Алматыда 2003 жылғы 14 мамырда жасалған Қазақстан Республикасы, Әзiрбайжан Республикасы және Ресей Федерациясы арасындағы Каспий теңiзi түбiнiң шектес учаскелерiн межелеп бөлу сызықтарының түйiсу нүктесi туралы келiсiм бекiтiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қазақстан Республикасы, Әзiрбайжан Республикасы және Ресей Федерациясы арасындағы Каспий теңiзi түбiнің шектес учаскелерiн межелеп бөлу сызықтарының түйiсу нүктесi туралы Келісім
Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы, Әзiрбайжан Республикасы және Ресей Федерациясы, төмендегiлер туралы келiстi:
Тараптар, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы жер қойнауын пайдалануға арналған егемендi құқықтарын жүзеге асыру мақсатында Каспий теңiзi солтүстiк бөлiгiнiң түбiн межелеп бөлу туралы 1998 жылғы 6 шiлдедегi келiсiмге қатысты 2002 жылғы 13 мамырдағы Хаттаманың 1-бабының 5-тармағына, Әзiрбайжан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Каспий теңiзi түбiнiң шектес учаскелерiн межелеп бөлу туралы 2002 жылғы 23 қыркүйектегi келiсiмнiң 1-бабының 4-тармағына және Қазақстан Республикасы мен Әзiрбайжан Республикасы арасында Каспий теңiзi түбiн шектеу туралы Қазақстан Республикасы мен Әзiрбайжан Республикасы арасындағы 2001 жылғы 29 қарашадағы келiсiмге қатысты 2003 жылғы 27 ақпандағы Хаттаманың 2-бабына сәйкес, 42 о 33',6 солтүстiк ендiк және 49 о 53',3 шығыс бойлық географиялық координаттары бар Каспий теңiзi түбiнiң шектес учаскелерiн межелеп бөлу сызықтарының түйiсу нүктесiнiң орналасу орнын белгiледi.
Осы Келiсiм қол қойылған кезден бастап уақытша қолданылады және тиiстi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлаған күнiнен бастап күшiне енедi.
Алматы қаласында 2003 жылғы 14 мамырда әрқайсысы қазақ, әзiрбайжан және орыс тілдеріндe үш данадан жасалды және де барлық мәтiндердiң күшi бiрдей.
Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiруде пiкiр алшақтығы туындаған жағдайда, Тараптар орыс тiлiндегi мәтiндi пайдаланатын болады.
Қазақстан Республикасы үшін
Әзірбайжан Республикасы үшін
Ресей Федерациясы үшін
Осымен 2003 жылғы 14 мамырда қол қойылған Қазақстан Республикасы, Әзiрбайжан Республикасы және Ресей Федерациясы арасындағы Каспий теңiзi түбiнiң шектес учаскелерiн межелеп бөлу сызықтарының түйiсу нүктесi туралы Келiсiмінің бұл көшiрмесiнiң дәлдiгiн куәландырамын.
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрлігінің
Халықаралық-құқық департаментiнiң
Бөлiм бастығы