1-бап. "Әскери қызметшiлер мен олардың отбасы мүшелерiнiң мәртебесi және оларды әлеуметтiк қорғау туралы" 1993 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., N 2, 32-құжат; N 18, 429-құжат; 1995 ж, N 20, 120-құжат; N 22, 133-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 7, 79-құжат; 1999 ж., N 8, 247-құжат; N 23, 920-құжат; 2001 ж., N 20, 257-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1. 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"1-бап. Әскери қызметшiлер және әскери қызмет
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, ұлттық қауiпсiздiк органдарында, Республикалық ұланында, Iшкi iстер министрлiгiнің iшкi әскерлерiнде, әскери-тергеу органдары мен әскери полициясында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiнде, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгiнiң басқару органдары мен азаматтық қорғаныс бөлiмдерiнде және әскери прокуратура органдарында (бұдан әрi - Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар) мемлекеттiк әскери қызмет атқаратын адамдар әскери қызметшiлер болып табылады.
Оларға офицерлер, прапорщиктер мен мичмандар, келiсiм-шарт бойынша әскери қызметтен өтушi адамдар, әскери (арнаулы) оқу орындарының курсанттары, мерзiмдi қызметтегi старшиналар, сержанттар, солдаттар мен матростар жатады.
Әскери қызметшiлер әскери қызмет мiндеттерiн атқару кезiнде мемлекеттiң қорғауында болады. Олар әскери жарғыларға сәйкес өздерiне бастық болып табылатын адамдарға ғана бағынады және олардың қызметтiк iсiне араласуға басқа ешкiмнiң құқығы жоқ.
Әскери қызметшiлер әскери қызметтi iс жүзiнде орындаудың барлық жағдайында: ұрыс қимылдарына қатысу, бейбiтшiлiк пен қауiпсiздiктi сақтау жөнiндегi халықаралық мiндеттемелердi орындау, әскери кезекшiлiкте (жауынгерлiк қызметте) жүргенде, жаттығуларда, жиындарда, қызмет бабындағы iссапарларда жүру кезiнде, қызметiн атқаратын жерге бара жатқанда және кейiн қайтқан кезде, әскери бөлiмде, кемеде, объектiде, мекемеде, кәсiпорында, әскери (арнаулы) оқу орнында (бұдан әрi - әскери бөлiм) болған кезде, регламентпен белгiленген қызмет уақытының iшiнде немесе егер бұл қызмет қажеттiлiгiнен туындаса, басқа жерде және басқа уақытта, ал мерзiмдi қызмет әскери қызметшілерi әскери қызметтен өтудiң бүкiл уaқытында әскери қызмет мiндеттерiн атқарушы болады.
Әскери қызметшiлерге Қазақстан Республикасының азаматтары үшiн белгiленген, олардың жеке басы мен азаматтығын куәландыратын құжаттар, сондай-ақ әскери қызметшiлердiң жеке басы мен құқықтық жағдайын куәландыратын құжаттар берiледi.".
2. 3-бапта:
1) бiрiншi бөлiктегi "ұлттық қауiпсiздiк органдарында, Республикалық ұланда әскери қызметтен өтушi адамдар, сондай-ақ әскери құрылысшылар" деген сөздер "басқа да әскерлер мен әскери құрамаларда әскери қызметтен өтушi адамдар" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) төртiншi бөлiкте:
"Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы Бiрiккен Қарулы Күштерiнiң қатарында әскери қызметтен өтушi Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ" деген сөздер алып тасталып, "босатылған" деген сөзден кейiн "Қазақстан Республикасы азаматтарының" деген сөздермен толықтырылсын;
"ТМД" деген сөз "Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы (бұдан әрi - ТМД)" деген сөздермен ауыстырылсын.
3. 4-бапта:
1) екiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
"Барлық әскери қызметшiлер атқаратын қызметi мен әскери атағына қарамастан заң алдында тең. Әскери қызметшiлердiң құқықтары мен мiндеттерiндегi, әскери қызметтен өту шарттарындағы, материалдық жағынан қамтамасыз етiлуiндегi айырмашылықтар Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен белгiленедi.";
2) үшiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
"Әскери қызметшiлер мен олардың отбасы мүшелерi үшiн белгiленген құқықтар мен бостандықтарды iске асыру, олардың заңды мүдделерiн қамтамасыз ету Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құрамалардың басшылығына және өзге де мемлекеттiк органдарға жүктеледi.";
3) алтыншы бөлiк алып тасталсын.
4. 8-бапта:
1) жетiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
"Әскери қызметшiлердiң (мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер мен әскери (арнаулы) оқу орындарының курсанттарынан басқа), педагогикалық, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтерден басқа, кәсiпкерлiк не басқа да ақылы қызметпен айналысуға құқығы жоқ.";
2) мынадай мазмұндағы сегiзiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер мен әскери (арнаулы) оқу орындары курсанттарының кез келген ақылы қызметпен айналысуға құқығы жоқ.".
5. 9-бапта:
1) бiрiншi бөлiктегi "Офицерлердiң, прапорщиктердiң, мичмандардың, әскери қызметшi әйелдердiң, шарт бойынша әскери қызметтен өтушi әскери қызметшiлердiң" деген сөздер "әскери қызметшiлердiң (мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер мен әскери (арнаулы) оқу орындарының курсанттарынан басқа)" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) екiншi бөлiк алып тасталсын;
3) үшiншi бөлiктегi "Офицерлерге, прапорщиктерге, мичмандарға, әскери қызметшi әйелдерге, шарт бойынша әскери қызметтен өтушi әскери қызметшiлерге" деген сөздер "әскери қызметшiлерге (мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер мен әскери (арнаулы) оқу орындарының курсанттарынан басқа)" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) төртiншi бөлiкте:
"Қорғаныс министрi, әскери қызметшiлер әскери қызмет атқаратын басқа да министрлiктердiң басшылары" деген сөздер "құрылымында әскери қызметшiлер әскери қызметте тұратын Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құрамалардың басшылығы" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) бесiншi бөлiктегi "Офицерлерге, прапорщиктерге, мичмандарға, әскери қызметшi әйелдерге және шарт бойынша әскери қызметтен өтушi әскери қызметшiлерге" деген сөздер "әскери қызметшiлерге (мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер мен әскери (арнаулы) оқу орындарының курсанттарынан басқа)" деген сөздермен ауыстырылсын;
6) сегiзiншi бөлiктiң үшiншi абзацындағы "қолданылып жүрген заң актiлерiне" деген сөздер "Қазақстан Республикасының заңдарына" деген сөздермен ауыстырылсын;
7) оныншы бөлiкте "әскери-оқу" деген сөздер "әскери (арнаулы) оқу" деген сөздермен ауыстырылсын;
8) он бiрiншi бөлiкте:
"азаматтық" деген сөз алып тасталсын;
"заңмен" деген сөз "Қазақстан Республикасының заңдарында" деген сөздермен ауыстырылсын.
6. 10-бапта:
1) бесiншi бөлiктегi "екi айлық лауазымдық айлықақысы" және "лауазымдық жалақысының жартысы" деген сөздер тиiсiнше "екi айлық ақшалай үлес" және "айлық ақшалай үлесiнiң жартысы" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) жетiншi бөлiктегi "оқу орындарының курсанттарының" деген сөздерден кейiн ", сондай-ақ ұшқыштар, ұшуларды дайындау жөнiндегi инженерлiк құрамның әскери қызметшiлерiнiң" деген сөздермен толықтырылсын;
3) мынадай мазмұндағы сегiзiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлерге, әскери (арнаулы) оқу орындарының курсанттарына демалысқа кеткен кезде Қазақстан Республикасының Yкiметi белгілеген нормалар бойынша азық-түлiк сыбағасының орнына ақшалай өтемақы төленедi.";
4) сегiзiншi бөлiк "жүзеге асыратын әскери қызметшiлер" деген сөздерден кейiн "әскери кемелерде (катерлерде), әскери-қосымша кемелерде теңiзде қызмет атқаратын, олардың база орындарында дауылға қарсы дайындық барысы кезiнде iс-шараларды жүзеге асыратын, маяктарда вахтада тұратын әскери қызметшiлер," деген сөздермен толықтырылсын;
5) тоғызыншы бөлiктегi "Шекаралық заставаларда, шалғайдағы аудандарда орналасқан оқшауланған жабық гарнизондарда" деген сөздер "Шалғайдағы аудандарда орналасқан жабық және оқшауланған әскери қалашықтарда, шекара заставаларында және комендатураларда" деген сөздермен ауыстырылсын.
7. 11-бапта:
1) тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"11-бап. Меншiк құқығы";
2) төртiншi, бесiншi, алтыншы және жетiншi бөлiктер алып тасталсын.
8. 12-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"12-бап. Тұрғын үй алу құқығы
Әскери қызметшiлер (мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер мен әскери (арнаулы) оқу орындарының курсанттарынан басқа) мен олардың отбасы мүшелерi мемлекет есебiнен тұрғын жайлармен (пәтерлермен) қамтамасыз етiледi.
Әскери қызметшiлер (мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер мен әскери (арнаулы) оқу орындарының курсанттарынан басқа) мен олардың отбасы мүшелерiне тұрғын жаймен (пәтермен) қамтамасыз етiлгенге дейiн уақытша тұру үшiн қызметтiк тұрғын үйлерге теңестiрiлген тұрғын үйлер, қызметтiк тұрғын үйлер немесе жатақханаларда тұрғын жайлар мiндеттi түрде берiледi.
Әскери қызметшiлердi (мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер мен әскери (арнаулы) оқу орындарының курсанттарынан басқа) жасы бойынша әскери қызметтен босатылғанға дейiн үш жыл бұрын не денсаулық жағдайы бойынша немесе штаттың қысқаруына байланысты әскери қызметтен босатылатын жылы әскери қолбасшылықтың ұсынысы бойынша жергiлiктi атқарушы органдар олардың таңдаған тұрғылықты жерi бойынша мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй бөлу кезектiлiгiнiң тiзiмiне енгiзедi.
Шетелге және климат жағдайы ауыр жерлерге әскери қызметтен өту үшiн жiберiлген әскери қызметшiлердiң (мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер мен әскери (арнаулы) оқу орындарының курсанттарынан басқа) өздерi тұратын тұрғын жайлары олардың шетелде және аталған жерлерде болған бүкiл уақытына сақталады.
Қызмет бойынша ауысқан кезде тұратын тұрғын жайы сақталатын әскери қызметшiлерге жаңа қызмет орны бойынша қызметтiк тұрғын үйлер берiледi.
Әскери қызметшiлерге (мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер мен әскери (арнаулы) оқу орындарының курсанттарынан басқа) жабық және оқшауланған әскери қалашықтардағы, шекара заставаларындағы және комендатуралардағы орталықтандырылған жылуды қоспағанда, коммуналдық қызмет көрсету шығындарын төлеу үшiн тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгiленген мөлшерде Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындайтын тәртiппен ақшалай өтемақы төленедi.
Жабық және оқшауланған әскери қалашықтардағы, шекара заставаларындағы және комендатуралардағы тұрғын үйлердi ұстау мен орталықтандырылған жылуды беру Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындайтын тiзбелер бойынша мемлекет есебiнен қамтамасыз етiледi.
Мемлекеттік тұрғын үй қорының үйлерiнен тұрғын жаймен қамтамасыз етiлген әскери қызметшiлер, жабық және оқшауланған әскери қалашықтарда, шекара заставаларында және комендатураларда орналасқан тұрғын жайларды қоспағанда, әскери қызметтен босатылғаннан кейiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен оны меншiгiне алуға құқылы. Әскери қызметтен босатылған және күнтiзбелiк есеппен 20 және одан да көп еңбек сiңiрген жылдары бар әскери қызметшiлер тұратын тұрғын жайын өтеусiз меншiгiне алуға құқылы.
Мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлердi, әскери (арнаулы) оқу орындарының курсанттарын тұрғылықты жерi немесе жұмыс орны бойынша тұрғын жай (пәтер) алуға кезектiлiк тiзiмiнен шығаруға болмайды және олардың әскери қызметке шақырылғанға немесе әскери (арнаулы) оқу орнына түскенге дейiн тұрған тұрғын жайы сақталады.
Тұрғын жай сатып алу үшiн немесе жеке тұрғын үй салу үшiн кредит алған әскери қызметшiлерге (мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер мен әскери (арнаулы) оқу орындарының курсанттарынан басқа) Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген мөлшерде және тәртiппен кредит сомасы өтеледi.
Асыраушысынан айрылған әскери қызметшiлердiң отбасыларын, оларға тұрмысқа жайлы тұрғын жайды өтеусiз бермейiнше өздерi тұратын тұрғын жайдан шығаруға болмайды.".
9. 13-бапта:
1) екiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
"Әскери қызметшiлердiң әскери-медициналық бөлiмшелерде, бөлiмдер мен мекемелерде (бұдан әрi әскери-медициналық мекемелер) медициналық тегiн қамтамасыз етiлуге құқығы бар. Әскери қызметшiлердiң қызмет ететiн немесе тұратын жерiнде әскери-медициналық мекемелер жоқ болса, не оларда тиiстi бөлiмшелер не медициналық көрсеткiштер бойынша арнаулы жабдықтар жоқ болса, ведомстволық бағыныстылығына қарамастан мемлекеттiк денсаулық сақтау ұйымдарында, жеке медициналық ұйымдарда және жеке медициналық практикамен айналысатын адамдар арқылы тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемi шегiнде медициналық көмек көрсетiледi.
Жеке денсаулық сақтау ұйымдары мен жеке медициналық практикамен айналысатын адамдардың әскери қызметшiлерге тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемi шегiнде медициналық көмек көрсетуi бойынша шығындары Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген тәртiппен мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен өтеледi.";
2) үшiншi бөлiкте:
"Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi, Қазақстан Республикасының әскери қызметшiлер әскерлерiнде әскери қызметтен өтетiн министрлiктерi мен ведомстволары" деген сөздер "әскери қызметшiлер құрылымында әскери қызметтен өтетiн Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құрамалар" деген сөздермен ауыстырылсын;
"әскери қызметшiлер" деген сөздер "олар" деген сөзбен ауыстырылсын;
3) төртiншi бөлiктегi үшiншi сөйлем алып тасталсын;
4) бесiншi, алтыншы бөлiктер мынадай редакцияда жазылсын:
"Әскери қалашықтарда, шекара заставалары мен комендатураларда орналасқан әскери қызметшiлердi санитарлық-эпидемиологиялық жағынан қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
Әскери қызмет мiндеттерiн атқару кезiнде жарақаттанған, контузия алған, зақымданған, мертiккен немесе ауруға шалдыққан әскери қызметшiлер өздерi құрылымында әскери қызметтен өткен Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құрамалардың қаражаты есебiнен санаторийлерге жiберiледi.";
5) жетiншi бөлiктегi ", алтыншы" деген сөз алып тасталсын;
6) тоғызыншы бөлiктегi "әскери-оқу" деген сөздер "әскери (арнаулы) оқу" деген сөздермен ауыстырылсын.
10. 14-бапта:
1) үшiншi бөлiкте:
"немесе әскери мiндеттi" деген сөздер алып тасталсын;
"(жиын)", "(жиыннан)" деген сөздер алып тасталсын;
2) төртiншi бөлiкте "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң және әскери қызметке шақырылған әскери қызметшiлер, әскери мiндеттiлер әскерiнде әскери қызметтен өткен (жиында болған) басқа да Қазақстан Республикасы министрлiктерi мен ведомстволарының" деген сөздер "әскери қызметшiлер, әскери қызметке шақырылған әскери қызметке мiндеттiлер әскери қызметтен өткен (жиында болған) Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) алтыншы бөлiкте:
"(әскери мiндеттiнiң)" деген сөздер алып тасталсын;
"(жиыннан өту)", "(жиыннан өтуге)" деген сөздер алып тасталсын;
"(жиын аяқталғаннан)" деген сөздер алып тасталсын;
4) жетiншi бөлiкте:
"Жиынға шақырылған", ", әскери мiндеттiлер" деген сөздер алып тасталсын;
"(әскери жиында)" деген сөздер алып тасталсын;
5) тоғызыншы бөлiкте:
"әскери-оқу" деген сөздер "әскери (арнайы) оқу" деген сөздермен ауыстырылып, "(тыңдаушыларына)" деген сөз алып тасталсын;
"курсанттарына" деген сөзден кейiн ", әскери жиынға шақырылған әскери мiндеттiге" деген сөздермен толықтырылсын.
11. 15-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"15-бап. Бiлiм алу құқығы
Әскери қызметшiлердiң әскери (арнаулы) оқу орындарында оқуға құқығы бар.
Әскери (арнаулы) оқу орындарын бiтiрген әскери қызметшiлер қайта даярлау және бiлiктiлiктi арттыру курстарында оқи алады.
Әскери қызметшiлерге (мерзiмдi әскери қызметтегi әскери қызметшiлер мен әскери (арнаулы) оқу орындарының курсанттарынан басқа) өздерi құрылымында әскери қызметтен өтетiн Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құрамалар басшыларының келiсiмiмен Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдарына сәйкес сессияларды және қорытынды емтихандарды тапсыру үшiн демалыс берiліп, орта кәсiби, жоғары кәсiби, жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiби және қосымша кәсiби бiлiм беру ұйымдарында оқудың кешкi немесе сырттай түрiнде оқуға рұқсат етiледi.
Оқу кезеңiнде әскери қызметке шақырылған адамдардың әскери қызметтен босағаннан кейiн өздерi шақырылғанға дейiн оқыған оқу орнындағы оқуын жалғастыруға құқығы бар.".
12. 16-бапта:
1) бiрiншi бөлiктегi "Офицерлердiң, прапорщиктердiң, мичмандардың, әскери қызметшi әйелдердiң және шарт бойынша қызметiн өтеушi адамдардың" деген сөздер "әскери қызметшiлердiң (мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер мен әскери (арнаулы) оқу орындарының курсанттарынан басқа)" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) екiншi бөлiктегi "TMД-ға кiретiн мемлекеттер аумағында" деген сөздер "Қазақстан Республикасының аумағында" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) үшiншi бөлiкте:
"Қорғаныс министрлiгiнiң, әскери қызметшiлер әскери қызметте тұратын басқа да министрлiктер мен ұйымдардың" деген сөздер "құрылымында әскери қызметшiлер әскери қызметте тұратын Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құрамалардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) бесiншi бөлiк алып тасталсын;
5) алтыншы бөлiк "Мерзiмдi қызмет атқаратын әскери қызметшiлерге" деген сөздерден кейiн ", әскери (арнаулы) оқу орындарының бiрiншi және екiншi курстарының курсанттарына" деген сөздермен толықтырылсын;
6) жетiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
"Мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер, әскери (арнаулы) оқу орындарының курсанттары:
стационарлық емделуге барған және керi қайтқан кезiнде Қазақстан Республикасының аумағы бойынша темiржол, әуе, су және автомобиль көлiктерiнде;
әскери қызметтен босағанда, сондай-ақ демалысқа барған және керi қайтқан кезiнде Қазақстан Республикасының аумағы бойынша темiржол, су және автомобиль көлiктерiнде тегiн жүруге құқылы.".
13. 17-бапта:
1) үшiншi бөлiкте:
"Офицерлердi, прапорщиктердi, мичмандарды, әскери қызметшi әйелдердi, шарт бойынша қызметтен өтушi әскери қызметшiлердi" деген сөздер "Әскери қызметшiлердi (мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер мен әскери (арнаулы) оқу орындарының курсанттарынан басқа)" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Қорғаныс министрлiгi және басқа министрлiктер мен ведомстволар есебiнен толық көлемiнде өтелiп, келтiрiлген зиян кейiннен кiнәлi адамдардан ұсталуға тиiс" деген сөздер "Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құрамалардың есебiнен толық көлемiнде өтелуге тиiс" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) жетiншi бөлiк алып тасталсын;
3) сегiзiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
"Мерзiмдi әскери қызметтi өткерген адамдардың өздерi шақырылған нақ сол кәсiпорынға жұмысқа қабылдану кезінде басым құқығы болады.";
4) тоғызыншы бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
"Әскери қызметтен босатылған азаматтарды жұмысқа орналастыру, олардың мамандық алуы, зейнетақы алу құқығынсыз әскери қызметтен босатылған адамдарды жұмыспен қамту Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңдарына сәйкес жүргiзiледi.".
14. 20-баптың үшiншi бөлiгiнiң бесiншi абзацындағы "қолдануға құқылы" деген сөздер алып тасталып, мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
"- жануарлардың шабуылынан қорғану үшiн қолдануға құқылы.".
15. 21-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"21-бап. Әскери қызметшiлердiң әскери тәртiптi бұзғаны
және құқық бұзушылық жасағаны үшiн жауаптылығы
Әскери қызметшiлер әскери тәртiптi бұзғаны үшiн әскери жарғыларда белгiленген тәртiппен жауапты болады.
Әскери қызметшi әскери қызмет мiндеттерiн атқару кезiнде жасаған қылмысы мен өзге де құқық бұзушылықтары үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қылмыстық, әкiмшiлiк немесе материалдық жауаптылықта болады.".
16. 22-24-баптар алып тасталсын.
2-бап. Осы Заң, 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 1-бабының 6-тармағының 1) және 3) тармақшаларын, 12-тармағының 5) және 6) тармақшаларын қоспағанда, ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президенті