде тұрса, инспекциялық топ ондай қару-жарақ пен техникаға, Қысқарту туралы хаттаманың III-XII бөлiмдерiнде көрсетiлген рәсiмдерге сәйкес олардың қысқартылғанын растау үшiн инспекция өткiзуге құқылы. Егер осы Хаттаманың IX бөлiмiне сәйкес белгіленген аудан шегiндегi инспекция уақытында iлесiп жүретiн топ Қысқарту туралы хаттама ережелерiне сәйкес қысқартылған деп жарияланған, жауынгерлiк танктер, жауынгерлiк броньды машиналар немесе артиллерия инспекция жерiнде тұрса, инспекциялық топ ондай жауынгерлiк танктерге, жауынгерлiк броньды машиналарға немесе артиллерияға Қысқарту туралы хаттаманың III-XII бөлiмдерiнде көрсетiлген рәсiмдерге сәйкес олардың қысқартылғанын растау үшiн инспекция өткiзуге құқылы.
37. Шарттың қолданыс аясына жататын кәдiмгi қару-жарақ пен техниканың, оның ішінде тұрақты қоймалық сақтаудың белгiленген жерi шегiнде немесе қоймалық сақтауға қойылған 50 бiрлiктен аспайтын сондай кәдiмгi қару-жарақ пен техниканың бар екендiгiн тiркеу мақсатында инспекторлар фотосуретке, оның iшiнде бейнетаспаға түсiруге құқылы. Фотоаппараттар 35 миллиметрлiк таспалы аппараттармен және суреттердi дереу шығара алатын мүмкiншiлiгi бар аппараттармен шектеледi. Инспекциялық топ фотосуреттерге түсiрудi жоспарлайтындығы туралы iлесіп жүретiн топқа алдын ала хабарлайды. Ілесiп жүретiн топ фотосуреттердi шығаруда инспекциялық топпен ынтымақтасады.
38. Сезiмтал пункттердi фотосуретке түсiру тек iлесiп жүретiн топтың мақұлдауымен рұқсат етіледі.
39. Осы бөлiмнiң 41-тармағында көзделгендi қоспағанда, осы бөлiмнiң 37-тармағында көрсетiлген қоймалық сақтау жерi болып табылмайтын ғимараттың iшiн фотосуретке түсiру тек iлесіп жүретiн топтың мақұлдауымен рұқсат етiледi.
40. Инспекторлар инспекция уақытында туындаған түсiнiксiз мәселелердi шешу үшiн шамалауларды жүзеге асыруға құқылы. Инспекция уақытында тiркелген ондай шамалауларды, олар жүзеге асырылғаннан кейiн дереу инспекциялық топтың бiр мүшесi және ерiп жүретiн топтың бiр мүшесi бекiтедi. Ондай бекiтiлген деректер инспекция туралы есеп беруге енгiзiледi.
41. Қатысушы мемлекеттер, мүмкiндiгi бар кезде нақты ақпаратқа қатысты туындаған кез келген түсiнiксiз мәселелердi инспекция барысында шешедi. Инспекторлар ондай түсiнiксiз мәселелердi түсiндiру туралы iлесiп жүретiн топтан сұратқан кезде iлесiп жүретiн топ инспекциялық топқа кiдiрiссiз түсiнiк бередi. Егер инспекторлар фотосуреттердің шешiлмеген түсiнiксiз мәселелерiн құжаттандыруға шешiм қабылдаса, осы бөлiмнің 38-тармағындағы ереженi сақтай отырып, iлесіп жүретiн топ дереу фотосурет шығару мүмкіндiгi бар фотоаппараттарды пайдаланып, инспекциялық топпен тиiстi фото түсiрулердi жүзеге асыруда ынтымақтасады. Егер түсiнiксiз мәселе инспекция кезiнде шешiлмесе, онда осы фотосуретке байланысты кез келген мәселелер және тиiстi түсiнiктер осы Хаттаманың ХIV бөлiмiне сәйкес инспекция туралы есеп беруге енгiзiледi.
42. Осы Хаттаманың VII, VIII және IX бөлiмдерiне сәйкес өткiзiлген инспекцияға қатысты инспекция туралы есеп беруге екi тарап та қол қойған сәттен бастап аяқталды деп саналады.
43. Жарияланған орындағы немесе аталған аудан шегiнде инспекция аяқталмас бұрын инспекциялық топ бұдан кейiн де инспекция өткiзуге ниетi бар екендiгi туралы iлесiп жүретiн топқа хабарлайды. Егер инспекциялық топтың бұдан кейiн инспекция өткiзу ниетi болса, инспекциялық топ сол уақытта келесi инспекция орнын белгiлейдi. Мұндай жағдайларда осы Хаттаманың VII бөлiмiнiң 6 және 20-тармақтарындағы және VIII бөлiмi 6-тармағының (А) тармақшасындағы ережелердi сақтай отырып, инспекциялайтын Қатысушы мемлекет алдындағы инспекция аяқталғаннан кейiн мүмкіндігiне қарай тез, бұдан кейiнгi инспекция орнына инспекциялық топтың жетуiн қамтамасыз етедi. Осы Хаттаманың VII бөлiмiнiң 8-тармағында немесе VIII бөлiм 6-тармағының (В) тармақшасында көрсетiлген мерзiмдер қолданылуына байланысты қолданылады. Егер инспекциялық топтың бұдан кейiн инспекция өткiзетiн ниетi болмаса, онда осы бөлiмнің 40 және 46-тармақтарындағы ережелер қолданылады.
44. Бұдан бұрын инспекция өткiзген сол инспекциялық топ осы Хаттаманың VII және VIII бөлiмдерiндегi ережелердi сақтай отырып Қатысушы мемлекеттiң аумағында бұдан кейiн де инспекция өткiзуге құқылы:
(А) бұрынғы инспекция жерiнде сол кiру/шығу пунктiне немесе келген инспекциялық топтың сол кiру/шығу пунктiне байланысты кез келген жарияланған орында;
(В) келген инспекциялық топқа кiру/шығу пунктi Ақпарат алмасу туралы хаттаманың V бөлiмiне сәйкес хабарламада көрсетiлген кiру/шығу пунктi ең жақын болып табылатын аталған ауданның кез келген шегiнде; немесе
(С) сол әскери округ шегiндегi бұрынғы инспекция жерiнен шамамен 200 шақырымда орналасқан кез келген жерде; немесе
(D) осы Хаттаманың VII бөлiмi 12-тармағының (А) тармақшасына сәйкес инспекциялайтын Қатысушы мемлекеттің мәлiмдемесi бойынша, егер сондай кәдiмгi қару-жарақ пен техника Ақпарат алмасу туралы хаттамаға сәйкес ең соңғы хабарламада көрсетiлген сондай кәдiмгi қару-жарақ пен техниканың санынан 15 пайыздан аспайтынын құраса, бұрынғы инспекция жерiндегi бақылау объектiсiне инспекция уақыты жоқ болған жауынгерлiк танктердiң, жауынгерлiк броньды машиналардың, артиллерияның, жауынгерлiк тікұшақтардың немесе жауынгерлiк ұшақтардың уақытша орналасқан жерi болып табылатын жерде; немесе
(E) осы Хаттаманың VII бөлiмi 12-тармағының (В) тармақшасына сәйкес инспекциялайтын Қатысушы мемлекеттiң мәлiмдемесi бойынша жарияланған орындағы Ақпарат алмасу туралы хаттамаға сәйкес ең соңғы хабарламада сол бұрынғы инспекция жерiнде орналасқан ретiнде көрсетiлген сандардан артық, бұрынғы инспекция жерiндегi жауынгерлiк танктердiң, жауынгерлiк броньды машиналардың, артиллерияның, жауынгерлiк тiкұшақтардың немесе жауынгерлiк ұшақтардың бастапқы пунктi болып табылатын егер осындай кәдiмгi қару-жарақ пен техника осылайша хабарланған, сондай кәдiмгi қару-жарақ мен техниканың санынан 15 пайыз артық болса.
45. Егер келесi инспекция туралы жарияланбаса, жарияланған орындағы немесе аталған аудан шегiндегi инспекция аяқталғаннан кейін, не белгiленген аудан шегіндегi инспекция аяқталғаннан кейiн инспекциялық топ мүмкіндiгiнше тез тиiстi кiру/шығу пунктiне жеткiзiледi, 24 сағат ішіндe инспекция өткiзiлген Қатысушы мемлекеттiң аумағынан шығады.
46. Инспекциялық топ, егер өзге туралы келiсiспесе, келу жүзеге асырылған сол кiру/шығу пунктi арқылы инспекция өткiзген Қатысушы мемлекеттiң аумағынан шығады. Егер инспекциялық топ инспекция жасау мақсатымен басқа Қатысушы мемлекеттiң аумағындағы кiру/шығу пунктiне жүруге шешiм қабылдаса, оны осы Хаттаманың IV бөлiмiнiң 1-тармағына сәйкес инспекциялайтын Қатысушы мемлекет қажеттi хабарлама берген жағдайда ғана жасауға құқылы.
47. Осы Хаттаманың VII және/немесе VIII бөлiмiне сәйкес өткiзiлетiн инспекцияға қатысты, инспекцияның аяқталуы бойынша инспекциялық топтың шығуынан 72 сағаттан кешiктiрмей немесе инспекциялайтын Қатысушы мемлекеттiң инспекциясы өткiзiлген инспекцияның санын, қандай жарияланған орындар мен бақылау объектiлерi не аталған аудандар инспекцияланады, өткiзiлген әрбiр инспекцияның шығынын төлейтiн Қатысушы мемлекет, сондай-ақ санның жалпы түрiндегi жарияланған орын инспекциясындағы оның пассивтiк үлесінің қалдығын және инспекциялайтын Қатысушы мемлекет есебiнен өткiзiлетiн инспекциялар түрiнiң санын хабарламада барлық басқа Қатысушы мемлекеттерге хабарлайды.
IX бөлiмге сәйкес өткiзiлетiн инспекцияға қатысты, инспекция өткiзiлген аумақтан Қатысушы мемлекеттiң инспекциялық тобы кеткеннен кейiн 72 сағаттан кешiктiрмей, қандай белгiленген ауданның инспекцияланғандығы туралы барлық басқа Қатысушы мемлекеттердi хабардар етедi.
VII бөлiм. Жарияланған орындардың инспекциясы
1. Осы Хаттамаға сәйкес жарияланған орынның инспекциясынан бас тартуға жол берiлмейдi. Мұндай инспекциялар тек кездейсоқ жағдайларда немесе осы Хаттаманың II бөлiмнің 7, 25 және 26-тармақтарына сәйкес тоқтатылуы мүмкін. Кездейсоқ жағдайда осы Хаттаманың VI бөлiмi 1-тармағының ережесi қолданылады.
2. Осы бөлiмнің 3-тармағында көзделгендердi қоспағанда, Ақпарат алмасу туралы хаттаманың V бөлiмiне сәйкес жарияланған орынмен байланысты кiру/шығу пунктi арқылы инспекция өткiзiлетiн Қатысушы мемлекет аумағына инспекциялық топ келедi, онда ол осы бөлiмнiң 7-тармағына сәйкес инспекцияның бiрiншi орыны ретiнде белгiлеудi жоспарлайды.
3. Егер инспекциялайтын Қатысушы мемлекет кiру/шығу пунктi ретiнде құрылықтағы шекараны қиып өту пунктiн немесе теңiз портын пайдалануды қаласа және инспекцияланатын Қатысушы мемлекет осы бөлiмнің 7-тармағына сәйкес бiрiншi инспекция орыны ретiнде белгiлеудi қалайтын инспекциялайтын Қатысушы мемлекет жарияланған орынға байланысты, Ақпарат алмасу туралы Хаттаманың V бөлiмiне сәйкес кiру/шығу пунктi ретiнде құрылықтағы шекараны қиып өту пунктi немесе теңiз порты туралы бұрынырақ хабарламаса, инспекциялайтын Қатысушы мемлекет осы Хаттаманың IV бөлiмiнiң 2-тармағына сәйкес кiру/шығу пунктi peтіндe құрылықтағы шекараны қиып өту пунктiн немесе теңiз портын қалайтыны берiлген хабарламада көрсетедi. Инспекцияланатын Қатысушы мемлекет осы Хаттаманың IV бөлiмiнiң 5-тармағына сәйкес көзделген хабарламаны алғандығын растауда осы кiру/шығу пунктi ыңғайлы ма әлде жоқ па, соны көрсетедi. Соңғы жағдайда инспекцияланатын Қатысушы мемлекет инспекциялайтын Қатысушы мемлекеттi мүмкіндiгiнше өздерi қалаған кiру/шығу пунктiне ең жақын орналасқан басқа кiру/шығу пунктi туралы және Ақпарат алмасу туралы Хаттаманың V бөлiмiне сәйкес хабарланған ол әуежай, теңiз порты немесе құрылықтағы шекараның қиылысу пунктi болуы мүмкiн, солар арқылы инспекциялық топ және көлiк құралдарының экипажы оның аумағына келетіні туралы хабарлайды.
4. Егер инспекциялайтын Қатысушы мемлекет осы бөлiмнің 3-тармағына сәйкес кiру/шығу пунктi ретiнде құрылықтағы шекаралардың қиылысу пунктiн немесе теңiз портын пайдалануды қалайтындығы туралы хабарласа, ол сондай хабарламаға дейiн жерүcтi көлiк құралдарын пайдалана отырып, осы бөлiмнiң 8-тармағына сәйкес көрсетiлген уақыт iшiнде, қай жерде сол Қатысушы мемлекет инспекция өткiзудi қалайды, оның инспекциялық топ алғашқы жарияланған орынға келе алатынына сенiмдiлiгiн анықтайды.
5. Егер инспекциялық топ және көлiк құралдарының экипажы жарияланған орынмен байланысты ретiнде Ақпарат алмасу туралы Хаттаманың V бөлiмiне сәйкес хабарланған кiру/шығу пунктiнен гөрi инспекция өткiзiлетiн Қатысушы мемлекеттің аумағына осы бөлiмнiң 3-тармағына сәйкес келген болса, оны ол бiрiншi инспекция орны ретiнде белгiлеудi қаласа, инспекциялайтын Қатысушы мемлекет мүмкіндігінше тез сол жарияланған орынға рұқсаттаманы жеңiлдетедi, бiрақ оған, егер ол қажет болса, осы бөлiмнің 8-тармағында көрсетiлген уақыт лимитiн көтеруге мүмкіндік берiледi.
6. Инспекциялайтын Қатысушы мемлекеттің жарияланған орнын белгiленгеннен кейiн инспекциялық топ сол жерге келуге даярлану үшiн алты сағатқа дейiн пайдалануға құқылы.
7. Кiру/шығу пунктiне келгеннен кейiн кемi бiр сағатты және 16-дан аспайтын сағатты құрайтын, осы Хаттаманың IV-бөлiмi 2-тармағының (Е) тармақшасына сәйкес хабарламада көрсетiлген кiру/шығу пунктiне келгеннен кейiнгi сағаттар саны арқылы инспекциялық топ инспекция өткiзiлетiн орында бiрiншi жарияланған орынды белгiлейдi.
8. Инспекциялайтын Қатысушы мемлекет ең жылдам қолайлы қозғалыс құралымен алғашқы жарияланған орынға жүретiн инспекциялық топтың, егер тек инспекциялық топ пен iлесiп жүретiн топ өзгеше келiспесе немесе таулы не жетуi қиын орналасқан жерде болмаса, инспекция өткiзiлетiн жерде, белгiленген орын кейiн тоғыз сағаттан кешiктiрмей мүмкіндігiнше тез жетуiн қамтамасыз етедi. Мұндай жағдайда инспекциялық топ сол инспекция орнын белгiленгеннен кейiн 15 сағаттан кешiктiрмей инспекция орнына жеткiзiледi. Тоғыз сағаттан тыс жеткiзiлу уақыты сол инспекциялық топтың елдегi болу мерзiмiне кiрмейдi.
9. Жарияланған орынға келуi бойынша дереу, ол осы Хаттаманың I бөлiмi 1-тармағының (М) тармақшасында айқындалғанындай инспекциялық топты, оларға жарияланған орынның схемасы берiлетiн брифинг (баспасөз) өткiзiлетiн орынға iлесiп апарады. Жарияланған орынға келуi бойынша берiлетiн жарияланған орынның схемасы, жарияланған орынның анықтауында айтылатын элементтерге қосымша нақты нұсқамадан тұрады:
(А) инспекция жерiнiң шегiнде қолайлы, солтүстiктi нақты көрсетумен 10 ceкунд жақындыққа дейiнгi дәлдiкпен оның географиялық координатын келтiре отырып, жарияланған орын шекарасы iшiндегi қиылысу нүктесi;
(В) осы бөлiмде аталған оның элементтерiн дәл көрсету үшiн жеткiлiктi түрде iрi болуға тиiстi орын схемасының масштабы;
(С) жарияланған орынның дәл белгiленген аумағы мен оның шаршы шақырым алаңы;
(D) жарияланған орында тек әрбiр бақылау объектiсiне жататын сол аудандардың дәлме-дәл сызылған шекараларды, сондай-ақ әрбiр сондай аудан жататын әрбiр бақылау объектiлеріндегi құралымдар мен бөлiмдердiң тиiстi тiркелiм нөмiрлерi және әрбiр бақылау объектiлерiне жататын жауынгерлiк танктер, жауынгерлiк броньды машиналар, артиллерия, жауынгерлiк тiкұшақтар, жауынгерлiк ұшақтар, қайта топтастырылған оқу-жаттығу жауынгерлiк ұшақтар, бронетранспортерлер тәрiздестерi, жаяу әскерлердiң жауынгерлiк машиналары тәрiздестерi немесе танктiк көпiр салушылар тұрақты тiркелген сол жеке орналасқан ауданды қоса;
(Е) жарияланған орындағы негiзгi ғимараттар мен жолдар;
(Е) жарияланған орынға кiрулер;
(G) әкімшілік аймақтың, медициналық пункттер мен тамақтандыру пункттерінің орналасқан орны, сондай-ақ, егер бұл қолданыла қалса, инспекциялық топтың пайдалануы үшiн тiкұшақтар қону үшiн орындар; және
(Н) Инспекциялайтын Қатысушы мемлекет пайдалы деп санаған кез келген қосымша ақпараттар.
10. Жарияланған орынның схемасын алғаннан кейiн 30 минут ішінде инспекциялық топ инспекция өткiзiлетiн бақылау объектiсiн белгiлейдi. Бұдан кейiн инспекциялық топпен кемi бiр сағатқа созылатын және оған мынадай элементтер кiретiн инспекция алдындағы брифинг өткiзiледi:
(А) техникалық қауiпсiздiк ережесi мен инспекция орнындағы әкiмшілік рәсiмдер;
(В) инспекция орнында инспекторларды тасымалдау мен байланыс тәртiбi;
(С) инспекция орнындағы, соның iшiнде жарияланған орынның жалпы аудандары шегiндегi, инспекция өткiзiлетiн сол бақылау объектiсiне жататын жеке орналасқан бағынысты элементтерге жататындығы қоса жауынгерлiк танктер, жауынгерлiк броньды машиналар, артиллерия, жауынгерлiк тiкұшақтар, жауынгерлiк ұшақтар, қайта топтастырылған оқу-жаттығу жауынгерлiк ұшақтар, бронетранспортерлер тәрiздестер, жаяу әскерлердiң жауынгерлiк машиналары тәрiздестер мен танктiк көпiр салушылардың қолда бар және орналасқан жерi; және
(D) Еуропадағы кәдiмгі қарулы күштер жеке құрамының саны туралы келiссөздердің қорытынды актiсi VI бөлiмнiң 2-тармағына сәйкес ақпараттар.
11. Инспекция алдындағы брифинг барысында инспекциялайтын Қатысушы мемлекеттiң ұйғарымы бойынша инспекциялық топқа инспекцияға жататын бақылау объектісi ауданының жеке схемасын немесе жарияланған орын схемасының қосымша бөлiктерiн беру қарастырылуы мүмкiн. Бұл схемада мынадай элементтер көрсетiледi:
(А) жарияланған орынға жататын барлық аумақ пен тек қана бақылау объектiсiне жататын, инспекцияға жататын, оған жататын және инспекцияның осы орында тұрған жауынгерлiк танктер, жауынгерлiк броньды машиналар, артиллерия, жауынгерлiк тiкұшақтар, қайта топтастырылған оқу-жаттығу жауынгерлiк ұшақтар, бронетранспортерлер тәрiздестердi, жаяу әскерлердің жауынгерлiк машиналары тәрiздестер және танктiк көпір салушылар орналасқан барлық жеке аумақты қоса сол аудандардың шекараларын анық көрсететiн сұлбасы;
(В) нағыз солтүстік;
(С) осы бөлiмде аталған элементтердi дәл көрсету үшiн жеткiлiктi мөлшерде iрi болуы тиiс схеманың масштабы;
(D) барлық жолдар мен iрi ғимараттар, сондай-ақ:
(1) инспекция жерiнде тұрған Шарттың қолданыс аясына жататын барлық кәдiмгi қару-жарақ пен техника орналасқан жердi;
(2) есiктерiнің көлденеңi 2 метрден асатын ғимараттарды; және
(3) инспекцияға жататын бақылау объектiсiнің жеке құрамы және жарияланған орынның жалпы ауданында тұрған барлық басқа да бөлiмдер пайдаланатын казармалар мен тамақтану пункттерiн ерекшe көрсете отырып;
(Е) тұрақты немесе уақытша кiруге болмайтындарды қоса инспекцияға жататын бақылау объектiлерiне кiретiн барлық кiрулер; және
(F) инспекциялайтын Қатысушы мемлекет пайдалы деп санаған кез келген қосымша ақпарат.
12. Мынадай ережелерге сәйкес инспекция алдындағы брифинг инспекция орнында тұрған жауынгерлiк танктердің, жауынгерлiк броньды машиналардың, артиллерияның немесе жауынгерлiк тiкұшақтар сандары және Ақпарат алмасу туралы хаттамаға сәйкес ең соңғы хабарламада көрсетiлген тиiстi сандары арасындағы кез келген айырмашылықтарға түсiнiктерді енгiзедi:
(А) егер инспекция орнында тұрған сондай кәдiмгi қару-жарақ пен техника саны, сол ең соңғы хабарламада көрсетiлген саннан кем болса, мұндай түсiнiкке сондай кәдiмгi қару-жарақ пен техниканың уақытша орналасқан жерi, кеткен күнi мен күтiлетін қайтып келетiн күнi енгiзiледi; және
(В) егер инспекция орнында тұрған сондай кәдiмгi қару-жарақ пен техниканың саны, сол ең соңғы хабарламада көрсетiлген саннан артық болса, мұндай түсiнiкке бастапқы пунктi, бастапқы пункттен шығу уақыты, инспекция орнына келу және инспекция орнына сондай қосымша кәдiмгi қару-жарақ пен техниканың алдын ала жоспарланатын уақыты туралы нақты ақпараттар енгiзiледi.
13. Бұдан басқа инспекция алдындағы брифингке инспекция орнында тұрған бронетранспортер - санитарлық машиналардың жалпы саны туралы ақпарат енгiзiледi.
14. Осы Хаттаманың VI бөлiмi 44-тарауының (D) тармақшасындағы ережелер деп тәуелсiз, егер 12-тармақтың (А) тармақшасына сәйкес, жоғарыда бақылау объектiсiнде жоқ болғандығы туралы хабарланғандай кәдiмгi қару-жарақ пен техниканың саны, Шартпен шектелетiн кәдiмгi қару-жарақ пен техниканың 30 бiрлiгiнен артығын, немесе кез келген жеке алынған санаттың 12 бiрлiгiнен артығын құраса, онда инспекциялық топтың сол аталған бақылау объектiсi инспекциясының шеңберiнде инспекцияланатын Қатысушы мемлекет аумағы шегiндегi бiр орынға баруға құқылы, мұнда инспекцияланатын Қатысушы мемлекеттiң пайымдауы бойынша осы қару-жарақ пен техниканы инспекциялау үшiн, егер бұл орын инспекция жерiнен 60 шақырым шегiнде болса бұл орын осындай жауынгерлiк танктердің, жауынгерлiк броньды машиналардың, артиллерияның, жауынгерлiк тiкұшақтардың немесе жауынгерлiк ұшақтардың уақытша орналасқан жерi болып табылады. Жеткiзiлу уақыты осы инспекциялық топтың елде болу кезеңiнде есепке алынбайды.
Әскери оқу-жаттығу немесе уақытша өрiстету нәтижесiнде аумақтық шектi деңгейден немесе аумақтық шектi төменгi деңгейден acca, осындай орын не Ақпарат алмасу туралы хаттаманың ХVIII бөлiмінің 3 немесе 4-тармағына сәйкес хабарламада көрсетiлген ауданда, не осы Хаттаманың IX бөлiмiнiң 12-тармағына сәйкес жарияланған белгiленген ауданда тұрса осы тармақтың ережесi қолданылмайды.
15. Инспекциялық топ инспекция өткiзiлетiн бақылау объектiсiн белгiлеген кезде, инспекциялық топ сол бақылау объектiсi инспекциясының бiр бөлiгi ретiнде, сол бақылау объектiсiне жататын орын ретiнде схемада бөлiп алынған, сол бақылау объектiсiне жататын, Шарттың қолданыс аясына кiретiн, кәдiмгi қару-жарақ пен техника тұрақты тұратын сол Қатысушы мемлекет аумағындағы жеке орналасқан аудандарды қоса, барлық аумақты инспекциялауға құқылы.
16. Жарияланған орындағы бiр бақылау объектiсiнiң инспекциясы, инспекция үшiн инспекциялық белгiлемеген, тек қана басқа бақылау объектiсiне жататын орын peтінде схемада бөлiп алынған аудандардан басқа, жарияланған орынның барлық аумағы шегіндe инспекциялық топтың рұқсат етiлуiн, кiруiн және еш кедергiсiз инспекциялау мүмкіндiгiн қамтамасыз етедi. Осындай инспекция уақытында осы Хаттаманың VI бөлiмiнiң ережелерi қолданылады.
17. Егер iлесiп жүретiн топ хабарланғанындай жарияланған орынның бiр бақылау объектiсiнiң қолда бары ретiнде тек ғана басқа бақылау объектiсiне жататын орын ретiнде схемада бөлiнiп алынған ауданда тұрған жауынгерлiк танктер, жауынгерлiк броньды машиналар, артиллериялар, жауынгерлiк тiкұшақтар, жауынгерлiк ұшақтар, қайта топтастырылған оқу-жаттығу жауынгерлiк ұшақтары, бронетранспортерлер тәрiздестер, жаяу әскерлердiң жауынгерлiк машиналары тәрiздестер және танктiк көпiр салушылар туралы инспекциялық топқа хабарласа, iлесiп жүретiн топ инспекциялық топты сол инспекциялық бөлiгi ретiнде сондай кәдiмгi қару-жарақ пен техникаға рұқсатты қамтамасыз етедi.
18. Егер Шартпен шектелетiн кәдiмгi қару-жарақ пен техника схемада тек бiр ғана бақылау объектiсiне жататын орын ретiнде бөлек алынбай, жарияланған орынның ауданы шегiнде тұрса, iлесiп жүретiн топ мұндай кәдiмгi қару-жарақ пен техника қандай бақылау объектiсiне жататынын инспекциялық топқа хабарлайды.
19. Әрбiр Қатысушы мемлекет, егер басқа Қатысушы мемлекет сондай ақпаратты сұратса, ұйымдастырушылық деңгейiнде деңгейi жоғары, Ақпарат алмасу туралы хаттаманың III бөлiмiне сәйкес хабарланғаны туралы Шартпен шектелетiн кез келген санаттар бойынша кәдiмгi қару-жарақ пен техниканың жиынтық жалпы саны бойынша есеп беруге мiндеттi.
20. Егер жарияланған орындағы инспекция уақытында инспекциялық топ бұдан бұрын белгiленбеген, сол жарияланған орында бақылау объектiсiне инспекция өткiзуге шешiм қабылдаса, инспекциялық топ ондай белгiлеуден кейiн үш сағат iшiнде сондай инспекцияны бастауға құқылы. Мұндай жағдайда осы бөлiмнiң 10 және 12-тармақтарына сәйкес келесi инспекция үшiн белгiленген сол бақылау объектiсi бойынша инспекциялық топпен брифинг өткiзiледi.
VІІІ бөлiм. Көрсетілген аудан шегінде талап бойынша
инспекция
1. Әрбiр Қатысушы мемлекет осы Хаттамаға сәйкес көрсетiлген аудан шегiнде талап бойынша инспекция өткiзуге құқылы.
2. Егер инспекциялайтын Қатысушы мемлекет кiру/шығу пунктiне келгеннен кейiн бiрiншi инспекция ретiнде көрсетiлген аудан шегiнде талап бойынша инспекция өткiзуге ниет бiлдiрсе:
(А) ол осы Хаттаманың IV бөлiмiне сәйкес өзiнің хабарламасына инспекциялайтын Қатысушы мемлекеттің таңдап алған көлiк құралдарын қабылдауға қаблеттi сол көрсетiлген ауданға немесе оның шегiнде ең жақын белгiленген кiру/шығу пунктiн енгiзедi; және
(В) осы Хаттаманың IV бөлiмi 2-тармағының (Е) тармақшасына сәйкес кiру/шығу пунктiне келгеннен кейiн бiр сағаттан кем емес және 16 сағаттан артық емес болып табылатын хабарламада көрсетiлген кiру/шығу пунктiне келгеннен кейiн бiрнеше сағат өткен соң инспекциялық топ өзiнiң инспекциялауды қалайтын бiрiншi көрсетiлген ауданын белгiлейдi. Көрсетiлген аудан шекарасында орналасқан жарияланған орын осы бөлiмге сәйкес инспекцияға жатпайды. Көрсетiлген аудан белгiленгенде инспекциялық топ iлесiп жүретiн топқа инспекцияға сұратудың бөлiгi ретiнде ауданның сыртқы шекарасын көрсете отырып географиялық суреттеуiн ұсынады. Инспекциялық топ осы сұрау салу ретiнде ол хабардар етуге ниет бiлдiрген кез келген ғимараттарды немесе объектiнi көрсетуге құқылы.
3. Талап бойынша инспекцияға сұрау салған аумақтың Қатысушы мемлекетi көрсетiлген аудан белгiленгеннен кейiн дереу сол көрсетiлген аудан туралы, оның сыртқы шекарасын көрсете отырып, географиялық суреттеуiн қоса, инспекцияланатын Қатысушы мемлекеттiң келiсiмi бойынша пайдаланылатын құрылыстарды немесе объектiлердi басқа Қатысушы мемлекеттерге хабарлайды.
4. Инспекцияланатын Қатысушы мемлекет көрсетiлген аудан шегiнде талап бойынша инспекция өткiзуден бас тартуға құқылы.
5. Инспекцияланатын Қатысушы мемлекет көрсетiлген аудан белгiленгеннен кейiн екi сағат iшiнде инспекцияға сұрау салу қанағаттандырыламаса, сол туралы хабарлайды.
6. Егер көрсетiлген ауданға рұқсат етiлсе:
(А) инспекцияланатын Қатысушы мемлекет көрсетiлген ауданға инспекциялық топтың келуiне дайындалу үшiн инспекцияға келiсiм бергеннен кейiн алты сағатқа дейiн пайдалануға құқылы;
(В) инспекцияланатын Қатысушы мемлекет инспекциялық топтың ең жылдам қолайлы қозғалыс құралымен бiрiншi көрсетiлген ауданға жүруiн, инспекция өткiзiлетiн жердiң орны белгiленгеннен кейiн мүмкiндiгiнше тез, бiрақ сондай инспекцияға келiсiм берiлген уақыттың тоғыз сағатынан кешіктiрмей келуiн, егер тек инспекциялық топ пен iлесiп жүретiн топ өзгеше келiспесе немесе егер тек инспекция орыны таулы немесе жетуi қиын жерде тұрмаса қамтамасыз етедi. Мұндай жағдайда ондай инспекцияға келiсiм берiлгеннен кейiн, инспекциялық топ инспекция орнына 15 сағаттан кешiктiрмей жеткiзiледi. Жеткiзу уақыты тоғыз сағаттан тыс сол инспекциялық топтың елде болу кезеңi есебiне кiрмейдi; және
(С) осы Хаттаманың VI бөлiм ережесi қолданылады. Сондай көрсетiлген аудан шегінде iлесiп жүретiн топ сол көрсетiлген ауданның жекелеген бөлiмдерiне немесе оларды айналып ұшуға рұқсат етудi кiдiрте алады. Егер кiдiрту 24 сағаттан асса, инспекциялық топ инспекцияны тоқтатуға құқылы. Кiдiрту кезеңi елде болу кезеңi немесе көрсетiлген аудан шегiне рұқсат етiлген уақыт есебiне кiрмейдi.
7. Егер инспекциялық топ инспекцияланатын Қатысушы мемлекеттің келiсiмi бойынша басқа Қатысушы мемлекет пайдаланатын ғимаратқа немесе объектiге рұқсат сұраса инспекцияланатын Қатысушы мемлекет сондай сұрау салу туралы сол Қатысушы мемлекетке дереу хабарлайды. Iлесiп жүретiн топ инспекцияланатын Қатысушы мемлекеттiң келiсiмi бойынша басқа Қатысушы мемлекет оның пайдалану жөнiндегi келiсiмге сәйкестiгi көлемінде инспекцияланатын Қатысушы мемлекетпен бiрлесе отырып, сол ғимаратты немесе объектiнi пайдаланушы Қатысушы мемлекеттің техникаларына немесе объектiлерiне қатысты инспекцияға байланысты осы Хаттамада көзделген құқық пен міндеттемелердi жүзеге асыратындығы туралы инспекциялық топқа хабарлайды.
8. Инспекцияланатын Қатысушы мемлекеттiң тiлегi бойынша инспекциялық топтың көрсетiлген ауданға келуi бойынша брифинг өткiзiлуi мүмкiн. Брифингтiң ұзақтығы бiр сағаттан аспауы керек. Осы брифингте, сондай-ақ техникалық қауiпсiздiк ережесi мен әкiмшiлiк рәсiмдерi де көрiнiс табуы мүмкiн.
9. Егер көрсетiлген ауданға кiруге рұқсат етiлмесе:
(А) инспекцияланатын Қатысушы мемлекет немесе инспекцияланатын Қатысушы мемлекеттiң құқықтары мен мiндеттемелерiн жүзеге асырушы Қатысушы мемлекет көрсетiлген ауданда Шартпен шектелетiн, кәдiмгi қару-жарақ пен техниканың жоқтығына орынды кепiлдiк бередi. Егер мұндай қару-жарақ пен техника бар болса және бейбiт уақытта iшкi қауіпсiздiк қызметiн жүзеге асыру үшiн құрылған және құрылымдық ұйымдастырылған ұйымдарға тiркелсе, инспекцияланатын Қатысушы мемлекет немесе инспекцияланатын Қатысушы мемлекеттiң құқықтары мен мiндеттемелерiн жүзеге асырушы Қатысушы мемлекет, егер тек оған кездейсоқ жағдай кедергi болмаса, олардың тұрғандығына көз жеткiзу үшiн сырттай шолу жасауға рұқсат етедi; мұндай жағдайда, сырттай шолу жасауға мүмкiндiгiнше тез рұқсат етiледi; және
(В) инспекция үлеске есепке алынбайды және көрсетiлген ауданды белгiлеу мен одан кейiнгi бас тарту аралығындағы уақыт та елде болған кезеңнің есебiне кiрмейдi. Инспекциялық топ инспекция үшiн басқа көрсетiлген ауданды немесе жарияланған орынды белгiлеуге не инспекция аяқталды деп жариялауға құқылы.
IX бөлiм. Белгіленген аудан шегіндегі инспекция
1. Белгіленген аудандағы инспекция әскери оқу-жаттығу немесе уақытша өрiстету нәтижесiнде аумақтық шектi деңгейдi немесе аумақтың шектi кiшi деңгейдi арттыру туралы хабарламаға жауап ретiнде өткiзiледi. Сонымен, осы Хаттаманың VI бөлiмi 27, 28 және 29-тармақтарының ережесiнен тәуелсiз, осы инспекцияның жауынгерлiк танктерi, жауынгерлiк броньды машиналары мен артиллериясы болып табылады; бірақ, сондай-ақ жауынгерлiк ұшақтар мен соққы берушi тiкұшақтарды қадағалауға рұқсат етiледi.
2. Белгiленген аудан шегiнде инспекция өткiзуден бас тартуға жол берiлмейдi. Осындай инспекция, оның осы Хаттаманың VII немесе VIII бөлiмдерiне сәйкес сол ауданда өткiзiлетiнi және белгiленген аудан шегiндегi инспекция аяқталғаннан кейiн жүзеге асырылатыны туралы бұдан кейiн хабарланған кез келген инспекцияға қатысты басымдыққа ие болады. Кездейсоқ жағдайларда осы Хаттаманың VI бөлiмi 1-тармағының ережелерi қолданылады.
3. Егер әскери оқу-жаттығулар нәтижесiнде:
(А) Қатысушы мемлекеттің аумақтық шектi деңгейi немесе аумақтық шектi кiшi деңгейi 21 күннен артық мерзiм iшiнде уақытша арттырылады, бұл Қатысушы мемлекет белгiленген аудан шегiнде бiр инспекцияны қабылдайды. Инспекция аумақтық шектi деңгейдің немесе аумақтық шектi кiшi деңгейдің арттырылғаны туралы хабарламада көрсетiлген күннен кейiн 7 күннен ерте емес және Ақпарат алмасу туралы хаттаманың ХVІІI бөлiмiнің 5-тармағына сәйкес берiлген хабарламадан кейiн 7 күннен кешiктiрмей өткiзiлуi мүмкін; және
(В) Қатысушы мемлекеттің аумақтық шектi деңгейiн немесе аумақтық шектi кiшi деңгейiн уақытша арттыру 42 күннен артық жалғасады, бұл оқу-жаттығулар уақытша өрiстету ретiнде қаралады және аумақтық шектi деңгейдi немесе аумақтық шектi кiшi деңгейдi арттыру туралы хабарламада көрсетiлген күннен кейiн 60 күннен кешiктiрмей қосымша инспекциялауға жатады. Кез келген одан кейiнгi инспекция аумақтық шектi деңгейдi немесе аумақтық шектi кiшi деңгейдi арттырылғаннан кейiн 150 күннен ерте емес және одан кейiн әр 90 күн сайын орын алады.
4. Қатысушы мемлекеттiң аумақтық шектi деңгейiн немесе аумақтық шектi кiшi деңгейiн уақытша арттыру кезiнде жауынгерлiк танктердi, жауынгерлiк броньды машиналарды немесе артиллерияны 153 жауынгерлiк танктен, 241 жауынгерлiк броньды машинадан немесе 140 артиллерия бiрлiгiнен артық емес мөлшерде уақытша өрiстету нәтижесiнде:
(А) бұл Қатысушы мемлекет белгiленген аудан шегiнде аумақтық шектi деңгейдi немесе аумақтық шектi кiшi деңгейдi арттырылғанның 30-шы күнiнен ерте емес мерзiмде бiр инспекцияны қабылдайды;
(В) егер аумақтық шектi деңгейдi немесе аумақтық шектi кiшi деңгейдi арттыру жалғасатын болса, бұл Қатысушы мемлекет белгiленген аудан шегiндегi аумақтық шектi деңгейдi немесе аумақтық шектi кiшi деңгейдi арттырылғанның 90-шы күнiнен ерте емес мерзiмде екiншi инспекцияны қабылдайды; және
(С) егер аумақтық шектi деңгейдi немесе аумақтық шектi кiшi деңгейдi арттыру жалғасатын болса, бұл Қатысушы мемлекет белгiленген аудан шегiндегi аумақтық шектi деңгейдi немесе аумақтық шектi кiшi деңгейдi арттырылғаннан 180-шi күнiнен ерте емес мерзiмде үшiншi инспекцияны және одан кейiн белгiленген аудан шегiнде әр 90 күн сайын бiр қосымша инспекцияны қабылдайды.
5. Қатысушы мемлекеттiң аумақтық шектi деңгейiн уақытша арттыру кезiнде жауынгерлiк танктердi, жауынгерлiк броньды машиналарды немесе артиллерияны 153 жауынгерлiк танктен, 241 жауынгерлiк броньды машинадан немесе 140 артиллерия бiрлiгiнен артық мөлшерде уақытша өрiстету нәтижесiнде:
(А) бұл Қатысушы мемлекет белгiленген аудан шегiнде аумақтық шектi деңгей арттырылғаннан 27-шi күнiнен ерте емес мерзiмде бiр инспекцияны қабылдайды;
(В) егер аумақтық шектi деңгейдi арттыру жалғасатын болса, бұл Қатысушы мемлекет белгiленген аудан шегiнде аумақтық шектi деңгей арттырылғаннан 75-шi күнiнен ерте емес мерзiмде екiншi инспекцияны қабылдайды; және
(С) егер аумақтық шектi деңгейдi арттыру жалғасатын болса, бұл Қатысушы мемлекет белгiленген аудан шегiнде аумақтық шектi деңгейi арттырылған 90-шы күнiнен ерте емес мерзiмде үшiншi инспекцияны және одан кейiн белгiленген аудан шегiнде әр 90 күн сайын бiр қосымша инспекцияны қабылдайды.
6. Егер аумақтық шектi деңгейi 4-тармақтың ережелерiнен тәуелсiз, 153 жауынгерлiк танктен, 241 жауынгерлiк броньды машинадан немесе 140 артиллерия бiрлiгiнен артық емес құрайтын мөлшерде арттырылатын болса, онда бұл қару-жарақ пен техника егер ол қару-жарақ пен техника Ақпарат алмасу туралы хаттаманың VII бөлiмi 1-тармағының (А) тармақшасына сәйкес ақпарат алмасу кезiнде және одан кейiнгi әр жыл сайынғы ақпарат алмасу кезiнде олардың басқа Қатысушы мемлекеттiң аумағында уақытша орналасқан нақты орыны тиiсiнше хабарланған болса, осы бөлiмге сәйкес инспекциялық мiндеттемелер құрамайды.
7. Әрбiр Қатысушы мемлекет аумақтық шектi деңгейi немесе аумақтық шектi кіші деңгейi уақытша арттырылатын Қатысушы мемлекеттен және аумағында сол Қатысушы мемлекеттiң Шарттың қолданылу аясына кiретiн кәдiмгi қару-жарағы мен техникасы бар Қатысушы мемлекеттерден басқа белгiленген аудан шегiнде инспекцияға қатысуға құқылы. Жалпы ереже ретiнде инспекциялық топ көпұлтты болып табылады. Инспекциялық топқа қатысатын Қатысушы мемлекеттердiң бiрi осы Хаттамаға сәйкес инспекциялайтын Қатысушы мемлекеттiң мiндеттемелерiн өзiне қабылдайды.
8. Белгiленген аудан шегiндегi инспекцияға қатысуға ниет білдiрген Қатысушы мемлекет оны жоспарлауда ынтымақтасады.
9. Инспекция жағдайында осы бөлiмнің 3-тармағының (А) тармақшасына сәйкес мынадай рәсiмдер қолданылады:
(А) инспекцияға қатысуға мүдделi әрбiр Қатысушы мемлекет барлық басқа Қатысушы мемлекеттердi аумақтық шектi деңгей немесе аумақтық шектi кiшi деңгей арттырылған күнiнен кейiн бiр күннен кешiктiрмей Ақпарат алмасу туралы хаттаманың ХVIII бөлiмi 3-тармағының (А) немесе (С) тармақшаларына сәйкес ол туралы хабарлама ұсынылғанын хабарлайды. Егер Қатысушы мемлекет инспекциялайтын Қатысушы мемлекеттің мiндеттемелерiн өзiне қабылдауға мүдделi болса, ол оның хабарламасында көрсетiлуi тиiс. Бұл хабарламаның көшiрмесi Бiрлескен консультативтiк топтағы барлық делегацияларға және Бiрлескен консультативтiк топтың Төрағасына бiр уақытта ұсынылады.
(В) бұдан кейiн өздерінің инспекцияға қатысуға мүдделiлiгi туралы хабарлаған Қатысушы мемлекеттер егер олар өзге шешiм қабылдамаған болса, мыналарды анықтау үшiн бiр күн мерзiм iшiнде Бiрлескен консультативтiк топ шеңберiнде консультациялар өткiзедi:
(1) инспекциялайтын Қатысушы мемлекеттi;
(2) осы Хаттаманың VI бөлiмi 5-тармағының ережелерiн назарға ала отырып, инспекциялық топтың құрамын, және
(3) олар инспекция өткiзудiң мақсатты деп санайтын кез келген басқа да шарттарын.
10. Инспекция жағдайында осы бөлiмнiң 4 немесе 5-тармақтарына сәйкес мынадай рәсiмдер қолданылады:
(А) осы бөлiмнің 4-тармағының (А) тармақшасына немесе 5-тармағының (А) тармақшасына сәйкес инспекцияға қатысуға мүдделi әрбiр Қатысушы мемлекет барлық басқа Қатысушы мемлекеттердi Ақпарат алмасу туралы хаттаманың XVIII бөлiмi 4-тармағының (А) тармақшасына сәйкес ол туралы хабарламада берiлген аумақтық шектi деңгей немесе аумақтық шектi кiшi деңгей арттырылған күнiнен кейiн 9 күннен кешіктiрмей хабарландырады. Егер Қатысушы мемлекет инспекциялаушы Қатысушы мемлекеттiң міндеттемелерiн өзiне қабылдауға мүдделi болса, ол оның хабарламасында көрсетілуі тиiс. Бұл жазбаша хабарламаның көшiрмесi Бiрлескен консультативтiк топтағы барлық делегацияларға және Бiрлескен консультативтiк топтың Төрағасына бiр уақытта ұсынылады.
(В) осы бөлiмнің 4-тармағының (В) немесе (С) тармақшаларына немесе 4-тармағының (В) немесе (С) тармақшаларына, не 3-тармағының (В) тармақшасына сәйкес одан кейiнгi инспекция жағдайында ондай инспекцияға қатысуға мүдделi әрбiр Қатысушы мемлекет барлық басқа Қатысушы мемлекеттердi мұндай одан кейiнгi инспекцияны қабылдау міндеттемесi қолданысқа енетiн күнiнен тоғыз күннен кешiктiрмей хабардар етедi.
(С) бұдан кейiн өздерiнiң инспекцияға қатысуға мүдделілігi туралы (А) немесе (В) тармақтарына сәйкес хабарлаған Қатысушы мемлекеттер, егер олар өзге шешiм қабылдамаса, мыналарды анықтау үшiн бiр күн мерзiм iшiнде Бiрлескен консультативтiк топ шеңберiнде консультациялар өткiзедi:
(1) инспекциялайтын Қатысушы мемлекеттi;
(2) осы Хаттаманың VI бөлiмi 5-тармағының ережелерiн назарға ала отырып, инспекциялық топтың құрамын; және
(3) олар мақсатқа сәйкес деп санайтын кез келген басқа да инспекция өткiзудiң шарттарын.
11. Осы бөлiмге сәйкес инспекция өткiзетiн инспекциялық топ белгiленген аудан шегiнде 72 күннен асырмай өткiзедi.
12. Осы Хаттаманың IV бөлiмi 3-тармағының (Е) тармақшасына сәйкес хабарламада көрсетiлген кiру/шығу пунктiне келгеннен кейiн кiру/шығу пунктiне келгеннен кейiн бiр сағаттан аз емес және 16 сағаттан артық емес болып табылатын сағаттар саны арқылы инспекциялық топ өзi инспекциялауға тiлек бiлдiретiн белгiленген ауданын белгiлейдi. Белгiленген аудан белгiленгенде инспекциялық топ iлесіп жүретiн топқа инспекцияға сұрау салудың бөлiгi ретiнде сол ауданның шекаралары көрсетiлген географиялық суреттеме бередi. Инспекциялық топ осындай сұрау салудың бөлiгi ретiнде ол инспекциялауға тiлек бiлдiрген кез келген құрылысты немесе объектiнi көрсетуге құқылы.
13. Аумағында белгiленген аудан шегiнде инспекцияға сұрау салынған Қатысушы мемлекет белгiленген ауданды белгiленгеннен кейiн дереу күші бар немесе құрылыстарды немесе объектiлердi инспекциялайтын Қатысушы мемлекеттің келiсiмi бойынша қолданатын барлық басқа Қатысушы мемлекеттерге ол белгiленген аудан туралы сыртқы шекараларын көрсете отырып оның географиялық суреттемесiн қоса хабарлайды.
(А) Инспекцияланатын Қатысушы мемлекет инспекцияға дайындалу үшiн белгіленген аудан белгiленгеннен кейiн алты сағатқа дейін пайдалануға құқылы;
(В) инспекцияланатын Қатысушы мемлекет инспекция өткiзiлетiн жер белгiленгеннен кейiн инспекциялық топтың белгiленген ауданға ең шапшаң қол жететiн қозғалыс құралымен аттануын және мүмкіндiгiнше тез, бiрақ егер инспекциялық топ пен iлесiп жүретiн топ өзге келiспесе немесе егер инспекция жерi таулы немесе жетуi қиын жерде болмаса ғана тоғыз сағаттан кешiкпей жетуiн қамтамасыз етедi. Мұндай жағдайларда инспекциялық топ инспекция жерiне инспекция өткiзiлетiн жер белгiленгеннен кейiн 15 сағаттан кешiктiрмей жеткiзiледi.
14. Белгiленген ауданға келгеннен кейiн инспекциялық топ брифинг өтетiн жерге апарылады және оған белгiленген ауданның картасы (1:210 000 масштабынан ұсақ емес) мен географиялық сипатын Шартпен шектелетiн кәдiмгi қару-жарақ пен техника өрiстетiлген және осы инспекцияның негiзi болып табылатын жарияланған орындардың, аудандардың орналасуын қоса, сондай-ақ олардың болжамды санын, тiкұшақтар қону үшiн орындарды және инспекторлар үшiн брифинг өткiзу орнын және әкiмшіліктiк аймақтарын бередi.
15. Брифинг өткiзiлетiн жерге келгеннен кейiн 30 минуттан кешiктiрмей белгiленген ауданда инспекциялық топ бiр сағаттан аспайтын және мынадай элементтердi қамтитын инспекция алдындағы брифинг өткiзедi:
(А) инспекция орнындағы техника қауiпсiздiгiнiң ережесi мен әкiмшiлiктiк рәсiмдер;
(В) инспекция орнындағы тасымалдау тәртiбi, тiкұшақтар қону үшiн орындар мен инспекторлардың байланыс тәртiбi;
(С) төменде көрсетiлгенiндей инспекцияланатын Қатысушы мемлекеттiң аумағында немесе шектi кiшi деңгейлi аумақта нақты тұрған жауынгерлiк танктердiң, жауынгерлiк броньды машиналардың және артиллерия бiрлiктерiнiң Қатысушы мемлекеттерге бөлiнген жалпы саны туралы қолда бар ең соңғы ақпарат:
(1) жыл сайын ақпарат алмасу кезiнде инспекцияланатын Қатысушы мемлекеттiң аумағында немесе оның шектi кiшi деңгейлi аумағында орналасқан жерлерде және ол жерлерде нақтылы бар деп жарияланған;
(2) жыл сайын ақпарат алмасу кезiнде инспекцияланатын Қатысушы мемлекеттің аумағында немесе оның шектi кiшi деңгейлi аумағында орналасқан жерлерде, бiрақ ол жерде нақтылы бар және тиiстi аумақтық шектi деңгейдi немесе аумақтық шектi кiшi деңгейдi арттырмайды деп жарияланбағандар;
(3) жыл сайын ақпарат алмасу кезiнде инспекцияланатын Қатысушы мемлекеттің аумағында немесе оның шектi кiшi деңгейлi аумағында орналасқан жерлерде, бiрақ ол жерде нақтылы бар және тиiстілігінен артық аумақтық шектi деңгейдi немесе аумақтық шектеулi кiшi деңгейдi арттырмайды деп жарияланбағандар.
Инспекция алдындағы брифингте аумақтық шектi деңгейден немесе аумақтық шектi кiшi деңгейден нақтылы артық және Ақпарат алмасу туралы хаттаманың ХVIII бөлiмiнiң 3 немесе 4-тармағында көрсетiлген тиiстi санынан артық жауынгерлiк танктер, жауынгерлiк броньды машиналар және артиллерия бiрлiктерi саны арасындағы кез келген айырмашылықты түсiндiрудi қамтиды.
(D) төменде көрсетiлгенiндей белгiленген ауданда нақтылы тұрған жауынгерлiк танктердiң, жауынгерлiк броньды машиналардың және артиллерия бiрлiктерiнiң Қатысушы мемлекеттерге бөлiнген жалпы саны туралы қолда бaр ең соңғы ақпаратты:
(1) жыл сайын ақпарат алмасу кезiнде белгiленген аудан шегiнде орналасқан жерде тұрғаны және белгiленген ауданда нақтылы тұрғаны жарияланғандар;
(2) жыл сайын ақпарат алмасу кезiнде Қатысушы мемлекеттiң аумағында орналасқан жерде белгiленген аудан шегiнен тыс тұрғаны, алайда белгіленген ауданда нақтылы тұрғаны туралы жарияланғандар;
(3) жыл сайын ақпарат алмасу кезiнде инспекцияланатын Қатысушы мемлекеттiң аумағында орналасқан жерде, бiрақ белгiленген ауданда нақтылы тұрғаны жарияланбағандар.
(Е) әрбiр жарияланған орында белгiленген аудан шегiндегi кез келген жаңартылған хабарлама ескерiле отырып, 1 қаңтардағы жағдай бойынша хабарланған туралы сол жерде нақтылы тұрған жауынгерлiк танктердің, жауынгерлiк броньды машиналардың және артиллерия бiрлiктерiнiң қолда бар саны туралы қолда бар ең соңғы ақпараттарды; және
(F) инспекциялық топтың инспекция жүргiзуiн жеңілдете алатын қосымша ақпаратты.
16. Инспекция алдындағы брифингтен кейiн инспекциялық топ инспекция өткiзу жоспарын жариялайды. Бұл инспекциялық топтың инспекция барысында бастапқы жарияланған жоспарын өзгерту құқығына нұқсан келтiрмейдi.
17. Инспекция өткiзудi жеңiлдету мақсатында инспекция уақытында инспекциялық топқа брифингтердi, схемалар мен карталарды қоса қосымша ақпараттар берiлуi мүмкiн.
18. Егер инспекциялық топ жарияланған орынды инспекциялауға ниет бiлдiрсе, iлесiп жүретiн топ инспекциялық топтың өтiнiшi бойынша сол жарияланған орын туралы брифинг өткiзудi қамтамасыз етедi.
19. Iлесiп жүретiн топ белгiленген аудан шегiнде сол белгiленген ауданның жекелеген бөлiмдерiнде болу мен олардың үстiнен айнала ұшуды тоқтата алады. Егер тоқтату төрт сағаттан асатын болса, төрт сағаттан артық тоқтату кезеңi белгiленген аудан шегiнде рұқсат етiлген максимальды уақытқа есептелмейдi.
20. Егер инспекциялық топ инспекцияланатын Қатысушы мемлекеттің келiсiмiмен басқа Қатысушы мемлекет пайдаланатын құрылыста немесе объектiлерде болуға сұрау салса, инспекцияланатын Қатысушы мемлекет ондай сұраныс туралы ол Қатысушы мемлекеттi кешіктірмей хабардар етедi. Iлесiп жүретін топ инспекциялық топты басқа Қатысушы мемлекеттің инспекцияланатын Қатысушы мемлекеттің келiсiмiмен инспекцияланатын Қатысушы мемлекетпен пайдалану туралы келiсiмге сәйкес дәрежедегi ынтымақтастықта хабардар етедi, осы Хаттамада белгiленген сол құрылысты немесе объектiлердi пайдаланатын Қатысушы мемлекеттің техникасына немесе объектiлерiне қатысты құқықтар мен мiндеттемелердi жүзеге асырады.
Х бөлiм. Сертификаттау инспекциясы
1. Әрбiр Қатысушы мемлекет осы бөлiмнiң, Тiкұшақтарды қайта жіктеп топтастыру туралы хаттаманың және Ұшақтарды қайта жіктеп топтастыру туралы хаттаманың ережелерiне сәйкес бас тартуға құқығынсыз қайта жiктеп топтастырылған көп мақсатты соққы берушi тiкұшақтар мен қайта жiктеп топтастырылған оқу-жауынгерлiк ұшақтарды сертификаттау инспекциясын өткiзуге құқылы. Осындай инспекциялар осы Хаттаманың II бөлiмiнде белгiленген үлестерге саналмайды. Осындай инспекцияларды өткiзетiн инспекциялық топтар әртүрлi Қатысушы мемлекеттердiң өкілдерiнен құралуы мүмкiн. Инспекцияланатын Қатысушы мемлекет әр сертификаттау орнында бiр инспекциялық топтан артық қабылдауға мiндеттi емес.
2. Сертификаттау инспекциясын өткiзу кезiнде осы бөлiмге сәйкес инспекциялық топ егер өзге туралы келiспесе, сертификаттау орнында екi күнге дейiн болуға құқылы.
3. Қайта жiктеп топтастырылған көп мақсатты соққы берушi тiкұшақтарды немесе қайта жiктеп топтастырылған оқу-жауынгерлiк ұшақтарды сертификаттау басталғанға дейiн кемi 15 күн бұрын сертификаттауды өткiзушi Қатысушы мемлекет барлық басқа да Қатысушы мемлекеттерге мыналар туралы хабарлама бередi:
(А) географиялық координаттарын қоса сертификаттау өткiзiлетiн орын;
(В) сертификаттау процесiнің жоспарланған күні;
(С) сертификатталатын тiкұшақтардың немесе ұшақтардың болжанған саны мен түрi, моделi немесе нұсқасы;
(D) әрбiр тiкұшақ немесе ұшақ үшiн зауыттық сериялы нөмiрi;
(Е) тiкұшақтар немесе ұшақтар бұрын тiркелген бөлiмдер немесе орналасқан жерлер;
(F) болашақта сертификатталған тiкұшақтар немесе ұшақтар тiркелетiн бөлімдер немесе орналастырылатын жерлер;
(G) инспекциялық топ пайдаланатын кiру/шығу пункттерi; және
(Р) инспекциялық топ сертификаттау инспекциясын өткiзу мақсатында кiру/шығу пунктiне келетiн күнi мен уақыты.
4. Инспекторлар сертификаттауды өткiзетiн Қатысушы мемлекет тарапынан бас тартуға құқығынсыз, тiкұшақтардың немесе ұшақтардың кабиналарына кiруге және зауыттық сериялы нөмiрiн тексерумен қоса iшкi бөлiгiн көзбен шолып байқауға құқылы.
5. Инспекциялық топ сұрау салған жағдайда iлесiп жүретiн топ тiкұшақтарды қайта жiктеп топтастыру туралы хаттаманың және Ұшақтарды қайта жіктеп топтастыру туралы хаттаманың ережелерiне сәйкес бас тарту құқығынсыз, компоненттер мен сымдар қайта монтаждалған жерлердi жауып тұратын алдын ала сақтандыру қалқандарын алады.
6. Инспекторлар сертификаттауды өткiзетiн Қатысушы мемлекет тарапынан бас тарту құқығымен сертификатталатын немесе қайта жіктеп топтастырылған деп жарияланатын көп мақсатты соққы берушi тiкұшақ қаруы жүйесiнің кез келген компонентiн iске қосуға сұрау салуға және бақылауға құқылы.
7. Әрбiр сертификаттау инспекциясы аяқталар кезде инспекциялық топ осы Хаттаманың XIV бөлiмiнiң ережелерiне сәйкес есеп берудi жасайды.
8. Сертификаттау орнында инспекция аяқталған соң инспекциялық топ инспекцияланатын Қатысушы мемлекеттiң аумағынан кетуге немесе егер инспекциялық топ осы Хаттаманың IV бөлiмiнiң 3-тармағына сәйкес тиiстi хабарлама берген болса, басқа бiр сертификаттау орнында немесе қысқарту орнында кезектi инспекция өткiзуге құқылы. Инспекциялық топ белгiленген шығу уақытынан кемi 24 сағат бұрын iлесiп жүретiн топқа өзiнiң сертификаттау орнынан шығатынын және егер орынды болса, басқа сертификаттау орнына немесе қысқарту орнына баратынын хабарлайды.
9. Сертификаттау аяқталғаннан кейiн жетi күн iшiнде сертификаттауға жауапты Қатысушы мемлекет барлық басқа Қатысушы мемлекеттерге сертификаттаудың аяқталғаны туралы хабарлайды. Осындай хабарламада сертификатталған тiкұшақтардың немесе ұшақтардың саны, түрлерi, модельдерi немесе нұсқалары және зауыттық сериялы нөмiрлерi, сертификаттаудың осы орнын, сертификаттаудың нақтылы күндерi және қайта жiктеп топтастырылған тiкұшақтар немесе қайта жіктеп топтастырылған ұшақтар тiркелетiн бөлiмдер немесе орналастырылатын жерлер көрсетiледi.
XI бөлiм. Қысқартулар инспекциясы
1. Әрбiр Қатысушы мемлекет осы бөлiмнің ережелерiне сәйкес жерлерде инспекцияланатын Қатысушы мемлекет тарапынан бас тарту құқығынсыз, Қысқартулар туралы хаттаманың I-VIII және X-XII бөлiмдерiне сәйкес жүзеге асырылатын қысқарту процесiне инспекция жүргiзудi өткiзуге құқылы. Мұндай инспекция осы Хаттаманың II бөлiмiнде белгiленген үлеске саналмайды. Мұндай инспекцияларды өткiзетiн инспекциялық топтар әртүрлi Қатысушы мемлекеттердiң өкілдерiнен құралуы мүмкiн. Инспекцияланатын Қатысушы мемлекет әрбiр қысқарту орнында қатар бiр инспекциялық топтан артық қабылдауға мiндеттi емес.
2. Инспекцияланатын Қатысушы мемлекет қысқарту процесiн Шарттың VIII бабында және Қысқартулар туралы хаттамада мазмұндалған ережелердi сақтай отырып қана ұйымдастыруға және жүзеге асыруға құқылы. Қысқарту процесiн инспекциялау қысқартылатын орындағы ағымдағы қызметке араласу, қысқарту процесiн жүзеге асыруға қажеттілігiнсiз кедергiлер жасау, оны тоқтату немесе күрделендiру болмайтындай етiп өткiзiледi.
3. Егер Ақпарат алмасу туралы хаттаманың III бөлiмiне сәйкес хабарламада көрсетiлген қысқарту орынын бiреуден артық Қатысушы мемлекеттер пайдаланатын болса, қысқарту процесiн инспекциялау қысқарту орынын пайдаланатын әрбiр Қатысушы мемлекет ұсынған осындай пайдалану кестелерiне сәйкес өткiзіледi.
4. Шартпен шектелетiн кәдiмгi қару-жарақ пен техниканы қысқартуға ниет бiлдiрген әрбiр Қатысушы мемлекет барлық басқа Қатысушы мемлекеттердi күнтiзбелiк есептi мерзiм iшiнде әрбiр қысқарту орынында қандай кәдiмгi қару-жарақ пен техника қысқартылатыны туралы хабардар етедi. Мұндай әрбiр күнтiзбелiк есептi мерзiмнің ұзақтығы 90 күннен артық емес және 30 күннен кем емес болады. Бұл ереже қысқарту процесi үздiксiз немесе дискреттi негiзде жүзеге асырылатындығына қарамастан қысқартудың орнында қолданылады.
5. Күнтiзбелiк есептi мерзiмде қысқарту басталғанға дейiн кемi 15 күн бұрын қысқарту рәсiмдерiн жүзеге асыруға ниет білдiрген Қатысушы мемлекет барлық басқа Қатысушы мемлекеттердi күнтiзбелiк есептi мерзiм туралы хабардар етедi. Мұндай хабарламада қысқарту орынын географиялық координаттарымен қоса белгiлеу, күнтiзбелiк есептi мерзiм ішінде қысқарту үшiн белгiленген кәдiмгi қару-жарақ пен техниканы қысқартуды бастау жоспарланған күн мен қысқартуды аяқтау жоспарланған күн қамтылады. Одан басқа хабарламада мыналар көрсетiледi:
(А) қысқартылатын кәдiмгi қару-жарақ пен техниканың болжамды саны мен түрлерi;
(В) қысқартылатын бiрлiктер шығарылған бақылау объектiсi немесе объектiлерi;
(С) қысқартылатын кәдiмгi қару-жарақ пен техниканың әр түрi үшiн Қысқартулар туралы хаттаманың III-VIII бөлiмдерiне және X-XII бөлiмдерiне сәйкес қолданылатын қысқарту процедуралары;
(D) осы күнтiзбелiк есептi кезеңге арналып хабарланғаны туралы қысқартуларды өткiзетiн инспекциялық топ пайдаланатын кiру/шығу пунктi; және
(Е) инспекциялық топ кәдiмгi қару-жарақ пен техниканы инспекциялауды қысқарту басталғанға дейiн өткiзу мақсатында кiру/шығу пунктiне келуi тиiс күнi мен уақыты.
6. Осы бөлiмнің 11-тармағында көрсетiлгендi қоспағанда инспекциялық топ қысқарту орнына күнтiзбелiк есептi кезең iшiнде хабарламада көрсетiлген күнтiзбелiк есептi кезең аяқталғаннан кейiнгi үш күндi қоса кез келген уақытта келуге немесе кетуге құқылы. Одан басқа, инспекциялық топ ол кезеңдердің алшақтығы үш күннен аспайтын жағдай кезiнде бiр немесе одан көп күнтiзбелiк есептi кезеңде қысқарту орнында қалуға құқылы. Инспекциялық топ қысқарту орнында қалатын кезеңi ішінде Қысқартулар туралы хаттамаға сәйкес жүзеге асырылатын қысқартулардың барлық рәсiмдерiн бақылауға құқылы.
7. Осы бөлімде мазмұндалған ережелерге сәйкес инспекциялық топ қысқартылатын кәдімгі қару-жарақ пен техниканың зауыттық сериялы нөмiрлерiн кедергiсiз тiркеуге немесе ондай техникаларды қысқарту аяқталғанға дейiн арнайы маркалауға және одан кейiн ондай нөмiрлер мен маркаларды қысқарту процесi аяқталғаннан кейiн тiркеуге құқылы. Қысқартулар туралы хаттаманың 1 және 2-тармақтарында көрсетiлген қысқартылған кәдiмгi қару-жарақ пен техниканың бөлшектерi мен элементтерi немесе әскери емес мақсаттарға қайта жабдықталған машиналар қайта жабдықталған жағдайда, егер ол қысқартылған элементтердің инспекциясы ерте аяқталмаған болса, хабарламада көрсетiлген күнтiзбелiк есептi кезең аяқталғаннан кейiн үш күннен кешіктiрмей инспекциялауға ұсынылады.
8. Шартпен шектелетiн кәдiмгi қару-жарақ пен техниканы қысқарту процесiне қатысатын Қатысушы мемлекет әрбiр қысқарту орнында қысқартудан өтетiн әрбiр бiрлiктің зауыттық сериялы нөмiрлерi, сондай-ақ қысқарту рәсiмiнің басталған және аяқталған күнi тiркелетiн жұмыс тiзілімiн жасайды. Бұл тiзiлімде, сондай-ақ әрбiр күнтiзбелік есептi кезең бойынша жиынтық деректер қамтылады. Тiзiлiм инспекция өткiзiлетiн кезеңде инспекциялық топтың иелігіне берiледi.
9. Әрбiр қысқарту процесiн инспекциялау аяқталғаннан кейiн инспекциялық топ инспекциялық топтың жетекшiсi мен инспекцияланатын Қатысушы мемлекеттiң өкiлi қол қоятын стандартталған есеп берудi жасайды. Осы Хаттаманың ХIV бөлiмiнiң ережелерi қолданылады.
10. Қысқарту орнындағы инспекция аяқталғаннан кейiн инспекциялық топ инспекциялаушы Қатысушы мемлекеттің аумағынан шығуға немесе егер осы Хаттаманың IV бөлiмiнің 4-тармағына сәйкес тиiстi хабарлама берiлген болса, басқа қысқарту орнында немесе сертификаттау орнында кезектi инспекция өткiзуге құқылы. Инспекциялық топ iлесiп жүретiн топқа өзінің инспекцияланатын қысқарту орнынан шығатын ниетiн және егер орынды болса, өзiнің басқа қысқарту орнына немесе сертификаттау орнына баратын ниетi туралы белгiленген шығу уақытына дейiн 24 сағат бұрын хабарлайды.
11. Әрбiр Қатысушы мемлекет Қысқартулар туралы хаттаманың VIII бөлiмiне сәйкес кәдiмгi қару-жарақ пен техниканы әскери емес мақсаттар үшiн машиналарға қайта жабдықтаудың аяқталғанын куәландыру үшiн жыл сайын 10 инспекцияға дейiн қабылдауға мiндеттi. Ондай инспекциялар мыналарды қоспағанда осы бөлiмiнiң ережелерiне сәйкес өткiзiледi:
(А) осы бөлiмнің 5-тармағының (Е) тармақшасына сәйкес хабарламада инспекциялық топ қару-жарақ пен техниканы, оларды әскери емес мақсаттар үшiн - қайта жабдықтау аяқталғаннан кейiн инспекциялауды жүргiзу үшiн кiру/шығу пунктiне келуi тиiстi күнi мен уақыты қана көрсетiледi; және
(В) инспекциялық топ қысқарту орнынан хабарламада көрсетiлген қайта жабдықтаудың аяқталатын күнiнен кейiн үш күн ішінде ғана келуге немесе шығуға құқылы.
12. Қысқартуға жауапты Қатысушы мемлекет күнтiзбелiк есептi кезең ішіндегi қысқарту процесi аяқталғаннан кейiн жетi күн iшiнде бар басқа Қатысушы мемлекеттерге осы кезеңдегi қысқартудың аяқталғаны туралы хабарлайды. Мұндай хабарламада қысқартылған кәдiмгi қару-жарақ пен техниканың саны мен түрлерi, қолданылған қысқарту рәсiмдерi қолданылған тиiстi қысқарту орындары және осы күнтiзбелік есептi кезеңдегi қысқарту процесiнің нақтылы басталған және аяқталған күндерi көрсетiледi. Қысқартулар туралы хаттаманың X, XI және XII бөлiмдерiне сәйкес қысқартылған кәдімгi қару-жарақ пен техника үшiн хабарламада, сондай-ақ ондай кәдiмгi қару-жарақ пен техника тұрақты орналастырылатын орын көрсетiледi. Қысқартулар туралы хаттаманың VIІІ бөлiмiне сәйкес қысқартылған кәдiмгi қару-жарақ пен техника үшiн хабарламада соңғы қайта жабдықтау жүзеге асырылатын қысқарту орны немесе қайта жабдықтау үшін әрбір бiрлiк жiберiлетiн қоймалық сақтау орыны көрсетiледi.
ХII бөлiм. Шартпен шектелетін кәдімгі қару-жарақ пен
техниканы жою/қайта жабдықтау жолымен
қысқарту нормасынан тыс пайдаға асыру
1. Жауынгерлiк танктердi, жауынгерлiк броньды машиналарды, артиллерияны, жауынгерлiк ұшақтарды немесе соққы берушi тiкұшақтарды жою/қайта жабдықтау жолымен қысқарту нормасынан тыс пайдаға асыруды жүргiзуге ниет бiлдiрген әрбiр Қатысушы мемлекет пайдаға асыру басталғанға дейiн 15 күннен кешiктiрмей барлық басқа Қатысушы мемлекеттерге хабарлама бередi. Мұндай хабарламада географиялық координаттарын көрсете отырып, пайдаға асыру орнының белгiленгенi туралы, пайдаға асырудың басталуы мен аяқталуының белгiленген күндерi, жойылатын/қайта жабдықталатын техниканың әрбiр атауының болжамды саны мен түрлерi, жою/қайта жабдықтау әдiстерi, осы бөлiмнің 4 және 11-тармақтарында мазмұндалғандарға сәйкес жою/қайта жабдықтау процесінің нәтижелерiн куәландырудың ұсынылатын әдiсi туралы ақпараттарды қамтиды.
2. Пайдаға асыруды жою/қайта жабдықтау жолымен жүргiзген Қатысушы мемлекет пайдаға асыру аяқталғаннан кейiн жетi күннен кешiктiрмей барлық басқа Қатысушы мемлекеттерге хабарлама бередi. Ондай хабарламада географиялық координаттары көрсетiлген пайдаға асыру орынын белгiлеу, пайдаға асыру процесiнiң нақтылы басталу және аяқталу күнi, пайдаға асырылған әрбiр бiрлiктiң түрi мен зауыттық сериялы нөмiрiн қоса пайдаға асыртылған қару-жарақ пен техниканың саны және жою/қайта жабдықтау әдiсi көрсетiледi.
3. Пайдаға асыруды жүзеге асыратын әрбiр Қатысушы мемлекет пайдаға асыру нәтижелерiн куәландыруды:
(А) не осы бөлiмнің 4-тармағының ережелерiне сәйкес қадағалау тобын шақырып;
(В) не кәдiмгi қару-жарақ пен техниканы, олар жойылған немесе әскери мақсаттарға пайдалану үшiн жарамсыз жағдайға келтiрiлгендiгiне жеткiлiктi көрнекi куәландыруды қамтамасыз ететiн рәсiмдерге сәйкес жою мақсатында осы бөлiмнің 11-тармағының ережелерiне сәйкес ынтымақтастық негiзiндегi шараларды жүзеге асыра отырып қамтамасыз етедi.
4. Пайдаға асыруды жасайтын әрбiр Қатысушы мемлекет жауынгерлiк танктердi, жауынгерлiк броньды машиналарды, артиллерияны, жауынгерлiк ұшақтарды немесе соққы берушi тiкұшақтарды жою/қайта жабдықтау жолымен қысқарту нормаларынан тыс жабдықтау жағдайында қадағалау мақсатында баруды ұйымдастырудың мынадай нұсқаларының бiрiн таңдап алуға құқылы:
(А) тiкелей әрбiр пайдаға асыру процесiн аяқтау уақытында жүзеге асыруды қадағалау мақсатында бару;
(В) осы бөлiмнiң 2-тармағына сәйкес хабарлама берiлгеннен кейiн 90 күн шегiнде орын алған екi немесе одан да көп пайдаға асыру процесiн қамту үшiн қадағалау мақсатында бару кейiнге қалдырылады. Бұл жағдайда пайдаға асыруды жою/қайта жабдықтау жолымен жүргiзген Қатысушы мемлекет барлық пайдаға асыру процестер барысында жойылған/қайта жабдықталған қару-жарақ пен техниканы қадағалау мақсатында баратын күнге дейiн сақтайды.
(С) пайдаға асыруды қадағалау мақсатында инспекция жүргiзуге қадағалау тобы шақырылады. Мұндай инспекция осы бөлiмде қарастырылғанынан басқа жағдайларда осы Хаттаманың VII және VІІI бөлiмдерiнің ережелерiне сәйкес жүргiзiледi және осы Хаттаманың II бөлiмiне сәйкес белгiленген қандай да бiр үлеске инспекция ретiнде тiркелмейдi. Мұндай инспекцияға осы бөлiмнің 1 және 2-тармақтарына сәйкес хабарлама берiлгенi туралы пайдаға асырылатын қару-жарақ пен техника ғана жатады.
5. Қадағалау мақсатында баруға қарай осы бөлiмнің 1-тармағына сәйкес хабарламада қадағалау мақсатында бару мерзiмi мен қадағалайтын топ пайдаланатын кiру/шығу пунктi қамтылады. Қадағалау тобы пайдаға асыру орнына шақыратын Қатысушы мемлекет көрсететiн мерзiмдерде келедi немесе шығады.
6. Қадағалау мақсатында баруды жүзеге асыруға ниет бiлдiрген Қатысушы мемлекет, ол туралы шақырушы Қатысушы мемлекетке қадағалау тобының ұсынылған кiру/шығу пунктiне есептi бару уақытына дейiн жетi күннен кешiктiрмей хабарлайды. Ондай хабарламада мыналар:
(А) пайдаланылатын кiру/шығу пунктi;
(В) кiру/шығу пунктiне келудi есептi уақыты;
(С) кiру/шығу пунктiне жеткiзетiн құралдары;
(D) қадағалау тобы қолданатын және осы Хаттаманың III бөлiмiнің 12-тармағына сәйкес көрсетiлген тiл болып табылатын тiлi;
(Е) қадағалаушылар мен көлiк құралдарының экипаждары мүшелерiнің толық аты-жөндерi; олардың жыныстары, туған күндерi, туған жерлерi, азаматтықтары мен төлқұжаттарының нөмiрлерi көрсетiледi. Өзге туралы уағдаластық болмаған кезде қадағалаушылар мен көлiк құралдары экипаждарының мүшелерi осы Хаттаманың III бөлiмiнiң 6-тармағына сәйкес ұсынылған инспекторлар мен көлiк құралдары экипаждары мүшелерiнiң тiзiмiне қосылуы тиiс.
7. Қадағалау мақсатында баруды жүзеге асыру ниетi туралы хабарлама жолданатын Қатысушы мемлекет, оны алғаннан кейiн ондай хабарламаның көшiрмелерiн барлық басқа Қатысушы мемлекеттерге жолдайды.
8. Пайдаға асыруды жүргiзетiн Қатысушы мемлекет жою/қайта жабдықтау жолымен пайдаға асыру процесiнiң соңғы нәтижелерiн қадағалау мүмкіндігіне ие болуын қамтамасыз етедi. Қадағалау мақсатында бару барысында қадағалау тобы жойылған/қайта жабдықталған әрбiр техника бiрлiгiнің зауыттық сериялы нөмiрiн тiркеуге құқылы.
9. Осы бөлiмнің 4-тармағының (С) тармақшасына сәйкес қадағалау және инспекция мақсатында бару қадағалайтын Қатысушы мемлекет есебiнен жүзеге асырылады. Осындай төлемнiң тәртiбi Бiрлескен консультациялық тобымен айқындалады.
10. Қадағалайтын Қатысушы мемлекет кешiктiрмей барлық басқа Қатысушы мемлекеттердi бару нәтижелерi туралы хабардар етедi.
11. Кәдiмгi қару-жарақ пен техниканы жоюды жеткiлiктi көрнекi куәландыруды ұсыну мақсатында ынтымақтастық негiзiндегi шаралар жағдайында мынадай рәсiмдер қолданылады:
(А) пайдаға асырылатын әрбiр техника бiрлiгi пайдаға асыру жүргiзiлетiн айқын сызылған жерде нақтылы жою басталғанға дейiн 14 күннен кешіктірмей бiрыңғай жиынтық түрiнде қойылады; және
(В) әрбiр бiрыңғай жиынтықтың бөлiмдерi жойылғаннан кейiн нақтылы жою аяқталған соң 14 күн мерзiмге сол сызылған жерге қойылады.
XIII бөлiм. Инспекцияларды тоқтату
1. Егер инспекциялық топ кiру/шығу пунктiне келудің бастапқы есептi уақытынан кейiн немесе осы Хаттаманың IV бөлiмiнiң 7-тармағына сәйкес хабарланған жаңа бару уақытынан кейiн алты сағат iшiнде жетуге қабiлетсiз болса, инспекциялайтын Қатысушы мемлекет ол туралы осы Хаттаманың IV бөлiмiнің 1-тармағына сәйкес хабарланған Қатысушы мемлекеттердi хабардар етедi. Мұндай жағдайда инспекция өткiзу ниетi туралы хабарлама күшiн жояды және инспекция тоқтатылады.
2. Инспекциялық топ кiру/шығу пунктiне келгеннен кейiн болатын және инспекциялық топтың белгiленген инспекция орнына осы Хаттаманың IV бөлiмiнiң 43-тармағында немесе VII бөлiмiнiң 8-тармағында немесе VІІІ бөлiмi 6-тармағының (В) тармақшасында, немесе IX бөлiмiнiң 12-тармағында көрсетілген уақыт iшiнде келуiне мүмкіндiк бермейтiн, инспекциялайтын Қатысушы мемлекетке байланысты емес жағдайларға байланысты кешіккен жағдайда инспекциялайтын Қатысушы мемлекет инспекцияны тоқтатуға құқылы. Егер VII немесе VІІI бөлiмге сәйкес инспекция тоқтатылатын болса, ондай жағдайларда ол Шартта көзделген қандайда бiр үлеске саналмайды.
XIV бөлiм. Инспекциялар туралы есеп берулер
1. Осы Хаттаманың VІІ, VІІI, IX, X немесе XI бөлiмiне сәйкес өткiзiлген инспекцияны аяқтау үшiн және инспекция орнынан кетер алдында:
(А) инспекциялық топ iлесiп жүретiн топқа жазбаша есеп бередi; және
(В) iлесiп жүретiн топ жазбаша түрде жасалған инспекция туралы есеп беруге ескертулер қосуға құқылы және егер инспекциялық топ пен ілесiп жүретiн топ ұзарту туралы уағдаласпаған болса ғана инспекциялық топтан есеп беру алынғаннан кейiн бiр сағат iшiнде қол қояды.
2. Есеп беруге инспекциялық топтың жетекшiсi қол қояды, ал алынғанын iлесiп жүретiн топтың жетекшiсi жазбаша түрде куәландырады.
3. Есеп беру фактологиялық және стандартталған болып табылады. Инспекциялардың әрбiр түрiне арналған форматтарды Бiрлескен консультациялық топпен келiседi.
4. Осы Хаттаманың VII бөлiмiне және VIII бөлiмiне сәйкес өткiзiлетiн инспекциялар туралы есеп берулерге мыналар:
(А) инспекция орыны;
(В) инспекциялық топтың инспекция орнына келетiн күнi мен уақыты;
(С) инспекциялық топтың инспекция орнынан кететін күнi мен уақыты; және
(D) инспекция уақытында қадағаланған кез келген жауынгерлiк танктердiң, жауынгерлiк броньды машиналардың, артиллерияның, жауынгерлiк ұшақтардың, жауынгерлiк тiкұшақтардың, бронетранспортерлерге ұқсастардың, жаяу әскерлердiң жауынгерлiк машиналарына ұқсастардың немесе танк көпiрiн салушылардың саны мен түрi, моделi немесе нұсқасы, eгep орын болса, олар жататын бақылау объектiсiн көрсету қосылады.
5. Осы Хаттаманың IX бөлiмiне сәйкес өткiзiлетiн инспекциялар туралы есеп берулерге мыналар:
(А) географиялық координаттармен айқындалатын белгiленген ауданы;
(В) инспекциялық топтың белгiленген ауданға келетiн күнi мен уақыты;
(С) инспекциялық топтың белгіленген ауданнан кететiн күнi мен уақыты;
(D) инспекция уақытында қадағаланған жауынгерлiк танктердiң, жауынгерлiк броньды машиналардың, артиллерия бiрлiктерiнің саны мен түрi, моделi немесе нұсқасы, жиынтық және Қатысушы мемлекеттер бойынша бөлiнген түрi қосылады.
6. Осы Хаттаманың Х және XI бөлiмдерiне сәйкес өткiзiлетiн инспекциялар туралы есеп берулерге мыналар:
(А) қысқарту немесе сертификаттау процесi жүзеге асырылған қысқарту немесе сертификаттау орыны;
(В) инспекциялық топтың осы орында қатысқан күнi;
(С) қысқарту немесе сертификаттау процедуралары қадағаланған кәдiмгi қару-жарақ пен техниканың саны мен түрi, моделi немесе нұсқасы;
(D) инспекция уақытында тiркелген кез келген сериялы нөмiрлердiң тiзбесi;
(Е) қысқартуларға қатысты - нақтылы қолданылған немесе қадағаланған қысқарту рәсiмдерi; және
(F) егер инспекциялық топ қысқарту орнында күнтiзбелiк есептi кезеңнің барлық бойына қатысқан болса, қысқартуларға қатысты - қысқарту рәсiмдерiнiң басталуы мен аяқталуының нақтылы күндерi қосылады.
7. Инспекциялар туралы есеп берулер осы Хаттаманың IV бөлiмi 2-тармағының (G) тармақшасына немесе 3-тармағының (Ғ) тармақшасына сәйкес инспекциялайтын Қатысушы мемлекет көрсеткен Еуропадағы қауіпсiздiк пен ынтымақтастық жөнiндегi ұйымның ресми тіліндe жасалады.
8. Инспекциялайтын Қатысушы мемлекет пен инспекцияланатын Қатысушы мемлекет есеп берудiң бiр-бiр данасын сақтайды. Инспекциялайтын Қатысушы мемлекет инспекция туралы есеп берудi сұрау салу бойынша кез келген Қатысушы мемлекетке бередi.
9. Шарттың қолданылу аясына кiретiн кәдiмгi қару-жарақ пен техникасы инспекцияланған кез келген Қатысушы мемлекет:
(А) өзiнiң кәдiмгi қарулы күштерiнiң инспекциялануына байланысты жазбаша түрдегi ескертулерге қосуға құқылы; және
(В) өзiнің кәдiмгi қарулы күштерi инспекцияланған жағдайда инспекция туралы есеп берудiң бiр данасын сақтайды.
ХV-бөлiм. Инспекторлар мен көлік құралдары экипаждарының
артықшылықтары мен иммунитеттері
1. Инспекторлар мен көлiк құралдары экипаждары мүшелерiнiң жеке мүдделерi үшiн емес, өздерiнiң функцияларын тиімді жүзеге асырулары үшiн Шартты жүзеге асыру мақсатында 1961 жылғы 18 сәуiрдегi Дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясының 29-бабына, 30-бабының 2-тармағына, 31-бабының 1, 2 және 3-тармақтарына және 34 пен 35 баптарына сәйкес дипломатиялық агенттер пайдаланатын артықшылықтар мен иммунитеттер берiледi.
2. Инспекторлар мен көлiк құралдары экипаждарының мүшелерiне, сондай-ақ 1961 жылғы 18 сәуiрдегi Дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясының 36-бабы 1-тармағының, (b) тармақшасына сәйкес дипломатиялық агенттер пайдаланатын артықшылықтар берiледi. Оларға инспекция өткiзiлетiн Қатысушы мемлекеттiң аумағына кiргiзуге немесе шығаруға сол Қатысушы мемлекеттің заңымен тыйым салынған немесе карантиндiк ережемен реттелетiн заттарды енгiзуге рұқсат етiлмейдi.
3. Егер Шартта өзге көрсетiлмесе, инспекциялық топтың көлiк құралдары қол сұғылмайтын болып табылады.
4. Инспекциялайтын Қатысушы мемлекеттің пiкiрi бойынша иммунитет әдiл қазылықты жөнелтугe кедергi жасайтын және одан Шарттың ережелерiн жүзеге асыруға залалсыз бас тартуға болатын болса, ол өзiнің инспекторлары мен көлік құралы экипажы мүшелерiнiң кез келгенiнiң иммунитетiнен, юрисдикциясынан бас тарта алады. Инспекциялайтын Қатысушы мемлекеттiң азаматтары болып табылмайтын инспекторлар мен көлiк құралы экипажы мүшелерiнiң иммунитетiнен ол инспекторлар азаматтары болып табылатын Қатысушы мемлекеттер ғана бас тарта алады. Бас тарту әркез айқын көрсетiлген болуы тиiс.
5. Осы бөлiмде көзделген артықшылықтар мен иммунитеттер инспекторлар мен көлiк құралы экипажы мүшелерiне мына жағдайларда берiледi:
(А) басқа бiр Қатысушы мемлекеттің аумағында инспекция өткiзу мақсатымен кез келген Қатысушы мемлекеттің аумағы арқылы өту кезiнде;
(В) олар инспекция өткiзiлетiн Қатысушы мемлекеттің аумағында болған бар кезеңде;
(С) бұдан әрi - олардың бұрын инспектор немесе көлiк құралы экипажының мүшесi ретiнде өздерiнiң ресми функцияларын жүзеге асыруы кезiнде жасаған iс-әрекеттерiне қатысты.
6. Егер инспекциялайтын Қатысушы мемлекет инспектор немесе көлiк құралы экипажының мүшесi өзiнің артықшылықтары мен иммунитеттерiн жеке мүддесiне пайдаланды деп санаса, онда осы Хаттаманың VI бөлiмiнің 9-тармағында мазмұндалған ережелер қолданылады. Кез келген мүдделi Қатысушы мемлекеттiң өтiнiшi бойынша ондай жеке мүддеге пайдаланудың алдын-алу үшiн олардың арасында консультация өткiзiледi".
1. Бiрлескен консультациялық топ туралы хаттаманың 3-тармағы алынып тасталады және мыналармен ауыстырылады:
"3. Бiрлескен консультациялық топ, егер ол өзге шешiм
қабылдамаса, жылына екi рет өткiзiлетін тұрақты
сессиясына жиналып тұрады".
2. Бiрлескен консультациялық топ туралы хаттаманың 11-тармағы алынып тасталады және мыналармен ауыстырылады:
"11. Бiрлескен консультациялық топтың жұмысына байланысты жалпы шығыстарды бөлу шкаласы, егер Бiрлескен консультациялық топ өзге шешім қабылдамаса, былайша қолданылады:
10,73% Германия Федерациялық Республикасы үшiн, Италия Республикасы үшін, Ұлыбритания және Солтүстiк Ирландия Бiрiккен Корольдiгi үшiн, Америка Құрама Штаттары үшiн және Француз Республикасы үшiн;
9,00% Ресей Федерациясы үшiн;
6,49% Канада үшiн;
5,15% Испания Корольдігі үшін;
4,23% Бельгия Корольдiгi үшiн және Нидерланд Корольдiгi үшiн;
2,47% Дания Корольдігі үшiн және Норвегия Корольдiгi үшiн;
1,75% Украина үшiн;
1,72% Польша Республикасы үшiн;
1,20% Түрiк Республикасы үшін;
0,84% Венгрия Республикасы үшiн, Грек Республикасы үшiн және Румыния үшін;
0,81% Чех Республикасы үшiн;
0,70% Беларусь Республикасы үшiн;
0,67% Болгария Республикасы үшiн, Люксембург Ұлы Герцогтiгi үшін және Португалия Республикасы үшiн;
0,40% Словак Республикасы үшiн;
0,20% Әзербайжан Республикасы үшiн, Армения Республикасы үшін, Грузия үшін, Исландия Республикасы үшін, Қазақстан Республикасы үшiн және Молдова Республикасы үшiн".
3. Бiрлескен консультациялық топ туралы хаттаманың 12-тармағы алынып тасталады.
Еуропадағы кәдiмгi қарулы күштер туралы хаттаманың кейбiр ережелерiн уақытша қолдану туралы хаттама жойылады.
1. Төменде Бейiмдеу жөнiндегi келiсiм деп аталатын Еуропадағы кәдiмгi қарулы күштер туралы шартты Бейiмдеу жөнiндегi келiсiмге қол қою мен қолданысқа енуi арасындағы кезеңде Шарттың ережелерiне сәйкес хабарлама берiлген шектi деңгейлердi өзгерту, сондай-ақ Ұлттық шектi деңгейлер туралы хаттамадағы және ол туралы тиiстi Қатысушы мемлекет сұрайтын болса мынадай жағдайларда Аумақтық шектi деңгейлер туралы хаттамадағы өзгертулер болып саналады:
(А) ондай өзгертулер Хаттаманың IV бабының 3 және 4-тармақтарында және V бабының 4 және 5-тармақтарында белгiленген шектеулерге сәйкес келсе; сондай-ақ:
(В) Шарттың IV бабының 4-тармағында және V бабының 5-тармағында белгіленген сандық шектеулер Бейiмдеу жөнiндегi хаттамаға қол қойылған сәтiнен күшiне енген сәтiне дейiнгi өткен уақытқа барабар қолданылса.
2. Шарттың IV бабының 4-тармағында, V бабының 5-тармағында мазмұндалғанындай мұндай өзгертулер барлық басқа Қатысушы мемлекеттердің келiсiмiн қажет ететiн жағдайларда Бейiмдеу жөнiндегi келiсiмге қол қойылған сәтiнен бастап 60 күн iшiнде бiрде-бiр қатысушы мемлекет мұндай өзгертулерге жазбаша түрде қарсылық бiлдiрмеген жағдайда мұндай өзгертулер Ұлттық шектi деңгейлер туралы хаттамада көрсетiлген деңгейлерге өзгертулер болып саналады.
3. Егер Қатысушы мемлекет өзiнің қолда барына арналған шектi деңгейiн бiржақты қысқарту туралы хабарласа, егер ол туралы сол Қатысушы мемлекет өзi сұрамаса ғана хабарлама берiлген өзгертулер осы баптың 1 және 2-тармақтарының ережелерiне қарамай Ұлттық шектi деңгейлер туралы хаттамаға және Аумақтық шектi деңгейлер туралы хаттамаға өзгертулер болып саналмайды.
1. Осы Бейiмдеу жөнiндегi келісім Қатысушы мемлекеттiң конституциялық рәсiмдерiне сәйкес олардың әрқайсысының бекiтуiне жатады.
2. Бекiту грамоталары депозитарийдің сақтауына тапсырылады.
3. Осы Бейiмдеу жөнiндегi келiсiм кiрiспеде аталған көрсетiлген Қатысушы мемлекеттердің бәрi бекiту грамоталарын сақтауға тапсырғаннан кейiн он күннен соң күшiне енедi, одан кейiн Шарт өзгертiлген күйiнде қолданылады.
4. Бейiмдеу жөнiндегi келiсiмнiң күшiне енуi бойынша Шарттың IV бабының 4-тармағында және V бабының 5-тармағында белгiленген сандық деңгейлер күшiне енген күн және ХХI баптың 1-тармағына сәйкес өткiзiлетiн қарау жөнiндегi келесi конференция аралығындағы қалған уақыт кезеңiне барабар қысқартылады.
5. Орыс, ағылшын, испан, итальян, немiс және француз тілдерiндегi мәтiндерi түпнұсқаларға тең болып табылатын осы Бейiмдеу жөнiндегi келiсiмнің түпнұсқасы депозитарий мұрағатына сақтауға тапсырылады. Осы Бейiмдеу жөнiндегi келiсiмнiң тиiсiнше куәландырылған көшiрмелерiн депозитарий барлық Қатысушы мемлекеттерге бередi.
6. Осы Бейiмдеу жөнiндегi келiсiмдi депозитарий Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының 102-бабына сәйкес тiркейдi.
Төменде қол қойған соған тиiсiнше өкiлеттiлер куәландыру үшiн осы Бейiмдеу жөнiндегі келiсiмнің астына өз қолдарын қойды.
Бiр мың тоғыз жүз тоқсан тоғызыншы жылғы қараша айының он тоғызы күнi Стамбулда орыс, ағылшын, испан, итальян, немiс және француз тiлдерiнде жасалды.
Төменде қол қойған соған тиiсiнше өкiлеттiлер куәландыру үшiн осы Бейiмдеу жөнiндегi келiсiмнiң астына өз қолдарын қойды.
Бiр мың тоғыз жүз тоқсан тоғызыншы жылғы қараша айының он тоғызы күнi Стамбулда жасалды.
Германия Федерациялық Республикасы үшiн
Америка Құрама Штаттары үшiн
Қазақстан Республикасы үшiн
Люксембург Ұлы Герцогтiгi үшiн
Молдова Республикасы үшiн
Армения Республикасы үшiн
Әзербайжан Республикасы үшiн
Беларусь Республикасы үшiн
Бельгия Корольдiгi үшiн
Болгария Республикасы үшiн
Канада үшiн
Дания Корольдiгi үшiн
Испания Корольдiгi үшiн
Француз Республикасы үшiн
Венгрия Республикасы үшiн
Исландия Республикасы үшiн
Италия Республикасы үшiн
Грузия үшiн
Ұлыбритания және Солтүстiк Ирландия Бiрiккен Корольдiгi үшiн
Грек Республикасы үшiн
Норвегия Корольдiгі үшін
Нидерланд Корольдiгі үшiн
Польша Республикасы үшiн
Португалия Республикасы үшiн
Румыния үшін
Ресей Федерациясы үшiн
Словак Республикасы үшiн
Чех Республикасы үшiн
Tүрік Республикасы үшiн
Украина үшiн